|
Книга профилактика. І тарау. Медицинаны аймаы ретінде стоматологиялы ауруларды алдыналу Медициналы алдыналу
Сөйлеу қызметі
Сөйлеу қызметі туа пайда болған болып саналмайды, сөйлеу ортасында болатын балада біртіндеп қалыптасады. Бұл үрдіс көбінесе 3-5 жасқа таман аяқталады. Ауыз қуысының мүшелері сөйлеу аппаратының маңызды бөлігі болып табылады, сондықтан клиникада өте жиі сөйлеу патологиясы (дисфония, дислалия) мен тістесудің бұзылысының өзара келісуін анықтайды. Ызың дыбыстарын айту үшін тілдің дұрыс емес, тісаралық орналасуы кезінде (тісаралық астигматизм деп аталатын) тістесу патологиясының қалыптасуы мүмкін, ол инфантильді жұтыну кезінде байқалады. Басқа жағынан, ашық тістесуі және тіс қатарларының тарылуы бар балаларда [ч], [с], [ш], [р] дыбыстарын айтуда ақаулар кездеседі. Аталған логопедтік проблемалар сонымен қатар тілдің қысқа үзбесімен, тіл бұлшықеттерінің төмен тонусымен байланысты болуы мүмкін.
Сөйлеу патологиясының біріншілік анықталуы баладан және оның ата-анасынан анамнез жинау үрдісінде жүргізіледі. Дыбыстардың қайсысы дұрыс емес қалыптасқанын баланы тестті сөздерді «сыр», «шишка», «рыба», «ложка» айтуын сұрау арқылы анықтайды. Дыбыстарды айту кезінде баланың тілінің ұшының орналасуын бақылау үшін стоматологиялық кресланы оның аузы дәрігердің көз деңгейінен сәл жоғары болатындай көтеру қажет.
Стоматологтың келесі міндеті – сөйлеу қызметі патологиясының қалыптасуы үшін себепші факторлар болып табылатын стоматологиялық проблемаларды анықтау. Тілдің қысқа, бірақ жіңішке және иілгіш үзбелері логопед ұйымдастыратын жүйелі жаттығулар көмегімен созуға тырысу қажет. Жетістіксіз болған кезде тілдің қысқа үзбелері пластикаға жатады, оны жалпы жансыздандыру кезінде стационарлы жағдайда жүргізеді. Тіл бұлшықеттері дискоординациясы және төмендеген тонусы проблемалары стоматологпен, немесе логопедпен ұйымдастырылған миогимнастиканы қолданумен шешеді. Егер дислалияның себебі тістесу патологиясы болса, онда ортодонтиялық емдеу кезінде тістесудің қалпына келуіне байланысты дұрыс нейробұлшықеттік сөйлеу стереотиптерін қалыптастыру қажет. Фонацияның ауыр бұзылыстары кезінде балалар стоматолог және логопедпен бірлесе құрылған жоспар бойынша кешенді емдеуден өту қажет. Осылайша, педиатр мен стоматолог болашақ және жас ата-аналарға тіс-жақ жүйесінің қызметтері қалыпты жағдайда қалай өтетінін және олардың жағдайын қалай бақылайтынын түсіндіру қажет. Қызметтің дұрыс емес өтуін анықтаған жағдайда ата-аналар патологияны тудырған себептерді жою үшін мамандарға қаралуы қажет (табл.7.2).
Жақ-бет аймағы қызметін дұрыстаудың негізгі тәсілдерінің бірі миогимнастика болып табылады, оның ұйымдастырылуы стоматологтың міндетінде болады.
Таблица 7.2
Патологиялық тістесу қалыптасуының қауіп-қатер факторларымен басқару принциптері
Тіс-жақ ауытқулары қалыптасуының қауіп-қатер факторлары
| Қауіп-қатер факторы әсерінің минимизациясы бойынша шаралар
| Орындаушылар
| Өмірінің антенатальды, натальды және постнатальды кезеңдері ағымында жүйелі аурулар
| Тістесудің қалыптасуында болашақ ана мен баланың соматикалық денсаулығының ролі туралы санитарлы ағарту,
салауатты өмір салты,
жүктілікті жоспарлау;
патологияның ерте симптомдарын уақытында дұрыстау
| Отбасы, стоматолог, акушер-гинеколог, терапевт, педиатр
| Жақ-бет аймағының сүйекті тіндерінің патологиясы
| Тіс жегісі мен жақтарда одонтогенді үрдістерді біріншілік, екіншілік алдын-алу
| Стоматолог, отбасы
| Периодонт патологиясы
| Периодонт патологиясын біріншілік және екіншілік алдын-алу
| Стоматолог, отбасы
| Тіс жегісі
| Тіс жегісін
| Стоматолог, отбасы
| Уақытша тістердің ерте жұлынуы, тұрақты тістердің жоғалуы
| Тіс доғасында кеңістіктердің жоғалуын алдын-алу;
Протездеу
| Стоматолог
| Келбеттің патологиялық қалыпастуы
| Ұйқы мен баланы сергіту үшін жағдайларды дұрыс ұйымдастыру;
Емдік дене шынықтыру
| Стоматолог, педиатр, отбасы
| Жақ-бет аймағы қызметтерінің патологиясы
| Тыныс алу патологиясы
| Мұрын жолдары, мұрын- және ауыз жұтқыншақты сауықтыру, ауыз саңылауын бекітетін бұлшықеттер тонусын қалпына келтіру
| Педиатр, ЛОР, стоматолог, отбасы
| Жұтыну патологиясы
| Қоректендіруді дұрыс ұйымдастыру, мұрын жолдары, мұрын- және ауыз жұтқыншақты сауықтыру, тіл бұлшықеттері тонусын (және мөлшерін) қалпына келтіру
| Педиатр, стоматолог, отбасы
| Сору патологиясы және онымен байланысты оральды әдеттер
| Баланы қоректендіруді және оны сергіту тәртібін дұрыс ұйымдастыру; бала үшін психологиялық жасау, мінез-құлқын бақылау
| Педиатр, стоматолог, отбасы
| Шайнау патологиясы
| Баланы дұрыс қоректендіру, ауыз қуысын сауықтыру, бұлшықеттер тонусын қалпына келтіру
| Педиатр, стоматолог, отбасы
| Сөйлеу патологиясы
| Тіл бұлшықеттері тонусын қалпына келтіру, тіл үзбесінің пластикасы
| Логопед, стоматолог
|
7.3. Тістесу патологиясын алдын-алуда миогимнастика: мақсаттары, әсер ету механизмдері, әдістері, сабақтарды ұйымдастыру Миогимнастика әсерінің мақсаттары мен механизмдері
Миогимнастика жақ-бет аймағының патологиялық қызмет етуші бұлшықет топтары (шайнау, мимикалық, ауыз қуысы түбі бұлшықеттері) үшін, олардың тонусы мен қызметін қалпына келтіру мақсатында, жүйелі нормаланған жаттығуларға негізделеді. Осындай арнайы жаттықтыру нәтижесінде дұрыс динамикалық бұлшықеттік стереотип қалыптасады, оны бекіту үшін жаттығулардың сәйкес жиынтықтарын бір жыл ішінде орындау қажет.
Миогимнастика алдын-алу (және емдік) шарасы ретінде ең жиі 4 жастан 7 жасқа дейінгі балалармен жұмыста қолданылады. Миогимнастиканың әсері бір жағынан морфологиялық және функциональды бұзылыстардың айқындылығының дәрежесіне, басқа жағынан – осы ұзақ мерзімді алдын-алу шараларын орындауда науқастың және оның отбасының ынтасына байланысты.
Шайнау және мимикалық бұлшықеттердің гимнастикасы емдік дене шынықтырудың бөлігі болып табылады және оның ережелеріне бағынады:
бұлшықеттерді жайлап және бір қалыпты қатайту қажет;
жаттығулардың қарқындылығы және олардың сермеуі жеткілікті болуы қажет, бірақ шамадан тыс емес; әрбір бұлшықеттің ширығуынан кейін босаңсуы болуы қажет;
әрбір жаттығуды бірнеше рет орындау қажет – бұлшықеттердің аздап шаршау сезімі пайда болғанға дейін;
жаттығуларды үнемі, жүйелі түрде орындау қажет;
жаттығулардың ұзақтығы және олардың саны уақыт аралығында өсуі қажет.
Емдік дене шынықтыруда жаттығудың екі негізгі түрлерін қолданады: а) статистикалық (жаттығуды орындау кезінде бұлшықеттердің ширығуы олардың босаңсуымен кезектеседі). Жаттығудың ұзақтығы қандай да бір бұлшықет топтарының қалыпты физиологиялық мүмкіншіліктеріне (табл. 7.3) және науқаста анықталған қызметтің бұзылысы кезінде бұлшықет төзімділігінің төмендеу дәрежесіне байланысты (табл. 7.4). Жаттығуларды орындау қарқыны баяудан тезге түрленеді: тез қарқында жаттығу бір есепте, орташада – екі, баяуда – 4 есепте орындалады. Жаттығуларды қайталау саны 5-тен 10-20-ға дейін біртіндеп жоғарылайды. Таблица 7.3
Мектепке дейінгі жастағы балаларда жақ-бет аймағы бұлшықеттерінің қалыпты физиологиялық төзімділігі
Жаттығу
| Бұлшықеттердің қалыпты физиологиялық төзімділігі (уақыты, с)
| 4 жаста
| 5 жаста
| 6 жаста
| Еріннің жымдасуы
| динамикалық
| 155±10
| 180±10
| 370±14
| статискалық
| 115±7
| 140±7
| 335±8
| Тіс қатарларының жымдасуы
| динамикалық
| 265±7
| 310±7
| 515±7
| статискалық
| 180±6
| 210±7
| 450±7
| Төменгі жақты алдыға шығару
| динамикалық
| 265±7
| 310±7
| 515±7
| статискалық
| 110±10
| 155±7
| 345±8
|
Таблица 7.4
Бұлшықеттер төзімділігінің төмендеу дәрежесіне байланысты миогимнастиканы орындау кезінде күш
Бұлшықеттер төзімділігінің төмендеу дәрежесі
| Миогимнастика үшін уақытша параметрлер
| І
| Қалыптыдан 25%-ға төмен динамикалық және статистикалық төзімділіктің төмендеуі
| Бастапқы төзімділіктен 50%-ға жоғары статистикалық және динамикалық төзімділік
| ІІ
| 25%-дан жоғары динамикалық төзімділіктің, 25%-дан төмен статистикалық төзімділіктің төмендеуі
| Бастапқы төзімділіктен статистикалық күш 50%-ға, динамикалық – 25%-ға жоғары
| ІІ
| 25%-дан жоғары динамикалық және статистикалық төзімділіктің төмендеуі
| Бастапқы төзімділіктен 25%-ға жоғары статистикалық және динамикалық төзімділік
|
ЖБА қызметтерінің патологиясы мен жағымсыз әдеттер кезінде миогимнастика
Тыныс алу қызметінің бұзылысы кезінде миогимнастика
Миогимнастика мұрын жолдары мен мұрын жұтқыншақтың патологиясын жойғаннан кейін жүргізіледі. Тыныс алуды қалпына келтіру үшін жаттығулар үш жиынтықтан тұрады.
1. Толық кеуделік және құрсақтық тыныс алуды орнықтыру. Жаттығуларды орындау кезінде басты тіке ұстау, иықты сәл артқа және төмен жіберу (шынтақ арқаға жанасуы қажет), кеудені жазу, ішті тарту, тізе буындарын түзету қажет. Тыныс алу түрін өздігінен бақылау үшін бала бір қолын кеудеге, ал екіншісін ішке қояды және әрқайсысын 5-6 рет қайталай отыра бірқатар жаттығуларды жүйелі орындайды:
терең аралас тыныс алу (кеуделк+құрсақтық);
кеуделік тыныс алу;
құрсақтық тыныс алу;
толық ұзартылған дем шығару (жүру кезінде орындалады: 3 қадамға дем алу, 4 қадамға дем шығару, қадамдар санын біртіндеп 5-6 дейін көбейтеді).
2. Мұрынмен тыныс алуды орнату. Жақ-бет аймағы бұлшықеттерін жаттықтыру үшін жаттығулар дененің екі қалпында жүргізіледі – отырып және тұрып:
бастапқы қалыптан (қол жоғары, аяқ жанына) еңкею кезінде мұрын арқылы дем алу және дем шығару, бұл кезде қолды жанынан төменге түсіру;
дем шығарғаннан кейін ауызды жабады, мұрынды қысады және онға дейін санайды, одан кейін жайлап мұрын арқылы дем алып, дем шығарады (ауызды тығыз жабады);
дем алу мен дем шығаруды кезекпен сол және оң танау арқылы орындайды.
Еріндердің жымдасуын қалпына келтіру:
жымдасқан ерін кезінде ұртты үреді, содан кейін ұртқа жұдырықты басады және ақырын қысылған еріндер арқылы ауаны шығарады;
ерінді жымдастырады, кезекпен жоғарғы және төменгі ерін астына ауаны толтыру;
ерінді жымдастырады және оларды оңға және солға ауыстырады;
ерінді түтікке («тұмсық») тартады, төртке дейін санайды, содан кейін ерінді кең күлкіге созады;
кең күлкіні шынашақпен бекітеді, оларды созылған еріннің бұрыштарына қыса отырып, ерінді түтікке жинауға тырысады;
заттың ауысуының қашықтығына жарыса отырып столда жатқан немесе жіпке ілінген мақтаның кесегін немесе қауырсынды үреді;
еріндер арасында қағаз жолағын салады, ерінді жымдастырады және осылайша қағаз жолағын 10-15 мин мерзімінде ұстап тұрады;
бала еріндерімен пластинкалар тізілген бауды ұстап тұрады;
баланың ауыз қуысы кіреберісіне (жоғарғы және төменгі еріннің астына) мақталы валиктер салады және оны еріннің жымдасуын қажет ететін дыбыстарды айтуын сұрайды ([п], [б], [м]);
диаметрі 25-30 мм екі түймені баумен біріктіреді және бір-бірінен 25-30 мм ара қашықтықта бекітеді; бір түймені бала ерінмен алады, басқасын қолына алып және бірінші түймені ұстап тұруға тырыса отырып бауды тартады;
Дасса активаторымен жаттығу: бала сымды серіппемен байланысқан екі пластикалық алаңды бір-біріне жақындата ерінді жымдастыруға тырысады;
Шонхер пластинкасымен жаттығу: вестибулярлы пластинканы, сыртына оған тіркелген сақинаны қалдыра отырып, ауыз қуысы кіреберісіне қояды, ерінді жымдастырады; содан кейін еріндерімен оған қарсылық ете отырып, пластинканы сақинасынан шығаруға тырысады;
эквилибратормен жаттығу: бала пластикалық түйіндердің ауыспалы сандарымен терушілік мүштікті горизонтальды жағдайда еріндермен ұстап тұруға тырысады (ересек адам үшін қалыпты – 10 мин мерзімінде үш түйінді ұстап тұру);
пластинкамен жаттығу: бала ерінмен қалыңдығы 1-2 мм пластинканы горизонтальды жағдайда қысады және ұстап тұрады, оған кішкентай жүк салады (мысалы, лото карточкалары);
қалақты аппаратпен жаттығу: бала зырылдауыққа үреді (зырылдауықтың айналу жылдамдығы бойынша жарыс мүмкін);
вестибулярлы пластинкасы және иілгіш ерінаралық «сынасы» бар силиконды аппаратпен жаттығу: ерін тонусын қалпына келтіру үшін сынаның үстінде еріннің босаңсыған орналасуы мен ерінмен сынаны қатты қысуды кезектестіреді, 450 бұрышпен жоғары және төмен бағытта «сына» аймағында оны ұстай отыра аппаратты шығару әрекетінде пластинканы кіреберісте жымдасқан ерінмен ұстап тұрады.
Жұтыну қызметін қалпына келтіру үшін миогимнастика
Миогимнастиканы орындауға тілдің үзбесінің патологиясын, тілді, саусақты және т.б. сору жағымсыз әдеттерін жойғаннан кейін кіріседі. Жаттығулар тілдің алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерінің тонусын қалпына келтіруге және дұрыс жұтыну стереотипін қалыптастыруға арналған.
1. Тілдің алдыңғы бөлігінің бұлшықеттері үшін жаттығулар:
балаға тілдің ұшын таңдай бойымен ырғақпен ауыстыра отырып, сағат тілінің қозғалысын тілмен көрсетуін ұсынады;
баланы тілмен әрқайсысының вестибулярлы беткейіне кезекпен тигізе отырып тістерді «санауын» сұрайды;
баланы тілмен «тоқылдатуға» үйретеді; жарыс мүмкін – «кімнің аты саңғырлап, тезірек және алысырақ (50-60 дыбысқа дейін) шабады»;
балаға [д] дыбысын анық (бөлек) және тез қайталай отырып, шой балғасы немесе пулемет дыбыстарын айтуын ұсынады;
баланың тілінің ұшына резиналы сақина қояды, тілдің ұшын жоғарыға көтеруін және оны (және сақинаны) таңдай қатпарлары аймағында қатты таңдайдың алдыңғы бөлігіне жақындатуын сұрайды, тістерді қысуын, ерінді жымдастыруын және тілдің осы қалпын 1, 2, 5, содан кейін 10 мин мерзімінде сақтауын сұрайды;
баланы тілдің ұшын (және сақинаны) күрек тістер жанында таңдайда орнатуын, тістерді қысуын, ерінді жымдастыруын, осы қалыпты сақтай отыра, сілекейді жұтуын сұрайды.
2. Тілдің ортаңғы бөлігінің бұлшықеттері үшін жаттығулар: тілге екі резиналы сақинаны қояды (біреуін ұшына, басқасын – ортасына), баланы оларды таңдайға жақындатуын, тістерді қысуын, ерінді жымдастыруын, тілдің қалпын өзгертпей, үш рет сілекейді жұтуын сұрайды.
Сур. 7.2. Ерін мен тіл бұлшықеттерінің тонусын қалпына келтіру үшін вестибулярлы пластикалар. 3. Тілдің артқы бөлігінің бұлшықеттері үшін жаттығулар:
есінеу;
баланы аузына су толтырып, басын шалқайтып және тамағын сумен шаюын, бұл кезде «а-а-а» деп айтуды сұрайды (жаттығу бұлшықеттердің массажына және босаңсуына септігін тигізеді);
тілге үш резиналы сақинаны қояды (ұшына, ортасына және тілдің артқы бөлігіне), баланы сақиналарды таңдайға жақындатып және бет бұлшықеттерін қатайтпай, сілекейді үш рет жұтуын сұрайды;
тілдің алға жылжуын шектейтін (тілге тірек), тілдің ұшын таңдайға көтеруге ынталандыратын (моншақ) құрылғылары бар Шонхер пластинкасының қызметтері мен элементтерінен тұратын стандартты вестибулярлы пластинкалар қолданылады (сур. 7.2).
|
|
|