Главная страница
Навигация по странице:

  • Құрылымдық ұйымдастыру тұрғысынан

  • VIII. Уақытқа қарай жеке жоспарларды координациялау бойынша: жүйелі; біруақыттық. IX. Мәліметтердің өзгеруін есепке алу бойынша

  • X. Уақыттағы реті бойынша: реттелген; ағымдағы; ауыспалы; кезектен тыс. Жоспарлау әдістері

  • Ішкі өндірістік жоспарлау

  • 2.Кәсіпорынның өндіріс қуаты

  • Өндіріс қуатының шамасын анықтау.

  • Технологиялық процестегі «тар» орындарды анықтау.

  • Өндірістік қуатты жақсарту жолдары және оның көрсеткіштері.

  • Ал орта және ірі кәсіпорында

  • Функционалдық құрылымда

  • Интерактивті (қарсы ) жоспарлау

  • Миссия

  • 11-тақырып

  • Негізгі категориялар

  • дәрістік кешен КЭ 2020. Дрістік кешен (дріс тезистері, иллюстрациялы жне таратылым материалдары, сынылан дебиеттер тізімі) 12 таырып


    Скачать 356.03 Kb.
    НазваниеДрістік кешен (дріс тезистері, иллюстрациялы жне таратылым материалдары, сынылан дебиеттер тізімі) 12 таырып
    Дата10.09.2020
    Размер356.03 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладәрістік кешен КЭ 2020.docx
    ТипДокументы
    #137443
    страница9 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    10-тақырып Кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру және жоспарлау
    Қарастырылатын сұрақтар:

    1. Жоспарлаудың әдіснамалық негіздері. Кәсіпорын жоспарларының құрылымы. Ішкі өндірістік жоспарлау.

    2. Кәсіпорынның өндірістік қуаты және оны анықтау әдістері.

    3. Кәсіпорындағы өнім шығаруды жоспарлауды ұйымдастыру. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын әзірлеу әдістемесі.

    Дәріс мақсаты: кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметін ұйымдастыру және кәсіпорынның өндірістік қуаты және әдістерін анықтау.

    Негізгі категориялар: Кәсіпорын, маркетинг, өндірістік қызмет, нарық, тауар, пайда, коммерция, ассортимент, жоба, тауар саясаты, бағаны реттеу, өнімді өткізу, сатуды ынталандыру, өзіндік құн, нарықты сегменттеу, технология, бизнес.
    1. Жоспарлау – бұл мақсаттарды анықтау және оларға жету тәсілдерін таңдау процесі. Бұл процестің алгоритмі:

    А) ағымдағы жағдайды анықтау және оны талдау. Негізгі міндеті: кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтау;

    Б) мақсаттарды таңдау; міндеті. Мүмкіндіктерді және қауіптерді зерттеп, нысандарды анықтау,

    В) мақсатқа жету тәсілдерін анықтау; міндеті. Жүретін жол мен қажет құралдарды табу.

    Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты 2 бағытта болады:

    1. Республикалық және аймақтық деңгейдегі мемлекеттік-индикативтік жоспарлау. Оған ғылыми болжамдар жасау тауар өндірушілерге бағытталған басқа да жоспарлы құжаттармен бағдарламалар жасау кіреді.

    2. Шаруашылық (фирмаішілік) жоспарлау.ол шаруашылық субъектінің, оның өнімдерін тұтынатын тұтынушылардың қызығушылығына жауап беретін мақсатты бағытталған қызметті ұйымдастыру функциялары мен көрсеткіштерін көрсететін мемлекеттік бағдарламалар мен болжамдарды есепке алады.

    Жоспарлаудың жіктелуі:

    1. қолдану өрісіне қарай:

    • жалпы;

    • жарым-жартылай.

    1. мазмұнына қарай:

    • стратегиялық;

    • тактикалық;

    • оперативті.

    1. жоспарлау уақытына қарай:

    • мақсатты қорларды жоспарлау;

    • бағдарламалық жоспарлау;

    • іс-әрекеттерді жоспарлау;

    1. қызмет ету өрісіне қарай:

    • өткізуді жоспарлау;

    • өндірісті жоспарлау;

    • персоналды жоспарлау;

    • жабдықтауды жоспарлау;

    • инвестициялық жоспарлау;

    • қаржыны жоспарлау;

    • кеңейтілген жалпы жоспарлау;

    1. жоспарлау тереңдігіне қарай:

    - глобальді;

    - контурлы;

    • бөлшекті;

    • шекті.

    1. Мерзіміне қарай:

    • қысқа;

    • орта;

    • ұзақ,

    • мерзімді.

    1. Құрылымдық ұйымдастыру тұрғысынан:

    • жалпы жоспарлау;

    • кәсіпорын орналасуын жоспарлау;

    • қызмет өрісін жоспарлау;

    • жеке бөлімдерді жоспарлау;

    • учаскелерді жоспарлау;

    VIII. Уақытқа қарай жеке жоспарларды координациялау бойынша:

    • жүйелі;

    • біруақыттық.

    IX. Мәліметтердің өзгеруін есепке алу бойынша:

    • қатал;

    • икемді;

    X. Уақыттағы реті бойынша:

    • реттелген;

    • ағымдағы;

    • ауыспалы;

    • кезектен тыс.

    Жоспарлау әдістері:

    1. төменнен жоғары қарай жоспарлау;

    2. жоғарыдан төменге қарай жоспарлау;

    3. қарама-қарсы жоспарлау;

    Ішкі өндірістік жоспарлау – фирмалар мен кәсіпорының жоспарлы қызметіне тікелей қатысты ұйымдастырушылық басқарушылық қызметтер. Ол қызметтерге: мақсатты негіздеу, стратегия құру, жұмыстарды жоспарлау, белгілі операцияларды жобалау, процесті ұйымдастыру, жұмыстармен қызметтерді үйлестіру, олардың атқаруын бақылау, нәтижелерді бағалау, мақсатқа түзету енгізу, жоспарлауды өзгерту. Фирма ішілік жоспарлау адамдардың  өзара байланысты ғылыми тәжірибелік қызметі, оны зерттеу пәні болып – материалдық және рухани құндылықтарды өндіру, бөлу және тұтыну кезіндегі еңбек пен капитал  арасындағы еркін нарықтық қарым қатынастар жүйесі табылады.
    2.Кәсіпорынның өндіріс қуаты - жабдықты,өндірістік ауданды,озық технологияны және еңбекті ұйымдастыруды толық пайдаланып,берілген номенклатурамен, уақыттың белгілі кезеңінде өнім шығарудың максимальды мүмкіндігі. Өндіріс қуаты натуралды және шартты –натуралды өлшем бірліктермен анықталады.

    Өндіріс қуатымен өндірістік бағдарлама арасындағы айырма кәсіпорын резервін көрсетеді,яғни өндірістік бағдарлама өндірістік қуатты пайдалану деңгейін көрсетеді.

    Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу үшін келесі мәлімметтер қолданылады:

    1.Жабдық саны,құрамы және техникалық жағдайы, өндірістік аудан туралы мәлімметтер.

    2.Жабдық өнімділігінің техникалық нормалары және өндірілетін өнімдердің еңбек сыйымдылығы.

    3.Жабдық жұмысының уақыт қоры және кәсіпорын жұмысының режимі.

    4.Шығарылатын өнім номенклатурасы және бағдарламадағы олардың сандық қатынасы.

    Номенклатура-кәсіпорында шығарылатын өнім атауларының тізімі.

    Ассортимент-бір түрдің ішіндегі өнім түрлерінің тізімі.

    Өндіріс қуатының шамасын анықтау.

    Кәсіпорынның өндіріс қуаты негізгі цех,участке қуаты бойынша анықталады.Цех,участке өндіріс қуаты негізгі болып табылатын жетекші жабдық бойынша анықталады.

    Өндіріс қуатын анықтаудың 2 негізгі әдісі бар:

    -негізгі жабдықты бөліп көрсетуге болатын цехтар үшін:

    М = Тэ ⁄ ti *q

    Мұндағы Тэ-жабдықтың жұмысының тиімді уақыты

    ti-i-ші өнімді дайындаудың еңбек сыйымдылығы

    q-бір типті жабдық саны.

    Жетекші жабдық жоқ цехтар үшін:

    М = ( Тн * S) ⁄ (ti * s)

    Тн-цех уақытының номинальды қоры

    ti-i-ші өнімді дайындаудың еңбек сыйымдылығы

    S-цех ауданы

    s-бір жұмыс орнының ауданы.

    Сменалық қуатты есептеу жетекші жабдықтың,яғни технологиялық процесте басты операцияны орындайтын және ең қымбат жабдықтың өнімділігіне қарап жүргізіледі.Егер жетекші жабдық бірнешеу болса,олар біртекті операция орындаса,онда өндіріс қуатын табу үшін олардың жұмыс өнімділіктерін бір-біріне қосады.Ал егер олар әр түрлі операция орындаса,онда бұлардың ішінен жұмыс өнімділігі ең аз жабдыққа қарап есептейді.

    Жабдықтар үзіліссіз және үзіліспен істейтін болып бөлінеді.Үзіліссіз істейтін жабдықтың өндіріс қуатын есептеу:

    Өқ = ( Тсм -Тр)*Нс.ө.*К

    Тсм - сменалық қуат,сағ

    Тр – тәртіппен белгіленген үзіліс уақыты,сағ

    Нс.ө.-жабдықтың сағаттық өнімділігі

    К-жетекжі жабдық саны.

    Үзіліспен істейтін жабдықтың өндіріс қуатын есептеу:

    Өқ = (Тсм-Тр / Дц) * (Еr * К / Нr)

    Дц – цикл ұзақтығы,мин

    Еr –жабдықтың жұмыс сыйымдылығы;кг,м 2,т

    Нr –шикізат тұтыну нормасы,егер жұмыс қуаты дайын өнім тоннасымен есептелсе қолданылады.

    Конвейерлік жолдың өндіріс қуатын есептеу:

    Өқ = L* H / a * b

    L – аспалы жолдың жұмысты орындайтын бөлігінің ұзындығы,м

    H – бір метр аспалы жолдан түсірілетін өнім нормасы

    а-жолдың өнімділігін ескеретін түзету коэффициенті

    в-өндірілетін малдың орташа массасын ескеретін түзету коэффициенті

    Өндіріс қуатын өндіріс жер ауданы арқылы есептеу:

    Өқ = S / Ho

    S - өндіріс ауданы,метр кв

    Ho – 1кв метр жерден шығарылатын өнімнің нормасы.

    Кәсіпорынның өндіріс қуатты пайдалану деңгейі қуатты пайдалану коэффициентімен сипатталады:

    Ки.м.= Офакт ⁄ Мср.п.м.

    Ки.м-қуатты пайдалану коэффициенті

    Мср.п.м.-орта жылдық өндірістік қуат

    Офакт-іс жүзіндегі өнім шығару көлемі.

    Кәсіпорынның өндірістік қуаты :жыл басына,енгізілген,шығарылған,жыл аяғына,орта жылдық қуат деп бөлінеді.

    Мж.с = Мж.б.+Менг-Мшығ

    Орта жылдық қуат:

    Морт ж = Мж.б.+(Менг*п/12)-(Мшығ*п′/12)

    Технологиялық процестегі «тар» орындарды анықтау.

    «Тар»орындарды жетекші емес жабдықтардың өнімділіктеріне қарап анықтайды.Әдістемесі:

    1)технологиялық процестің схемасын құрастырады.Шығарылатын өнім ассортиментін ескереді.

    2)Барлық жабдықтың оның ішінде жетекші жабдықтың сменалық өнімділігі есептеледі.

    3)Өнімнің әрбір түрін шығару қуаты анықталады

    4)Әрбір операцияға қажет жұмыс көлемі табылады

    5)Берілген операцияға қажет жұмыс көлемін өндіріс қуатымен не шын мәнінде шығарылған өнім мөлшерімен салыстырып,«тар» орындарды табады.

    Өндірістік қуатты жақсарту жолдары және оның көрсеткіштері.

    Өндіріс қуатын экстенсивті пайдалану коэффициенті:

    Кэкс = Вф(пл) / Весепті

    Вф(пл) -іс жүзіндегі немесе жоспарлы жұмыс істеген уақыт

    Весепті -жұмыс уақытының жоспарлы қоры

    Өндіріс қуатын интенсивті пайдалану коэффициенті:

    Ки = Пф(пл) / Нп

    Пф(пл) -жабдықтың іс жүзіндегі немесе жоспарлы өнімділігі

    Нп-өнімділік нормасы

    Өндіріс қуатын интегралды пайдалану коэффициенті:

    Кинт =Кэ*Ки

    Өндірістік қуат шамасын анықтайтын факторлар:

    1) Жабдықтар құрамы және саны

    2) Жабдықтың өнімділік нормасы

    3) Өндірістік ауданның көлемі

    4) Өнім дайындаудың технологиялық процесі

    5) Өңделетін шикізат құрамы және сапасы

    6) Өнім номенклатурасы және ассортименті

    7) Кәсіпорынның жұмыс тәртібі
    3. .  Кәсіпорынның жоспарлы экономикалық жұмыстарын ұйымдастыру көбінесе кәсіпорынның мөлшері өнім өндіру сипаттамасы,меншік түрі және нарықтағы орнына байланысты.                     

         Шағын кәсіорында басқарушылық қызметтер тереңірек бөлінбейді және жоғарғы деңгей басшылары өндірісті жоспарлау мен ұйымдастырудың барлық юөлімдерін өз бетінше анықтайды.

          Ал орта және ірі кәсіпорында стратегиалық,тактикалық және күнтізбелік жоспарлар ұйымдық құрылымға  міндеттерді  ұжым арасында бөлуге,ұйымдастырудың барлық қызметін бақылау және үйлестіругу сәйкес жүргізіледі.Мұнда жоспарлау мәселесі бойынша қызметшілердің нақты ұсыныстары есепке алынады.

    Кәсіпорындағы ұйымдық құрылымды таңдау үшін негізі ретінде, әдетте оның дамуының перспективті жоспары , өнім өндіру көлемі, жұмысшылар санының нормативтері мен әр түрлі компазициядағы қызыметшілердің өзара қарым-қатыстық  т.б  сипатталады.

    Кәсіпорынды басқару құрылымы әр түрлі бөлімдердің сызықтық және функционалдықағидасы негізінде құрылады.

             Сызықтық құрылым  ретінде жүйелі құрылымдық бөлімдерді айтуға болады:

     Бас директор

     Бас экономист

     Жоспарлы экономикалық басқару

     Жоспарлы қаржылық басқару

     Қаржы бөлімі

     Жоспарлы есептеу бөлімі

       Функционалдық құрылымда шешім қабыылдау  және бұйрық тапсырмалар беруде нақты функциаларға қатысы бар бөлімдер жұмылдырады.

    Қазіргікездебасқарудыңұйымдыққұрамынадевизианалды,өнімдік,матрицалық,жобалық т.б құрылымдар кіреді.

         Басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдіру қажеттігі ішкі және сыртқы  экономикалық факторларға тәуелді.

       Сыртқы факторлар:

    1.      Өнім немесе қызымет, нәтиже түрі

    2.      Функция немесе ресурстардың түрлері

    3.      Нарық, клиенттер тобы

             Негізгі ішкі факторлар- Әр бір жетекші немесе менеджердің өкілеттілігінің деңгейімен байланыстыбасқаруды орталықтандыру немесе орталықтан босату қағидасы кіреді.

    Жоспарлау қай ұйымдыққұрылым деңгейінде пайда болуына оны орындаушыларына  нұсқалар бойынша орындалады:

    1.      «Жоғарыдан төмен қарай»

    2.      «Төменнен жоғарыға қарай»

    3.      «Интерактивті»

     Көптеген ірі және орта орталықтандырған кәсіпорындар «жоғарыдан төмен » жоспарлау сызба нұсқасын пайдаланады.

     Кәсіпорынның жоғарғы деңгей басшылары

    Жоспарлы бөлім құру

    Ұзақ мерзімді

    Орта мерзімді

    Қысқа мерзімді

    Кәсіпорын бөлімшелері

     Сурет «Жоғарыдан төмен»жоспарлау сызба нұсқасы
    «Төменнен жоғары» қарай жоспарлау бөлімінің жоспары арқылы жергілікті жоспардан  жалпы жоспарға  келісімдер, бірігулер, және түзетулер арқылы  жүзеге асырылады.Мұнда көп жағдайда  мақсат және  стратегиялы кәсіпоындар бөлімшелері  құралды бірақ идея жоғ деңгейде пайда болады.

    Интерактивті (қарсы ) жоспарлау –алдыңғы екі сызба нұсқаның арасындағы орта шамасы болып табылады. АҚШ-та кәсіпорынның 2/1 бөлігі жоспарлауды төменнен жоғарыға қарай жүргізеді , ал 3/1  интерактивті  жоспарлау сызба нұсқасын пайдаланады.

             Миссия-кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы  оның негізгі мақсаттарының  негізделуі әрекет ету сферасы, әлеуметтік  мәселелерді шешудегі ролі мен іс-әрекет нормасы.

             Мақсат- кәсіпорынның келешекте қойған жағдайы,оның қызыметшілерінің  мінез құлқы мен әрекет ету мативі.     

    Кәсіпорындағы жоспарлау органдарының құрылымы. Жоспарлау схемасын таңдау. Фирмаішілік жоспарлау типтері. Фирмаішілік жоспарлаудың реттілігі. Жоспарлау динамикасы. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін құрылатын жоспарлардың негізгі түрлері.
    Бақылау сұрақтары:


    1. Жоспарлаудың әдіснамалық негіздері.

    2. Кәсіпорын жоспарларының құрылымы.

    3. Ішкі өндірістік жоспарлау.

    4. Кәсіпорынның өндірістік қуаты және оны анықтау әдістері.

    5. Кәсіпорындағы өнім шығаруды жоспарлауды ұйымдастыру.

    6. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын әзірлеу әдістемесі.

    7. Кәсіпорынның өндірістік қуаты туралы түсінік.

    8. Өндірістік қуат шамасына әсер ететін факторлар.

    9. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік қуат шамасын есептеу әдістемелері.

    10. Әртүрлі өндіріс процестеріндегі бастаушы жабдықтарды таңдау және санын есептеу.

    11. Өндірістік қуатты пайдалану көрсеткіштері.

    12. Өндірістік қуатты пайдалануды жақсарту жолдары.

    13. Өндіріс процесіндегі тар орын дегеніміз не?

    14. Жабдықты өнімділікке қарай пайдалануды сипаттайтын коэффициент

    15. Жабдықты уақытқа қарай пайдалануды сипаттайтын коэффициент


    11-тақырып Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
    Қарастырылған сұрақтар:

    1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі, оның деңгейін көтеру қажеттілігі. Қазақстан Республикасының индустриялық – инновациялық дамуы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне арттыруға әсері.

    2. Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін өсіру жолдары. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі. Сапаны басқарудағы жаңа стратегия. Өнімді стандарттау. Өнімді сертификациялау.

    3. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін факторлар. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі.


    Дәріс мақсаты: Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің мәні, бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін факторларды айқындау және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесін қолдану.

    Негізгі категориялар: Нарықтық экономика, бәсекелестік, бәсекеге қабілеттілік, сертификаттау, өнімнің сапасы, тариф, стандарттау, тауар.
    1.Нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік өндірушілерді тек қажеттілігі бар тауарларды ғана өндіруге жетелейтін, негізгі реттеуші тетік болып табылады. Бәсеке өндірушілер мен сатушылар арасында сатып алушылар үшін талас – тартысты анық сипаттайды. Нарықта бәсекелестердің мақсаты тауарды сатып алушыға сату негізгі құрал ретінде кәсіпорындағы сапалы маркетинг саналады.

    Бәсеке адал ниетті емес деген түсініктерге бөлінеді. Халықаралық құжаттарда адал ниетті емес бәсеке өнеркәсіп және сауда істерінде адал әдетке қайшылық білдіретін кез келген іс – әрекет деп түсіндіріледі.Соның ішінде, тиым салуға жататындар:

    • Бәсекелестің өнеркәсіптік немесе сауда – саттық қызметінде, кәсіпорындарда, тауарлар өндіруде қым – қиғаш жағдай туғызатын іс – әрекет.

    • Бәсекелестің өнеркәсіптік немесе сауда – қызметін, кәсіпорын және оның тауары туралы теріс ой туғызатын, жалған тұжырымдар жасау.

    • Сауда – саттық іс – әрекетпен айналысқанда тауардың сипаттамасы, дайындау тәсілі, пайдалану қасиеті немесе оның көлемі жайлы қоғамды шатастыратын пікірді пайымдау.

    Қазіргі таңда, адал ниетті емес бәсекенің бөтен немесе соған ұқсас тауар белгісімен таңбалау, тапсырысты мақалар, жалған ой туғызатын ақпараттар және басқа да әдістері кең етек жайған.

    Адал ниетті бәсеке жоғары тұтынушылық қасиеттерге ие тауарларға сұранысты қалыптастыру мен тауар өткізуді ынталандыруды қарастырады. Тауардың бәсекелестік артықшылығы оның бәсекеге қабілеттілігін құрайды. Ол дегеніміз басқа сондай тауарлармен салыстырғанда оның артықшылығын көрсететін тұтынушылық және құндық қасиеттердің жиынтығы.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта