Главная страница
Навигация по странице:

  • 9 тақырып

  • 1.Өндірістік шығын дегеніміз

  • Бухгалтерлік шығындар

  • дәрістік кешен КЭ 2020. Дрістік кешен (дріс тезистері, иллюстрациялы жне таратылым материалдары, сынылан дебиеттер тізімі) 12 таырып


    Скачать 356.03 Kb.
    НазваниеДрістік кешен (дріс тезистері, иллюстрациялы жне таратылым материалдары, сынылан дебиеттер тізімі) 12 таырып
    Дата10.09.2020
    Размер356.03 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладәрістік кешен КЭ 2020.docx
    ТипДокументы
    #137443
    страница7 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    Инновацияны пайдалану сипатына қарай классификациясы


    Инновациялар қандау да бір жеке сұраныстарды қанағаттандыру үшін пайдаланылуы мүмкін – тұтынушылық инновациялары. Бұл жағдайа тұтынушылар жее тұлғалар, отбасылар болып табылады. Тұтынушылық инновацияның белгісі – тауарды пайдаланудың экономикалық, әлеуметтік, психологиялық әсерінің артуы. Тұтынушылық инновацияның мысалдары – киімнің, азыө-түліктің, тұрмыстық жабдықтардың, қызметтердің, дәрі-дәрмекетердің және т.б. жаңа түрлері. Ғылыми-техникалық және өндірістік қызметтерде мұндай инновациялар қолданылмайды.

    Инновацияның басқа түрінің атауы өндірістік (инвестициялық) инновация деп аталады. Өндірістік инновацияның тұтынушылары өндрістік кәсіпорындар, ғылыми ұйымдар, жеке кәсіпкерлер бола алады. Өндірістік инновацияның белгісі – инновацияны сатып алған кәсіпорынның өнімін шығару кезіңдегі экономикалық әсерінің артуы. Өндірістік инновацияның мысалдары – құрылғылардың жаңа түрлері, құралдар, жабдықтар, сонымен қатар ғылыми, жаңа технологиялар және т.б.

    Ұйымның иерархиялық деңгейі бойынша инновациялардың классификациясы


    Ұйымды үш деңгей бойынша талдауға болады (1.6 сурет), әр деңгейге менеджменттің белгілі бір түрі сәйкес келеді:

    • бірінші деңгейде ұйым біртұтас болып қаралады – корпорация. Бұл деңгейге стратегиялық менеджмент сәйкес келеді;

    • екінші төменгі деңгейде ұйым бір-бірімен өзара байланысты түрлі бөлімшелердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Бұл деңгейге фирмаішілік (өндірістік) менеджмент сәйкес келеді;

    • үшінші деңгейде ұйым адамдардың, жеке тұлғалардың жүйесі ретінде қаралады. Бұл деңгейге жеке менеджмент сәйкес келеді.

    Әр деңгейге белгілі инновация түрлері сәйкес келеді:

    • стратегиялық деңгей үшін – инновациялар миссияларда, стратегияларда, сыртқы экономикалық қызметте, байланыс үрдістерінде;

    • фирмаішілік деңгей үшін – инновациялар өндірістік үрдісте, ұйым құрылымында, бақылау жүйесінде;

    • жеке деңгей үшін – бұл инновация жеке еңбек техникасында, жеке бастың шығармашылық потенциалын дамыту әдістерінде, іскерлік мәнсапты құру әдістерінде, оқыту жүйесінде.



    1.6 сурет – Ұйымның үш деңгейі
    3.Бәсекелестік басымдығы әр түрлі тәсілдер арқылы құрылуы мүмкін: төмен бағамен, фирманың жоғары деңгейлі имиджімен, шектеулі ресуртарға қол жетімділігімен, әр түрлі жеңілдіктермен және т.б.

    Басымдықтың екі шешуші түрі бар – өнім сапасы және оның жаңашылдығы.

    Мұнда «сапа» ұғымы екі аспектіде қаралады:

    • техникалық көзқараста – бұл өнімнің жобалық, нормативтік және басқа құжаттардың талаптарына сәйкес болуы;

    • тұтынушылық көзқараста – сатып алушының тұтынуын қанағаттанадыратын қабілетін анықтайтын өнім сипаттамасының жиынтығы.

