Ответы. Биология ылымыны салалары Тірі табиаттаы згерістер жиынтыын зерттейді Биология
Скачать 0.51 Mb.
|
Адам мен жануар жасушасы 1839ж.жасуша ішіндегі сұйықтықты протоплазма деп атаған:Я.Пуркине 1898ж. гольджи жиынтығын жүйке жасушаларынан тапқан: К.Гольджи 1945ж. эндоплазмалық торды электрондық микроскоппен тауық балапанының ұлпасынан тапқан ғалым: К.Портер 1955ж. лизосома органоидын ашқан ғалым: Де Дюв 1831ж. өсімдік жасушасының ядросын ашқан ғалым: Р.Броун Информасоманы ашып,оның биологиялық маңызын түсіндіруге қатысқан: М.Айтхожин 1838-1839ж. жасушалықтоериясының негізін салған: М.Шлейден,Т.Шванн Өсімдіктер мен жануарлардың ағзасы жасушалардан тұратындығын тұжырымдаған ғалымдар: Т.Шванн, М.Шлейден Жасушалық теорияның қағидалары 1.Тірі ағзаның ең кіші өлшемі, 2.Цитоплазма,мембрана барлығына тән, 3.Бөліну арқылы көбейеді Жасушаның негізгі құрам бөліктері: Цитоплазма, ядро, мембрана Әрбір тірі жасушаның тіршілігі ... байланысты: Ядро мен цитоплазмаға Жасушаның сыртын қаптайды: Мембрана Жасуша мембранасының қызметі:Қорғау,тасымалдау Жасуша жарғақшасының қызметтері:Қоршаған ортамен қатынас жасау Жануарлар жасушасындағы жарғақшасы: Өте жұқа Жасушалардың цитоплазмамен тікелей байланысқан ішкі қабаты: Плазмалемма Плазмалемманың негізгі химиялық құрамы: Нәруыз-60%, май-40%, көмірсу-2-1% Барлық дене жасушасын қоршайтын: Жасушааралық сұйықтық Жасушалар бір-бірімен байланысады: Жасушарааралық заттар арқылы Эндоцитозға қарама-қарсы процесс: Экзоцитоз Сұйық және қатты заттардың жасуша мембранасынан ішке өтуі: Пиноцитоз, фагоцитоз Жасушаға ірірек келген су тамшыларының өтуі: Пиноцитоз Жасуша мембранасыныңсұйықтығы қабылдауы:Пиноцитоз Жасушаға ірірек түйіршіктердің енуі: Фагоцитоз Фагоцитоз – ол мынандай процесс: Мембрана арқылы қатты заттарды өтіп, цитоплазмаға түсуі Плазмолиз кезінде: Протопласт жиырылады Жасушаның желім тәрізді, созылмалы, қоймалжың бөліктері: Цитоплазма, гиалоплазма Цитоплазманың түп негізі: Гиалоплазма Америкалық ғалым К.Портер жасуша гиалоплазмасынан ... тапты:Микротрабекулалық тор Гиалоплазмадағы барлық құрылымдарды байланыстырып тұратын тор:Трабекула жүйесі Қозғалыс органоидтары: Өсінділер, кірпікшелер, талшықтар Жасушаның сұйық ортада қозғалуға бейімделген жіпше тәрізді жіңішке өсінділер: Кірпікшелер, талшықтар Мембранасыз органоид: Рибосома, центриоль, микротүтікшелер, хромосома, ядролық талшық, кірпікшелер Бір мембраналы органоид: ЭПТ, гольджи жиынтығы, лизосома, вакуоль, пероксисома Қос мембраналы органоид: Ядро, хлоропласт, митохондрия Жасушада заттардың тасымалдануына қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысатын органоид:Эндоплазмалық тор Эндоплазмалық тордың түрлері: Тегіс, түйіршікті Тегіс эндоплазмалық торда синтезделеді: Гликолипидтер, майлар, көмірсу Кедір-бұдыр ЭПТ қызметі:Нәруыз синтезі Түйіршікті эндоплазмалық торда синтезделеді: Нәруыздар Түйіршікті эндоплазмалық тор мембранасында орналасып, синтезделеді:Рибосома Нағыз денешік, онда ақуыз және рибонуклейн қышқылы РНҚ болады: Рибосомалар Үлкен және кіші бөліктен тұратын органоид: Рибосома Рибосоманың кіші бөлігінде жүреді: Трансляция Рибосома қызметі: Нәруызды синтездейді Бір нәруыз молекуласының синтезделуіне бірнеше рибосоманың қатысуы: Полисома Жасушадығытүтікшелер мен көпіршіктерден тұратын жүйе: Гольджи жиынтығы «Ішкі тор тәрізді аппарат» деп атайды: Гольджи жиынтығын Гольджы жиынтығының жасушада атқаратын қызметі: Биосинтез кезінде заттарды тасымалдау, өнімдерді жасушадан шығару Гольджи жиынтығынан түзілетін органоид: Лизосома Органикалық заттарды ыдырататын ферменттері бар органоид: Лизосома Жасушада эндогенді және экзогенді макромолекулаларды ыдыратады:Лизосома Жасушаға түскен бөгде қажетсіз улы заттарды ерітеді: Лизосома Жасушаның «асқорыту мүшесі» аталатын органоид: Лизосома Бақа дернәсілінің құйрығының жойылуы байланысты: Лизосомаға Жасуша қартайған кезде оның тіршілігін жояды: Лизосома Лизисомалар түзіледі: Гольджи аппаратынан, эндоплазмалық тордан Бұл пигмент организм тіршілігін жойғанға дейін сақталатындықтан «Қартаю пигменті» деп аталған: Липофусцин Май қышқылдарын синтездеп энергия жинақтаушы органоидты көрсетіңіз: Митохондрия Ағзаның тіршілік процестеріне жұмсалатын қуатты «өндіретін» жасушаның «энергия станциясы»:Митохондрия Жасушадағы митохондрия саны: 100 мың Митохондрияны зерттеген ғалымдар: Р.А.Келликер, Р.Альтман, К.Бенда Митохондрияның құрамы: 65-70% - нәруыз, 25-30% - липидтер, нуклеин қышқылы, витаминдер Митохондрияның құрылысы: Сыртқы мембрана тегіс, ішкі мембрана иілімді (қыртысты), мембранааралық кеңістік Митохондрияның сыртқы мембранасындағы нәруыз бен фосфолипид жасушаларының үлесі: 85%, 15% Митохондрияның ішкі мембранасының құрамы: 70% нәруыз, 20% фосфолипид молекулалары, ферментер Жасушадағы митохондрияның органоидының қызметі:АТФ синтездейді Митохондрияда жүретін АТФ синтезі жүреді: Тыныс алуда Жасушадағы тыныс алу процесінің маңыздылығы:Энергия АТФ түрінде бөлінеді Митохондрияларда АТФ синтезделген кезінде энергия көзі болып саналатын: Органикалық қосылыстар Жасушада АТФ синтезделуі үшін энергиямен қамтамасыз етуші:Глюкоза Тотығу процесі жүретін жасуша органоиды: Митоxондрия Жасушаның бөлінуіне қатысады: Жасуша орталығы Жасуша орталығының негізін құраушы: Центроильдар Жасушаның митозды және мейозды бөлінуіне тікелей қатысатын органоид: Жасуша орталығы Ядро құрылысына жататындар: Екі мембраналы қабықша, хромосомалар,ядро шырыны, ядрошық Ядроның сыртын қоршайды: Мембрана Ядроның цитоплазма және басқа органоидтармен байланысы: Ядро саңылаулары арқылы Ядро мембранасының барлық қуысын толтырып тұратын зат: Ядро шырыны Ядро қабықшасының ішіндегі қуысты толтырып тұратын сұйықтық:Кариоплазма Ядро шырынының құрамы:Нуклеин қышқылы, нәруыздар, көмірсулар Жасуша бөлінер кезінде жойылып, басқа кезде қайта түзілетін,нуклеин қышқылы синтезіне қатысатын денешікті ата:Ядрошықтар Жасуша ядрошығының қызметі:Рибосомалар синтезі Жасуша ядросындағы тұқым қуалау қасиетін сақтайтын органоид:Хромосома Нәсілдік, тұқымқуалаушының белгілерді сақтап, ұрпаққа беруші: Хромосомалар ДНҚ жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік:Хромосома Белгілі бір нәруыз туралы ақпарат жазылған хромосома үлескісі:Ген Ағза жасушасында жыныс жолмен өсіп өнетін ген болады ма: Ия Хромосомада болатын гендердің орналасу сызбанұсқасы:Генетикалық карта Генетикалық карталары жасалынған өсімдіктер: Жүгері, қызан Генетикалық карталары жасалынған ағзалар: Тышқан, дрозофила, пішен таяқша Хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын нәруыз:Гистон Пішіні бірінші, екінші реттік үзбелері біркелкі жұп хромосомалардың атауы: Гомологты Әр түрлі жұпқа жататын пішініне қарай ажыратылатын хромосомалар: Гомологты емес Адамның хромосома жиынтығы: 21 жұп аутосома, 1 жұп жыныс Аутосомалар: Жыныстық емес хромосомалар Адамның дене жасушаларындағы хромосомалардың саны:46 Адамның жыныс жасушасындағы хромосома саны:23 Хромосомалардың толық жиынтығы: Диплоидты (2n) Жұптасқан хромосомалық жиынтық: Диплоидты Жыныс жасушаларындағы хромосомалардың жиынтығы:1n Жыныс жасушаларының басқа дене жасушаларынан айырмашылығы: Хромосомалар жиынтығы гаплоидты Сомалық жасушалардағы хромасомалар жиынтығы:2n Адамтектес маймылдағы (шимпанзе) хромосома саны:48 Центромера хромосоманың дәл ортасында орналасып, тең екі ашаға бөлінген хромосоманың типі: Метацентрлі Центромера хромосоманың ортасынан сәл оңға не солға қарай орналасып, хромосоманың тең емес екі ашаға бөлінуі: Субметацентрлі Цетромера хромосоманың бір ұшына жақын орналасып, тең емес екі ашаға бөлінуіп, бір ашасы ұзын, екіншісі қысқа болуы: Акроцентрлі Центромера хромосоманың ұшында орналасқан хромосома типі:Телоцентрлі Кейбір хромосомаларда екінші буын өте ұзын, хромосоманың аз бөлігін негізгі бөлігінен бөліп тұрады: Спутникті (қосшы) хромосомада Қалыпты хромосома жиынтығының екі рет кемуі:Гаплоидия Хромосома терминін алғаш ғылымға енгізген ғалым: Вильгельм Вальдейер Зат алмасу мен энергия айналымы Тірі ағзаның қоршаған ортамен үздіксіз байланысын сипаттайтын құбылыс:Зат алмасу Ағзада кезектесіп жүретін әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы: Зат алмасу Жасушада заттардың түзілу, ыдырау процестері: Зат алмасу Энергия көзінің түзілуі: Органикалық заттардың ыдырауы мен тотығуынан Тыныс алу негізін салған ғалымдар: М.В.Ломоносов, А.Т.Лавуазье Энергетикалық нуклеотид: АТФ Энергия айналымындағы универсалды зат: АТФ АТФ молекуласының құрамы: Аденин, рибоза, фосфор қышқылының қалдығы АТФ молекуласының құрамындағы фосфор қышқылының қалдық саны: 3 2 моль АТФ тен бөлінетін энергия мөлшері: 80кДж Фосфор қышқылының 1 молекуласы гидролизденгенде бөлініп шығатын энергия мөлшері:40 кДж Зат алмасудың сатылары:4 Зат алмасу мен тікелей байланысты:Ыдырау өнімдерін шығару қызметі Ағзада енді қайта пайдаланбайтын зат алмасудың соңғы өнімдері: Ыдырау өнімдері Ағзада түзілетін әр түрлі зинды заттар төмендегі күйінде болады: Қатты сұйық, газ Метаболизмнің соңғы өнімдерін сыртқа шығаратын мүшелер: Тері, өкпе, бүйрек, ішек Ыдырау өнімдерін шығаруға қатысатын мүшелер: Бүйрек, өкпе, тері Зат алмасудың соңғы өнімдері: СО2, Н2О, NН3 Денеден шығарылатын құрамында азоты бар зиянды заттар: Несепнәр, зәр қышқылы, аммиак Пайдалы жұмысқа жарамайтын энергия: Энтропия Жасушадағы пластикалық және энергетикалық алмасу процесінің жиынтығы:Метоболизм, зат алмасу және қуат Зат алмасудың екінші атауы:Метаболизм Метаболизмнің бір-біріне қарама-қарсы процесі:Анаболизм, катаболизм Зат алмасудың тұтас құбылысына жатады:Ассимиляция мен диссимиляция Зат алмасу баяу жүреді,дене температурасы тұрақсыз:Катаболизм мен анаболизмнен Энергиясы мол органикалық заттардың ыдырауы: Катаболизм Энергетикалық алмасу:Катаболизм, диссимиляция Энергетикалық алмасу: АТФ синтезі Энергетикалық алмасу кезеңдері:Дайындық, оттексіз, оттекті Энергетикалық алмасудың І кезеңі:Дайындық Энергетикалық алмасудың дайындық кезеңінде жүретін үдерістер: Нәруыздар аминқышқылдарына дейін ыдырайды, көмірсулар глюкозаға дейін ыдырайды, майлар май қышқылы мен глицеринге дейін ыдырайды АТФ молекуласы түзіледі: Гликолиз процесі кезінде Ферменттердің қатысуымен глюкозаның тотыға отырып ыдырау процесі: Гликолиз Гликолиздің сатысы: Дайындық, оттекті, оттексіз Энергиясы мол органикалық заттардың, энергиясы аз қарапайым заттарға ыдырауы: Гликолиздің дайындық кезеңі Гликолиздің дайындық кезеңі жүреді: Цитоплазмада Гликолиздің оттексіз ыдырауы: Анаэробты Гликолиздің оттекті ыдырауы болады: Аэробты Ашу процесі деп аталады: Анаэробты тынысалу Аэробты тыныс алуды жүзеге асыратын органоид: Митохондрия Жасушасында гликолиздің анаэробты ыдырауы жүретін органоид: Митохондрияның ішкі мембранасы Гликолиздің толық ыдырауы немесе оттекті ыдырауы жүреді: Митохондрияның ішкі мембранасы Гликолиздің оттексіз ыдырауының бастапқы заты: 1 моль глюкоза Гликолиздің оттексіз ыдырауы кезінде бөлініп шығатын зат: 2 моль АТФ, 2 моль сүт қышқылы, 200 кДж энергия Гликолиздің оттекті ыдырауында жүретін реакцияның бастапқы заты:2моль сүт қышқылы Энергетикалық алмасудың оттекті сатысында түзілетін АТФ молекула саны: 36 Гликолиздің оттекті ыдырауы кезінде түзіледі: 2600 кДж Гликолиздің оттекті, оттексіз ыдырауы кезінде синтезделеді: АТФ Гликолиздің аэробты және анаэробты ыдырауында үзілетін АТФ мөлшері: 38 АТФ Оттекті және оттексіз ыдыраудың нәтижесінде түзіледі: 38 моль АТФ Глюкозаның оттекті және оттексіз ыдырауы кезінде түзілген энергия: 1520 кДж Гликолиздің спирттік ашудан айырмашылығы:Глюкоза сүт қышқылына дейін ыдырайды Сүт қышқылының оттекті ыдырауы өтетін органоид: Митохондрия 1930ж. лимон қышқылы айналымын ашқан: Г.Кребс Лимон қышқылын айналымына даярлық кезеңі басталады: Пируват молекуласының өзгеруінен басталады Зарядталған бөлшектердің жинақталатын орны: Қойма (акцептор) Күн энергиясының қатысуы мен хлоропласта көмірқышқыл газы мен судан органикалық заттардың түзілу процесі: Фотосинтез Жарық және қараңғы фазалары бар күрделі процесс: Фотосинтез Фотосинтез жүреді: Хлоропласт граналарында Фотосинтездің жүруіне қажетті жағдайлар: Су, күн сәулесі, көмірқышқыл газы Фотосинтез процесінде басты рөлді атқарады: Хлорофилл пигменті Фотосинтездің жарық фазасында жүретін өзгерістер: АТФ синтезі, су фотолизі, су электролизі, оттегінің бөлінуі, НАДФ∙Н түзілуі Су фотолизі реакциясының жүру механизмін алғаш рет дәлелдеді: Р.Хилл Фотосинтездің жарықта және қараңғыда жүретін фазалары бір-бірімен байланысады: Көмірсулардың синтезі Қараңғыдағы фотосинтез реакциясының энергия көзі: АТФ Фотосинтездің қараңғы сатысында жүреді: Кальвин циклі Фотосинтездің қараңғы фазасында синтезделеді: Моносахарид, дисахарид, полисахарид Фотосинтез процесі нәтижесінде түзілетін зат: Глюкоза, көмірсу, оттек Фотосинтездің жүруіне байланысты атмосферада жинақталатын: Оттек Фотосинтез процесі барысында заттың ыдырауынан еркін оттегі бөлініп шығады: Комплементарлық Фотосинтезді жүзеге асыратын автотрофты өсімдіктер: Түзушілер «Парник эффектісі» атмосферада СО2, күйе, т.б. бөлшектердің көбеюімен байланысты: Көтеріліп, биосферада қолайсыз жағдай туғызады Бейағзалық заттардың тотығуы кезінде бөлініп шығатын энергияны алу жолы: Хемосинтез Хемосинтез процесі жүретін ағза: Бактериялар Хемосинтез процесін ашқан ғалым, микробиолог: С.Н. Виноградский Пластикалық алмасу:Анаболизм, ассимиляция Пластикалық алмасуда жүреді:Нәруыз, май, көмірсу, нуклеин қышқылы биосинтезі Анаболизм кезінде:Әртүрлі макромолекулалар синтезделеді, АТФ жұмсалады Нәруыз молекуласының синтезделуінде матрица рөлін атқарады:Нуклеин қышқылы Ақуыз молекуласының синтезі кезінде аминқышқылдарын рибосомаға таситын: РНҚ Нәруыз биосинтезі:Транскрипция, трансляция Нәруыз биосинтезінің аяқталу белгілері: УАГ, УАА, УГА ДНҚ молекуласынан аРНҚ полимерінің синтезделуі: Транскрипция Транскрипция процессі қай органоидта жүзеге асады:Ядро Белгілі аминқышқылдарын анықтайтын нуклеин қышқылының үш нуклеотидтен тұратын бөлігі: Кодон Әрбір аминқышқылы кодына қажет нуклеотид саны: Үшеу Жасушаны триплоидты деп атайды, егер онда: Әр типтің үш хромосомасы болса аРНҚ-дан алынып тасталған бөлік: Интрон аРНҚ-ның қалған бөліктерінің бір-бірімен жалғануы:Экзон аРНҚ молекулаларының ядрода синтезделуі: Сплайсинг Сплайсингте кофермент қызметін атқарады: аРНҚ Өзіне-өзі ферменттік «катализдік» жүргізетін аРНҚ: Рибозим Аденин тізбектерінен тұратын аРНҚ молекуласының «құйрығына» жалғасқан жиынтық: Информосома Синтезделуге тиісті нәруыз молекуласының құрылымы түралы ақпарат жазылған денешік: Информосома «Транслация»ақуыздар синтезіндегі мағынасы: Көшіріп аудару Трансляция процесінің сатысы:Инициация, элонгация, терминация Полипептидтік тізбекті түзудің басталуы: Инициация Трансляцияның элонгация сатысында:Пептидтік тізбектің ұзаруы Трансляцияның элонгация сатысында: Кодон мен антикодонның бір-біріне сәйкес келуі Пептидтік биосинтездің аяқталуы: Терминация Жасушаның өсуі мен дамуы байланысты қасиет: Биосинтез Биосинтез процесі кезінде: Жасушада жай заттардын қосылуынан органикалық күрделі заттар түзіледі |