Книга профилактика. І тарау. Медицинаны аймаы ретінде стоматологиялы ауруларды алдыналу Медициналы алдыналу
Скачать 3.31 Mb.
|
Жұтыну қызметі Жұтыну қызметі күрделі қимыл болып табылады, ол көптеген бұлшықеттер жұмысының жақсы координациясы кезінде мүмкін болады. Тістесудің қалыптасуына ықпал көзқарасы бойынша, бұл жиынтықта ең маңызды орынды тіл алады. Тілдің мөлшерлерінің елеулі маңызы бар. Макроглоссия кезінде тіл барлық ауыз қуысын алады, жақын зоналарға жылжиды және онда мүшелер мен тіндерді деформациялайды: тістер арасына салынады және ашық тістесуді қалыптастырады, көмей қақпашығы мөлшерлерін төмендетеді. Үлкейген тілдің контурлары көбінесе тегіс емес, тістердің таңбалары бар, оның шығуы кезінде тілдің ұшы иекке жеңіл жетеді, бұл макроглоссияның клиникалық анықталуын көмектеседі. Бұл ауытқу жиі микседема, кретинезм, гипофизарлы нанизм, Даун ауруы кезінде орын алады. Цефалометрия мәліметтерімен дәлелденген шынайы макроглоссия жағдайында ашық тістесуді алдын-алу (емдеу) үшін тілдің резекциясы операциясы жүргізіледі. Микроглассия кезінде тіл ауыз қуысының үлкен емес бөлігін алады, тыныштық кезінде тістерге жанаспайды, шыққан кезде төменгі күрек тістерге қиындықпен жетеді. Ауыз қуысы түбі көтеріңкі, оның бос бөліктері тілдің екі жағынан көрінеді. Тіс доғасы тілдің центрден тепкіш қысымын сезбейді және сондықтан қалыпты мөлшерлерге жетпейді. Нәтижесінде премолярлар тығыз жарып шығады, үшінші молярлар төменгі жақ бұрыштарында орналасады, бүйір сегменттердің тістері орталық сызыққа ығысады және еңкейеді, төменгі күрек тістер оральды, жоғарғы күрек тістер – лабиальды бағытта еңкейеді. Балада гипоглоссияның болуы оның ортодонтта тұрақты бақылау қажеттілігін ұсынады. Жұтыну кезінде тірек зоналарына тілдің бұлшықеттерімен көрсетілетін қысым 300-800 г/см2 жетеді, сондықтан жұтыну патологиясы өте маңызды басқарылатын қауіп-қатер факторы ретінде қарастырылады. Жұтыну туа пайда болған қызмет болып табылады, бірақ жас келе жұтыну нормасы ауыз қуысында өзгеретін жағдайларға сәйкес өзгеруі қажет және осылайша тістесудің дұрыс қалыптасуына жағдай жасайды. Бала тіссіз жақтарға және алты айлық жасқа дейін баланың тағамды табудың негізгі тәсіліне – соруға бейімделген жұтынудың қалыптасқан инфантильді түрімен дүниеге келеді. Қалыпты даму кезінде тістер жарып шыққаннан кейін тіл функциональды және позиционды қайта құруға ұшырайды: ол біртіндеп артқа ығысады, жұтыну кезінде фронтальды тістермен (қалыпты тыныс алудың аралас түрі), кейін – таңдайлық-альвеолярлы зонамен қатынасуға үйренеді (соматикалық түрі). Аралас жұтынудың соматикалық деңгейіне дейін «жетілуінің» өтпелі кезеңі қалыпты жағдайда бала өмірінің 4-5 жасына таман аяқталады. Соматикалық жұтынудың циклі төрт фазадан тұрады. І фаза. Тілдің жоғарғы беткейінің алдыңғы үштен бір бөлігі жазық немесе ойыс. Тағамдық түйір тілдің алдыңғы үштен бір бөлігі жазықтығында немесе тіласты зонада, артқа ығысқан тілдің алдында жиналады. Тіл арқасының артқы бөлігі иілген, жұмсақ таңдаймен тығыз байланысады (тағам жұтылмайды!). Бұл фазада еріндер мен тістер жиі жымдаспаған. ІІ фаза. Тілдің арқасы кішкентай науа түрінде бүктеледі немесе ортаңғы үштен бір бөлігінде майысады. Тілдің ұшы жоғарыға қимылдайды. Жұмсақ таңдай көтеріледі және артқа ығысады, бұл кезде екі саңылаулар: таңдайлық-тілдік және таңдайлық-жұтқыншақтық түзіледі. Тағамдық түйір артқа жылжиды. Еріндер мен алдыңғы тістердің жеңіл жымдасуы байқалады. ІІІ фаза. Тілдің алдыңғы бөлігі қатты таңдайға қысылады. Тілдың арқасының артқы үштен бір бөлігі тағамдық түйірге жұтқыншаққа кіруді аша отырып, төмендейді. Жоғарғы жұтқыншақтық констриктор жиырыла бастайды, жұмсақ таңдай иіледі – таңдайлық-жұтқыншақтық жымдасу қалыптасады, яғни мұрынжұтқыншақ пен ауызжұтқыншақтың ажыратуы. Тістер мен еріндер жымдасқан. ІV фаза. Тілдің арқасы жоғарыға иіледі және артқа жылжиды. Жұтқыншақ пен жұмсақ таңдайдың тіндері төменге және артқа ығысады. Нәтижесінде тағамдық түйір тіс сықпасы тубадан сығылғандай ауыз жұтқыншақ деңгейінен кетеді. Дегенмен, жұтыну қызметінің дер кезінде жетілуі барлық жағдайларда бола бермейді: инфантильді жұтыну үш жастағы балалардың 90%-ында және он екі жастағылардың 3%-ында сақталады. Патологиялық инфантильді жұтыну соматикалықтан екінші және үшінші фазада ерекшеленеді: тіл артқа ығыспайды, керісінше, алдыға тартылады, тістер арасына салынады және өзімен бірге ерін саңылауын тұйықтайды (бұл кезде еріндер мен тістердің қалыпты байланысы болмайды). Тіл еріннен итеріледі, периоральды бұлшықеттер – ауыздың айналма бұлшықеті, ұрттық, иектік - ширыққан. Патологиялық инфантильді жұтыну кезінде жиі оймақ немесе гольф үшін доп симптомы байқалады: егер теріге иектік бұлшықеттің талшықтары қосылса, онда оның жиырылуы кезінде иекте тартылулар, шұңқырлар түзіледі. Мұндай жұтыну кезінде тіл жоғарғы және төменгі жақ тіс доғаларының фронтальды бөліктеріне вертикальды қысым көрсетеді, нәтижесінде альвеолярлы өсінділер вертикальды саңылауды түзе және ашық тістесуді қалыптастыра отырып жоғары және төмен иіледі. Жұтыну қызметіне қатысатын бұлшықеттердің дискоординациясынан тіс доғаларының дистальды бөліктері дамуға қажетті стимулдарды алмайды және тарылған болып қалады. Патологиялық инфантильді жұтынудың себебі тілдің алдыңғы қалпы болуы мүмкін: ауыз арқылы тыныс алу кезінде ауаның өтуі үшін кеңістік үлкейеді, жұтқыншақ бадамшаларының гипертрофиясы кезінде – тағамдық түйірдің жұтқыншаққа жылжуы жеңілдейді. Жұтыну қызметінің толық дамымауының басқа себептері ішінде макроглоссияны, тіл бұлшықеттері тонусының бұзылысын, бөтелкеден ұзақ қоректендіруін, тілді үйреншікті соруын, қатты тағамға бейімділігінің болмауын, тістесудің ауытқуларын, ОЖЖ патологиясын атайды. Инфантильді жұтынуды анықтау клиникалық зерттеу кезінде жұтыну уақытында тіл ұшының алдыңғы қалпын анықтауға негізделеді. Дәрігер қолдарымен баланың еріндерін тартып және ұстап тұрады, оған сілекейді жұтынуын сұрайды, бұл кезде бала тілін тістер арасына салмай ма соны бақылайды. Жұтыну патологиясының басқа маңызды белгісі оймақ сиптомы болып табылады. Ең анық ақпаратты миография, палатография (таңдайда бояумен немесе қалыптық материалмен жабылған тілдің таңбаларын алу), рентгенография және т.б. әдістерін қолдана отырып алуға болады. Аралас патологиялық жұтыну кезінде қызметтің бұзылысы мен олардың себептері инфантильді жұтыну кезіндегімен сәйкес келеді, өзгешелігі ІІІ фазада тіл тістер арасына салынбайды, оларға тіреледі. Тістерге тұрақты қысымның нәтижесінде жақтардың фронтальды бөліктерінің артық өсуі, тістердің вестибулярлы иілуі, олардың арасында тремалардың болады. Клиникалық зерттеу кезінде жұтынудың ІІІ және IV фазаларында жоғарғы және төменгі жақ тістері тығыз қысылған, ал тіл кең тісаралық кеңістіктерге енеді. Стоматолог ата-аналарды сау балада жұтынудың қалыптасуы көбінесе оны қоректендіруді ұйымдастыруға байланысты екеніне сендіру қажет. Ата-аналар баланың рационына азықтың консистенциясы бойынша қатты түрлерін дер кезінде (өмірінің 4-5 айларында) енгізуі қажет, баланың аузына қасықты салмай, бірақ оны қасықтан тағамды еріндерімен алуын үйрету, тағамды сумен ішуіне рұқсат етпеу, қатты және сұйық тағамға баланың таңдамалы қатынасын тоқтату және т.б. Жұтынуды қалпына келтіру үшін бұл қызметтің толық дамымауының барлық объективті алғы шарттарын анықтау және мүмкіншілігінше жою қажет: тыныс алуды қалпына келтіру, миогиимнастиканың арнайы жиынтықтары көмегімен бар тіс-жақ ауытқуларын жою, тіл бұлшықеттері тонусын жоғарылату және осылайша дұрыс жұтыну стереотипін жасау. Кейбір жағдайларда жұтынуды дұрыстау үшін тілдің алға жылжуына кедергі жасайтын арнайы ортодонтиялық аппараттарды қолдану қажет. Сору қызметі және онымен байланысты оральды әдеттер Сору рефлексі туа пайда болған болып табылады: ультрадыбыстық зерттеу анасының құрсағында дамудың 18-ші аптасынан бастап ұрық қолының бас бармағын соратынын көрсетеді. Туылғаннан кейін сору қызметі дамиды, өзінің максимумына өмірінің 3-6 айына таман жетеді, ал 6-айлық жастан бастап жоғала бастайды және 1 жасқа таман толық жойылу қажет. Сору қызметінің негізгі физиологиялық ролі – нәрестенің табиғи (емшекпен) немесе жасанды (мүйізді) қоректендіруді қамтамасыз ететін тағамдық. Бұдан басқа, сору көмегімен бірқатар басқа міндеттер шешіледі. Сорудың айқын седативті әсері белгілі: ол балаға тыныштануға, ішкі және сыртқы проблемаларға бейімделуіне көмектеседі, рақаттылық береді. Психологтар бұл рефлекстің танымдық ролін атап көрсетеді: бір жасқа дейін оральды зона рецепторларға ең бай болып табылады деп есептейді, сондықтан бұл жастағы балалар жиі зерттелетін заттарды аузына салады. Қалыпты сору жақ-бет аймағы мускулатурасының дамуына септігін тигізеді, балалық ретрогения жағдайынан төменгі жақты шығаруға көмектеседі және тістесудің қалыпты дамуын анықтайды. Сору қызметі кейбір маңызды жағдайларды орындау кезінде аталған міндеттерді тиімді шешеді. Бала емшек сүтін тиімді сору үшін оның мұрынмен тыныс алуын қамтамасыз ету қажет: алдын-ала мұрын жолдарын тазалау, қоректендіру кезінде сүт безін баланың мұрнын жаппау үшін ұстап тұру қажет. Жасанды қоректендіру кезінде тағамы бар бөтелкені баланың иегін баспайтындай ұстау қажет. Тістесуге сорудың жағымды әсері және оның седативті әсері сүтті алушы бала жеткілікті ұзақ уақыт мерзімінде (10-15 мин) айқын қолдан келетін қиыншылықтарды жеңу жағдайында жұзеге асырылады. Сондықтан, егер табиғи қоректендіру кезінде сүт бездің жолдарынан жеңіл ақса, бірінші, ең «бағалы» порцияларды ағызып алу қажет, қажет жағдайда қоректендірудің соңында оларды балаға бөтелкеден выпоить беру суару. Жасанды қоректендіру кезінде баланың сору қимылдарының қарқындылығы емізіктегі тесіктің санымен және мөлшерімен анықталады: 4-6 нүктелі тесіктері бар емізікті қолдану ұсынылады (егер олар үй жағдайында жасалса, онда ол үшін жұқа тігін қатты қыздырылған инені қолдану қажет). Егер емшектегі бала сорудың седативті әсері басталғаннан бұрын тойса, онда «жетпейтін» 5-10 минутқа оған бос резеңке емізікті береді. Ортодонттардың белсенді қатысуымен бірнеше маңызды талаптарға сәйкес келетін «физиологиялық» бос резеңке емізіктің үлкен ассортименті шығарылды:
Бірқатар жағдайда сору рефлексінің негізінде патологиялық оральды әдеттер (парафункциялар) пайда болады, олар тістесудің қалыптасуы кезінде жағымсыз роль атқаруы мүмкін. Ең кең таралған «бос резеңке емізікті» ұзақ сору, бірақ жиі олардың ролін тіл, еріндер, ұрт, қол мен аяқтың әр түрлі саусақтары, карандаш, қалам және т.б. атқарады. Бос резеңке емізікті немесе қолдың үлкен (жазылған) саусағын сору кезінде қалыптасушы сүйектерге ауытқулы факторлардың толық қатары әсер етеді:
Бүгілген саусақтарды, карандаштарды және т.б. сору кезінде тістесу патологиясы жақтардың нақты бөліктеріне бұлшықеттермен, затпен көрсетілген механикалық қысымның сипатына байланысты қалыптасады. Осылайша, төменгі ерінді тістеу және сору төменгі доғаның алдыңғы бөлігінің ұлғаюына әкеледі (және күрек тістердің тығыз орналасуына) және жоғарғы күрек тістердің алға жылжуына . Жоғарғы ерінді сору жоғарғы жақ күрек тістерінің таңдайлық иілуіне септігін тигізеді. Ұртты сору тіс доғаларының бүйір бөліктерінде тарылуына әкеледі. Тілді сору және оны тістер арасына салу вертикальды жазықтықта бұзылыстарды тудыруы мүмкін, ашық тістесудің қалыптасу себебі болуы мүмкін. Тістесу бұзылысының айқындылық дәрежесі парафункция қайда (біріншілік немесе екіншілік шеміршектер зонасында), қашан (тістесу қалыптасуының қай кезеңінде), қашаннан және қандай қарқындылықта әсер етеді. Патологиялық оральды әдеттер баланы ұзақ бақылаған кезде жеңіл анықталады, оған үйреншікті жағдайда, сондықтан балада парафункцияның болуы туралы ақпаратты стоматолог оның ата-анасынан, тәрбиешіден және т.б. сұрай алады. Балада оральды парафункцияның болуын стоматологиялық тексеру барысында кейбір ерекше (бірақ патогномониялық емес!) белгілер анықталғанда күдіктенуге болады: қысым жағына тістердің ығысуы немесе ауытқуы, тіс қатарларының қисаюы, тістер арасында саңылаулар болуы, төменгі жақтың ығысуы, қабыршықтары болумен еріннің құрғақтығы, саусақтар мен тырнақтар түрінің өзгеруі және т.б. Диагнозды дәлелдеуге қабылдау кезінде үзілістерде баланы жасырын бақылау көмектеседі, оған аузын жабуға және демалуға мүмкіндік беріледі. Әр түрлі жас кезеңдерінде оральды парафункциялардың қалыптасу себептері ішінде ең мүмкіні келесілер:
Жағымсыз оральды әдеттердің пайда болуын алдын-алу үшін қажетті жағдайлар баланы тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыру болып табылады: ата-аналар емшекпен қоректендіру бойынша ұсыныстарды орындау қажет, қасықтан прикомды дер кезінде беру, баланы шыны аяқтан ішуге үйрету. Баланың психикалық және физикалық дамуы үшін қалыпты жағдайлар жасау өте маңызды, сергек бала үнемі өзінің жасына сәйкес қызықты іспен айналысады. Ата-аналар мен педагогтар баланың ішінде және айналасында психологиялық комфортты жасау туралы ойлау қажет, оған тыныштануды парафункцияларда іздемеу үшін. Мысалы, кешкі немесе түнгі емізіксіз өтуге сергітуден ұйқыға біртіндеп «салттық» өтуді ұйымдастыру көмектеседі: соңғы коректендіруді ұйқыдан бір сағат бұрын өткізіп, қоректендіруден кейін баланы тыныш ойындармен алдандыру немесе онымен бірге жай серуенге шығу, ал содан кейін сүйікті ойыншықтарымен бірге ұйықтауға жатқызу, кешкі дәретхананы орындау, балаға бесін жырын айту кеңес береді. Мектепке дейінгі жаста балада қорқыныш, өзіне сенбеушілік сезімі және т.б. пайда болуының бірінші белгілерін дер кезінде байқау қажет және балаға олардан құтылуға көмектесу қажет. Қалыптасқан жағымсыз әдеттерден баланы емдеу де этиотропты болуы қажет және сондықтан негізінен педагогикалық және психологиялық көмек шараларына . Бұрын танылған тыйым салатын шаралар (емізікті алу, қолына резиналы тікенектері бар қолғап кигізу, лангета көмегімен шынтақ буыны қимылсыз ету және т.б.), баланы оның әдеттерінен сирек құтқарды. Тасталған емізіктің немесе саусақтың орнына көрпенің бұрышы, тіл және т.б. келді, ата-ананың «жеңісі» жағдайында бала ауыр күйзелістік жағдайда түседі. Бүгін стоматологтардың көпшілігі өз науқастарының психологиялық проблемларына құрметпен қарайды, сондықтан баланы оральды әдеттері «бейбітшілік» жолмен жойылмаған жағдайда балалардың жағымсыз әдеттерден қатаң құтылу мерзімдері мектепке дейінгі жасқа шегіндіріледі. 5-7 жастағы бала түсіндіруді дұрыс қабылдауға қабілетті, оны өзін бақылауға жұмылдыруға болады (соның ішінде – күнделік жүргізу көмегімен), оған мадақтаудың қолайлы жүйесін жасау (жаза емес!) және т.б. Қажет жағдайда арнайы ортодонтиялық аппараттар қолданылуы мүмкін. Шайнау қызметі Бұл қызмет туа пайда болған болып саналмайды, ол біртіндеп баланы қоректендіру сипатымен тығыз байланыста қалыптасады. Шайнау кезінде сүйектерге жұмсалатын шайнау бұлшықеттерінің күші мен қысымы тістесудің сапасын анықтайды. Мысалы, m.masseter әсерінен төменгі жақтың бұрышы біртіндеп өзгеретіні; m.temporalis төмендеген қызметі кезінде төменгі жақтың тәжді өсіндісінің қалыптасуы бұзылатыны, ал екіншілік адентия кезінде жақтардың тіссіз бөліктерінде альвеолярлы өсінділер атрофияланатыны белгілі. Шайнау жақ-бет аймағы тіндерінің қанмен қамтамасыз теілуне әсер етеді. Педиатрлар мен стоматологтардың ұсыныстарына сәйкес өмірінің 3-4 айларынан бастап бала сұйық ботқа тәрізді азық (жемісті пюре, ірімшікті немесе желтковая қоспа), тістердің жарып шығуына байланысты – қаттылау тағам (қара наннан кептірілген нан) қабылдауы қажет, оны тістеу, ауыз қуысында біркелкі тарату, шайнау қажет. Бұл кезде балаға тағамды сумен ішуін ұсынуға болмайды. Бала тағамды еріндерін жымдастырып шайнауын қадағалау қажет. Осы қарапайым ережелердің сақталмауы кезінде бала тағамды бөтелкеден 3-5 жасқа дейін талап етеді, онда патологиялық шайнаудың әлсіз түрі қалыптасады, бұл кезде шайнау (және жұтыну) фазалары бұзылады, шайнау қысымы біркелкі емес таралады, шайнау қимылдарының саны жоғарылайды, ал шайнау тұтас алғанда тиімсіз. Сирек патологиялық асығыс шайнау кездеседі: бала тез шайнайды, ерін мен ұрттың кілегей қабығын тістеп алады, тағамды жеткіліксіз шайнайды және ірі кесектерді жұтады. Тістердің бұзылысы кезінде әдеттегі патологиялық бір жақты шайнау және алдыңғы тістермен шайнау қалыптасуы мүмкін. Шайнаудың парафункциясы бруксизм немесе тістермен қайрау болып табылады – тағам қабылдағаннан тыс артық шайнау күші, жиі ұйқы кезінде. Шайнау мускулатурасының функциональды белсенділігінің төмендеуі және дисбалансы кезінде жақтар қажетті дамымайды, тіс доғалары тарылған болып қалады, тістер тығыз орналасады. Шайнау патологиясының басқа нәтижесі уақытша тістердің табиғи қажалуының кідіруі (бруксизм кезінде – жылдамдауы) болып табылады, патологиялық тістесудің қалыптасуы мүмкін болады: дистальды, терең, айқасқан. Шайнау патологиясын анықтау анамнез мәліметтеріне негізделеді. Баладан (немесе оның ата-анасынан) тағамдық әдеттері туралы сұрайды: бала ұсақталған алманы жақсы көреді ме, нанның қабығын қалдырмай ма, екінші тамақты компотпен бірге іше ме және т.б. Мектепке дейінгі балалар мекемелері жағдайында балаларды тексеру кезінде осындай мәліметтерді дәрігер түскі тамақ кезінде балаларды бақылай отыра алады. «Патологиялық шайнау» диагнозы тістесу бұзылысына тән белгілер анықталған жағдайда клиникалық дәлелденеді. Шайнау қызметін қалпына келтіру үшін дәрігер алдымен патологияның негізгі себепші факторларын жою туралы ойлануы қажет: науқастың ауыз қуысын сауықтыру, тіс қатарлары ақауларын протездеу, тістесуді қалпына келтіру. Шайнау мускулатурасының тонусын арнайы миогимнастика көмегімен жоғарылатады. Қалыпты шайнаудың нейробұлшықеттік стереотипі ата-аналар және науқастың өзінің күштерімен тәрбиеленеді: аспаздық өңделуін шектей отырып үй тәртібіне баланың сүйікті тағамдарын енгізеді, сумен ішуге тыйым салынады, түскі столдың алдында баланың отыруын шектейді және т.б Ұсыныстардың тиімділігі жоғарылайды егер ата-аналар тағамдық күнделік жүргізіп, дәрігердің талабы бойынша ұсынылады. |