Главная страница
Навигация по странице:

  • Өтемақының дәстүрлі жүйесі.

  • Әр түрлі өтемақы әдістері

  • 7 тақырып

  • Дәріс мақсаты

  • Инфляциялық өтімділік мерзімі

  • Табыстың қарапайым мөлшері

  • Дисконтталған өлшемдері

  • Табыстылық индексі PI=MPV\Co (19)PI – табыстың индексіMPV – ағымдағы таза құндылықCo – бастапқы шығындарТабыстың ішкі мөлшері

  • Пайда мен шығын қатынасы

  • Инфляцияның инвестициялық тиімділігінің бағасына әсері.

  • Ең төменгі құн өлшемі бойынша шешім қабылдау

  • 8 тақырып

  • Индустриалды-инновациялық даму

  • дәрістік кешен КЭ 2020. Дрістік кешен (дріс тезистері, иллюстрациялы жне таратылым материалдары, сынылан дебиеттер тізімі) 12 таырып


    Скачать 356.03 Kb.
    НазваниеДрістік кешен (дріс тезистері, иллюстрациялы жне таратылым материалдары, сынылан дебиеттер тізімі) 12 таырып
    Дата10.09.2020
    Размер356.03 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладәрістік кешен КЭ 2020.docx
    ТипДокументы
    #137443
    страница4 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    Тарифтік жүйе


    Тарифтік жүйе келесі элементтерден тұрады:

    1. Тарифтік-біліктілік анықтамалық (ТБА) – әртүрлі жұмыстардың сипаттамасы және осы жұмыстарды орындайтын жұмысшыларға қойылатын талаптар бар құжат. Әр жұмысқа сәйкес бііліктілік разряды көрсетіледі. Бұл құжатты жұмысшылар еңбегін тарифтеу, яғни нақты разрядты беру үшін қолданады.

    2. Тарифтік сетка – бұл тарифтік разрядтар мен оларға сәйкес болатын тарифтік коэффициенттердің шкаласы. Тарифтік коэффициент – эберілген разрядтың ставкасы бірінші разряд ставкасынан қаншаға артық екенін көрсететін шама. Жалпы алғанда 21 разряд бар.

    3. Тарифтік ставка – уақыт бірлігі үшін анықталған еңбекті төлеу шамасы. Тарифтік ставка минимальды еңбек ақы деңгейімен байланысты болады. Ол үкіметпен белгіленеді және инфляцияға байланысты мерзім сайын индексацияланады.

    4. Аудандық коэффициент – жергілікті климаттық және басқа жұмыс шарттарын есебке алады.

    Өтемақы қызметкерлерді ұйымдар үшін қажетті іс-әрекеттер жасауға бейімделуі тиіс.Өнімділік,шығармашылық,тәжірибе және кәсіпорын философиясына берілгендік сияқты адами сапалары өтемақы жүйесі арқылы ынталандыруы керек.

    Өтемақы жүйесі бір жағынан, ұйымдағы әрбір қызметкерге жақсы түсінікті брлуы қажет: екінші жағынан әкімдік етуге оғай болуы қажет,яғни оның үздіксіз қызмет атқаруын қамтамасыз ететін материалдық және еңбек ресурстарының оншалықты көп болуын талап етпеуі керек.

    Өтемақының дәстүрлі жүйесі.Өтемақының дәстүрлі жүйесі қызметкердің ұйымнан алатын өтемақысы екі элементтен-негізгі(жалақы немесе еңбекақы) және қосымшадан – тұратынын көрсетеді және олар белгілі бір ұзақ мерзім ішінде тұрақты болады.

    Жалақы –бұл ұйым қызметкерге өзіне жүктелген міндетті орындағаны үшін белгілі бір мерзімде төленетін ақшалай өтемақы.Әрбір қызметкердің жалақы деңгейі әрбір жұмыс орнының салыстырмалы (ұйым ішінде) құндылығы мен оның абсолюттік құндылығын сәйкестіндіру арқылы және осы негізде қызметтік еңбекақы жүйесін құрумен анықталады.

    Жұмыс орнының топтастырылуы осы ұйымдағы олардың әрбірінің салыстырмалы құндылығын анықтаудан тұрады. Жұмыс орны топтастырылуының кең тараған әдістері.

    • Жұмыс орнының маңызына қарай бөлу-қызметтік нұсқауларды эмприкалық талдау жолымен әрбір жұмыс орнына белгілі бір дәреже бекітіледі

    • Разрядтар жүйесін жасауда-әрбір жұмыс орнына, қызметтік нұсқауларды қанағаттандыратын сипаттамаға сәйкес разряд бекітіледі

    • Балдар жүйесінде-ұйымдағы әрбір жұмыс орнын сипаттайтын түйінді факторлар анықталады.

    Әр түрлі өтемақы әдістері әрбір жұмыс орынның салыстырмалы құндылығының мүмкіншілігіне дәрежесін дәл анықтауға мүмкіндік береді.

    Еңбек нарығы туралы ақпарат жинау әдістерінің кең тараған түрі, жалақы деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін еңбек нарығында орын алған өтемақы бейнесін анықтайтын шолу жасау болып табылады.

    Жұмыс орнының салыстырмалы және абсолюттік құндылықтарын теңеудің нәтижесі шолу нәтижесінде анықталған қызмет үшін төленетін еңбекақы шамасы мен қызметтің өзі бағаланатын балдардың қосындыларымен салыстыру арқылы табылады.

    Өтемақының дәстүрлі жүйесінің негізі болып табылатын жалақыға,қосымша ретінде қазіргі заман ұйымдар өзінің қызметкерлеріне едәуір жеңілдіктер түрін ұсынады.Мұндай жеңілдіктер қатарына барлық қосымша қызмет көрсетулер немесе төлемдер,медициналық сақтандыру,өмірді сақтандыру,материалдық көмек,қосымша демалыс,тегін тамақ, кәсіпорын автокөлігін пайдалану,санаторияларда демалу және т.б. жатады.

    Жеңілдіктер-қызметкерлердің өмір сүру деңгейін жоғарылататын қызмет көрсетуді алуға құқық беру түрінде ұйым жұмыскерлеріне берілетін өтемақының бір бөлігі.

    Кесімді еңбек ақы формасының 5 түрлі жүйесі болуы мүмкін:

    1. Тура кесімді: еңбек ақы орындалған жұмыс мөлшеріне тура пропорцоналды.

    2. Кесімді-сыйлықты: қандай да бір шартқа байланысты қосымша сый-ақы беріледі. Сыйақы негізгі еңбек ақыдан пайыз түрінде белгіленеді.

    3. Кесімді-прогрессивті: еңбек бағасы деңгейі прогрессивті шкала бойынша өсіп отырады.

    4. Кесімді-жанама: бұл жүйе бойынша негізгі өндіріске қызмет көрсететін жұмысшыларға еңбек ақы беріледі. Еңбек ақы жұмысшының жеке еңбегіне қарай емес, ол қызмет көрсететін бөлімшенің жалпы нәтижесіне тәуелді болады.

    5. Аккордты: келісім бойынша еңбек ақы жалпы орындалған жұмыс үшін беріледі. Көбінесе, ерекше немесе авариялық жағдайларда қолданылады.

    - мерзімді: еңбекті істеген уақытқа қарай береді, яғни тарифтік ставканы істеген уақытқа көбейтеді. Екі жүйесі болады:

    1. Қарапайым мерзімді;

    2. Мерзімді -сыйлықты.Кесімді –сыйлықты сияқты негізгі еңбек ақыға сыйақы деңгейі қосылады

    Өткізу бөлімінің қызметкерлерін ынталандыру негізінде қарапайым қағида жатыр,яғни өткізу көлемі мен сыйақы мөлшері арасында тікелей тәуелділік орнатылған.

    Ерекше жетістіктерге жеткенде қолданылатын марапаттаудың бір түрі-сыйақы төлеу.Сыйақы дамыған елдерде дәстүрлі өтемақы жүйесінің мына екі түрлі кемшілігін болдырмау құралы ретінде үлкен танымалдыққа ие болуда:

    • Қызметкердің жұмыс нәтижесі мен марапаттау шамасының арасындағы байланыстың аздығы

    • Жеке жұмыскердің төлемақы мөлшері мен бүкіл ұйым мен бөлімшенің іс-әрекет нәтижелерінің арасында тіклей байланыстың болмауы.

    Жұмыскерге өз жұмыс орнында оның қызметтік міндеттемелерін атқарғаны үшін,кәсіпорын мақсаттарын орындауда қосқан үлесі үшін төленетін қосымша ақыны жеке сыйақы деп атайды.

    Қазіргі уақытта сыйақы мөлшерін анықтаудың кең тараған әдістерінің бірі-«жоспарланған сыйақы мөлшерін жеке жылдық жоспардың орындалу пайыз мөлшеріне көбейту» арқылы табылады.

    Белгілі бір өндірістік тапсырмаларды ұжым орындаған жағдайда бөлімше қызметкеріне бірыңғай жалақы қорынан жалақы төленеді.Ұжымдық жалақыны бөлу бригада мүшелерімен жүзеге асады.Бөлудегі кең қолданылатын әдістердің бірі-еңбекке қатысу коэффициенті (ЕҚК),жалпы нәтижеге жетудегі әр кісінің үлес дәрежесін көрсететін коэффициент және сол бойынша бригада әрбір мүше ЕҚК тағайындау арқылы оның ұжымдық жалақыдан алатын еңбекақы үлесін анықтайды.

    Қызметкердің жеке сыйақысын бүкіл ұйым іс-әрекетінің нәтижесімен,алға қойылған мақсаттардың орындалу дәрежесімен байланыстыру үшін ұйым жұмысының қортындысы бойынша сыйақы тағайындалады.

    Қызметкердің білімі туралы төлем жүйесін енгізетін ұйым үшін жұмыскерлерді марапаттайтын «білімдерді» анықтау маңызды мәселе болып отыр.Оларды таңдауды жүзеге асыруға керек болатын қоғамдық сипаттамаларын және стратегиялық даму мәселелерін бағалау олардың негізі болып саналады.

    Басшылар біліктілігіне мыналар жатады: проблеманы шешу немесе әсер ету.

    Бүгінде адамның жұмыс орнындағы мінез-құлқына ақшалай емес марапаттау факторлары үлкен әсерін тигізеді.Қызметкердің уәждемесі мен өнімділігі қандай жағдайда, қандай құрал-жабдықтарда, қандай ұжымда ол жұмыс істейтіне, жұмыс орнына өзінің ой өрісін қаншалықты пайдалана алатындығына, оның шешім қабылдауға және адамдарды басқару мүмкіндігіне байланысты. Қоғамның дамуымен қатар осы материалдық емес факторлардың маңызы, олардың әлеуетті жұмыскерлер үшін тартымдылығы күшейе түсуде, демек жұмыскердің ұйыммен барлық қатынастарын қамтитын «біліктілік пакеті» тұжырымдамасын енгізу керек деушілер күннен күнге артып келеді.

    3. Еңбек бірлігінде нарықтық баға - уақыт бірлігіне нақты кәсіби сипаттамасы бар келісім шартқа негізделген және ақы мөлшерлемесі. Маркс бойынша жалақы мөлшерлемесі жұмысшы күшінің құнымен анықталады,яғни жұмыс күнін жақсы өндіру үшін қажетті тұтылу тауарлары, қызметтері және өмір қаражаттары. Бірақта қазір нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалақы мөлшерлемесі өндіруші минимумынан асып кетеді және ол сол елде, салада нақты сападағы еңбек ақы деңгейінен құрылады. Одан басқа жалақы мөлшерлемесін кейде «теңестіру айырмашылығы» деп айтуға болады – төлемдер, жұмыс орнын ауыстырғандағы айырмашылақтарды көрсетеді.

    Жалақының негізгі элементі – жалақы мөлшерлемесі. Бірақта ол еңбек нәтижесіне әсер ететін жұмысшылардың мүмкіншіліктерін, физикалық күнін, реакциясын ескермейді. Сондықтан жалақы құрылымында тағы бір элементті бөліп айтуға болады, ол өтпелі бөлігі. Ол еңбек қызметінің жеке нәтижесінің өзгешелігін көрсетеді: (сыйақы, қосымша төлем және т. б.) Сонымен бірге табыстың басқа түрлері де бар. Ол жұмысшының нақты кәсіпорында алатын мүмкіншілігі (материалды көмек, бағалы сыйлық, зейнетақы сақтандыруы).

    Жұмысшы үшін жалақы жоғарыдағыға қосымша айтсақ отбасының жақсы тұрмысын жақсартатын табыс.

    Жұмыс берушіге өз жұмысшыларына еңбекақы төлеу ол жұмысшы күшін жалдау үшін кеткен шығындар. Осыған қоса жұмыс беруші өнім бірлігіне жұмыс күшінің шығындарын қысқартуға ұмтылады.

    Еңбек ақы деңгейі еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың үнемі өзгеруіне байланысты жұмысшы мен жұмыс берушілердің іс-әрекетіне салмақты әсер етеді.

    Жалақының нақты көлемі нарықта, әлеуметтік қатынастарда, өндірісте пайда болатын әр түрлі факторларға байланысты.

    Адамның өз еңбегі үшін алатын ақша саны негізінде жұмыс күшініңқұны көлемінебайланысты. Әр топ үшін бұл құнның жоғарғы және төменгі деңгейі болады.

    Төменгі деңгейге өмір сүруге қажетті қаражат сомасы жатады. Олар отбасын асырау, кәсіби білім алу үшін, жұмысшының жұмыс қабілетін арттыру үшін жұмсалады. Көптеген елдерде әдейі өмір сүру минимумы деген көрсеткіш саналады. Ол кедейшілік шегін – жұмысшылардың төменгі квалификациясымен жұмыс қызметін ұстайтын қаражат мөлшері [4].

    Жоғарғы жұмысшы күші шегі ол кейбір елдерде әдет-ғұрыпты болатын әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерді өтейтін қосымша шығындар.

    Жалақының мәнін функциялардан айқын көре аламыз. Функция өз қызметін қоғамдық өндірісте: өндірісте, тұтынуда жүзеге асырылады [5]. Жалақының өзінің бес функциясы болады:

    1. Қайта өндіру

    2. Ынталандырушы

    3. Өлшеу- бөлу

    4. Ресурстік-шығарушы

    5. Төлем қабілеті бар халық сұранысын қалыптастыру

    1. Қайта өндіру функциясы. Бұл жұмысшыларды және де олардың отбасыларының мүшелерін, жұмыс күшін, ұрпақта қайта өндіру үшін керекті өмірлік құндылықтармен қамтамасыз етуге байланысты. Мұнда тұтынуды көтерудің экономикалық заңы іске асырылды. Бұл функция жалақыны мемлекеттік реттеу айырмашылықтарымен, жұмыс күшін қайта өндіруді қамтамасыз ететін заңмен бекітілген оның минималды көлеміне байланысты.

    Номиналды және нақты еңбек ақы түсініктерін ажырату.

    2. Ынталандырушы функция. Оның мәні жұмысшының еңбек үлесіне байланысты жалақы белгілеуге, кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің нәтижесіне байланысты.

    3. Өлшеу-бөлу функциясы. Бұл функция өндіріс құралдарының иелері мен жұмыстар арасындағы тұтыну қорын бөлу кезіндегі еңбекті көрсетеді. Жалақы арқылы оның еңбек үлесіне сәйкес өндіріс процесінің әрбір қатысушысына тұтыну қорындағы жеке бөлігін анықтауға болады.

    4. Ресурстік-шығарушы функция. Бұл функцияның мәні қазіргі уақытта айтарлықтай өсуде. Оның мәні еңбек ресурстарын аймақтар, салалар, кәсіпорындар бойынша таратуды тиімді үйлестіру болып табылады. Еңбек ресурстарын шығару саласындағы мемлекеттік реттеу минимумға жақын жағдайында, ал еңбек ресурстарының қызмет етуі тек жалданушы жұмысшының еркіндегі жағдайында ғана мүмкін болса, өмір деңгейін жоғарлатуға ұмтылу оның мұқтаждығын қанағаттандыратын жұмысты табу мақсатымен түсіндіріледі.

    5. Төлем қабілеті бар халық сұранысын қалыптастыру функциясы. Бұл функцияның мәні – төлем қабілеті бар сұранысты сәйкестендіру, мұнымен сатып алушылардың ақша құралдарымен қамтамасыз етілген тұтыну көрінісінің формасы түсіндіріледі. Төлем қабілеті бар сұраныс екі негізгі факторлардың әрекетімен қалыптасатынына байланысты тұтыну мен қоғамның табысы, онда жалақы көмегімен рынок жағдайында тауарлы ұсыным мен сұранымның арасындағы керекті пропорция белгіленеді.

    Жоғарыда айтылған функцияларды іске асыру үшін келесі маңызды қағидаларды қолдану керек:

    Өндіріс және еңбек тиімділігінің өсуіне қарай нақты жалақыны жоғарлату. Бұл қағида тұтынуды көтерудің экономикалық заңының объективті әрекетіне байланысты, олардың толық қанағаттануы материалдық игіліктер мен қызметтерді көп көлемде алу мүмкіндігін кеңейту арқылы іске асыруға болады. Бірақ мұндай мүмкіндік еңбек тиімділігі, өндірістік қызмет нәтижелерімен байланысты болу керек. Мұндай байланыстың болмауы, бір жағынан жалақыны төлемеуге сәйкесінше инфляцияға алып келуі, екінші жағынан – төмендетілген еңбек үлесінің тиімділігіне сәйкес номиналды жалақы төлеу. Нәтижесінде жұмысшылардың мұқтаждығын қанағаттандыру мүмкіндігі және жалақыны көбейту жоққа шығады.
    Бақылау сұрақтары:

    1.Жалақы дегеніміз не?

    2.Өтемақы дегенді қалай түсінесіз?

    3. Еңбек өнімділігіне анықтама беріңіз.

    4.Өтемақы түрлерін атаңыз.

    5.Ұйымдағы нақты жұмыс орнына сәйкес келетін және ақшалай түрдегі еңбекақының шамасы(апталық, айлық,жылдық )

    6.Ұйым қызметкерлеріне қызмет көрсетулерді пайдалану түріндегі, олардың өмір сүру деңгейін жоғарылататын өтемақы бөлігі

    7.Қызметкерлерге берілетін өтемақының көлемі тұрақты емес, керісінше оның көлемі жұмыс нәтижесіне, бөлімше немесе бүкіл ұйым жұмысының нәтижесіне байланысты өзгеріп отыратын марапаттау жүйесі

    8.Марапаттау көлемі қызметкерлердің орындаған жұмысының көлеміне байланысты болатын өтемақы жүйесі

    9.Жеке қызметкерлерді марапаттау көлемі топ жұмысының нәтижесімен анықталатын өтемақы жүйесі

    10.Кәсіпорын өндірістік қуатты жоғарылатуға ұмтылғанда пайдаланатын және көп мөлшерде өнім бірлігін сатуға бағытталған комиссиялық сыйақыны анықтау тәсілі.

    7 тақырып Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
    Қарастырылатын сұрақтар:

    1. Инвестициялардың экономикалық маңызы, олардың жіктелуі және көздері. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі, оның маңызы, міндеттері, ерекшелігі және мемлекеттік қолдау. Инвестицияларды қаржыландыру көздері.

    2. Инвестициялық жоба: мазмұны, дайындау және жүзеге асыру кезеңдері. Альтернативті инвестициялық ұсыныстарды бағалау көрсеткіштері. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесі.

    3. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиясы: мәні және әзірлеу қағидалары. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі.


    Дәріс мақсаты: Кәсіпорынның инвестициялық қызметі, оның маңызы, міндеттері, инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесін талдау.

    Негізгі категориялар: Кәсіпорын, инвестиция, қаржылық инвестициялар, нақты инвестициялар, инвестициялық қызмет, инвестициялық шығын, бизнес – жоспар, инвестициялық жоба, тактикалық жоба, стратегиялық жоба, ағымдағы таза құндылық, табыстылық индексі, табыстың ішкі мөлшері, жобаларды салыстыру, инфляция, инвестициялық тиімділік, қозғалмайтын мүлік.
    1.Инвестиция дегеніміз – инвестициялар заңды тұлғаның жарғылық қорына және активтерді ұлғайту кәсіпкерлік қызмет атқару мақсатында салатын барлық мүліктік құны немесе негізгі және айналым капиталын өндіріс барысында сатып алуға ұзақ мерзімді салым.

    Жалпы инвестицияның екі түрі бар:

    1. Қаржылық инвестициялар – құнды қағаздарды сатып алуға және өндіріске мақсатты бағытт ақша салуға жұмсалатын бөлігі.

    2. Нақты инвестициялар – капитал айналымын ұлғайту немесе негізгі капиталды қайта өндіру мақсатында салынуын айтамыз.

    Инвестициялар ЖҰӨ – нің ең маңызды және өзгермелі компоненттерінің бірі. Қашанда болмасын құлдырау кезінде тауарлар мен қызметтерге шығын қысқарады. Бұл қысқарулардың көп бөлігі инвестициялық шығындар көлемінің құлдырауына қатысты.

    Инвестициялық шығындардың 3 типі ерекшеленеді:

    1. Кәсіпорынның негізгі қорына инвестициялар. Кәсіпорынның өздерінің өндірістік қзметіне пайдалану үшін алынған ғимарат және құрылыс, құрал – жабдықтар саналады.

    2. Тұрғын үй құрылысының иныестициялары – бұл тұру үшін алынған үйлерге, сондай – ақ жалдап тұруға берілген үйлерге шыққан шығындарды қамтиды.

    3.Сақтық қор инвестициялары – фирмалардың сақталуғақолданылатын фирмаларын өндірістің ішкі шикізаттар мен материалдарды бітпеген өндіріспен материалдарды қамтиды.

    Кәсіпорынның инвестициялық қызметі бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды ролб атқарады. Ол өзіне тән заңдылықтар мен дами отырып, өзіндік логикаға ие объективті үдеріс. Себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғатты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді. Инвестициялық үдеріс кәсіпорынның жосапрын анықтаудан басталады. Бұған төмендегі факторлар әсер етеді:

    Кәсіпорынның өмір сүру цикілінің сатылары

    Жалпы даму стратегиялары

    Инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтарының жағдайы

    Құралдардың салу объектісі ретіндегі кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы

    Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерізімді мақсаттарға бағытталуы керек және сәйкес инвестициялық жобалармен бағдарламаларды іріктеу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет.

    Кәсіпорынның әр түрлі кезеңдеріндегі нақтыланған ұзақ мерізімді мақсаттары ретінде келесілер болуы мүмкін:

    1. белгіленген нормалар

    2. пайда көлеміне жету

    3. нарыққа бақылау жүргізу үлесі

    4. сауда айналымын ұлғайту арқылы көлемді өсіру

    5. жаңа өнім өндіру

    6. өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру

    7. қоршаған ортаны қорғау.
    2.Қазақстандық инвестициялардың тәжірибесінде бизнес – жоспары, инвестициялық жоба түсініктері қолданылуда. Бизнес - жоспар – бұл кәсіпкерлік іскерлікпен байланысты басқарушылық шешімдерді кешенді жүйесі түрде түсіндіре отырып, алдыға қойылған мақсаттарға ішкі және сыртқы жағдайларды объективті түрде бағалайтын, мақсаттарға жету үшін қажет ресурстарды анықтайтын бизнеске тартылған барлық қатысушыларға дәлелдеме жасайтын құжат.

    Бизнес – жоспарлар барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдарға іскерлік ақпараттарды жеткізуге арналған құжат. Бизнес – жоспары жаңа өндірістік қуат құру арқылы немесе өндірісті жаңарту, оны техникалық қайта қамсыздандыру негізінде, жаңа өнім шығаруда сырттан қаржы көздерін тартумен байланысты ұзақ мерзімді шешімдерді негіздеуге қолданылады. Бизнес – жоспарды жасаушылар алдында тұрған негізгі міндет инвесторларды тарту.Бизнес – жоспарын алдымен жобаның табыс бөлігімен, одан кейін шығын бөлігімен қалыптастыра отырып, қаржыландыру мүмкін болатын ұйымдастырушылық – құқықтық мүмкіншіліктер есепке алына отырып, тиімділікті есептеуі қажет.

    Бизнес – жоспар

    1. Өндірілетін өнім сипаты

    2. Өнімді өткізу нарығы

    3. Бәсекелестер

    4. Маркетинг жоспары

    5. Өндіріс жоспары

    6. Өндірісті ұйымдастыру

    7. Заңдық жоспар

    8. Қаржылық жоспар

    9. Қаржыландыру жоспары

    10. Резюме

    11. Қосымшалар

    Жалпы бизнес – жоспарды құрудағы нвестицияларға қажеттелік компанияның алдындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін қажет қосымша қаражаттарды бағалау.

    Барлық есептеулер мен болжамдар сомасы мұқият құжатталып қаржы бөліміндегі сәкес болуы тиіс.

    Жобаның инвестицияны тартумен байланысты инвестициялық жоба деп аталады.

    Жоба бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс. Ол екі түрге бөлінеді:

    1. Тактикалық жобалар шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарылатумен және қондырғыларды жаңартумен байланысты.

    2. Стратегиялық жоба

    Жобалаудың цикл кезеңдері:

    1. Жобаның тұжырымдалуы немесе идентификациялануы.

    Кәсіпорынның жетекшілерінің кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасауы. Талдау жасай отырып, әрі қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтау.

    2. Жобаны дайындау – жобаның бизнес идеясы.

    Тексерімнен өткеннен кейін оның оң және теріс екендігі туралы шешім қабылдауға тиіс. Бұл кезеңде жобаның барлық бағыттарында коммерциялық, техникалық, экономикалық т.б. нақтылаумен жетілдіру қажет.

    3. Жобаны сараптау

    Жобаны жүзеге асыру алданыда оны білікті сараптамасын жобаның өмірлік цикілін анықтау тиіс. Егер кәсіпорынның инвестициялық жобасын өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарламаса, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін сараптама қажет.

    4. Жобаны іске асыру

    Бизнес идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды, бұның мақсаты бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткізілетіндігін тексеру және инвесторлардың салған ақшаларына күтетін қайтарымдарын қамтамасыздандыру.

    5. Нәтижені бағалау

    Жобаның соңында сондай – ақ орындау үдеріс кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады.

    Инвестициялық жобалардың түрлері:

    • тұрақты масштабтағы бизенстің табиғи жалғасуы ретінде ескірген құралдарды ауыстыру.

    • ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында

    • өнімді шығаруды арттару және қызмет көрсету нарығын кеңейту.

    • жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту.

    • экологиялық жүгі бар жобалар.

    Инвестициялық талдаудың құрамдас бөлігі іс – әрекеттің тиімділігін бағалау болып табылады. Инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістері екі топқа бөлінеді:

    1.Қарапайым немесе статистикалық

    2.Диконттау әдістері

    Қарапайым немесе статистикалық:

    1.1 Өтімділік мерзімі

    1.2 Табыстың қарапайым мөлшері

    1.3 Дисконтталған өлшемдері

    1.4 Ағымдағы таза құндылық

    1.5 Табыстылық индексі

    1.6 Табыстың ішкі мөлшері

    1.7 Пайда мен шығын қатынасы

    1.8 Жобаларды салыстыру

    1.9 Инфляцияның инвестициялық тиімділігінің бағасына әсері

    1.10 Ең төменгі құн өлшемі бойынша шешім қабылдау

    Инфляциялық өтімділік мерзімі – бұл таза түсімнің бастапқы сталымдарының орнын толтыруын күтетін кезең (мұнда таза түсім шығындарды шегеріп тастағандағы ақшалай түсімді білдіреді). Егер ақша түсімі бірқалыпты болмаса, онда әрбір оспарлау интервалы үшін бастапқа шығындар мен таза табыстар қалдықғы теріс болғанша шегеріліп отырады.

    Табыстың қарапайым мөлшері – бұл әдіс бойынша есептелетін шама рентабельділік коэффициентіне ұқсас және бір жоспарлау интервалы аралығында инвестициялық шығындардың қандай бөлігі табыс түрінде қайтарылатынын көрсетеді. Табыс мөлшерінің есептік шамасын табыстың минималды және орташа деңгей салыстыру негізінде инвестициялар берілген инвестициялық жобаны әрі қарай талдау мақсаты туралы қорытынды жасайды.

    Дисконтталған өлшемдері – ақшаның уақытша құнын есептеу механикасына негізделген өлшемдерді дисконттау өлшемдері дейміз. Өлшемдерді есептеуде пайыздың қойылымдар түсінігі қолданылады. Оның түсінігіне инфляция, тәуекел және ақшаны пайдаланудың альтернативті мүмкіншілігі қолданылады.

    r =IR₊MRR * RI (17)

    мұнда :

    IR – инфляция қарқыны

    MRR – минималды нақты табыс мөлшері

    RI – нақты капитал салымына түсетін табысты алу тұрақсыздығы немесе инвестициялық тәуекелдіі дәрежесін есепке алатын коэффициент.

    Инвестициялық жобалау тәжірибесінде қазіргі кезде жобаның тиімділігін бағалаудың төмендегі дисконтталған өлшемдері қолданылады.

    1. Ағымдағы таза құндылық

    2. Табыстылық индексі

    3. Пайданың шығындарға қатынасы

    4. Жоба табыстылығының ішкі мөлшері

    5 Өтімділік мерзімі

    Ағымдағы таза құндылық

    MPV= + + ... + (18)

    Мұнда:

    MPV – шешім қабылдайтын тұлғалар

    - жоба пайдасы



    r – дисконттау өлшемі

    Ағымдағы таза құндылықты анықтау отырып, тиімді жобалардың таңдауымыз тиіс, егер ағымдағы таза құн теріс боласа, онда ақша құралдарын пайдалану тиімсіз болады.

    Табыстылық индексі

    PI=MPV\Co (19)
    PI – табыстың индексі

    MPV – ағымдағы таза құндылық

    Co – бастапқы шығындар

    Табыстың ішкі мөлшері – бұл ағымдағы таза құндылықпен табыстылық индексін есептеу барысында пайыз қойылымын таңдау арқылы оның көлемін инфляция қарқынын балама мүмкіншіліктерді және инвестициялық тәуекелділік дәрежесін айқындайды.

    Пайда мен шығын қатынасы – диконтталған пайда ағымының дисконтталған шығын ағымына бөлген бөлімі:

    B\C= (20)

    Бұл өлшем табыс индексі өлшемдерінің жеке жағдайы болып табылады. Егер пайды шығын қатынасы бірліктен үлкен болса, онда жоба табыстылығы минималды қажеттіліктен жоғары және жоба тартымды деп саналады.

    Жобаларды салыстыру – инвестордың дұрыс шешім қабылдауы балама жобаларды салыстыруға негізделеді. Инвестициялық жобаларды тиімділік мөлшері кез келген үлгілері сияқты белгілі шарттарға негізделеді.

    Инфляцияның инвестициялық тиімділігінің бағасына әсері. Инфляция әсерін талдау 2 оңтайлы нұсқа үшін келтірілуі мүмкін:

    1. Ресупрстардың жекелеген құрамдас бөліктері бойынша инфляцияның әртүрлі қарқыны

    2. Шығындардың әртүрлі құрамдас бөліктері үшін инфляцияның бірдей қарқыны

    Нақты жағдайда бірінші нұсқа таза мән әдісі түрінде қолданылады. Бірақ шығын мен табыс құрамы және дисконт көрсеткіштері жылдар бойынша күтілетін инфляция қарқынына сәйкес дұрысталады.

    Екінші нұсқа шегінде инфляция әсері ерекше сипатқа иеленеді. Инфляция есептеуде табысталатын салдарға аралық мәндерге көңіл аударылады, бірақ қорытындысы жобаға әсер етпейді.

    Ең төменгі құн өлшемі бойынша шешім қабылдау. Ақшалай табысты есептеу қиын немесе мүмкін емес инвестициялардың жобалары бар.

    Инвестиция инвесторлар заңды тұлғаның жарғылық қорына және активтерді ұлғайтуға кәсіпкерлік қызмет атқару мақсатында салатын барлық мүліктің құны немесе негізгі және айналым капиталын өндіріс барысында сатып алуға ұзақ мерізімді салым.

    Агаралық инвестицияның дамуына 4 бағыт әсер етеді:

    1.Тозған, ескірген жабдықтарды ауыстыру.

    2. Жаңа технологияны енгізу, өнімділігі жоағры технлогияны сатып алу.

    3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту.

    4. Жаңа өндіріс түрелрін дамыту.

    Инвестициялар пайдалану мақсаты мен мерзіміне байланысты 4 – ке бөлінеді:

    1. Кеңейту инвестициялары – жаңа негізгі капиталдар салу және айнлым капиталдарын кеңейтуге шығарылған шығындар.

    2. Жаңарту инвестициялары – істегі негізгі капиталдың қайта қалпына келу мақсатындағы шығындар.

    3.Тікелей инвестициялар – инвестицияның шетел кәсіпорындарымен копанияларға салым салуы және ол компаниялар салым салу қызметін бғалау құқығына ие болады.

    4. Қорытынды инвестициялар – шетел кәсіпорындарының акциялар, облигациялар және басқа да құнды қағаздарынан пайда табу.

    Күрделі салымдардың ауыл шаруашылығында пайдалану бағыттары:

    1. Өндірістік және өндірістен тыс объектілерге салым салу.

    2. Қысқа мерізімді инвестициялар.

    3. Трактор, комбайнер, көлік құралдары және же басқа ауыл шаруашылығы машиналарын сатып алу.

    4. Өнім беретін және жұмыс малының негізгі табысын қалыптастыру.

    5. Жүзімдіктер, бау – бақшаларды егу.

    6. Жерді жақсарту шараларын жүргізу.

    7. Істегі өндірістерді кеңейту және жаңа өндірістерді алу.

    Нарықтық жағдайларда күрделі салымдардың деректі көздері кәсіпорынның өз құралдары болып табылады.

    Оларға: негізгі өндірістен түсетін пайда, амортизциялық төлемде, экономикалық ынталандыру қоры, басқа да кәсіпорыннығң құралдары жатады.

    Сырттан алынатын күрделі салымдардың деректі көздері: банктер несиесі, АҚ мүшелерінің салымдары, акциялардан түсетін қаржы.

    Ауыл шаруашылығы инвестицияларын талдау шаралары:

    1. Кәсіпорынның нақтылы инвестицияларын анықтау.

    2. Нақтылы ақша көлем төленетін соманы белгілеу.

    3. Инвестициялық жылда кіретін кірісті бағалау.

    4. Банкт несиесінің пайыз ставкасын бағалау.

    5. Қазіргі кезде қажет ақша мөлшерін келесі жылдарда түсетін таза пайда мөлшерін салыстыра отырып есептеу.

    6. Инвестицияның нұсқауын таңдау.

    Капиталда тауардың дисконттық құнына, яғни болашақ табыстар еселенген құн дисконттық құн деп аталады.

    1. Егер әр жылда түсетін табыс мөлшері бірқалыпты бола, онда былай есептеледі:

    До = О/ (1+П)/Х (21)
    До – капитал тауардың дисконттық құны

    О – кәсіпкердің жылына алатын табысы

    П – банктің жылдық пайыз ставкасы

    Х – табыстан түсеін жылдың саны

    2. Егер әр жылда түсетін табыс мөлшері өзгеріп отырса, онда дисконттың құны төмендегідей есептеледі:

    До =О1 / (1+П) + О2/ (1+П) + Оn/ (22)

    Инвестицияны тиімді пайдлану көрсеткіштері:

    1. Инвестицияның өтелу мерзімі

    Өм=И/П (23)

    2. Инвестицияның жалпы экономикалық тиімділігі

    Эт=ТӨ/И (24)

    3. Инвестицияның пайда бойынша экономикалық тиімділігі:

    Эп=П/И (25)
    4. Инвестицияның өтелу деңгейі:

    Өд = (26)
    5. Күрделі салымды пайдалану тиімділігі бойынша көрсеткіштер:

    1. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша

    Э а/ш = (27)
    2. Таза пайда бойынша анықталатын эт

    Эп = (28)
    3. Пайда бойынша есептелетін экономикалық тиімділік

    Эп = П/КС (29)
    4. Жаңа салынып жатқан объектілер бойынша есептелетін экономикалық тиімділік

    Эж.қ. = (30)
    Б – кәсіпорынның көтерме бағасы бойынша есептілік шығарған өнімі

    Ө – бір жылғы өнімнің өзіндік құны

    Қозғалмайтын мүлік – бұл әлемнің барлық елдерінің ұлттық байлығының негізгі бөлігі. Ол әлемдік байлықтың 50 пайызын құрайды. Қозғалмайтын мүлік маңызды экономикалық ресурс болып табылады. Сондықтан қозғалмайтын мүлікті тиімді басқару арқылы оны дұрыс бағалау және қозғалмайтын мүлікке инвестицияны салу бағытында дұрыс шешім қабылдаған жағдайда мемлекеттегі экономикалық жетістіктен шығуға болады.

    Нарықтық құрамды бөлігінің негізгі объектісі – бұл қозғалмайтын мүлікті инвестициялау. Қозғалмайтын мүлікке жер, ғимарат т.б. жатады.

    Қозғалмайтын мүлікті бағалау – бұл барлық құрылысты үйлер мен ғимараттарды және жер учаскелерін бағалау болып табылады. Қозғалмайтын мүлік объектілеріне мыналар жатады: үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштар, аяқталмаған құрылыс.

    Қозғалмайтын мүлікті бағалау үшін 3 түрлі көз – қарас қажет:

    1. Шығындық; 2. Табыстылық; 3. Салыстырмалы.

    Шығындық тәсілді қолданудың мақсаты – жер учаскелерін сатып алуға кеткен, оның қоғамдандырылуы және құрлысына кеткен шығындарды айқындау.

    Шығындық тәсілді қолдану мынадай жағдайларды қажет:

    1. Жаңа құрылысты талдағанда

    2. Жерді пайдалану нұсасын анықтағанда

    3. Үйлер мен ғимараттарды қайта қалпына келтіруде

    4. Салық салуды бағалауда

    5.Мүлікті бағалауда. Табыстылықтың жоғары деңгейін анықтауда.

    6. Сақтандыруды бағалау мақсатында

    7. Табиғи апат салдары.

    8. Арнайы үйлер мен ғимараттарды бағалауда

    Табыстылық деңгейі – бұл қозғалмайтын мүліктің құнын өзінің жеке пайдасына ағымдағы келтірлген есеп негізінде жүргізіледі. Қозғалмайтын мүлік иесіне мынадай табыс түрлерін әкелуі мүмкін:

    1. Ағымдағы ақшалай түсімдер

    2. Салықтардың түрін аз төлеу

    3. Жалгерлік ақыдан алынатын табыс

    4. Қозғалмайтын мүлікті қайта сатудан құнның өсімінен қайта түсетін табыс.

    ҚР – ның алданда тұрған басымды міндеттердің бірі әлемдік шаруашылық жүйесінде интеграциялау болып табылады.

    Тұрақты саяси жағдай табиғат ресурстарының бай қоры шетел капиталын тарту сыртқы экономикалық байлықтары даму үшін ұмтылыс болып табылады.

    Шетел капиталы кәіспкерліктің дамуы үшін жаңа инфрақұрылым құру экспарттың базасын дамытуға бәсекеге қабілетті өнім шығару мақсатында экономикадағы жаңа құрылымды қайта құрылуды жүзеге асыруда шетел кпиталын тартудың негізгі мақсаттары мыналар:

    1. Экономиканы инветициялық ресурстармен қамтамасыз ету.

    2. Алдаңғы қатарлы технологияларды тарту. Өндірісті басқару мен ұйымдастырулардың прогрессивті формасын енгізу.

    3. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын әлемдік шаруашылық жүйесіне, экономикалық интеграциялау процесін белсенділікті күшейту.

    4. Қазақстан экономикасына экономикалық ынтымақтастық шетел инвестицияларымен қамтамасыз ету.

    Шетел инвестицияларды тартудың негізгі мақсатын жүзеге асыру процеінде келесідей маңызды экономикалық және әлеуметтік – экономикалық мәселелер шешіледі:

    1. Экономикаға құрылымды қайта құруларға және нарықтық қытнастардың дамуына ықпал етеді.

    2. Өндірістегі бәсекелстік ортаны дамыту.

    3. Экспорттық потенциалды тиімді дамуымен жоғарылауына оның шикізаттың бағытталуын қамтамасыз ету. Экспорттық экспанцияны күшейту және оның сыртқы нарық позициясын нығайту.

    4. Өндірістің ғылыми техникалық деңгейі жоғарылайды және жаңа техника мен технология, тұрмыстың және басқару әдістерінің негізінде бәсекеге қабілетті

    5. Өндірістік немесе өндірістік емес тұтынуға дйындықтың жоғарғы дәрежедегі өнімдерді шығарумен байланысты техникалық циклдердің қалыптасуы.

    6. Дегрессивті - дамуы төмендеген шалғай немесе экономикалық нашар аудандардың дамуына әсер етеді. Жаға жұмыс жұмыс орындары пайда болады.

    Қарастырылып отырған іс – шаралардың мәні – бұл инвестициялар шетел инвесторлары үшін ҚР – да инвестициялық климат құрумен болашағы бар және тұрақты шетелдік инвестицияларды іздеумен оларды капиталын өндірістің басым салалрына бағыттау.

    Қойылған міндеттерді шешу үшін келесі шарттар қажет:

    1. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуды мүмкіндігін негіздеу.

    2. Олардың меншігіне кепілдеріне құқықтарын қорғау.

    3. Тәуекелділікті минималдау немесе заң тұрғысында нығайтумен қалыптастыру.

    4. Тікелей және портфельдік инвестициялардың ағылуы үшін ынталандыруды қалыптастыру.

    5. Шетелдік инвестицияларды реттеудің тұрақты құқықтарын қалыптастыру.

    Шетелдік капиталды тартау саясатын жүргізген кезде келесі принциптерді басшылыққа аламыз.

    Шетелдік инвестициялар дегеніміз – бұл ҚР – сы территориясында кәсіпкерлік қызметте шетел капиталын салу б.т. , яғни шетелдік капитал

    Бұл азаматтардың құқықтық объектілері түрінде шетелдік инвесторларға қатысты, оның иесінде ақша қаражатары мен басқа да мүліктерді мүліктік құқығымен интеллектуалды қызмет нәтиежсіне ақшалай баға беру құқығы болып табылады.

    Шетелдік инвестицияларға қажеттілік жобаның мақсатына байланысты. Мысалы, соңғы кездері ҚР – да берілген несиелер бюджет тапшылығын шешетін категория ретінде қарастырылса, әлемдік қаржылық нарықта Қазақстан негізінен несие алушы мемлекет. Тікелей инвестициялар шетелдік фирмаларда тек қана қосымша көздері ішкі капиталды қаржыландыру бағытында ғана емес, сонымен қатар жаңа дамыған технологияны ендірумен сыртқы нарықта өндіріс жүйесін қаржыландырудың инвестициялар жаңа көзі болып табылады. Шетелдік инвестициялар жаңа жаңа өндірістің қалыптасуына, оның тез арада іске қосылуына әсер етеді.

    Шетелдік инвестициялар 2 түрге бөлінеді:

    1. Тікелей – отандық кәсіпорындарды бақылау арқылы шетелдік инвестициялар тарту.

    2. Портфельдік – мұнда инвестордың тек қана табысты көздеп, ал кәсіпорынның жұмысына қызығушылық танытпайды.

    ҚР – на шетелдік инвестицияны тарту мынадай әлеуметтік – экономикалық мәселелер шешуін табу қажет:

    1. Қазақстанның ғылыми – техникалық әлеуетін жаңғырту.

    2. Отандық тауарларды сыртқы нарыққа шығару.

    3. Жаңа жұмыс орындарын ашу және өндірісті ұйымдастырудың ілгерілемеліүлгілерін ендіру.

    4. Өндірістік инфрақұрылым дамуына әрекет ету.

    Шетелдік инвестицияның отандық экономикаға әсері:

    1. Мемлекеттік өзара үлгідегі инвестиция немесе мемлекеттік қарыз

    2.Қазақстандық кәсіпорындарға акционерлік капитал салымын ұйымдастырудағы инвестициялар

    3. Бағалы қағаздарға салынатын ұйымдардағы инвестициялар

    4. Шетелдік инвестициялар

    5. Лизингтік несиелер
    3. Кәсіпорындағы инвестициялық стратегияның мәні және оның дамуындағы ролі. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының принциптері мен кезеңдері. Инвестициялық стратегияның жоспарлы әдістері.

    Инвестициялық стратегияның жоспары. Стратегиялық бағыттардың негіздемесі және инвестициялық қимылдың нысандары.

    Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің жоспарлы мониторингі.

    Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының мәні мен принциптері.

    Қандай да бір мақсатқа жету үшін, инвестициялық процесс те басқаруды қамтамасыз етеді. Осыған байланысты инвестициялық процесс инвестициялық процестің негізінде құрылады және әртүрлі қаржы экономикалық әдістерді қолдануды жоспарлайды.

    Инвестициялық стратегияның институционалды аспекті өзі үшін келесі негізгі бөлімдерден құралады: инвестициялардың түрлері, инвестициялық портфель және тәуекел.

    Экономикалық аспект бұл инвестициялық стратегиялардағы экономикалық бөлімдердің жиынтығы, оларға жататындар: инвестициялық стратегия жүйесінің экономикалық жүйесін бағалау, басқару, инвестициялық процесті қаржыландыру.

    Инвестициялық стратегияның ақпаратты аналитикалық аспектісі ақпаратты жөндеу жүйесін (АЖЖ) құрайды, ол келесі элементтерден тұрады: ақпаратты сұрыптау мен жүйелілік жиынтығы, ақпаратты сақтау жүйесінен, іздеу жүйесінен, ақпараттық анализ жүйесінен тұрады. АЖЖ инвестициялық корпорация стратегиясы ішіндегі ақпаратты оперативті базисі болады, ол заңды негіздерге және фискалды орталарда болып жатқан өзгерістерге оперативті түрде көңіл бөлінеді, нарықтағы экономикалық перспективті болжауды институционалдық аспектегі шекті өзгерістерді жоспарлау және инвестициялық стратегияның негізгі экономикалық аспектісін түзетеді.

    Осылайша, инвестициялық стратегия бұл жоғары интеграцияланған тұтас, түрлі аспектерден құралатын, корпорацияның негізгі мақсатына жеткізетін жүйе болып табылады.
    Бақылау сұрақтары:

    1. Инвестиция дегеніміз дегеніміз не?

    2. Инвестицияның түрлерін атаңыз.

    3. Инвестициялық шығындардың қанша типі ерекшеленеді?

    4. Кәсіпорынның әр түрлі кезеңдеріндегі нақтыланған ұзақ мерізімді мақсаттары қандай?

    5. Инвестициялық жоба ұғымына анықтама беріңіз.

    6. Жобалаудың цикл кезеңдерін атаңыз.

    7.Инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістері қанша топқа бөлінеді?

    8. Инвестициялық жобалау тәжірибесінде қазіргі кезде жобаның тиімділігін бағалаудың қандай дисконтталған өлшемдері қолданылады?

    9. Инфляцияның инвестициялық тиімділігінің бағасына әсерін қалай анықтауға болады?

    10. Инвестицияның жалпы экономикалық тиімділігін қалай анықтайсыз?

    8 тақырып Кәсіпорынның инновациялық саясаты
    Қарастырылатын сұрақтар:

        1. Инновациялардың (жаңашылдылықтар): маңызы және жіктелуі.

        2. Кәсіпорынның инновациялық қызметі: маңызы және міндеттері.

        3. Жаңашылдықты басқару.

    Дәріс мақсаты: Кәсіпорынның инновациялық қызметі, оның маңызы, міндеттері, инновациялық жобалардың портфелін қалыптастыру, олардың маңызы, бағалау қағидалары және факторларын талдау.

    Негізгі категориялар: инновация, инновациялық саясат, индустриалды-инновациялық даму инвестициялық тиімділік, қозғалмайтын мүлік.
    1.Мемлекетіміздің даму стратегиясындағы инновациялық бағыт – бұл ұрпақ үлесін ғасырлар қойнауына апаратын сара жол.

    Инновация дегеніміз – жаңалықтарды іске асыра отырып, жасалынып жатқан үдерістер мен өнімдердің сапасын арттырып, оларды нарық үшін бәсекеге қабілетті ету болып табылады. Осы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының жаңаруы жағдайындағы мемлекеттік құрылымның барлық саласында инновациялық зерттеулер жүргізу бүгінгі қоғамның сұранысы.

    Индустриалды-инновациялық даму-бұл экономикалық жүйенің жедел түрде дамуы, ғылыми білімдерді инновацияларға және өндірістік қызметке айналдыру процесі. Оның ажырамас бөліктері ретінде сарапшылар жаңа технологиялық құралдарды енгізу, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жою, инновациялық қызметті ынталандыру, алдыңғы қатарлы технологиялар мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуді атап отыр. Яғни, бұл – ең алдымен мемлекеттің және оның институттарының жан-жақты экономикалық жүйесінің модернизациясына бағытталған ісшаралар кешені. «Индустриалды-инновациялық даму» терминінің өзі арнайы түсіндіруді талап етеді. Сарапшылар көрсетіп отырғанындай, дамудың индустриалды кезеңінен Қазақстан кеңестік кезеңде өтіп қойған. Сондықтан индустриалдық пен индустриалды-инновациялық дамуды нақты түрде өзара арасын ажыратып алу керек. Егер алғашқысы экономикалық жүйенің кәсіптік және өндірістік негіздерін қалыптастыру процесін білдірсе, екіншісі сол қалыптасқан өндірістік-кәсіптік базаны жақсарту (усовершенствование), оны жаңа жағдайларға байланысты қайта құрылымдау дегенді білдіреді. Кейбір сарапшылар инновация түсінігін экономикалық шеңберден шығарып, оны адамгершілік-мінез-құлықтық құрамдас бөлігін алғашқы орынға шығарып жібереді. Яғни, бұл мағынада инновация ішкі өзгерістерді білдіріп, уақыт қажеттілігіне байланысты адамдар санасының «реформасын» көрсетеді:

    «Қазақстан - 2030» стратегиясын жүзеге асырудың соңғы жылдары, экономиканың сатылы дамуы адам басына орташа табысты екі есе ұлғайтуға мүмкіндік берді. Стратегияның көптеген сандық параметрлері мезгілінен бұрын орындалып болды. Осыған байланысты, сонымен қатар қауіпсіздіктің сапалы жаңа сипатына байланысты, ел басы «Қазақстан - 2050» стратегиясын дамудың жаңа векторы түрінде анықтады.

    Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын табысты жүзеге асыру арқасында, мемлекетте тұрақты өнеркәсіп орнықты, бірақ оның кейбір түрлі салалары, 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламадан кейінгі дамуды талап етеді. Қазіргі өнеркәсіптік саясаттың негіздері салынып, өнеркәсіптік дамуды қолдаудың құралдары мен тұра шетелдік инвестициялады баурау тәжірибе жүзінде сыналды. Алайда ол да жеткіліксіз.

    Өнеркәсіптік индустрияны дамытудың 2015-2019 жылдарға арнаулы бағдарламасы оның мықты және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін талдаудың арқасында өңделіп жасалды. Зерттеу барысында әлі де жеткіліксіз инвестициялық белсенділік, квалификацияланған мамандар жетіспеушілігі, кіші мен орта бизнестің аз үлесі тәрізді тосқауылдар анықталды. Олардың бәрін бағдарлама ресурстық секторларда өндірудің сапасын жақсарту, Кедендік Одақ, Қытай, Орта Азия елдері мен Каспий маңы елдері нарығына қол жеткізу тәрізді мүмкіндіктерді пайдаланып шешпек.

    Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы «Қазақстан - 2050» стратегиясының қағидаттары мен мақсаттарымен сәйкес және республикамыздың ең дамыған елдер қатарына жату тұжырымдамасымен сәйкес жасалды.

    Бағдарлама өзіне тәріздес табысты жүзеге асырылған осыдан бұрын өткен бесжылдықтың логикалық жалғасы болып табылады. Жаңа бағдарламаның басты мақсаты – әртараптандыру мен өндіру саласындағы мемлекет бәсекелестігін арттыру.

    «Инновация» сөзі орыс тілінде «жаңашылдық», «жаңару», «жаңа» аударылады.

    Орыс және шет ел әдебиетінде кездесетін инновация анықтамалары


    1.2 сурет – Инновация ұғымы
    Инновация анықтамаларының тізбесін ары қарай жалғастыруға болар еді. Әр түрлі анықтамалардың арасындағы маңызды өзгешелік автор инновация ұғымының қалай қарайтындығында. Негізгі екі тәсілін бөлуге болады:

    1 Инновация шығармашылық үрдістің нәтижесі ретінде қарастырылады.

    2 Инновация жаңашылдықты енгізу үрдісі ретінде көрсетіледі.

    Осы уақытқа дейін осы тәсілдер мен анықтамалардың қайсысы анағұрлым тиімді екені жөнінде қызу дискуссиялар жүруде. Соңғы кезде бұл дебаттар бәсендеп қалды, себебі бүгінгі күнде арнайы басқару дәрежесі ретінде инновация ұғымының халықаралық стандартын әзірлеу туралы айтуға болады.

    Бұл халықаралық стандарттың қалыптасуына «Фраскати жетекшілігі» және «Осло жетекшілігі» атымен әйгілі екі жұмыс әсер етті. Оның біріншісі – «Фраскати жетекшілігі» – Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымының (ЭЫДҰ) ғылым мен инновация бойынша ұлттық сарапшылар тобымен үнемі түзетіліп жетіліп отырады. Жетекшіліктің бірінші нұсқасы (ғылым мен инновация туралы ақпаратты жинау, өндеу және талдау бойынша ұсыныстардан тұрады) 1963 жылы италияндық Фраскати қаласында қабылданған (осыдан құжаттың атауы шыққан). ЭЫДҰ сарапшылар тобымен үнемі жаң ұсыныстар әзірленгенімен құжттың атауы осылай қала береді. Инновация ұғымына деген жалпы көзқарасты қалыптастыруға әсер еткен екінші құжат 1992 жылы Ослода қабылданған және технологиялық инновациялар туралы мәліметтерді жинақтау әдісін білдіреді («Осло жетекшілігі»).

    Қазіргі уақытта осы құжаттарда қабылданған инновация ұғымын басқару саласындағы теоретиктер мен практиктердің көбі ұстанады. Біздің елде инновация туралы нормативтік-құқықтық базаны, инновациялық қызмет туралы тұжырымдамаларды, бағарламаларды, бсқа да стратегиялық құжаттар әзірлеу кезіңде негізге алынды. Бұған ере келе инновация ұғымын біз былай түсінетін боламыз (синонимі – жаңаны енгізу):


    Инновация (жаңаны енгізу) – бұл нарықта таратылатын жаңа немесе жетілдірілген өнім немесе практикалық қызметте пайдаланылатын жетілдірілген технологиялық үрдіс түрінде көрінген шығармашылық қызметтің соңғы нәтижесі.


    Басқа сөзбен айтқанда, инновация – бұл тұтынушылардың арнайы сұранысын қанағаттандыру үшін практикалық пайдалану мақсатында жаңа идеялар мен білімді жүзеге асыру нәтижесі.

    Бұл дегеніміз, мысалы, сұлбада, сызбаларды бейнеленген немесе түбегейлі сипатталған жаңа идея әзірленді делік, бірақ оны бір де бір салада пайдаланбайды, нарықта тұтынушыларын таба алмайды делік, яғни шығармашылық еңбектің нәтижесі болған бұл жаңа идея, бұл білім инновация болып табылмайды.

    Бұдан, инновацияның негізгі қасиеттері (кретириилері) болып келесілер табылады:

    • ғылыми-техникалық жаңашылдық;

    • практикалық кірігу (өндірістік пайдаланымы), яғни пайдалану, мысалы, өндірісте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда, білімде немесе басқа қызметтік салаларда;

    • коммерссиялық жүзеге асырылу, ол жаңашылдық нарықта «қабылданды» дегенді білдіреді, яғни нарықта жүзеге асырылады, бұл өз ретінде тұтынушылардың кейбір сұраныстарын қанағаттандыру қабілетін білдіреді.

    «Инновация» ұғымы «инновациялық үрдіс» ұғымымен тығыз байланысты.


    Инновациялық үрдіс жаңашылдықты (инновацияны) жасау және таратуды білдіреді.


    Инновациялық үрдісті қарастыруда (1.3 сурет), базалық болып табылатын бір қатар ұғымдарды анықтап алу қажет.

    Инвенция, яғни инициатива, ұсыныс, идея, ой, ойлап табу, ашу.

    Жаңашылдық – техникалық немесе экономикалық жобаға, модельге, тәжірибелік үлгіге кіріктірілген жұмыс жасалған инвенция.

    Инновация тұжырымдамасы – инновацияның белгісін, оның ұйымдастыру жүйесінде, нарықта орнын сипаттайтын бейімделген базистік ұғымдар жүйесі.

    Инновация инициациясы – бұл мақсаты инновациялық үрдісті тудыру болып табылатын ғылыми-техникалық, эксперименттік немесе ұйымдастырушылық қызмет.

    Инновация диффузиясы – еруші фирмалар (имитаторлар) есебінде иновацияның таратылу үрдісі.

    Инновация рутинизациясы – уақыты келе тұрақтылық, үнемділік және ең оңында инновацияның моларьді тозуы арқылы инновацияны алу.



    1.3 суреті Инновациялық үрдістің кезеңі
    Инновациялық үрдістің динамикасына қатысты түбегейлі сұрақтардың бірі жаңа білімнің пайда болуы мен оны пайдалану, енгізу, яғни инновация арасында пайда болған уақытша интервалдың, лаганың қысқаруы болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, инновациялық үрдістің алғашқы екі компоненті – жаңашылдық және инновация арасында уақыттың зор айырмашылығы бар, бұл жалпы инновациялық үрдісті тежеуілдетеді.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта