Информатика пәнінен әдіс-тәсілдер. информатикадан сыныптан тыс шаралар. Информатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы білімді информатик жргізуші Саламатсыздар ма, рметті стаздар, ділазылар, оушылар! Сіздермен бірлесе отырып Білімді информатик
Скачать 0.95 Mb.
|
«Асық иірім» топ мүшелерінің сайысы. Кез келген топ мүшелері келіп, асық иіреді. Асық иіргенде алшы түсуі керек. Қай балдық цифрға түссе оған сәйкес жұмбақ сұраққа жауап береді.20 балл. Жұмбақ сұрақтар: Батырмасын басасың, Қажетті файлды ашасың. (тінтуір) Ақпараттарды қағазға шығарады, Бұл құрылғы қалай деп аталады? ( баспа құрылғысы) Төртбұрышты әйнек Тұнып тұрған әлек. (монитор) Жақтаулары арқылы шектеледі Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе) Қабат – қабат қаттама. Ақылың болса аттама. (кітап) «Сергіту сәті» І - топ. Егер мен информатик болсам.... ІІ – топ. Егер мен мектеп директоры болсам... (оқушылар өздерінің ойларын түсіндіреді) 30 балл «Жанкүйерлермен сайыс» Жанкүйерлерге сұрақтар қойылады. Екі топтың жанкүйерлері дұрыс жауап берсе, сол топқа сәйкес бал қосылады. 5 балл «Нартәуекел» Мұнда тағы да топтарға сұрақ қойылады. Егер сұрақ қойылған топ жауап бере алмаса, қарсылас топ, нартәуекел беріп, екі топта қате жауап айтса, ешнәрсе болмайды. Мұндағы барлық сұрақтар 30 балдық сұрақтар. Сұрақтар: Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді? (дыбыс) Ақпараттың қайнар көзі (табиғат) Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы (тышқан) Калькуляторды ең алғаш кімдер жасады? (Чебышев, Однер) Компьютердің қандай құрылғысы адам денсаулығына зиянды? (монитор) Сыртқы құрылғыларды басқаратын арнайы бағдарлама (драйвер) «Адам қайраткерлігінің бұл саласы компьютер көмегімен ақпаратты өңдеу үрдісімен байланысты» – деген анықтама қандай ұғымға жатады? (информатика) Мәтіндік ақпаратты өңдеуге арналған бағдарлама мәтіндік ..... (редактор) Компьютердің қандай құрылғысы ақпарат сақтау үшін қолданылады? (жад) Қандай құрылғы компьютердің миы деп аталады? (процессор) Қорытынды. Балы жоғары топ жеңіске жетеді. Марапатталады. СЫНЫП КӨШБАСШЫСЫ зерде жетілдіру ойыны Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Мектебімізді өтіп жатқан «Қызықты математика» атты математика және информатика пәні апталығына қош келдіңіздер! «Бәйге» турын бастаймыз. Ойын шарты: Сайыскерлерге 16 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Егер қате жауап берсе, сол ойыншы келесі сұраққа жауап беру құқынан айырылады. «Бәйге» туры 1.Адам мен компьютер арасындағы қарым ол қатынас (интерфейс) 2.Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл) 3. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер) 4. ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек.(60-70см) 5. Арифметикалық амалдарды есептейтін 1694 жылы Лейбниц ойлап тапқан машина (арифмометр) 6.Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы (сканер) 7.Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор) 8. Принтердің неше түрі бар. (струйный, лазерный, матричный) 9. Логикалық көбейту амалы қалай аталады.(конъюкция) 10. Компакт-диск оқу құрылғысы . (CD-ROM) 11. Дүниежүзілік компьютерлік желі(интернет) 12.Компьютер ауруы (вирус) 13. Windows деген не. (терезе, ОЖ) 14.Alt +F4 пернелер комбинациясының қызметі (терезені жабу) 15.Компьютердің атасы (Ч. Бэббидж) Жүргізуші Ана тілім-арым бұл, Ұятың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте – деп ҚадырМырзалиев ағамыз айтқандай жас қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек келесі сайысымыз «Тіл -өнер» деп аталады. Сендерге жұмбақталып жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан оқушыға 20 ұпай, ал екі тілді айтса 10 ұпай беріледі. Сұрақты мұқият тыңдаймыз. «Тіл-өнер» туры Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа, nature) Фонограф бағдарламасы қандай мәліметтерді өңдейді (дыбыс, звук, sound) «Ас-адамның арқауы», ал компьютердің асы (ток, ток, currend) Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік (қата, ошибка, error/mistare) Жіпке ілдім мен өзін, Кіп-кішкентай күн көзін (шам, лампочка, lamp) Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация, information) Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышь, mouse) Логикалық көбейтудің атауы (және, и, and) Сәлем ненің патшасы (сөз, слово, word) 10. Кітап ненің бұлағы (білім, знание,rnowledge) Жүргізуші: 2 тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушығы «Ойында жеңілсең де, өмірде жеңілме» деп, ортадан қошеметпен шығарып саламыз. Келесі кезең «Жеті жұмбақ» Жеті жұмбақ Сандардың аталу және жазылу тәсілі (санау жүйесі) Гректердің есептеу құралы (абак) Келесі жолға өту пернесі (Enter) Кеңестер Одағында алғаш ЭЕМ жасаөған ғалым (С.А.Лебедев) Ең алғаш программа жазған ғалым (Ада Лавлейс) Логарифм сызғышын кім жасап шығарды? (Д. Робертсон) Терезені басқару батырмалары қай жолда орналасқан (тақырып жолы) Берілген терезедегі орындауға болатын командалар тізбегі не деп аталады? (меню) Жүргізуші: Ұпайы аз бір оқушыны рахметімізді айта отырып, қошеметпен ортадан шығарып саламыз. Көкпардың сабақтан көп сұрағы Шәкірттердің білгірі алға шығады Асықпаңдар, ойланыңдар, балалар Үш жауап бар біреуі оның шырағы. Алдарыңызда математика, информатика және геометрия пәндерінен сұрақтар берілген. Сұрақты ұпайы аз оқушыдан бастап таңдайды. Сұрақтарға алдарыңыздағы жауап нөмірін көтеру арқылы барлық оқушы жауап береді. «Дода-Көкпар» Математика: 30-80 санының 15%-і қанша? 1. 6; 2) 12; 3) 8 2. «0» саны римдік санау жүйесінде нешені білдіреді? 1) 500; 2) 50; 3) 1000; 3. Анасы 50 жаста, ал қызы 28 жаста Бұдан неше жыл бұрын қызы анасынан екі есе жас еді? 1) 5 жыл; 2) 6 жыл; 3) 4 жыл 4. у=к/х функциясының графигі не деп аталады? 1) парабола; 2) гипербола; 3) кубпарабола 5. 0,75 дм қанша сантиметр болды? 1) 0,075см; 2) 75см; 3) 7,5 см 2. Информатика: 1. Ондық санау жүйесіндегі 16 саны екілік санау жүйесінде былай жазылады. 1) 10002; 2) 11112; 3) 100002 2. «Бит» сөзінде неше бит бар? 1) 3бит; 2) 24 бит; 3) 8 бит 3. Microsoft фирмасын құрған кім? 1) Билл Гейтс; 2) Пол Аллен; 3) Ф. Нейман 4. Винчестр деген не? 1) қатты диск; 2) иілгіш диск; 3) компакт-диск 5. Нақты бір файлды көрсететін белгіше? 1) файл; 2) таңбаша; 3) қапшық 3. Геометрия: 1. Сыбайлас бұрыштардың бірі екіншісінен екі есе үлкен. Осы бұрыштар неге тең? 1) 40666, 80666; 2) 60666, 120666; 3) 90666, 180666 2. Координаталар жүйесін алғаш енгізген ғалым? 1) Р.Декард; 2) Пифагор 3) Виет 3. Кубтың қанша қыры бар? 1) 8; 2) 4; 3) 12 4. Тең қабырғалы үшбұрыштың бір қабырғасы 8 см, оның периметрі неге тең? 1) 16 см; 2) 24см; 3) 32см 5. Шаршының бір қабырғасы 3см, оның ауданы неге тең? 1) 12см2; 2) 9см2; 3) 6см2 Жүргізуші: Сонымен, осы кезеңнен кейін ұпайы ең аз 1 оқушыны қошеметпен ортадан шығарып саламыз. Ең қиыны жарыстың енді келді Мықтылары қалыпты жеңсін енді Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай Осы ойыннан көреміз ерен ерді Келесі кезеңіміз «Жорға» Екі нұсқа бойынша алдын-ала жазылған сұрақтарға шапшаң жауап беру керек. Нұсқаны таңдау еркі ұпайы аз оқушыға беріледі. Берілетін уақыт 1 минут Жүргізуші: Ойынымыздың шешуші сәті жеңімпазды анықтап, марапаттау. «Сынып көшбасшысы» атағын беру төрешілер өздеріңізде. Ойынға қатысқан басқа да оқушыларға диплом тапсыру, заттай сыйлықтар беру. Жүргізуші: Осымен бұл қызықты тамамдасақ Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ Үйрендік білмегенді осы жолы Тағы да үйренеміз аман болсақ Бүгінгі көріп тамашалаған зердені жетілдіру шоу «Сынып көшбасшысы» ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. «АТАЖҰРТ» этнографиялық ойын сабағы Мұғалімнің басты міндеті- оқушыларға өз пәнін жете меңгерте отырып, білім сапасын арттыру. Оқушылардың қызығушылығын тудыру, санасында халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін қалыптастыру үшін ұлттық ойындарды информатика сабағында пайдаланудың берері көп. Сабақта қазіргі заман талабына сай жаңа ақпараттық технологияны пайдалып оқытуда жаңа технологиямен жұмыс жасай отырып, мұғалім оқушыны пәнге қызықтыра алады, ынтасын арттырады, оқушы ізденімпаздығын, алған білімдерін практикада қолдана білуге мүмкіндік береді. Қайталау сабақтарын қорытындылауда ұлттық танымдық ойындарды жиі қолданамын. Себебі-қайталау оқу анасы. Ойын элементтерін жиі қолдану арқылы оқушының ынтасын арттырып, логикалық ойлау қабілетін, танымдық белсенділіктерін арттыруға болады. Сондай-ақ, бұл ойындар оқушылардың білім деңгейлерін көтеріп қана қоймай бір-бірімен жақындастырып достыққа, адамгершілікке, шапшаңдыққа тәрбиелейді. Отанын сүюге, ұлтына деген ыстық ықылас пен сезімін оятады. Сабақтың мақсаты: Ақпарат. Есептеуіш техниканың даму тарихы және ЭЕМ буындары, компьютер құрылғылары тарауы бойынша оқушалардын білімдерін жүйелеу. Оқушылардың талғамын өсіре отырып, информатика пәніне қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: Танымдық ойын сабағы. Сабақтың көрнекілігі: Техникалық құралдар, сұрақтар интерактивті тақтада слайдтар арқылы шығарылып отырады, сөзжұмбақтар, әр топтың эмблемасы, мақтау қағазы, сыйлықтар. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Оқушылардың екі топқа бөлу (монитор, сканер) 3. Әр топтың сәлемдесуі. Ойын шарттары: Қас қағым сәт. Әр топқа бес сұрақтан қойылады. Шырқау. Әр топқа екі сұрақ қойылады, сұраққа жауап болмаса көмек беріледі. Серпілу. Көрермендер кезеңі, жанкүйерлер қатысады. Шарықтау. Екі топқа сұрақтан қойылады. Жерұйық. Мұндағы сұраққа жауап берсе ұпай екі еселенеді, ал жауап бермесе ұпай екі еселеді. Ойын барысында оқушыларды жалпы ойын ережесімен және мақсатымен, ойынға қатысатын екі топпен, сарапшылармен таныстырып өтемін. Қас қағым сәт: “Принтер” тобының сұрақтары Ақпараттың неше түрі бар? Есепшот Ресейде қай ғасырларда пайда болады? Марк-1 машинасы қандай элементтерден жасалды? Транзисторлар қай жылы қрастырылды? Файл деген не? «Сканер» тобының срақтары: Акпараттың өлшем бірліктерін ата? Логарифм түсінігін және логарифм кестесін алғаш рет ұсынған кім? Алғашқы ЭЕМ қай жылы, қай жерде жасалған? 3 буын ЭЕМ-ның элементтік базасы? Файлдармен қандай операциялар жүргізуге болады? II. Шырқау: «Принтер» тобыны 4 сұрақтары: Қосу машинасын алғаш рет құрастырған француз математигі, физигі. Қосымша көмек: Осы кісі есімімен байланысты физикалық заң бар. 2 Программа арқылы берілетін Аналитикалық машина жобасын алғаш рет, қай жылы кім ұсынады? Қосымша көмек: Ағылшын оқымыстысы, оны қазіргі компьютер атасы деп атайды. ЧАРДЛЗ БЭББИДЖ Сканер тобының сұрақтары. жылдары логарифм сызғышын жасау идеясын ұсынған кім? Қосымша көмек күш бірлігіне осы ағылшынның ұлы физигінің есімі берілген. 2. 1964 ж Паскалдың идеясын дамытып, механикалық есептеу машинасын арифмометрді кім құрастырған.? Қосымша көмек Пропорция ұғымының математикалық түрде жазылуын алғаш енгізген неміс математигі. III. Серпілу кезеңі. 1 Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым. 2 Жер төңкергіш ғалым. Жауаптарын шешіп, оларды АSII кодымен және Морзе әліппесімен код даму тарихы мен буындары жане компьпьютер құрылғылар бойынша құрастырған сөзжұмбақтарды шешеді. Принтер мен Сканер тобы сөзжұмбақтардын өзара бір-бірімен алмастырады.. IV. Шарықтау Принтер тобының сұрақтары: 1. Компьютердің есепші перфорациялық машинаны кім құрастырады? 2 С. Лебедовтың басшылығымен МЭСМ қай жылы жасалады.? 3 «Компьютердің миы» деп нені атайды? 4 Алғашқы есептеу құрлысы? 5 Принтер түрлерін ата. V. Жерұйық Бұл бөлімде әр бөлімнің ұпалары есепке алынып, жеңіп шыққан топқа анаграмма шешуге беріледі. Жауап дұрыс болмаған жағдайда қойылған ұпай шегеріліп отырады. Анаграмманы шешіп, жауап дұрыс шешілсе, пернелердің атқаратын қызметін түсіндіреді және бүгінгі «Атажұрт» танымдық ойынның жеңімпазы болады. TNERE, CSE, Alt, Ctrl, Delete, Backspace, End, Caps Lock, Insert; Жауабы: ENTER, Alt, Ctrl, Delete, Backspace, End, Caps Lock, Insert; VI. Үйге тапсырма: тарау бойынша қайталау. VII. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан топ оқушылары бағаланып, сабаққа соңында жеңіске жеткен топ марапатталып, сыйлықтар табыс етіледі. ҚЫЗЫҚТЫ ИНФОРМАТИКА әзіл-ысқақ кеші 1-жүргізуші: Түн. Аспан ашық , айлы түн, Тамаша бір тылсым. Жымыңдайды көктегі, Арайланып жұлдызым. 2-жүргізуші: Информатика әлемі, Неткен ғажап әсерлі. Шыққан сонау ертеден, Әр қилы компьютер өнері. 3-жүргізуші: Одан күшті , одан мықты, Жылдам, қызық, әдемі. Табылмаған бұл өмирден, Орын алды көңілден. 1-жүргізуші: -Қараңғы түнді жарық қылып тұратын, қараңғы түнде жол көрсетер серігі ай мен жырқыраған жұлдыздар емеспе? 2-жүргізуші: -Осыдан бірнеше жылдар бұрын қараңғы қазақ халқына ай мен жұлдаздай жарқырап жол көрсеткен көрсеткен көзі ашық адамдар болды. 1-жүргізуші: -Ал қазіргі уақытта өте қымбат болса да пайдасы өте зор компьютерлерді ай мен жұлдызға теңеуге бола ма? 2-жүргізуші: -Компьютердердің өмірдегі орны қандай, қандай пайдасы бар? т.б. мәселелерді бүгінгі «Қызықты информатика» сайысымызда білетін боламыз. 1-жүргізуші: -Компьютерлердің пайдасын түсінетін боламыз, арасында күлетін боламыз, көңілдеріңізді көтеріп, қолпаштап отыруға әзір болыңыз. 2-жүргізуші: -Ал енедеше «Қызықты информатика» сайысын тамашалауға шақырамыз! Олай болса, аспан әлеміндегі жарқыраған ЭЕМ жұлдыздарын қарсы алыңыздар. 8-сынып оқушылары «Windows XP» командасы; 9-сынып оқушылары «Microsoft» командасы; Жұлдыздарды бағалау үшін әділ-қазы мүшелері және есепші сайлаймыз. 1-жүргізуші: Жербе тастау. Топтардың нөмірлерін анықтау. Топтар әзірленіп отырсын. Сайысымызға қош келдіңіздер дей отырып, музыкалық сәлем жолдаймыз. 1-бөлім. «Жұлдыздарға сапар» Жұлдыздармен танысу, Сапарға шығу аспанға. Тамашалайық ендеше, Қазақ халқы ертеден. Ата салттан асқан ба? «Жұлдыздарға сапар» өз-өздерін таныстыру. Әр топ өздерін өлеңмен таныстырады. Көрініс: «Компьютер мен өмір байланысы» 7-сынып оқушылары «Бір чукча Ақсай қаласына барар поезды күтіп жүріп, вокзалда тұрған компьютерді көріп есінен танады. Әрі-бері қарап жүргенде компьютердің бір пернесін басып қалады. Компьютерде мына сөздер шыға бастайды: «Сен чукчасын, 1980 жылғысың , әйелің, 2 балаң бар. Сен қазір Ақсай поездін күтіп жүрсің». Мынау мені қайдан біледі екен? Не болса да мен оны алдауым керек деген оймен қарт кісі кейіпінде компьютердің алдына келеді. Компьютерде жанағы сөздер және оларға қоса: «сен мені алдағың келіп қарт кісі кейіпінде келіп тұрсың» деген сөздер шығады. Чукча осылай 2-3 рет қайталайды бірақ компьютер оны тани бергесін бұл жолы ол жас қыз кейіпінде киініп келеді. Бұл жолы компьютерден жанағы сөздерге қоса : «Сен поезд күтіп жүрсің бірақ Ақсай поезді кетіп қалды» деген сөздер шығады. 2-бөлім: «Мимика және қимыл-қозғалыс конкурсы». Көрініс: «Программист пен бақа» Программалаушы келе жатса, алдынан сөйлейтін құрбақа шығып, оған былай дейді: -Мен шайтан арбар, бақа етіп жібереді, негізінде мен көрікті қыз болатынмын. Егер менің қолымнан сүйіп алсаң, мен қайта адам қалпына келіп, саған жақсылық жасар едім,.. Программалаушы құрбақаны қалтасына салып алып, ары қарай жүріп келеді. Құрбақа оған тағы да: -Сен түсінбей қалдың-ау деймін! Мен сұлу қыз болатынмын, тек мені адам қалпыма қайтару керек.. -Мен программалаушымын, маған қыз қажет емес. Ал сөйлейтін құрбақа, ол өте керемет емес пе? Дейді. |