Главная страница

Информатика пәнінен әдіс-тәсілдер. информатикадан сыныптан тыс шаралар. Информатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы білімді информатик жргізуші Саламатсыздар ма, рметті стаздар, ділазылар, оушылар! Сіздермен бірлесе отырып Білімді информатик


Скачать 0.95 Mb.
НазваниеИнформатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы білімді информатик жргізуші Саламатсыздар ма, рметті стаздар, ділазылар, оушылар! Сіздермен бірлесе отырып Білімді информатик
АнкорИнформатика пәнінен әдіс-тәсілдер
Дата09.02.2023
Размер0.95 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаинформатикадан сыныптан тыс шаралар.doc
ТипДокументы
#927587
страница10 из 16
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

II –деңгей
1. WORD- Іске қосу былай орындалады:

1. Іске қосу- программалар-MICROSOFT WORD

2. Іске қосу- программалар- стандартты- WORD

3. Экрандағы бос орынға жанама менюді шақырып, оның ішінен WORD программасы қатарын таңдау керек.

2. Егер мәтін бөлігі ерекшеленіп тұрған мезетте теру жұмысы орындалса қандай өзгеріс болады?

1. Ерекшеленіп тұрған аумақ автоматты түрде форматталады;

2. Ерекшеленіп тұрған аймақ солға қарай жылжиды;

3. Ерекшеленіп тұрған аумақ өшіріліп, оның орнына жаңа терілген мәтін жылжиды.

3. WORD редакторымен жұмысты аяқтау былай орындалады:

1. Файл-Жабу меню командаларын таңдау арқылы

2. Файл-Шығу меню командаларын таңдау арқылы

3. Түр -Шығу меню командаларын таңдау арқылы

4. WORD редакторында қалып-күй қатары негізгі терезенің қай маңында?

1. Терезенің жоғары жағында

2. Терезенің төменгі жағында

3. Терезенің оң жағында

5. WORD редакторында жаңадан мәтін терілетін терезе ашу үшін:

1. Файл менюінің Құру командасын таңдау керек;

2. Түзету менюінің Жаңа мәтін командасын таңдау керек

3. Кірістіру менюінің Құру командасын таңдау керек.
III -деңгей

1. Ондық санау жүйесіндегі 2 санын екілік санау жүйесінде қалай жазады?

1. 11

2. 01

3. 10

4. 1111

2. Логика дегеніміз не?

1. Логика сөйлеу тілмен білдіретін ықтималды логика заңдары туралы ғылым

2. Логика формалды логиканың бір бөлігі

3. Адамның ойлау нысандары мен заңдары туралы нақты айтқанда дәлелді пікір заңдары туралы ғылым

3. 1 килобайтта бар

1. 1000байт

2. 1000бит

3. 100 байт

4. 1024 байт

4. Қолданбалы программа терезесінің стандартты элементтерін атаңыз?

1. Тақырып аймағы, меню жолы, саймандар тақтасы, жұмыс өрісі, қалып –күй қатары

2. Файл, Правка, Вид, Сервис командалары, терезенің мазмұны

3. Меню қатары, саймандар тақтасы

5. Операциялық жүйе дегеніміз не?

1. Компьютер мен адамдар арасында байланысты ұйымдастыратын программа;

2. Компьютерді және оның сыртқы құрылғыларын басқару ісін атқаратын программалық жүйе

3. Компьютердегі мәліметтерді өңдеу ісін жүргізуге арналған программа

Кешімізді қорытындылап марапаттау сыйлықтарын бердік
ЖАРЫС САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: «Үзінділерге амалдар қолдану»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Paint графикалық редакторының командалары арқылы үзінділерге амалдар қолдану туралы алған білімдерін қорытындылау. Үзінділерді жылжыту, көшіру, бұру, қисайту, көбейту, өшіру әрекеттерін практика жүзінде дамыта түсу.

Сыныпты екі топқа: «Графика» «Палитра» тобына бөліп, оқушыларды сабақтың өтілу ретімен таныстырып, оларға тапсырмалар беріледі.

  1. кезең. «Танысайық» Әр топ өздерін таныстыра отырып, өздерінің эмблемаларын қорғайды.

  2. кезең. «Айтайық» Оқушылар оргтехника жұмыс жасар алдында бөлмеде, компьютер алдында техника қауіпсіздік ережесін қайталап, айтып өтеді.

  3. Кезең. «Құрастырайық» Екі топтан бір-бір оқушы шығып, компьютерді іске қосқанша «Домино» ойынын құрастырады.

  4. Кезең «Көрсетейік» Тақтадағы сурет бойынша жұмыс істеу. Тақтадағы суретке көңіл аударайық, шыбынның алғашқы жағдайына байланысты тапсырмалар.

«Палитра» тобына:

  1. Шыбынның жоғарыдан/ төменге қараған қалпын көрсетіңдер

  2. солдан /оңға қараған қалпын көрсетіңдер

  3. 90 градусқа бұрылғандағы қалпын көрсетіңдер

«Графика» тобына

  1. Шыбынның төменнен /жоғарығы қараған қалпын көрсетіңдер оңнан/ солға қараған қалпын көрсетіңдер

  2. 180 градусқа бұрылғандағы қалпын көрсетіңдер

  1. кезең «Сөйлесейік» Қазақ орыс ағылшын тілдерін қандай деңгейде білетіндіктерін тексеру үшін информатикалық термин сөздерін білдіретін суреттер көрсетіледі.

  1. Терезелер- окна

  2. Өшіргіш- ластик

  3. Бума- папка

  4. Қарындаш- карандаш

  5. иілгіш диск- гибкий диск

  6. шекара-граница

  7. сызғыш-линия

  8. жұмыс аймағы- рабочая область-

  9. бояу-закрашивание

  10. қылқалам-кисть

6-кезең «Орындайық» Дискетпен жұмыс істеу. Әр оқушыға дискет бойынша арнаулы тапсырмалар беріледі. Дискетпен орындалатын тапсырмалар:

1. Дискеттегі құжатты ашып, енгізілген суреттің көшірмесін сол бетке түсіріп, сақтап қойыңдар

2. Дискеттегі суретті бөліп алып, солдан/оңға қарай бұрып, орындаған амалды болдырмау тастаңдар

3. Дискеттегі суретті 90 градусқа бұрып көрсетіңдер

4. Дискеттегі суреттің көшірмесін жасап, алғашқы суретті өшіріп, көшірмесін қалдырыңдар.

5. Дискеттегі суретке мәтін енгізіңдер, тырнақшаның ішіне топтың атын жазып қойыңдар

6. Paint құжатын дискетке көшіріп, көрсетіңдер, құжаттың дискетке орналасқанын тексеріңдер

7- кезең «Сұрайық» топ мүшелері өзара сұрақ алмасады.

Оқушылардың алған сыйлықтарын есептей келе қорытынды бағасы шығарылып, білімдері бағаланады.

«АЛТЫН САНДЫҚ ІЗДЕУ» сайысы
Сәлеметсіздер ме, қымбатты балалар!

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,

Интернеттің, жаңалықтың бәрін де

Мүмкін емес информатикасыз түсіну,

Компьютер дүние кілті бүгін де,- демекші, заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр- сырын білгенге не жетсін! Біздің Алдар ағамыз да компьютерді меңгеруді бастапты, Интернет желісі арқылы мынадай дыбыс хат жолдапты (алдын - ала «Звукозапись» бағдарламасында жазылған дыбыстық файл іске қосылады):

«Мен Алдармын, Алдармын, елдің бәрін алдармын,

Баста ақылдың жоғынан, сұрайтын көмек болармын!

Мен жер шарын аралап жүріп Компландия деген елге бардым, сол жерде бір алтын сандық бар екен, сол аралға барып алтын сандықты іздейін десем, жол бойы толған тапсырма, сендердің көмектерің керек болып тұр. Сапарға аттаналық!»

Мұғалім: Ал, балалар! Аттанамыз ба? Жолға шықпас бұрын бізге карта керек, мына тапсырманы орындасақ, картаны ала аламыз.

Тапсырма: Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет.

1. ПЕРНЕТАҚТА (перне, тақта, пер, ақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер)

2. БАҒДАРЛАМА(бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал)

Алдар: Осы аралдың табиғаты тамаша, орманы бай, осы аралдың тау тасы, өзені, көлі, тіпті батпақты жерінің өзі тапсырмаларын дайындап қойыпты, оларды орындап аралды зерттеп сандықты тезірек іздеп көрелік!

Таулардың тапсырмасы: Әр топқа 3 жұмбақтан беріледі. Жұмбақтың шешімін тауып, оның суретін «Ребустар кітапханасынан» тауып алып, жанына сурет атын пернетақтаның көмегімен жазулары керек

Көлдің тапсырмасы: Екі топтың қайсысы сөзжұмбақты бұрын толтырады?

1. Дискіні оқитын құрылғы

2. Алғашқы шоттың грекше аты

3. Ақпараттың өлшем бірлігі

4. Шығару құрылғысы

5. Сызбаның орысшасы

6. Іс -әрекеттің орындалу тәртібі

Тастарлың тапсырмасы: Ребусты шешу.

Өзеннің тапсырмасы: Өзеннің арғы жағына жүзіп өту үшін бізге қайық керек, ал жағада тұрған екі қайық әріптерден құралған арқанмен байланып жатыр, арқанды шешу үшін информатика пәніне байланысты сөздерді табуымыз керек:

1. ПРОГРАММАЛГОРИТМОНИТОРЕДАКТОРЕЦЕНЗИЯРЛКОНСТРУКТОР

2. АЛГОРИТМАКЕТАБЛИЦАВТОФИГУРАБЗАЦЕНТРАФИКЛИПРИНТЕРНЕТ

Батпақты жердің тапсырмасы: Алтын сандықты қорғап аралда Қадыр ата тұрады екен. Сандықта не бар екенін білгілерің келсе, аталарыңа тапсырыс жасаңдар. Ол үшін интернет желісіне кіріп, керекті сыйлығыңның суретін алып, қасына қылқаламмен атын жазуларың тиіс. Соңында оның қапшығында не бар екенін «лупа» арқылы көресіңдер.

Орманның тапсырмасы: Сиқырлы сөздер. Жасырылған сөздерді және сәйкестір:

ПІЖ

ЖІП

ТАМА

МАТА

ТРЕСУ

СУРЕТ

КАНТ

ТАНК

КАЙМА

МАЙКА

ҚУЫРҚАШ

ҚУЫРШАҚ

ҚАҒАЙРА

ҚАРАҒАЙ

НЫШҚАТ

ТЫШҚАН

ҰРГҮНЛ

НҰРГҮЛ

ШАЙҚЫ

ҚАЙШЫ

ПАЛАБАН

БАЛАПАН

ДІЗІЛРІККӨ

КӨЗІЛДІРІК

ҚАБА

БАҚА

ШАҚБҰР

БҰРШАҚ

ТОРИМАН

МОНИТОР

ПЛЕЙСИД

ДИСПЛЕЙ

Құстардың тапсырмасы:

1. Шығару құрылғысын дөңгелектеп қорша: монитор, принтер, сканер, микрофон, дыбыстауыштар, дискеттер.

2. Енгізу құрылғысын дөңгелектеп қорша: пернетақта, микрофон, дискеттер

3. Қандай құрылғы компьютерде ақпараттарды сақтайды, астын сыз: принтер, монитор, микрофон, қатқыл диск

4. Қандай құрылғы ақпаратты қағаз бетіне басып шығарады, астын сыз: принтер, монитор, флэш-карта

Аңдардың тапсырмасы: Топ басшыларына сұрақтар:

1. Компьютердің миы (процессор)

2. Ақпараттың ең кіші өлшемі (бит)

3. Бас әріптерді жазу пернесі (Caps Lock)

4. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы (принтер)

5. Ақпаратты экранда бейнелейді (сканер)

6. Ақпараттық үрдістерді ата (алу, өңдеу, беру, сақтау)

7. Информатика пәні нені зерттейді (ақпараттық үрдістерді)

8. Жаңа жолға түсу пернесі(Enter)

9. Антивирус деген не? (вирусты анықтап, емдейтін бағдарлама)

10. Ақпаратты тасуыштар (дискета, флэш-карта, CDжәне DVD диск)

Алдар: Ал, балалар, осы сайыста жеңген топ «Алтын сандыққа» ие болады. Саяхат өте қызықты өтті.Сау саламатта болыңдар!

Мұғалім: Сайысымыз аяқталды, баршаңа рахмет! Жеңімпаз атанған топ дипломмен марапатталады.

ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ
Ойынның мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру

«XXI- ғасыр көшбасшысы» сайысы 5- бөлім бойынша өткізіледі:

1- бөлім. БӘЙГЕ. 10 сұрақ қойылады, сұрақ 3 жауаптан тұрады, әр сұраққа 10 ұпай беріледі. 1- бөлімнің соңында ең аз ұпай жинаған 1 оқушы сайыстан шығарылады.

1- сұрақ. Ақпараттың өлшем бірлігі ...?

А. Байт Б. Символ В. Файл

2- сұрақ. Компьютер неше бөлікке бөлінеді?

А. 3 Б. 4 В. 2

3- сұрақ. Қан тоқтататын элемент?

А. Магний Б. Мыс В. Иод

4- сұрақ. Ең ұзын хорда?

А. Диаметр Б. Радиус В. Кесінді

5- сұрақ. Көбейтінді қай уақытта 0-ге тең болады?

2- бөлім. КӨКПАР. 6 пәннен 5 сұрақтан қойылады, әр сұраққа 10 ұпай беріледі. 2- бөлімнің соңында аз балл жинаған 1 оқушы сайыстан шығарылады.

Информатика

1. Интерфейс дегеніміз не?

2. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым?

3. Программаның орындалу барысында әртүрлі мәндер қабылдай алатын шамаларды не деп атаймыз?

4. Әлемге әйгілі компьютер программаларын жасаушы, Microsoft компаниясының негізін қалаушы?

Физика

1. Энергия дегеніміз не?

2. Электр тогының неше тегі бар?

3. Аттас зарядтар дегеніміз не?

4. Ауырлық күші дегеніміз не?

5. Ішкі энергия дегеніміз не?

Математика

1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрышы қалады?

2. Қандай өрнекті әріпті өрнек дейміз?

3. Пропорция дегеніміз не?

4. Жасы жүзге келген бір қарт болыпты. Бүкіл өмір бойы ол өзінің туған күнін тек 25 рет қана атап өтіпті. Бұлай болуы мүмкін бе?

5. «Функция» сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады?

3- бөлім. ДОДА. 5 пәннен тұрады әр пәндер 20,30,40 блокқа бөлінген. 3- бөлімнің соңында ең аз ұпай жинаған 1 оқушы сайыстан шығарылады.

Информатика

20. Пиктограмма деген не?

30. Принтерлердің түрлерін ата?

40. Мәтіндік және графикалық ақпаратты көрсететін құрылғы?

Физика

20. Ауа ылғалдылығын анықтауға арналған құрал?

30. Вольтметр нені өлшейді

40. СИ халықаралық бірліктер жүйесіндегі температура бірлігі қандай?

Математика.

20. Тригонометрия нені зерттейді?

30. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің квадратының бірлігі қандай?

40. Квадрат теңдеудің түрлерін атаңыз?

4- бөлім. ТАПҚЫРЛЫҚ. Салт- дәстүр, өнер, ғылым, спорт бөлімдерінен тұрады. 4- бөлімнің соңында ең аз ұпай жинаған 1 оқушы сайыстан шығарылады.

I. Салт-дәстүр

1. Айтыстың ең көне түрі?

2. Сәукелені желегімен кім қай уақытта киген?

3. Үш қуатты ата?

II. Өнер

1. «Қыз Жібек» фильмінің қоюшы режиссері?

2. Қазақстанның атын әлемге паш еткен музыкалық топ?

3. Одиссея поэмасының авторы?

III. Ғылым.

1. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жылан бейнесі қай ғылым саласының таңбасы?

2. Оптика, статика, акустика, динамика, механика, кинематика, магнетизм, гидравлика, космология, энергетика бұл аталған ғылым салалары мектепте қай пәнге қатысты?

3. Тірі организмнің айнала қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін биология ғылымының бір саласы?

IV. Спорт

1. Қазақша күресте екі палуанның бірін- бірі жеңе алмай қатар жығылуы не деп аталады?

2. 2008 жылы австрия мен Швейцарияда өткен футболдан Европа чемпионатының алтын жүлде иегері қай елдің құрамасы?

3. жазғы олимпиада ойындары қай жылы, қай елде өткізілді?

5- бөлім. ЖОРҒА. Соңғы бөлімдер қалған 2 оқушыға 10 сұрақтан беріледі

1. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ағылшынның ұлы физигі әрі математигі?

2. «Жеті жарғы» заңдар жинағы қай ханның тұсында жазылған?

3. Ең жоғарғы ғылыми атақ?

4. 1 килобайтта..... бар?

5. Жойылып кеткен жануарларды қазба қалдықтары арқылы зерттейтін ғылым?

6. Белгілі бір атпен сақталған ақпараттар жиыны?

7. Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы қалай деп аталады?

8. Үнемі солтүстік бағытты көрсетіп тұратын жұлдыз?

9. Компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы?

10. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгенің ең кіші номиналы?

Әділқазылар шешімімен жеңген оқушы марапатталады.
«КӨҢІЛДІ, ТАПҚЫР БАЛАЛАР» сайысы
Жоспар:

I. бөлім: Әр топтың өздерін таныстырып, газеттелрін қорғауы.

II. бөлім: «Талантты табу» ойыны

III. бөлім «Сәттілік кезең» (1 минутта алдын- ала дайындалған сұрақтарға жауап беру)

IV. бөлім: «Түсін мені» (терминологиялық сөздердің мағынасын түсіндіру)

Ескерту: Командаларға белгілі шарт бойынша жинақтау балдары беріліп, белсенділік танытқан оқушылар мен жеңімпаз команда арнайы сыйлықтарман марапатталады.

Оқушылар мына төмендегі тақырыптар бойынша кез- келген сұрақтарға жауап беруге дайын болуы керек.

  1. тақырып- MS DOS оперативтік жүйесі

  2. тақырып- MS WINDOWS оперативтік жүйесі

  3. тақырып- WORD текстік редакторы

  4. тақырып- EXCEL электрондық кестесі

  5. тақырып- POWER POINT программасы

II - бөлім бойынша оқушыларға берілетін тапсырмалар:
10 балдық тапсырмалар тізбесі:

MS DOS операциялық жүйесі бойынша

1. RD командасының атқаратын қызметі қандай?

2. DIR командасының атқаратын қызметі қандай?

3. FORMAT командасының атқаратын қызметі қандай?

MS WINDOWS операциялық жүйесі бойынша:

  1. Жұмыс үстелінде жарлық қалай құрылады?

  2. Файл дегенім не?

  3. Бума дегеніміз не?

WORD мәтіндік редакторы бойынша:

  1. Шрифті өзгерту жолдарын айтыңыз

  2. Дайын суреттерді құжатқа қалай орналастырамыз?

  3. Құжаттарды сақтау жолдарын айтыңыз


EXCEL электрондық кестесі бойынша

  1. Ұяшық дегеніз не?

  2. EXCEL программасын қалай іске қосамыз

  3. Кесте барлығы қанша жолдан және қатардан тұрады?
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16


написать администратору сайта