Главная страница

Балалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер


Скачать 0.5 Mb.
НазваниеБалалар аурулары 1,2 кафедрасы бойынша Жалпы медицина мамандыыны 6 курс ждт баыты бойынша, Балалар аурулары пнінен орытынды тестілер
Дата27.11.2018
Размер0.5 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаped100.docx
ТипДокументы
#57900
страница4 из 16
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
,ентігу,құрғақ жөтел байқалған.Соңғы айларда үдемелі жүдеу және шаштары түскен.Бетінде қызыл бөртпелер пайда болған. Қан анализі; Нв 106 г/л. Эр 3,2 ×10 12 , L-4,3× 10 9, СОЭ 60 мм/сағ. Зәр анализі: тығыздығы 1016, ақуыз 1,65%, Эр 8-10, цил. 4-5 к/алаң.

- Дерматомиозит

- ЖРҚ

+ЖҚЖ

- түйінді периартериит

-жүйелі склеродермия.

?

Ауру К, 10 жасынан қыз балада аяғында көкшіл-сұр,тор тәрізді ауа температурасы төмендегенде күшейетін дақтар бар.13 жасынан бастап тізе және балтыр-табан буындарындағы ұстамалы ауырсынуға шағымданады. Бөксе, саусақ, білек аймағында торлы ливедо жайыла бастады. Балтыр аймағында көлемі бұршақ тәріздіден жаңғақ көлеміне дейін қызарған, ортасы құрғақ некроздалған теріішілк түйіндер бар. Болжам диагноз?

- ЖҚЖ

- Дерматомиозит

+Түйінді периартериит

-Ревматизм

-Жүйелі склеродермия.

?

13 жастағы науқас ауруханаға ерін аймағы, тіл ұшы, қол саусақтарының, табанының ұюна, ауыз қуысының құрғауына, бет терісінің тартылуына, жұтынудың қиындауына,шашалуға шағымданып келді. Қарағанда Бет аймағы терісінің, бозаруына, ерін, саусақ, табан аймағында «ақ дақ » симптомы оң. Бариймен рентгенологиялық зерттеуде перистальтиканың төмендеуімен және асқазаннның колба тәрізді кеңеюіне, өңештің төменгі үштен бірінің тарылуы байқалған. Болжам диагноз?

- Дерматомиозит

- Жүйелі қызыл ноқта

-+Жүйелі склеродермия

- Ревматизм

- Түйінді периартериит

?

12 жастағы науқас ауруханаға дене қызуының 38-39 жоғарылауына, әлсіздікке, бұлшықеттер мен буындарының ауырсынуына, көздерінің құрғауы мен ашуына шағымданып түсті. Қарағанда бет терісінде, бөксе және балтыр аймағында, саусақтарында ісіну, көкшіл түсті эритема анықталады. Пальпацияда арқа, мойын және аяқ-қол ұштарының проксимальді бөліктерінде ауырсыну бар.Қызғылт түсті параорбитальді ісіну бар (көзілдірік симптомы). Жүрек-қантамыр жүйесі: жүрек шекарасы солға қарай ұлғайған, тоны тұйық, тахикардия 120 соққы мин. Экстрасистолия түрінде көрінетін ырғақтың бұзылысы. Болжам диагноз?

- ЖРҚ

- ЖҚЖ

+Дерматомиозит

- Түйінді периартериит

- Жүйелі склеродермия

?

Науқас 6 жаста. Ауруханаға өте ауыр жағдайда түсті: t 37,8, ішінің өте қатты ұстамалы ауырсынуы, кахексия, тері қабатының бозаруы, аяқ-қол ұштарының дистальді бөлімінің мрамор тәрізді өзгеруі, шынтақ буыны аймағының терісінде құрғақ некроздар және теріасты ірі геморрагиялар, кардиомегалия анықталған. тоны тұйықталған. АҚ 130/100 мм.сн.бағ, гепатоспленомегалия. Болжам диагноз?

- Жүйелі склеродермия

- Дерматомиозит

+Түйінді периартериит

- ЖРҚ

- ЖҚЖ

?

Олигоуриялық сатыдағы жедел бүйрек жеткіліксіздігінің альтернативті терапиясы болып табылады?

- қан компоненттерін құю

- альбумин к/і енгізілуі

+гемодиализ

- плазмаферез

- натрий хлоридының изотоникалық ерітіндісін көктамыр ішілік енгізу

?

5 жасқа дейінгі балаларда созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің жиі кездесетін себебі болып табылады?

-гемолитико-уремиялық синдром

-созылмалы гломерулонефрит

+бүйректің туа пайда болған ақаулары

-созылмалы цистит

-фокальды сегментарлы гломерулосклероз

?

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі гемодиализ жүргізу үшін қандағы креатинин мөлшері болуы керек:

-0,320 ммоль/л жоғары емес

-0,250 ммоль/л жоғары емес

+0,528 ммоль/л жоғары

-0,528 ммоль/л жоғары емес

-0,480 ммоль/л жоғары емес

?

Балаларға энурез диагнозын қоюға болады?

- Екі жас шамасында

- Бір жасынан бастап

+5-6 жастан бастап

- Екінші жарты жылдық өмірі кезінен бастап

- 3- 4 жасында

?

Емшектегі баланың жедел бүйек жеткіліксіздігінің негізгі себебі болып табылады?:

- жалған тамақтандыру

- жедел біріншілік пиелонефрит

+ гемолитико-уремиялық синдром

- жедел цистит

- дисэмбриоцистит

?

Тромбоцитопенилық пурпурада жедел болатын геморрагияға не алып келеді

-тамыр қабырғасының бүтіндігінің бұзылысы

-Швартцман феномені бойынша иммунокомплексті зақымдалуы

+тамырлық эндотелий, ангиотрофикалық функциясынан айырылған тромбоциттер

-клеткадағы эритроциттердің ыдырауының жоғарылауы

-гемоглобин құрылымының өзгеруі

?

Рентгенология бойынша остеопороз, патологиялық сынулар, бас қаңқасының «щетка» тәрізді, радиальді шытынауы қай анемияға тән?

-диморфтық

-теміртапшылық

+талассемия

-белок тапшылық

-витамин тапшылық

?

Күніне жетіп туған табиғи тамақтандырудағы балаларға алдын алу мақсатында қандай дозада және қай уақыттан бастап темір дәрілері тағайындалады?

-2мг/с 2 айдан бастап

-1мг/с 2 айдан бастап

+1мг/с 3 айдан бастап

-2мг/с 3 аптадан бастап

-2мг/с 1 аптадан бастап

?

Ұзақ уақытқа созылатын және тез дамитын абдоминальді симптоммен және милық белгілермен көрінетін жеделдеу және созылмалы нефрит жатады

-Жеңіл түрі

-орташа ауырлық

+Ауыр түрі

-терминалды түрі

-созылынқы түрі

?

Верльгоф ауруында клинико-гематологиялық ремиссиясына не тән?

-мұрыннан қан кетуі

-геморрагиялық бөртпелер

+қан ұйю ректрациясы индексі 0.5

-тромбоциттердің мөлшері 50x10

-тромбоциттердің мөлшері 100x10

?

Қыз бала 14 жаста стационарға түскен кездегі шағымдары эпигастрий аймағындағы қатты ауырсыну,бел аймағын,кеуде клеткасының сол жартысына беріледі. Терісі бозарған,көгерген,ісінген.Іші ісінген,кіндік аймағы ауырсынады. , Дежардена нүктесі, Мейо - Робсона, Шоффар зонасы ауырсынады. Бауыр +0, +0, в/3, ауырсынбайды. Зәр диастазасы : 256 ед (қалыпта 32-64). Сіздің болжам диагнозыңыз ?

-созылмалы панкреатит

-созылмалы гастродуоденит

+жедел панкреатит

-жедел гастрит

-он екі елі ішек ойық жарасы

?

