Главная страница
Навигация по странице:

  • Жақ-бет аймағының тіндері

  • Сур. 7.1.

  • Патологиялық тістесудің қалыптасу себептері және жағдайлары

  • Жақ-бет аймағының аурулары

  • Книга профилактика. І тарау. Медицинаны аймаы ретінде стоматологиялы ауруларды алдыналу Медициналы алдыналу


    Скачать 3.31 Mb.
    НазваниеІ тарау. Медицинаны аймаы ретінде стоматологиялы ауруларды алдыналу Медициналы алдыналу
    АнкорКнига профилактика.doc
    Дата25.12.2017
    Размер3.31 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаКнига профилактика.doc
    ТипДокументы
    #12854
    страница35 из 38
    1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

    Тістесу патологиясының этиологиясы мен патогенезінің негіздері. Тістесу патологиясын алдын-алудың негізгі бағыттары
    Қалыпты тістесу патологиялыққа қарағанда өкінішке орай сирек кездеседі, тұрғындардың 30%-нан жоғары анықталады, мәдениеттіліктің жетістіктері статистиканы жақсартпайды. Тістесудің жағдайы олардың қалыптасуының әр түрлі кезеңдерінде жақ-бет аймағының әр түрлі тіндеріне әсер ететін факторлардың күрделі жиынтығымен анықталады (сур. 7.1).
    Жақ-бет аймағының тіндері

    Сызбаның өзегі жақ-бет аймағының тіндері болып табылады, олар қандай да бір жағымсыз әсерлерге ұшырайды және тістесу қалыпты жағдайдан ауытқиды. Патологиялық өзгерген тіндер мен мүшелер басқа түзілістерге жағымсыз әсер етеді және патологияның одан әрі күшеюіне «ішкі» себепші фактор болып табылады.

    Тістер тістесудің функциональды және эстетикалық сипаттамаларын анықтайтын негізгі элементтер болып табылады. Патология кезінде келесі ауытқулар болуы мүмкін:

    1. мөлшерінің өзгеруі: асакомплектті тістер, олигодонтия, адентия;

    2. тіс сауыттары түрлерінің (анатомиялық белгі бойынша тісті ерекшелейтін кез келген) және оның габаритті мөлшерлерінің (микродентия, макродентия) өзгеруі;

    3. доғада тістер орналасуының өзгеруі: дұрыс орналасудан жоғары немесе төмен (супра- немесе инфраорналасу), оральды немесе вестибулярлы, осі бойынша айналу (тортоаномалия) немесе осьтен ауытқуымен.




    Себептер мен жағдайлар:

    -тұқымқуалаушылық

    -белгісіз тұқымды даму ақаулары

    -аурулар

    -жарақат

    -басқа сыртқы және ішкі

    -механикалық әсерлер

    (қызметтер, жағымсыз әдеттер)



    Фактордың әсер ету уақыты:

    -пре- немесе постнатальды

    -жедел немесе созылмалы

    -үздікті немесе тұрақты








    Сур. 7.1. Тістесу патологиясы қалыптасуының негізгі сызбасы.
    Шеміршектер мен сүйектер. Негізінде жақ-бет аймағы сүйектері қалыптасатын шеміршектер екі әр түрлі түрге жатады, олар сыртқы әсерлерден әр түрлі байланысты. Біріншілік шеміршектер матрица негізінде дамиды және бұл үрдісте тек генетикалық және нейрогуморальды факторларға бағынады. Осындай мұрын пердесінің шеміршектері, қанат тәрізді сүйектің денесі мен қанаттары арасындағы шеміршек, қанат тәрізді-шүйде синхондроз және т.б. Екіншілік шеміршектер матрицасыз дамиды және жергілікті факторлармен, соның ішінде механикалық қысым мен күшпен «қайта мүсінделген» болуы мүмкін. Сондықтан төменгі жақтың буын бүртікті және тәжді өсінділерінің, оның бұрыштық шеміршегінің, ортаңғы таңдай шеміршегінің, бассүйек-бет тігісетрінің және екіншілік шеміршектердің басқа зоналарының қалыптасуы жақ-бет аймағы қызметтернің сапасымен, жағымсыз әдеттермен және т.б. анықталады. Біріншілік және екіншілік шеміршектердің патологиялық қалыптасуы нәтижесінде сүйектердің тығыздығы, мөлшерлері, формасы өзгеруі мүмкін, бұл тістесу бұзылысына әкеледі.

    Шайнау аппаратының дамуы мен қызмет етуіне қатынасы бар нейробұлшықеттік жиынтығына шайнау және мимикалық мускуратура, тілдің сыртқы және жеке бұлшықеттері кіреді. Бұл бұлшықеттердің сезімтал және қозғалтқыш нервтелуін үшкіл, бет, аралық, тілжұтқыншақ, кезеген және тіласты нервтері қамтамасыз етеді. Нейробұлшықеттік жиынтық сүйектің әр түрлі бөліктеріне күш немесе қысымды қамтамасыз етеді және осылайша екіншілік шеміршектер мен сүйекті тіндердің дамуына әсер етеді, жақтардың өзара орналасуын анықтайды. Бұлшықеттер тонусының (гипертонус, гипотония, атония) және олардың массаларының (гипертрофия, атрофия) патологиялық өзгерісі кезінде жақ-бет аймағы қызметтерінің – жұтыну, тыныс алу, сөйлеу, шайнау, мимика орындалуы өзгереді. Бұл кезде жақ сүйектеріне қалыптасушы антагонистік қысым көрсететін бұлшықеттердің өзара әрекетінде тепе-теңдік бұзылады (мысалы, тілдің бұлшықеттері жақ сүйектерінің дамуын ынталандырады, ал мимикалық бұлшықеттер олардың өсуін кідіртеді), жақтар бөліктерінің деформациясы пайда болады.

    Тістесудің қалыптасуына қатысатын бұлшықеттік емес жұмсақ тіндер, - байланыстырушы аппарат және самай-төменгі жақ буыны мен периодонттың синовиальды тіні, еріндер мен тілдің үзбелері, ұрттық тәждер. Қалыпты жағдайда бұл түзілістер «тістесу» түсінігіне жататын тіндер жиынтығының қызметтері мен тұтастығын қамтамасыз етеді. Буын тіндерінің патологиясы кезінде жоғарғы және төменгі жақ қатынасы өзегереді, осылай тістесу бұзылады. Периодонт тіндерінің аурулары кезінде бөлек тістердің орналасуы және тұрақтылығы өзгереді, бұлшықеттік қызметтер бұзылады, бұл тістесудің көптеген сипаттамаларына әсер етеді. Еріннің, тілдің үзбелері және ұрттық тәждері сүйектысына қосылған және тығыз қатарға жымдасуға мүмкіндік бермей, көрші тістерді бөлетін болса тістесудің қалыптасуына жағымсыз роль атқарады (мұндай үзбелерді кесу туралы шешім көбінесе ит тістер ауысқаннан кейін қабылданады, хирургиялық кірісуді диастеманы ортодонтиялық емдеумен қоса).
    Патологиялық тістесудің қалыптасу себептері және жағдайлары

    Патологиялық тістесудің қалыптасуын анықтайтын себептер мен жағдайлардың тізімін тіс-жақ ауытқуларымен ерекшеленген тұқымқуалаушылық ашады. Генетикалық патологияға тістесу бұзылыстарының 30-70% жағдайлары жатады, оларды шын өмірде біріншілік алдын-алу шараларымен бодыртпау қиын.

    Басқарылмайтын жағымсыз факторлардың басқа тобы құрсақішілік даму кезеңінде әсер етеді және белгісіз табиғаттағы ақаулардың дамуына әкеледі: сүйектердің бітіспеуі, бұлшықеттердің толық дамымауы, микрогнатия, олигодентия және т.б.

    Жүйелі аурулар бала өмірінің антенатальды және постнатальды кезеңдерінде тістесу қалыптасуының қарқынын бәсеңдетуі және кейбір жағдайларда оның сапасын өзгертуі мүмкін. Тістесудің бұзылыстары нейропатия, нейробұлшықеттік бұзылыстар, сколиоз, спинальды патология нәтижесі болуы мүмкін. Ұрықтың эндокринді патологиясы сүйекті тігістердің бітісу және тістердің шарып шығу мерзімдеріне әсер етуі мүмкін. Тістесудің қалыптасу кезеңінде ЛОР-аймағы аурулары жақ-бет аймағының бірқатар қызметтерінің бұзылыстарымен қолайсыз (тыныс алу, жұтыну, сөйлеу және т.б.), бұл тістесудің сапасына қатты әсер етуі мүмкін. Сондықтан тістесу бұзылыстарының біріншілік алдын-алу шараларына отбасының салауатты өмір салтын қалыптастыру, жүктіліктің жоспарлануы және курациясы, баланы шынықтыру, соматикалық және ЛОР-патологияны ерте анықтау және сапалы емдеу.

    Жақ-бет аймағының аурулары тістесу патологиясын қалыптастырудың басқарылатын қауіп-қатер факторларының үлкен тобын құрайды, олар стоматологтың көмегімен алдын-алуы немесе жойылуы мүмкін және қажет.

    Сүйектің патологиясы (ісіктер, қабынулы гематогенді және одонтогенді үрдістер, сынықтар) жиі оның деформациясына, ал балаларда өсу зоналарында патологиялық ошақтардың орналасуы кезінде – сүйек дамуының уақытынан бұрын тоқтауына әкеледі.

    Периодонттың патологиясы кезінде тістесу тістердің орналасуының өзгеруіне (ең болмағанда – олардың жоғалуымен) және жақ-бет аймағы тіндеріне функциональды күштің төмендеуіне байланысты бұзылады.

    Тіс жегісі қызметтердің қалыпты орындалуын қиындатуына байланысты тістесудің қалыптасуына маңызды: ауру тісті аяйды, бір жақта шайнайды, қатты тағамнан бас тартады және т.б. Тұрақты тістесуде тіс доғаларының қалыптасуы үшін күрделі нәтижелер уақытша молярлардың контактты беткейлерінің тіс жегісі болады, өйткені сауыттардың осы өте «кең» аймақтарының бұзылысы және толық қалпына келтірілмеуі кезінде көрші тістер бос орынға (1-2 мм) ығысады, нәтижесінде премолярдың келесі орналасуы үшін аймақ қысқарады. Орынның жетіспеушілігі тұрақты тістердің ұрықтарын ығысуға мәжбүр етеді, тістердің шарып шығуының бұзылысына әкеледі (доғадан тыс тістердің жарып шығуы, импактты және ретенирленген тістер).

    Дұрыс тіс қатарлары мен жақтардың қатынасын қалыптастыру үшін уақытша тістердің жоғалу мерзімдері (түсу немесе жұлу) мен олардың орнына тұрақты тістердің жарып шығу мерзімдері арасында сәйкестік өте маңызды. Уақытша тістің уақытынан бұрын жұлынуы кезінде көрші тістер біртіндеп ығысады, осыған байланысты тұрақты тістің орналасуына арналған кеңістік қысқарады, және ол доғадан тыс жарып шығады. Бұл жағдайларда алдын-алу шаралары, біріншіден, уақытша тістің уақытынан бұрын жұлынуына себепті жою (тіс жегісін алдын-алу және оны адекватты емдеу), екіншіден, күрделі емес аппараттар-тірегіштің («орынды бақылау» деп аталатын) көмегімен тістердің ығысуын болдыртпау немесе протездеу. Уақытша тіс түбірлерінің баяу резорбциясы жиі түсініксіз (күрек тістерге қатысты), бірақ кейбір жағдайларда эндодонтиялық емдеудің нәтижесі болуы мүмкін (молярлар). Бұл жағдайларда тұрақты тіс оральды немесе вестибулярлы орналаса отырып, аттас уақытшаның жанында жарып шығады (рис. 7.4, см. Вкл.).

    Қандай да бір тістердің ауысуы жасындағы балаларды стоматологиялық тексеру кезінде алдын-алу мақсатында альвеолярлы өсіндіні мұқият қарау және тұрақты тістердің жарып шығуының бірінші белгілері пайда болған кезде кідіртіп тұрған уақытша тістерді жұлу қажет.

    Ортодонтияда маңызды проблема тұрақты тістердің тіс қатарында ұзақ (тұрақты) болмауы болып табылады. Бұдан басқа жартылай адентия тіс қатарлары тұтастығының бұзылысына әкеледі және сондықтан тістесу патологиясы ретінде бағаланады, бұл жағдайларда жоқ тістермен көрші тістердің ығысуы, ақау зонасына антагонист-тіс жылжиды. Нәтижесінде артикуляция мен окклюзия бұзылады, қызметтер зардап шегеді - тістесу патологиясы күшейеді. Біріншілік адентия әр түрлі себептердің нәтижесі болады:

    • генетикатикалық табиғаты болуы мүмкін (ұрықтың басынан болмауы);

    • жарақат, ісіктер, одонтогенді қабынулы үрдіс нәтижесінде тұрақты тіс ұрығының өлуі нәтижесі болуы мүмкін;

    • жарақаттан, асакомплектті тістердің болуынан, одонтогенді уланудан және т.б. фолликуланың ығысуымен негізделген тістің ретенциясымен байланысты.

    Жас адамдарда екіншілік адентия жиі тістердің асқынған жегісімен, ересек жаста – тіс жегісімен, периодонттың патологиясымен байланысты.

    Осылайша, уақытша және тұрақты тістердің жегісін және периодонттың ауруларын біріншілік және екіншілік алдын-алу шаралары тістесу патологиясының біріншілік алдын-алумен

    Механикалық жарақат маңызды, көптеген жағдайда ауытқулы тістесудің қалыптасуының басқарылатын қауіп-қатер факторы болып табылады. Антенатальды кезеңде жақтардың деформациясы ұрыққа амниотикалық сұйықтық артық болғанда, жоғары физикалық күш орындағанда (спорт, жұмыс), тығыз киім кигенде, артық тамақтанғанда (ұрықтың қолдары бетіне, иегі кеудеге қысылғанын еске түсірейік) жоғарылайтын ұзақ қысымға байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда төменгі жақтың толық дамымауы, беттің асимметриясы және т.б. мүмкін. Ұрықтың басына қойылатын қысқыштар көмегімен құралмен босандыру кезінде самай-төменгі жақ буыны аймағының зақымдану және анкилоздардың кейінгі қалыптасу, төменгі жақтың толық дамымау, «құс беті» мүмкіндігі жоғары. Ерте жастағы балалардың жақ-бет аймағының жедел жарақаты жиі өздігінен жүру әрекетінде, балалар алаңында ойындар кезінде (әсіресе әткеншек пен төбешік қауіпті) ересек адамдардың дұрыс қарамауымен байланысты, мектепке дейінгі және мектеп жасында спорттық және тұрмыстық жарақат өзекті болып табылады.

    Қалыптасушы тістесудің тіндеріне созылмалы механикалық әсерді бұлшықеттің әр түрлі топтарының функциональды белсенділігі көрсетеді.

    Біріншіден, бұлшықеттер жоғарғы және төменгі жақтың өзара орналасуының сипатын анықтайды. Жоғарғы жақтың орналасуы омыртқа жотасына қатысты бассүйектің иілуімен анықталады, өз кезегінде мойын мен арқаның бұлшықеттер антагонистік топтарының күштері қатынасына, яғни келбетке байланысты. Төменгі жақтың позициясы оған түсірілетін әр түрлі күштердің өзара әрекеті нәтижесі болып табылады: төменгі жақтың салмағы, трахеяның күштері, шайнау мускулатурасы, ауыз қуысы түбі және мойынның бұлшықеттері.

    Екіншіден, қызмет кезінде жақ-бет аймағының бұлшықеттері қысым немесе күш көрсете отыра сүйектің әр түрлі аймақтарына әсер етеді, тістесудің қалыптасу сипатына зор ықпалын тигізеді. Әсердің бір бағытты, жоғары емес қарқындылықпен, үздікті тәртіпте жүзеге асуы екіншілік шеміршекті және сүйекті құрылымдардың дамуына басқа тұрақты емес әсер ететін айқын күштерге қарағанда айқын ынталандыратын әсер тигізеді. Жақ-бет аймағының қызметтері тістесудің қалыптасуына әсер ететін бірқатар постнатальды факторлардың ішінде ең маңызды болып табылады. Сондықтан жақ-бет аймағы қызметтері мен келбеттің бұзылыстары, сонымен қатар олармен байланысты жағымсыз әдеттер ортодонтиялық патологияның дамуының маңызды қауіп-қатер факторлары болып табылады. Қызметтер мен парафункциональды әдеттердің дамуы генетикалық алдын-ала анықталған. Кейбір қызметтер туа пайда болған рефлекстер болып табылады (тыныс алу, жұтыну, сору), басқалары тәрбиеленеді (шайну, сөйлеу), бірақ олардың барлығы баланы тәрбиелеу үрдісінде физиологиялық және патологиялық өзгерістерге ұшырайды, сондықтан басқарылатын қауіп-қатер факторлары ретінде қарастырылады. ЖБА қызметтерінің қалыптасу, анықтау және дұрыстау сұрақтары аса стоматологиялық (жиі – ортодонтиялық) болып табылғандықтан, оларды толық талқылау қажет.
    Келбет

    Қалыпты келбет кезінде тұрған адам вертикальды жазықтықпен бес нүктеде жанасады (табанмен, сирақпен, бөксемен, жауырынмен және шүйдемен), бұл кезде омыртқа жотасы мен бас вертикальды осьтен ауытқымайды. Позотониялық келбеттік рефлекстерге отырған және жатқан адамның әдеттегі орналасуы жатады. Тамақтану немесе столдың алдында жұмыс кезінде табан еденде тұруы қажет, арқа тіке, бастың еңкеюі 300-тан аспайды, басты қолмен жинап алу қажет емес. Ұйқы кезінде келбет үшін оптимальды орналасу – арқада немесе бүйірде, омыртқа жотасының деформациясын болдыртпайтын серпімді қатты матрацта, жоғарғы емес жастықта жату. Ауырлық күшін, бұлшықеттік күшті және қысымды осылайша тарату кезінде төменгі жақ қалыпты тістесуге сәйкес келетін жағдайды алады, жақ-бет аймағының қалыптасушы сүйектері оптимальды күштерді бастан кешіреді.

    Патологиялық келбет (сколиоз, патологиялық лордоз немесе кифоз) кезінде төменгі жақ ығысуы мүмкін, ауыр жағдайларда – кеудеге қысылған және т.б. Тістесудің қалыптасуына жағымсыз әсер жоғары жастықта немесе жұмсақ мамық төсекте ұйқы, «ұрттың астына қолды» салып қою, баланың столдың басында жасына сәйкес келмейтін амалсыз қалпы.

    Келбет пен басқа позотоникалық рефлекстердің қалыптасуы ата-аналар бақылауында болуы қажет. Олардың міндеті баланы ұйқыға ыңғайлы жабдықпен қамтамасыз ету және сергіту, бұлшықеттерді нығайтатын және оларды тұруға, отыруға, еңбектеуге және жүруге дайындайтын гимнастика мен массаж өткізу, ұйқы, тамақ және столдың басында қимыл кезінде баланың дұрыс қалпын бақылау болып табылады.

    Келбеттің бұзылысын педиатрлар анықтайды, емдеуді емдік дене шынықтыру бойынша мамандар өткізеді. Стоматологтың міндеті балалардың дұрыс келбетін қалыптастыру жағдайларына және оның тіс-жақ ауытқуларын алдын-алуда маңызына қатысты ата-аналарды санитарлы ағарту.
    Тыныс алу қызметі

    Барлық жас кезеңдерінде қалыпты мұрынмен тыныс алу болып табылады. Бұл кезде тістесудің қалыптасуы үшін бірқатар жағымды жағдайлар жасалады:

    • жымдасқан еріндер жаққа тілдің бұлшықеттерімен көрсетілген қысымды теңестіреді;

    • ауыз жабық және төменгі жақ қалыпты тістесуге сәйкес жағдайда бекітіледі;

    • мұрын жұтқыншақ арқылы өтетін ауа ағымы өзімен бірге ауыз қуысынан ауаны әкетеді, нәтижесінде мұнда теріс қысым жасалады, ол альвеолярлы өсінділердің барлық бөліктеріне және таңдайға біркелкі ынталандыратын әсер көрсетеді;

    • тіл таңдайға тіреледі және оған мұрын жолдары арқылы өтетін ауа ағынымен көрсетілген қысымды теңестіреді.

    Ауыз арқылы тыныс алу кезінде ауа мұрын қуысының тазарған, жылытылған және ылғалданған «фильтрлері» арқылы өтпейтіндіктен, бассүйек саңылауларын желдетпейтіндіктен патологиялық болып табылады. Стоматологтың көзқарасы бойынша ауыз арқылы тыныс алу зиянды болып та табылады, өйткені өсуші сүйектерге күшті кенет өзгертеді және жақ-бет аймағының күрделі деформацияларына әкеледі. Үйреншікті ауыз арқылы тыныс алу кезінде ауыз сәл ашық қалады, төменгі жақ төменге және артқа ығысады, ауыз қуысы түбі диафрагмасы босаңсиды, осыдан эстетика зардап шегеді (беттің төменгі үштен бір бөлігі үлкейеді, «екінші иек» пайда болады) және жақтардың қатынасы өзгереді (төменгі жақ дистальды орналасады). Жымдаспаған еріндер фронтальды тістерге тілмен көрсетілген қысымды теңестіре алмайды, сондықтан тістер алға жылжиды және протрузиясы қалыптасады.

    Ауыз арқылы тыныс алу кезінде тіл ауыз жұтқыншаққа ауа ағымына жолды босата отырып, алға жылжиды және ауыз қуысы түбінде орналасады. Жақтар өсудің қажетті механикалық стимулдарын алмайды, бұл тіс қатары деформациясына әкеледі. Ауа ағымы ауыз арқылы өте отырып, негізінен қатты таңдайға оң қысым көрсетеді және сондықтан оны қалыптастырушы сүйектердің артық өсуін ынталандырады. Мұндай таңдай мұрын қуысына бүгіледі және жоғары, жоғарыға тарылған күмбез түріне ие, сондықтан «готикалық» деп аталады. Ауа ағымының оң қысымы альвеолярлы доғаларға әсер еткендіктен, олар дамымай қалады, ал тіс қатарлары – тарылған, тістердің тығыз орналасуымен.

    Ауыз арқылы тыныс алудың себептері әр түрлі болуы мүмкін. Біріншіден, ауыз арқылы тыныс алу уақытша қиындауы мүмкін, жедел ринит және басқа жедел респираторлы аурулары нәтижесінде. Егер ЖРА оқиғалары жиі қайталанбаса, онда тістесудің қалыптасуы бұзылмайды. Созылмалы ауыз арқылы тыныс алу жиі мұрын жолдары өткізгіштігінің бұзылысымен (мұрын пердесінің қисаюы, созылмалы ринит, полиптер және т.б.) және мұрын жұтқыншақтың патологиясымен (аденоидтардың гиперплазиясы) байланыста.Үйреншікті ауыз арқылы тыныс алудың тағы бір себебі төменгі жақты көтеретін және ауыз саңылауын тұйықтаушы бұлшықеттер тонусының төмендеуі болып табылады, яғни ЛОР-патологиясы фонында қалыптасатын және жиі мұрын жолдары өткізгіштігін қалпына келтіргеннен кейін сақталатын немесе өздігінен пайда болатын ашық ауыздың нейробұлшықеттік стереотипі.

    Ауыз арқылы тыныс алудың патологиялық стереотипін қалыптастыруды алдын-алу үшін ата-аналар ерте жастан бастап баланың тыныс алу сипатын бақылауы және қамтамасыз етуі қажет. Мұрын жолдары әрқашан бос болуы қажет, сондықтан оларды кілегейден үнемі тазарту қажет. Нәрестенің аузы ұйқы кезінде соынмен қатар сергіту кезеңінде жабық болуы қажет. Ұйқы кезінде баланың басы еңкейген болмауын қадағалау қажет. Егер ұйықтап жатқан балада аузын жабтын бұлшықеттер босаңсыса, онда баланың иегіне сәл тиіп және оның ұйқысын мазаламай аузын жабу қажет; төменгі жақты орамалмен байлауға болады.

    Мұрын жолдары өткізгіштігі бұзылысының бірінші белгілері кезінде баланы ЛОР-дәрігерге көрсету қажет.

    Тыныс алу қызметі патологиясын анықтау клиникалық стоматологиялық тексеру барысында жүргізіледі. Сәл ашық ауыз және еріннің құрғақ қызыл жиегі ауыз арқылы тыныс алу туралы дәлелдейді. Анамнезінен бұл қызметтің бұзылысы қандай сипатта – жедел немесе созылмалы екенін анықтау қажет. Тыныс алу қызметі бұзылысының ұзақтығы туралы науқастың тістесу жағдайы және кейбір беттік белгілер бойынша объективті талқылауға болады. Ерте жастан қалыптасқан ұзақ, көп жылдық ауыз арқылы тыныс алу кезінде танаулары «өңделмеген», жазық, саңылау тәрізді кіреберістері бар болып қалады, ал кеңсірік кеңейеді (оны ауыз арқылы тыныс алу кезінде жеткіліксіз желдетілетін маңдай қуысы мөлшерінің компенсаторлы үлкеюімен түсіндіреді).

    Емдеу стратегиясын анықтау үшін мұрын арқылы тыныс алу үшін объективті мүмкіншіліктер бар ма соны анықтайды. Науқасты аузын 10-15 с тығыз жабуын (немес аузына су толтыруын) және бұл кезде тыныс алып көруін сұрайды; ауа қимылын бақылау үшін науқастың танауларына борпылдақ мақталы білтені немесе құрғақ стоматологиялық айнаны жақындатады. Егер мұрын арқылы тыныс алу мүмкін болса, онда үйреншікті ауыз арқылы тыныс алудың жалғыз себебін аузын жабатын бұлшықеттер тонусының төмендеуі деп есептейді, оны арнайы миогимнастика немесе бақылаушы шаралар көмегімен емдеу қажет. Егер мұрын жолдарының өтпейтіндігі анықталса, онда науқасты терапевтке, педиатрға (ЖРА жағдайында) немесе оториноларингологқа(созылмалы патология кезінде) жібереді. ЛОР-сауықтырудан кейін науқасты қайта тексеруге шақырады, егер тыныс алу қызметі қалпына келтірілсе, оған миогимнастика курсын ұйымдастырады.
    1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38


    написать администратору сайта