    «жаңашылдық» ұғымы былай қарастырылады:

    • техникалық көзқараста – бұл өнімге қолданылған жаңа конструктивті немесе технологиялық шешім;

    • тұтынушылық көзқараста – бұл тұтынушының қажеттілігін бұрынғыдай емес жаңаша қанағаттандыратын өнімнің қабілеті немесе бұрын білінбеген жаңа қабілеттерін анықтап қанағаттандыру.

    Шығарылатын өнімнің (көрсетілетін қызметтің) сапасын қамтамасыз етудің екі жолы бар (1.1 суреті).

    Бірінші жол – бұл өніммен қоса фирманың өзінің, оның үрдісі мен технологиясының жетілуі. Бірақ бұл жолдың жетілдіру нысанына салынған принциптермен, әдістермен, заңдармен, табиғи құбылыстармен және т.б. байланысты шектеуі бар. Яғни сапаның артуының да өз шегі бар.


    1.1 сурет – Жаңашылдықтың, фирманың бәсекелестік басымдығы ретінде, басымдық негіздемесінің логикалық сызбасы
    Сапаның жаңа деңгейіне өту үшін жетілдіру ғане емес, сонымен қатар жаңа принциптерді, әдістерді және заңдарды пайдалана отырып нысанды дамыту. Яғни тағы да жаңашылдық қажет!

    Сонымен, бәсекелестік текетіресте алдыға ұмтылушы фирмалар жаңашылдық тауып ендірумен үнемі айналысуы керек.

    Жапондық нарықта мотоцикл өндіруші “Хонда” және “Ямаха”екі фирмасы бәсекелесуде. “Ямаха” баға және сапа - бәсекелестік күрес стратегиясын таңдап алды. “Хонда” – жаңашылдықты. 18 айда ол 100-ден астам жаңа модельдер шығарды, прогрессивті ғылымға толы фирма атағына ие болды және нәтижесінде бәсекелестерін анағұрлым озып тауарларды сатуды екі есеге көбейтті.

    Бәсекелестік басымдылық ретінде жаңашылдықты қабылдаған фирмалар және оның жетекшілері басқан жол көп қиындықтарға, қауіптерге, тәуекелдерге және кедергілерге толы, ол ерекше білімді және білікті талап етеді.

    Бұдан «Инновациялық менеджмент» ғылымында жинақталған білім мен білік, дағдыларды алу қажеттілігі туындайды.

    Инновациялық менеджмент – бұл өндірісті жетілдіру немесе жаңа өнімді (қызметті), сонымен қатар оны өндірудегі тәсілдерді, ұйымдастыруларды және мәдениетін игеру мақсатында ғылыми, ғылыми-техникалық, өндірістік қызметті және фирма қызметкерлерінің зияткерлік потенциалын басқару және оның негізінде қоғамды бәсекелі тауарлар мен қызметтермен қанағаттандыру.
    Бақылау сұрақтары:

    1.Күрделі қаржыны қалыптастырудың негізгі көздерін атаңыздар

    2.Кәсіпорындарда күрделі қаржыны қаржыландырудың негізгі көздері

    3.Күрделі қаржының тиімділігін қалай арттыруға болады?

    4.Инновация мәнін ашып көрсетіңіз

    5.Инновацияға жұмсалған шығындар дегеніміз не?

    9 тақырып Өнімді өткізу және өндіріс шығындары
    Қарастырылатын сұрақтар:

    1. Шығындардың экономикалық маңызы, түрлері және құрамы. Кәсіпорын шығындарының жіктелуі. Экономикалық элементтері мен калькуляция баптары бойынша шығындардың өнімді өндіру және өткізу шығындарының құрамы.

    2. Калькуляциялау, оның түсінігі және қағидалары. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері. Калькуляциялаудың үрдістік, шекті және тапсырмалық әдістері. Шығындарды есепке алу нақты және нормативтік әдістері.

    3. Өнімді өндіру және өткізу шығындарын азайтудың мәні, көздері және факторлары


    Дәріс мақсаты: Шығындардың экономикалық маңызы, түрлері және құрамын, өндіріс шығындарын анықтаудың шетелдік тәжірибесін, өнімді өндіру және өткізу шығындарын азайтудың жолдарын айқындау.

    Негізгі категориялар: өндіріс шығындары, тікелей шығындар, жанама шығындар, сыртқы шығындар, ішкі шығындар, тұрақты шығындар, өзгермелі шығындар, жалпы шығындар, бухгалтерлік шығындар, баламалы шығындар, трансакциондық шығындар, табыс, пайда.

    1.Өндірістік шығын дегеніміз – тауар өндірушінің белгілі бір тауар өндіру үшін материалдық – заттай және ақшалай жұмсалған қаржысы. Әңгіме осы қаржыны кімнің жұмсағанына келіп тіреледі. Қоғам тұрғысынан алып қарағанда тауарларды өндіруге жұмсалатын шығындар (тірі және затталған, қажетті және қосымша) еңбектің толық шығындарына тең болады. Кәсіпорын тұрғысынан алғанда әңгіме басқаша болады.

    Жұмсалған шығындардың иесіне қарай, өндірістік шығындар мынадай екі түрге бөлінеді:

    1. Қоғамдық өндіріс шығындары.

    2. Жеке кәсіп (фирма) шығындары.

    Қоғамдық өндіріс шығындары үш элементтен тұрады:

    1. жаңа өндірілген өнімнің құнына көшірілген өндіріс құрал-жабдықтар құнының бөлігі;

    2. қажетті еңбек арқылы жасалынған қосымша құнның бір бөлігі;

    3. қосымша еңбек арқылы жасалынған қосымша құнның екінші бөлігі Т+Ө+ҚҚ (Т-тұрақты капитал; Ө – өзгермелі капитал; ҚҚ-қосымша құн).

    Қоғамдық өндіріс шығыны осы үш элементтен тұрады, оны тауардың құны деп атайды. Ал, кәсіп (фирманың) шығындарын анықтағанда көзқарас басқаша болады. Рынок кезінде әрбір кәсіпорын еркіндік алып, ерекшеленген өз еркі бойынша өмір сүреді. Осыған байланысты өнеркәсіп шығыны қоғамдық өндіріс шығынынан оқшауланған, яғни, бөлініп шыққан. Сондықтан, кәсіпорын шығыны бірінші екі элементтен тұрады Т+Ө.

    Өндіріс орнының немесе жеке кәсіпорынның экономикалық ерекшеленуіне байланысты өндіріс шығындарының құрамына оның, яғни, кәсіпорынның өз шығыны ғана жатады. Сөйтіп, қоғамдық шығынға қарағанда кәсіпорын шығыны ерекшелене түседі. Кәсіпорын шығыны тауар өндіруге жұмсалған қоғамдық өндіріс шығынының, қоғамдық еңбектің тек бір бөлігі болып табылады. Осыған байланысты, кәсіпорын шығыны қоғамдық құннан қалай ажыратылады дейтін заңды сұрақ тууы мүмкін. Кәсіпорын шығыны құннан сан бойынша ажыратылады.

    Кәсіпорынның немесе фирманың өндіріс шығыны дегеніміз – тауар өндіру үшін экономикалық ресурстарды сатып алу үшін жұмсалған шығындар. Басқаша айтқанда, шығындар – өндірістің сатып алынған факторларының төлемі. Жеке кәсіпорындарда, фирмаларда өндірілген өнімнің көлеміне байланысты өндірістік шығындар мынадай топқа бөлінеді:

    тікелей және жанама шығындар;

    сыртқы және ішкі шығын;

    тұрақты және өзгермелі шығын, жалпы шығын;

    қысқа және ұзақ мерзімді шығын,

    экономикалық, бухгалтерлік және трансакциялық шығындар.

    1. Тікелей шығын. Тауар өндірушінің өнім өндіруге тікелей жұмсаған қаржысы. Экономика теориясының пәні мұндай шығынды өнімнің өзіндік құны деп атайды.

    Жанама шығын. Жанама шығынға денсаулық сақтау, білім беру, спорт, тұрғын үй және коммуналдық, сақтандыру орындарына жұмсалатын шығындар жатады. Мұндай шығындар көбінесе мемлекет тарапынан бөлінеді де, олардың негізгі мақсаты – ауылда тұратын адамдардың күнделікті тұрмыс жағдайына және жұмыс орындарына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Шығынның негізгі көзі – халықтан жиналған салық пен ренталық төлемдер.

    2. Сыртқы шығын. Бұл тауар өндірушінің немесе өнеркәсіптің жұмыс-керді жалдауға, шикізат, жанармай, тұқым, жем-шөп, минералдық тыңайтқыштарды сатып алу үшін және пайдаланған электр энергиясы үшін жұмсайтын төлемдері.

    Ішкі шығын. Бұл кез келген кәсіпорындардың өзінің ресурстарын пайдалану арқылы өнім өндіруі. Өзіндік ресурстар төлемсіз пайдаланылады.

    3. Тұрақты шығын. Өндірілген өнімнің көлеміне тәуелсіз шығындар, яғни, қандай да бір жағдайларда болсын жұмсалатын қажетті шығындар. Бұларға жататындар: амортизация (өтелім), ренталық төлемдер, сақтандыру жарналары, күзету шығындары.

    Өзгермелі шығын. Бұл шығындардың көлемі өндірілген өнімге тікелей тәуелді, байланысты. Мұндай шығындарға шикізат, қажетті материалдар, жұмысшыларға төлейтін жалақы жатады. Өзгермелі шығындар – өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты шығындар болып табылады.

    Жалпы шығын. Тұрақты және өзгермелі шығындардың қосындысы. Ол – тауар өндіруге жұмсалған барлық шығындардың жиынтығы. Жалпы шығындар дегеніміз – ол тұрақты және өзгермелі шығындар. Өнімнің бір данасына жұмсалған жалпы шығындар орташа шығындар деп аталады.

    4. Қысқа мерзімді шығын. Өнім өндірудегі өндіріс процестеріне тікелей байланысты осы жыл ішіндегі шығындар. Мұндай шығындардың өсуі немесе азаюы өндірілген өнімнің көлеміне тікелей байланысты.

    Өндіріс қуатын пайдалану дәрежесі мен ішкі заттың сатып алу шығыны бірқалыпта сақталған жағдайда, өнім көлемі өссе, өзгермелі шығын тиісінше өсіп, ал тұрақты шығын өнімнің әрбір центнерге шаққандағы мөлшеріне кемиді.

    Ұзақ мерзімді шығындардың мақсаты – осы фирманың немесе кәсіпорынның болашақтағы стратегиялық дамуына байланысты, мәселен 2010, 2020, 2030 жылдарға арналған стратегиялық дамуы.

    Рынок экономикасына тән тағы бір өндіріс шығынының түрі бар, ол шектеулі немесе қосымша шығын (предельные издержки производства). Мұндай шектеулі шығынның түрі фирманың немесе жеке кәсіпорынның ұзақ мерзімді стратегиясын жасағанда қолданылатын шығын. Өнімді өсірген, көбейткен кездегі тауардың бір өлшеміне қолданылатын шығындар, яғни, бір центнерге болмаса бір тоннаға шаққандағы шығындар.

    Шектеулі шығындардың мөлшері көбінесе өзгермелі шығындардың өсуі арқылы анықталады, ал тұрақты шығындар өзгермейді. Шектеулі шығындардың мөлшері тек өзгермелі шығынның өсуіне ғана байланысты. Орташа шығындар – бұл өнімнің бір данасына жұмсалған жалпы шығындар. Орташа шығынмен шектеулі шығынды салыстыру арқылы жеке кәсіпорындар не болмаса фирмалар өздерінің өндірісін басқару және тиімді мөлшерде өнім өндіру үшін өте қажетті мәліметтер алады.

    Бухгалтерлік шығындар – бұл өнімнің белгілі бір санын өндіру үшін жұмсалатын өндіріс факторларының сатып алу бағасы бойынша шығынын қарастырады. Бухгалтерлік шығын дегеніміз – ашық шығын мен ресурстарды сатып алуға жұмсалатын шығын. Бірақ, бірдей ресурстарды әр түрлі баламалы мақсаттар үшін пайдалануға болады. Сондықтан жіберіп алынған мүмкіндіктер шығыны немесе баламалы шығындар болады. Мысалы, кәсіпкер станок (білдек) өндірісін ұйымдастыра отырып, ауылшаруашылық машиналарын шығару мүмкіндігін және осыған байланысты пайданы босқа жіберіп алуы мүмкін.

    Баламалы шығындар – ресурстарды пайдаланудың мүмкін болатын баламалы әдісінің ең тиімдісін қолданғанда алуға болатын ақша мөлшері.

    Қазіргі батыс экономистері шығындарды шаруа адамы тұрғысынан қарастырады. Олар, кәсіпкер барлығынан, сонымен қоса, шығындардан да табыс күтеді деп есептейді. Осы негізде, олар шығындарға тәуекел үшін төлем ретінде пайданы кіргізеді. Олардың теориясында орташа әдеттегі пайдадан тұратын өндіріс шығындары экономикалық шығындар деп аталады. Кейбір оқулықтарда экономикалық шығындарды айқындалған және айқындалмаған шығындар деп есептейді. Фирманың салыстырмалы өндіріс көлемі бойынша шешім қабылданғанда есепке (ойға) айқындалмаған шығындар алынбауы мүмкін.

    Трансакциондық шығындар. Трансакциондық шығындар тауарлардың айналыс сферасында болуына байланысты орын алады. Мұндай шығындардың мәні мынада: шаруашылықты ұдайы ұлғаймалы принциптерінде дамыту үшін, яғни, өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну талаптарына байланысты дамыту үшін тиісті материалдық шығындар қажет. Мұндай шығындарды экономикалық теорияда рыноктық механизмнің жағдайында, трансакциондық шығын деп атайды.

    Экономикалық теорияда трансакциондық шығындардың мынадай типтерін атап көрсетеді:

    • тауар бағалары туралы мәліметтерді іздестіру;

    • тауарды айырбастау, шарттық-келісім мәміле жасасу, әр түрлі әрекеттерді іске асыру жайларын анықтау келіссөздеріне жұмсалған шығындар;

    меншікті қорғау құқығы үшін, заң жүйесі арқылы құқықтық режимді қорғау сияқты шығындар.Кез-келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен байланысты.

    Шығындар – активтердің келуі немесе пайда болған өндіріс шығындарымен байланысты міндеттердің артуы. Ақшалай формадағы субъект шығынына өнімнің өзіндік құны жатады. Өзіндік шығындарды дұрыс ұйымдастыру үшін оның ғылыми-негізделген жіктелімі аса қажет. Бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы-материалдық қор есебі» стандартына сәйкес шығын мыналарға жіктеледі:

    1. пайда болу орны бойынша -өндіріс, цех, учаске, құрылымдық бөлімше. Мұндай жіктеу өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін аса қажет;

    2. өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша- оның өзіндік құндарын есептеу үшін керек;

    3. шығын түрлері бойынша немесе өнімнің өзіндік құнына көшіру тәсілі бойынша және калькуляциялау баптарымен.

    Сонымен бірге:

    а) экономикалық элемент бойынша-өнім өндіру үшін қандай шығын кеткенін көрсетеді. Мына экономикалық элементтер анықталады:

    § Материалдық шығындар;

    § Еңбекақы шығындар;

    § Аударым;

    § Құралдардың тозуы;

    § Басқа да шығындар

    ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін пайдаланады. БЕС 7-ге сәйкес оған жататындар:

    § Материалдар;

    § Еңбекақы;

    § Аударым;

    § Үстеме шығындар.

    Материалдық заттар (шикізат, материалдар, отын, энергия, жабдық т.б.) мен қажетті еңбек (тауар өндіруге жұмсалатын еңбек) шығынының жиынтығын өндіріс шығыны деп атаймыз. Ол осы кәсіпорында өнімді өндіру мен өткізудің қаншаға түсетінін көрсетеді. Ақшалай тұлғада ол өнімнің өзіндік құны, кәсіпорынның ағымдағы шығыны болып табылады. Тауардың ең төмен бағасы осы шығынның мөлшерімен, сонымен бірге ең жоғары бағасы сұраныспен айқындалады.

    Элементтер бойынша және калькуляция баптары бойынша шығындарды топтастыру (мың теңге)

      

    Экономикалық элементер

    сома

    Калькуляция баптар

    сома




    Материалдық шығындар




    Материалдар







    Еңбекке кететін шығындар




    Сатып алынатын жартылай өнімдер, жиынтықтаушы бұйым және т.б.







    Аударым




    Қайтарылатын қалдықтар

    (2400)




    Құралдардың тозуы




    Технологиялық мақсатқа арналған отын және энергия







    Басқалай шығындар




    Еңбекақы




     

    Барлығы:




    Аударым




     

    өндірістік емес шотқа есептен шығырылады (-) (қайтарылған қалдықтар құны,ақауға кінәліден шығынның орнын толтыру)

    (3600)

    Әзірлік және өндірісті игеру шығындары




     

    Аяқталмаған өндіріс қалдығының өзгеруі (+)




    Үстеме шығындар Басқалай шығындар




     

    Барлығы




    Барлығы




     

    Кәсіпорынның тауарға оны өндіруге, бөлуге, өткізуге жұмсалған шығынды, сондай-ақ жұмсалған күш-жігер мен тәуекелдік үшін пайданың орынды нормасын толық жабатындай баға қоюға ұмтылады. Өнімді өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету барысында пайдаланылатын табиғат ресурстарының, шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі құралдардың, оны дайындау мен өткізуге жұмсалатын басқа да шығындардың ақшалай бағалануы өнімнің өзіндік құны деп аталады.
    2.Өнімнің (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнына кіретін шығындардың жіктемесі. Кез-келген сала, кәсіпорын меншік нысанына қарамастан зиянсыз жұмыс істеуге тиіс болатын нарықтық қатынас жағдайында өнімнің өзіндік құны аса маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылады. Бұл көрсеткіштің баға, пайда деңгейін қалыптастыруда маңызы зор. Өнімнің құнынан өнімнің өзіндік құнының сандық және сапалық жағынан айырмашылығы бар. Өнімнің құны үш бөліктен тұрады:

    - тұтынылатын өндіріс құрал-жабдығы;

    - қажетті және қосымша еңбекпен жұмсалатын шығын;

    - әлеуметтік мұқтаждықтарға аударым және тұтынылатын еңбек заттарының бағасымен есептелетін пайда.

    Ал, өнімнің өзіндік құнында алғашқы екі бөлік толық, үшінші бөлігі ішінара қамтылады. Сапалық айырмашылығы мынада: құн сұраныс пен ұсыныс арқылы айқындалады, ал өнімнің өзіндік құны қол жеткізілген техника мен технология, еңбек өнімділігі мен баға, жұмыс күшін қалпына келтіруге жұмсалған шығын, табиғат ресурстарын, еңбек құралдары мен заттарын пайдалану деңгейі жағдайында өндіріс шығындарымен айқындалады. Өнімнің өзіндік құнын жоспарлау мен есептеу практикасында өнімнің өндірістік өзіндік құнын (коммерциялық шығындарды есептемей) және толық өзіндік құнын, яғни коммерциялық шығындар есептелетін өзіндік құнды айқындау көзделеді.

    Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын жасау кезінде шығын төмендегідей экономикалық топтарға бөлінеді:

    1. бір тектілігіне қарай элементтен тұратын жай шығын;

    2. әр текті шығындардың, бірнеше элементтері қамтылатын кешенді шығын;

    3. өндірістік процеске қатысуына қарай негізгі және үстеме шығындар;

    4. жұмсалуының тиімділігі деңгейіне қарай өнімді шығындар (сапалы өнім шығарумен, жаңа технологияларды игерумен байланысты);

    5. өнімсіз шығындар (ақаулы өнім шығарудан, бос тұрудан, жетіспеушіліктен, айыппұлдар төлеуден болатын шығындар).

    Шығын дегеніміз – субъектінің өнімді өндіруге, айналысқа жіберуге және өткізуге ақшалай нысанда жұмсалған шығыстары. Шығынның мынадай түрлері бар:

    Тікелей шығын - өнімді өндіруге байланысты жұмсалған шығыстар, олар өнімнің өзіндік құнына тура және тікелей енгізіледі. Тікелей шығындардың негізгі баптары мыналар: шикізат және негізгі материалдар, өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы, күштік электрэнергия.

    Жанама шығын - өнімнің барлық номенклатурасын өндіруге байланысты жұмсалған және әдетте, пайыздық арасалмақта бөлу арқылы өзіндік құнға енгізілетін шығыстар; Жанама немесе үстеме шығын - өндірісті ұйымдастырумен, басқарумен, оған қызмет көрсетумен байланысты шығын. Оған атап айтқанда мыналар жатады:

    - әкімшілік – шаруашылық шығын – басшылар мен мамандардың, техникалық орындаушылардың басқару аппаратының басқа да қызметкерлерінің негізгі және қосымша жалақысы, әлеуметтік мұқтаждарға аударым, кеңсе керек – жарақтарына жұмсалған шығын, пошта – телеграф, баспахана шығындары, басқару аппараты, тұратын ғимараттарды ұстауға, оларды ағымдағы жөндеуге жұмсалатын шығын, іс-сапар шығыны жатады;

    - қызметкерлерге қызмет көрсетуге арналған шығын – негізгі өндірісте жұмыс істейтін және машиналар мен жабдықтарды пайдаланумен, оларға қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің қосымша жалықысы, әлеуметтік мұқтаждарға аударым, тұрғын үй қорын пайдаланудан келтірілген залал;

    - жұмыстарды ұйымдастыруға жұмсалған шығын – амортизациялық аударым немесе жалгерлік төлем, тозудың орнын толтыруға, зертханаларды ұстауға жұмсалатын шығын;

    Тұрақты шығын - өндірістің көлеміне тәуелді емес шығыстар. Бұған жалгерлік төлем, коммунаодық төлем, жылуға төлем, мамандар мен қызметшілердің еңбек ақысы, амортизация, несие бойынша төленетін пайыз, сақтандыру төлемдері жатады;

    Ауыспалы немесе өзгермелі шығын – шамасы өндірістің көлеміне тәуелді тікелей шығыс. Бұған материалдар, жұмысшылардың істеген жұмыстарына еңбек ақы төлеу, технологиялық мүдделерге пайдаланған электр энергияның ақысы, көлік шығыстары, дайындау шығыстары, роялти жатады.

    Басқадай шығын - өнімнің өзіндік құнының элементі, онда салықтар, алымдар, арнаулы бюджеттен тыс қорларға аударым, байланыс, банк қызметтеріне төлем ақы, жалға алуға төленетін ақы, материалдық емес активтер бойынша тозу, сондай-ақ басқа элементтерге кірмеген шығындар көрсетіледі.

    Өзіндік құнға тек тікелей шығын мен ауыспалы үстеме шығындар ғана енгізіледі, қалған шығындар жалпы табысқа көшіріледі және өнімнің өзіндік құнына енгізілмейді.

    Шығындарды төмендегідей белгілері бойынша сыныптауға болады:

    1. Құрамы бойынша (нақты және жоспарлы);

    2. Өндірістік көлеміне қатысты (өзгермелі, тұрақты, басқадай);

    3. Бөліну дәрежесі бойынша (жалпы, орташа);

    4. Басқару функциясына байланысты (өндірістік, әкімшілік, коммерциялық);

    5. Объектілердің өзіндік құнына қатысу тәсіліне қарай (тікелей және жанама);

    6. Пайданы бөлу кезеңіндегі шығындардың қатысу тәртібі бойынша (өнімге, кезеңге)

    Калькуляция - өнімнің бір өлшемін өндіруге, жұмыстардың бір өлшемін орындауға, қызметтердің бір өлшемін көрсетуге жұмсалған шығынның, шығыстың есебі. Ол құжат (калькуляциялық парақ) түрінде рәсімделеді, онда шығыс баптары және белгіленген баптар бойынша көрсетіледі. Калькуляция кәсіпорын дайындаған өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсеткен қызметтің жекелеген түрлері өлшемінің өзіндік құнын анықтау үшін негіз болып табылады. Оны жасау – шығынды баптар бойынша есептеу – пайда мен залалды есептеуге, бағаны белгілеуге, өнімнің өзіндік құнын талдауға мүмкіндік береді. Шығынды калькуляциялық баптар бойынша топтаудың олардың өндіріс барысындағы рөліне қарай жүзеге асырылады: ресурстарды өндірістік тұтынудан туындаған шығын мен ұйымдастырумен, қызмет көрсетумен, басқарумен, өткізумен байланысты шығын.

    Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүйесінің артықшылықтары:

    практикалық қолданылуында қарапайымдылығы мен қол жетімділік;

    кəсіпорынмен жалпы ескерілетін жанама шығындарды қайта бөлумен байланысты есептік операцияларды жүзеге асыру минимумы;

    алынған нəтижелердің жоғары сенімділігі, өйткені қайта бөлу үрдісінде жанама шығындарды жеке өнімдерге ғана жатқызуға болмайды;

    айнымалы шығындарды, сондай-ақ маржиналдық табыстарды басқару мүмкіндігі.

    Шығыс – ақшалай қаражаттың азаюы нысанында немесе активтердің тозуы мен істен шығуы, меншікті капиталдың азаюына апарып соқтыратын міндеттемелердің пайда болуы салдарынан есепті кезең бойына экономикалық пайданың азаюы. Салықтардың бюджетке есепті салықтардан артық төленуі шығыс деп саналады, ал акционерлерге дивидент төлеу шығысқа жатпайды.

    Болашақ кезеңдердің шығыстары – фирманың болашақ кезеңдерде өнім өндіруге арналған ағымдағы шығыстары (техникалық әдебиетке, газеттерге, журналдарға жылдық жазылу төлемақысы, кесте бойынша шикізат, босалқы бөлшектер жеткізілімінің төлемақысы).

    Кезең шығыстары – тауарлы – материалдық босалқы қорлар қалдықтарына жатқызылмайтын операциялық шығындар. Кезең бойына келтірілген шығын осы кезеңнің кірісінен шегерілмейді.

    Жалпы өндірістік шығыс - өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау бабы. Мұнда машиналар мен жабдықтарды ұстау мен пайдалануға жұмсалатын және өндірісті ұйымдастырумен, оған қызмет көрсетумен және оны басқарумен байланысты шығын. Оның екі түрі болады:

    - тікелей өндірістік процесте пайдаланатын негізгі құрал – жабдықты ұстауға, күтіп – баптауға, жөндеуге, амортизациялауға, жүктерді өндіріс ішінде тасымалдауға жұмсалатын шығын және өндіргіштік емес шығыс;

    - цехтың кінәсінан болатын бос тұру кезінде жұмасшыларға еңбек ақы төлеуге жұмсалатын шығын, бюджетпен бюджеттен тыс қорларға аударылатын төлемдермен байланысты шығын, өндіріс тоқтатылған кезеңде өнімсіз жұмсалған шикізаттың. Материалдардың, отын мен энергияның құны, материалдық құндылықтар мен аяқталмаған өндірістің жетіспеушілігі мен ысырабы қамтылады.

    Жалпы шаруашылық шығыс - өндіріске қызмет көрсетумен және оны ұйымдастырумен, жалпы кәсіпорындарды басқарумен байланысты жұмсалған шығын. Шығындардың мынадай топтары бойынша смета бойынша жасау жолымен қалыптасады:

    1. басқаруға жұмсалатын шығыстар – басқару аппараты қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге, бюджет пен бюджеттен тыс қорларғы аударым жарналарына, іс-сапарларға, жеңіл автомобильдермен гараждарды ұстау мен оларды күтіп баптауға, ақыл – кеңес беруге, ақпараттық, аудиторлық және баспаханалық жұмастарға жұмсалатын шығындар, мерзімді басылымдарға жазылуға арналған шығыстар;

    2. өндірістік шаруашылық қызметті ұйымдастыру мен оларға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар;

    3. салықтар мен алымдар;

    4. өндіргіштік емес жалпы шаруашылық шығыстар.

    Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кеткен шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып табылады.

    Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығыстары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта