Главная страница

_гиперосмолярлы кома. Гиперосмолярлы кома


Скачать 155.9 Kb.
НазваниеГиперосмолярлы кома
Дата30.09.2021
Размер155.9 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла_гиперосмолярлы кома.docx
ТипДокументы
#239130
страница3 из 14
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

32 жастағы ер адам жүрегінің қатты соғып кетуіне шағымданып келді. Айтуынша 1 жылдан бері екінші рет мазалап отыр. Объективті\: Өкпесінде везикулалық тыныс. АҚ-125/80 мм.сын.бағ. ЭКГ-да\:\nтахикардия-155 рет минутына, QRS-комплексі 0,04 с. Науқасқа көмек көрсету әрекетін таңдаңыз\:{

=вагусты сынамадан кейін АТФ, тиімсіз болғанда альтернатив ретінде верапамил немесе пропафенон

кардиоверсия 50-100 Дж энергиямен

амиодарон (300 мг/30 мин вена ішіне, сосын 200 мг-нан тәулігіне 3 рет per os 7-10 күн, әрі қарай демеуші доза 200 мг/тәулігіне, тұрақты қолдану

бета-блокаторлар – метопролол 100 мг х2 р/тәулігіне, тұрақты қолдану

жүрек гликозидтері – дигоксин 0,25 мг, 1 таб х2 р/тәулігіне, тұрақты қолдану

32 жастағы ер адам, 3 ай бойы ашқарынға эпигастрийдегі ауыру сезімі, «түнгі» уақыттағы ауыру сезімі, тамақ ішкен соң эпигастрийде ауырлық және толу сезімі, лоқсуға шағымданады. Жүргізілген зерттеулерде (уреаздық тыныстық сынама, ЭФГДС) өзгерістер анықтамады. Төмендегі емдеу шараларының қайсысы тиімді?{

де-нол, но-шпа

мотилиум, маалокс

рабепразол, алмагель

=мотилиум, омепразол

амоксициллин, клацид

32 жастағы ер адам, тамақ ішкеннен немесе алкоголь қабылдағаннан жарты сағаттан соң пайда болып, тек сода ішкеннен кейін басылатын асқазан тұсындағы басып ауырсыну сезімі мен\nшыдатпайтын қыжылға шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған, емделмеген. Обьективті\: тілі ақ жабындымен қапталған, терең сипағанда эпигастрии аймағында жайылмалы ауырсыну.\nЭФГДС\: асқазанның шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, антральді бөлігінде бірен-саран қан құйылулар бар. Аса мәліметті зерттеу әдісі\:{

24-сағаттық рН-метрия

эндоскопиялық рН-метрия

электрогастрографиялық әдіс

=Helicobacter pylori зерттеу

гастросынама әдісімен асқазанның сөлін зерттеу

33 жасар әйелде АҚ 160/90 мм сынап бағанына дейін жоғарылайды. Бас ауруына, шаршағыштыққа, "нашар ұйқыға" шағымданады. Зәр талдауында\: салыстырмалы тығыздығы - 1022, протеин -жоқ,\nлейкоциттер - көру өрісінде 3-4. 10 жыл бойы жүктіліктен сақтану үшін ригевидон қабылдайды. АГ мүмкін болатын себебі\:{

эссенциялық АГ

созылмалы пиелонефрит

=оральды контрацепциялар ішу

біріншілікті гиперальдостеронизм

орталық жүйке жүйесі зақымдалуына байланысты АГ

33 жастағы әйел оң қабырға астындағы ауыру сезімі, әлсіздік, ұйқышылдык, тәбетінің төмендеуі, терісінің қышуы, соңғы 4 айда әлсін-әлсін мұрнынан қан ағуға шағымданады. Анамнезінде өкпе туберкулезы. Қарағанда\: терісі және склералары сарғайған, тарақ іздері бар. Іші жұмсақ. Бауыр қабырға доғасынан 5-6 см төмен, ауыіру сезімді. Аздаған спленомегалия. Қанда\: билирубин - 118,6 мкмоль/л, АЛТ - 2,8 мкмоль/л, тимол сынамасы - 10 бірл., сілтілі фосфатаза - 7,6 мкмоль/л. Емдеу шараларының қайсысы тиімді\:{

эссенциале, креон, преднизолон

гепабене, фестал, А, Е, К, Д витаминдері

В тобының витаминдері, ферменттер, гепадиф

=гептрал, А, Е, К витаминдері, холестирамин

антибиотиктер, преднизолон, холестирамин

34 жастғы ер адам, тағам қабылдағаннан соң 40-50 минуттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы басып ауыру және ауыртпалық сезімге, қышқылды кекіруге, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке шағымданады. Екі жыл бұрын рентгенологиялық тексеруде асқазан полипі анықталған, операциядан бас тартқан. Сипағанда эпигастрий аймағында ауырсыну. Қан анализі\: аздаған гипохромды анемия. Рентгенологиялық\: асқазанның үлкен иінінде – алып қатпарлар. Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау тиімді?{

метилурацилді

=омепразолды

антибиотиктерді

ацидин–пепсинді

висмут дәрілерін

34 жастағы ер адам аурыуның 2-ші күні ішіндегі толғақ тәрізді ауыру сезімге, әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, іштің 15 ретке дейін өтуіне шағымданып, ауруханаға түсті. Температурасы\n38,8ºС. Қан қысымы-100/70 мм с. б. Пульсі 92 рет\\1 мин. Сигма тәрізді ішек жиырылған, пальпация кезінде ауыру сезімді. Нәжісі аз мөлшерлі, шырыш пен қан қосылған.\nБолжам диагнозы\:{

тағамдық токсикоинфекция

=жедел дизентерия

сальмонеллез

амебиаз

тырысқақ

34 жастағы ер адам, құрсақтың төменгі бөлігінің сыздап ауыру, тәулігіне 10 ретке дейін болатын қан аралас сұйық нәжіс, салмақтың төмендеуіне шағымданып түсті. Қарағанда\: тоқ ішектің ауыруы сезімі. Ирригоскопияда тоқ ішек саңылауының тарылуы, ішек контурынан шығып тұратын көптеген гаустрациялар анықталған. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?{

шигеллездің

Крон ауруының

ишемиялық колиттің

псевдомембранозды колиттің

=спецификалық емес жаралы колиттің

35 - жастағы әйел, дене қызуының 38 С жоғарылауы, қалтыру, жиі зәр шығаруға шағымданады. Объективті\: соққылау симптомы оң жағынан оң. Қанда\: ЭТЖ – 40 мм/сағ. Зәрінде\: салыстырмалы тығыздығы – 1010, эр – 1-2 к/а, лейк – 13-15 к/а, бактериялар. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША мәліметті?{

=зәрдің бактерияға себіндісі

Зимницкий сынамасын

құрғақ тағамды қолдану сынамасын

преднизолондық сынаман

Мак-Клюра-Олдрич сынамасын

35 - жастағы ер адам, тыныштықта пайда болатын ентігу, бастың ауыруы, массивті ісіну, шөлдеуге шағымданып түсті. Екі апта бұрын баспамен ауырған. Объективті\: терісі бозғылт, бетінде, аяғында, бел аймағында айқын ісінулер. Жүрек үндері тұйықталған, ұшында систолалық шуыл. АҚҚ - 180/100 мм с.б.б. Зәрінде\: салыстырмалы тығыздығы – 1028, белок – 4,2 г/л, лейкоциттер – 10-15 к/а, жаңа және негізденіп өзгерген эритроциттер 1-3 к/а, гиалинді цилиндрлер - 3-4 к/а, тәуліктік диурез 300 мл. Науқаста төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы дамуы БАРЫНША мүмкін?{

мидың ісінуі

эклампсия

жедел өзекшелік ацидоз

=жедел бүйрек жетіспеушілігі

жедел жүрек жетіспеушілігі

35 жастағы А. атты науқас 2 жылдан бері бронхиальді демікпемен ауырады. Демікпе ұстамасы гормонға тәуелді, беротекпен басылады. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 66%. Қарап тексергенде тыныштықта ентікпе, аускультацияда өкпенің барлық аймағында естілетін ысқырықты құрғақ сырылдар. Төменде келтірілген тәсілдерінің қайсысы тиімді?{

теофиллин per os

эуфиллин 2,4% 10 мл к/т

вентолин небулайзер арқылы

=преднизолон 30-60 мг к/т

беротекпен ингаляцияны жалғастыру

35 жастағы науқастың оң жағындағы қабырғааралықта амфоралық тыныс естіледі. Сіздің болжам диагнозыңыз\:{

пневмоторакс

=өкпе абсцесс

өкпе гангренасы

өкпе эмфиземасы

бронхоэктаздық ауру

35 жастағы науқастың оң жағындағы қабырғааралықта амфоралық тыныс естіледі. Сіздің болжам диагнозыңыз\:{

пневмоторакс

=өкпе абсцесс

өкпе гангренасы

өкпе эмфиземасы

бронхоэктаздық ауру

36 жасар әйел жүйелі қызыл жегімен ауырады, ауру ағымының жоғарғы белсенділікте болуына байланысты преднизолонды 60 мг/тәу, 2 ай бойы қабылдап жүр. Он жамбас-сан буынын тұрақты ауырсынуына, түнгі мезгілде күшеюіне шағымданады. Аталмыш белгілердің науқаста кездесуінің себебі қандай?{

Остеопороз

Остеомиелит

Оң жамбас-сан буынының коксартрозы

=Сан сүйегі басының остеонекрозы

Түйінді синдром остеохондрозбен

36 жасар ревматоидты артритпен ауыратын әйелде рентгенологиялық зерттеуде буын маңылық остеопороз, буындық қуыстың тарылуы, бірен-саран сызаттар анықталады.Аталмыш өзгеріс рентгенологиялық зерттеудің қай сатысына сәйкес келеді?{

0 сатысы

I сатысы

=II сатысы

III сатысы

IV сатысы

36 жастағы ер адам, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезім, ішінің кебуі, ұйқысыздық, жалпы әлсіздік, есінің төмендеуіне шағымданады. Бұрын наркотикалық заттарды тамырішіне қабылдаған.Жағдайы соңғы 3 айда нашарлаған. Қарағанда\: жүдеу, телеангиоэктазиялар. Тері және склералары сарғайған. Іші жұмсақ. Бауыры қабырға доғасынан 4 см төмен, тығыз, сезімтал. Аздаған спленомегалия. НСV-ға ПЦР оң. Емдік шаралардың қайсысы тиімді?{

эубиотиктер, прокинетиктер, витаминдер

витаминдер, интерферон индукторлары, ферменттер

гепатопротекторлар, ілмекті диуретиктер, прокинетиктер

вирусқа қарсы препараттар, витаминдер, прокинетиктер

=вирусқа қарсы препараттар, гепатопротекторлар, ферменттер

36 жастағы ер адамда гемограммада өзгерістер анықталды\: лейкоцит 78 х 109/л; лейкоцитарлы формула\: промиелоцит 3%, миелоцит 8%, метамиелоцит 12%, таяқша ядролы нейтрофильдер 21%, сегментядролы нейтрофильдер – 41%, базофилдер – 3%, эозинофил – 6%, лимфоцит – 6%. Тромбоцит – 784 х 109/л, гемоглобин – 114 г/л., сүйек кемігі - гиперклеткалы, миелокариоциттер және мегакариоциттер деңгейі жоғарылаған, гранулоцитарлы қатардың барлық клеткалары анықталады. Диагнозды көрсетіңіз\:{

созылмалы миелолейкоз, бласты криз;

=созылмалы миелолейкоз, созылмалы тұрақты фаза;

эссенциалды тромбоцитемия;

идиопатиялық миелофиброз;

шынайы полицитемия.

37 - жастағы ер адам, кенет пайда болған әлсіздікке, басының ауыруына, тәбетінің төмендеуіне, дене салмағының төмендеуіне, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Бүйрек ауруымен ауырғанына 5 жыл болған. Қарап тексергенде\: дене салмағы төмендеген, терісі бозғылт - сарғыш түсті, беті ісінген, аяқтары мен табандары ісінген. Қан анализінде\: Нв - 70 г/л, эритроциттер - 2,0 млн., лейкоциттер - 5,7 мың, ЭТЖ - 20 мм/сағ. Зәр анализі\: салыстырмалы тығыздығы - 1012, белок - 1,5 г/л, лейкоциттер - 4-5 к/а, эритроциттер - 5-6 к./ Қандай зерттеу әдісі БАРЫНША мәліметті?{

хромоцистоскопия

=бүйректің пункциондық биопсиясы

бүйректің жалпы шолу рентгенографиясы

Бенс-Джонс белогын анықтау

зәрді бактериологиялық зерттеу

37 жастағы әйел, көбінесе түнгі уақытта және ашқарында пайда болатын, тамақ қабылдағанда азаятын, эпигастрий аймағындағы басып ауырсыну сезіміне шағымданады. Обьективті\: тілі ақ жабындымен қапталған, сипағанда эпигастрий аймағында жайылмалы ауырсыну байқалады. Төмендегі емдеу шараларының қайсы жоспары тиімді?{

омепразол, де-нол, маалокс

метронидазол, де-нол, алмагель

тетрациклин, омепразол, квамател

=кларитромицин, флемоксин Солютаб, париет

нифуратель, флемоксил Солютаб, гастроцепин

37 жастағы әйел, эпигастридегі ауырлық және толу сезімі, тамақ ішкеннен кейін тез тою сезімі, кейде жүрек айнуына шағымданады. ЭФГДС, УДЗ жүргізгенде ас қорыту жүйесінде айқын өзгерістер жоқ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?{

созылмалы атрофиялық емес гастриттің, өршуі

функциональды диспепсияның, бейспецификалық варианты

=функциональды диспепсияның, дискинетикалық варианты

функциональды диспепсияның, жаратәрізді варианты

Helicobaсter pylori ассоцирленген асқазанның ойық жарасы

38 - жастағы ер адам, ІІІ дәрежелі күйікпен түсті. Қарап тексергенде\: тері жабындылары айқын бозарған. ЖЖЖ - 120 рет минутына, АҚҚ 80/50 мм.с.б.б. 2-ші тәулікте мұрнынан қан кету, қан құйылулар мен теріасты гематомалар, олигоурия пайда болды. Қанда\: эритроциттер - 5,6 млн., лейкоциттер - 12,4 мың, тромбоциттер - 102 мың, гемотакрит - 58 %, этанол сынамасы теріс, фибриноген – 1,2 г/л. Эфоқ сынамасында қанның ұюы ұзарған, креатинин - 160 мкмоль/л. Зәрінде\: протеинурия, микрогематурия. Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?{

гемофилияның

=ТІШҚҰ синдромының

геморрагиялық васкулиттің

созылмалы гломерулонефриттің

аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпураның

38 жастағы ер адам эпигастрий аймағындағы күшті ұстамалы ауырсыну, терісінің сарғаюы, дене қызуының 390С жоғарылауы мазалайды. Объективті\: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісінің түсі сарғайған, бауыры қабырға доғасынан 4 см төмен, сипағанда ауырсынады. Зертханалық анализде\: лейкоциттер – 15 мың, ЭТЖ - 28 мм/сағ., УДЗ - холедохтың 9 мм кеңеюі. Қандай емдеу шарасы тиімді?{

гепатопротекторларды тағайындау

=оперативті ем жүргізу

ерімейтін антацидтер қосу

наркотиктік емес анальгетиктер қосу

спазмолитиктер-холинолитиктерді қолдану

38 жастағы әйел, бас сақинасы тәрізді бастың ауыруына, тез шаршағыштық, ауа жетпеу сезімі, психоэмоциональды жүктемеден кейін жүрек аймағының қағуына шағымданады. Ішінің ауруы, тәулігіне жиі 2-3 рет болатын аздаған көлемді сұйық нәжіс. Қандай зерттеу әдісі мәліметті\:{

ирригоскопия

ректоромоноскопия

құрсақ қуысы ағзаларының МРТ

=шырышты қабаттың биопсиясымен колоноскопия

тік ішекті саусақпен зерттеу

38 жастағы әйел, эпигастрии аймағындағы өткір ауырсыну, кейін ауырсыну бүкіл ішке таралып, ауырсыну кезінде бір рет құсқып, ауырқанаға түсті. Обьективті\: тері жабындылары бозғылт, суық тер басқан. Науқас мәжбүрлі жағдайда, аяқтарын ішіне тартып, арқасымен жатыр. Тынысы беткей, терең тыныс ішіндегі ауырсынуды күшейтеді. АҚ - 90/40 мм с.б.б. ЖЖЖ 50 рет мин. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Рентгенде іш қуысында бос газ анықталады. Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысының болуы мүмкін\:{

=перфорацияның

пенетрацияның

қан кетудің

перивисцериттің

12-елі ішекке кіре берістің стенозының

38 жастағы ер адам, оң жақ қабырға астындағы ауыртпаалық сезім, мұрнынан қан ағуға шағымданып қаралды. Қарағанда\: көрінетін шырышты қабат аздап сарғайған. Бауыр қабырға доғасынан 3-4 см төмен, тығыз, ауыру сезімді. Аздаған спленомегалия. Қанда\: ЭТЖ - 21 мм/с, жалпы билирубин - 58,8 мкмоль/л (тікелей билирубин - 22,4 мкмоль/л), тимол сынамасы-12 бірл., АЛТ-6,4 мкмоль/л, АСТ-5,9 мкмоль/л. HBV–ға ПЦР оң. Емдеу шараларының жоспарына қосу тиімді\:{

цитостатиктерді

глюкокортикоидтарды

өт айдағыш препараттарды

=вирусқа қарсы препараттарды

антибактериалды препараттарды

39 жасар науқас таңертеңгілік кұрысудың 1 сағатқа созылуына, жалпы әлсіздікке, субфебрилитетке шағымданады. Ревматоидты артритпен 6 жыл бойы ауырады. Объективті\: Жүктілік 18 апта.\nҚолдың 2-4 саусақтарының проксимальды буындарының симметриялы дефигурациясы, қозғалысы шектелген. Қай препарат аса тиімді?{

кризанол

диклофенак

метотрексат

=преднизолон

сульфасалазин

39 жастағы әйел адам, табиғатқа шыққан демалыстан кейін жедел ауырған. Температурасы 37,2оС, қалтырау, бастың ауыруы және айналуы, бір рет құсқан. Кейіннен ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, тәулігіне 20 ретке дейін іштің өтуі, бастапқыда көп мөлшерлі, нәжісті, екі күннен кейін нәжістік сипаты жоғалып, шырыш пен қан қосылған. Тенезмдер, дефекацияға жалған шақырулар байқалған.Этиотропты препаратты таңдаңыз\:{

доксициклин

линекс

неомицин

=ципрофлоксацин

цефтриаксон

39 жастағы ер адам, созылмалы панкреатитпен көптен бері сырқаттанады. Соңғы 1,5-2 айда ауызы құрғап, шөлдеу (күніне 4-5 литр су ішеді) пайда болып, айқын арықтаған. Төмендегі емдеу шараларының қайсысы тиімді\:{

ренни, креон

но-шпа, креон

креон, инсулин

фамотидин, креон

=мезим-форте, диабетон

39 жастағы науқаста ішімдік ішкеннен кейін қызу 40оС, кеуде клеткасындағы ауру сезімі, құсу пайда болды. Рентгенде\: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде біртекті тығыз массивті күңгірттену. Массивті\nантибактериальды емге қарамастан, жағдайы нашарлап, лейкопения дамыды, ЭТЖ – 52мм/сағ. Қақырықтан алтынды стафилококк егіліп алынды. Бір аптадан кейінгі рентгенограммада күңгірттену\nтек жоғарғы емес, ортаңғы бөлігін қамтып, деструкция ошақтары байқалды. Бұл жағдайда қандай емдеу тәсілі тиімді\:{

=лобэктомия жасау

көк тамырға левофлоксацин тағайындау

плазмаферез курсын өткізу

тиенам + метрогил тағайындау

цефтриаксон + нетромицин тағайындау

40 - жастағы ер адам әлсіздікке, тершеңдікке, жүдеуге, сол қабырға астындағы тұйық ауру сезіміне шағымданады. Объективті\: тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, көкбауыры кіндік деңгейінде, тығыз, ауру сезімінсіз. Қанда\: эритроциттер - 3,0 млн., лейкоциттер - 96 мың, миелобласттар - 2%, промиелоциттер - 4%, метамиелоциттер - 8%, таяқша - 12%, сегменттер - 52%, эозинофилдер - 5%, базофилдер - 5%, лимфоциттер - 12%, тромбоциттер - 200 мың. ЭТЖ - 56 мм/сағ. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысы ауруды емдеудің тиімділігін бағалауға БАРЫНША мүмкіншілік береді?{

ЭТЖ

=лейкоциттер

эритроциттер

тромбоциттер

ретикулоциттер

40 - жастағы ер адам, әлсіздік, тершеңдік, дене салмағының төмендеуі, сол қабырға астындағы тұйық ауыру сезімге шағымданады. Объективті\: тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен. Көкбауыры кіндік деңгейінде, тығыз, ауырмайды. Қанында\: эритроциттер – 3,0 млн., лейкоциттер – 96 мың, тромбоциттер - 200 мың, миелобласттар - 2%, промиелоциттер – 84 г/л, метамиелоциттер - 8%, таяқша -12%, сегменттер - 52%, базофилдер - 5%, лимфоциттер - 12%. ЭТЖ – 56 мм/сағ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?{

=созылмалы миелолейкоз

созылмалы лимфолейкоз
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


написать администратору сайта