Главная страница
Навигация по странице:

  • Артық реставрацияларды дұрыстауға қолданылатын құралдар

  • Тістерді жылтырату үшін құралдар мен заттар

  • Реминерализациялық терапия

  • VII тарау. Тістесу патологиясын біріншілік алдын-алу 7.1. Әр түрлі жас топтарында жақ-бет аймағы қызметтері мен тістесудің қалыпты жағдайы. Тістесу жағдайының индексті бағалауы

  • Жақ-бет аймағы қызметтері мен тістесудің қалыптасу сатылары

  • Тістесу жағдайын бағалау және емдеуге қажеттіліктер

  • DAI индексін (Dental Aesthetic Index

  • Книга профилактика. І тарау. Медицинаны аймаы ретінде стоматологиялы ауруларды алдыналу Медициналы алдыналу


    Скачать 3.31 Mb.
    НазваниеІ тарау. Медицинаны аймаы ретінде стоматологиялы ауруларды алдыналу Медициналы алдыналу
    АнкорКнига профилактика.doc
    Дата25.12.2017
    Размер3.31 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаКнига профилактика.doc
    ТипДокументы
    #12854
    страница34 из 38
    1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

    Сур. 6.14. УД-скейлердің жұмысшы бөлігінің тербелуі (а) және оның тістің тазартылатын беткейі бойымен жылжуы (б).
    Пьезоэлектрлік скейлердің тербелуінің жоғары жиілігі және үлкен амплитудасы жақсы тазартушы әсерді қамтамасыз етеді, бірақ тіс тіндерінің (жарықтар, сынықтар), периодонттың (қанағыштық, тісқызылиек байланысының үзілуі) және реставрацияның (композитті пломбалар мен керамикалық құрылымдардың жарықтары және сынықтары, олар мен тістер арасында байланыстың бұзылуы) механикалық зақымдалуының жоғары қаупін қамтамасыз етеді. Ультрадыбысты скейлермен тиімді қауіпсіз жұмыстың кейбір ережелері шығарылды:

    • Ультрадыбысты скейлерді гематолог рұқсатынсыз қан ұюының бұзылыстарымен ауыратын адамдардың ауыз қуысы кәсіби гигиенасы үшін қолдануға болмайды. Эндокардиттің жоғары қаупі бар науқастардың кәсіби гигиенасы үшін ультрадыбысты скейлерлерді тек антибиотиктермен алдын-алу курсын өткізгеннен кейін қолданылады.

    • Ультрадыбысты өңдеу кезінде сілекей, қан және тіс жұғындыларының бөлшектері ауыз қуысы деңгейінен ұшып кетеді, науқастың ауыз қуысында және басының айналасында инфицирленген бұлт жасалады, сондықтан процедура дәрігер мен науқасты қорғаудың барлық шараларымен қамтамасыз етілуі қажет.

    • Ультрадыбысты скейлерлер жұмсақ тіс жұғындыларын алып тастау, жетілмеген эмаль мен периодонт аймағында жұмыс (балалар мен жасөспірімдерде), имплантанттарды өңдеу үшін қолданылмайды. Аса сақтықты қызылиекке жақын тіндерді өңдеу талап етеді (микрожарақатқа қызылиектің тұрақтылығы емізікшеішілік жансыздандырудан кейін жоғарылайды, ол темекі тартушыларда біршама жоғары). Қызылиекасты кеңістіктің құрылымдарына (цемент, дәнекерлі эпителий, қалталардың қызылиекті және сүйекті қабырғалары) аса күтушілікпен қарайды – олардың өңделуі хирургтың қолында аса тиімді және сәл зақымдалған болуы мүмкін. Реставрациялар және оған жақын зоналар, сонымен қатар ортопедиялық құрылымдар қол және «дыбысты» аппаратты әдістермен өңделеді.

    • Қатты тіс жұғындыларының азғана қарқындылығы кезінде тербелудің аз жиілігі және амплитудасы (күш) қолданылады, қажет жағдайда өңдеудің агрессивтілік дәрежесін су ағымын көбейту есебінен жоғарылатады. Тербелу жиілігін тек күшті жоғары минерализациялық жұғындыларды бұзу үшін жоғарылатады.

    • Пьезоэлектрлік ультрадыбысты скейлердің жұмысшы бөлігін өңделетін беткейге қондырма ұзын осі тістің ұзын осіне параллельді болатындай орналастырады – басқа сөзбен, скейлердің «доғасы» тістің беткейінде жатуы қажет. Тіс осінен скейлердің ауытқуы скейлер ұшының агрессивтілігін жоғарылатады, бұл ауырсыну тудырып, тіндерді зақымдауы мүмкін.

    • Қол скейлерге айқын қысым көрсетпеуі қажет, бірақ беткейдің керекті бөлігінде ұстап тұруы және оны қысқа алып тастайтын, үйкелетін қозғалыстармен ақырын жылжытады. Скейлерге қолдың қысымы қанша төмен болса, оның тербелуі сонша төмен «блокталады», дәрігердің тактильді өзін бақылау мүмкіншілігі сонша жоғары болады. Электрлік скейлинг кезінде (қолмен өңдеуге қарағанда) рычагь, үлкен механикалық күш жасау қажет етілмейтіндіктен, ұштықты ұстап тұрған саусақтар ауыз қуысынан тыс орналасуы мүмкін, тірек жұмсақ тіндерге, бірақ дұрысы – науқастың иегіне келеді.

    • Қондырманың тербелуі барлық бағытта тиімді және рычагь тәрізді күш әсері қажет етілмейтіндіктен, ультрадыбысты өңдеу кезінде саптаманың ұшын қызылиекасты кеңістік тереңінде тіс тасының үстінде (астында) бастапқы қалпына келтіру қажеттілігі жоғалады. Тіс жұғындыларын алып тастауды коронарлы-апикальды бағытта жүргізеді.

    • Тіндерге күшті төмендету үшін алдын-ала өңдеу аумағын бағалау қажет, өңдеу барысында (нашар көріну жағдайында) таза зоналарды тиіп кетпеу үшін. Өңделетін беткейді жайлап сақтап қалады, мүмкіндігінше уақытты және әрбір бөлікті өңдеу үшін «енулер санын» шектеуге тырысады. Өңдеудің рациональды сызбасы үш-төрт бағытта «штрихталған» беткейлерді болжайды: скейлерді қызылиектен окклюзионды беткейге дейін, медиальдыдан дисталды беткейге дейін, сауыттың диагоналі бойымен жылжытады.

    • Өңделу сапасын көзбен, сонымен қатар периодонтальды зондты немесе белсенді емес («сөндірілген») периодонтальды ультрадыбысты қондырманың ұшын қолдана отырып тактильді тексереді.

    Ультрадыбысты аппараттар қатты тіс жұғындыларын тез алып тастауға мүмкіндік береді, бірақ өңделу сапасы мен қауіпсіздік дәрежесі бойынша «дыбысты» құрылғылардан кем түседі

    «Вектор» ультрадыбысты скейлер пьезоэлектрлік скейлерден оның жұмысшы бөлігі тіс беткейіне параллельді вертикальды жазықтықта 30-35 мкм амплитудамен тек сызықтық инсцилляция жүргізеді, тіс тіндерінің жарақаттық емес өңделуін қамтамасыз етеді. Қатты тіс жұғындыларын алып тастау және реставрацияларды тегістеу үшін металлды қондырмалар, қызылиекүсті жұғындыларды алып тастау үшін – иілгіш көміртекті талшықтан қондырмалар. Кәсіби гигиена үшін жұмысшы сұйықтық ретінде тіс беткейлерін тазартуға, жылтыратуға және минерализациясына септігін тигізетін 0,2% хлоргексидин ерітіндісі немесе гидроксилапатиттің ұсақ бөлшектері бар суспензия қолданылады.
    Артық реставрацияларды дұрыстауға қолданылатын құралдар

    Реставрацияларды дұрыстау үшін жиі бормашинаның төмен жылдамдықты және турбинді ұштықтары үшін қатты қорытпалы және алмазды борлар қолданылады. Бордың формасы дұрысталатын беткей мен оған жақын түзілістердің контурларына сәйкес таңдалатындықтан, жиі бұл жұмыс үшін найза, жалын, оқ түрінде конус тәрізді борлар қажет.
    Тістерді жылтырату үшін құралдар мен заттар

    Жылтырату кәсіби гигиенаның қажет сатысы болып табылады, оны жұмсақ және қатты тіс жұғындыларын қолмен немесе аппаратпен алып тастағаннан кейін беткейдің жоғары мүмкін тазалануын қамтамасыз ету, оның табиғи және жүре біткен тегіс еместіктерді тегістеу және сол арқылы жаңа тіс жұғындыларының түзілу мерзімін ұзарту үшін жүргізеді. Кәсіби гигиенада тістердің эмалін жылтырату үшін алдында көрсетілген құралдар мен заттарды қолданылады: резиналы бастар, окклюзионды, оральды және вестибулярлы беткейлер үшін жылтыратушы сықпасы бар ротациялық щеткалар және тостағаншалар, жылтыратушы штрипстер, жолақтар және жұқа реципроктты түрпілер – қатынасты беткейлер үшін қолданылады. Осы құралдар өңделген реставрацияларды жылтырату үшін де қолданылады.
    Реминерализациялық терапия

    Кәсіби гигиена нәтижесінде бұрын жұмсақ және қатты тіс жұғындыларымен жабылған беткейлер жалаңаштанған болады. Бұл бөліктердің эмалі мен цементі екі есе жоғалуға ұшырады: а) тіс жұғындыларымен алдындағы қатынас кезінде деминерализацияға ұшырады, б) механикалық тазарту үрдісінде минералдарға ең бай жұқа беткей қабатын жоғалтты. Тіндердің сезімталдығын төмендету, сонымен қатар тазартылған беткейлердің тіс жегісін алдын-алу үшін фтор және кальций препараттарымен олардың реминерализациясын жүргізеді. Реминерализацияны тазарту және жылтырату сатысында жүзеге асыруға болады егер бұл мақсатта фторланған (1% дейін F-) кәсіби сықпалар қолданылса. Кәсіби гигиенаның соңғы сатысында тістерге фтор құрамды гель немесе лак жағады.

    VII тарау. Тістесу патологиясын біріншілік алдын-алу
    7.1. Әр түрлі жас топтарында жақ-бет аймағы қызметтері мен тістесудің қалыпты жағдайы. Тістесу жағдайының индексті бағалауы
    Жақ-бет аймағы қызметтері мен тістесудің қалыптасу сатылары

    Жақ-бет аймағы қызметтері мен тістесудің қалыптасуы құрсақішілік кезеңде басталады, бас, мойын мұшелері мен тіндерінің және барлық сүйекті-бұлшықетті жүйенің қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл үрдіс туғаннан кейін де жалғасады, негізінен 15-жасқа таман аяқталады. Қызметтер мен тістесудің қалыптасуының бес негізгі клиникалық кезеңдерін ажыратады:

    І – жаңа туған нәрестелік кезең (туылғаннан 6 айға дейін);

    ІІ – қалыптасушы уақытша тістесу кезеңі (6 айдан 3 жасқа дейін);

    ІІІ – қалыптасқан уақытша тістесу кезеңі (3 жастан 6 жасқа дейін);

    ІV – аралас тістесу кезеңі (6 жастан 12 жасқа дейін);

    V - қалыптасушы тұрақты тістесу кезеңі (12 жастан 15 жасқа дейін).

    Жаңа туған нәрестелік кезең баланың туылғаннан бірінші уақытiа тісінің жарып шығуына дейін жалғасады. Сагиттальды жазықтықта тіссіз жақтардың қатынасы «нәрестелік ретрогения» деп аталатын ерекшелікке ие: төменгі жақ жоғарғы жаққа қатысты артта орналасқан, қызылиек валиктерінің алдыңғы беткейлері арасында мөлшері 10 мм-ден 14 мм-ге дейін сагиттальды баспалдақ түзіледі. Жақтар жымдасқанда қызылиек валиктері барлық ұзындығында байланысады. Қызылиек валиктерінің ортаңғы сызығын белгілейтін жоғарғы және төменгі еріннің үзбелері бір вертикальды сызықта орналасады.

    Қалыпты жағдайда бұл кезеңде мұрынмен тыныс алу, жұтыну – инфантильді (син. висцеральды), жұтынудың бірінші фазасында жіберуші түрткі кезінде тіл ерін немесе ұртқа тіреледі, сору, шайнау дамыған және сөйлеу қалыптаспаған.

    Қалыптасушы уақытша тістесу кезеңі барлық уақытша тістер жарып шыққан уақытты алады. Бұл кезеңге тістесудің физиологиялық биіктеуінің бірінші сатысы сәйкес келеді, бұл бірінші уақытша молярлардың жарып шығуымен байланысты, сонымен қатар жақтардың белсенді өсуінің бірінші сатысы.

    Сагиттальды баспалдақ өмірінің 10-12 айына таман жоғалады, сондықтан кезеңнің соңында тістесу ортогнатиялық тістесудің белгілерімен принципиальды ұқсас белгілерді иемденеді. Сагиттальды жазықтықта тістесудің келесі сипаттамалары бар:

    • жоғарғы екінші уақытша молярдың медиальды-ұрттық төмпешігі аттас төменгі тістің бірінші көлденең фиссурасында орналасады;

    • жоғарғы ит тістің ортаңғы сызығы төменгі ит тіс пен бірінші уақытша молярдың арасында проекцияланады, жоғарғы және төменгі жақтың күрек тістері сәйкес оральды және вестибулярлы беткейлерімен байланысады.

    Вертикальды жазықтықта тістесуді бағалағанда қалыпты терең күрек тістік жабылу (төменгі күрек тістер жоғарғылармен сауыт биіктігінің ½-ден аса жабылады) және жоғарғы және төменгі жақ молярларының тығыз фиссурлы-төмпешікті қатынасы болып табылады.

    Горизонтальды жазықтықта жақтар төменгі молярлардың вестибулярлы төмпешіктері жоғарғы молярлардың ұзына бойы фиссураларында орналасатындай болуы, жоғарғы және төменгі жақ күрек тістері арасында орталық сызық сәйкес келуі қажет.

    Тіс қатарлары жартылай шеңбер түріне ие, көрші-тістердің тығыз проксимальдыаралық қатынастары болуы қажет, әрбір жақтың тістерінің кесу жиектері және шайнау беткейлері бір жазықтықта орналасуы қажет.

    Уақытша күрек тістер жарып шыққаннан кейін жұтыну аралас болады (тіл жіберуші түрткі кезінде күрек тістерге тіреледі), тыныс алу мұрынмен болып қала береді, сору өмірінің 10-12 айына таман жоғалады, шайнау үш жасқа таман біртіндеп қалыптасады, сөйлеу даму сатысында болады.

    Қалыптасқан уақытша тістесу кезеңі баланың үш жасынан басталады және бірінші тұрақты молярдың жарып шығу мерзіміне дейін жалғасады. Бұл кезеңде жақтардың қалыпты қатынасының келесі сипаттамалары бар: сагиттальды жазықтықта алдыңғы кезеңнің сипаттамалары сақталады, вертикальды жазықтықта – күрек тістік жабылу төмендейді және тіпті толық жойылады (күрек тістер тіке жымдасады), горизонтальды жазықтықта қалыпты жағдайдың белгілері өзгермейді.

    Тіс қатарлары жартылай шеңбер түрін сақтайды, жақтардың өсуіне байланысты тістер арасында тремалар және диастемалар пайда болады. Төрт жастан бастап уақытша тістердің төмпешіктерінің қажалуы басталады.

    Бұл кезеңде жақ-бет аймағының қызметтерінің келесі сипаттамалары бар: тыныс алу – мұрынмен, жұтыну – соматикалық, шайнау – белсенді, сөйлеу кезеңнің аяғында қалыптасқан болуы қажет.

    Аралас тістесу кезеңі уақытша тістердің тұрақтымен ауысуы және бірінші және екінші молярлардың шарып шығуы уақытымен сәйкес келеді. Бірінші молярлардың жарып шығуына байланысты тістесудің физиологиялық биіктеуінің екінші сатысын, тұрақты ит тістер мен тұрақты екінші молярлардың жарып шығуына байланысты – үшінші сатысын белгілейді. Тістесудің физиологиялық биіктеуінің сатыларына жақтардың белсенді өсуінің екінші және үшінші сатылары сәйкес келеді.

    Тұрақты бірінші моляр шарып шыққаннан кейін төменгі жақтың доғасы парабола, жоғарғы жақтың доғасы – жартылай эллипс түріне ие болады. Бұл кезеңнің соңында тремалар мен диастемалар жойылады, қалыпты тістесу тұрақты ортогнатиялық тістесуге тән сипаттамаларға ие болады.

    Бұл кезеңде жақ-бет аймағының қызметтері біржолата қалыптасқан болуы қажет.

    Қалыптасушы тұрақты тістесу кезеңін бұл уақытта тұрақты тістер түбірлерінің және оларды қоршап жатқан тіндердің қалыптасуы аяқталуына байланысты бөледі. Бұл кезеңде тістесудің клиникалық белгілері және жақ-бет аймағы қызметтерінің жағдайы ересек адамның қалыпты жағдайына сәйкес келуі керек.
    Тістесу жағдайын бағалау және емдеуге қажеттіліктер

    Жақ-бет аймағы қызметтері мен тістесу жағдайын клиникалық зерттеудің негіздері бұрын талқыланды, ортодонтиялық тәжірибеде жақ мүсіндірінің, рентген суреттемелерінің математикалық талдауымен толықтырылады. Тістесу патологиясының ауырлығын, таралуын және ортодонтиялық емдеуге қажеттіліктерін эпидемиологиялық зерттеу үшін ДДҰ дентальды эстетикалық DAI индексін (Dental Aesthetic Index, 1997) қолдануды ұсынады (табл. 7.1). Индекс тұрақты тістесуді бағалау үшін, көбінесе 12 жастан кейін қолданылады. Тістесу 10 позиция бойынша бағаланады, олар негізгі мүмкін болатын проблемаларды қамтиды: күлкі зонасында тістердің болмауы, күрек тістердің аномальды орналасуы (тығыз орналасуы, тремалар), фронтальды және бүйір бөлімдерде сияқты сагиттальды және вертикальды жазықтықтарда жоғарғы және төменгі жақ тістерінің дұрыс емес қатынасы.

    Позициялар абсолютті сандарда, шартты баллдарда, миллиметрлерде бағаланады. Алынған сандық мәндерді қандай да бір позицияның клиникалық маңыздылығының дәрежесіне сәйкес өңдейді: жоқ тістер санын 6-ға, диастеманың мөлшерін – 3-ке, жоғарғы жақ жабылуының мөлшерін – 2-ге, төменгі жақ жабылуының мөлшерін – 4-ке, алдыңғы вертикальды саңылаудың мөлшерін – 4-ке, молярлардың алдыңғы-артқы қатынасының кодын – 3-ке көбейтеді; фронтальды сегменттерде тығыз орналасу мен ара қашықтықтардың кодтары, сонымен қатар екі жақтың алдыңғы бөлімдерінде ауытқудың мөлшерлері өзгертілмейді. Өңделген бағалардың жалпы мәні – индексі – мына түрде бағаланады:

    • 25 баллдан төмен – проблемалардың минимальды деңгейі; емдеу қажет емес;

    • 26-30 – проблемалар анық, орташа ауырлықта; емдеу таңдамалы жүргізіледі;

    • 31-35 – ауыр патология; емдеу өте қажет;

    • 36-дан жоғары - өте ауыр патология; емдеу міндетті түрде.


    Таблица 7.1

    DAI индексі





    Белгі


    Бағалау принципі


    Ескерту


    DAI индексін есептеу үшін көрсеткішті өңдеу

    1

    Күлкі зонасында тістердің болмауы

    Жоқ күрек тістердің, ит тістердің және премолярлардың санын есептеу

    Тіс жоқ болып саналмайды, егер оның орны алдындағы уақытша тіспен, басқа тіспен немесе протезбен

    х6

    2

    Фронтальды бөлімде тістердің тығыз орналасуы

    0 – тығыз орналасу жоқ;

    1 – бір жақтың күрек тістерінің тығыз орналасуы;

    2 – екі жақтың күрек тістерінің тығыз орналасуы

    Тығыз орналасу кезінде күрек тістер бұрылған немесе доғадан тыс орналасқан болуы мүмкін; күдік болғанда кіші кодты тіркейді

    -

    3

    Фронтальды бөлімде тістер арасында кеңістіктер

    0 – кеңістік жоқ;

    1 – бір жақтың күрек тістері арасында кеңістіктер;

    2 – екі жақтың күрек тістері арасында кеңістіктер

    Күдік болғанда кіші кодты тіркейді

    -

    4

    Диастема

    Екі орталық күрек тістердің медиальды беткейлері арасындағы ара қашықтық (мм, бүтін сандар)

    Өлшеуді күрек тістер сауытының кез келген деңгейінде жүргізеді

    х3

    5

    Доғада жоғарғы жақ күрек тістерінің қалыпты жағдайдан ең үлкен ауытқуы

    Ауытқыған күрек тіс пен көрші күрек тістің вестибулярлы беткейлері арасындағы ара қашықтық (мм, бүтін сандар)




    Өлшеуді периодонтальды зонд көмегімен күрек тістердің бұрылуы немесе олардың доғадан тыс орналасуы жағдайында жүргізеді

    -

    6

    Доғада төменгі жақ күрек тістерінің қалыпты жағдайдан ең үлкен ауытқуы

    Ауытқыған күрек тіс пен көрші күрек тістің вестибулярлы беткейлері арасындағы ара қашықтық (мм, бүтін сандар)

    Өлшеуді периодонтальды зонд көмегімен күрек тістердің бұрылуы немесе олардың доғадан тыс орналасуы жағдайында жүргізеді

    -

    7

    Алдыңғы жоғарғы жақтық жабылу

    Ең шығыңқы жоғарғы күрек тістің еріндік-кескіш жиегінен антагонист-төменгі күрек тістің еріндік беткейіне дейінгі ара қашықтық (мм, бүтін сандар)




    Өлшеу орталық окклюзия жағдайында периодонтальды зонд көмегімен жүргізіледі

    х2

    8

    Алдыңғы төменгі жақтық жабылу

    Ең шығыңқы жоғарғы күрек тістің еріндік-кескіш жиегінен антагонист-төменгі күрек тістің еріндік беткейіне дейінгі ара қашықтық (мм, бүтін сандар)




    Өлшеу күрек тістердің кері жабылуы жағдайында, периодонтальды зонд көмегімен орталық окклюзия жағдайында жүргізіледі

    х4

    9

    Вертикальды алдыңғы саңылау

    Жоғарғы және төменгі жақ күрек тістерінің кескіш жиектері арасындағы ара қашықтық (мм, бүтін сандар)





    Өлшеуді ашық тістесу кезінде периодонтальды зонд көмегімен орталық окклюзия жағдайында жүргізеді

    х4

    10

    Молярлардың алдыңғы артқы қатынасы

    0 – қалыпты

    1 – қалыптыдан төмпешіктің ½-не ығысуы

    2 – толық төмпешікке ығысуы



    Жақтардың қатынасын зерттеуді орталық окклюзия жағдайында жүргізеді

    х3

    1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38


    написать администратору сайта