Дәрісдер Өзара алмастырушылық негіздері (1). Дріс 1 зара ауыстырымдылы мні мен трлері
Скачать 3.75 Mb.
|
1 Шпонкалы қосылыстар өзара алмастырушылығы Шпонка айналатын тетіктері мен білік немесе ось арасындағы қосатын звено ретінде болады (шкивтер, тісті дөңгелектер, жұлдызшалар). Шпонкалы қосылыстың басты міндеті айналыс моментін беру. Әртүрлі шпонкалы қосылыстарының конструкцияларының ішінде трактор, автомобиль және ауылшаруашылық машина жасаудағы көп тарағанына призматикалық және сегменттілер жатады. Жалпы алғанда шпонкалар үш түрге бөлінеді: призматикалық, сегментті және сыналығы. Қолданылатын шпонка түрлеріне байланысты шпонкалы қосылыстар кернеуліге және кернеусізге бөлінеді. Кернеуліге – үшбұрышты сыналы шпонка. Бұл шпонкалы қосылыс айналыс моментімен осьті күшті беруге арналады. Кернеусізге – призматикалық және сегментті қосылыстар. Бұл қосылыстар көбінесе айналыс моментін беруге арналады да, қозғалысты және қозғалысызға бөлінеді. Призматикалық шпонкалар үш түрлі конструк– циялы шығарылады (МемСТ 23360–78): І типті – домалақ бүйірлі – І І типті – жазықты (тік) бүйірлі – І ІІ типті– бір жағы тік, екінші жағы домалақ – Призматикалық шпонкалар қосылыстарының параметрлері МемСТ 23360–78 стандартпен анықталынған. 4.1а суретінде призматикалық және сегменті шпонкалы қосылыстарының мөлшерлері белгіленген 4.1 сурет – Шпонкалы қосылыстарының мөлшерлерінің белгілеулері: а – призматикалық шпонка, б – сегменттік шпонка. Призматикалық шпонкалар мөлшері 5 мм ден 24 мм дейінгі диаметрлерге квадратты шпонкалар қолдалынды. (2х2; 2х3; 4х4; 5х5; 6х6), ал егер диаметр мөлшері 24 мм артық болатын болса (d>24мм), онда шпонка ені (в) биіктігінен (h) үлкен болуы керек (в>h). Шпонка мөлшерлерінің шартты белгілеуі МемСТ 24068–80 стандарты бойынша былайша белгілейді вxhxl. Мұндағы в – шпонка ені; h – шпонка биіктігі; l – шпонка ұзындығы. Призматикалық шпонкалар бағыттаушы ретінде қолдануы мүмкін. Сегментті шпонкалар біліктің диаметрі 55 мм (d=55мм) дейінгілерге ғана қолдануы мүмкін. Шпонка параметрлері келесі стандарттар бойынша берілген (2000 ж. Стандарт анықтама көрсеткіштері бойынша): МемСТ 23360 – 78 – призматикалық шпонкалар; МемСТ 24068 – сыналы шпонкалар; МемСТ 8790 – 79 – бағыттаушы призматикалық шпонкалар; МемСТ 24071 – 80 – сегментті шпонкалар. Шпонкалы қосылыстарды таңдау мен дәлдік шегінің ерешеліктері. Шпонка негізгі тетікке жатады, б.а. негізгі біліктің жоғарғы ауытқуы МемСТ бойынша нөлге тең болады (es = o); білік пен төлке ойыстары негізгі емес тетіктер; шпонка – білік, ал білік пен төлке ойысы – тесік, б.а. қондыру білік жүйесінде орындалынады (h). Призматикалық шпонкалы қосылыстарында дәлдік шек өрісі шпонка және білік пен төлке ойыс ендеріне (в) қойылады. Шпонкалы қосылыс қондыруы мен оның жұмыс істеу жағдайына қарай, шпонка – білік ойысы мен шпонка – төлке ойысы қосылыстарының нақты диаметрі бойынша келесі дәлдік шек өрістері ұсынылады (4.1 кесте): шпонка еніне – білік ойыс еніне – H9, N9, P9; төлке ойыс еніне – D9, 9, Р9; Шпонка – h9 дәлдік шегімен жасалынады, сондықтан оны бір орталықта қондыру түріне қарай жасалады. Қосылыс сипаттамасына қарай бос, қалыпты және тығызды шпонкалы қосылыстар қолданылады, б.а. үш типті қондырулар қолданылады (4.2. сурет) МемСТ24071–80 стандарты бойынша 4.1 кесте
– шпонкалар – білік ойысы – төлке ойысы 4.2 сурет. – Шпонкалы қосылыстарының ұсынылған дәлдік шектер өрістерінің орналасуы. Шпонкалы қосылыстың в басқа (4.1 сурет) қалған мөлшерлері, б.а. қондырылмайтын мөлшерлерге жатады, оларға келесі дәлдік шек өрістері бектіліген: h – шпонка биіктігіне – h 11 бойынша; l – шпонка ұзындығы – h14 бойынша, шпонканың біліктегі ойысы – Н15 бойынша; L төлке – шпонканың төлкедегі ойысы – Н15 бойынша; – біліктегі ойыс тереңділігі – Н12 бойынша; – төлкедегі ойыс тереңділігі – Н12 бойынша. Сегментті шпонкалар МемСТ 24071–80 стандартымен бекітілген мөлшерлері 4.1, б–суретте көрсетілген ойыс еніне шекті ауытқулар қосылыс сипаттамасына қарай бекітілінеді. Олар қалыпты қосылыста келесіге сәйкес болуы керек: білік ойысы – N9, төлке ойысы – 9, тығыз қосылыста: білік ойысы және төлке ойысы – P9. Шпонка шекті ауытқулары шпонка еніне (в) h9 бойынша, биіктігіне – h11 бойынша, диаметріне (d) – h12 бойынша. Призматикалық шпонкалар қосылыстарының қолданылуы: аз сериялы және даналық өндірісінде білік ойысына – , сериялы және массалы өндірісте – білік ойысына, – төлке ойысына, қондыруларымен қолданылады. Шпонкалық қосылыстарды бақылау әдістері мен құралдары Шпонкалық қосылыстардың тетіктер мөлшерлерін дифференциалды бақылауға әмбебап өлшеу құралдарын қолдануға болады, бірақ та бұл көп шығынды және уақытты талап етеді. Сондықтан автотрактор және ауылшаруашылық машиналарын жасауда шпонкалық қосылыстар тетіктерін бақылауда шекті калибрлер қолданылады. Білік және төлке ойыс ендерін өтетін және өтпейтін жақтары бар табақшалармен (пластинкалармен) тексереді (4.3 а сурет). Төлке цилиндрлік бетімен ойыс түбіне дейінгі мөлшерді (D+t2) сатылы тығынмен бақылайды. (4.3 б сурет). Білік ойыс t1 тереңдігін өтетін және өтпейтін сатылы стержінді сақиналы калибрмен тексереді ( 4.3 в сурет). Төлкеге жанындағы ості жазықтыққа қарағандағы ойыстардың орналасуын симметриялық бақылау шпонкалы тығынмен іске асырылады (4.3 г сурет), ал білік жанындағыны – бақылаулы стерженді призмамен (4.3 д сурет). Машина жөндеуде әмбебап өлшеу құралдарымен бірге калибрлерді де қолдануға болады. 4.3 – сурет. Шпонкалы қосылыстарының тетіктерін бақылауға арналған калибрлер 2 Шлицалық қосылыстар өзара алмастырушылығы Шлицалы қосылыстар шпонкалы қосылыстарға қара– ғандағы жасалу күрделігіне қарамай кең түрде қолданы– лады. Ол келесі артықшылықтарымен түсіндіріледі: білікке отырғызылған тетіктердің центрленуі мен бағытталынуы жақсы; тіс биіктігі бойынша жүктеме бөлініп таралуы бірқалыпты; кернеудің бір жерге жиналуы аз, ол бірдей габридті мөлшерінде үлкен айналыс моментін беруге мүмкіндік жасайды. Қолдалынуына, жұмыс істеу жағдай– ына және конструктивті ерекшелігіне қарай үш түрлі шлицаль қосылыстар қолданылады. Бір–бірінен айырмашы– лығы тістер профилі бойынша: эволвентті, үшбұрышты және тік бүйірлі. Ең көп тараған профилі тік бүйірлі және тіс саны жұптылар. Мұндай қосылыстың негізгі параметрлері 4.4 – суретте көрсетілген. Негізгі параметрлеріне келесілер жатады: D – сыртқы диаметрі; d – ішкі диаметрі; в – тіс ені. МемСТ 1139–80 стандартымен үш сериялы тік бүйірлі шлицалы қосылыстарының мөлшерлері бекітілген: ауыр, орташа, жеңіл. Жеңіл сериялы қосылыстарының тістер саны мен биіктігі үлкен емес жеңіл сериялы қозғалмайтын және аз жүктеме түсетінде қолданылады. Орташа сериялы қосылыстарының тістер саны мен биіктігі жеңілге қарағанда үлкендеу болса, оларда орташа жүктеме түскенде қолданылады. Ауыр сериялы қосылыстарының тіс саны мен биіктігі өте үлкен, олар ауыр жұмыс жағдайында қолданылады. Шлицалық қосылыстар қозғалатын және қозғалмайтын болуы мүмкін, қозғалатындарға – егер төлке білік бойымен қозғалатын болса (жылдамдық қораптарда, беріліс қораптарда, муфтаны қосу мен ажыратуда) және қозғалмайтынға – егер төлке жұмыс кезінде білік бойынша қозғалмайтын болса. 4.4 – сурет. Тік бүйірлі шлицалық қосылыстарының негізгі мөлшерлері Технологиялық және пайдалану талаптарына байла– нысты төлке мен білікті центрлеу келесі үш әдістерінің біреуімен іске асырылады: Сыртқы диаметрімен D, ішкі диаметрмен d және бүйір бетімен в (4.5. суретте) 4.5 – сурет. Шлицалық қосылыстарын центрлеу әдістері: а – сыртқы диаметрмен центрлеу, б – ішкі диаметрмен, в – бүйір бетімен. Сыртқы диаметрмен центерлеу (D) егер төлке терм– иялық өңделінген қозғалмайтын қосылыстарда, сонымен қатар өске үлкен емес күш түсетін қозғалатын қосылыс– тарда қолдануға ұсынылады. Оны автотрактор және ауыл– шаруашылық машина жасауда кең түрде қолданылады. Ішкі диаметрмен центрлеу (d) төлке қаттылығы жоғары болғанда қолданылады. Бұл әдісте центрлеу дәл жүргізілетін қозғалатын қосылыстарда қолдануға ұсыны– лады. Бүйір бетімен центрлеу (в) білік пен төлкенің дәл центрленуін қамтамасыз ете алмайды, сондықтан өте сирек қолданылады. Бұл әдіспен центрлеу ауыспалы бағытты күштерді, үлкен айналыс моментін, онымен қатар ревер– сивті қозғалысты беруге қолданылады. Барлық ұсынылған білік пен төлке қондыруларының ішінде айрықша бөлін– етіндеріне келесі дәлдік шектер өрістері жатады: білікке – ; төлкелерге – . Стандарттыларымен қатар келесі білік пен төлке дәлдік шектер өрістерінің қатынастары ұсынылады, олар келесі қондыруларды құрастырады, оларды центрлеу әдісіне қарай келістіріліп былайша бөліп шығаруға болады: ішкі диаметрмен центрлеу d: сыртқы диаметрімен центрлеу D: ені бойынша қондыру в: . Центрленбейтін диаметрлерге келесі дәлдік шектер өрістерге белгіленеді: D немесе в центрленгенде төлке дәлдік шек өрісі d бойынша – Н11, d және в центрленгенде төлке дәлдік шекті өрісі D бойынша H12 және білікке D бойынша – а11. Шлицалы қосылыстардың қондырулары мен дәлдік шектерін сызбасында белгілеу Тікбүйірлі шлицалық қосылыстардың біліктерімен төлкелерін белгілеулер келесіден тұрады: центрлеу әдістерін көрсететін әріптерден; тіс сандары, білікпен төлке қосылыстарындағы d, D, в нақты мөлшерлері; диаметрлерінің белгілеулері қондырулары немесе дәлдік шектер өрістерінің белгілеулері. Белгілеуде центрленетін диаметрдің дәлдігін көрсетпей–ақ қоюға болады. Шлицалық қосылыстарды белгілеу мысалдары – d бойынша центрлеу ; Мұндағы: d–центрлеу диаметрі; 8 – тіс саны; 32 – ішкі диаметр; 36 сыртқы диаметр, 6 – тіс ені. Осы қосылыстағы төлкені шарты белгіленуі: осы қосылыстағы білікті шарты белгіленуі: D бойынша центрлеу: в бойынша центрлеу: D9/j8. Эволвенті профилді шлицалық қосылыстар тік бүйірлерге қарағанда біраз артықшылығы бар: үлкен айналыс моментін бірдей диаметрлерде берді, центрленуі жақсырақ, жүктеме түсудегі өз–өзінен қойыла алынуы. Бірақ та жасау технологиясының ерекшелігіне қарай, оларды экономикалық жағынан қарағанда тек қана ірі сериялы және массалы өндірісте қолдануға болады. Эволвентті шлицалы қосылыстарды көбінесе тіс бүйір беті жағынан және сыртқы диаметрімен центрлеуді (D) қолданылады, кейде (d) ішкі диаметрімен центрлеуді де қолдалынады. Эволвентті шлицалы қосылыстарды сызбасында белгі– леуі былайша болуы керек: қосылыс нақты мөлшері D; модулі m;қосылыс қондыруын белгілеу (білік және тесік дәлдік шек өрісі), центрлеу элементтерінен және стандарт нөмірінен кейін орналасады. Шлицалы қосылыстар тетіктерін бақылау әдістері мен құралдары Шлицалық қосылыстарының құрастырулығын қамта– масыз ету үшін, білік пен төлкені бақылауды кешенді және дифференцирленген әдістермен бақылау қажет. Шлицалық қосылыстар тетіктерін, ереже бойынша кешенді бақылау калибрлерімен бақылайды (4.6 а сурет). Мұнда элементті бақылауды арнайы калибрлер (4.6 б сурет) немесе әмбебап өлшеу құралдарын қолдалынады. Кешенді калибрді қолданғанда тесік жарамды деп табылады, егер кешенді калибр тығын беттің барлық ұзындығынан өткен жағдайда, ал диаметрмен ойыс ені берілген жоғарғы шектерден шықпаса; білік жарамды деп саналады, егер кешенді калибр – сақина шлицалы беттің барлық ұзындығынан өткен жағдайда, ал диаметрмен тіс қалыңдығы берілген төменгі шектерден шықпаса Кешенді калибрлер сырт пішіні бойынша қосылатын тетіктерге ұқсас. Сондықтан жөндеу өндірістерінде кешенді калибр ретінде жиі жаңа тетіктері қолданылады. 4.6 – сурет. Шлицалы қосылыстар тетіктерін құрастырма (кешенді) бақылауға арналған (а) және шлицалы беттерді элементі бақылауға арналған (б) калибрлер Дәріс №15 Тісті берілістердің өзара алмастырушылығы Тісті берілістерге қойылатын пайдалану талаптары. Беріліс дәлдігінің параметрлері. Тістердің жанасуы. Тісті берілістерінің өзара ауыстырымдылығы, өлшеу мен бақылау әдістері мен құралдары. Тісті қосылыстарға пайдаланудың негізгі талаптары. Тісті берілістер өзінше күрделі кинематикалық жұп, оның дәлділігін көп параметрлер қамтамасыз етуі керек. Машинаның жұмыс істеуі, мысалға автомобильдің шусыз және жәй жүрісі, трактордағы үлкен айналыс сәтін (момент) беру, қозғалтқыштың газды тарату механизміндегі дәл берілісті қамтамасыз ету және металкескіш станоктарындағы кинематикалық тізбегіндегі жоғары дәлдігі және т.б. тісті берілістер жұмысына байланысты болады. Жылдамдықтың және күштеменің көбеюі, сенімділік және мәңгібақилығына талаптардың артуы, жоғарғы дәлдікті тісті берілістер жасау керектігіне әкеледі. Тісті берілістер мен доңғалақтар әртүрлі белгілеріне қарай былайша бөлінеді: бет түрлеріне қарай (тістердің орналасу беттері); тістердің бағыттарына қарай; тіс профиліне қарай; айналыс өсі бағытына қарай; пайдалану талаптарына қарай. Бет түрлеріне қарай былайша бөлінеді: цилиндрлік, конустық, ішкі және сыртқыға. Тістерінің бағыттарына қарай: тік тісті, қисық тісті, винттік, шевронды. Тіс профиліне қарай: эвольвентті, сағатты, шынжырлы, Новиковтікі. Айналыс өсі бағытына қарай: цилиндрлік–параллельді өстерімен, конусты–қиылысатын, винтті, гипоидты және червякті–крестелінетін. Пайдалану талаптарына қарай: есептеуші, жылдамдықты, күштемелі және жалпы қолданбалы. Есептеуші берілістерінің негізгі пайдалану көрсеткіштеріне олардың жоғарғы кинематикалық дәлдігі, б.а. белгілі берілістер қатынасын (жетекші және жетектеулі дөңгелектерінің бұрылыс бұрыштарының бір–бірімен келісімділігі). Беріліс бұл тобына газтаратқыш тісті дөңгелектері, дизелдік жағар май аппаратурасының тісті дөңгелектері мен рейкалары, металкескіш станоктарының бөлгіш қалпақшалары, сағат типті индикаторлар тісті берілістерінде, есептеулі–шешетін механизмдер және т.б. Бұл берілістер доңғалақтардің модулі үлкен емес және үлкен емес күштемелер мен жылдамдықтарда жұмыс істейді. Реверсивті есептеуші берілістерде дөңгелектердің бүйірлі саңлауы мен осы саңлаудың өзгеруіне үлкен мағналы болады. Жылдамдықты берілістер жұмыстың жәйлігін қамтамасыз етуі керек, б.а. шусыз және тербеліссіз жұмыс істеуі керек. Тісті доңғалақтардің шеңберлі жылдамдығы артқан сайын жәйлігіне талаптар артады. Онымен қатар бұл берілістерінің ерекшеліктеріне түйісуінің толықтылығы мен жұмыс істемейтін түйісетін тістермен тиісті бүйірлі саңылауының барлығы. Жылдамдықты берілістерге автомобилдердің металкескіш станоктар жылдамдық қораптары, турбокомпрессорлар мен центрифугалар жетек берілістері, редукторлы түйіндер, турбовинтті ұшақтар қозғалтқыштары және басқалар жатады. Ондай беріліс тісті доңғалақтардің шеңберлі жылдамдығы берілетін салыстырмалы үлкен қуатта (40 кВт дейін) 60 м/с дейін жетеді. Бұл берілістер орташа модулді және белгілі шамалы тіс ұзындығымен сипатталынады. Көбінесе бұл берілістерге техникалық шарттары бойынша шу деңгейі мен тербелісіне талаптар қойылады. Күштеме берілістері түйісетін тістерінің түйісуін толықтылығын қамтамасыз етуі керек (тістің бойы және ұзындығымен). Берілістің бұл тобына тракторлардың бортты берілістері, үлкен күшпенен және үлкен емес жылдамдықпен жұмыс істейтін жүк көтергіш және басқа машиналар редукторлары, прокат стандартының тісті дөңгелектер және т.б. кіреді. Бұл беріліс дөңгелектері үлкен модулімен жасалынады. Оларға дәлдік талаптарына тістердің активті бүйір беттерінің толық пайдалануын толық қамтамасыз етілуі жатады, б.а. тістерінің түйісуі орны үлкен болуын қамтамасыз ету. Пайдалану талаптарына сәйкес тісті берілістер дәлдігінің барлық параметрлері МемСТ 1643–81 бойынша үш топқа бөлінеді: ● кинематикалық дәлдікті қамтамасыз ету параметрлері; ● жұмыс жәйлігін қамтамасыз ету параметрлері; ● тістерінің түйісуін қамтамасыз ететін параметрлер. Жалпы қолданбалы берілістер дәлдігі бойынша жоғарғы талаптарды керек етпейді. Тісті берілістердің мәңгібақилығы үлкен болуы қажет (жұмыс істеу уақыты 5...10 мың сағат және одан көп болады). Бұл берілістерге қойылатын негізгі талаптар – тістерінің активті бүйір беттерін толығырақ пайдалануын қамтамасыз етілу. Цилиндрлік тісті берілістерге арналған дәлдік шектер жүйесі. Эвольвентті цилиндрлік тісті берілістер дәлдік шектер жүйесі МемСТ 1643–81–да қарастырылған. Бұл жүйе тісті доңғалақтардің бөлгіш шеңберінің диаметрі 6300 мм дейінгі, тістер модулі 1 ден 55 мм дейінгі, тіс тәжісінің ені 1250 мм дейінгі эвольвенті цилиндрлік тісті доңғалақтар және тік тісті, қисық тісті және шевронды ішкі және сыртқы тістесу тісті берілістерге де қолданылады. Олар ИСО 1328-75 ұсынысына сәйкес. МемСТ 1643–81 бойынша тісті дөңгелектер мен берілістердің 12 дәлдік дәрежесі бекітілген, б.а. 1,2,3...12 саны өскен сайын дәлдігі төмендейді. 1 және 2 дәлдік дәрежесіне арналған дәлдік шектермен шекті ауытқулары МемСТ 1643–81 бойынша берілмеген (олар әрі қарай болашақ дамуға арналған). МемСТ берілген нормалар толық жасалынған тісті доңғалақтар мен берілістерге берілген (доңғалақ дайындама дәлдігі қарастырылмаған). Дәлдік дәрежесінің әрқайсына тәуелсіз параметрлерінің тәуелсіз жеткілікті ауытқуларының нормасы бекітілген, олар дөңгелек және беріліс кинематикалық дәлдігін, жұмыс жәйлігін тісті дөңгелектер мен берілістер тістерінің түйісуін қамтамасыз етеді, ол олардың пайдалану жағына сәйкес және керекті дәлдікті қамтамасыз ететін технологиялық тәсілдердің ерекшелігін есепке алатын дәлдік дәреже әртүрлі нормаларын тағайындауға болатындығына мүмкіндігін жасайды. Тісті доңғалақтар дәлдік дәрежесінің әрқайсына норманың үш түрі қарастырылған, олар кинематикалық дәлдігінің, жұмыс жәйлігінің және тістер түйісуінің дәрежелерін анықтайды. Дәлдік дәрежесіне байланысты саңылау талаптарына қарай анықталынады. МемСТ 1643–81келесі қосылыстар түрлері бекітіледі, олар бүйірлі бойынша қосылыстардың алты түрі (А,В,С,Д,Е,Н) және бүйірлі саңылауымен кепілденген сегіз дәлдік шектер (a,b,c,d,h,x,y,z) түрлері бекітілген. Қосылыстағы кепілді саңылау артқан сайын саңылау дәлдік шектері артуы қарастырылады, олар бір аттас қосылыс түрінің әріптерімен белгіленеді, бірақ әріп төменгі жағында қосымша әріп қойылады (е дәлдік шегінен басқалары). Тісті доңғалақтар қосылыстар түрлері мен бүйірлі саңылау дәлдік шектер берілген. Көп жағдайларда тісті доңғалақтар мен берілістерге қосылыстар түрлері, бүйірлі саңылау дәлдік шектері және өс аралық ауытқулары арасында белгілі қосылыстарды ұстау ұсынылады. Берілістегі бүйірлі саңылау қосылыс түріне байланысты болады. Бір бөлек алынған тісті дөңгелектің бүйірлі саңылауын онда қарастырылатын тісті доңғалақтің жұмысшы емес профилдері мен қиялды доңғалақ профилдері арасындағы саңылау деп қарастырылады. Тісті берілістер кинематикалық дәлдігі. Кинематикалық дәлдігін қамтамасыз ету үшін, бір біліктен екінші білікке айналысты беру дәлдігін анықтайтын нормалары қарастырылған, б.а. жетектегі тісті дөңгелектің бір толық айналыс шегіндегі бұрылыс бұрышының толық қателігінің толық шамасы. Дәлдіктің жинақшы кинематикалық қателік қызметін беріліс кинематикалық қателігі мен дөңгелек кинематикалық қателігі атқарады. Берілістер кинематикалық дәлдігі келесі параметрлермен сипатталынады: ● беріліс кинематикалық қателігі; ● тісті дөңгелек кинематикалық қателігі. |