Главная страница

дәрістік кешен КЭ 2020. Дрістік кешен (дріс тезистері, иллюстрациялы жне таратылым материалдары, сынылан дебиеттер тізімі) 12 таырып


Скачать 356.03 Kb.
НазваниеДрістік кешен (дріс тезистері, иллюстрациялы жне таратылым материалдары, сынылан дебиеттер тізімі) 12 таырып
Дата10.09.2020
Размер356.03 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файладәрістік кешен КЭ 2020.docx
ТипДокументы
#137443
страница6 из 11
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Инновацияның классификациясы. Инновацияның классификациясы инновация түрлері турал білімді, фирма жүйесінде көрінуін және позициялрын жүйелендіруге мүмкіндік береді.


Инновацияның жүйелілік сипаттамасының методологиясы халықаралық стандарттарда, 1992 жылы Ослода қабылданған «Осло жетекшілігі» атты практикалық пайдалану бойынша ұсыныстарда көрсетілген.

Инновация классифакциясының бірнеше тәсілі бар.

Инновация нысандары, орналасу орны, жаңашылдық деңгейі бойынша классифакциялау.

1 Инновация нысанының түріне байланысты келесіге бөлінеді:

Заттық инновациялар – бұл жаңа материалдық ресурстар, шикізат, жартылай фабрикалы, қосалқы бөлшектер, өнімдер. Жаңа өнім түріндегі инновация анықтаушы болып табылды және өнімдік инновацияның атауын алады. Мұндай инновация жаңа сұраныстарды немесе бар сұраныстарды қанағаттандырады, бірақ басқаша;

Үрдістік инновациялар – бұл жаңа қызметтер, өндірістік үрдістер, өндірісті ұйымдастыру әдістері, ұйымдастыру құрылымдары, басқару жүйесі. Инновацияның бұл түрінде өндірістік үрдіс саласындағы инновациялар анықтаушы болып табылады және оны технологиялық инновациялар деп атайды. Мұндай инновация өнімнің сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және өнім көлемін арттыруға бағытталған.

2 Инновация кәсіпорын жүйесіндегі орны бойынша келесіге бөлнеді:

  • кәсіпорын алдындағы инновациялар – жаңа материалдық ресурстар, шикізат, ақпарат;

  • кәсіпорын жүйесі ішіндегі инновациялар – бұл жаңа жартыла фабрикалы заттар, технологиялық үрдістер, ақпараттық технологиялар, ұйымдастырушылық құрылымдар. Мұндай инновацияның экономикалық әсері кәсіпорында қалады;

  • кәсіпорыннан шыққандағы инновациялар – бұл сатуға арналған (ноу-хау) жаңа өнімдер, қызметтер, технологиялар мен ақпараттар. Мұндай инновацияның экономикалық әсерін тұтынушы алады.

3 Инновацияны жаңашылдық деңгейіне байланысты келесіге бөледі:

радикальды (базалық) – мысалы, пионер-ойлап табушы негізінде жасалған жаңа өнім;

жақсартушылар – мысалы, пионер-ойлап табушыны жақсартатын шағару негізіндегі жаңа өнім;

модификациялық (жекелік) – мысалы, рациональды ұсыныс негізіндегі жаңа өнім.

Ойлап табу – шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет немесе қорғаныс саласының кез келгенінде практикалық міндетті зор ерекшелігі бар және жаңа техникалық шешім.

Пионер-ойлап табу – әлемдік тәжірибеде баламасы жоқ атақты жаңалық, онң негізінде алғашқы болып ашу жатыр.

Ашылу – ойлау деңгейіне түбегейлі өзгеріс енгізетін бұрын белгілі болмаған материалды әлемде объективті заңнамаларды, қасиеттерді және құбылыстарды белгілеу.

Рациональды ұсыныс – жеткілікті жаңашылдығы бар “техникалық” шешім, мысалы, осы сала, не осы нарыққа немесе осы ұйымға жаңа нәрсе.

Анағұрлым тиімдісі радикалды инновациялар болып табылады, әсіресе кәсіпорынға кірердегі затты инновация – жаңа ресурс деген секілділер. Мұндай инновациялрдың пайда болу жиілілігі – ғылым мен техникадағы бұл саласында 40-50 жыл аралығында бір-екі рет.

Радикальды инновацияның мысалы болып бу қозғалғыштың орнын келген ішінен жанатын қозғалғыш. Іштен жану қозғалғышының К.П.Д. арттыру – жақсартылған инновация.

Өнімдік инновация түрлерінің маңыздыларының бірі – жаңа техника, яғни жаңа білім мен адамның ақыл-ойы салынған өндіріс құралы және еңбектің құралдары. Өз кезегіңде өндірісте жаңа техниканы пайдалану кәсіпорын ішіндегі инновациялық үрдіске – жаңа технологияға әкеледі.

Соңғы он жылда ақпараттық технологияның дамуына байланысты ақпараттық инновация маңызды болып келеді. Ол ресурстың жаңа түрі ретінде қарастырылады.

Ақпараттық инновацияның екі маңызды қасиеті бар:

  • ол басқа инновацияларға қарағанда бірінші болып табылады, себебі барлығының негізінде ақпарат жатыр;

  • қалған ресурстар шетеулі болғанда, ол шексіз болып табылады.

Инновацияның технологиялық белгілері, орналасу орны, жаңашылдық деңгейі бойынша классификациясының жалпы сұлбасы 1.5 суретінде келтірілген.

Ұйым қызметінің саласы ескерумен классификациясы. Инновация қызметінің саласын ескерумен келесіге бөлінеді:


  • өндірістік – жаңа технологиялар, құралда, жабдықтар;

  • саудалық – сатып алушыны күтудің жаңа фомалары, тауарды қоймаға қойып сақтауды жаңадан ұйымдастыру, тауарды жарнамалаудың жаңа тәсілі. Тауарларды несиеге сату – радикальды саудалық инновацияның мысалы.

  • әлеуметтік – әлеуметтік жанжалдарды шешудің жаңа тәсілдері, әлеуметтік көмектің түрі, жаңа қызметкердің бейімделу тәсілі;

  • басқармалық – басқарудың жаңа жүйесі, шешім қабылдаудың тәсілі, жоспарлау тәсілі.


1.5 сурет – Инновация классификациясы

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


написать администратору сайта