Главная страница
Навигация по странице:

  • Қарастырылатын сұрақтар

  • Кәсіпорын экономикасын зерделеудің негізгі объектілері

  • Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары

  • Нарықтың кәсіпорынға қоятын негізгі талаптары

  • Кәсіпорындардың негізгі міндеттері

  • Кәсіпкерлік қызмет екі нысанда жүзеге асырылады

  • Кәсіпкерлік қызметтің түрлері

  • Өндірістік кәсіпкерлікке

  • Коммерциялық кәсіпкерліктің

  • Мемлекеттік кәсіпорындарда

  • Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

  • Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

  • Кәсіпорынның түрлері

  • 2. Бюджеттік кәсіпорындар

  • Мемлекеттік корпорациялар

  • Ассоциациялардың негізгі түрлері

  • Меншік нысанына байланысты кәсіпорынның түрлері

  • Меншік түріне байланысты халық шаруашылығындағы кәсіпорын түрлері

  • Муниципиалдық

  • дәрістік кешен КЭ 2020. Дрістік кешен (дріс тезистері, иллюстрациялы жне таратылым материалдары, сынылан дебиеттер тізімі) 12 таырып


    Скачать 356.03 Kb.
    НазваниеДрістік кешен (дріс тезистері, иллюстрациялы жне таратылым материалдары, сынылан дебиеттер тізімі) 12 таырып
    Дата10.09.2020
    Размер356.03 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладәрістік кешен КЭ 2020.docx
    ТипДокументы
    #137443
    страница1 из 11
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    Дәрістік кешен (дәріс тезистері, иллюстрациялық және таратылым материалдары, ұсынылған әдебиеттер тізімі)
    1-2 тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде
    Қарастырылатын сұрақтар:

    1. Кәсіпорын – шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізушісі. Өндірістік кәсіпорындардың негізгі белгілері. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қызмет етуінің ерекшелік белгілері. Кәсіпорынның сыртқы ортасы: оның қызметіне ықпал ететін жағдайлар мен факторлар.

    2. Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттемелері және құқықтары. Негізгі және қосымша белгілері бойынша кәсіпорындардың жіктелуі. Меншік нысандары, ұйымдық – құқықтық нысандары бойынша кәсіпорын түрлері.

    3. Кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлік: нысандары және түрлері. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел, оны бағалау әдістері.


    Дәріс мақсаты: Кәсіпорынның басты міндеттері және функцияларын,кәсіпорындардың қызмет етуінің ерекшеліктерін, кәсіпорынның сыртқы ортасы: оның қызметіне ықпал ететін жағдайлар мен факторларын, кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел, оны бағалау әдістерін айқындау.

    Негізгі категориялар: Экономика, кәсіпорын экономикасы, нарықтық экономика, нарықтық сұраныс, шоғырландыру, мамандандыру, біріктіру, аралас өндіріс, жер, жұмыс күші, еңбек заты және еңбек құралдары, кәсіпкерлік, капитал.
    1.Экономика – бұл қоғамның өндірістік үдерістер кезіндегі қажетті өнімдерді алу бағытында белгілі шектеулі ресурстарды пайдалану мен оларды әртүрлі топтардағы адамдарға бөлу болып табылады.

    Экономикалық ғылым шаруашылықтың теориялық прагматикалық, нормативтік сұрақтарын қарастырады. Экономика күрделі, көп қырлы жүйе.

    Шаруашылық өміріндегі көкейкесті, ең маңызды үдерістерді танып білу, реттеу бағытында көптеген экономикалық ғылымдардың ішінде теориялық және қолданбалы экономиканы бөлуге болады. Осылардың жиынтығы Қазақстанда “Экономика”, ал батыста “Экономикс” деп аталынады.

    Экономика – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру, бөлу, сату және пайдалану жөніндегі қоғамдық ғылым. Адам қызметінің саласы болып, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді. Сонымен қатар барлық экономикалық ғылымдардың жалпы объектісі болып табылады.

    Экономика дегеніміз - өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың жиынтығы немесе белгілі қызмет ету бағытында, белгілі бір мақсатқа қол жеткізу барысында неғұрлым аз шығын жұмсай отырып, табысқа қол жеткізу.

    Кәсіпорын экономикасы” пәнін түсіндіру үшін ең алдымен негізгі экономикалық мәселелерді шешуде кәсіпорындардың алатын орны мен рөліне сүйенеміз.

    Кәсіпорын экономикасы – кәсіпорынның, қызметінің теориясы мен тәжірибесіне көңіл аударады. Ол кәсіпорынның, шаруашылықтың басқа бірліктерімен, аралас шаруашылық салаларымен байланыстарын экономикалық зерттейді.

    Шаруашылықтың экономикасы кәсіпорынның шаруашылық өмірі жайлы және әлеуметтік бірлігін зерттейтін ғылым ретінде екі бөлікке бөлінеді:

    1. кәсіпорынның жалпы экономикасы;

    2. кәсіпорынның экономикалық арнайы бөлімдері.

    Кәсіпорынның жалпы экономикасы – барлық кәсіпорындардың бірдей дәрежедегі құрылымын шешеді. Ең бастысы барлық кәсіпорындардың мамандандыру ерекшеліктеріне көңіл аударады.

    Кәсіпорындардың экономикалық арнайы бөлімі – осы мәселелерді мамандық ерекшеліктеріне көңіл аудара отырып зерттейді.

    Шаруашылықтың экономикасы ғылымы - ғылыми пән болғандықтан кәсіпорындарда шаруашылықтың іс-әрекеттерін, теориялық, прагматикалық бейнелеулік негіздеу болып табылады.

    Кәсіпорын экономикасы - эмпирикалық ғылым, яғни күнделікті іс-әрекетте жеке, уақытша факторларды, мәселелерді талдап, зерттеп, қорытынды жасау.

    Кәсіпорын экономикасы ғылымы нақты алынған кәсіпорынның төңірегінде жүргізілетін қызметтерді зерттеумен айналысады.

    Кәсіпорын экономикасы - өндірістік факторлардың, өндірістік емес факторлардың айналым капиталының, дайын өнімнің ақшалай қаражаттардың, банктегі есеп шоттағы қаржылардың, бағалы қағаздардың, өзіндік капиталдың, табыстар мен пайданың, өндірілген өнімдерді өткізуден түскен түсімдер мен көрсетілген қызметтердің жиынтығы.

    Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буын. Нарықтық сұранысты еске ала отырып, кәсіпорын тек өнім өндіріп қана қоймай, халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбек ақыларын есептеу тағы басқа жұмыстарын іске асырғаны жөн.

    Кәсіпорынның мәртебесі, оны құрудың тәртібі мен жойылуы, мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтік қызметтер, кәсіпорынның мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарымен қатынасы негізінде ұлттық заңдармен реттеледі.

    Кәсіпорын - белгілі бір өнім өндіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға. Сонымен қатар техникалық, әлеуметтік, экономикалық және қоршаған ортаны қорғау бірлігін шамалап, сақтау. Өзіндік шешім қабылдай отырып, тәуекелділікке жауап береді және сұранымды қанағаттандыру бағытында жұмыс істеуі тиіс. Кәсіпорын - қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауландырылған дербес өндірістік шаруашылық. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.

    Кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуіне, өндірістік ұйымдарына мына факторлар әсер етеді:

    1. шоғырландыру;

    2. мамандандыру;

    3. біріктіру;

    4. аралас өндіріс.

    Кәсіпорын экономикасын зерделеудің негізгі объектілері:

    • кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп өндірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;

    • өндірісті басқару үдерісін ұйымдастыру;

    • шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;

    • өндірістің материалдық-техникалық базасымен қамтамассыз етілуі;

    • өндірістің техникалық жағдайы және қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;

    • өндірістік шығындарды қалыптастыру, өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы, өндірістің баға саясаты;

    • өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі, кәсіпкерліктегі тәуекелдік баға;

    • кәсіпорынның жаңартпашылық қызметі, өнімнің сапасы;

    • мамандарды іріктеу, оларды жұмысқа қабылдау, еңбекті ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеу жүйесі және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру.

    Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары:

    1. жер – бұл белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық;

    2. жұмыс күші – ой және дене еңбегі, еңбекке қатысушылардың тәжірибелік және интелектуалды құрамы;

    3. еңбек заты және еңбек құралдары - еңбек заты және еңбек құралдары арқылы өнім өндіріледі, тиісті қызмет көрсетіледі;

    4. кәсіпкерлік – меншікке негізделген, несиеге алынған және басқа да мүліктерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық, шаруашылықтық және басқа да қызмет;

    5. капитал – тұтыну заттарының көлеміне қарай шектелген ақша қаражаты.

    Нарықтың кәсіпорынға қоятын негізгі талаптары:

    1. Жұмыс істеудің нәтижесінде тек қана өнім өндіріп, қызмет жасап қоймай нәтижесінде пайдаға қол жеткізу.

    2. Жұмсалынған шығындарды алынған табыстар есебінде міндетті түрде жабуы қажет.

    3. Өнімдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайда тапшылықта болуына байланысты, оларды тек қана бір түрде ғана өндіріп қоймай, бірнеше түрде сапалы өнім өндіріп, халықтың сұранымын қанағаттандырып, өнімдерді сатып-өткізу.

    4. Кәсіпорынның еріктілігі.

    Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды. Кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар мен қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды. Кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі, оның қаржылық жағдайының қандай екендігі мемлекеттің индустриалдық қуатына байланысты. Оның негізгі белгілері:

    • ұйымдық бірлік: кәсіпорын белгілі түрде ішкі құрылымы және басқару жөнімен ұйымдасқан ұжым;

    • белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын барынша пайданы көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін экономикалық ресурстарды біріктіреді;

    • мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің жеке мүлкі болып, белгілі мақсатқа жеке пайдаланылады;

    • мүліктік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;

    • кәсіпорын дара басшылықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілдік формасына негізделеді;

    • шаруашылық айналымына жеке атынан шығады;

    • оперативті-шаруашылық жеке экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке операцияларды жүзеге асырады.

    Кез-келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты - өз жұмысындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Кәсіпорын өзінің қызмет етуінде белгілі бір ұстанымдарға сүйенсе алдына қойған мақсатына қол жеткізе алады.

    Кәсіпорындардың негізгі міндеттері:

    • жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау, сұраныстарға сай қызмет көрсету;

    • өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану;

    • кәсіпорынның стратегиясы мен тактикасын әзірлеу;

    • ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені өндіріске кеңінен қолдану;

    • өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;

    • баға саясатын икемді жүргізу.

    2.Кәсіпкер – жеке тұлға, ол:

    • өндірістік –шаруашылық;

    • көтерме сауда;

    • инновация;

    • кеңестер беру;

    • коммерциялық делдалдар;

    • бағалы қағаз операциялары және тағы басқа сияқты заңмен тиым салынбаған кез-келген қызмет түрлерімен айналысуына құқылы.

    Кәсіпкерлік – меншікке негізделген, несиеге алынған және басқа да мүліктерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық, шаруашылықтық және басқа да қызмет.

    Кәсіпкерлік қызмет екі нысанда жүзеге асырылады: Меншік иесінің мүліктік жауапкершілігі негізінде өзінің тәуекел етуі.Кәсіпорынды меншік иесі атынан басқару.

    Кәсіпкерлік субъектісі:ҚР-ның және басқа елдердің азаматтары.Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттілігі шектеулі тұлғалар. Азаматтық бірлестіктер.

    Кәсіпкердің құқықтары:

    • келісімнің бастамаларын жүзеге асырып қаржы-қаражат тарту;

    • интелектуалды меншік объектілерінің, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкі мен жекеленген мүліктік мүдделерін қорғау;

    • өндірістік бағдарламалар жасау;

    • ҚР-ның заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға белгілеуді реттеу;

    • сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;

    • кәсіпорындарды басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді жолға қою;

    • кәсіпорын иесінің атынан қызметкерлер жалдау және оларды жұмыстан босату.

    Кәсіпкерлік қызметтің түрлері:

    • өндірістік;

    • коммерциялық;

    • қаржылық;

    • кеңестер беру.

    Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:

    • өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;

    • ақпараттарды өңдеу және жинау;

    • рухани құндылықтарды игеру;

    • тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер.

    Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар - ақша қатынастары мен сауда - айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді қайта сататын орын.

    Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағазды, яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады.

    Кеңес беру қызметіне:

    • жалпы басқару;

    • әкімшіліктік басқару;

    • қаржылық қолдау;

    • маркетинг;

    • - ақпаратты технология;

    • - арнайы қызметтер жатады.

    Кәсіпкерлік қызметтің орны ең алдымен – кәсіпорын.

    ҚР –ның Азаматтық кодексі және қолданылып жүрген заңдар мен заңдылықтарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқықтық нысандары бар:

    • мемлекеттік кәсіпорындар;

    • серіктестік (толық, жауапкершілігі шектеулі, сенімді және қосымша жауапкершілігі бар);

    • акционерлік қоғам, бірлестіктер.

    Мемлекеттік кәсіпорындарда – негізгі құралдар мемлекетті” меншігінде болады. Мемлекеттік ұйымдардың қарамағында болатын кәсіпорындарды қазыналық деп атайды.

    Кәсіпкерлік қызметке қатысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуі “Серіктестік” деп аталады. Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды.

    Толық серіктестік – екі немесе одан көп тең құқықты адамдардың ұйымдасқан шаруашылық қоғамының, бірлестігінің түрі. Олар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін бірігіп, жасасқан шарт негізінде өз мүліктерімен қоғам алдында жауапты болады.

    Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін екі, одан да көп адамдардың бірігуі. Серіктестік мүшелері өз үлесін басқа мүшелерінің келісімімен басқа адамға немесе үшінші тұлғаға бере алады.

    Сенімді серіктестік – шарт жасасу негізінде екі, одан да көп кісіге беріледі.

    Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – серіктестіктің мүшелері жарғылық қорға өздерінің міндетті салымдарымен жауап береді.

    Акционерлік қоғам - рұқсат ету жолымен заңды құқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акционерлер болуға жеке адам да, заңды тұлғалар да қақылы. Акционерлік қоғамның негізгі капиталы акцияларға бөлінеді.

    Кәсіпорынның түрлері:

    1. Кооператив – пайда табу мақсатында емес, мүшелеріне көмек көрсету, қызметтеріне тиісті ықпал жасау үшін құрылатын қоғамдастық.

    2. Бюджеттік кәсіпорындар – заңды, шаруашылық дербестігі жоқ ұйымдар кіреді. Олар мемлекеттік-әкімшілік жүйе шеңберінде тікелей немесе құрылымдық тұрғыда министрліктерге, ведомстволарға немесе жергілікті басқару органдарына бағынады.

    3. Мемлекеттік корпорациялар - кәсіптік немесе ортақ мүдделер ұстанымында біріккен қоғам.

    4. Ассоциациялар - шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің бірыңғай экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүдделер негізінде ерікті түрде заңды ұйым ретінде бірігуі.

    Ассоциациялардың негізгі түрлері:

    -концерн;

    -салааралық;

    -мемлекеттік бірлестік;

    -шаруашылық ассоциациясы;

    -консорциум.

    Концерн - қатысу жүйесі, мүдде ортақтығы туралы шарттар, қатысу үлесі, патенттік-лицензиялық келісімдер, қаржыландыруға, өндірістік ынтымақтастық негізінде өзара тығыз байланысқан дербес кәсіпорындар бірлестігі.

    Консорциум – капиталистік монополиялар нысандарының бірі, іріленген өнеркәсіп құрылысын жүзеге асыру, белгілі бір өнім түрін өндіруде мейлінше ұлғайту мақсатында бірнеше банк немесе өнеркәсіп субъектілері арасында жасалып, қабылданатын уақытша келісім.

    1. Холдинг – басқа компанияларға бақылау жасау мақсатында өзінің капиталын олардың акцияларының бақылау пакеттерін сатып алу үшін пайдаланатын акционерлік компания.

    2. Картель – біртектес өнім өндіретін тәуелсіз өнеркәсіп орындарын белгілі бір нарыққа үстемдік орнату мақсатында ұйымдастырған бірлестік, ассоциация.

    3. Синдикат - өндірушілердің өнімді біртұтас сауда кеңсесі арқылы бірігіп сату жолымен бәсекені болдырмау және монополиялық пайда алу мақсатымен монополиялық бірігу нысаны.

    4. Трест – кәсіпкерлер бірлестігі, ол өзіне кіретін кәсіпорындардың өндірістік, коммерциялық және заңды дербестігін жойып, бірыңғай басқару жүйесіне бағынумен ерекшеленеді.

    Меншік нысанына байланысты кәсіпорынның түрлері:

    1. Бірлескен кәсіпорын – екі немесе одан да көп елдің заңды тұлға құқығы бар құрылтайшылардың мүлкін біріктіру негізінде құрылған.

    2. Еншілес кәсіпорын – заңды тұлға құруға құқығы бар, бірақ, акциялардың пакеті немесе жарғылық қоры басқа кәсіпорынның қолында болады.

    3. Жалгерлік кәсіпорын – кәсіпкерлік қызметі жалға алынған мүліктердің негізінде жүзеге асырылатын шаруашылық.

    4. Жеке кәсіпорын – азамат, соның ішінде шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға құрған кәсіпорын.

    5. Коммерциялық кәсіпорын – заңды тұлға құқығын беретін, өзін - өзі қаржыландыру жағдайында коммерциялық қызметпен айналысатын және барынша көп табыс алуды көздейтін оқшауландырылған дербес шаруашылық бірлігі.

    6. Ұжымдық кәсіпорын – мемлекеттік кәсіпорынның өтеуін өтеп алған жағдайда немесе мүлікті еңбек ұжымы заңды жолмен сатып алған жағдайда құрылған шаруашылық.

    7. Шағын кәсіпорын – жұмысшылар саны жағынан шектеулі, шаруашылықтың айналымы белгілі бір мөлшерлік көрсеткіштерден жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорын.

    8. Шетелдік кәсіпорын – жарғылық капиталы толығымен шетелдік инвестициялардан құрылған кәсіпорын.

    9. Ірі кәсіпорын – сала өндірістерінің жалпы көлемінің көп үлесін және акцияларды иеленушілердің саны жағынан ірі деп саналатын кәсіпорын.

    Меншік түріне байланысты халық шаруашылығындағы кәсіпорын түрлері:

    1. Жеке меншік - адамдардың меншігінің негізінде құрылады.

    2. Муниципиалдық - жергілікті ұйымдарды басқару негізінде құрылады.

    3. Мемлекеттік – мемлекеттің басқару негізінде құрылады.

    4. Жалгерлік – меншіктің иесімен, оны жалға алып отырған еңбек ұжымдарының арасындағы келісім – шарттың негізінде құрылады.

      1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта