Главная страница
Навигация по странице:

  • Атқырыла - тын жұмыстар Перитонит кезеңдері І

  • Нәрестелердегi перитонит

  • Біріншілік перитонит.

  • 1 балалар хирургиясы кітап. Балалар хирургиясы


    Скачать 7.1 Mb.
    НазваниеБалалар хирургиясы
    Дата25.02.2022
    Размер7.1 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 балалар хирургиясы кітап.docx
    ТипДокументы
    #372906
    страница36 из 50
    1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50


    Операция алдындағы дайындық. Операция алдында жасалатын арнайы дайындық ағзадағы су мен элкстролиттердiң тепе-теңдiгiн қалпына келтiруге, жеткiлiксiз болған ақуыздардың концентрациясын толықтыруға, гемодинамиканы тұрақтандыруға және инфекцияға қарсы күрес жүргiзуге арналады. Операция алдындағы дайындық жұмыстарын жүргiзудi перитониттiң клиникасына сүйене отырып, 3 деңгейде атқаруға болады.

    Перитониттiң 1 сатысы. Аурудың ұзақтығы 1 күннен аспағанда, құсу 1-2 рет байқалғанда, баланың ақыл-есi өз қалпында, терiсiнiң түсi өзгермей, тiлi жұмсақ, аздаған ғана ақ-сұр өңезбен көмкерiлген, дем алу жиiлiгi қалыптағыдан 20-80 -ға, дене қызуы 380С-қа дейiн көтерілгенде, тамыр жиiлiгi 20-25% артқанда, гемокритпен орталық веналық қан қысымы өз деңгейiн сақтағанда жүргiзiледi. Осы айтылғандармен бiрге бұл кезде iштiң оң жамбас тұсындағы еттерi қатаяды, iш пердесiнiң қабыну белгілері айқын анықталады. Лейкоциттердiң саны артады. Дайындықтың І-ші деңгейi мына көлемде iске асырылады:

    1. Венесекция жасалынады немесе бұғана асты венасына арнайы түтiкше қойылады.

    2. Дымқылданған оттегiн мұрын жолына арнайы түтiкше арқылы жiберiледi.

    3. Баланың жасына сәйкестендiрiліп промедол еңгiзіледi.

    4. Антипиретиктер берiледi.

    5. Кең спектрлi антибиотиктер еңгiзiледi.

    6. Вена қан тамырына жоғары концентрациялы ерiтiндiлер жiберiледi.

    7. Гистаминге қарсы қолданылатын пипольфен, димедрол, дипразин, тавегил дәрiлерi берiледi.

    8. Рингер ерiтiндiсi немесе гемодез дәрiлерi шамамен 3-5 мл/кг мөлшерінде қанға жiберiледi.

    9. 10 қант ерiтiндiсiне С және В тобының витаминдерiн қосып және инсулин араластырып қан тамырға жiберiледi.

    10.Жүрек глюкозидтерiн корглюкон, строфантин (баланың жасына қарай) қан тамырына енгiзедi.

    11.Операция алдындағы дайындықтың ұзақтығы 2 сағаттан аспайды. Осы уақыттың iшiнде қанға 1 тәулiкте құйылатын сұйықтықтың 1/6 бөлiгi жiберiледi. Құю жиiлiгi бiр минутына 40-60 тамшыдан аспайды.

    Перитониттiң 2 сатысы. Аурудың ұзақтығы 3 күннен асқанда баланың 3-5 рет құсумен, зәрдiң азаюымен, iштiң өтумен, ес-түсiнiң сақталуымен, кейде эйфория немесе есеңгiреуiмен байқалады. Аурудың терiсiнiң түсi қатты бозарып, мұрын-ерiн үшбұрышы көгередi. Дем алысы қалыптағыдан 50%-ке жиiлейдi. Дене қызуы 380С-тан да жоғары көтерiлiп, тамыр соғысының жиiлiгi 40%-ке артады, гематокрит 48-50%-ке дейiн жоғарылайды, лейкоциттiң саны 18-20 мыңға өседi. Баланың тiлi құрғап, қою ақ-сұр өңезбен жабылады, iш құрсағы дем алу үрдісіне аздап қана қатысады, құрсақтың алдыңғы бұлшық ет қабаты түгелдей қатаяды, iш пердесiнiң қабынуға шалдығу белгiлерi айқын анықталады.

    Операция алдындағы дайындық 3-4 сағат ішінде төмендегi ұстаныстарды сақтау арқылы жүргiзiледi.

    1. Венесекция жасалынады немесе бұғана асты венасына арнайы түтiкше қойылады.

    2. Дымқылданған оттегiн мұрын жолына арнайы түтiкше арқылы жiберiледi.

    3. Асқазанға зонд қою арқылы асқазан тазартылады.

    4. Баланың жасына сәйкестендiрiп промедол енгiзедi.

    5. Антипиретиктер берiледi.

    6. Кең спектрлi антибиотиктер еңгiзiледi.

    7. Вена қан тамырына жоғары концентрациялы тұздардың қоспасы жiберiледi.

    8. Осмолярлық препараттар вена қан тамырына (5-7 мл/кг) көлемде тамшы түрiнде жiберiледi.

    9. Гистаминге қарсы қолданылатын пипольфен, димедрол, дипразин, тавегил дәрiлерi берiледi.

    10.Рингер ерiтiндiсi немесе гемодез дәрiлерi шамамен 3-5 мл/кг мөлшерiнде қанға жiберiледi.

    11.10 қант ерiтiндiсiне С және В тобының витаминдерiн қосып және инсулин араластырып қан тамырға жiберiледi.

    12.4% бикарбонаты (5мл/кг), қышқылдар мен негiздердiң жағдайы анықталған соң қанға енгiзiледi.

    13.Протезаның ингибиторлары (трасилол, контрикал т.б. 500-1000 бірлік/кг) қант ерiтiндiсiмен бiрге қанға жiберiледi.

    Операция алдындағы дайындық кезiнде тәулігiне есептелiнген сұйықтықтар көлемiнiң 1/4 деңгейi қанға енгiзiледi. Қанға алдымен осмолярлық препараттарды, одан кейiн коллоидты ерiтiндiлердi, соңынан қант ерiтiндiсiн жiбередi. Алғашқы сағатта минутына 100 тамшыдан, ал кейiнгi сағаттарда 40-60 тамшыдан енгiзедi.

    Перитониттiң 3 сатысы. Баланың жағдайы өте ауыр, асқыну науқастанғанына 4-5 күн болған кезде байқалады. Ауру құсады, зәрдiң бөлiнуi азаяды, дел-сал болып, кейде эйфория байқалады. Терiсi ақ-сұр болып түстенiп, ерiн-мұрын үшбұрышы көгередi. Дем алу жиiлiгi қалыптағыдан 70-80-ке артады, қан тамыры өте жиi соғып, ритмi бұзылады, дене қызуы 400С-қа дейiн жоғарылайды. Гематокриттiң деңгейi 50-ке дейiн артып, лейкоцитоз 20 мыңнан асады. Лейкоциттердiң улану индексi өте жоғарылайды. Науқастың тiлi щетка тәрiздi құрғап, қара қошқыл жабындымен көмкерiледi. Iш құрсағы барынша кеңiп, қатаяды, перитониттiң белгiлерi айқын бiлiнiп, анықталады.Операция алдындағы дайындық, орта есеппен 4-5 сағат уақыт жүргiзiледi.

    1. Венесекция жасалынады немесе бұғана астындағы венаға арнайы түтiкше қойылады.

    2. Дымқылданған оттегiн мұрын жолына арнайы түтiкше арқылы жiберiледi.

    3. Асқазанға зонд қою арқылы асқазан тазартылады.

    4. Тiк iшекке тереңдетiлiп, жуан, газ шығаратын түтiкше енгiзiледi.

    5. Баланың жасына сәйкестендiрiп промедол енгiзедi.

    6. Үлкен диапазонды антибиотиктер берiледi.

    7. Осмолярлық препараттар вена қан тамырына (5-7 мл/кг) көлемде тамшы түрiнде жiберiледi.

    8. Гистаминге қарсы қолданылатын пипольфен, димедрол, дипразин, тавегил дәрiлерi берiледi.

    9. Рингер ерiтiндiсi немесе гемодез дәрiлерi шамамен 10 мл/кг деңгейiнде қанға жiберiледi.

    10.Жүрек глюкозиттерi 0,06 корглюкон, 0,05 строфантин дәрiлерi баланың жасына сәйкес дозада берiледi.

    11.10  қант ерiтiндiсiне вена қан тамырына (15 мл/кг) 96  этил спиртiмен (0,5-1,0 мл/кг) араластырып, В және С тобының витаминдерiн қосып және инсулин араластырып жiберiледi.

    12.4 бикарбонаты (5мл/кг) қышқылдар мен негiздердiң жағдайы анықталған соң қанға енгiзiледi.

    13.Жоғары концентрациялы тұздардың комплексi:

    • 10  хлорлы натрий

    • 10 . хлорлы кальций

    • 40  қант ерiтiндiсi

    • 0,25  новокаин ерiтiндiсi баланың жасына есептеген көлемде қанға жiберiледi

    14.Глюкокортикотроптық гармондар.

    15.Орталық антипиретиктер жасына сәйкес берiледi.

    16.Протеазаның ингибиторлары 1000 бірлік/кг мөлшерде, әрбiр 6 сағат сайын, қант ерiтiндiсiмен бiрлесiп енгiзiледi.

    Операциядан кейiнгi кезеңде, ауруға операция алдындағы дайындық деңгейiнде жүргізілген көлемге сәйкес қарқынды мдеу жүзеге асырылады.

    1. Науқастың мұрын жолы арқылы асқазанына силикон зонд қойылады, ол арқылы асқазанға ауық-ауық газы шығарылған минералды су жiберiлiп, 2-3 күн бойы асқазан жуылып отырылады.

    2. Асқазаннан шығып жатқан iшкі ағзалардың сөлi азайғанда зондты 2-3 сағатқа жабады немесе алып тастап қадағалайды. Асқазаннан зондты алу iш ағзаларының өз сөлi мен iшектердiң қимылын қалпына келтiруге мүмкiндiк жасайды. Ауыздан тамақ берудi 3-шi күнi бастайды. Алғашқы күнi тауық етiнен жасалған сорпа, кисель, кефир, манна ботқасы, қара өрiктен жасалған компот берiледi.

    3. Iшектердiң қимылын қоздыратын дәрiлер қолданылады. Ол дәрiлер қатарына церукал, 10 хлорлы натрийдiң ерiтiндiсi және плазма жатады. Операциядан 1-2 күннен кейiн УВЧ немесе магниттік қолданылатын физиоем асырылады.

    4. Инфекцияға қарсы үлкен диапазонды 2-3 антибиотиктер, нитрофуран және трихопол дәрiлерi ұтымды комбинация пайдаланылады.

    5. Протеазаның ингибиторлары-контрикал, трасилол (1000 бірлік/кг) күн бойы, қанға қант ерiтiндiсiмен бiрге, күнiне 2-4 рет енгiзiледi.

    Перитонит сатысына байланысты атқарылатын іс-шаралар кестеде V.3. берілген.

    Кесте V.3.

    Перитонитте атқарылатын іс-шаралар


    Атқырыла-тын жұмыстар

    Перитонит кезеңдері

    І

    ІІ

    ІІІ

    Операция алдындағы дайындық

    Жағдайына қарап 1-2 сағат уақыт iшiнде жүргiзiледi

    Жасалуы керек деңгейдегi 2-3 са-ғаттан аспайды

    Жасалмаса бала өмiрiне қауiп тө-недi,сондықтан да барлық уақытта жасалады

    Наркоздың

    түрi

    Маскамен беруге болады

    Мүмкiндiгiнше трахеяға түтiкше енгiзiлiп жасала-ды

    Трахеяға түтiкше еңгiзiлiп жасалы-нады

    Тiлу жарасы

    Iш қуысының оң жақ жамбас тұсында жасалы-нады

    Iш қуысының оң жақ жамбас тұ сында, немесе iш қуысы ортадан тiлiніп ашылады

    Iш қуысы тек ортадан ұзыны-нан тiлiп ашылады

    Операция

    кезiнде iш құрсағын жуып тазалау мөлшерi

    Iрiңдi алу мен шектеледi, жуу-дың қажетi жоқ

    1 мәрте 6-10 л фу-рациллинмен не-месе басқа анти-септиктермен жуады

    Iшектердiң арасы байланыстырғыш пленкаларынан ажыратылып, iрiң нен тазартылады, содан кейiн құрсақ қуысы антисептиктермен жуылады

    Iш қуысына

    антибиотик-тер еңгiзу

    Пенициллин 3 млн бiрлiктен 5 млн бiрлiк аралы-ғында,канамицин 20000 кг/дене салмағына

    Пенициллин мөл шерi 10млн бiрлiк ке дейiнгi мөл-шерде,канамицин 50000 кг/дене салмағына




    Iшектердiң декомпрес-сиясы

    Керек емес

    Iшектер қатты ке рiлiп, перистальти касы азайса ғана қолданылады

    Iшектердiң инту-бациясы аса қа-жет,iшек iшi күнi не 2-3 рет жуылып тазаланады

    Перидураль-ды анестезия

    Қажет емес

    Парез болғанда қолданылады

    Қолданылуы қажет

    Нәрестелердегi перитонит iш пердесiнiң қабынуы арқылы бiлiнетiн және шетiнеу пайызы өте жоғары ауру. Ол ауру негiзiнен кiндiк жарасының iрiңдеуiмен, өкпенiң қабынуы нәтижесiнде пайда болып, дамып өрбидi. Кейбiр жағдайда iш пердесiнiң қабынуына iш құрсағындағы iшектердiң, некрозды энтероколиттiң әсерiнен тесiлуi негiз болады. Кейде iшектер туа пайда болған жетiмсiздiк әсерiнен де тесiледi, iш құрсағындағы ағзаларға операция жасалғаннан кейiн де перитонит пайда болуы ықтимал, сирегiрек жағдайда перитонит iш құрсағының алдыңғы қабатында пайда болған эмбриональды кiндiк бауы жарығынан кейiн де өрбуi мүмкiн. Перитониттiң белгiсi көбiне оның пайда болуына себепші болған аурулардың клиникасына қабаттасып байқалады.

    Нәрестелердiң iш пердесiнiң қабынуы шоғырланып бiлiнбейдi. Ол әрi жылдам, әрi тез өрбiп iш пердесiнiң барлық ауданын қамтиды. Сондықтан да болар, нәрестелердiң перитонитi көбiнесе науқастың шетінеуіне әкеліп соғады.

    Негiзгi клиникалық белгілері - нәрестенiң әлсiреп, емшек емуден бас тартып, лоқсу және құсу белгiлерiнiң байқалуымен, iшi өтiп, салмағының азаюымен, дене кызуы артып, iшiнiң жарғақтанып кебуiмен басталады. Iшектерге жиналған газдар көбейе бередi де, ол нәрестенiң жалпы жағдайын бұрынғыдан да ауырлатып, құсықты көбейтiп, оған iшек iшiндегi қорытылмаған тамақ, нәжiс те араласып шығатын болады. Диагнозды анықтауға негiзiнен iштiң алдыңғы қабатының iсiп, терiсi жылтырап, шытынап, жарылып тұруы, ұмасында немесе үлкен жыныс ерiнiнде iсiктiң пайда болуы көмектеседi.

    Егер нәресте перитонитi, iрiп-шiрiп жарақат пайда болған энтероколиттiң тесiлуi нәтижесiнде байқалса, аурудың клиникалық белгілері өрбiп дамиды. Осы асқынудың ең негiзгi белгiсi - iшектердiң iшiне газдардың тез әрi көп мөлшерде жиналуы болып табылады.

    Парездiң қатты байқалуы, iрiп-шiрiген iшектердiң тесiлуi кезiнде бiлiнетiн клиникалық белгiлердiң айқындалуына кедергi жасайды.

    Нәрестелердiң перитонитi кiндiк бауының эмбрионалдық жарығының әсерiнен, немесе туа пайда болған iшектердiң ақауы нәтижесiнде болса, алғашқыда аурудың белгілері баяу өрбидi, кейiннен перитониттiң iшке жайылуы негiзiнде барып анықталады.

    Перитониттiң диагнозын анықтау үшiн, iш құрсағын қамтып түсiрген жалпылай рентген суретiнiң маңызы өте ерекше. Егер iшектер тесiлген болса iш құрсағына жиналған бос ауа көк еттiң астына "орақ" секiлдi белгi берiп жиналады. Нәрестенi отырғыза алмаған жағдайда, бүйiр тұстан түсiрiлген суретте ауа iш құрсағының алдыңғы қабатының астына, iшектердiң алдына жиналады. Осы сурет арқылы нәресте өкпесiнiң қабынғаны немесе қабынбағанының белгiсiн көрiп табуға да мүмкiндiк бар.

    Бұл айтылғандардан басқа құрсақ қуысының суретiнде iшектердiң туа пайда болған түйiлуінің рентгендiк белгiлерi де табылуы мүмкiн.

    Емдеу. Негiзiнен Краснобаевтың 3 ұстамасын сақтау арқылы жүргiзiледi. Бұл ретте сепсиске қарсы емдеу жолдары кеңiнен iске асырылады. Ағзадағы сұйықтықтардын жеткіліксіздігі қалпына келтiрiледi, гомеостаз түзетiледi. Белсенді түрде антибактериалдық және улануға қарсы емдеу тәсiлдерi қолданылады. Егер перитонит iшектердiң түйiлуi немесе энтероколиттiң әсерiнен тесiлуi нәтижесiнде болса, онда нәрестеге тездетiлiп операция жасалынады. Операция эндотрахеалдық наркоз берiп, iш құрсағы трансректальдық, немесе параректальдық деңгейiнде ұзынынан тiлiнiп кеңiрек ашылады. Құрсақ құрсағында жиналған iрiңдi сорып алып, жуып тазалағаннан кейiн, iшектер түйiлген болса олардың өтiмдiлiгi қалпына кетiрiледi, ал энтероколиттiң әсерiнен тесiлген iшек тiгiледi. Құрсақ құрсағына микроирригатор ретiнде арнайы түтiкшелер қалдырылады. Операциядан кейiн iшектердiң қимылын тездетiп қалпына келтiру үшiн, iшек iшiне ұзынынан зонд қалдырылады. Ол зондты көбiне гастростома арқылы енгiзедi. Нәрестелердiң перитонит ауруын негiзiнен консервативтiк тәсiлдермен емдеуге тырысу қажет. Олай дейтiнiмiз, негiзгi жасалған операциядан кейiн өлiмділік пайызы өте жоғары (70-80) деңгейiне дейiн артып кетедi.

    Біріншілік перитонит.Құрсақ қуысындағы қабыну үрдістерінің қатысынсыз туындайтын перитониттер идиапатикалық, диплококты, біріншілік , гематогендік және т.б. деп атау есептеледі. Перитонитті қоздырғыш атымен (пневмококтық, диплококтық, стрептококтық және т.б.) атау қазіргі уақытта өз мәнін жоғалтты. Оның себебі, аралас зықымдану жиі кездеседі және аурудың нәтижесі қоздырғыш түріне байланыссыз.

    Клиникалық көрінісіне, емдік шараларға және болжауға байланысты ауруларды екі топқа бөлуге болады:

    а) перитонит қосымша және бастапқы ауруларсыз пайда болған;

    б) перитонит асцит фонында дамыған.

    Перитонит қосымша және бастапқы ауруларсыз пайда болуы. Бұл топтың көпшілік науқастарында перитонит жеңіл өтеді және клиникасы жедел аппендициттегідей сирек, ауру тез үдеп өте ауыр өтуі мүмкін. Осыған байланысты біріншілік перитониттің екі түрі: қарапайым және токсикалық деп бөлуге болады.

    Біріншілік перитониттің қарапайым түрінің клиникалық көрінісі жеделірек басталады. Бала үнемі болатын іштегі жайылған ауырсынуға шағымданады, біртіндеп ауырсыну белгілері мықын аймағына шоғырланып, үдейді. Бала тамақ ішпейді, дене қызуы 37,5-38,50С-қа көтеріледі, құсу пайда болады. Нәжісі қалыпты. Біртіндеп жағдайы нашарлайды. Іштегі ауырсынуы үдейді. Пульсі жиіленіп, қанағаттанарлықтай толымды болады. Тілі ылғалды, жабындымен жабылған. Іші дұрыс пішінді, тыныс алуға қатысады. Іштің пальпациясы мен перкуссиясында барлық бөлімдерінде ауырсынулар болады, соның ішінде оң жақ мықын аймағында ауырсыну қатты болады. Осы жерде алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшық еттерінің қатаюы ал үлкен жастағы балаларда Щеткин-Блюмберг белгісі анықталады. Бел аймақтары пальпацияда ауырсынбайды. Тік ішек арқылы саусақпен тексеру патологияны анықталмайды.

    Қанда лейкоцитоз 15-20·109 г/л, нейрофилез солға жылжумен байқалады.

    Біріншілік перитониттің токсикалық түрінің клиникасы жедел басталуымен сипатталады. Жедел түрде, аяқ астынан, іштегі қатты, таралған ауырсыну, көп ретті құсу пайда болады. Дене қызуы 39-400С-қа жоғарылайды. Нәжісі сұйық, жиі. Жалпы жағдайы үдемелі нашарлайды. Бет әлпеті өзгереді, тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Ауру басталғаннан кейін бірнеше сағаттан соң кейбір балаларда ұстамалар, естің бұзылулары болады. Пульсі жиі, аз толымды. Іші қампимаған, тыныс алуға қатыспайды, барлық бөлімдерінде ауырсынады. Тақтай тәрізді қатайған, Щеткин-Блюмберг белгісі оң. Іш перкуссиясы ауырсыну сезімін тудырады. Кеш түскенде кейде алдыңғы құрсақ қабырғасының пастоздығы байқалады. Ректальды тексеруде тік ішектің алдыңғы қабырғасының пальпациясы кезінде ауырсыну сезіледі. Қанда- солға күрт ығысумен жоғары лейкоцитоз 35-45·109 г/л.

    Біріншілік перитонитте жедел аппендицитпен ажыратулық диагностика жүргізу операцияға дейін мүмкін болмайды. Кейбір зияткерлер (Рошаль Л.М., 1980) бұл мақсатта диагностикалық лапароскопия жасайды. Бұл әдісті анықталмаған операциялардан сақтайды деп есептейді. Біріншілік перитонитке күмән туғанда лапароскопияны қолданбайды, себебі өсіндіні тек гистологиялық зерттеу ғана соңғы диагнозды қоюға мүмкіншілік береді.

    Ас қорыту жолдарының перфорациясы кезінде болған перитониттерді (пептикалық жаралар, үшкір бөгде заттар және т.б.) біріншілік перитониттен ажырату өте қиын. Құрсақ қуысының рентгенологиялық зерттеуі көп жағдайда перфорацияның болуын көрсетеді (бос газ көрінеді). Мүмкін болатын диагностикалық қателіктер бұл жағдайда қауіпті емес, себебі бұл ауруларды дәрігерлік тактикамен емдік көмек бірдей.

    Асцит фонында пайда болған біріншілік перитониттің клиникасы бауырдың созылмалы ауруларында, липоидты нефроз немесе нефрозонефритте, т.б. негізгі аурудың ағымына байланысты. Қосарланған инфекцияның ең ауыр көрінісі – перитонит.

    Ауыр аурумен әлсіреген балалардың дәрігермен сөз сөйлесуі қиынға түседі, дені сау балаларға қарағанда ауырсынуға реакциялары өзгеше болады. Перитониттің бірінші белгісі - іштегі әсіресе оң жақ мықын, немесе кіндік кіндік аймағындағы ауырсыну білінеді. Баланың жағдайы нашарлай түседі. Ентігу пайда болады, құрсақ қуысын сұйықтық тез жиналады, ісінулер өседі, дене қызуы 39-400 С-қа дейін көтеріледі, пульсі өте жиі, толуы әлсіз, тілі құрғақ, жабындымен жабылған, жиі құсу болады, көп балаларда сұйық нәжіс болады. Бүкіл құрсақ қуысы аймағында ауырсыну болады. Құрсақ қабырғасының қатаюы да барлық жерінде. Щеткин-Блюмберг және Пастернацкий белгілері оң болады. Алғашқы күндері лейкоцитоз 25-40·109 г/л, қан формуласының солға жылжуы байқалады. Перитониттің болуы бүйрек функциясын едәуір нашарлатады. Тәуліктік диурез 150-300 мл-ге дейін төмендейді, зәрдегі ақуыз деңгейі жоғарылайды.

    Асцит кезінде перитонитті жоққа шығару үшін диагностикалық пункция жасайды. Алынған іріңді асцитті сұйықтық біріншілік перитонит диагнозын растайды.

    Емі. Хирургиялық тактика біріншілік перитониттің клиникалық түрлеріне байланысты.

    Негізгі, немесе қосымша аурусыз пайда болған біріншілік перитонитте жедел оперативті көмек көрсетіледі. Біріншілік перитониттің қарапайым түрінде әдетте операцияны жедел апендицитке байланысты жасайды. Біріншілік перитониттің токсикалық түрінде баланың жағдайы ауыр болғанда интоксикацияны азайту, сусыздану мен гипертонияны жоюға бағытталған, операция алды дайындық жүргізу керек. Баланың жағдайы 3-6 сағаттан кейін жақсарады.

    Операция техникасы. Құрсақ қуысын Волкович-Дьяконов бойынша тіледі. Біріншілік перитонитке - иіссіз, жабысқақ, мөлдір емес, құрамында фибринді жабындысы бар бөлініс тән. Құрт тәріздес өсінді және ішек ілмектерініңгиперемиясы байқалады. Дивертикулитті шектеу үшін мықын ішекке және қыздарда жатыр қосалқыларын тексереді. Электросорғышпен іріңді бөліністі сорады. Операцияны аппендэктомиямен аяқтайды.

    Құрсақ қуысына антибиотиктер және 0,25% новокаин ерітіндісін енгізеді. Перитониттің токсикалық түрінде, 1-2 күнге жіңішке полиэтилен микроирригатор қалдырады.

    Операциядан кейін барлық балаларға бұлшық етке антибиотик (6-7 күнге), витаминдер, физиоем тағайындалады. Халі ауыр балаларға 1-2 тәулікке тамыр ішілік сұйықтық құюға аппарат қалдырады. Эпидуральдық анестезия курсын жасайды (4-6 күн). Көрсеткіштерге байланысты жүрек препараттарын, трансфузия және қан УФО тағайындайды.

    Біріншілік перитонит асцит фонында пайда болғанында, хирургиялық ем көрсетілген.

    Операция техникасы. Құрсақ қуысын Волкович-Дьяконов бойынша тілім арқылы ашады. Іріңді асциттік сұйықтықты сорып, қарапайым аппендэктомия жасайды. Құрсақ қуысына, жеке тесік арқылы, жіңішке полиэтиленді түтік жібереді (диаметрі 0,5 см). Ол арқылы асциттік сұйықтық ағады және антибиотик енгізіледі. Құрсақ қабырғасын тігеді де, ұзақ уақытты анестезия үшін эпидуральдық кеңістікті катетеризациялайды.

    Операциядан кейінгі ем, негізгі ауруды және перитонитті емдеуден тұруы керек. Антибиотикті дренаждық түтік арқылы құрсақ қуысына жібереді, сонымен қатар бұлшық етке және қан тамыр ішіне де жасайды (6-7 күн). Дренажды алып тастаған соң антибактериальды емді 12-14 күнге созады. Әдетте кең спектрлі антибиотиктерді енгізеді, себебі перитонит бірнеше қоздырғыштардың әсері нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Эпидуральды анестезияны 4-6 күнге созады.

    Негізгі аурудың ауырлығына қарамастан балалар салыстырмалы түрде операцияны жақсы көтереді. Жалпы жағдайы тез жақсарады, дене қызуы 2-3 күні қалыптасады, тәбеті ашылады. Бүйрек функциясы жақсарып, тәуліктік диурезі жоғарылап, зәрдегі белок деңгейі төмендейді. Қан талдамасы қалыптанады. Сонымен қоса липоидты невриті бар балаларда перитониттің қайталануы мүмкін екендігін есте сақтау керек.

    1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50


    написать администратору сайта