Қыз бала 6 жаста стационарға түскен кездегі шағымдары :Физикалық жүктемеден кейінгі оң қабырға астындағы ұстма тәрізді ауырсыну. Тамақтануы негізі қуырылған тағамдар, тәттілер. Іші пальпацияда жұмсақ, өт қабы аймағында ауырсыну бар. Дуоденальды зондтауда «В» порцияда жоқ , «А» және «С» порцияда қалыпты . Холецистографияда – өт қабында гипотонус, өт қабының жиырылуы ½ аз. Сіздің болжам диагнозыңыз?

- ӨШЖД гиперкинетикалық түрі

- Созылмалы холецистит

+ ӨШЖД гипотониялық түрі

- Холецистохолангит

- Созылмалы панкреатит

?

Қыз бала 13 жаста түскендегі шағымдары оң жақ қабырға астындағы сыздап, басып ауырсынатын ауруға, құсу, лоқсуға, жүрек қағысының жиілеуіне шағымданады. Соңғы уақытта анасы баласының қозғыштығына қызбалыққа, жылай беруін байқаған. Ауызының бұрыштарында тіліну,ауыз қуыстарында тістерінің кариестері байқалады. Биохимиялық қан анализдері: сілтілі фосфатазаның жоғарылауы, В-липопротеидтердің құрамының жоғарылауы. Жалпы қан анализінде: ЭТЖ - 17 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз?

-Созылмалы холецистит

-ӨШЖД гиперкинетикалық түрі

+ӨШЖД гипотониялық түрі

-Холецистохолангит

-Жедел панкреатит

?

Қыз бала 13 жаста эпигастрий аймағындағы сыздап ауырсынуға,қыжылға,кекіруге,іш қатуға шағымданады. Тері жамылғылары бозарған, қызыл дермографизм байқалады. Бала қозғыш, қатты терлегіштік. Тілі ақ сары жабынмен жабылған, іші жұмсақ, эпигастрийде ауырсыну бар. Сіздің болжам диагнозыңыз ?

-Созылмалы гастрит

-ӨШЖД

+Созылмалы гастродуоденит

-Созылмалы холецистит

-Созылмалы панкреатит

?

Қыз бала 10 жаста. Бойы 130 см, салмағы 25кг. Ауруханаға салмақ қосуының және бойының өсуінің төмендеуіне, бас ауруына, аяқтарындағы ауырсынуға, іштің кебуіне, жиі көп мөлшердегі дәреттің болуына, құсуға шағымданып түсті. Анамнезінде баланың алты айдан бері іштің кебуі және мазасыз екені көрсетілген (рационға геркулесті каша енгізілген).1,5 жыл бойы іштің ауырсыну, іш көлемінің ұлғаю, іштің кебу, жиі көп мөлшердегі дәретке отыру, құсу белгілері болған. Нәжісті копрологиялық зерттеу нәтижесі: II типті стеаторея. ЭГДС нәтижесі:субатрофиялық дуоденит. Болжам диагноз?

-панкреатит,

-тағамдық аллергия,

+целиакия

-тітіркенген ішек синдромы

-муковисцидоз

?

Цитостаттық дәрілермен ұзақ емделгеннен кейін әсізденген балада сапрофитті симбионтты флораның белсенуі нәтижесінде инфекция туындаған. Үрдісті анықтаңыз:

-баяу инфекция

-латентті

-иннапарантты

+аутоинфекция

-сау тасымалдаушылық

?

Балада жұқпалы ауруы бар адаммен қатынаста болғаннан кейін дене температурасының жоғарлауы, құсу, тәбетінің төмендеуі пайда болған. Жергілікті қабыну ошағынан қанға эндо- және экзотоксиндердің бөлінуімен патогенездің қандай бағыты негізделген:

-аллергиялық

-септикалық

-іріңді

+токсикалық

-хемотоксикалық

?

Скарлатинамен ауырған науқастың клиникасының 2-ші аптасында температуралық толқындар, бөртпелер пайда болған. Қандай реакция байқалады:

-іріңді аллергия

-септикалық аллергия

-токсикалық аллергия

+инфекциондық аллергия

-хемотоксикалық аллергия

?

Науқас қабылдау бөліміне түскен кезде дәрігерде бактеремияға және оның метастаздануы мен іріңді ошақтар мен сепсистің пайда болуына күдік туындаған. Инфекциялық процесс патогенезінің қай бағыты жүзеге асырылуда:

-токсикалық

-аллергиялық

-иммундық

+септикалық

-жоғарғы сезімталдықтың баяу түрі (БТГС)

?

Бала 5 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына қайта түсіп отыр, жасыл сұйық нәжістің болуына, ішінің ауырсынуына, дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Анамнезінен 2 апта бұрын сальмонеллез диагнозы бойынша ем алып, қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылғаны көрсетілген. Үдерістің формасын анықтаңыз:

-өршуі

-асқынуы

-атипті

+рецидив

-созылмалы

?

5 жастағы ер балаға қойылған диагнозы: А гепатиті, сарғаюлы түрі. Баланы пәтерден ауруханаға алып кетті. Науқас болған ошақта қандай шаралар қолдану қажет:

-дератизация

-стерилизация

+ағымдағы дезинфекция

-қорытынды дезинфекция

-алдын алу дезинфекциясы

?

Балаға босану үйінде полиомиелитке қарсы вакцина салған. 3 айдан кейін балада вакциоассоциирленген полиомиелит белгілері пайда болған. Жұлын-миында қандай анатомиялық құрылым зақымдалады:

-артқы мүйіздері

-бүйір мүйіздері

-жылқы құйрығы

+жұлынның алдыңғы мүйіздері

-жұлынның заты

?

5 жастағы бала жәншаумен (скарлатина) ауырған науқаспен байланыста болды. Қандай арнайы профилактикалық іс-шаралар жүргізу керек. Салу керек ... :

-иммуноглобулин

-тірі скарлатиналық вакцина

-өлтірілген скарлатиналық вакцина

+әзірленген жоқ

-интерферон эндоназалды

?

5 жасар бала жедел ауырған. Шағымдары: дене қызуы 37,2С, жиі құрғақ жөтел, тәбеті сақталған. Баланы қарағанда: дауысы дірілі өзгермеген, ТЖ 28 рет минутына. Өкпе перкуссиясында: өкпелік дыбыс, аускультацияда - өкпесінде қатан тыныс, құрғақ жайылмалы сырылдар естіледі. Жүрек үндері анық, ырғақты. Қан анализі өзгеріссіз. Кеуде торының R-граммасында: өкпе суретнің күшеюы байқалады. Мүмкін болатын диагноз қандай?

-ошақты пневмония

- обструктивті бронхит

- аденовирусты инфекция

-+жедел жай бронхит

- жедел бронхиолит

?

Бала 3 жаста. Дені сау балада шұғыл ұстамалы жөтел, мазасызданғанда пайда болатын ентігу, бірақ ұйықтағанда жойылады. Анасының айтуы бойынша, бала ұсақ заттармен ойнағаны анықталды. Баланы тексергенде: экспираторлы ентігу, өкпе перкуссияда - өкпелік дыбыс «қорап» тәрізді, өкпені тындағанда: тынысы қатан, бірен-саран құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. ЖҚА - өзгеріссіз. Рентгенде - өкпе суретінің кеңеюы байқаланады. Мүмкін болатын диагноз қандай?

- ошақты пневмония

- жедел жай бронхит

- аденовирусты инфекция

+бөгде зат

- обструктивті бронхит

?

Қыз бала, 6 жаста. Аяқ – қолдағы, арқадағы бұлшықет пен буындардың ауырсынуына, қатты тамақты жұтудың қиындығына шағымданады. Объективті: тері жамылғысы қызыл – күлгін түсті, жоғарғы қабағында ісікті эритема, Готрон белгісі анықталады. Болжам диагноз?

-Склеродермия

-Ревматизмдік қызба

-Ревматоидты артрит

+Ювенильді дерматомиозит

-Жүйелі қызыл жегі

?

13 жастағы ұл бала. Қыжылдауға, қышқыл тағам қалдықтарымен кекіруге, ашқарында тамақ ішкеннен 1 сағт өткеннен соң эпигастрий аймағында ауырсынуға шағымданады. Эпигастрий аймағын пальпациялау кезінде ауырсыну байқалады. Эндоскопия қорытындысында: дөңгелек немесе сопақ, асқазанның шырышты қабатының терең ақауы ақ фибринді жабындымен жабылған, қабыну сақинасымен қоршалған. Бұл ауруға сай диагнозды көрсетіңіз:

-Асқазанның ойық жара ауруы, өршу кезеңі, I балғын жара, перевисцерит

-Асқазанның ойық жара ауруы, өршу кезеңі, эпителизация бастауы, стеноз

+Асқазанның ойық жара ауруы, өршу кезеңі, I балғын жара, асқынусыз

-Асқазанның ойық жара ауруы, өршудің басылу сатысы, жараның жазылуы, асқынусыз

-Асқазанның ойық жара ауруы, ремиссия кезеңі, асқынусыз.

?

Бала 4 жаста 3 апта бұрын ЖРВИ мен ауырған. Аймақтық дәрігердің қарауында жағдайы орташа ауырлықта, бозарған, жас ағуы байқалады, ринория. Мезгілді жөтел, көбіне құрғақ. Температурасы 37,4° С. Перкуторлы: қораптық дыбыс. Аускультативті: тынысы барлық жерде, тыныс шығару ұзарған, құрғақ ысқырықты сырыл, аздаған ылғалды орта көпіршікті сырыл. Тыныс алу жиілігі 28 мин. Кеуде клеткасының рентгені: Өкпе суретінің күшеюі, әсіресе өкпе түбірінде, өкпелік тін желденген, қабырғалар горизонтальді орналасқан, аралықтары кең.

Қандай диагнозды болжауға болады?

+жедел обструктивті бронхит

-жедел бронхиолит

-.жедел ошақты пневмония

-бронх демікпесі

-жедел жай бронхит

?

7 жастағы бала шұғыл ауырды. Дене қызуы 39,0° С дейін көтерілді, бас ауырсынуына, ауырсынумен өтетің құрғақ жөтелге шағымданады. Баланы қарағанда: хал жағдайы ауыр дәрежеде, терісі ылғалды. Аңқасы гиперемияланған, дем алуы қиындаған. ТЖ – 32 рет минутына. Өкпе перкуссиясында: оң жақ жауырын астындағы аймағында өкпелік дыбыс тұйықталған. Өкпені тыңдағанда: тыныс қатаң, тұйықталған аймақта тыныстың әлсіреуі байқалады, сырылдар жоқ. ЖЖЖ – 110 рет минутына. Іші жұмсақ. Бауыры қабырға доғасының астында.

Жалпы қан анализі: Нb – 105 г/л, эр – 4,0 х 1012 , лейк –18,6 х109, т/я – 10%, с/я – 57%, эоз –1%, моноцит – 9, лимфоцит – 23, ЭТЖ – 28 мм/сағ. Қандай диагнозды болжауға болады?

-жедел обструктивті бронхит

-жедел бронхиолит

+жедел пневмония

-бронх демікпесі

-жедел жай бронхит

?

Бала 1 жаста. Тексергенде анықталды: перкуторлы - жүрек өлшемдері оңға және солға ұлғайған, аускультативті: төстің сол жақ қырында IV қабырға аралықта қатты систолалық шу, өкпе артериясында 2 тон акценті. ЭКГ- да жүрек гипертрофиясы. Рентгенологиялық: өкпе суретінің күшеюі, жүректің оң және сол жақ бөліктеріне байланысты жүрек өлшемінің көлденең ұлғаюы. Диагноз?

-ЖАҚА

+ҚАПА

-ААӨ

-Фалло тетрадасы

-қолқа тарылуы

?

Балаға 15 күн, кіндік сақинасы қызарған, ісінген, жарадан серозды бөлініс бөлінеді.Сіздің диагнозыңыз?

-іріңді омфалит

+катаральды омфалит

-кіндік венасының флебиті

-фунгус

-урахус жылан көзі

?

Жаңа туған нәрестеге 20 күн, кіндік жарасынан іріңді бөлініс анықталды, инфильтрациясы бар. Сіздің диагнозыңыз?

-кіндіктің сулануы

+іріңді омфалит

-кіндік фунгусы

-кіндік венасының флебиті

-катаралды омфалит

?

Бала 8 айлық, қарау барысында жүдеудің соңғы дәрежесі анықталды, баланың сыртқы көрінісі терімен жабылған қаңқаны еске түсіреді. Чулицкой индекс толықтығы теріс. Сіздің болжамдық диагнозыңыз?

-II дәрежелі гипотрофия

+III дәрежелі гипотрофия

-I дәрежелі гипотрофия

-I дәрежелі құрсақішілік гипотрофия

-гипостатура

?

Бала 10 айлық, денесінің барлық бөлігінде тері асты шелмай қабатының жұқаруы, әсіресе ішінде, аяқ қолдарында бетінде сақталған. Чулицкий индекс толықтығы 8. Сіздің болжамдық диагнозыңыз?

-I дәрежелі гипотрофия

+II дәрежелі гипотрофия

-III дәрежелі гипотрофия

-I дәрежелі құрсақішілік гипотрофия

-гипостатура

?

Бала 2 жас 15 күн, туылған кездегі дене салмағы 3500, ұзындығы 50см. Клиникада болғанына 2 тәулік , массасы 3600, ұзындығы 53см Дистрофия гипотрофии типі бойынша, постнатальды түрі, аралас этиологиясы. .Гипотрофия дәрежесін көрсетіңіз?

-гипотрофия I дәрежелі

+гипотрофия III дәрежелі

-гипотрофия II дәрежелі

-I дәрежелі құрсақішілік гипотрофия

-гипостатура

?

Қандай физикалық өзгерістермен жедел обструктивті бронхит сипатталады?

-жүрек шекарасының кеңеюі және өкпесіндегі тимпанитпен

+жүрек шекарасының тарылуы және өкпедегі қораптық дыбыспен

- зақымдалған ошақтағы перкуторлы дыбыстың қысқаруымен

- жүрек тондарының әлсіреуі және қораптық дыбыспен

- өкпе тінінің жоғары орналасуы және жүрек тұйықталуының тарылуымен

?

Обструктивті бронхитке қандай рентгенологиялық белгілер тән?

- тар қабырғааралық, өкпе сүретіның күшеюы

+көк еттің төмен орналасуы және өкпе алаңының мөлдірлігінің жоғарылауы

- өкпе сегментіның қараюы

- өкпе түбіріне қатысты ұшбұрыштық көлеңке

- диафрагманың біркелкі болмауы, синустардың облитерациясы

?

Клиникаға 3 жасар бала түсті. 3 күн бойы ауырған. Ауру жөтелмен, мұрын бітумен, жалпы жағдайының нашарлауымен басталған. Қарау барысында: температура субфебрильді. Бала мазасыз, жағдайы қанағаттанарлық. Өкпе аускультациясында: ұзарған тыныс шығару барысында көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар. Кеудесін қарағанда «бөшке тәрізді», тыныс алуға қосымша бұлшықеттердің қатысуы байқалады. Экспираторлы ентігу, цианоз байқалмайды. Алғашқы диагноз қойыңыз?

- бронх демікпесі

+жедел обструктивті бронхит

- жедел бронхиолит

- пневмококкты пневмония

- аденовирусты инфекция

?

Төмендегі аталған симптомдар қандай ауруға сай келеді: экспираторлы ентігу, қатан тыныс және құрғақ ысқырықты сырыл. Өкпе желденуінің белгілері: салыстырмалы жүрек тұйықталуының тарылуы, перкуторлы тонның «қораптық» сипаты. Кеудесының алдыңғы-артқы өлшемінің үлкеюі?

- атипті пневмония

+жедел обструктивті бронхит

- ларинготрахеит

- пневмококкты пневмония

- аденовирусты инфекция

?

Жедел обструктивті бронхиттің оптимальды емі қандай?

- антибиотиктер, физиоем, бронходилататорлар

+вирусқа қарсы эуфиллин, симпатомиметиктер

- физиотерапиялық емшаралар, антибиотиктер, вирусқа қарсы

- физиотерапиялық емшаралар, эуфиллин, антибиотиктер

- физиотерапиялық емшаралар, физиоем, вирусқақарсы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


написать администратору сайта