Главная страница
Навигация по странице:

  • Ресурстар Қызығушылықты ояту 0-3 Ынталандыру

  • Мақсат қою (мәселелік жағдаят).

  • Мағынаны тану 10-15 Жаңаны ашу.

  • Жаңаны қолдану «Бірлесіп оқу» тәсілі.

  • «Бірлесіп оқу» тәсілі.

  • Осығандейінөтілгенматериалменжұмыс.

  • Рефлексия 32-35 «Түсті карточкалар» әдісі.

  • «Түсті карточка лар» әдісі.

  • 2С Шамалар және өлшем бірліктері

  • Геометриялық фигураларды өлшеу / Саябақ

  • Уақыты Педагогтің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау

  • Мағынаны тану 10-20 Өзіндік жұмыс.

  • Рефлексия 32-35 «Алмаағашы» әдісі .

  • «Алмаағашы» әдісі .

  • Уақыт. Сағат. / Менің қызығушылығым

  • Математика қмж. Ii тосан. Орта таырыптар Мені отбасым жне достарым, Бізді оршаан лем. 33саба


    Скачать 170.85 Kb.
    НазваниеIi тосан. Орта таырыптар Мені отбасым жне достарым, Бізді оршаан лем. 33саба
    Дата08.01.2023
    Размер170.85 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМатематика қмж.docx
    ТипДокументы
    #876462
    страница12 из 14
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

    Сабақтың барысы:

    Уақыты

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Қызығушылықты ояту

    0-3

    Ынталандыру

    • Жылдың қай мезгілін ұнатасың?

    • Қазір қай мезгіл?

    Оқушылар өздері ұнататын жыл мезгілі туралы айтып береді.







    4-6

    Өзектендіру.

    Мұғалім жыл мезгілдері жайлы жұмбақ жасырады.

    1. Бұлтты айдап желдеткен,
Нөсерлетіп селдеткен.

    Жаңбырлатып ойнайтын

    Қай мезгіл деп ойлайсың?   (Көктем)


    1. Қойның толы жеміске,

    Көк майсалы еңісте.

    Көбелек қуып ойнайтын

    Қай мезгіл деп ойлайсың?  (Жаз)


    1. Шанамен зырғып желдетіп,

    Шаңғы, коньки тебетін.

    Аққала жасап ойнайтын

    Қай мезгіл деп ойлайсың?    (Қыс)


    1. Жиын-терін болатын,

    Қамбаға астық толатын.

    «Қызыл қырман» ойнайтын,

    Қай мезгіл деп ойлайсың?(Күз)

    Жыл мезгілдері туралы жұмбақтарды шешеді.

    Оқушылардың жұмысы «Шапалақтау» әдісі бойынша бағаланады.

    Жұмбақтар

    7-10

    Мақсат қою (мәселелік жағдаят).

    Оқулықтағы №1-тапсырма орындалады.

    Жыл мезгілдері мен олардың белгілерін атайды.

    Суреттен қарап, жыл мезгілдерінің ретін түсіндіреді.

    Суретке қарап ретін дұрыстап ата: түн, күндіз, таңертең, кеш. Мұғалім тәуліктегі мезгілдерге тоқталады.

    Жыл мезгілдері мен олардың белгілерін атайды.

    Суреттен қарап, жыл мезгілдерінің ретін түсіндіреді.




    Оқулық, дәптер.

    Мағынаны тану

    10-15

    Жаңаны ашу.

    Оқулықтағы 2-тапсырманы өзбетімен орындайды. Бөлшектердің орналасу заңдылығын анықтайды, оны жалғастырады. Мұғалім оқушыларға фигуралар, текшелер, санау таяқшаларымен өзінің тізбегін құрастыруды ұсынады.

    Бірінші қатардағы бөлшектер орналасу заңдылығы: көк, қызыл, сары, көк, қызыл, сары т.с.с.

    Екінші қатардағы бөлшектер орналасу заңдылығы: көк, екі қызыл, көк, екі қызыл, т.с.с.




    Оқулық, дәптер.

    15-20

    Жаңаны қолдану

    «Бірлесіп оқу» тәсілі. Оқулықтағы 3-тапсырманы топпен орындауды ұсынады. Фигураларды қандай тізбектілікпен орналасқанын түсіндір. Ол үшін алғашқы бес шырша бөліктерінің түстеріне мұқият қарап, қорытынды жасайды. Бірінші шыршаға қарағанда екінші шыршада қызғылтсары түс пен жасыл түске боялған бөліктердіңорындары ауысқанын байқайды. Тура осылай үшінші және төртінші шыршада қызғылт сары түс пен қызыл түске боялған бөліктердіңорындары ауысқанын байқайды. Осыдан бесінші және алтыншы шырша жасыл түс пен қызыл түске боялған бөліктердіңорындары ауысқанын байқайды Дәптеріңе орындайды.


    Фигураларды қандай тізбектілікпен орналасқанын түсіндіреді.

    Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады

    Оқулық, дәптер. «Бірлесіп

    оқу»

    тәсілі.


    20-25

    Оқып-үйренгенді меңгергенін тексеру

    Оқулықтағы 4-тапсырманы орындауды ұсынады.

    Фигуралардың қалай орналасқанын түсіндір. Соңғы кестені қалай толтыру керек?

    Алғашқы үш кестедегі фигуралардың орналасу заңдылықтарын анықтай отырып, төртінші кестедегі фигуралар орналасуын көрсетеді.



    Фигураларды қандай ретпен орналастырғанын түсіндіреді

    «Жетістік баспалдағымен» өзін-өзі бағалау

    Оқулық, дәптер.

    25-32

    Осығандейінөтілгенматериалменжұмыс.

    Оқулықтағы 5-тапсырманы орындауды ұсынады. Математикалық ребусты шешеді. Шаршыға сандардың орналасу заңдылығын анықтайды. Үшінші бағандағы сандардың қосындысын табайық (1+4+3=8). Осыдан баған, қатар, диагональ бойынша сандардың қосындысы 8-ге тең деген қорытынды жасайды.

    Екінші бағандағы сандардың қосындысы 8-ге тең болуы үшін бірінші қатардағы екінші ұяшыққа 4 cанын қоямыз. Екінші қатардағы сандардың қосындысы 8-ге тең болуы үшін осы қатардағы бірінші ұяшыққа 4 cанын қоямыз. Үшінші қатардағы сандардың қосындысы 8-ге тең болуы үшін осы қатардағы бірінші ұяшыққа 3 cанын қоямыз.

    Математикалық ребусты шешеді.




    Оқулық, дәптер.

    Рефлексия

    32-35

    «Түсті карточкалар» әдісі.

    Оқушыларда екі карточка: көк және қызыл.Мұғалім сабақ басында және аяғында қалаған карточкасын көрсетуді сұрайды, бұдан оқушының көңіл күйінің өзгерген, өзгермегенін білуге болады.

    Сабақтың соңында оқушылар қалаған карточканы көрсетеді.




    «Түсті карточка

    лар» әдісі.

    __________________________________________________________________

    (білім беру ұйымының атауы)
Орта білім беру ұйымының педагогіне арналған қысқамерзімді жоспар

    56-сабақ.

    Бөлімі:

    2С Шамалар және өлшем бірліктері




    Педагогтің аты-жөні:







    Күні:







    Сыныбы:

    Қатысушылар саны:

    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Геометриялық фигураларды өлшеу / Саябақ




    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

    1.3.1.3 геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) қабырғаларын өлшеу

    және салыстыру

    1.1.3.1** ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт шамаларын ажырату, оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу;

    1.1.3.2** өлшем бірліктерді (ұзындық (см, дм)/масса(кг)/көлем (сыйымдылық) (л) / уақыт (сағ) қолданып өлшеу;

    1.1.3.3** ұзындық (см, дм)/ масса (кг)/көлем (сыйымдылық) (л)/ уақыт (сағ) салыстыру және шамалар мәндерімен қосу мен азайту амалдар орындау;




    Сабақтың мақсаты:

    Геометриялық фигуралардың қабырғаларын өлшеп, салыстырасың.




    Сабақтың барысы:

    Уақыты

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Қызығушылықты ояту

    0-3

    Ынталандыру.

    Мұғалім «Аттракциондар саябағында демалу» тақырыбында диалог жасайды.







    Оқулық.

    4-6

    Өзектендіру.

    Оқулықтағы №1-тапсырманы орындалады. Біздің қалада аттракциондар саябағы бар. Сырымсаябаққа барып келді. Ол аппликация жасады. Сырымқандай геометриялық фигураларды пайдаланды?

    Сен қандай фигураларды көріп тұрсың? (үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы)

    Фигуралардың қабырғаларының ұзындықтарын өлшейді. Тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын салыстыр.

    Кесіндіні қалай дұрыс өлшейтінін еске түсіру қажет.


    Геометриялық фигураларды атайды. Кесіндіні өлшеу алгоритмін айтады.

    Оқушылардың жұмысы смайл беру арқылы бағаланады




    7-10

    Мақсат қою (мәселелік жағдаят).

    Оқулықтағы №2 тапсырма. Түрлі түсті жолақтар берілген. Олардың ұзындықтарын өлше. Жолақтардың ұзындығының қосындысын тап.

    Қандай ұзындықтағы жолақ қалды? Есепте.

    60см-20см=40 см

    1-ші және 2-тапсырмалар топта тексеріледі.

    Егер оқушылар қате жіберсе, қателерді түзету мақсаты қойылады және келесі кезеңде түзету жүргізіледі.

    Жолақтардың ұзындықтарын өлшейді.







    Мағынаны тану

    10-20

    Өзіндік жұмыс.

    Оқулықтан 3-тапсырманы өзбетімен орындайды. Түрлі түсті кесінділер берілген.

    Олардың ұзындықтарын өлшеп, ұзындығын салыстырады.


    Кесінділердің ұзындықтарын өлшейді және салыстырады.

    Оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне байланысты «Отшашу» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

    Оқулық, дәптер.


    20-25

    Қиындықтарды түзету.

    Мұғалім тапсырмалардың орындалуының дұрыстығын тексереді.

    – Кімде қиындықтар туындады?

    – Сендер қай жерде қателік жібердіңдер?

    – Жіберілген қателіктің себебі неде?

    – Өз жұмыстарында қателік болмағандар, өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.

    (Қосымша тапсырмалар орындау).

    – Қателік байқағандардың жұмысындағы ары қарайғы мақсаты қандай?

    (Қателіктерді түзету).

    – Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз. Оқулықтағы №4 тапсырманы орындайды.

    Егер екі жолақтың ұзындығын қоссақ, қандай
ұзындық шығады?


    Қатемен жұмыс жасайды.

    1дм+5дм=6дм

    5дм+2дм=7дм

    2дм+1дм=3дм

    9дм+1дм=10дм







    25-32

    Осығандейінөтілгенматериалменжұмыс.

    Оқулықтан 5-тапсырманы зерттеушілік тапсырманы орындауды ұсынады.

    6 айырмашылықты табады.

    Суреттердегі

    6 айырмашылықты табады.

    Оқушылардың жұмысы смайлберу арқылы бағаланады




    Рефлексия

    32-35

    «Алмаағашы» әдісі.

    Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны Алмаағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ. 

    Сабақтың соңында оқушылар қалаған түсті алманы ағашқа іледі




    «Алмаағашы» әдісі.

    ________________________________________________(білім беру ұйымының атауы)
Орта білім беру ұйымының педагогіне арналған қысқамерзімді жоспар

    57-сабақ.

    Бөлімі:

    2С Шамалар және өлшем бірліктері




    Педагогтің аты-жөні:







    Күні:







    Сыныбы:

    Қатысушылар саны:

    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Уақыт. Сағат. / Менің қызығушылығым




    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

    1.1.3.1** ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт шамаларын ажырату, оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу;

    1.1.3.2** өлшем бірліктерді (ұзындық (см, дм)/масса(кг)/көлем (сыйымдылық) (л) / уақыт (сағ) қолданып өлшеу;

    1.1.3.3** ұзындық (см, дм)/ масса (кг)/көлем (сыйымдылық) (л)/ уақыт (сағ) салыстыру және шамалар мәндерімен қосу мен азайту амалдар орындау;




    Сабақтың мақсаты:

    Уақыттың өлшем бірлігі –сағатпен танысасың.



    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


    написать администратору сайта