Книга профилактика. І тарау. Медицинаны аймаы ретінде стоматологиялы ауруларды алдыналу Медициналы алдыналу
Скачать 3.31 Mb.
|
Тіс жұғындыларын кәсіби алып тастаудың заттары мен әдістері Егер науқас (оның отбасы) ауыз қуысының гигиеналық жағдайының жақсаруына қызығушылық білдіріп және үй гигиенасын дұрыстау бойынша дәрігердің ұсыныстарын орындаса, онда оған арнайы құрылғылар көмегімен тіс жұғындыларынан босатылуына көмектесу қажет. Кәсіби кірісулерді қиын зоналарда жұмсақ қызылиекүсті жұғындылары (шайнау тістерінің проксимальды беткейлері, соңғы молярлардың ұрттық және дистальды беткейлері), қатты қызылиекүсті жұғындылары және қызылиекасты жұғындылардың барлық түрлері талап етеді. Бұдан басқа, дәрігер (немесе гигиенист) периодонт жағдайына әсер ететін реставрацияның сапасын бағалау қажет, қажет жағдайда, оларды дұрыстауды жоспарлау. Жеткіліксіз жылтыратылған беткейі немесе артық көлемі бар пломбаларды өңдеуді кәсіби гигиена барысында жүргізу ұсынылады, пломбаның басқа ақауларын терапиялық қабылдауда жояды. Стоматолог пен гигиенисттің арсеналында ауыз қуысының кәсіби гигиенасын орындауға арналған құралдар мен заттар болуы қажет. Минерализациялық емес қызылиекүсті тіс жұғындыларын алып тастау үшін құралдар мен заттар Жұмсақ қызылиекүсті тіс жұғындылары кәсіби гигиенаның бірінші болып табылады, өйткені олар басқалардың бәрінің үстінде, оларды жасыра отырып жатады, жағдайды бағалауды және гигиенаның бірдей заттарын таңдауды қиындатады. Минерализациялық емес тіс жұғындыларын алып тастау үшін ысудың азғантай күші қажет, сондықтан бұл мақсатпен жоғары емес агрессивтілігі бар заттар мен әдістер қолданылады. Осы заттар оларды толық тазалағаннан кейін тіс беткейлерін жылтырату үшін ең ақырын тәртіпте қолданылады. Ротациялық (циркулярлы) щетканың металлды негізі және синтетикалық талшықтары бар (сур. 6.6). Щетканың ұстағышының бормашинаның бұрыштық төмен жылдамдықты ұштығында бекіту үшін қажет мөлшерлері мен түрлері бар. Щетканың басшығы дөңгелек түрде және диаметрі 0,5-0,8 см болады. Қылшықтары тек басшығының сыртқы жиегі бойымен немесе шеңбердің бүкіл ауданы бойымен бекіген, 0,4-0,6 мм биіктігі бар. Жарақат мүмкіншілігін төмендету үшін щетканы суда немесе (жиі) сықпамен ылғалдандырады. Сықпаның қасиеттеріне байланысты щеткамен тістің, пломбаның және бекітілген аппараттардың және протездердің беткейлерін тазартуға немесе жылтыратуға болады. Тістің вестибулярлы және оральды беткейлерін тазарту үшін айналмалы щетканы ақырын тістің бүкіл ауданы бойымен кескіш жиегінен, қызылиек жиегін тимей жүргізеді. Шайнау беткейінде жұмыс кезінде соңғы молярлардың дистальды бөліктеріне ерекше көңіл аудара отырып, тереңделулерді тазартуға тырысады. Сур. 6.6. Ротациялық щеткалар. Ротациялық ершиктер басқа қол бормашинаның бұрыштық ұштығына бекітілетін ұстағышының болуымен ерекшеленеді. Ротациялық тостағаншалар – бұрыштық ұштық үшін металлды ұстағышта бекітілген иілгіш резинадан қуыс конустар (сур. 6.7). Сур. 6.7. Тіс жұғындыларын кәсіби алып тастау үшін ротациялық тостағаншалар. Тостағаншаның мөлшерлері мен түрлері ротациялық щетка басшығының мөлшерлерімен ұқсас. Тостағаншаның қаттылық дәрежесі дайындалған материалдың қасиетіне байланысты, көбінесе түспен белгіленеді: ақ – жұмсақ, қара – қатты, жасыл, көкшіл, көк – қаттылықтың аралық дәрежелері. Тостағаншаның қуысына кәсіби тазартушы сықпаны енгізеді, ол айналу кезінде тістің тазартылатын беткейі бойымен және резинаның үйкелу әсерін толықтырады. Тостағаншалар мен сықпаларды қолдану жаман емес тазартушы және әсіресе жақсы жылтырағыш әсер береді. Тостағаншаның жұмысшы алаңы конустың жиегі және сыртқы беткейі болып табылады, сондықтан бұл құралдармен төмпешіктердің ылдилары және ойыс беткейлерді тазартқан ыңғайлы. Қауіпсіздік мақсатында тіндерге айналмалы тостағаншаның қандай да бір бөлігінің қысымы дәрігердің күшіне, сонымен қатар жұмысшы беткейінің ауданы мен түріне байланысты екенін есте сақтау қажет. Ең жоғары қысымды конустың жұқа жиегі (сыртқы жиегі) көрсетеді, сондықтан оны мойыналды аймағының қажалған эмалінде, түбірдің жалаңаштанған цементінде және - әсіресе қауіпті! – қызылиек тіндерінде тістің ұзын осіне перпендикулярлы орналастыруға болмайды. Кәсіби сықпалардың жеке гигиенаның сықпаларында сияқты принципиальды құрамы бар. Кәсіби сықпалар абразивтіліктің әр түрлі деңгейлеріне ие: жоғарыдан – тазартуға арналған сықпаларда (циркониймен, ірі кремнеземмен), төменге дейін – жылтырату үшін сықпалар. Кәсіби сықпалардың төмен мөлшерде беткей-белсенді заттары бар, үрдіске көз бақылауының қажеттілігі негізделеді. Флосстар мен баулар тістердің проксимальды беткейлерінен жұмсақ тіс жұғындыларын алып тастау, алынбайтын ортодонтиялық және ортопедиялық құрылымдардың «ішкі» беткейлерін және олардың астындағы эмаль бөліктерін өңдеу үшін қолданылады.. Штрипстер мен жылтыратушы баулар пластикалық немес металлды жұқа жолақтар түрінде келеді, оларға агрессивті абразивті материалдың қабаты бекітіледі (алмазды ұсақ силикатты бөлшектерге дейін). Абразивтілік дәрежесіне сәйкес штрипстер мен жолақтарды тістердің проксимальды беткейлерінен тығыз (Пристли қағы) және жұмсақ тіс жұғындыларын алып тастау үшін, сонымен қатар тістердің осы беткейлері мен пломбаларды жылтырату үшін қолданылады. Кең жолақтарды, олармен бір уақытта бүкіл проксимальды беткейді өңдеуге болады, және жіңішке, олар тісаралық қатынасты пунктің үстінде және астында проксимальды беткейдің бөліктерін таңдамалы тазартуға (жылтыратуға) мүмкіндік береді, ажыратады. Тығыз қатынасты тісаралық пункттері арқылы штрипстер мен жолақтардың өтуін жеңілдету үшін, өңдірушілер штрипстерде абразивті жабуы жоқ азғантай тегіс («жұқа») бөлікті қалдырады. Тістерді және реставрацияларды штрипстермен тиімді және қауіпсіз өңдеу техникасы тұтас алғанда флоссинг техникасына сәйкес келеді. Ауа-абразивті жүйелер абразивті бөлшектердің қарқынды ағымын жасайды, олар стоматологиялық қондырғыға немесе автономды блокқа байланысатын ұштықтың қуысы арқылы тістің тазартылатын беткейін бастырмалайды. Аппарат әр түрлі абразивті ұнтақтармен зарядталуы мүмкін: су содасы, лимон қышқылы және т.б. Ауа-абразивті өңделу үшін қолданылатын ең кең таралған абаразив диаметрі 5 мкм. алюминий тотығының бөлшектері болып табылады. Бұл зат улы емес, химиялық және биологиялық инертті, тұрақты. Дегенмен, абразивті қоспа бүйір және шағылысқан «бұлт» жасайды, осымен абразивтің аспирация және қоршаған микро кеңістіктің ластану қауіптілігі байланысты. Сондықтан коффердам немесе салфетка (5х5 см) көмегімен науқастың жұтқыншағын қорғау туралы ойлау, шаң сорғыш қолдану, міндетті түрде көзілдірік және алжапқыш қолдану қажет (науқасқа да, дәрігерге де). Тіс жұғындыларын және ауыз қуысы тіндеріне қатысты процедураның агрессивтілігі тек абразивтің қасиетіне ғана емес, сонымен қатар бөлшектердің жылдамдығына (импульсына) байланысты, бұл аппараттың жұмыс тәртібімен және беткейге қатысты қуыстың орналасуымен анықталады. Абразивтің ағымын жалаңаштанған түбір мен периодонт тіндерін жарақаттан, сонымен қатар композитті реставрацияның зақымдануынан сақтана отырып, тек эмаль беткейіне бағыттау қажет. Тістің ұзын осіне қатысты канюльдің еңкею бұрышы 60-тан 900-қа дейін құрауы қажет, абразивті жіберу бағыты – қызылиектен сауыттың окклюзионды беткейінің кескіш жиегіне дейін, тістің беткейі мен ұштық арасындағы қашықтық 5 см-ден төмен болмауы қажет (сур. 6.8). Беткейді импульсті тәртіпте, 5-10 с өңдеу қажет, бұл тіндердің қызып кетуін адын-алуға және жұмыс нәтижесін көзбен бақылауға мүмкіндік береді. Ауа-абразивті жүйелер жұмсақ және тығыз (Пристли, темеке тартушы қағы) жұғындыларды алып тастау және тістердің беткейін жылтырату, сонымен қатар жапсыру алдында фиссуралардың эмалін өңдеу, қышқылмен өңдеудің орнына композитті реставрацияға эмаль беткейін дайындау үшін қолданылады. Сур. 6.8. Ауа-абразивті жүйені қолдану сызбасы. Қызылиекасты кеңістіктерді тазарту және қатты қызылиекүсті жұғындыларды алып тастау үшін заттар және құралдар және аппараттар Химиялық заттар Тіс жұғындыларын алып тастау үшін химиялық заттар сирек қолданылады: қызылиекүсті тасты алдын-ала жұмсарту туралы сөз. Мұндай препараттар жиынтық түзушілерді (ЭДТА, трилон Б), немесе қышқылдарды (тұз, лимон) құрайды. Препараттарды тас беткейіне 0,5-2 мин-қа жағады, осы мерзімде олардың компоненттері жұғындының минеральды байланыстарымен реакцияға түседі. Препараттарды қызылиек тінінен тікелей жақын жағуға тура келгендіктен, оны қорғау үшін шараларды қолдану қажет (коффердам). Механикалық қол құралдары және құралмен әдістер Қатты қызылиекүсті жұғындыларды және қызылиекасты кеңістіктен барлық жұғындыларды алып тастау үшін өңделетін беткейдің қисықтығын қайталайтын, кескіш қырлары бар арнайы металлды құралдар қолданылады. Қол құралдарының сабы, жұмысшы бөлігі және оларды байланыстыртын өзегі бар. Жұмысшы бөлікте бүйір қырларын, бет жағын, кері жағын (арқасы), бүйір қырларын және ұшын ажыратады. Жұмысшы бөліктің дизайнының ерекшеліктеріне байланысты құралдардың бірнеше түрлерін ажыратады:
Сур. 6.9. Скейлерлер.
Сур. 6.10. Кюреталар.
Сур. 6.11. Қашау. Сур. 6.12. Кетпен. Гигиеналық тәжірибеде ең кең таралған скейлерлер және кюреталар. Дизайнның жарақаттаушы қауіпті элементтері бар скейлерлер терең емес қызылиек қалталарында жұмысқа арналған. Скейлерлер тіке және орақ тәрізді, екі жақты және бір жақты, фронтальды тістер және бүйір тістер үшін болады. Кіші гигиеналық жиынтыққа фронтальды топтар үшін бір және бүйір тістер үшін бір скейлер кіреді. Әмбебап кюреталар тістің барлық беткейлерінде, соның ішінде терең қалталарда жұмысқа арналған. Фронтальды және бүйір тістер үшін әмбебап кюреталарды ажыратады; жіңішке жұмысшы бөлігі және қысқа өзегі бар кюреталар балалардың тістерін кәсіби тазарту үшін ұсынылған. Тістің өңделетін беткейіне нақты бейімделген Грейси зона арнайы кюреталары: толық жиынтық күрек тістер мен ит тістердің, премолярлар мен молярлардың вестибулярлы-дистальды, вестибулярлы-медиальды, оральды-дистальды және оральды-медиальды бүйір беткейлерін өңдеуге арналған 14 құралдан тұрады. Стоматологиялық гигиенисттің кіші жиынтығына Грейси 4 стандартты кюреталары кіреді:
Қашау мен кетпенді кәсіби гигиенада шектелген кеңістікте тістің тегіс беткейінен қызылиекүсті жұғындыларды алып тастау үшін қолданылады. Қол құралдарымен тіс жұғындыларының әр түрлі түрлерін қырып алуға, кесуге немесе опырып алуға болады. Құралдың жұмысшы қырын оның мойыналды аймағында тіспен тығыз емес қатынаста әкеледі (қара сур. 6.13а) және тастың апикальды полюсіне жылжытады (қара сур. 6.13б). Содан кейін құралды өңделетін беткейге тығыз қысады (сур. 6.13в) және күшпен (бірақ бір қалыпты және абайлап!) оны коронарлы бағытта тістің ұзын осі бойымен жүргізеді, бұл кезде жұғындыны кескіш жиекке/окклюзионды беткейге ығыстыруға және бұзуға тырысады (сур. 6.13г). Жұмысшы алаңды стоматологиялық қондырғының пистолетінен немесе бос қалған жерінен, шприцтан инемен дистилденген сумен немесе антисептиктермен жуа отырып, тазалайды. Беткейдің тазару сапасын көзбен (стоматологиялық айна көмегімен) және тактильді (түймелі, саңырауқұлақ тәрізді немесе қарапайым зонд, немес кішкентай экскаватор көмегімен) тексереді. Процедураны жылтыратумен аяқтайды, ол үшін ротациялық щеткалар, резиналы тостағаншалар және бастар, сықпалар, жолақтар және т.б. қолданылады. Сур. 6.13. Кюретамен қызылиекасты тіс жұғындыларын алып тастау кезінде жұмыс сатылары. Тіс жұғындыларын қолмен алып тастау техникасы ыңғайсыздықтың жоғары қаупімен және науқас пен дәрігерге жарақатпен кезектеседі, сондықтан қауіпсіздік және эргономика талаптарын қатаң сақтау қажет.
Электромеханикалық құралдар мен әдістер Қатты қызылиекүсті және қызылиекүсті жұғындылардың барлық түрлерін алып тастау үшін электрлік аппараттардың бірнеше түрлері қолданылады, оларда тазарту металлды немесе пластикалық ұштықтардың дағдылы қозғалыстары есебінен, қол скейлерлері мен кюреталардың жұмысшы бөлігін еске түсіретін мөлшері және түрі бойынша жүргізіледі. Аппараттар қозғаушының табиғаты бойынша, тазартушы қозғалыстардың бағыты мен қарқындылығы бойынша, қолданудың қауіпсіздігі және тиімділік дәрежесі бойынша ажыратылады. Қолдыкіне қарағанда, аппаратты скейлерлер қолдың қысымымен жұғындылар пласттарын кеспейді, бірақ олардың құрылымын дағдылы микро қозғалыстармен бұзады, сондықтан скейлердің жұмысшы бөлігіне қолдың қысымы аз болуы қажет. Дәрігер тазартылатын беткеймен скейлердің сәл қатынасын тіс бойымен оның жоспарлы жылжулары кезінде қамтамасыз етуі қажет. Пневматикалық («дыбысты») скейлерлер бормашинаның турбинасымен немес арнайы аппаратпен қысылған ауа ағымы әсерінен жұмыс жасайды. Скейлердің ұшы 1,5 мм радиуспен және диапазонда 1500-7000 с (Гц) «дыбысты» жиілікпен тазартушы айналмалы тербелулер жасайды. Скейлердің ұшына артық қысым кезінде оның тербелуі тоқтатылады. Осы техникалық шектеулерінің арқасында пневматикалық скейлердің агрессивтілігі салыстырмалы жоғары емес, бұл оны беткейге кез келген бұрышпен орналастыруға мүмкіндік береді. Осы себеппен пневматикалық скейлерді жоғары жаралы тіндерде – мысалы, қызылиекасты аймақта жұмыс үшін қолдануға болады. Тістің беткейіне скейлердің үйкелуі тіс температурасының жоғарылауына әкеледі, ауырсыну тудырады және ұлпаның зақымдануына әкелуі мүмкін, сондықтан жұмысшы алаңды салқындатушы сұйықтықпен – сумен немес антисептикалық ерітіндімен сулау қажет. Пневматикалық скейлермен тіс жұғындыларын алып тастау – салыстырмалы баяу, бірақ механикалық кәсіби гигиенаның қауіпсіз және тиімді тәсілі. Ультрадыбысты скейлерлердің әр түрлі металлды қондырмалары бар, олар түрі бойынша орақ тәрізді скейлерлерді (қарапайым ультрадыбысты қондырмалар), Грейси кюреталарын және периодонтальды зондтарды (периодонтальды ультрадыбысты қондырмалар) еске түсіреді, бірақ жарақатқа қарсы (кескіш емес, дөңгеленген) қырлары және ұшы бар. Аппараттардың атауы 18 000-нан 50 000 Гц дейін құрайтын скейлер қондырманың жоғары тербелу жиілігімен байланысты. Тербелулер магнитостриктивті әсер (ауыспалы электромагнитті алаңда ұштықтың ішінде металлды пластина пакетінің немесе ферромагнитті өзектің кеңею және тарылу циклдері) немесе пьезоэлектрлік әсер (ауыспалы электрлік алаңда кейбір кристаллдардың көлемінің циклді өзгерістері) көмегімен өзгертілген электрлік ток әсерінен болады. Ультрадыбысты скейлерлер бірнеше әсерлер көмегімен тіс беткейлерін және қызылиекасты кеңістіктерді босатады:
Ультрадыбысты скейлерлердің негізгі тазартушы әсері жұғындыға тербелмелі қондырманың механикалық әсері болып табылады (сур. 6.14). Магнитостриктивті скейлерлерде қондырманың ұшы сызықтыдан айналмалыға тербелмелі қозғалыстар жасайды, бұл қондырманың барлық беткейлеріне (бүйір, алдыңғы, артқы) бірдей белсенді болуға мүмкіндік береді. Тіс жұғындыларын өңдеу зонасына жақсы бейімделетін қондырманың бөлігімен алады. Пьезоэлектрлік скейлерлердің қондырмасының қозғалыстары сызықты қайталамалы-үдемелі: доға тәрізді қондырманың радиусы бірде төмендейді, бірде жоғарылайды, сондықтан бір уақытта саптаманың тек екі жағы белсенді болуы мүмкін (бүйір қырлары). Скейлердің ұшына жоғары қысыммен (1000 атм. Дейін) су беріледі, ол жоғары жиілікті тербелу арқасында ауамен сіңеді және бөлшектердің жоғары кинетикалық энергиясы және кавитация әсері бар аэрозоль түзеді: ауаның микро көпіршіктері жарылады, бұл беткейдің жұқа тазаруына ғана септігін тигізбейді, сонымен қатар микробты клеткалардың бұзылуына әкеледі. Ағымда саптаманың ұшы аймағында гидроакустикалық толқын қалыптасады – турбуленция әсері пайда болады, ол да микробты клеткаларды зақымдайды. Сұйықтық жұмысшы алаңды салқындатады және жуады (соның ішінде қызылиекасты кеңістіктердің ирригациясын жүзеге асырады), суды антисептикалық ерітіндіге ауыстыру тазартудың микробқа қарсы әсерін күшейтеді. Скейлердің тербелу қарқындылығы мен суды жіберу жылдамдығын дәрігер өзі таңдай алады (белгілі деңгейлерде). |