Главная страница
Навигация по странице:

  • Сертификаттауды жүргізу барысында оған қатысушылар арасында жауапкершілік былай бөлінеді

  • 2.Өнімнің сапасын қамтамасыз ету

  • 2. Стандарттау және сертификаттау саласындағы саясат.

  • 3. Тарифтік саясат және бәсекелестікті қорғау.

  • 3. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістері.

  • Өнімнің кейбір түрлерінің саралану көрсеткіштері

  • Бәсекелік қабілеттілікті бағалау ережелері келесіден тұрады

  • 12-13 тақырып Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелері Қарастырылатын сұрақтар

  • Қаржының экономикалық рөлі мына бағыттардан көрінеді

  • Қаржы ресурстары

  • Кәсіпорынның қаржы механизмі

  • дәрістік кешен КЭ 2020. Дрістік кешен (дріс тезистері, иллюстрациялы жне таратылым материалдары, сынылан дебиеттер тізімі) 12 таырып


    Скачать 356.03 Kb.
    НазваниеДрістік кешен (дріс тезистері, иллюстрациялы жне таратылым материалдары, сынылан дебиеттер тізімі) 12 таырып
    Дата10.09.2020
    Размер356.03 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладәрістік кешен КЭ 2020.docx
    ТипДокументы
    #137443
    страница10 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    Бәсекеге қабілеттілік – нарықтың талабын анықтайтын және тауардың басқа тауармен салыстырғандағы оның сапалық және экономикалық қасиеттерін кешенді бағалайтын кез – келген тауардың негізгі маңызды сипаттамаларының бірі.

    Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның жоғары тұтынушылық қасиеттері мен төмен бағасымен анықталады. Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын тұтынушылық және құндық қасиеттер әр түрлі тауарлар үшін әр түрлі болады. Мысалы, ұзақ қолданылатын және өндіріске қажетті күрделі тауарлар үшін бәсекеге қабілеттілікті көрсететін көрсеткіштерге келесілер жатады:

    • Тауардың пайдалану шеңберін анықтайтын атқарымдық міндетінің көрсеткіштері

    • Тауардың қолданыстағы ыңғайылығы мен оның қауіпсіздігін сипаттайтын пайдалану көрсеткіштері

    • Тауарды сатып алу мен пайдалану шығындарын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштері

    • Жоғарыда көрсетілмеген ( сертификат, сервистік қызмет көрсету), т.б. бағалық емес көрсеткіштер.

    Өнімнің бәсекеге деген қабілеттілігін жоғарылатуда сертификаттау үлкен рөл атқарады. Сертификаттау дегеніміз – өнімнің нақты сипаттамаларының қажетті стандарттар мен басқа номативті құжаттарға сай екенін растауға бағытталған іс – әрекеттер жүйесі.Сертификаттау дамыған елдерде ХХ ғасырдың 6О – жылдары пайда болды. Сертификаттау сатып алушыны, онымен қатар алынып жатқан тауардың қауіпсіз және жоғары сапаға ие екенін сендіру үшін қажет болды.

    Сертификаттауды ұйымдастыру төмендегі кезекпен жүргізіледі:

    • Өндіруші бәсекелестік жағдайында сатып алушыға оның тауары қазіргі талаптарға сай және бәсекеге қабілетті деп дәлелдеуге мүдделі

    • Сатып алушы өзінің алған тауарының қауіпсіз және бәсекеге қабілетті екендігіне көз жеткізуі керек

    • Қоғам өздерінің басқару органдары арқылы өндірушілерден оның тауары қауіпсіз екендігіне дәлелді талап ете алады

    • Өндіруші оның тауары жеке тұтынушыға ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамға пайдалы деген пікір қалыптастыруды қалайды

    • Өндіруші өзінің өніміне сертификат алу үшін стандарттауды ұйымдастыратын бас ұйыммен хабарласады

    • Стандарттау бойынша ұйым немесе өндірушінің өзі өнім сертификаттауы бойынша кешенді жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымды анықтайды

    • Сертификаттау жасайтын ұйым сынау зертханаларының көмегімен сертификацияланып жатқан өнімнің нақты сипаттамаларын анықтап, сертификат беру жөнінде қортынды дайындайды

    • Сертификаттау жасайтын ұйым сынақтан өткен өнім үшін өндірушіге сертификат береді.

    Сертификаттауды жүргізу барысында оған қатысушылар арасында жауапкершілік былай бөлінеді:

    1. өнім өндіруші кез келген шығарылған өнімнің сапасы ұлттық стандарттар мен техникалық шарттарға сай екеніне жауапты болады

    2. жабдықтаушы өзі жеткізіп отырған өнімнің сертификаты бар екеніне жауапты болады

    3. сертификаттау жасау ұйымы берген сертификаты заңды екеніне жауапты болады

    4. сынау зертханасы өткізілген сынақтар нәтижесінің дұрыс екеніне жауап береді.


    2.Өнімнің сапасын қамтамасыз ету – сапа жағынан талаптарға сай келетін өнімді шығару үшін жағдайды көрсететін әрбір кезеңдерін орындауға қажетті жоспарлы және жүйелі түрде атқарылатын іс – шаралардың жиынтығы.

    Сапаны басқару – сапа жағынан талаптарға сай келетін өнімді шығару үшін күнделікті іс – әрекет пен оның әдістері. Оған жататындар: үдерісті басқару, өнімде, өндірісте немесе сапа жүйесінде болатын қайшылықтарды дер кезінде анықтау және оған әсер еткен себептерді жою.

    Сертификаттың болуы өнімнің бәсекелік қабілеттілігін айтарлықтай жоғарылатады, себебі көпшілік тауардың сертификаты болмауы оларды ашық сатуға кедергі болады. Сондықтан сертификаттың болуы бәсекелік қабілеттіліктің бірден – бір негізгі факторы болып саналады.

    2. Стандарттау және сертификаттау саласындағы саясат. Стратегияны іске асыруды стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы бірыңғай талаптарды белгілейтін халықаралық сауда жүйесіне Қазақстанның кіруі арқылы жүзеге асырылады.

    Стандарттау мен сертификаттаудың мемлекеттік жүйелерін жетілдіру әрі оларды еуропалық және басқа да халықаралық талаптарға сай 2010 жылға қарай сәйкес келтіру:

    • техникалық реттеу жүйесін құру, қалыптастыру және міндетті стандарттаудан ерікті түріне өту

    • жаңа техникалық комитеттерді, оның ішінде кәсіпорындар салаларында халықаралық деңгейде стандарттау және метрология қызметін құру, стандарттау уәкілетті органның құрылымын нығайту мен жетілдіру

    • стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелері бойынша ДСҰ – мен өзара іс – қимыл жөніндегі ақпараттық орталықты дамыту

    • ИСО халықаралық стандарттарының сериялары 9000 және 14000 талаптарына сәйкес келетін сапа және экологиялық менеджменті жүйелерін әзірлеу мен республика кәсіпорындарында енгізу

    • ҚР Үкіметінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін және «Қазақстанның үздік тауарлары » сыйлығына конкурстар өткізу арқылы отандық кәсіпорындарды ынталандыру жөнінде мемлекеттік саясатты жүргізу

    • Қазақстанды аккредиттеу жөніндегі органын халықаралық деңгейде тану жөніндегі жұмыс жүргізу

    • Халықаралық тәжірибені ескере отырып, өнім сапасына мемлекеттік қадағалау жүргізуді жетілдіру көзделеді.

    3. Тарифтік саясат және бәсекелестікті қорғау. Бәсекелестік қорғау. Бәсекелестік – экономиканың тиімді дамуы мен жұмыс істеуінің басты тетігі. Тиімді бәсекелестік үшін жағдай жасау, адал бәсекелестікті қолдау мен қорғау мемлекеттің индустриялық және инновациялық саясаттың негізгі міндеті – экономиканың әр тараптануы мен өнеркәсіпті жаңғыртуды іске асыруға ықпал етуге тиіс.

    Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясат жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу, шектеу тәжірибесінің шектен тыс шоғырлануы мен өсуі жайлы мәселелерді шешуге бағытталған. Бәсекелестік саясатының негізгі бағыттары:

    • Монополиялық бағаларды белгілеу, өндірісті негізсіз қысқарту, монополиялық тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізу, басқа кәсіпорындардың тауар және қаржы нарықтарына кіруіне кедергі жасау, нарық субьектілерді және олардың бірлестіктерін құру, қайта ұйымдастыру, тарату, нарық субьектілерінің жарғылық капиталындағы акцияларды сатып алу жөніндегі монополистер әрекеттерінің жолын кесу арқылы басым жағдайға ие болуына нарық субьектілерінің асыра сілтеуіне жол бермеу

    • Бірыңғай бағалар мен тарифтерді белгілеуге, нарықты аумақтық қағидасы бойынша бөлуге, ықтимал бәсекелестердің нарыққа қол жеткізудің шектеуге немесе нарықтағы бәсекелестік субьектілер арасында сөз байласуға бағытталған бәсекелестер арасындағы келісілген әрекеттердің жолын кесу арқылы бәсекелестьікті жоюға немесе шектеуге бағытталған жосықсыз бәсекелестік пен бәсекелестікке қарсы келісімдерге тыйм салу

    • Мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуына жол бермеу. Мемлекеттік органдардың жекеленген кәсіпорындарға жеңілдіктер беруі, сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің белгілі бір тобына тауарлар мен қызмет көрсетудің бірінші кезектегі жеткізілімі туралы шаруашылық субьектілеріне нұсқау беруі арқылы бәсекелестікті шектеуге бағытталған әрекетінің жолын кесу.

    Тариф саясаты. Бағдарламаны табысты іске асыру мақсатында қазіргі күні қолданыстағы тарифтерді жасанды ұстап тұрудан бас тартып, табиғи монополиялар саласына барлық қатысушыларына – субьектілердің өздері мен олардың қызмет көрсетуін тұтынушылар мүдделері теңдестіруге қол жеткізуге бағытталған икемді тарифтік реттеу саясатына көшу қажет.
    3. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістері. ХХ ғасырдың басынан бастап өнімнің бәсекелік қабілеттілігін бағалау әдістері даму сатысын бастады. Жекелеген тұтыну қасиетіне техникалық – экономикалық сипаттамасының әр түрлі үйлесуі арқылы қол жеткізуге болады. Бәсекелік қабілеттілікті санау жолдары келесіні қамтиды:

    • Нарықта болатын басқа өнімдердің сипаттамасы жайлы ақпаратты жинау

    • Көп өнімнің ішінен бағалауға жататын оның ұқсасын тауып алу

    • Бағалайтын үлгі мен ұқсастың тұтыну қасиеттерін салыстыра отырып, бәсекелік қабілеттілікті жайлы қортынды шығару.

    Техникалық жағынан күрделі тауарлар үшін саралану көрсеткіштері тиісті құжаттарда көрсетіледі. Тауарлардың кейбір түрлері үшін төмендегі кестеде көрсетілген.

    Өнімнің кейбір түрлерінің саралану көрсеткіштері

    Техника түрлерінің аты

    Саралану көрсеткіштері

    Жеңіл автомобиль

    • қозғалтқыштың жұмысшы көлемі

    • шанақ түрі

    Теледидар

    • экранның диагоналы

    • түстілігі

    Компьютер

    • ақпаратты нақтау мүмкіндігі

    • жылдамдығы

    Металл кесетін станок

    • өңдеу түрі

    • өңделетін бөлшектің көлемі.

    Бағалайтын үлгі мен ұқсас тауардың саралану көрсеткіштерін анықтағанда іс жүзінде олардың айырмашылығы 10 – 15% аспауы керек.

    Бәсекелік қабілеттілікті бағалау ережелері келесіден тұрады:

    • егер бағаланып отырған тауар ұқсас тауарға қарағанда ешқандай қасиеттерінен басымдылық көрсетпей, бірақ тұтыну қасиетінің көрсеткішінен төмен болса, онда оның сапасы төмен деп саналады

    • екеуінің тұтыну қасиетінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда онда олар тең бағалы деп саналады

    • ешқандай көрсеткіштерінен төмен болмай, бір ғана көрсеткіштерінен асып түссе, онда бағаланып отырған тауар ұқсасына қарағанда басымды деп саналады

    • егер бағаланып отырған тауар ұқсасына қарағанда кейбір көрсеткіштеріне қарағанда асып түссе де, кейбір көрсеткіштері бойынша төмен болғанда тауардың бағалануы белгісіз деп аталады.


    Бақылау сұрақтары:

    1. Нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік орны?

    2. Бәсекелестік дегеніміз не?

    3. Бәсекеге қабілеттілік нені білдіреді?

    4. Өнімнің бәсекеге деген қабілеттілігін жоғарылатуда сертификаттау қандай рөл атқарады?

    5. Сертификаттау дегеніміз не?

    6. Сертификаттау қалай ұйымдастырылады?

    7. Өнімнің сапасын қамтамасыз ету ұғымын қалай түсінесіз?

    8. Сапаны басқару әдістері қанша топқа бөлінеді?

    9. Тарифтік саясат дегеніміз не?

    10. Бәсекелестік қалай қорғалады?

    12-13 тақырып Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелері
    Қарастырылатын сұрақтар:

      1. Кәсіпорын қаржысы түсінігі және қызметтері.Кәсіпорынның қаржы ресурстары. Қаржы жоспарлау. Кәсіпорындағы қаржы ресурстарды қалыптасу көздері. Қарыз қаражаттарын алу әдістері.

      2. Табыс және пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерінің жиынтық көрсеткіші ретінде. Кәсіпорын төлейтін салықтардың сипаттамасы. Кәсіпорын пайдасына салық салу және пайданың бөлінуі.Кәсіпорында табысты арттыру резервтері.

      3. Рентабельділк: мазмұны, есептеу әдістемесі. Рентабельділік деңгейін көтеру жолдары.

      4. Банкроттықтың түсінігі және белгілері. Банкроттық және дағдарыс кезінде кәсіпорынды қайта құру және басқару. Кәсіпорынды санациялау, қайта құрылымдау және жою.

    Дәріс мақсаты: кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштерін анықтау.кәсіпорын қаржысы, қаржы ресурстары, қаржы жоспарлау мәні және банкроттықтың түсінігі және белгілері, банкроттық және дағдарыс кезінде кәсіпорынды қайта құру және басқаруды үйрену.

    Негізгі категориялар: Қаржы, қаржы механизмі, қаржы ресурстары, қаржы қорлары, қаржылық жоспарлау, бизнес жоспары, қаржы құқығы, Табыс, рентабельділік, кәсіпорын, пайда, таза пайда, ауыл шаруашылығы, өндірістік қор, маржа, баланстық пайда, таза өнім.
    1.Қаржы ұғымы мемлекетпен бірге бір уақытта қоғамның таптарға жіктелуі кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар-ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыған.

    Қаржы ұғымы тұңғыш рет “ақшалай төлем” мағынасымен 13-15 ғ.ғ. Италияда кең қолданылған. Кейін ол халықаралық дәрежеде таралып, мемлекетке өзінің саяси және экономикалық қызметтерін орындауға жұмылдыратын ақша ресурстарын жасаумен байланысты ұғым ретінде қолданыла бастаған.

    Қаржының мәні – ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Қаржы ақшаның қызмет етуімен тура және тікелей байланысты. Қаржы – жалпы және ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлуді” экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы.

    Баға – бұл тауар құнының ақшалай көрінісі.

    Қаржы дегеніміз – мемлекеттің қызметтері мен міндеттерін орындауда және ұлғаймалы ұдайы өндірістің жағдайын қамтамасыз ету мақсатында орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалану мен байланысты болатын экономикалық қатынастар. Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның атқаратын қызметтерінен айқын көрінеді. Оның қызметтері:

    Бөлу қызметі – ол қаржы құралдарын қоғамдық өнім мен оның негізгі бөлігі - ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу үдерісінде пайдаланған кезде көрінеді. Мұнда өнімнің натуралды-заттық құрамын бөлу ақша қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақша қорларын бөлуге сәйкес жасалынған натуралды өнім де бөлінеді.

    Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады.

    А) қаржылық-бюджеттік әдіс;

    Ә) несиелік-банктік әдіс.

    Бақылау қызметі – бұл жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауды бақылау. Оның мынандай түрлері бар:

    А) қаржылық-шаруашылық бақылау;

    Ә) қаржылық-бюджеттіе бақылау;

    Б) несиелік-банктік бақылау.

    Қаржының экономикалық рөлі мына бағыттардан көрінеді:

    • капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;

    • кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы кәсіпорындардың есебін нығайтып, дамытады;

    • ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің арақатынасын реттейді;

    • ұлттық табыстарға қорлану мен тұтыну қорларының үйлесуі тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;

    • ұлттық экономикада меншіктің сан-алуан нысандарының және шаруашылық жүргізудің нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.

    Қаржы ресурстары – жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігі.

    Қаржы қорлары - ұлттық шаруашылықта іс-әрекет ететін ақша қорларының бүкіл жүйесінің құрамды бөлігі.

    Ұлттық шаруашылық салаларының қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомствалардың, қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы басқармалары мен бөлімдері, бірлестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың қаржы бөлімдері жүзеге асырады.

    Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы жүзеге асады.

    Кәсіпорынның қаржы механизмі - Мемлекет қаржыны өзінің қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржы саясаты маңызды рөл атқарады.

    Қаржы саясаты дегеніміз - қаржыны басқарудың түпкі мақсаты, оның нақты нәтижесі.

    Қаржы саясаты құрамына: бюджет, салық, ақша, несие, баға және кеден саясаты жатады.

    Қаржы механизмі – экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы.

    Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін субъектінің оъектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

    Қаржыны басқару – бұл қаржыны және шектесуші эканомикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жамау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы.

    Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекетік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.

    Қаржылық жоспарлаудың мазмұны, міндеттері, қағидаттары мен әдістері:

    Қаржылық жоспарлау мен болжау – бұл қаржы механизімінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтрінің бірі және әлеуметтік – экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі.

    Қаржылық жоспарлаудың обьектісі шаруашылық жүргізуші субьектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.

    Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

    Қаржылық болжау – мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу. Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жылдан) және ұзақ мерзімді (10 жылдам астам) болуы мүмкін.

    Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызд орын алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.

    Индикативтік жоспардың басты мақсаты – экономикада бәсекелестікті арттыру.

    Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі ирдикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты – болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын анықтау.

    Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі.

    Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік мақсатты қағидаттар кеңінен қолданылатын болады. Аумақтық қаржылық жоспарлау әкімшілік – аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып қоюға көмектеседі;

    Қаржылық жоспарлаудағы предметтік – мақсатты қағидат белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтыы қалыптастыруға және пайдалануға бағытталған.

    Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады.

    Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы түрлерінің есеп - қисаптары жасалады.

    Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі.

    Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты боып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субьектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады.

    Жиынтық қаржы жоспарлары жалпы мемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.

    Нысаны бойынша олар әрқашан жиынтық жоспарлар болып табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана белгісі емес.

    Жиынтық қаржы балансы дап орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған дамудың жалпы мемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Баланстық кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.

    Шығыстар бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар (күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру, айналым қаражаттарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субвенциялар); сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар; әлеуметтік – мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар; басқару мен қорғаныс шығыстары; қысқа мерзімді кредит салымдарының және ұзақ мерзімді кредит беруге арналған қаражатардың өсімі.

    Дүниежүзінің барлық елдерінде оперативтік қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады.

    Мемлекеттік сақтандырудың жиынтық қаржы жоспары бұл ұйымның барлық ақша түсімдері мен тиісінше стихиялық апаттарды ескертумен және оның зардаптарын жоюмен байланысты ұйғарылған шығындарды анықтайтын. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бюджеті әлеуметтік сақтандыру қаражаттарын жасау мен бөлуді жоспарлайтын.

    Бюджеттен тыс қорлар, әдеттегідей, жалпы мемлекеттік қаржы жүйесінің дербес буыны болып табылады, айрықша көздер есебінен құрылады және өзінің ресурстарын функциялық міндеттерді орындауға жұмсайды

    Бюджеттен қаржыландыратын мемлекетік мекемелердің қаржы жоспарлары смета деп аталады, шығындарды негіздейтін кіріс – шығыс сметалары жасалынады. Ұжымшарлар, кооперативтік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және сақтық компаниялары қаржы жоспарларын, мемлекеттік биліктің органдары түрлі деңгейлердегі бюджеттерді жасайды. Комерцияық есепте жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдар қаржы жоспарларын бұрын кірістер мен шығыстардың балансы түрінде жасайтын. Олардың кіріс бөлігінде табыстар мен қаражатардың түсімі, шығыс бөлігінде осы түсімдер есебінен жасалатын шығындар анықталатын.

    Есептеулер мен ақша қаражаттарының айналымдарын тіркеу арнаулы қаржы жоспарында – төлем күнтүзбесінде жүзеге асырылады.

    Нарыққа өту кезінде кәсіпорын қызметін тиімді басқарудың шешуші шарты ретінде фирманың ішкі қаржы жоспарларының да мәні арта түсті.

    Бизнес-жоспар - бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық- экономикалық негізіне сайма – сай болатын құжат.

    Басқаруда және шаруашылық - қаржылық қызметті жоспарлауда қаржылық көрсеткіштер – шаруашылық жүргізуші субьектілердің, салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстары мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп-қисаптың мәліметтері пайдаланылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады.

    Жиынтық қаржы көрсеткіштеріне бюджеттің кірістері мен шығыстарының, сондай-ақ олардың жеке құрамдастарының көрсеткіштері мен оларың үлес салмақтары;бюдеттер тапшылығының сомасы; мемлекеттік бюджет кірістерінің, шығыстарының, тапшылығының ұлттық табысқа жалпы ішкі өнімге қатынасы және басқалары жатады.

    Ұлттық шаруашылық деңгейіндегі қаржылық көрсеткішер мемлекеттің қаржы ресурстарының ауқымы мен құрылымын, мемлекеттік бюджет және басқа қаржы жоспарлары арқылы олардың бөлінуін, экономиканың түрлі салаларының рентабелділігін және бюджетке төленетін табыстың үлесін сипаттайды

    Қаржылық көрсеткіштерді есептеу кезінде нормалар мен нормативер пайдаланылады, олар қаржы жоспарларын, болжамдарын, бағдарламаларын ғылыми негіздеуге арналған.

    Қаржылық жоспарлауда қаржы ресурстарын жасаудың, бөлудің және пайдалануды” ең төменгі, орташа және ең жоғарғы шекті нормалары мен нормативтері қолданылады.

    Қаржы нормалары мен нормативтері сондай-ақ бекітілген және есеп-қисаптықтары ішкі жоспарлауда пайдаланылады.

    Сондай-ақ біріңғай нормалар мен нормативтер болып ажыратылады, мысалы, әр түрлі шаруашылық жүргізуші субьектілер мен салалар үшін амортизациялық аударымдардың нормалары және сараланған- түрлі шаруашылық жүргізуші субьектілерде түрліше болатын айналым қаражаттарының нормалары мен нормативтері.

    Қаржы құқығы – бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейтін заң нормаларының жиынтыгы.

    Қаржы құқығында қаржы- құқықтық нормалар - құқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни мемлекет белгілеген және қаржы қатынастарындағы мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережесі пайдаланылады.

    Қаржы-құқықтық нормалар міндеттеушілік, тыйым салушылық және уәкілеттік болып бөлінеді. Базистік болып табылатын қаржы қатынастары қаржы-құқықтық нормаларды пайдаланған кезде қаржының құқықтық қатынастарына жаңғырады. Нормативтік -құқықтық қатынастардан тыс қаржылық қызмет орындалмайды. Сөйтіп қаржы және құқықтық нысандар мен әдістердің экономикалық процестерге қаржы - құқықтық ықпал етудің біріңғай механизміне қосылуы болады.

    Қаржылық міндеттемелерді орындамаған шаруашылық органдары мен азаматтарға мәжбүрлеу әдісі қолданылады: бюджетке уақытында түспеген төлемдерді даусыз өндіріп алу және қаржы санкциялары.

    Санкциялар қржы - құқықтық нормаларды бұзушыларға қолданылатын жауапкершілік шараларды білдіреді. Олардың ақшалай сипаты бар және оларда ақша қорлары менг қаражаттары арқылы нормаларды бұзушыларға мәжбүрлеуші ықпал жасаудың шаралары болады. Санкцияларға өсімдер, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы, несиелендірудің шарттарын қатайту, ресурстарды артық жұмсағаны үшін жоғарылатылған тарифтер және т.т жатады.

    Кәсіпорын қызметін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету – бұл өндіріс барысын қаржыландыру нысандарының, әдістерінің және принциптерінің жиынтығы болып табылады. Бір сөзбен айтқанда кәсіпорынның қаржы ресурстарының көздерін қалыптастыру деп кәсіпорын капиталының қалыптасу процесін айтады. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тартуының ішкі және сыртқы көздері болады.

    Ішкі қаржыландыру көздері дегеніміз – бұл кәсіпорын қызметі барысында қалыптасатын меншікті қаражаттардан қалыптасады. Бұлардың қатарына кәсіпкерліктен алынған табыс, амортизациялық аударымдар, кәсіпорынның активтерін сатудан немесе қажетсіз мүлікті, қосалқы бөлшектерді сатудан түскен қаражаттарды жатқызуға болады.

    Қаржы ресурстарының сыртқы көздеріне тоқталатын болсақ, кәсіпорындар үшін қаражаттар тартудың алуан түрін таңдауға мүмкіндіктері бар. Сыртқы қаражат көздерінің құрылымында құнды қағаздар эмиссиясы кеңінен қолданылады.

    Құнды қағаздар эмиссиясының мақсаты – қажетті қаражаттарды барынша аз уақыт ішінде тарту болып табылады. Құнды қағаздардың бастапқы және қосымша эмиссиялары болады. Бастапқы эмиссия кәсіпорын құрылар кезде орын алады. Қосымша эмиссия қаржылық қиындықтарға душар болып, қосымша қаражаттарға мұқтаж болған жағдайда жүзеге асырылады.

    Кәсіпорындар өз қызметін қаржыландыру үшін құнды қағаздардың көптеген түрлерін шығара алады (облигациялар, акциялар, опциондар, фьючерстер, варранттар), алайда солардың ішіндегі ең кеңінен қолданылатыны – бұл акциялар мен облигациялар.

    Акция – бұл оның иегеріне (акционерге) дивиденд түрінде кәсіпорын табысына және жойылар кезінде кәсіпорын мүлкіне құқық беретін құнды қағаз. Акциялар кәсіпорын құрылар кезде шығарылады, сондай-ақ меншікті капиталды ұлғайту туралы шешім қабылданған жағдайда қосымша акциялар шығарылуы мүмкін.

    Облигация – бұл қарыздық құнды қағаз болып табылады. Қосымша қаражаттар қажет болған жағдайда кәсіпорындар облигациялар шығару арқылы белгілі бір мерзімге және пайыздық төлемдер төлеу негізінде несие беруші тұлғалардың қаражаттарын тарта алады.

    Кәсіпорындардың ақша қаражаттарына мұқтаждығы банктік несиелер арқылы да қанағаттандырыла алады. Несиелеу кәсіпкерлікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етудің негізгі нысандарының бірі болып табылады. Банктік несие дегеніміз – бұл кәсіпорындарға белгілі бір мерзімге арнайы пайыздық мөлшерлемелер бойынша мақсатты қолдануға банктердің берген қаражаттары болып табылады. Әдетте несиені кепілдендіру нысаны оның құнын анықтайды – несиені кепілдендіруге берілген мүлік неғұрлым сенімді (өтімді) болса, соғұрлым несиенің құны да төмен болады, демек кәсіпорын несие бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелерге үміт арта алады.Қаржы ресурстары кәсіпорынның өндірістік, инвестициялық және қаржылық қызметтері барысында қолданылады. Олар үнемі қозғалыста болады, сол себепті өзгеріп отырады.
    2.Табыс, Түсім – шотқа түскен ақша.Табыс өткізілген, сатылған, жеткізілген өнім үшін, көрсетілген қызмет үшін, сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымын тарату нәтижесінде шотқа келіп түскен ақшалай түсім мағынасында кеңінен қолданылады. Тындырылған қайсыбір істің нәтижесінде түскен нәрсені, келген пайданы да табыс деп атайды.Түрлері: материалдық табыс – сатып алу, өтеусіз табыстау, өз күшімен дайындау нәтижесінде еңбек заттарының толықтырылуы; негізгі құрал-жабдық (қор) табысы – кәсіпорында күрделі қаржы жұмсау, негізгі мал табынын қалыптастыру, басқа кәсіпорындардан объектілерді өтеусіз алу нәтижесінде негізгі құрал-жабдықтың толықтырылуы; саудадағы тауарлар табысы – тауарлардың түсуіне және ресімделуіне байланысты жүргізілетін шаруашылық операциялары; жалпы табыс – бизнестің қайсыбір саласында жұмсалған шығынды, төленген салықты, т.б. шегергенге дейінгі уақыт кезеңінде алынған бүкіл ақшалай сома; сыртқы төлем табысы – шикізатқа, салыққа, т.б. жұмсалған шығынды шегергеннен кейінгі уақыт кезеңінде алынған ақшаның жалпы сомасы; тарату табысы – мерзімі өтіп кеткен ипотека, несиені не сату есебінен, не несиеге құқықты басқаға беру жолымен жоюдан, мүлікті иелену құқығын сатудан, кепілге салынған мүлікті сатудан, сондай-ақ кәсіпорынды,фирманы, т.б. тарату (қызметін тоқтату) кезінде мүлікті сатудан алынған қолма-қол қаражат; қорланған табысы – қызмет көрсету немесе тауар жеткізу бойынша дебиторлық берешекті (алашақты) өтеу мерзімі әлі басталмаған кездегі табысқа жатады, яғни тіркелмеген табыс; күтулі табыс – ұйымның жеткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер үшін тапсырыскерлерден алуға тиіс сомасы.

    Пайда – тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы. Пайданыңалынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын.Пайда бірқатар түрлерге бөлінеді: жалпы (баланстық) пайда деп аталатын толық Пайда, ол өнімді өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден, өткізуден тыс операциялардан алынған Пайданы (алынған және төленген айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары арасындағы айырма, жалға берілген мүліктен төленетін жалгерлік ақы, т.б.) және салықтар мен аударымдар төлегеннен кейін қалған таза пайданы қамтиды.

    Пайда кәсіпкерлік қызметтің экономиканы ілгері бастырушы, ұдайы дамытушы ретінде ұдайы әрекет ететін уәждемесі болып табылады. Пайда алу мақсатымен кәсіпкер өндірісті шығынды азайтатындай, ресурстарды тиімді пайдаланатындай етіп ұйымдастырады, осыған орай ол өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың жетілдірілген нысандарын, өнімділігі жоғары техниканы, прогресті технологияны енгізеді. Пайда ресурстарды тартудың баламалы тәсілдері арасында олардың тиімді бөлінуіне септігін тигізетін тұтқаға айналады. Пайда алушы кәсіпкердің өзінің Пайдасын инвестиция ретінде жұмсауға мүмкіндігі болады.

    Кәсіпорындардың қаржысын ұымдастырудың қажетті қағидаты — басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы әр түрлі әдістермен өңдірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін.

    Қаржы резерві дегеніміз – уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған қаржы түрі.

    Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің, артуы немесе капитал меншігінің кебеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі «табыс» ұғымы жалпы мемлекетте, кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда халықтың ақшалай табысы, жеке табыс болып қолданылады.Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, несие берілгендегі алынатын тиісті пайыздар және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.

    Кәсіпорын экономикасын зерделеудің негізгі объектісіне жататындар:

    кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп өндірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;

    өндірісті басқару процесін ұйымдастыру;

    шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;

    өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысың қорландыру;

    өндірістің материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілуі, шикізаттар, материалдар жеткізілуі, босалқы қорды қалыптастыру және оларды ұтымды пайдалану;

    өндірістің техникалық жағдайы және қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;

    өндірістік шығындарды қалыптастыру, өнімнің өзіндік құн калькуляциясы, өндірістің баға саясаты;

    өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі, кәсіпкерліктегі тәуекелдік баға;

    кәсіпорынның жаңартпашылық қызметі, өнімнің сапасы, кәсіпорынның жаңартпашылық саясаты, экономикалық проблемалар;

    кадрларды іріктеу, оларды жұмысқа қабылдау, еңбекті ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеу жүйесі және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру.

    Сонымен, кәсіпорын экономикасы — өндіріс факторларының жиынтығы (меншіктік және қарызгер), өндірістік емес факторлар (бала-бақшалар, профилактория және т.б.), айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорындардың есепшоттарындағы ақша қаражаттары, кұнды қағаздар, материалдық емес меншікті қор (патенттер, лицензиялар және т.б.), өнімді сату нәтижесіндегі табыстар немесе зияндар және түрлі қызмет көрсетулер.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта