Главная страница
Навигация по странице:

  • 4.Банкроттық

  • Бақылау сұрақтары

  • 14-15 тақырып Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі Қарастырылатын сұрақтар

  • Дәрістің мақсаты

  • Шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, оларды талдау әдістемелері

  • Негізгі әдебиеттер тізімі

  • Қосымша әдебиеттер тізімі

  • дәрістік кешен КЭ 2020. Дрістік кешен (дріс тезистері, иллюстрациялы жне таратылым материалдары, сынылан дебиеттер тізімі) 12 таырып


    Скачать 356.03 Kb.
    НазваниеДрістік кешен (дріс тезистері, иллюстрациялы жне таратылым материалдары, сынылан дебиеттер тізімі) 12 таырып
    Дата10.09.2020
    Размер356.03 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладәрістік кешен КЭ 2020.docx
    ТипДокументы
    #137443
    страница11 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    3.Рентабельділік неміс сөзінен алынған, ол “тиімді табыс” деген ұғымды білдіреді.

    Рентабельділік кәсіпорынның өнімді сатудан түсетін ақшасы өндірістік шығындардың орнын толтырып қана қоймай, сонымен бірге өндірісте ұлғайтылған ұдайы өндіріс ұстанымы бойынша жүргізу үшін қажетті пайда алуға қабілетті екенін білдіреді.

    Ауыл шаруашылығы өндірісінің, салалардың, жеке кәсіпорындар мен өнім түрлерінің рентабельділігінің көрсеткіштерін талдау мен бағалау өзінің кешенді мәселе екенін көрсетеді. Оған жататындар:

    • экономикалық тиімділіктің негізгі өлшемдері мен көрсеткіштер жүйесін олардың өзара қарым қатынасында анықтау;

    • бұл көрсеткіштерді анықтаудың әдістерін әзірлеу;

    • жеке кәсіпорындардың шаруашылық қызметін, ауданның, облыстың, республиканың ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму серпінін талдаған және бағалаған кезде тиімділігінің рентабельділік көрсеткіштерін қолдану.

    Кәсіпорынның рентабельділігін бағалау көрсеткіштері келесідей түрде анықталынады:
    Кәсіпорын Таза (немесе жалпы) пайда

    мүлкінің = ----------------------------------------- х 100; (1) рентабельділігі Кәсіпорын мүлкінің (активтерінің)

    орташа шамасы

    Өзіндік Таза (немесе жалпы) пайда

    құралдардың = ---------------------------------------- х 100; (2) рентабельділігі Өзіндік құралдардың орташа құны
    Өндірістік Жалпы(баланстық) пайда

    қорлардың = ----------------------------------------- х 100; (3)

    жалпы Өндірістік қорлардың орташа құны

    рентабельділігі
    Баланстық Жалпы (баланстық) пайда

    пайданың = ------------------------------------------ х 100; (4)

    мөлшері Сатудың таза көлемі
    Пайданың Таза пайда

    таза = ------------------------------------------ х 100. (5)

    мөлшері Сатудың таза көлемі

    Кәсіпорынның рентабельділік көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі де, мемлекет де мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында рентабельділіктің көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.

    Рентабельділік көрсеткіштерін талдау міндетеріне мыналар жатады:

    рентабельділіктің көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;

    таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;

    табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;

    табысты бөлу бағыттарын пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;

    табыстың өсу резервтерін анықтау;

    кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;

    рентабельділіктің әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

    Рентабельділіктің көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметін тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады.Рентабельділік коэффициеттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын рентабелін қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

    Рентабелділік коэффициентіне талдау жүргізушілер:

    басқару тиімділігінің көрсеткіштері;

    кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті рентабельді жеткілікті үрде ала-алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;

    рентабельді болжау әдісі;

    шешім қабілдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.

    Рентабельділік көрсеткіштерін төмендегілерді сипаттайтын 3 топқа біріктіруге болады:

    шығындарды өтемі;

    сатудың табыстылығы;

    капитал және оның бөліктерінің табыстылығы.

    1. Өткізілген өнімнің рентабельділігі (Рөнім) (шығындардың өтем коэффициенті). Жалпы өнімнің, бұйым топтары мен оның жекелеген түрлерінің рентабельділігі, өнім түрлерін өндірудің табыстылығын, әсіресе өнімдердің өте көлемді ассортиментін шығарушы кәсіпорындарда өте маңызды көрсеткіш болып табылады.

    Таза табыс

    Рөнім = ;

    Өнімді өткізуден түскен табыс

    2. Сату көлемінің рентабельділігі (Рсату көлемі). Сату көлемінің табыстылық деңгейіне өткізілген өнім құрылымының, оның өзіндік құнының және өнімді сату бағаларының өзгерісі ықпал жасайды.

    Жалпы табыс

    Рсату көлемі= ;

    Өнімді өткізуден түскен табыс

    3. Авансталған капиталдың рентабельділігі (Равансталған капитал). Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде авансталған капиталдың рентабельділік деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несие, қарыз берушілердің назарына ие болады.

    Таза табыс

    Равансталған капитал=

    Авансталған капиталдың орташа шамасы

    4. Меншікті капиталдың рентабельділігі(Рменшікті капитал). Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдыңтабыстылық деңгейін бағалаудың, яғни ак

    капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табыстының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі.

    Таза табыс

    Рменшікті капитал= ; (8)

    Меншікті капиталдың орташа шамасы

    5. Ағымдағы активтердің рентабельділігі(Рағым.актив.). Бұл кәсіпорын ағымдағы активтердің бір теңгесінен қанша табыс көзін алатындығын көрсетеді.

    Таза табыс (9)

    Рағым.актив.= .

    Ағымдағы активтердің орташа шамасы

    Қалған барлық басқа көрсеткіштердің рентабельділігі осындай ұқсас жолмен есептеледі. Яғни анықталатын көрсеткіштің алымында әрқашан таза табыс мөлшері тұрса, ал бөлімінде анықталатын көрсеткіштің орташа шамасы сипатталады. Тек мына көрсеткішті есептемегенде:

    Таза табыс

    Ринвестициялар =

    Меншікті капиталдың Ұзақ мерзімді міндеттемелердің

    орташа шамасы + орташа шамасы

    Шетелдік тәжірибеде ең соңғы көрсеткіш пайданың маржасы (коммерциялық маржа) деп аталынады. Оның экономикалық мазмұны - айналымдағы әр теңгеге таза пайданың үлестік салмағы. Рентабельділіктің екі түрін айырамыз: шаруашылық есептік және халық шаруашылықтық. Шаруашылық есеп рентабельділігі-бұл жеке ауыл шаруашылық кәсіпорынның немесе өнімнің жеке түрінің рентабельділігі. Ол өнімнің саны мен сапасына, сату бағасының деңгейіне және өнім өндіруге жұмсалған шығынның көлеміне байланысты. Алайда, мемлекет сату бағасы арқылы ауыл шаруашылығында жасалған қосымша өнімнің бір бөлігін жалпы халықтың мұқтажы үшін өз қарамағына алады.

    Бөлшек сауда бағасымен және оны өңдеу, дайын ауыл шаруашылық өнімін сақтау мен сату сатыларында жұмсалған қосымша шығындармен салыстырып өлшесе, онда осы тәсілмен алынған нәтиже халық шаруашылық рентабельділігі болып табылады.

    Ауыл шаруашылық өндірісінің рентабельділігін ең алдымен оның өлшемдері мен көрсеткіштері арқылы сипаттауға болады.

    Өлшем (критерий) - бұл терминнің ғылыми түсінігі бойынша анықтаушы белігіні, баға өлшемін білдіретін негізгі сапалы, басты қасиетті көрсеткішті білдіреді.

    Өлшемдердің көрсеткіштерден айырмашылығы-ол ішкі, түпкілікті белгі, ол бойынша әлеуметтік-экономикалық тиімділік туралы пікір айтылады, оның ішкі өлшемі көрсеткіш болып табылады. Көрсеткіш - оның көрініс нысаны және оның сыртқы өлшемі. Көрсеткіштің рөлі өндіріс рентабельділігі мен экономикалық тиімділік өлшемінің мазмұнын сандық тұрғыдан сипаттайды. Ауыл шаруашылығы өндірісінің рентабельділігін есептеу үшін экономикалық тиімділіктің барлық көрсеткіштерін есептеу қажет.

    Рентабельділік еліміздің экономикалық дамуын сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады. Ол жыл ішінде қайта алынған құнды білдіреді. Егер жалпы өнімнен жыл ішінде жұмсалынған өндірістін материалдық құралдарын алып тастасақ (қорлардың орнын толтыру), онда нәтижесінде таза өнім алынады, құндық көрінісі ұлттық табысты құрайды.
    4.Банкроттық – нарық шаруашылығының категориясы болып табылады.

    Банкротқа ұшырау — кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.Кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауы ұйымды әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың механизмі қалыптасқан. Осы механизмнің негізгі элементтері: банкроттықты құқықтық реттеу; қайта құру және жою шараларын қаржыландыру; банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету.

    Банкротқа ұшырау – Көне Рим елінің құқықтық жүйесінде қалыптасқан экономикалық және заңдық категорияның ескі түрі болып табылады. Банкроттық институты қарызданушы мен кредитор арасындағы байланыс негізінде қалыптасқан. Бұл институт қоғамдағы экономикалық жүйені реттеу барысында бағаланады.

    Банкроттық – нарықтық экономика жүйесінің объектісі болып қалыптасты. Әлеуметтік-экономикалық түр ретінде, банкроттық жоғары көрсеткіштегі қарама-қайшылықта сипатталады. Сол себептен де, кез келген дамыған елді алып қарасаңыз, нарықтық байланыстағы құқықтық элемент механизмінің реттелуі банкроттың заң арқылы орындалуына әкеледі.

    Әлемдік тәжірибеде банкротқа ұшырау – зардап туғызатын жағдайға әкелетіні анықталған. Тиімсіз кәсіпорындарды тарату да оңтайлы шешімдердің бірі десе болады. Экономикалық байланыс орнатқан кезде түрлі жағдайдар туындап жатады. Яғни белгілі себептерге қатысты шаруашылық қызметі өзіне жүктелген қаржыны өтей алмауы. Орын алған осы жағдайды ретке келтіретін арнайы институттар бар. Кеңейтілген дәстүр бойынша, тұрақсыздық салдарынан кәсіпорынның қаржылық төмен деңгейі түсіндіріледі. Белгілі бір шаруашылыққа төленбеген қаржы ішкі жүйеге ғана анық мәселе боп қала береді. Біздің тәжірибеде банкроттыққа ұшырау тұрақсыздығы механизмін реттеу тек басты белгілері бойынша зерттеледі. Банкротқа ұшырауды кәсіпорынның дағдарысқа түсуі деп қарастыруға болады.

    Анықталғандай, банкроттықтың маңызы өзіндік дағдарыс жүйесін қалыптастырған үш сатыдан тұрады:

    1. Банкротқа ұшыраудың жасырын түрі. Бұл сатыда ішкі кәсіпорындағы пайдасыз беталыс салдарынан құлдыраған «баға» жатады. Кәсіпорындағы бағаның төмендеуі орташа жауапкершілік құнының ұлғаюы мен кіріс көзінің азаюына апарады. Кірістің төмендеуі ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерінен пайда болады.

    2. Қаржылық тұрақсыздық. Екінші сатыда банкротқа ұшыраудың белгілері — қолма-қол ақша төңірегінде қиындықтар туындайды. Яғни, шоттағы қаражаттың күрт төмендеуі; дебиторлық берешектің көбеюі; дебитор шотының ескіруі; несиелік және дебиторлық берешек теңгерімінің бұзылуы; несиелік берешектің ұлғаюы және т.б.

    3. Анық банкротқа ұшырау. Кәсіпорын уақытында қарызын өтей алмаған жағдайда банкроттық заңды түрде айқындалады. Саланың күрт жоғарылауы бәсекелестікті тудырып, жоғарылау жылдамдығы бәсеңдейді. Осыған байланысты, банкротқа ұшыраудың себебі ретінде кәсіпорынның жоғарылауына немқұрай қараған басшының қателігі деп білуге болады. Банкротқа ұшыраған жағдайда артық сала ретінде, кәсіпорын жартылай құлдырау үстінде болғанда қысқарту орын алады. Осыған орай банкроттыққа ұшыраудың ішкі мазмұны күрделі экономикалық құбылыс ретінде, сыртқы формасы – төлеу мүмкіндігі жоқтығынан бизнесте тиімсіз болып саналады. Төлеу мүмкіндігі жоқ кәсіпорынды сәйкесінше үш түрге бөлуге болады: уақытша, аралық, абсолюттік төлеу мүмкіншілігінің болмауы.

    Банкроттыққа тап болу тәртібі шет елдерде тек абсолюттік төлеу мүмкіншілігі жоқ болғанда қолданылады. Тұрақсыздану заңнамасының күші негізінде қарызданып қалу жайында түсінбеушілік себептері жетіп артылады.

    Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың қарыздануы мен банкротқа ұшырауы он жылда қалыптасты және оның басты себебі негізгі әлеуметтік-экономикалық жоспармен байланысы болып есептеледі. «Кәсіпорын дағдарысының» жалпы мәні — кәсіпорынның пайда болуына қауіп төндіретін жүйені аңғартады.

    Кәсіпорында «дағдарысқа» қарсы ұйымдастыру жолы дұрыс басқарылса, бұл жағдайдан құтылып кетуге болады. Дағдарыстың жалпы шарты бойынша, өндіріс кірісі көлемінің өсуін қамтамасыз еткендігі Қазақстандағы банкротқа ұшыраған тәжірибеде мақұлданды.

    Дағдарыс мәселесін статикалық жағдай ретінде қарастыруға болмайды. Оның басқарушылық және ұстап тұратын белгілі бір шекарасы да болуы мүмкін; сондай-ақ сыртқы фактор мен ішкі фирманың ықпалында болады. Кәсіпорыннан тәуелсіз дағдарыс жүйесі, оның құрылымы, инновациялық потенциалы және ұзақмерзімділікке, қарқындылыққа, түрлі сатыдағы қиындықтарға ие болуы арқылы байқалады. Дағдарыс жағдайының бұл түрінен шығудың екі нұсқасы бар: кәсіпорынның таратылуы – экстремалды күйде, не дағдарыстан тиімді құтылу. Дағдарыстың басталуы мен аяқталу аралығы түрлі ұзақтықта орын алып жатады.

    Дағдарысқа қарсы басқару дегеніміз – дағдарыстың қаупін анықтау, белгілеріне сараптама жасау. Дағдарысқа қарсы басқарудың негізгі мақсаты – жұмыс режимінде дағдарысты болдырмау және осы режимде қызметті ұйымдастыру шегін өңдеу болып табылады. Дағдарысқа қарсы менеджмент – кәсіпорын басқарудағы реттелген жүйесі, яғни анықталған қауіп дәрежесінде оның тиімді қызмет жасауына жағдай жасайды. Іс-әрекет моделінің мақсаты үйлестіру негізінде жетістікке жету мен компания ресурсын үлестіруді таныстырады. Ол экономиканың негізгі мақсаты мен өз кезегіндегі нарықтық жетіспеушілікті анықтайды. Сондай-ақ кәсіпорынды сыртқы ортаға бейімдеп, ішкі үйлестіруді қалыптастырады. Экономикалық өсім стратегиялық жіктелімде қолданылады.

    Стратегияны жасақтау мына кретерийлер бойынша іске асырылады:

    1) Шоғырланған өсім стратегиясы – жаңа өнім шығаруды бағамдайды, сонымен қоса нарықта пайда болған немесе жаңа нарыққа көшкен кәсіпорын жағдайын жақсартуға мүмкіндік іздеу;

    2) Біріккен өсім стратегиясы – жеке меншік шотындағы экономикалық өсім мен жаңа өндіріс құрылымының пайда болуын қамтамасыз етеді. Аталған екі стратегияның іске асуы барысында ішкі саладағы кәсіпорын жағдайы жақсарады;

    3) Әртараптандыру өсім мақсаты осы сала шеңберінде нарықтағы тауарды кәсіпорын одан әрі дамыта алмағанда құрылады.

    4) Өндірісті қысқарту және тарату мақсаты – кәсіпорынды қайта құру және күштерін қайта жасақтау керек болғанда іске асырылады. Кәсіпорын қызметіне сараптама жасағанда, туындаған дағдарыс жағдайының бағасын төрт түрдегі мақсат ретінде қарастыруға болады. Дағдарыс белгілі бір мекеменің өркендеуіне де мүмкіндік беруі де ғажап емес.

    Банкротқа ұшырау – нарықтық қатынастың ажырамас бөлігі болып табылады. Банкротқа ұшырау нәтижесінде мүлік бір қолдан екінші қолға өтеді. Мүлік ауысуы оның жаңа иесінің тиімді қолданып, қажетінше кіріс әкелуіне мүмкіндік береді. Табысты кәсіпкер, сондай-ақ іргесі мықты ұйым, иелігіндегі мүліктің оңтайлы тұсын тауып, дағдарыстан шығудың жаңа жолдарын таба біледі. Заңды тұлға банкротқа ұшыраған жағдайда босатылған қаражаты ешқайда жоғалмайды. Олар тек түр жағынан өзгеріске ұшырап, жаңа сапаға ие болады. Осы жағынан алып қарағанда, банкроттыққа ұшырау – нарықтағы экономиканың атрибуты болып саналады. Көптеген кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы, қолда бар құралдарды тиімді пайдаланып, өндірісті жаңарту, нарықтағы өткізілімнің жаңа бағыттарын іздеу мен өнім сапасын жоғарлатуға мол мүмкіндіктер береді. Нарықта осы бағытта жұмыс істеу арқылы кәсіпорынның өнімі сұранысқа ие болып, банкротқа ұшыраудан аулақ болады. Бизнестен қол үзу қаупі туындаған сәтте, нарықтық экономикадағы әр қатысушы тиімді және ерікті түрде қызметін жалғастыруға міндетті.

    Банкроттыққа ұшырау — жұмысы төмен кәсіпорындардың жабылып, жаңа жүйеде іске асырылатын өндіріс көздерінің қызмет етуіне мүмкіндік туғызады.
    Бақылау сұрақтары:

        1. Қаржы ұғымына анықтама беріңіз.

        2. Қаржының мәні неде?

        3. Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның атқаратын қызметтерін атаңыз.

        4. Қаржы ресурстары дегеніміз не?

        5. Қаржы қорлары дегеніміз не?

        6. Қаржылық жоспарлаудың мазмұны, міндеттері, қағидаттары мен әдістерін атаңыз.

        7. Қаржы жоспарларын жасау қанша кезеңнен тұрады?

        8. Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты не?

        9. Бизнес жоспары дегеніміз не?

        10. Қаржы құқығын қалай түсінесіз?

        11. Рентабельділік дегеніміз не?

        12. Кәсіпорынның рентабельділігін бағалау көрсеткіштерін атаңыз.

        13. Пайданың маржасы ұғымын қалай түсінесіз?

        14. Кәсіпорын мүлкінің рентабельділігі қалай анықталынады?

        15. Өзіндік құралдардың рентабельділігі қалай анықталынады?

    1. 6.Өндірістік қорлардың жалпы рентабельділігі қалай анықталынады?

        1. Баланстық пайданың мөлшері қалай анықталынады?

        2. Пайданың таза мөлшері қалай анықталынады?

        3. Рентабельділік -ол қандай көрсеткіш?

        4. Таза өнім қалай алынады?


    14-15 тақырып Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі
    Қарастырылатын сұрақтар:


    1. Өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызы және оның түрлері. Өндірістің жалпы тиімділігі және оның көрсеткіштер жүйесі. Өндіріс тиімділігінің жекелеген (дифференцияланған) көрсеткіштері.

    2. Кәсіпорынның рентабельділік (табыстылық) көрсеткіштері. Өндірістік қызметтің тиімділік көрсеткіштері. Өтімділік көрсеткіштері. Қаржылық тқрақтылық көрсеткіштері.

    3. Өндірістің салыстырмалы тиімділігі: мәні және оны анықтау әдістері.

    4. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтауда уақыт факторын есептеу (ақша ағындарын дисконттау) әдістері. Таза ағымдық құн және табыстылықтың ішкі нормасы көрсеткіштерінің сипаттамасы. Өндіріс тиімділігіне ықпал ететін факторлар.


    Дәрістің мақсаты: кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділік көрсеткіштерін анықтау және талдау.

    Негізгі категориялары: птабыс, шығын, өндіріс тиімділігі, таза ағымдық құн, қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері.
    Кәсіпорын қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижесін (тиімділігін) шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген өнімділікті (табыс, өнім) авансталған немесе қолданылған ресурстармен (шығындар) салыстыра отырып кәсіпорын қызметінің тиімділігінің бірқатар көрсеткіштерін анықтауға болады. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады:

    1)қорытындылаушы;

    2)техника-экономикалық.

    Өндірістің экономикалық өсуіне экстенинтенсивтік немесе интенсивтік тәсілмен қол жеткізуге болады -өнімңің өсу қарқынының ресурстардың немесешығындардың өсу қарқынынан артық болуы экономикалық өсудің басым интенсивті екендігін дәлелдеді. Өндірістің экономикалық тиімділігінің жоғары қарқынды және бірыңғай өсуін қамтамасыз ету мүмкіншілігі тек дамудың интенсивті түріне өтуіне жағдайдай жасайды. Бұдан шығатын қорытындыны жан-жақты интенсивтендіру — оның тиімділігін нығайтудың шешуші себебі. Сөз ең алдымен, әрбір материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бірлігінің құрылымын арттыру үшш непзп өндірістік қорларды тек паидалану туралы болып отыр.

    Өндірістің тиімділігінің ең басты көрсеткіші еңбек өнімділігі болып саналады, ол өндіріс нәтижесі мен, жұмыс істеушілердің орташа тізім саныньң арақатынасымен немесе еңбек сыйымдьлығымен, өнім бірлігіне кеткен жұмыс уақытының шығындарымен өлшенеді. Жапонияда өнімділік, кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер қатарьша жатқызылады. Бұл елдің кәсіпорьшдарының қаржылық есебінде есептелген түрінде мынадай еңбек өнімділігі коэффициенттері келтіріледі:

    Бір жұмыс істеушіге шаққандағы сату көлемі = Сату көлемі / қызметкерлердің жылдық орташа саны.

    Бір жұмыс істеушіні ұстау үшін кеткен шығындар = Еңбекке кеткеншығындар / Қызметкерлердің жылдық орташа саны.

    Бір жұмыс істеушіге пайда негізгі қызметтен негізгі қызметген түскен пайда = негізгі қызметтен түскен пайда / Қызметкерлердің жылдық орташа саны.

    Біздің кәсіпорындарда еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткішіші бір жұмыс істеушіге шаққандағы жылдық өнім болып табылады. Оның шамасы бір жұмысшыға шаққандағы орташа өндірлген өнім мен жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағына байланысты.

    Факторльқ талдау — бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлык талдау қорытынды көрсеткіштерді оның кұрамдас бөліктеріне жіктегенде — тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол -кері (синтез) болуы мүмкін.

    Айта кеткен жөн, кәсішорынның қаржылық жағдаиы-талдау жүргізудің дәйектілігі жөніндегі басылып шығарылған әдістемелік зерттеулердегі авторлардың тыныстары оқырмандардың назарын аударады. Жалпы редакциясын В.И. Стражева басқарған, Беларусь Республикасының Мемлекттік экономикалық университетінің авторлар ұжымы кәсіпорынның қаржылык жағдайын талдауды алдымен оның активтері мен пассивтерін талдаудан бастау ұсынылады, содан кейін кәсіпорынның төлеу қабілеті мен қаржылық тұрақтылығын, сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын тал-дауға және оның қаржы жағдайьш қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі.

    О.В.Ефимов өзінің «Қаржылық жағдайды қалай талдау керек» деген еңбегінде талдау әдістемесін, әрбір шаруашылық жүргізушінің маңызды міндетінің бірі болып табылатын және де кәсіпорынның төлеу қабілеті мен өтімділігіне қосымша баға беруге мүмкіндік беретін мұліктік массаның құрыльшын бағалаудан бастайды.

    И.М.Лоханина мен 3.К.Золкина алдымен есеп беруді құрастырудың сапасык тексереді, содан кейін оны оқуды жүргізіп, соның негізікде кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалайды, одан кейін кәсіпорын-ның мүліктік жагдайына және оның қалыптасу көздеріне, қаржылық дербестігіне және талдау қабілеттілігше терендетілген талдау жасайды.

    Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың соңғы ерекше) әдістемесін А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен тұрады: қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезедцегі оның өзгерісі; кәсіпорынннң қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау; кәсіпкерлік скерлік белсенділігін және төлеу. қабілетін талдау.
    Шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, оларды талдау әдістемелері

    Барлық көрсеткіштер келесі түрде бөлінеді

    1. Фирманың экономикалық потенциалын сипаттайтын көрсеткіштер. Олар фирманың масштабтарын, ұлттық және халықаралық деңгейдегі орнын көрсету үшін қажет.

    Активтер, фирманың иелегінде болатын, өткен мерзімдерде алынған және фирманың болашақ түсімдерін қамтамасыз ететін құралдардың, қаржының құрамын және орналасуын сипаттайды.

    Негізгі капитал, фирманың өндірістік қуаттарын сипаттайды (ғимараттар, құрлыстар, жабдықтар).

    Шығарылған өнімнің көлемі мен құны – жалпы фирма және жеке өнім түрлері бойынша анықталады. Оны есептеу арқылы фирманың ұлттық және халықаралық нарықтағы үлесін және орнын, өндіріс құрылымын анықтауға болады.

    Фирманың өндіріс және өткізу кәсіпорындарының саны және орналасуы - өз елінде және шетелдегі мөлшері анықталады.

    Фирма инфрақұрылымы:

    • өз транспорты, қоймалары, техникалық қызмет көрсету орталықтары;

    • өзіндік шикізат базалары және энергия көздері.

    Фирманың тура күрделі шығындарының мөлшері мен орналыстырылуы - өз еліндегі және шетелдегі кәсіпорындарға.

    Фирманың ғылыми-зерттеу потенциалы:

    • ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеткен шығындар мөлшері;

    • зерттеу орталықтар мен лабораториялардың саны, орналасуы;

    • онда жұмыс істейтін зерттеушілер саны;

    • ғылыми жұмыстардың негізгі және артықшылығы бар бағыттары;

    • фирмада бар патенттер саны және олардың қолданылуы.

    2. Фирманың жалпы шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер (есепті көрсеткіштер)

    Жалпы шығындар көрсеткіштері (General expenses) жыл басында жаңа нарыққа ену үшін (enter new markets):

    • маркетингілік қызметке (Marketing);

    • зерттеулерге және дамытуға (Research and development);

    • үстеме шығындар (Overhead);

    • әкімшілік шығындар (Department overhead);

    • рентаны төлеу (Rental costs);

    • өнімді жетілдіру шығындары (Product changeover);

    • өнімді жіберуге кеткен шығындар (Factory fees).


    Түсімдерді сипаттайтын көрсеткіштер: таза пайда; амортизациялық төлемдер; активтерді сатудан түскен ақша; субсидиялар, дотациялар; ұзақмерзімдік қарызды өсіру; акциялар эмиссиясы; қысқа мерзімдік борышты өсіру.

    Қаржыны жұмсау көрсеткіштері: дивиденд төлеу; ұйымдастырушылық шығын; акциялар эмиссиясын жасау шығыны; күрделі шығындар; басқа айналымнан тыс активтерге салымдар; ұзақмерзімдік борышты қайтару; тез өткізілетін бағалы қағаздарды сатып алу; банктегі шоттағы ақшаны өсіру.

    3. Фирманың қызмет ету нәтижелігін сипаттайтын көрсетікштер

    Пайда. Өндіріс нәтижелігін анықтау үшін қажет көрсеткіштерді алған пайдамен салыстырады. Олар абсолютты және салыстырмалы болып бөлінеді.

    Абсолютті көрсеткіштер:

    • жалпы пайда салықтарды төлеуге дейін анықталады;

    • таза пайда салықтарды, пайыздарды төлегеннен кейін кәсіпорында қалатын пайда;

    Салыстырмалы көрсеткіштер:

    • пайданың сату көлеміне қатынасы (Profit margin);

    • пайданың активтерге қатынасы (Profit to total assets);

    • пайданың нақты негізгі капиталға қатынасы (Profit to fixed assets);

    • пайданың өзіндік капиталға қатынасы (Profit to net worth);

    • пайданың өзіндік және ұзақмерзімді несиелі капиталға қатынасы (Profit to capital employed) ұзақ мерзімде жалпы инвестерлінген капиталдың тиімділігін сипаттайды.

    Өткізілген өнім құны немесе сатулар көрсеткішін де басқа көрсеткіштермен салыстырады:

    • сатулардың жалпы құнының активтерге қатынасы (Sales to total assets);

    • сатулардың жалпы құнының нақты негізгі капиталға қатынасы (Sales to fixed assets);

    • айналым капиталына қатынасы (Sales to current assets);

    • материалдық-өндірістік қорлар құнына қатынасы (Sales to inventory).

    Өндіріс шығындары көрсеткіші -өте маңызды көрсеткіштің бірі.

    Жалпы шығындардың сатулар құнына қатынасы. ТӨ 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.

    Негізгі капиталдың айналымдылығы және капиталмен қарулану деңгейі:

    • негізгі капитал айналымдылығы сатулар көлемін жұмыс істейтіндерге қатынасы;

    • капиталмен қарулану деңгейі – негізгі капиталдың баланстық құнын жұмыс істейтіндерге қатынасы (Fixed assets to number of employees).

    4. Фирманың қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер

    Фирманың қаржыландыру көздеріне тәуелділігі және төлем қабілеттілігі анықталады.

    Өзіндік капитал құрылымы: акционерлік капитал; эмиссияланған табыс; капиталға айналдырылған пайда.

    Өзіндік капиталдың активтердің баланстық құнына қатынасы (Stockholder's equity to total assets) фирманың сыртқы қаржы көздеріне тәуелділігін сипаттайды. Бұл шама 50% артық болу керек.

    Борыштың жалпы сомасының өзіндік капиталға қатынасы (Total debt to stockholder's equity) сыртқы және өзіндік қаржы көздерінің қатынасы. Борыш өзіндік капиталдан жоғары болмау керек. Талдау үшін борыштың құрылымы (қысқа мерзімді борыштың үлесі) және салықтарды, еңбек ақыны, басқа төлемдерді жасау бойынша борыш көлемі анықталады:

    Өзіндік капиталдың нақты негізгі капиталға қатынасы инвестірленген капиталдың қай бөлігі өзіндік капиталдан жасалғанын сипаттайды.

    Ұзақмерзімді борыштың өзіндік капиталға қатынасы фирманың қызметі қанша мөлшерде ұзақмерзімді несиелер арқылы қаржыландырылатынын сипаттайды

    Ақшаның түсімдері (кассалық және банкідегі ақша) (Cash flow) өнім үшін төлемдердің жасалуына тәуелді болады және дебиторлық борышты қайтаруға негізделген.

    Түскен ақшаның ағымдағы жылда жасалынған күрделі шығындарға қатынасы (Cash flow to capital expenditures) инвестициялардың қай бөлігі ағымдағы ақша арқылы жасалынатынын көрсетеді. Оны өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті деп атайды.

    Айналым активтерінің қысқа мерзімдік борышқа қатынасы (Current assets to current liabilities) Ол 1-ден кем болмау керек..

    Ақшаның және тез сатылатын бағалы қағаздар құнының ағымдағы айналым активтеріне қатынасы (Cash and marketable securities to current assets) Оны ликвидтілік коэффициенті деп атайды.

    Ликвидті қаржының қысқа мерзімдік борышқа қатынасы. Ол төлем қабілеттілігін сипаттайды.

    Айналым активтерінің жалпы несиелі капиталға қатынасы (Current assets to total debt).

    Талдау жасалғанда көрсеткіштер кестелерге енгізіледі, бірнеше мерзімге. Талдау мақсаты – ағымдағы өзгерістерді анықтау және кемшіліктерді табу,нәтижесінде басқарушылық шешім құралады.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызы және оның түрлері.

    2. Өндірістің жалпы тиімділігі және оның көрсеткіштер жүйесі.

    3. Өндіріс тиімділігінің жекелеген (дифференцияланған) көрсеткіштері.

    4. Кәсіпорынның рентабельділік (табыстылық) көрсеткіштері.

    5. Өндірістік қызметтің тиімділік көрсеткіштері.

    6. Өтімділік көрсеткіштері.

    7. Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері.

    8. Өндірістің салыстырмалы тиімділігі: мәні және оны анықтау әдістері.

    9. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтауда уақыт факторын есептеу(ақша ағындарын дисконттау) әдістері.

    10. Таза ағымдық құн және табыстылықтың ішкі нормасы көрсеткіштерінің сипаттамасы.

    11. Өндіріс тиімділігіне ықпал ететін факторлар.


    Негізгі әдебиеттер тізімі





    1. Агарков, А.П. Экономика и управление на предприятии / А.П. Агарков [и др.]. - М.: Дашков и Ко, 2013. - 400.

    2. Бабук, И.М. Экономика промышленного предприятия / И.М. Бабук, Т.А. Сахнович. - М.: ИНФРА-М, 2013. - 439 с.

    3. Баскакова, О.В. Экономика предприятия (организации) / О.В. Баскакова, Л.Ф. Сейко. - М: Дашков и К, 2013. - 372 с.

    4. Горфинкель, В.Я. Экономика предприятия / В.Я. Горфинкель. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2013. - 663 с.

    5. Клочкова, Е. Н. Экономика предприятия / Е. Н. Клочкова, В. И. Кузнецов, Т. Е. Платонова. - М.: Юрайт, 2014. - 448 с.

    6. Экономика и финансы предприятия / под ред. Т.С. Новашиной. - М.: Синергия, 2014. - 344 с.

    7. Экономика предприятия: учебник / В. Д. Грибов, В. П. Грузинов. – Москва: КУРС: Инфра-М, 2015. – 445 с.

    8. Экономика и управление организацией (предприятием): учебное пособие / И. П. Воробьев, Е. И. Сидорова, А. Т. Глаз. – Минск: Квилория В. Т., 2014. – 371 с.

    9. Экономика организации: учебное пособие / Л. Н. Чечевицына, Е. В. Хачадурова. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2015. – 382 с.

    10. Экономика организации (предприятия): учебник / Н. А. Сафронов. – Москва: Магистр: Инфра-М, 2014. – 253 с.

    11. Экономика организации: учебное пособие / В. П. Самарина, Г. В. Черезов, Э. А. Карпов. – Москва: КноРус, 2014. – 318 с.



    Қосымша әдебиеттер тізімі





    1. ҚР «Азаматтық кодексі», Алматы Жеті Жарғы, 2007ж.

    2. ҚР «Еңбек кодексі», Алматы Жеті Жарғы, 2007ж. (№ 414-V Кодексімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі))

    3. ҚР «АҚ туралы» заңы, ҚР 2003 жылдың 13 мамырындағы №415=ІІ Заңы (ҚР 19.03.2014 № 179-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі))

    4. Шаруашылық серіктестіктері туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 қазанындағы Заңы.

    5. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. Нормативтік актілер жиынтығы. Алматы: ЮРИСТ, 2012ж.

    6. ҚР «Инвестициялық қорлар туралы» Заңы – 7 шілде, 2014ж.

    7. ҚР «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заңы – Егемен Қазақстан, 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы


    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта