2000 тест. Гастроэнтерология 1 уровень
Скачать 2.54 Mb.
|
*!Әйел адам 25 жаста, Пакистанда бір апта сапарда болып, қыркүйек айында келді. Келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36 С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ҚҚ – 90\60 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Зәр мөлшері азайған. Нәжісті зерттеу барысында қандай қоздырғыштың анықталуы ең ықтимал болып табылады? *Echerihia coli *Shigella flexneri *Salmonella typhi *+Vibrio cholerae *Entamaeba hystolitica #182 *!Әйел адам 42 жаста, Өзбекістанда бір апта сапарда болып, қыркүйек айында келді. Келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36 С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ҚҚ – 90\60 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Зәр мөлшері азайған. Қандай дәріні тағайындаған ең тиімді? *+Ципрофлоксацин; *Тетрациклин; *Нитрофурандар; *Пенициллин; *Эритромицин #183 *!Әйел, 32 жаста, ауырар алдында банкетте болған. Ертеңінде бұлшықетінде әлсіздік, ауызының құрғауы, мидриаз, даусысының қарлығуы, жұтуының қиындауы, кенеттен ентігу пайда болған. Алғашқы шара: *Қан құю *Гормон енгізу *+Өкпені жасанды желдендіру *Прозерин енгізу *Адреналин енгізу #184 *!Әйел кісі, 44 жаста ауруының 3-ші күні терапевтке ауызындағы құрғақтыққа, көзінің нашар көруіне, тыныс алуының қиындауына шағымданып келді. 4 күн бұрын қонақта болып маринадталған саңырауқұлақ жеген. Түскен кезде тыныс алуы қиындаған, есі анық, екі қабағының птозы, мидриаз, страбизм байқалған. Дауысы мыңғырлаған. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс-118 соқ/мин, АҚҚ 70/50 мм с.б.бой., Өкпесінде- төменгі аймақта тынысы әлсіреген, аздаған ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Іші аздап кепкен, ішек перистальтикасы естілмейді. Қандай ем ең тиімді? *Пробиотиктер *Симптоматикалық терапия *Антибактерилды терапия *Дезинтоксикациялық терапия *+Ботулизмге қарсы сары су #185 *!25 жастағы ер адам жұқпалы аурулар ауруханасына әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуға, дене қызуының жоғарылауына шағымданып түсті. Бір апта бойы ауырады. Аурудың басталуынан 2 апта бұрын 10 жастағы інісі балалар жұқпалы ауруханасына ұқсас клиникалық көріністермен түскен. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары мен көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Бауырдың төменгі шекарасы қабыра доғасынан 1,0-1,5 см-ге төмен анықталады. Бауыр консистенциясы тығыз-эластикалық. Зәрі қоңыр түсті. Қандай ем шарасы ең тиімді болып табылады? *Ферменттер қолдану *+Дезинтоксикация *Иммунокорректорлар қолдану *Өт айдайтын дәрілер қолдану *Вирусқа қарсы дәрілер қолдану #186 *!19 жастағы ер адам профилактикалық тексеру кезінде вирусты гепатит маркерлеріне ИФА тапсырған. Нәтижесі: барлық көрсеткіштері «теріс». Вирусты В гепатитті алдын алу шарасы қандай? *Анатоксин енгізу *Қорғаныс бетпердесін қолдану *Гамма-глобулин енгізу *+Арнайы вакцинация *Тек қана қайнаған су қолдану #187 *!18 жаста бойжеткен жұқпалы аурулар ауруханасына әлсіздікке, дене қызуының жоғарлауына, жүрек айнуына, құсуа, зәрдің қоңырлауына, көз склералары мен терісінің сарғаюына шағымданып түсті. Ауру бір апта бұрын басталған. Колледжде оқиды, тобындағы бір адам жұқпалы ауруханада емделуде. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, жүрек айнуы, құсу жоқ. Тәбеті жақсарған. Тері жабындысы мен шырышты қабаттары сарғыш түсті. Тілі сұр жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты сезімтал. Бауыры қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анқталады, тығыз-эластикалық консистенциялы. Нәжісі түссізденген, зәрі қоңыр түсті. Иммунды-ферменттік анализ нәтижесінде қандай маркердің анықталуы ең ықтимал болып табылады? *HbsAg *Анти-HBcor IgM *+Анти-HAV IgM *Анти-HAV IgG *Анти-HЕV IgG #188 *!Әйел адам, Үндістаннан бір апта сапарда болып, қыркүйек айында келді.Келгеннен кейін келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36 С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, АҚ – 80\50 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Кіші дәреті болмаған. Нәжісті бактериологиялық зерттеу нәтижесінде қандай қоздырғыштың табылуы ең ықтимал болып табылады? *Echerihia coli *+Vibrio cholerae *Shigella flexneri *Salmonella enteritidis *Entamaeba hystolitica #189 *!Науқас 40 жаста. Ауырғанына 13 күн болған. Шағымдары: жүрек айну, құсу, күндіз ұйқышылдық, түнде ұйқысыздық, иегінің қанталауы, зәрінің түсінің қараюы, үлкен дәретінің түсінің ахолиялық болуы. Біртіндеп ауырған, біріншіден әлсіздік, соңынан тәбетінің жоғалуы, буындарының ауруы, дене температурасының 37,3˚С қа дейін көтерілуі болған. 12-ші күні зәрінің түсі қарайып, нәжісі түссізденген. Қарағанда тері жамылғылары сарғайған, гепатомегалия. Иммунды-ферменттік анализ нәтижесінде төменде көрсетілген маркерлердің қайсысы анықталуы ең ықтимал болып табылады? *+HbsAg *Анти-HСV IgM *Анти-HAV IgM *Анти-HAV IgG *Анти-HЕV IgG #190 *!Науқас 23 жаста, слесарь-сантехник, жатақханада тұрады, асханада тамақтанады. Бір апта бұрын ауырған: екі күн бойы дене температурасы 39-38,5˚С, әлсіздік, эпигастрий және оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі болған, тәбеті төмендеген. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері және шырышты қабаттардың аздаған сарғаюы байқалады. АҚ- 110/70 мм.с.б.б., пульс 60 рет мин. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауру сезімді. Бауыры қабырға доғасынан 2см -ге шығып тұр. Кіші дәретінің түсі «қою қайнатылған шәй» секілді. Эпид.анамнез: 6 ай бойы парентеральді және оперативті шаралар болмаған. Иммунды-ферменттік анализ нәтижесінде қандай маркердің анықталуы ең ықтимал болып табылады? *HbsAg *Анти-HСV IgM *Анти-HAV IgG *+Анти-HAV IgM *Анти-HЕV IgG #191 *!Ер адам, 20жаста, ауруы жедел басталған дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, арқа және аяқ бұлшық еттеріндегі ауру сезімі байқалған. Келесі күні тобығында, табанында, санында геморрагиялық бөртпелер пайда болды. АҚ 100/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Қабылдау бөлімінің дәрігері ем тағайындаған: 5% глюкоза ерітіндісі,500,0 5% аскорбин қышқылы-10,0 к/т тамшылы түрде, «Трисоль» 500 мл к/т тамшылы түрде, пенициллиннің натрий тұзы 12 млн. бірл./тәулігіне б/е, баралгин 5,0 б/е. Сипатталған клиникалық жағдайдағы дәрігер тағайындауларындағы қателік: *5% глюкоза ерітіндісі,500,0 к/т тамшылы түрде *Трисоль 500 мл к/т тамшылы түрде *+Пенициллин 12 млн. бірл./тәулігіне б/е *5% аскорбин қышқылы-10,0 к/т *Баралгин 5, 0 б/е #192 *!Ер адам, 25 жаста, ауруы жедел басталды дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, құсу 3 рет, әлсіздік байқалған. Келесі күні шүйде бұлшық етінің регидтілігі байқалды. АҚ 90/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Жұлын сұйықтығы лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы (), цитоз нейтрофилге байланысты. Қабылдау бөлімінің дәрігері ем тағайындады. Сипатталағн клиникалық жағдайда қандай этиотропты дәріні таайындау ең тиімді болып табылады? *Гентамицин 240 мг/тәул. б/е *Азитромицин 500 мг/ тәул. per os *Ципрофлоксацин 400 мг/ тәул. к/т *Левомицетин-сукцинаты 3, 0 г/ тәул. б/е *+Бензилпенициллиннің натрий тұзы 18 млн.бірл./тәул. б/е #193 *!Ер адам, 20жаста, ауруы жедел басталған дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, арқа және аяқ бұлшық еттеріндегі ауру сезімі байқалған. Келесі күні тобығында, табанында, санында геморрагиялық бөртпелер пайда болды. АҚ 100/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Қандай дәріні тағайындаған ең тиімді? *Ампициллин *+Левомицетин-сукцинат *Амоксициллин *Пенициллин *Доксициклин #194 *!Ер адам, 20жаста, ауруы жедел басталды дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, құсу 3 рет, әлсіздік байқалған. Келесі күні шүйде бұлшық етінің регидтілігі байқалды. АҚ 90/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Жұлын сұйықтығы лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы (), цитоз нейтрофилге байланысты. Қандай дәріні тағайындаған ең тиімді? *+Пенициллин *Рифампицин *Стрептомицин *Левомицетин *Доксициклин #195 *!25 жастағы ер адам ауруханаға түсті. Ауырғанына 2 күн болған: жедел басталған, бастың ауруы, дене қызуының 39о C дейін көтерілуі, тамақтың жыбырлауы, сүйектің және буынның қақсауы, мұрынның бітелуі, мазалайды. Өздігінен терафлю, парацетамол қабылдаған әсері болмаған.Қараған кезде аңқасында айқын қызару, беттің ісінуі және қызаруы, склераның қантамырларының инъекциясы, мұрын бітелген. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны бәсеңдеген, тахикардия 98 рет/мин,АҚҚ 100/60 мм.с.б. Полимеразды-тізбектік реакция барысында қандай қоздырғыштың анықталуы ең ықтимал болып табылады? *АИВ РНҚ-ы *РНҚ-HCV *ДНҚ-HBV *+ортомиковирус РНК-ы *парамиксовирус РНК -ы #196 *!25 жастағы ер адам ауруханаға түсті. Ауырғанына 2 күн болған: жедел басталған, бастың ауруы, дене қызуының 39о C дейін көтерілуі, тамақтың жыбырлауы, сүйектің және буынның қақсауы, мұрынның бітелуі, мазалайды. Өздігінен терафлю, парацетамол қабылдаған әсері болмаған.Қараған кезде аңқасында айқын қызару, беттің ісінуі және қызаруы, склераның қантамырларының инъекциясы, мұрын бітелген. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны бәсеңдеген, тахикардия 98 рет/мин,АҚҚ 100/60 мм.с.б. Сипатталан клиникалық жағдайда этиотропты ем үшін қай дәрі ең тиімді болып табылады? *Ацикловир *Пенициллин *Бисептол *+Ремантадин *Ципрокс #197 *!25 жастағы ер адам ауруханаға түсті. Ауырғанына 2 күн болған: жедел басталған, бастың ауруы, дене қызуының 39о C дейін көтерілуі, тамақтың жыбырлауы, сүйектің және буынның қақсауы, мұрынның бітелуі, мазалайды. Өздігінен терафлю, парацетамол қабылдаған әсері болмаған.Қараған кезде аңқасында айқын қызару, беттің ісінуі және қызаруы, склераның қантамырларының инъекциясы, мұрын бітелген. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны бәсеңдеген, тахикардия 98 рет/мин,АҚҚ 100/60 мм.с.б. Гриппті емдеуде қолданады? *Ацикловир *Пенициллин *Бисептол *+Ремантодин *Ципрокс #198 *!Әйел адам, 25 жаста ауруханаға ауруының 2-ші күні түсті, шағымдары: жалпы әлсіздік, бастың ауруы, тамақтағы ауру сезім, құрғақ жөтел, көздің ашуына. Объективті: Дене қызуы 39,5С, беті қызарған, аңқаның шырышты қабаты айқын қызарған, жұтқыншақтың артқы қабаты түйіршіктелген, склераның қантамырларының инъекциясы. Мұрыннан серозды-шырышты бөлінділер. Жөтел құрғақ. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар естілмейді. Жүрек тоны анық тахикардия ЖСЖ 92 рет/мин,АҚҚ 110/710 мм.с.б. Ем тағайындалған: цефазолин 1,0х3 рет күніне б/е, 5% глюкоза ерітіндісі -500,0 к/т, супрастин 1,0 б/е, ремантадин кесте бойынша, аңқасын фурациллин ерітіндісімен шаю. Тағайындаудағы қателік: *Супрастин 1,0 б/б *Ремантадин кесте бойынша *5% глюкоза ерітіндісі -500,0 к/т, *+Цефазолин 1, 0х3 рет күніне б/е *Аңқасын фурациллин ерітіндісімен шаю #199 *!25 жастағы ер адам ауруханаға екінші күні, бастың ауруы, құрғақ жөтел, тамақтағы ауру сезімі, көзінің ашуына шағымданып түсті. Объективті: Дене қызуы 38,80С, аңқасында айқын қызару,жұтқыншақтың артқы қабырғасында түйіршіктер байқалады.Склераның қантамырларының инъекциясы. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны бәсеңдеген, ЖСЖ 88 рет/мин,АҚҚ 100/60 мм.с.б. Қандай вирусқа қарсы препарат тағайындаған маңызды? *+Осельтамивир *Ацикловир *Интерферон *Циклоферон *Оксалин майы #200 *!Ер адам, 20 жаста, ауруы жедел басталды дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, құсу 3 рет, әлсіздік байқалған. Келесі күні шүйде бұлшық етінің регидтілігі байқалды. АҚ 90/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Жұлын сұйықтығы лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы (), цитоз нейтрофилге байланысты. Жұлын сұйықтығын бактериологиялық зерттеу барысында қандай қоздырғыштың анықталуы ең ықтимал болып табылады? *Listeria monocytogenes *+Neisseria meningitides *Micobacteria tuberculosis *Yersinia psevdotuberculosis *Entamaeba hystolitica #201 *!18 жастағы ер адам ауруханаға түсті. Ауырғанына 2 күн болған: жедел басталған, бастың ауруы, дене қызуының 39о C дейін көтерілуі, тамақтың жыбырлауы, сүйектің және буынның қақсауы, мұрынның бітелуі, мазалайды. Өздігінен терафлю, парацетамол қабылдаған әсері болмаған.Қараған кезде аңқасында айқын қызару, беттің ісінуі және қызаруы, склераның қантамырларының инъекциясы, мұрын бітелген. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны бәсеңдеген, тахикардия 98 рет/мин,АҚҚ 100/60 мм.с.б. Вирусологиялық зерттеу барысында қандай қоздырғыш анықталады? *Enteroviridae *Retroviridae *+Orthomixoviridae *Hepadnaviridae *Paramixoviridae #202 *!18 жастағы ер адам ауруханаға екінші күні, бастың ауруы, құрғақ жөтел, тамақтағы ауру сезімі, көзінің ашуына шағымданып түсті. Объективті: Дене қызуы 38,80С, аңқасында айқын қызару,жұтқыншақтың артқы қабырғасында түйіршіктер байқалады.Склераның қантамырларының инъекциясы. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны бәсеңдеген, ЖСЖ 88 рет/мин,АҚҚ 100/60 мм.с.б. Қандай вирусқа қарсы препарат тағайындаған маңызды? *+Осельтамивир *Ацикловир *Интерферон *Циклоферон *Оксалин майы #203 *!Ер адам, 25 жаста, ауруы жедел басталды дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, құсу 3 рет, әлсіздік байқалған. Келесі күні шүйде бұлшық етінің регидтілігі байқалды. АҚ 90/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20х109 /л. Лейкоцитарлы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Люмбальді пункция жасалынып? Жұлын сұйықтығы алынды. Жұлын сұйықтығын зерттеу барысында қандай өзгерістер анықталады? *«Теріс» Панди реакциясы *Лимфоцитарлы плеоцитоз *+Нейтрофильді плеоцитоз *Белок деңгейінің айқын жоғарылауы *Глюкоза деңгейінің айқын жоғарылауы #204 *!Әйел адам 31 жаста, Үндістаннан бір апта сапарда болып, қыркүйек айында келді.Келгеннен кейін келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36 С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, АҚ – 80\50 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Кіші дәреті болмаған. Ең тиімді емдеу тактикасы: *Асқазан жуу *Тазарту клизмасы *Антибиотиктер *Энтеросорбенттер *+Тамырішілік регидратация #205 *!Әйел адам қыркүйек айында Өзбекстанда бір апта сапарда болып келді.Келгеннен кейін келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36 С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, АҚ – 80\50 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Кіші дәреті болмаған. Қандай антибактериалды ем ең тиімді *Ампициллин *Доксициклин *Гентамицин *+Ципрофлоксацин *Азитромицин #206 *!48 жастағы ер адам, Қызылорда облысының тұрғыны, ауруының 4 күні терапевтке қаралған. Басының қатты ауруына, қалтырауға, денесінің қақсауына, ішінің өтуіне, мұрнының қанауына шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы – 39,9°С, әлсіз, беті, мойны, склералары гиперемияланған. Денесінде, қолтығындағы петехиалды бөртпе анықталады. Жгут және шымшу симптомдары оң. Ps-50 рет АҚҚ – 90/60 мм.с.б. Өкпесінде – везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры 1, 5 см үлкейген. Таңертеңнен зәрі болмаған. Нәжісі ботқа тәрізді, патологиялық қоспаларсыз. Қанның иммунды-ферменттік анализінде қандай антиденелердің анықталуы ең ықтимал болып табылады? *АИВ-ке қарсы IgG антиденелері *ҚГВ (ВПГ) қарсы IgG антиденелері * ВЭБ вирусына қарсы IgG антиденелері *+КҚГҚ вирусына қарсы IgМ антиденелері *ЦМВИ вирусына қарсы IgМ антиденелері #207 *!33жастағы ер адам, Жамбыл облысының тұрғыны, ауруының 4 күні терапевтке қаралған. Басының қатты ауруына, қалтырауға, денесінің қақсауына, сұйық нәжіске, мұрнының қанауына шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы – 39,9°С, әлсіз, беті, мойны, склералары гиперемияланған. Денесінде, санында петехиалды бөртпе анықталады. Жгут және шымшу симптомдары оң. Ps-50 рет АҚҚ – 90/60 мм.с.б. Өкпесінде – везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры 1, 5 см үлкейген. Нәжісі ботқа тәрізді, патологиялық қоспалары жоқ. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай материалдар алу керек? *Зәр *+Қан *Ликвор *Қақырық *Аңқадан жағынды #208 *!52 жастағы ер адам, Қызылорда облысының тұрғыны, шопан, ауруының 5 күні терапевтке қаралған. Басының қатты ауруына, қалтырауға, денесінің қақсауына, мұрнының қанауына шағымданады. Амбулаторлы ЖРВИ ˗дан дезинтоксикациялақ ем қабылдаған. Қарап тексергенде: дене температурасы – 39,9°С, әлсіз, беті, мойны гиперемияланған. Денесінде петехиалды бөртпе, инъекция орнында гематомалар анықталады. Жгут және шымшу симптомдары оң. Ps-50 рет АҚҚ – 90/60 мм.с.б. Өкпесінде – везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры 1, 5 см үлкейген. Қандай ем ЕҢ тиімді? *Антибиотиктер *+Вирусқа қарсы *Симптоматикалық *Иммуномодуляторлар *Десенсибилизациялаушылар #209 *!52 жастағы ер адам, Қызылорда облысының тұрғыны, шопан, ауруының 5 күні терапевтке қаралған. Басының қатты ауруына, қалтырауға, денесінің қақсауына, мұрнының қанауына шағымданады. Амбулаторлы ЖРВИ ˗дан дезинтоксикациялақ ем қабылдаған. Қарап тексергенде: дене температурасы – 39,9°С, әлсіз, беті, мойны гиперемияланған. Денесінде петехиалды бөртпе, инъекция орнында гематомалар анықталады. Жгут және шымшу симптомдары оң. Ps-50 рет АҚҚ – 90/60 мм.с.б. Өкпесінде – везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры 1, 5 см үлкейген. Қандай вирусқа қарсы ем тағайындау керек? *Осельтамивир *Ацикловир *+Рибавирин *Интерферон *Циклоферон #210 *!20 жастағы әйел, Оңтүстік Қазақстан тұрғыны, жүктілігі 12-13 апта, ауруханаға маусымда, ауруының 4 күні түскен. Басы қатты ауырады, қалтырап, жүрегі айныған, құсқан, қызыл иегі қанаған. Қарағанда: дене температурасы – 38,9°С, әлсіз. Беті ісінген, қызарған, конъюнктивалары инъецияланған . Денесінде, аяқ˗қолдарында петехиалды бөртпе анықталады. Жгут және шымшу симптомдары оң. Жүрек тондары бәсең, Ps-52 рет. АҚҚ – 100/60. Өкпесінде – везикулярное тыныс, сырылдары жоқ. Іші жұмсақ, ауырмайды. Жатыры қозбаған, жатырдан қанды бөлінулері жоқ. Бауыры 1, 5 см ұлғайған, ауырмайды. Қандай вирусқа қарсы ем жүкті әйелдерге тағайындауға болады? *Осельтамивир *Рибавирин *Ацикловир *+Интерферон *Циклоферон #211 *!52 жастағы ер адам, Қызылорда облысының тұрғыны, шопан, ауруының 5 күні терапевтке қаралған. Басының қатты ауруына, қалтырауға, денесінің қақсауына, мұрнының қанауына шағымданады. Амбулаторлы ЖРВИ ˗дан дезинтоксикациялақ ем қабылдаған. Қарап тексергенде: дене температурасы – 39,9°С, әлсіз, беті, мойны гиперемияланған. Денесінде петехиалды бөртпе, инъекция орнында гематомалар анықталады. Жгут және шымшу симптомдары оң. Ps-50 рет АҚҚ – 90/60 мм.с.б. Өкпесінде – везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры 1, 5 см үлкейген. Арнайы ем ретінде қандай емдік зат еңгізу керек? *Сары су *Вакцина *Иммуноглобулин *Эритроцитарлы масса *+Реконвалесценттердің қанының плазмасы #212 *!23 жастағы ер адам зертханаға анонимді түрде АИВ-инфекциясына тест тапсырған. 1 ай бұрын таныс емес әйел адаммен жыныстық қатынаста болған, кейін ол әйелдің көк тамыр арқылы есірткі қолданатыны анықталған. Өткізілген зерттеу әдісі «теріс» нәтиже берген. Дәрігер пациентке АИВ-инфекциясына қайта тексерлуді тағайындады. Қандай уақыт аралығында пациент АИВ-инфекциясына қайта тексерілуге тиісті? *+3 ай *6 ай *9 ай *1 жыл *5 жыл #213 *!24 жастағы ер адам 12 күн бұрын ауырып бастаған: дене қызуы 38,2°С-қа дейін жоғарылаған, тамағында қышу сезімі, әлсіздік пайда болған. Ауруханада ауруының 7-ші күні қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы – 37,4°С. Ауыз-жұтқыншақтың шырышты қабаты аздап қызарған, бадамша бездер үлкейген, жабындылар жоқ. Полилимфаденопатия. Бауыр мен көк бауыр ұлғаймаған. Басқа ағзаларында өзгерістер жоқ. Анамнезде: жыныстық серіктесі 2 жыл бойы көк тамырға есірткі қабылдайтыны анықталған. Жалпы қан анализінде: Hb – 140 г/л, лейкоциттер – 4, 5х109/л, т/я нейтр.– 4%, с/я нейтр. – 22%, лимфоциттер – 68%, моноциттер – 6%, ЭТЖ – 10 мм/сағ. Лимфоциттер арасында 12 жасушаның кең ашық түсті протоплазмасы анықталған. Пауль-Буннель реакциясы – теріс, RW – теріс. Қандай зерттеу әдісі диагнозды дәлелдейді? *+Иммунды блоттинг *Компьютерлік томография *Микробиологиялық зерттеу *Иммунофлюоресценттік микроскопия *Сүйек кемігінің пунктатын зерттеу #214 *!35 жастағы ер адам емханаға дене қызуының 37,0-37,8°С-қа дейін жоғарылауына (көбінесе, кешкі уақытта), бір ай бойы мазалаған тершеңдікке, әлсіздікке, қақырық пен жөтелге шағымданып келген. Бір жыл бұрыс бас бостандығынан айырылған. Қазіргі кезде құрылыста әр түрлі жұмыс орындайды. Рентгенологиялық зерттеу арқылы өкпенің сол жақ бөлігінде ыдырай бастаған ошақты инфильтраттар анықталды. Қанда ИФА әдісімен АИВ-ке қарсы антиденелер анықталған. Науқас ЖҚТҚ-мен (ЖИТС) күресу орталығына жіберілді. Зертеуге дейін науқаста өкпе туберкулезі анықталған. Науқасқа қай дәрі-дәрмек тағайындау біріншілік шара болып табылады? *Антиретровирусты препараттар *Цитостатиктер *Иммуномодуляторлар *Антибактериалды дәрілер *+Туберкулезге қарсы препараттар #215 *!30 жастағы ер адам 10 жыл бойы көк тамырға есірткі қабылдайды. Соңғы 2 ай бойы ауызында тағам қабылдау кезінде күйдіру сезімі, дене салмағының төмендеуі, кейде қоймалжың нәжіс, әлсіздік, ұйқының бұзылуы мазалаған. Науқас 2 жыл бойы ЖИТС-пен күресу орталығында «АИВ-инфекциясы, III (үшінші) клиникалық сатысы» диагнозымен диспансерлік есепте тұрады, антиретровирусты ем қабылдайды. Ауыз қуысын қарап тексергенде қызыл иегі, ұрттың, қатты таңдай шырышты қабаты қызарған, ақ түсті ірімшік тәрізді жабындымен жабылған ошақтар байқалады. Тілі жабындымен жабылған, емізікшелері тегістелген. Мойынның артындағы және алдындағы, қолтық лимфа түйіндері ұсақ, ауыру сезімсіз. Іші аздап кепкен, барлық аймақтарда аздаған ауыру сезімі анықталады. Қандай ем шарасы ЕҢ тиімді болып табылады? *Дисбиозды коррекциялау *+Саңырауқұлақтарға қарсы терапия *Антибактериальді терапия *Иммунитет жоғарылататын терапия *Ауыз қусын антисептиктермен шаю #216 *!35 жастағы ер адам учаскелік дәрігерге дене температурасының 37,0-37,8°С дейін кешке қарай көтерілуіне, тершеңдікке, әлсіздікке, ылғалды жөтелге, шағымданып келді, бұл белгілер екі ай бойы үдей түскен. Жарты жыл бұрын түрмеден шыққан. Құрылыста жұмыс істейді. Рентгенографияда өкпесінде ыдырау белгілері бар инфильтративті көлеңкелер анықталады. АИВ инфекциясына тексергенде нәтижесі оң. Қандай шараны бірінші ретте жүргізу керек? *Фтизиатр кеңесі *+ЖИТС орталығына жолдау *Иммуннды статусты анықтау *АИВ инфекциясына қайта қан тапсыру *Антиретровирусты терапия тағайындау #217 *!35 жастағы ер адам учаскелік дәрігерге дене температурасының 37,0-37,8°С дейін кешке қарай көтерілуіне, тершеңдікке, әлсіздікке, ылғалды жөтелге, шағымданып келді, бұл белгілер екі ай бойы үдей түскен. Жарты жыл бұрын түрмеден шыққан. Рентгенографияда өкпесінде ыдырау белгілері бар инфильтративті көлеңкелер анықталады. АИВ инфекциясына тексергенде нәтижесі оң.. Бірінші ретте қандай шара жүргізген жөн? *Фтизиатр кеңесі *ЖИТС орталығына жіберу *Иммунды статусты анықтау *Антиретровирусты терапия тағайындау *+ИФА әдісімен АИВ инфекциясына қайта тексеру #218 *!35жастағы ер адам, ауруханаға дене температурасының 37,3-37,5°С дейін көтерілуіне, әлсіздікке, ылғалды жөтелге шағымданып түскен. Күніне 2 пачкаға дейін темекі шегеді. Екі жыл бойы АИВ˗инфекциясы бойынша бақылауды тұрады. Қарап тексергенде науқаста созылмалы бронхиттің өршу сатысы анықталған. Науқаста пневмоцистті пневмонияның алдын алу үшін қандай дәрі тағайындаған ЕҢ тиімді? *Ацикловир *Доксициклин *Цефалоспорины *Нистатин/амфотерицин В *+Триметоприм/сульфаметоксазол #219 *!25 жастағы әйел адам ауруханаға жатқызылған. Шағымдары: ауызының құрғауы, заттардың қосарланып және бұлдырап көрінуі, жұтудың қиындауы, шашалуы. З күн бұрын «Лечо» салатын жеген. Кеше ауырып бастаған: жүрек айнуы, құсу, іштің өтуі, бас айналуы мазалаған. Бүгін таңертең заттардың қосарланып және бұлдырап көрінуі, жұтудың қиындауы, шашалуы пайда болған. Қарап тексергенде: есі анық, көз қабақтарының птозы, мидриаз. Дауысы «мыңғырлаған». Сұйық тағамды қиналып жұтады. Жүрек тондары бәсең. Пульсі – 88 рет/мин. Бүгін үлкен дәретке бармаған. Сипатталған клиникалық жағдайда қандай емдеу шарасы Ең алдымен жасалынуға тиіс? *Гормондар енгізу *Анальгетиктер енгізу *Антибиотиктер енгізу *Гипотензивті дәрілер енгізу *+Ботулизмге қарсы сарысу енгізу #220 *!40 жастағы ер адам, ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Шағымдары: ауызының құрғауы, заттардың қосарланып және бұлдырап көрінуі, жұтудың қиындауы, шашалуы, тыныс алуының қиындауы, ауа жетіспеу сезімі. Кеше маринадталған қияр жеген. Объективті: жағдайы ауыр. Есі анық, көз қабақтарының птозы, мидриаз. Беті қызарған. Тері жабындылары ылғалды. Дауысы сырылдаған. Тынысы беткей. ТАЖ – 24 рет/мин. Жүрек тондары бәсең. Пульсі – 100 рет/мин. Сипатталған клиникалық жағдайда қандай емдеу шарасы Ең алдымен жасалынуға тиіс? *Гормонотерапия *Антибиотикотерапия *Гипотензивті терапия *Адреналин қолдану *+Өкпенің жасанды вентиляциясы #221 *!Жұқпалы аурулар ауруханасына 50 жастағы әйел адам жатқызылды. Шағымдары: көру қабілетінің бұзылуы, заттардың қосарланып көрінуі ауызының құрғауы, жұтынудың қиындауы. Анамнезде: 3 күн бұрын үйде дайындалған маринадталған саңырауқұлақтар жеген. Қарап тексергенде: Дене қызуы қалыпты, көз қабақтарының птозы, жұмсақ таңдау парезі, афония, дисфагия. Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысы арнайы болып табылады? *+Серотерапия *Вакцинотерапия *Десенсибилизация *Дегидратациялық терапия *Дезинтоксикациялық терапия #222 *!18 жастағы бойжеткен 3 күн бойы ауырады: қалтырау, бас ауыруы, денесінің сынып ауыруы, дене қызуының жоғарылауы, тамағының қышуы, стың сырылдауы, дөрекі «ит үрген» сияқты жөтел мазалайды. Қарап тексергенде: аңқасы қызарған, бадамша бездері үлкеймеген, жабындылар жоқ, мұрыннан серозды сұйықтық бөлінеді, дауыстың сырылдауы. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. Пульсі - 82рет/мин, ҚҚ - 100/60 мм с.б. Іші жұмсақ, ауыру сезімісіз. Зәр шығаруы қалыпты. Сипатталған клиникалық жағдайда қандай емдеу әдісі Ең тиімді болып табылады? *Диетотерапия *Гормонотерапия *Оксигенотерапия *Антибиотикотерапия *+Симптоматикалық терапия #223 *!30 жастағы әйел адамды фебрильді қызба, мұрынның бітелуі, мұрыннан шырышты-іріңді сұйықтықтың бөлінуі мазалайды. Көз коньюктивалары қызарған. Аңқасында: бадамша бездер мен жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған. Бадамша бездері 2-ші дәрежеге дейін үлкейген, лакуналарда – ақ жабынды байқалады. Жақ асты, мойын лимфа түйіндері үлкейген. Бауыры 2, 0 см-ге ұлғайған. Жалпы қана анализінде - орташа лейкопения, лимфоцитоз, ЭТЖ – 10 мм/сағ. Сипатталған клиникалық жағдайда қандай зерттеу әдісі Ең тиімді болып табылады? *Диетотерапия *Оксигенотерапия *Антибиотикотерапия *Гормондар қолдану *+Симптоматикалық терапия #224 *!18 жастағы бойжеткен жедел ауырып бастаған: әлсіздік, бас ауыруы, мұрынның бітелуі, мұрын-жұтқыншақтағы құрғақтық және тырнау сезімі пайда болған. Кейіннен мұрыннан серозды, содан соң шырышты сұйықтық бөлінген, түшкіру пайда болған. Объективті: Дене қызуы– 37,4С. Риноскопия: мұрынның шырышты қабаты қызарған және ісінген, айқын ринорея. Мұрын қуысының кіре-берісі мацерацияланған. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. Пульсі – 80 рет/мин., ҚҚ - 110/60 мм с.б. Іші жұмсақ, ауыру сезімісіз. Зәр шығаруы қалыпты. Сипатталған клиникалық жағдайда қандай ем Ең тиімді болып табылады? *Серотерапия *Диетотерапия *Оксигенотерапия *Антибиотикотерапия *+Симптоматикалық терапия #225 *!20 жастағы әйел адам, біртіндеп ауырып бастаған: әлсіздік, бас ауыруы, мұрынның бітелуі және мұрын-жұтқыншақтың қышуы пайда болған. 2-ші күні жағдайы нашарлаған, дене қызуы 38,5С-қа дейін жоғарылаған, жөтел күшейіп, ұстама тәрізді сипатқа ие болған және қақырық қосылған. Объективті: жағдайы ауыр. Акроцианоз. Аңқада: шырышты қабаты қызарған, түйіршіктенген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты. ТАЖ – 20 рет/мин. Өкпе перкуссиясында қорабтық дыбысты ошақтардың тұйықталу аймақтарымен ауысуы анықталады. Аускультацияда тыныстың қатаюы, құрғақ және ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Сипатталған клиникалық жағдайда қай диагноз Ең ықтимал болып табылады? Сипатталған клиникалық жағдайда қандай ем Ең тиімді болып табылады? *Диетотерапия *Антибиотикотерапия *Гормондар қолдану *+Патогенетикалық терапия *Дене қызуын төмендететін дәрілерді қолдану #226 *!49 жастағы әйел адам қабылдау бөліміне ауыр жағдайда жеткізілген. Ауру 3 күн бұрын басталған: дене қызуы 39,0С-қа дейін жоғарылаған, бас ауыруы, көз алмаларының ауыру сезімі, құрғақ жөтел, төс артындағы тырнау сезімі мазалаған. Кеше шырышты қақырық пайда болған. Бүгін таңертең ентігу, жөтел, қан қосылған көпіршікті қақырық байқалған. Қарап тексергенде: ортопноэ, еріндер цианозы. ТАЖ – 22 рет/мин. Өкпелерде крепитациялаушы сырылдар естіледі. Рентгенограммада –диффузды интерстициальді ісіну белгілері. Сипатталған асқыну кезіндегі Ең алдымен жүргізілетін емдеу шарасы қандай? *Диетотерапия *Гормонотерапия *+Оксигеногенотерапия *Вирусқа қарсы терапия *Антибактериальді терапия #227 *!49 жастағы әйел адам қабылдау бөліміне ауыр жағдайда жеткізілген. Ауру 3 күн бұрын басталған: дене қызуы 39,0С-қа дейін жоғарылаған, бас ауыруы, көз алмаларының ауыру сезімі, құрғақ жөтел, төс артындағы тырнау сезімі мазалаған. Кеше шырышты қақырық пайда болған. Бүгін таңертең ентігу, жөтел, қан қосылған көпіршікті қақырық байқалған. Қарап тексергенде: ортопноэ, еріндер цианозы. ТАЖ – 22 рет/мин. Өкпелерде крепитациялаушы сырылдар естіледі. Рентгенограммада –диффузды интерстициальді ісіну белгілері. Сипатталған клиникалық жағдайдағы шұғыл терапия барысында қандай дәрілер Ең алдымен қолданылады? *Антигистаминді препараттар *Вирусқа қарсы препараттар *+Антикоагулянттар, сурфактант *Антикоагулянттар, кристаллоидтар *Биологиялық белсенді заттар #228 *!Ер адам 27 жаста, терапевтке ауруының 2-ші күні қаралды.Шағымдары: ішіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш өту, бас ауру, сұйық нәжіс күніне 10 рет, тенезмдер жалған шақырулар. Қараған кезде: дене температурасы- 39,5С, АҚҚ 90/60 мм с.б.бой., пальпация кезінде сол жақ мықын аймағындағы ауру сезімі, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті нәжіссіз, шырыш пен қан араласқан. «Диарея және гастроэнтерит» (2013) клиникалық хаттамасына сай нәжістің бактериологиялық зерттеуі жасалынды. Нәжістің бактериологиялық зерттеуінің нәтижесінде қандай қоздырғыштың анықталуы ең ықтимал болып табылады? *+Shigella flexneri * Salmonella typhi *Clostridium botulini *Entamaeba hystolitica *Salmonella paratyphi B #229 *!Ер адам, 30 жаста ауруының екінші күні емханаға қаралды.Шикі қуырылған жұмыртқаны жегеннен 8 сағ кейін жедел ауырды.Шағымдары; эпигастрий, кіндік аймағындағы ауру сезімі,жүрек айну, 3-4 рет құсу,тәулігіне 5-7 ретке дейін іш өту. Түскен кезде; температура-38С.Пальпация кезінде эпигастрий және оң жақ шап аймағындағы ауру сезімі. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -100/70мм с.б. бой.,пульсі-100рет/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті жайылған, шырышпен,қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті. «Диарея және гастроэнтерит» (2013) клиникалық хаттамасына сай нәжістің бактериологиялық зерттеуі жасалынды. Нәжістің бактериологиялық зерттеуінің нәтижесінде қандай қоздырғыштың анықталуы ең ықтимал болып табылады? *Shigella flexneri * Salmonella typhi *Clostridium botulini *Entamaeba hystolitica *+Salmonella enteritidis #230 *!Әйел адам,45 жаста ауруының екінші күні емханаға қаралды.Шикі қуырылған тауық-грилің вокзалда сатып алып жегеннен 10 сағ кейін жедел ауырды.Шағымдары; эпигастрий, кіндік аймағындағы ауру сезімі, жүрек айну, 3-4 рет құсу,тәулігіне 10-15 ретке дейін іш өту. Түскен кезде; температура-36,5С.Пальпация кезінде эпигастрий және оң жақ шап аймағындағы ауру сезімі. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -60/40 мм с.б. бой., Кіші дәреті аз. Үлкен дәреті жайылған, шырышпен,қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті. «Диарея және гастроэнтерит» (2013) клиникалық хаттамасына сайкес қандай шара жүргізген дұрыс? *+Реанимация бөлімшесіне жатқызу *Кардиология бөлімшесіне жатқызу *Жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызу *Хирургия бөлімшесіне жатқызу *Эндокринология бөлімшесіне жатқызу #231 *!ЕР КІСІ, 30 ЖАСТА АУРУЫНЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ ЕМХАНАҒА ҚАРАЛДЫ.ШИКІ ҚУЫРЫЛҒАН ЖҰМЫРТҚАНЫ ЖЕГЕННЕН 8 САҒ КЕЙІН ЖЕДЕЛ АУЫРДЫ.ШАҒЫМДАРЫ; ЭПИГАСТРИДЕГІ, КІНДІК АЙМАҒЫНДАҒЫ АУРУ СЕЗІМІ,ЖҮРЕК АЙНУ, 3-4 РЕТ ҚҰСУ,ТӘУЛІГІНЕ 5-7 РЕТКЕ ДЕЙІН ІШ ӨТУ. ТҮСКЕН КЕЗДЕ; ТЕМПЕРАТУРА-38С.ПАЛЬПАЦИЯ КЕЗІНДЕ ЭПИГАСТРИДЕГІ ЖӘНЕ ОҢ ЖАҚ ШАП АЙМАҒЫНДАҒЫ АУРУ СЕЗІМІ. ІШЕКТЕРДЕ СПАЗМ ЖОҚ. АҚҚ -100/70СЫН.БАҒ. БОЙ.,ПУЛЬСІ-100СОҚ/МИН. КІШІ ДӘРЕТІ ҚАЛЫПТЫ. ҮЛКЕН ДӘРЕТІ ЖАЙЫЛҒАН, ШЫРЫШПЕН,ҚОҢЫР- ЖАСЫЛ ТҮСТІ, ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТІ. АЙТАЛМЫШ АУРУДЫҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ *+Нәжісті бактериологиялық себу *+Зәрді бактериологиялық себу *Қақырықты бактериологиялық себу *Аңқа жағындысының бактериологиялық себу *Видаль реакциясы *Пауль – Буннель реакциясы #232 *!ЕР КІСІ, 30 ЖАСТА АУРУЫНЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ ЕМХАНАҒА ҚАРАЛДЫ.ШИКІ ҚУЫРЫЛҒАН ЖҰМЫРТҚАНЫ ЖЕГЕННЕН 8 САҒ КЕЙІН ЖЕДЕЛ АУЫРДЫ.ШАҒЫМДАРЫ; ЭПИГАСТРИДЕГІ, КІНДІК АЙМАҒЫНДАҒЫ АУРУ СЕЗІМІ,ЖҮРЕК АЙНУ, 3-4 РЕТ ҚҰСУ,ТӘУЛІГІНЕ 5-7 РЕТКЕ ДЕЙІН ІШ ӨТУ. ТҮСКЕН КЕЗДЕ; ТЕМПЕРАТУРА-38С.ПАЛЬПАЦИЯ КЕЗІНДЕ ЭПИГАСТРИДЕГІ ЖӘНЕ ОҢ ЖАҚ ШАП АЙМАҒЫНДАҒЫ АУРУ СЕЗІМІ. ІШЕКТЕРДЕ СПАЗМ ЖОҚ. АҚҚ -100/70СЫН.БАҒ. БОЙ.,ПУЛЬСІ-100СОҚ/МИН. КІШІ ДӘРЕТІ ҚАЛЫПТЫ. ҮЛКЕН ДӘРЕТІ ЖАЙЫЛҒАН, ШЫРЫШПЕН,ҚОҢЫР- ЖАСЫЛ ТҮСТІ, ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТІ. ҚАНДАЙ ЕМДІК ШАРА ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС? *+Регидратациялық ем *Дегидратациялық ем *+Дезинтоксикациялық ем *Десенсибиляциялық ем *Гормонотерапия |