Дәрісдер Өзара алмастырушылық негіздері (1). Дріс 1 зара ауыстырымдылы мні мен трлері
Скачать 3.75 Mb.
|
Беріліс кинематикалық қателігі деп – берілістің жетеудегі тісті доңғалақтардің шын және нақты (есептеулі) бұрылу бұрыштарының айырма тең мәнді айтады, олар оның бөлгіш шеңберіндегі доға ұзындығының сызықты шамасымен анықталынады және оның шамасы былайша анықталынады. =( (1) мұндағы r – жетектегі дөңгелектің бөлгіш шеңберінің радиусы; – жетекші доңғалақтің шын бұрылыс бұрышы; және – жетекші 1 және жетектегі 2 доңғалақтар тіс саны. Берілістің ең үлкен кинематикалық қателігі – тісті доңғалақтің жағдайына қарағандағы толық циклінің өзгеруіндегі кинематикалық қателіктер шамаларының алгебралық ең үлкен айырмасы. Ол берілістегі екі доңғалақтарінің кинематикалық қателіктерінің сомасына тең болады. Шын ауытқуды шекті ауытқудан айыру үшін, негізгі белгілеудің төменгі жағына «r» индексін қосамыз. 3...8 ші дәлдік дәрежесінің беріліс кинематикалық дәлдігінің көрсеткіші болады. Беріліс ең үлкен кинематикалық қателігі дәлдік шегімен шектелінеді. Стандартта ең үлкен кинематикалық қателіктің дәлдік шегі берілмеген. Ол екі оның доңғалақтарінің кинематикалық қателіктерінің дәлдік шектер сомасына тең. Тісті дөңгелектің кинематикалық қателігі деп тісті доңғалақтардің өзінің жұмысшы өсінен шын және нақты бұрылу бұрыштарының айырмасын айтады, оны бөлгіш шеңбердің доға ұзындығының сызықты шамасымен анықтайды. Жұмысшы өсі ретінде доңғалақтің өсін алады, беріліс кезінде ол сол өсімен айналады. Доңғалаққа арналған барлық дәлдік талаптары жұмысшы өстерінде жатыр. Жұмысшы деп доңғалақ дөңгелек өсін аламыз, ол берілісте доңғалақ сонымен айналады. Егер доңғалақ дәлдігіне талаптарын басқа өске қарай белгілегенде (мысалы тесік өсімен), онда доңғалақ қателігі басқа болады, ол беріліс дәлдігін белгілегенде есепке алуы керек. Тісті дөңгелектің ең үлкен кинематикалық қателігі – дөңгелектің бір толық оның айналысындағы, тісті дөңгелектің кинематикалық қателіктерінің алгебралық мәндерінің ең үлкен айырмасы. Бұл қателік доңғалақтің кинематикалық қателігінің дәлдік шегімен шектелінеді. Стандартта оның шамалары берілмеген. Тісті дөңгелектің кинематикалық қателігі доңғалақ қадамы қателігінің дәлдік шегімен профил қателігінің дәлдік шектері қосындысы ретінде анықталды. К қадамды дәлдік шегімен кинематикалық қателікті нормалауға болады. Тісті доңғалақтар кинематикалық дәлдіктерінің дифференцирленген көрсеткіштеріне келесі көрсеткіштер жатады: ● домалату қателігі – ; ● қадамдар К жиналған қателігі – ; ● тісті доңғалақ қадамының жиналған қателігі – ; ● тісті доңғалақтардің жалпы нормалы ұзындығы – W; ● тіс тәжісінің радиалды дүмпуі – ; ● жалпы нормалы ұзындығының тербелісі – . Тісті доңғалақтің домалату қателігі доңғалақтің кинематикалық қателігінің құраушысы болады және ол технологиялық өсі бойынша оның айналу уақытымен анықталынады. шамасын тісті өңдеудегі ең соңында қолданылатын, тіс кескіш станогының кинематикалық қателігін өлшеу арқылы анықтауға болады. Домалату қателігі дәлдік шегімен шектелінеді. Қадамдардың k жиналған қателіктері – k толық бұрышты қадамдарға оның нақты бұрылғанындағы тісті доңғалақтің кинематикалық қателігі , мұндағы φ – к бұрыш қадамына сәйкес, доңғалақтің шын бұрылыс бұрышы; – дөңгелек бұрылуының нақты бұрышы; (К – тұтас сан; К = 2 + ); z – доңғалақ тіс саны; R – бөлгіш шеңберінің радиусы. К қадамының жиналған қателігінің дәлдік шегі белгіленеді. Тісті доңғалақ бойынша қадамының жиналған қателігі – 2 ден дейінгі шегінде К барлық шамаларына табылған жиналған қателіктер мәндерінің ең үлкен алгебралық айырымы. Қадамның жиналған қателіктерінің дәлдік шегі деп белгіленеді. Қадам жиналған қателігі 15...20% дөңгелектің толық кинематикалық қателігінен аз. Доңғалақ тіс қадамының жиналған қателігі эксцентриситетті тісті доңғалақті монтаждау және жүргізіп жаттықтыру қателіктері әсерінен пайда болады. Тіс тәжісінің радиалды дүмпуі – шартты түрде үстіне жайнама дөңгелек тістер профилдеріндегі нақты бастапқы контурының тісті дөңгелек шегінде элементіндегі бөлгіш сызығынан жұмысшы өсіне дейінгі ең үлкен қашықтықтың айырымы = Тіс тәжісінің радиалды дүмпуі дәлдік шегімен шектелінеді. Тісті дөңгелектің жалпы нормалінің ұзындығы W деп доңғалақ тістерінің А және В әртүрлі атты екі активті бүйір беттеріне жанама екі параллельді жазықтықтар арасындағы қашықтық. W = CD = AB мұндағы AB – CD доғасына жанама эвольвенті профилдерге жалпы нормал бір мезгілде негізгі шеңберге жанама болады. Жалпы нормал ұзындығының тербелісі ( деп те белгілеуге болады) бірдей тісті доңғалақтардағы және арасындағы айырма Бұл қателік дәлдік шегімен шектелген. Нақты өлшелінетін өс аралық аралығы тексерілетін және өлшелінетін доңғалақтар өсаралық есептелген аралықты айтады. Мұнда доңғалақтің түйіскен тістері тығыз екі профилді ілісуде болады. Бір бұрышты қадамдағы екі профилді ілісудегі өлшелінетін тісті доңғалақтардағы ең кіші және ең үлкен шын өсаралық аралықтарының айырмасын бір айналыстағы өлшелінетін өсаралық аралықтың тербелісі деп атайды немесе бір тістегі өлшелінетін аралық тербелісі. Бұл тербелістер және белгіленуінде дәлдік шектермен шектелінеді. Тісті берілістер мен дөңгелек кинематикалық дәлдік нормалары дәлдік дәрежесіне байланысты болады. Тісті дөңгелектер кинематикалық дәлдігін арттыру жолдарына келесілер жатады: ● радиалды дүмпудегі азайту; ● тісті кесу және ажарлауды кинематикалық дәлдігі жоғары станоктарда жүргізу. |