Главная страница
Навигация по странице:

  • Таза экономикалық пайда = Бухгалтерлік пайда – Имплициттік шығындар

  • Бақылау сұрақтары

  • дәрістік кешен КЭ 2020. Дрістік кешен (дріс тезистері, иллюстрациялы жне таратылым материалдары, сынылан дебиеттер тізімі) 12 таырып


    Скачать 356.03 Kb.
    НазваниеДрістік кешен (дріс тезистері, иллюстрациялы жне таратылым материалдары, сынылан дебиеттер тізімі) 12 таырып
    Дата10.09.2020
    Размер356.03 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладәрістік кешен КЭ 2020.docx
    ТипДокументы
    #137443
    страница8 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    3.Ауыл шаруашылығына қатысты өндірістің көлемі сала бойынша толығымен немесе жеке шаруашылық бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің құнымен жалпы және тауарлы болып сипатталынады.

    Жалпы өнімге (кейде оны жалпы өнім, жалпы айналым немесе жалпы түсім) жыл ішінде өндірілген өнім қосылады. Қазіргі уақытта жалпы өнім құны нарықтық (ағымды) бағалар бойынша есептелінеді, ал кеңес үкіметі кезінде салыстырмалы бағалар бойынша есептелінетін.

    “Жалпы өнім құны-капиталды өндіруде авансталған және тұтынылған, тұрақты және ауыспалы құнға, сонымен қатар қосылған құн, ол пайда мен рентаға айналады».

    Соңғы жылдары экономисттер соңғы өнім категориясын ұсынуда, қайта есептеуден босатылған жалпы өнімді ұсынады. Соңғы өнімнің шамасы мына төмендегі формуламен анықталынады:

    Кпр = С1 + V + m (31)

    мұнда: С1 - құралдарды”, үйлер мен үймәреттердің өтелімді құны;

    V+m - жаңа алынған құн, таза өнім (немесе ұлттық табыс).

    Республикамызда жалпы ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өнім құнының анықтамасын қажетті көрсеткіш. Ал кәсіпорын үшін өзінің табысы мен шығынын білу қажет, сонда қайта есеп жүргізу қажеттілігі туындамайды. Халықаралық қаржылық есеп беру стандартында, пайда іс-әрекеттің тиімділігі ретінде немесе басқадай өлшеу негізі үшін, инвестицияларға пайда немесе акцияларға пайда түрінде жиі қолданылады. Пайданы өлшеумен байланысты тікелей элементтер, табыс пен шығын. Табыстар мен шығындарды мойындау, оларды өлшеу, сонымен қатар пайдалар кейбір жағдайда капиталдың ұстанымына және капиталды қолдауға барлық компанияларда қаржылық есепті құру кезінде қолданылады.

    Табыс-бұл ағымдағы кезеңде экономикалық тиімділіктің өсуі, яғни ол түсу үлгісінде немесе активтердің өсімімен немесе міндеттердің азаюы арқылы капиталдың көбеюімен, компанияның иелерінің жарналарына қатыссыз болуы.

    Табыс ұғымының анықтамасы түскен түсім, сонымен қатар негізгі қызметтен алынған табыс ұғымдарынан тұрады. Түсім шаруашылықтың әдеттегі іс-әрекетінің үдерісінен туындайды және әр түрлі ұғымдармен, оның ішінде: сату көлемі, сыйақы, пайыздар, дивиденттер, роялти және жалгерлік ақы түсіндіріледі.

    Негізгі қызметтен емес алынған табыстар басқадай статьялардан тұрады, табыстын анықтамасына жауап беретін, шаруашылықтын әдеттегі іс-әрекеті үдерісінде болуы немесе болмауы мүмкін. Экономикалық өсімнің тиімділігін өз табиғатына байланысты түсімнен айыра алмаймыз.

    Негізгі емес қызметтен түскен табыстарға мыналар жатады: негізгі құралдарды өткізуден алынған табыстар, анықтау өткізілмеген табыстар; Мысалы: нарықта бағалы қағаздарды қайта бағалау кезінде немесе ұзақ мерзімді активтердің баланстық құнының өсуінен табыс пайда болды. Мұндай табыстарды мойындау кезінде есеп беруде пайда мен зиян әдетте жеке ұсынылады. Себебі: олар туралы ақпарат экономикалық шешім қабылдау үшін пайдалы. Осындай табыстар есеп берулерде сәйкес келмейтін шығындар да жиі көрініс табады. Активтердің әр тұрпаттары табысты алу жолымен алынуы немесе өсуі мүмкін.

    Бұларға: ақшалай қаражаттар, дебиторлық қарыздар, тауарлар мен қызметтер, қызметтерге айырбасталынып алынған, қойылған тауарлар. Табыс міндеттемелерді реттеу нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Мысалы: шаруашылықтардың тауарлары мен қызметтерін кредиторға несиенің қалған бөлігін төлеу міндеттемесі бойынша ұсынуы мүмкін.

    Шығындар анықтамасы зиян ұғымын, сонымен қатар шығындар, шаруашылықтын жәй қызметінің үдерісінде пайда болады. Соңғы жылдары шығындарға: сату кезіндегі өзіндік құн, төлем ақы және өтем ақы жатқызылуда. Олар әдетте жылыстаудың үлгілерін немесе активтердің тозуын, оның ішінде ақшалай құралдардың немесе негізгі құралдар мен қорлардың баламасы.

    Шығындарға басқадай статьялар жатады. Шығындар анықтамасына сәйкес келетін, әдетте шаруашылықтың қызметінің үдерісінде болуы мүмкін немесе болмайды. Зияндар экономикалық тиімділіктің азайғандығын сипаттайды. Табиғаты жағынан басқадай шығындардан айырмашылығы жоқ.

    Зияндарға сонымен қатар, ысыраптар жатады. Олар: табиғи апаттың, өрт және су алу, негізгі құралдарды өткізуден болады. Шығындар анықтамасына жабылмаған зиян, шаруашылықта несие қатынасына байланысты валютаны айырбастау курсының өсу нәтижесіне байланысты туындайды. Есеп беруде зияндарды мойындаған дағдайда пайдалар мен зияндар туралы, олар әдетте жеке көрсетіледі. Себебі: олар туралы ақпарат экономикалық шешім қабылдауға пайдалы. Зияндар көбінесе есеп беруде сәйкес табыстарды алып тастау арқылы көрініс табады.

    Табыс пен шығынның айырмашылығы пайда болып табылады. Пайда - ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жұмыстар тиімділігінің маңызды көрсеткіші. Пайданың өсуі кәсіпорынның қызметінде өзін-өзі қаржыландыруда қаржылық негізді тудырады. Кәсіпорынның иелері мен жұмысшылардың материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру, ұлғаймалы ұдайы өндірісті игеру осы пайданың көлеміне байланысты.

    Ауыл шаруашылығында пайданың негізгі түрі барлық шаруашылықтардың қызметінің жиынтығын сипаттайтын баланстық пайда болып табылады. Ол ауыл шаруашылығы өнімін өткізу нәтижесінде алынған сомманы, қызмет көрсетумен тауарлық өнімнің өзіндік құнын және көрсетілген қызметті білдіреді.

    Экономикалық категория ретінде пайда таза табысты сипаттайды, ол материалдық өндіріс жүйесінде жасалынған және бірнеше қызметтерді орындайды. Біріншіден, пайда экономикалық тиімділікті сипаттайды. Ол кәсіпорынның қызметінің нәтижесінде алынған. Кәсіпорында пайда алу дегеніміз-ол қызметіне байланысты барлық жұмсалынған шығынды табыс толығымен жабады деген мағынаны білдіреді. Екіншіден, пайда ол- ынталандырушы қызметті атқарады. Бұдан біз пайда бір мезгілде қаржылық нәтиже ғана емес, кәсіпорынның қаржылық ресурсының негізгі элементі болып табылады. Үшіншіден, пайда ол - әртүрлі деңгейде бюджеттің қалыптасуының маңызды көрсеткіші.

    Баланстық пайданың негізгі құрамдық элементтері мыналар:

    1. өнімді өткізуден, жұмысты орындаудан, көрсетілген қызметтен түскен пайда (зиян);

    2. кәсіпорынның негізгі қорлары мен басқада мүліктерін өткізуден түскен пайда (зиян);

    3. өткізуден тыс операциялардың қаржылық нәтижелері.

    4. Осыған сәйкес баланстық пайда (Бп) мынандай формула түрінде анықталуы мүмкін:

    Бп = ± ӨӨп ± КМп ± ӨТОт (32)

    мұнда: Бп - баланстық пайда;

    ӨӨп - өнімді өткізуден, қызмет көрсетумен, атқарылған жұмыстан алынатын пайда (зиян);

    КМп - кәсіпорынның мүлкін өткізуден түскен пайда (зиян);

    ӨТОт-өткізуден тыс операциялар бойынша табыс.

    Халық шаруашылығының тиімділігін сипаттайтын басты көрсеткіш мемлекет деңгейінде ол – жалпы пайда (ЭЖП). Экономиканың жалпы пайдасы ЖІӨ-нен нарықтық бағаларда есептелінетін еңбек ақы, сонымен қатар импортпен өндіріске салынатын таза салықтарды алып тастау арқылы есептелінеді.

    ЭЖП = ЖІӨ - ОТР - ЧНПИ (33)

    (өндіріске салынатын салық және импорт - өндірістің субсидиясы және импорт). Себебі: экономиканың жалпы пайдасы кәсіпорынның пайдасынан айыптардың мөлшері, өсім және кәсіпорынның басқадай төлемдерінен айырмашылығы бар. Жалпы пайда толығымен бухгалтерлік пайданы ашып көрсетеді.

    Бухгалтерлік пайда дегеніміз – бұл таза пайда немесе салықты төлегенге дейінгі шығындарды алып тастаған кезеңдегі зиян. Әрі қарай бұл анықтамадан пайданың жаңа анықтамасы туындайды-салық салынатын пайда (салық зияны) салық ұйымдары бекіткен ережелерге сәйкес анықталынған пайданың (зиянны”) соммасы, соның қатынасында пайдаға салық төленеді немесе орны толтырылады. Осыған сәйкес есептеу түрлерінің тәуелділіктеріне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді: жоспарлы, нақты, жоспардан көп және қалдық пайда.

    Ал шетелдік экономистер былай санайды “… Бизнес әлемінде “Пайда” термині табыс жиынтығының және нақты шығындардың әр түрлілігін белгілеу үшін ғана қолданады. Бұл пайданы бухгалтерлік пайда деп атады. Олардың тұжырымы, көзқарасы бойынша кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде сипатталынатын бухгалтерлік пайда тек қана нақты ақшалай төлемдерді есептеу кезінде қолданылады”.

    Бухгалтерлік және таза экономикалық пайда арасындағы қатынас келесідей түрде көрініс табады.

    Таза экономикалық пайда = Бухгалтерлік пайда – Имплициттік шығындар

    Нақты шығындар-аралық бұйымдар мен өндіріс факторларының жабдықтаушыларының тікелей (ақшалай) төлемдерін жасауға қатысатын альтернативті шығындар. Мысалы: жұмысшыларға төленетін жалақылар (еңбек ақылар), менеджерлердің айлықтары, сауда фирмаларына арзандатылған төлемдер,банктер мен қаржылық көмек көрсететін басқадай жабдықтаушылар, заңгерлік қызмет көрсеткендігі үшін қаламақы, транспорт шығындарын төлеу тағы басқа көптеген түрлерін атап көрсетуге болады.

    Имплициттік (айқын емес) шығындар. Оған: ресурстарды пайдаланудың альтернативті шығындары, фирманың иесіне тиісті

    (немесе заңды тұлға ретінде фирманың меншігіндегілер). Фирманың иелерінің іске салған капиталының имплициттік альтернативтік шығындары жақсы пайда атауын алды.

    “Табысты” дәрежесі - тек қана пайда мөлшерінде көрсетіледі”.

    Пайданың мөлшері келесідей формула бойынша анықталынады:

    немесе , (34)

    мұнда: Р- пайда

    С+V - өндіріс шығындары

    m - қосылған құн;

    Пайда мөлшері өндірісті” рентабельділігінің табыстылығы дәрежесін көрсетеді.

    Ауыл шаруашылығы өндірісінде пайданы нақты нақты суреттейтін, есеп жүргізуге өте ыңғайлы көрсеткіш пайданың мөлшері болып табылады.

    , (35)

    мұнда: Пм- пайда мөлшері

    Қо-негізгі қордың орташа жылдық құны;

    Қоб- айналым құралдарының орташа жылдық құны.

    Бұл көрсеткіш өндіріс қорларының (негізгі және айналым) бірлігінен алынатын пайда мөлшерін сипатайды.

    Ал коммерциялық кәсіпорындар үшін пайда мөлшері келесідей түрде есептелінеді:

    , (36)

    мұнда: Ро- кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жалпы экономикалық рентабельділігі;

    П- пайданың соммасы (жалпы немесе таза);

    Т- тауар айналымының көлемі (қосылған құн салығынсыз);

    Бұл формула коммерциялық кәсіпорынның (салынған құралдарының) капитал пайдалылығын анықтау үшін қолданылады.

    Тауар айналамы көрсеткішін капитал көрсеткішімен ауыстыру қажет. Бұл формуланы ауыл шаруашылығы өнімін өткізудің рентабельділігін, сонымен қатар осы салада салынған капитал айналымын анықтау үшін қолданылады.

    Біз осыған дейін ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі қорытындылаушы көрсеткіштерін қарастырдық. Жекеменшік иелері жеке ресурстар мен шығындарының түрлерін пайдалану тиімділігін сипаттайды. Ағымды өндірістік шығындар мен ресурстық әлеуетті толық бағалауды қорытындылаушы болып табылады.

    Ресурстарды пайдалану тиімділігінің жеке көрсеткіштеріне мыналар жатады: жерқайтарымы, қорқайтарымы және тағы басқалары жатады. Қорытындылаушыға-ресурсқайтарымы, өзіндік құн, материалсыйымдылығы, еңбексыйымдылығы, рентабельділік деңгейі жатады. Жеке көрсеткіштердің нәтижесінде, нәтижелі, қорытындылаушы көрсеткіш – рентабельділік қалыптасады.

    Жеке көрсеткіштердің ішіндегі ең басты көрсеткіш еңбек өнімділігі. Еңбек өнімділігі дегеніміз-азықтың шамасының жанды еңбек шығынына қатынасы.

    Еңбек өнімділігі-ол нақты еңбектің өнімділігі, уақыт бірлігіне белгілі азық санын өндіру. Еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіштерін атап, көрсетіп кетейік: ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігі - 1 адам/сағатына есептегендегі жалпы өнім.

    - жалпы өнімні” нақты немесе ақшалай көріністегі көлеміні” сипатталуы:

    ЖӨ

    Еө = ------- , (37)

    Т

    орташажылдық бір жұмысшыға есептелінетін жалпы өнім көлемінің ақшалай бағалануы:
    ЖӨ

    Еө = -------, (38)

    Р

    бір өнімге өнімнің еңбексыйымдылығынан (Өес) жұмыс уақытының шығындарын (адам/сағ) алып тастайық (ц)
    Т

    Өес = -------, (39)

    ЖӨ

    Еңбек өнімділігін арттыру үшін жанды еңбектің үлесін азайту қажет, ал жандының үлесін көбейту үшін, еңбектің жалпы салмағы, өнімнің бір өлшемі азаюы тиіс.

    Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер: қорқайтарылымы, қорсыйымдылығы, материалсыйымдылығы, материалқайтарылымы.

    Қорқайтарылымы (Ққ) ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құнының, ауыл шаруашылығы бағытындағы негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнына қатынасын білдіреді. Негізгі қорлардың бір өлшемінен қанша өнім алынғанын көрсетеді.
    ЖӨ

    Ққ= ------------ , (40)

    Қо

    Егерде осы формуланың алымы мен бөлімін орташажылдық жұмысшылар санына бөлетін болсақ, онда алымында еңбек өнімділігі көрсеткіші, ал бөлімінде - қордың қарулануы алынады.



    Еө

    Қот = ------- , (41)

    Ққ

    Бұл формула еңбектің өнімділігі мен қормен қарулануының арасындағы өзара байланысты білдіреді. Егерде еңбек өнімділігі қормен қарулануға қарағанда өте тез қарқынмен өссе өте ыңғайлы нұсқа болады. Мұндай жағдайда негізгі қорларды өте тиімді пайдалануға қол жеткізіледі.
    Қор қайтарылымына қатысты кері көрсеткіш ол- қорсыйымдылығы.

    Ққ

    ҚС = ------- , (42)

    ЖӨ

    Егерде қорқайтарылымы белгілі болса, онда қорсыйымдылығы мына формуламен анықталынады.

    1

    ҚС = -------, (43)

    Қот

    Өнімнің еңбек сыйымдылығы-еңбек өнімділігінің кері көрсеткіші.

    Материал қайтарылымы-оны өндірудегі өнімнің материалдық шығындарға қатынасы.

    Материал сыйымдылығы-материал қайтарылымының кері шамасы, өнімнің бір өлшем бірлігіне жұмсалынатын материал шығындарының деңгейін көрсетеді.

    Капитал сыйымдылығы-өндірістің тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бірлігіне жұмсалынатын инвестициялық шығындарды анықтайды.

    Жалпы түрде өндірістің тиімділігінің есебі үлкен қызығушылықты тудырады (Өт). Ол оның нәтижесі пайда (П) немесе табыс (Т) түрінде шығындарға (Ш) қатынасын білдіреді.

    Т

    Өт = -------х 100, (44)

    Ш

    Әртүрлі тауаларды өндірудің салыстырмалы тиімділігін бағалау немесе осы барлық нұсқалар бойынша келтірілген шығындарды салыстыру жолдары арқылы жобалар іске асырылады. Әрі аз мәнді сапалы, оңтайлы нұсқаны таңдайды.
    Өст = АШ + Еп х КШ, (45)
    мұнда: АШ - ағымды шығындар;

    КШ - күрделі шығындар;

    Еп- күрделі немесе ивестициялық шығындарды ағымды мен өлшемдестікке келтіру үшін тиімділіктің нормативті коэфициенті. Ол дисконттың ставкасы ретінде қабылданады. Әдетте 0,12- 0,15 .

    Барлық экономикалық көрсеткіштерді анықтау кезінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге жұмсалынған шығындарға тоқталмау мүмкін емес.

    Сондықтан неғұрлым өндіріске шығын аз жұмсалынса, рентабельділіктің деңгейі жоғары болады. Сондықтан шығындарды азайту жолдары кез келген агроқұрылымдардың басты міндеті болып табылады. Оларға еңбек өнімділігін арттыру, негізгі және көмекші материалдардың шикізатттарын пайдалануды жақсарту; отын, өнімнің бірлігіне энергия, ысырапты азайту.
    Бақылау сұрақтары:

    1. Өндірістік шығын дегеніміз не?

    2. Жұмсалған шығындардың иесіне қарай, өндірістік шығындар қандай түрлерге бөлінеді?

    3. Жеке кәсіпорындарда, фирмаларда өндірілген өнімнің көлеміне байланысты өндірістік шығындар қандай топтарға бөлінеді? Оларға анықтама беріңіз.

    4.Бухгалтерлік шығындар ұғымына анықтама беріңіз.

    5. Баламалы шығындар ұғымына анықтама беріңіз.

    6. Трансакциондық шығындар ұғымына анықтама беріңіз.

    7. Соңғы жылдары экономисттер соңғы өнім категориясын ұсынуда, қайта есептеуден босатылған жалпы өнімді ұсынған еді. Оны қалай анықтауға болады?

    8. Табыс ұғымына анықтама беріңіз.

    9. Шығындар ұғымына анықтама беріңіз. Оның түрлерін атаңыз.

    10.Коммерциялық кәсіпорындар үшін пайда мөлшері қалай есептелінеді?
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта