Главная страница
Навигация по странице:

  • 2.Инновациялық қызмет

  • дәрістік кешен КЭ 2020. Дрістік кешен (дріс тезистері, иллюстрациялы жне таратылым материалдары, сынылан дебиеттер тізімі) 12 таырып


    Скачать 356.03 Kb.
    НазваниеДрістік кешен (дріс тезистері, иллюстрациялы жне таратылым материалдары, сынылан дебиеттер тізімі) 12 таырып
    Дата10.09.2020
    Размер356.03 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладәрістік кешен КЭ 2020.docx
    ТипДокументы
    #137443
    страница5 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    Инновациялық үрдістің түрлері


    Инновацияны қайда – фирманың ішінде не сыртында, қолданатына байланысты инновациялық үрдісті үш түрге бөледі:

    • қарапайым ішкі ұйымдық (натуралды);

    • қарапайым ұйым аралық (тауарлық);

    • кеңейтілген.

    Қарапайым ішкі ұйымдық (натуралды) үрдіс бір ұйымның ішінде жаңашылдықты құрып қолдануды білдіреді. Жаңашылдықтың бұл жағдайда тікелей тауарлық формасы болмайды. Алайда, ішкі фирмалық инновацияны пайдаланатын бөлімшелер мен қызметкерлер тұтынушылар рөлінде болады.

    Қарапайым ұйым аралық (тауарлық) үрдіс кезіңде жаңашылдық ішкі нарықтағы сатып алу-сату тәсілі ретінде көрінеді. Инновациялық үрдістің мұндай формасы жаңашылдықты құрған және өндірген функциясынан оны тұтынушы функциясынан толық бөлуді білдіреді.

    Кеңейтілген инновациялық үрдіс жаңа өндірушілерді құруда, өндіруші-пионердің монополиясын бұзуда, ары қарай тауарды таратуда – диффузияда көрінеді. Инновация диффузиясы құбылысы қоғамның экономикалық дамуына әсер етеді және жаңа инновациялық үрдісті инициациялау үшін стимул болып табылады.

    Тәжірибеде инновация диффузиясының жылдамдығы әр түрлі факторларға байланысты:

    1 инновацияның техникалық және тұтынушылық қасиеттері;

    2 кәсіпорынның инновациялық стратегиясы;

    3 инновация жүзеге асырылатын нарық сипаттамалары.
    2.Инновациялық қызмет – инновацияны құрып жүзеге асыру мақсатында бірыңғай инновациялық үрдістегі нарықтың көптеген қатысушылардың біріккен қызметі.

    Инновациялық қызметтің негізінде ғылыми-техникалық қызмет жатыр. Ғылыми-техникалық қызмет ұғымы ЮНЕСКОмен әзірленді және келесіні қосады:

    1) ғылыми зерттеулер және әзірлеулер;

    2) ғылыми-техникалық білім және кадрлерді дайындау;

    3) ғылыми-техникалық қызметтер.

    Инновациялық қызмет ғылыми-техникалық қызметті ғылыми-техникалық жетістіктерді өндірістік және коммерциялық жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып экономикалық «бағытқа» ауыстырады.

    Инновациялық қызметте негізгі қатысушыларының келесі санаттарын белгілейді (1.4 сурет), алғашқы кезектігі бойынша оларды классификациясы:

    1) жаңашылдар;

    2) ерте реципиенттері (пионерлер, көшбасшылар);

    3) имитаторлар, олар өз ретінде келесіге бөлінеді:

    a) ертерек көпшілік;

    b) қалушылар.

    Жаңашылдар ғылыми-техникалық білімнің генераторлары болып табылады. Бұл жеке ойап табушылар, ғылыми және зерттеу ұйымдары, кіші ғылыми кәсіпорындар болуы мүмкін. Кейін инновация бола алатын олармен жасалған зияткерлік өнімді сатудан табыс алу мүдделері бар.

    Ерте реципиенттері (пионерлер, көшбасшылар) – жаңашылдардың зияткерлік өнімін пайдалана отырып жаңашылдықты алғашқы болып меңгерген өндірістік фирмалар. Олар инновацияны нарықта жылдам жылжыту арқылы табыс көзін артық алуға ұмтылады. Пионер фирмалараға ең алдымен шағын бизнеспен айналысатын венчурлық фирмаларға жатады.

    Бұл санатқа тағы да өз салаларында көшбасшы болып табылатын ірі корпорациялар да қосылады. Егер мұндай фирмалардың өз құрылымында ғылыми, ғылыми-зерттеу, жобалық бөлімшелер бар болса, онда олар жаңашылдар болып табылады. Алайда, бұл жағдайдың өзінде олармен келісім жасап немесе патент (лицензия) сатып алып таза ғылыми немесе жобалық ұйымдардың қызметін пайдалана алады.

    Ерте көпшілік «пионерлерден» кейін өндіріске жаңашылдықты енгізген имитатор фирмалармен көрінеді, бұл оларға қосымша табысты қамтамасыз етеді.

    Қалушылар – жаңашылдықтың кеш келуінен, моларьді ескірген немесе нарықта сұранысқа ие емес жаңа өнімді шығаруға әкелетін жағдайға тап болған фирмалар. Сондықтан қалып қалған фирмалар табысқа жеткеннің орнына шығынға тап болады.

    Имитатор фирмалар ғылыми-зерттеу қызметімен айналыспайды, олар жаңашыл фирмалардан патент және лицензия сатып алады, немесе инновацияны жасаған мамандарды келісім бойынша жұмысқа қабылдайды, немесе инновацияны жасырын түрде көшіреді («инновациялық пиратство»).



    1.4 сурет – Инновациялық қызмет субъектілері

    Жоғарыда айтылған инновациялық қызметтің негізгі қатысушыларынан басқа қызмет көрсететін функцияларды орындайтын және инновациялық инфроқұрылым жасайтын қатысушылары бар:

    • биржалар, банктер;

    • инвестициялық және қаржылық компаниялар;

    • бұқаралық ақпарат құралдары;

    • ақпараттық технологиялар және іскерлік коммуникация құралдары;

    • патенттік ұйымдар;

    • сертификация органдары;

    • кітапханалар;

    • жәрмеңкелер, аукциондар, семинарлар;

    • сақтандыру жүйесі;

    • жарнамалық агенттіктер;

    • білім беру жүйесі;

    • консалтингтік компаниялар.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта