Главная страница
Навигация по странице:


  • 2.4. Кедір–бұдырлықты сызбада белгілеу.

  • Геометриялық параметрлердің машинаның пайдалану көрсеткіштеріне әсері

  • Дәріс №6 Тегіс цилиндрлік қосылыстардың өзара

  • Тегіс цилиндрлі қосылыстар. 1. Қондырулар мен дәлдік шектер бірыңғай жүйесі (ҚДБЖ)

  • 2. ИСО қондырулар мен дәлдік шектер жүйесі

  • 3. ҚДБЖ жүйесінің жалпы принциптері

  • І принцип. Негізгі жүйелер.

  • ІІ принцип. Негізгі тетіктің дәлдік өрісінің орналасуы (25347 – 89 МемСТ)

  • Дәрісдер Өзара алмастырушылық негіздері (1). Дріс 1 зара ауыстырымдылы мні мен трлері


    Скачать 3.75 Mb.
    НазваниеДріс 1 зара ауыстырымдылы мні мен трлері
    Дата08.08.2022
    Размер3.75 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДәрісдер Өзара алмастырушылық негіздері (1).docx
    ТипДокументы
    #642252
    страница3 из 13
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

    Кедір––бұдырлық деп базалық шегіндегі салыстырмалы аз қадамды бет тегіс еместігінің жинағын айтады, б.а.

    ,

    (2.6)

    Бет кедір–бұдырлығы мен тегіс еместілік сырт пішін дәлдігімен бірге сапаның негізгі сипаттамалар қызметін атқарады. Кедір – бұдырлықтың параметрлері 25142–89 МемСТ бойынша берілген (2.6, 2.7– суретер).


    2.6 сурет. Бет толқындылығы
    Ол параметрлерге келесілер жатады: пішін (профиль) орташа сызығы ( ); базалық сызықша (l) пішінінің орташа арифмети– калық ауытқуы ( ); пішіннің тегіс еместігінің биіктігі ( ); пішіннің тегіс местігінің ең үлкен биіктігі ( ); тегіс еместіліктің орташа қадамы ( ) (2.7 сурет).


    2.7 сурет – Кедір – бұдырлылық параметрін анықтау
    Пішіннің орташа сызығы деп сырт пішіні нақты пішінге ұқсас және ол базалық ұзындық шегінде пішін орташа квадратты ауытқуы бұл сызыққа дейін минималды болатын етіп жүргізілген базалық сызығын айтады. Бұл сызық іс жүзінде профилограммада сызықтың екі жағындағы пішін контурына дейінгі аудандар бір–біріне тең қылып жүргізіледі.

    Базалық сызық l деп басқа тегіс темелікті есепке алмай–ақ кедір – бұдырлықты өлшеуге арналып таңдалған бөлік бет ұзындығын айтамыз. Стандартпен базалық ұзындық мәндерінің келесі қатары бекітілген: 0,01; 0,03; 0,08; 0,25; 0,8; 2,5; 8 және 25мм. Кедір – бұдырлық сан мағынасында келесі көрсеткіштермен бағаланады: –пішін орташа арифметикалық ауытқуы; – тегісеместілік биіктігі; – пішін тегісеместілігінің ең үлкен биіктігі.

    Пішіннің орташа арифметикалық ауытқуы деп базалық ұзындық шегінде пішін ауытқуының абсолюттік мәнінің арифметикалық орташасын айтады.

    ,

    (2.7)

    Пішіннің оң нүктесі бойынша тегісеместілігінің биіктігі деп пішіннің базалық ұзындық шегіндегі бес ең үлкен дөңестерінің және бес ең үлкен ойыстарының ( ) биіктіктерінің орташа абсолюттік мәндерінің қосылыстарын айтамыз.


    ,

    (2.8)

    Пішін тегісеместілігінің ең үлкен биіктігі деп пішіннің базалық ұзындық шегіндегі дөңес және ойыс сызықтары арасындағы қашықтықты айтамыз.

    Пішін тегісеместігінің орташа қадамы – өзінше базалық ұзындық шегінде тегіс еместілік қадамының орташа мәні.

    Кедір–бұдырлықтың негізгі параметрлері 2.2 – кестеде берілген.



    2.8 – сурет. Сызбада кедір–бұдырлықты белгілеу мысалдары

    2.2 Кесте

    Кедір–бұдырлықтың негізгі параметрлерінің мәндері

    Параметр

    Санды мәндері, мкм



    және



    және


    100

    10,0

    1,00

    0,100

    -

    1000

    100

    10,0

    1,00

    0,100

    -

    10,0

    1,0

    0,100

    0,010

    -

    32

    3,2

    0,32

    0,032





    320

    32

    3,2

    032

    0,032

    80

    8,0

    0,80

    0,080

    -

    800

    80

    8,0

    0,80

    0,080

    -

    8,0

    0,80

    0,080

    0,008

    -

    25

    2,5

    0,25

    0,025





    250

    25

    2,5

    025

    0,025

    63

    6,3

    0,63

    0,063

    -

    630

    63

    6,3

    0,63

    0,063

    -

    6,3

    0,63

    0,063

    0,006

    -

    20

    2,0

    0,2

    0,002





    200

    20

    2,0

    0,20

    -

    50

    5,0

    0,50

    0,050

    -

    500

    50

    5,0

    0,50

    0,050

    -

    5,0

    0,50

    0,050

    0,005

    -

    16

    1,60

    0,16

    0,016

    0,010

    1000

    160

    16,0

    1,60

    0,160

    -

    40

    4,0

    0,40

    0,040

    -

    400

    40

    4,0

    0,40

    0,040

    -

    4,0

    0,40

    0,040

    0,004

    -

    12,5

    1,25

    0,125

    0,0125

    0,008

    1250

    125

    12,5

    1,25

    0,125

    -


    2.4. Кедір–бұдырлықты сызбада белгілеу.

    Бет кедір–бұдырлығын сызбада 2.309–89 МемСТ бойынша келесі белгілеулермен белгіленеді:

    егер өңдеу түрін белгілеу қажет болмай, тек қана кедір–бұдырлықтың шекті мәндерін көрсету керек болғанда;

    – бет дайындама бетінен материал қабатын алумен пайда болғанда;

    – бет дайындама бетінен материал қабаты алынбағанда пайда болғанда (мысалға құюмен, штамппен).

    Белгі үстінде таңдалған бір параметрдің мәнін жазады (2.9–сурет) ( немесе ). Егер мәнін жазатын болса, онда тек қана сан мәнін жазады да, ал мәнін жазғанда сан мәні алдында Rz әріпі жазылады: (2.9б – сурет).

    Өңдеу тәсілдері белгі сатысы үстінде (егер керекті сапа қамтамасыз етілсе) шамалар жазылады: (2.9в – сурет), базалық ұзындық (2.9г – сурет) және тегіс еместілік бағыты (2.9д – сурет).

    Тегіс еместіктің бағытын керек болғанда сызғанда келесі белгілеулерді қолдану арқылы (2.9а – сурет) белгілейді:

    – параллельді;

    – перпендикулярлы;

    – қиылысатын;

    – емін–еркінді;

    – шеңберге ұқсас;

    – радиалды.


    2.9 – сурет. Тегісеместілік белгісіндегі жазулар:

    а – белгідегі жазу; б – тегіс еместілік немесе ;

    в – өңдеу әдістері; г – базалық ұзындық; д – тегісеместілік бағыты
    Бұл бағыттар белгі сатысы астында жазылады

    (2.9 –сурет). Базалық ұзындығы (l) тегіс еместілік бағыты астында жазылады (2.8б – сурет).

    Сызбада нақты параметрлерден басқалары процент түрінде шекті ауытқулары ( ) белгіленуі мүмкін

    (2.8а– сурет).

    Өңдеудің дәлдік квалитетіне байланысты келесі белгілеулер қолданылады: – егер тетіктер 5...13 дәлдік квалитетінен жасалынса; – егер тетіктер 01...4 және 14...18 дәлдік квалитеттерімен жасалынса.




    2.9а – сурет. Тегіс еместіліктің бағыттары және оларды белгілеу

    Геометриялық параметрлердің машинаның пайдалану көрсеткіштеріне әсері

    Машина тетіктерінің тегіс еместілік, кедір–бұдырлық пішінде ауытқулары машина жұмыс істеу көрсеткіштеріне біраз әсер етеді. Тетіктің геометриялық параметрлерінің ауытқуынан машина тозуы артады, сенімділігі және мәңгі–бақилығы төмендейді. Мысалға, автомобиль қозғалтқыштар цилиндрлерінің тозуы бас кезінде оның сопақшалығына тік пропорционалды болатындығы дәлелденген. Цилиндр сопақ болса онда газ картерге барады да, гильзадағы май қабаты қиратылып, тозу қарқындығы артады.

    Қозғалысты қосылыстар беттерінің тегіс еместігіне байланысты түйісу беттерінің ауданы азаяды, оған түсетін жүктеме қысымы артады да, тетік беттерінде қалдық деформация пайда болады, тегіс еместілік жойылады, май қабатында үзіліс пайда болады. Бұл құбылыс температураның көтерілуіне әкеледі, ол мысалға иінді білік пен ішпек типті қосылыста антифрикционды қабаттың балқуына әкеледі.

    Кедір–бұдырлық қалыптыдан артық болған сайын, бастапқы аралықта тозу қарқынды болады

    (2.10–сурет).

    Қозғалмайтын қосылыстардың беріктігі тетік беттерінің кедір–бұдырлығына байланысты болады. Мысалы, білікті тесікке престегенде беттің біразы кесіледі де, керіліс есептелген мөлшерде азаяды.

    Сондықтан тетік жасағанда оның геометриялық параметрлерінің дәлдігін тағайындау, машина жұмыс істеу сенімділігі мен мәңгі–бақилығын арттырудағы маңызды мәселелердің бірі болады.



    2.10 – сурет. Бастапқы қосылыс тозуының техникалық ресурсына байланысы

    Дәріс №6
    Тегіс цилиндрлік қосылыстардың өзара алмастырушылығы
    Қондырулар мен дәлдік шектер бірыңғай жүйесін (ҚДБЖ) құрудың жалпы қағидаттары

    ҚДБЖ белгілері.
    Тегіс цилиндрлі қосылыстар.

    1. Қондырулар мен дәлдік шектер бірыңғай жүйесі (ҚДБЖ)

    Қондырулар мен дәлдік шектер жүйесі деп заңды түрде экспериментальды зерттелініп, теориялы мазмұнда– лынып құрастырылып, стандарт түрінде бекітілген қондыр- лар мен дәлдік шектер қатарын айтады.

    Біздің елде және басқа тәуелсіз мемлекеттер достас–тығы мемлекеттерінде қондырулар мен дәлдік шектер бірыңғай жүйесі (ҚДБЖ) қолданылады. Бұл жүйе стандарттаудың халықаралық ұжымының (ИСО) ұсыныста– рына сәйкес құрастырылған және 25346–89 МемСТ стандарты ретінде тіркелген.

    Бұл стандарт нормативті–техникалық құжаттар жинағының біріне жатады. Бұл құжат машина жасаудағы келесі қосылыстарға таралады: тегіс цилиндрлі, жазықты, конусты, бұрандалы, тісті берілістер, шлицалы және т.б.

    ҚДБЖ жүйесінің қолданылуы ТМД елдері арасында және халықаралық масштабта машина тетіктері мен түйіндері өзара ауыстырымдылығын қамтамасыз ету, техникалық құжаттарының жазылуын бірдей жүйеде жүргізіледі, бақылау–өлшеу аспаптар паркі бірдейлігін қамтамасыз етеді. ҚДБЖ жүйесін бұрынғы КСРО мемлекетінде енгізу 01.01.1977 жылда басталып, 01.01.1980 жылы аяқталды.
    2. ИСО қондырулар мен дәлдік шектер жүйесі

    Біздің елде қолданылып жүрген тетіктер мен қосылыстарға арналған қондырулар мен дәлдік шектер жүйесі, қондырулар мен дәлдік шектер халықаралық ИСО жүйесі негізінде құрастырылған. ИСО халықаралық жүйесі халықаралық техникалық байланыстарды құру мақсатымен әртүрлі ұлттық қондырулармен дәлдік шектер жүйелерінің мүмкіндігі бойынша унификаттау арқылы құрылған. ИСО жүйесі ИСА жүйесіне негізделген. ИСА жүйесінің бірінші жобасы Германия, Франция, Чехославакия, Швейцария және Швецияның бірнеше мамандарының ұсынысы бойынша 1931 жылы жарияланды, ал аяқталған варианты 1935 жылы жарияланды, құжат ретінде 1940 жылы ИСА–ның № 25–Бюллетенінде бекітілді. Елдердің қондырулар мен дәлдік шектер халықаралық жүйесіне көшуі 1932...1936 ж. басталды. Қазіргі кезде әлемнің барлық дамыған және дамып келе жатқан елдерінде ИСО жүйесі қолданылып келеді, б.а. бұл елдер ИСО ұсыныстары мен стандарттар негізінде өз елінің стандарттарын құрастырған.
    3. ҚДБЖ жүйесінің жалпы принциптері
    ҚДБЖ жүйесі ТМД елдерінде 25346–89 МемСТ және

    25347–МемСТ стандарттар ретінде берілген. Бұл стандарт– тарда автомобильдер, тракторлар және ауыл шарушылығы машиналарындағы тетіктердің мөлшерлері 1...500мм дейін болады. Сондықтан бұл аралықтағы мөлшерлердің қондырулармен дәлдік шектер жүйелеріне көп көңіл бөлінген. ҚДБЖ жүйесі келесі принциптермен сипатталы– нады: негізгі жүйелер, негізгі тетіктің дәлдік өрісінің орналасуы, дәлдік шегі бірлігі, квалитеттер мен негізгі ауытқулар қатары, мөлшер аралықтары және температу– ралық ереже (қалыпты өлшеу температурасы).

    І принцип. Негізгі жүйелер. Стандартпен екі бір–бірімен тең құқылы қондырулар жүйесі бекітілген: тесік жүйесі және білік жүйесі.

    Тесік жүйесі деп бірдей нақты ( ) мөлшерлі дәлдік квалитеттерінде тесіктің шекті мөлшерлері ( ) барлық қондыруда өзгеріссіз қалатын, ал әртүрлі сипаттамалы қосылыстар біліктің шекті мөлшерлерін өзгерту арқылы алынатын қондырулармен дәлдік шектер жинағын айтамыз. Бұл жүйеде негізгі тетік тесік болады, ал оның төменгі шекті ауытқуы мемлекеттік стандарт бойынша нөлге тең болады (ЕІ = 0) .

    Білік жүйесі деп бірдей нақты ( ) мөлшерлі дәлдік квалитеттерінде біліктің шекті мөлшерлері ( ) барлық қондыруларда өзгеріссіз қалатын, ал әртүрлі сипаттамалы қосылыстар тесік шекті мөлшерлерін өзгерту арқылы алынатын қондырулар мен дәлдік шектер жинағын айтамыз. Бұл жүйедегі негізгі тетік білік болады, ал оның жоғарғы шекті ауытқуы нөлге тең болады (es=0) .

    Жүйені таңдау экономикалық, конструкциялық және технологиялық жағдайды есепке алу арқылы жүргізіледі. Көбінесе тесік жүйесі қолданылады, өйткені ол білікті өңдеу технологиялық жағдайынан оңайырақ жүргізіледі.

    Білік жүйесі, егер бір қосылыста бірнеше сипаттамалы қосылыс болса ғана қолданылады. Мысалға, трактор немесе автомобиль қозғалтқышының піскек (поршень) – піскек саусағы – шатун жоғарғы басы арасындағы қосылыс.

    ІІ принцип. Негізгі тетіктің дәлдік өрісінің орналасуы (25347 – 89 МемСТ)

    Негізгі тетіктің дәлдік өрісі нөлдік сызығынан (0–0) симметриялы немесе асимметриялы орналасуы мүмкін. ҚДБЖ жүйесінде негізгі тетік тесік дәлдік шек өрісінің бір жақты орналасуы қабылданған б.а. негізгі тесіктің дәлдік шек өрісі нөлдік сызығынан басталып (TD), жоғары қарай (3.1а – сурет) орналасады, ал негізгі біліктің дәлдік шек өрісі нөлдік сызықтан басталып (Td), төмен қарай (3.1б –сурет) орналасады.



    3.1 – сурет. Негізгі тетіктің дәлдік шек өрісінің орналасуы:

    а – негізгі тесік дәлдік шек өрісі; б – негізгі білік дәлдік шек өрісі
    Бұл жүйеде егер дәлдік шектер тесік жүйесінде берілсе, онда тесіктің төменгі ауытқуы (ЕІ = 0) барлық жағдайда нөлге тең болады, ал дәлдік шектер білік жүйесінде берілсе, онда біліктің жоғарғы ауытқуы (es = 0) барлық жағдайда нөлге тең болады.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


    написать администратору сайта