Дәрісдер Өзара алмастырушылық негіздері (1). Дріс 1 зара ауыстырымдылы мні мен трлері
Скачать 3.75 Mb.
|
2 Мөлшер тізбектерін құрастыру реті Мөлшер тізбегін құрастыру тұйықтаушы звеноны анықтаудан бастайды б.а. оның дәлдігіне белгілі техника– лық талаптар қойылады, өйткені ол берілген механизм немесе тетік жұмыс сапасын анықтайды. Ондай мөлшерге мысалы молотілді аппаратының декасы мен барабан соққылар арасындағы саңылау, газ таратқыш механизм– індегі жапқыш (клапан) стержінімен күйенте (коромыс) арасындағы саңылау және басқалар. 3–суретте лебедка барабанының бекіту түйінінің сызбасы көрсетілген. Түйіннің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барабан бүйірі мен лебедка тұрқысы бүйірінің ішкі жағы арасында саңылау болуы қажет, ол саңылау тұйықтаушы звено болады, өйткені ол түйінді жинаудан кейін ғана анықталынады. саңылауын анықтайтын, мөлшер тізбегін құрастыру үшін, барлық құрастырушы звеноларды анықтауымыз керек, б.а. олардың өзгеруі саңылаудың өзгеруіне әкелетін мөлшерлер. Қарастырылатын саңылау барабан бүйірі мен лебедка тұрқысы бүйірінің ішкі қабырғасының арасында болады. Қысқаша айтқанда бұл мөлшерлер байланысын былайша жазуға болады:
5.3 – сурет. Лебедканың барабанын бекіту түйіні (жоғарғы жағында мөлшер тізбек сұлбасы) Мөлшер тізбегіне осы тетіктердің әрқайсысының түйісетін беттерінің арасындағы мөлшерлері кіреді: барабанның – , керетін төлке – , тұрқының – , сосын осы мөлшерлердің әр қайсысының тұйықтаушы звеноға әсер ететініне көз жеткізу және ол қалай әсер ететінін анықтау, б.а. құраушы звеноларды үлкейтуші және кішірейтуші звеноларға бөлу. Егер кезегімен әр мөлшерді үлкейтетін болсақ, ал қалған звенолар сол кезде өзгеріссіз болады деп алсақ, онда тұйықтаушы звено бұл жағдайда өзгереді. Егер үлкейтсек, онда саңылау үлкейеді, ал В1 және В3 мөлшерлері үлкейгенде – кішірейеді. Осыған сәйкес, мөлшері үлкейтуші звеноға, ал және , мөлшерлерін – кішірейтуші звеноларға жатқызамыз. Мөлшер тізбегінің сұлбасын құрастыру үшін оның жоғарғы жағында барлық үлкейтуші звеноларды салу қажет (мысалдағы ), ал төменгі жағында – кішірейтуші ( , және В1) және тұйықтаушы звено. Мөлшер тізбегі шектелген контур болғандықтан үлкейтуші звенолар нақты мөлшер– лерінің қосындысы кішірейтуші звенолар мен тұйықтаушы звено қосындысына тең болуы керек б.а. берілген мысалға = , + + , ал жалпы түрінде
мұндағы n + p = m – 1 одан
мұндағы – тұйықтаушы звено нақты мөлшері; – үлкейтуші звенолар нақты мөлшерлер қосындысы. – кішірейтуші звенолар нақты мөлшерінің n+p кіш Aj – кішірейтуші звенолар нақты мөлшерінің j=n+1 қосындысы, n – үлкейтуші звенолар саны, p – кішірейтуші звенолар саны, n + p = m – 1; m – барлық звенолар саны. 3 Тұйықтаушы звеноның дәлдігіне жету әдістері Конструкторлау үрдісінде мөлшер тізбегін есептеу кезінде тік және кері есептерді шығаруға мәжбүрміз. Тік есеп шығаруда тұйықтаушы звеноның берілген дәлдік шегімен шекті ауытқу бойынша барлық құраушы звенолардың дәлдік шегімен шекті ауытқуларын анықтаймыз. Кері есеп шығаруда барлық құраушы звенолардың берілген дәлдік шектері мен шекті ауытқулары бойынша тұйықтаушы звеноның дәлдік шегі мен шекті ауытқуларын анықтаймыз. Бұл екі есептің өз мақсаты тұйықтаушы звеноның керекті дәлдікке жету болады, бұл есептер әртүрлі әдістермен (толық және толық емес өзара ауыстырымдылық, реттеу, топты өзара ауыстырмалық, келтіру) шығарылады. Оларды екі топқа бөлуге болады: І топ. Өзара ауыстырымдылықты қамтамасыз ететін (тетіктер мен жинақ тізбектерінде). Бірінші топ өзінше екі шағын топтарға бөлінеді: 1 – толық өзара ауыстырмалық әдісі, максимум – мимнимумға есептеумен қамтамасыз етіледі; 2 – толық емес өзара ауыстырымдылық әдісі, ықти– малды әдіспен қамтамасыз етіледі. ІІ топ. Екінші топ өзінше былайша бөлінеді: 1. Реттеу 2–топты өзара ауыстырымдылық (селективті жинау) 3–келтіру (пригонка). Мөлшер тізбегін максимум – минимум есептеу әдісі. Мөлшер тізбегін ең қолайсыз жинақ қатынасының өзінде де, өзара ауыстырымдылықты қамтамасыз ету үшін тұйықтаушы звеноның мөлшерін берілген шекте алу. Кері есеп Тұйықтаушы звеноның максимальды және минимальды мөлшерлерін келесі теңдеумен жазамыз
Бірінші теңдеуден екіншісін алып тастап, оң жағындағыны өз таңбаларымен қайта топтастыру арқылы келесіні аламыз.
Шекті мөлшерлер айырмасы, ол дәлдік шек, онда келесіні жазуға болады.
немесе
б.а. тұйықтаушы звеноның дәлдік шегі барлық құрастырушы звенолар дәлдік шектер қосындысына тең болады. Тұйықтаушы звеноның ауытқуларын анықтау үшін, шекті мөлшерлерді нақты мөлшер мен шекті ауытқулар алгебралық қосындысы ретіндегі теңдеумен белгілейміз.
қайта топтаудан кейін
мұндағы алдыңғы үш мүше бірге 0 тең болады, онда мөлшер тізбек теңдеуден, келесіні аламыз:
оған ұқсас
Сонымен, біз кері есепті шығаруға арналған барлық теңдеулерін алдық. Тік есеп күрделілеу, мұнда тұйықтаушы звеноның белгілі дәлдік шегі мен шекті ауытқуы арқылы барлық құраушы звенолар дәлдік шектері мен шекті ауытқуларын анықтау керек. Тұйықтаушы звеноның дәлдік шегі барлық құраушы звенолардың дәлдік шектер қосындысына тең болғандықтан, есептің мазмұны тұйықтаушы звеноның дәлдік шегін барлық құраушы звенолар арасында бөліуде жатыр. Тік есепті екі тәсілмен шешуге болады: тең дәлдік шектер тәсілі және бір квалитеттің дәлдік шегін белгілеу тәсілі. Тең дәлдік шекті тәсілде, құраушы звенолар қолда– нылуы бірдей және жасалынуы бір дәлдікпен жасалынады, б.а. ТА1=ТА2 =...ТАm–1 онда ТА = (m–TАj) одан
б.а. кез келген құраушы звеноның дәлдік шегі тұйықтаушы звеноның дәлдік шегін құраушы звенолар санына бөлгенге тең. Бұл тәсіл оңай, бірақта құраушы звенолар нақты мөлшерлер айырмашылығын және соған сәйкес оларды берілген дәлдік шекпен мөлшерлерін алудың технология– лық күрделігін есепке алмайды. Сондықтан бұл тәсіл тек қана алдын ала құраушы звенолардың жасалу дәлдігін бағалау мен есептеуге ғана қолданылады. Барлық құраушы звенолардың берілген дәлдікпен алу күрделілігі шамамен бірдей болу үшін бір квалитеттің дәлдік шегін тағайындау керек, ал ол үшін тұйықтаушы звеноның дәлдік шегін әр құраушы звенолардың дәлдік шек бірлігіне пайызды болуы қажет. Звено дәлдік шегі . Дәлдік шектің бұл мәнін теңдеуге қойып
келесіні аламыз
Егер біз бір квалитеттің дәлдік шегін аламыз десек, барлық звенолар дәлдік шек бірлігі бірдей болады, одан
Алынған дәлдік шек бірлік саны бойынша кестеден квалитетін табамыз, сол квалитет бойынша барлық звено– ларға дәлдік шектерін табамыз. Егер дәлдік еселегіші бір квалитетінеде келмей бір орташа шамаға тең болса, онда жасалынуы күрделі звенолардың бір бөлігіне жақын жатқан дәлдігі төмен квалитет дәлдік шегін тағайындап, ал қалған звеноларға–дәлдігі жоғары квалитет дәлдік шегі. Бұл жағдайда келесі жағдай орындаулы қажет.
Шекті ауытқулы тетіктерді жасау технологиялық процестер тәжірибесінен алынған ережелерге сәйкес тағайындалады. Тесік мөлшерлеріне ауытқуды негізгі тесік ретінде тағайындайды Н, б.а. ЕІ = 0. Білік мөлшерлер ауытқуын негізгі білік ретінде һ, б.а. es = 0. Ал тесік тереңділігі центраралық қашықтық ауытқуларды жәй жағдайда, симметриялық ауытқулар қолданылады ІТ/2. Белгіленген ауытқулар келесі шарттарды қанағаттандыруы қажет:
Егер бұл шарттар орындалмаса онда, ауытқуларды корректирлейді. Егер дәлдік шекті азайтуға керек болса, онда корректирлеуді оңай өлшелінетін және жасалынатын звено есебінен іске асырылады. Корректирлеу арқылы дәлдік шекті кеңейту керек болса, онда оны күрделірек жасалынатын звено есебінен іске асырылады. Барлық құраушы және тұйықтаушы звенолар дәлдік шектері белгілі болған жағдайда корректирлеу звено дәлдік шегін (біреуінен басқасы)
Корректирлеуші үлкейтуші звеноның шекті ауытқу– лары келесі теңдеумен анықталынады:
Корректірлеуші кішірейтуші звеноның шекті ауытқуларды келесі теңдеумен анықталынады:
мұнда n+p = m–1 Дәріс №11 Өлшемді тізбектерді есептеудің ықтималды әдісі Түзету және реттеу үшін компенсация әдістері. Әдістерін келтіру. Реттеу әдістері. Топтық өзара алмастырушылық әдісі. 1 Мөлшер тізбегін есептеудің ықтималды әдісі Мөлшер тізбегін максимум–минимум есептеу арқылы шешуде, мөлшер звенолардың ең ыңғайсыз қатынастарында да тұйықтаушы звено дәлдік шеті өрісі шегінде болуы керек. Онымен толық өзара ауыстырымдылық қамтамасыз етіледі. Бірақ та олардың дәлдік шектер негізсіз өте аз шамасында тағайындауымыз қажет, бұл жағдайда тетікті жасау біраз қымбаттайды осыдан көрінетіні көп звенолы мөлшер тізбектеріне максимум–минимум есептеу әдісі қолдану теория бойынша негізсіз. Сондықтан ірі сериялы және массалық өндірістерде мөлшер тізбегін есептеуде ықтималды теория негіздерін қолдану керек. Тұйықтаушы звено мөлшерін бірнеше кездейсоқ және бір–бірімен байланыссыз оқиғаға байланысты, күрделі кездейсоқ оқиға ретінде қарастыруға болады (жәй кездейсоқ оқиғалар – құраушы звенолар мөлшерлері). Сондықтан кездейсоқ байланыссыз оқиғаларды қосу заң негізінде тұйықтаушы звено мөлшерінің орташа квадратты ауытқуы.
мұндағы – құраушы звенолар мөлшерлерінің орташа квадратты ауытқуы. Егер құраушы звенолар мөлшерлерінің бөлініп таралу заңы қалыпты және бөлініп таралу қисғы дәлдік шек ортасына қарағанда симметриялы орналасса, ал бөлініп кету өрісі V дәлдік шекке Т тең болса, онда теңдеуінен орташа квадратты ауытқуды дәлдік шек және тәуекел еселегіші арқылы анықтап келесіні жазуға болады.
Барлық құраушы звеноларға тәуекел еселегішін бірдей қылып алып және tH=3 тең, б.а. таңдалған технологиялық процесс барлық құраушы звенолар мөлшерлеріне тең алынды деп санаймыз, ол оптималдыға жақын, онда құраушы звенолар тәуекел еселегішінің тұйықтаушы звено еселегішіне қатынасы былайша белгіленген.
одан келесіні аламыз
|