Информатика пәнінен әдіс-тәсілдер. информатикадан сыныптан тыс шаралар. Информатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы білімді информатик жргізуші Саламатсыздар ма, рметті стаздар, ділазылар, оушылар! Сіздермен бірлесе отырып Білімді информатик
Скачать 0.95 Mb.
|
ІІ жүргізуші: Сонымен бүгін біз информатика пәні бойынша «Озық ойлы оқушы» сайысын өткізіп, ең жақсы ойын көрсеткен оқушы «Озық ойлы оқушы» атанады. І жүргізуші: Сондай-ақ ойынды жақсылап бағалап отырған әділқазылар алқасына, қатысып отырған қонақтарымызға рахметімізді айтамыз. ИНТЕРНЕТТІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ (ТАНЫМДЫҚ КЕШ) Сабақтың тақырыбы: «Интернеттің пайдасы мен зияны» Сабақтың түрі: дебат /пікір-талас/ Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау; Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу; Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру; Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/ Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар /дербес кмпьютер, интерактивті тақта, флипчарт, Асtivotе/ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Сәлемдесу 2.Топ мүшелермен және сарапшылармен таныстыру Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ақпараттық технология заманның қолдана білу біздің міндетіміз. Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Желідегі компьютерлерде мәтін, сурет, аудио, бейнематериалдар т.с.с. өте үлкен ақпарат көлемі сақталады. Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлеріне – Бүкіл әлемдік өрмек, электрондық пошта, желілік чат және дискуссиялық топтар жатады. Интернет алғаш 1968 жылы ARPANET деген атпен АҚШ-тың әскери, ғылыми және білім орталықтарын біріктірген желісінен құрылған. 80-жылдың аяғында INTERNET глобальды жүйеге айналды. Ал қазіргі уақытта біз өз өмірімізді «Дүниежүзілік өрмексіз» елестете алмаймыз. Интернет өмірімізге қаншалықты маңызды екенін білу үшін 8 класс оқушылары арасындағы «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты дебатты ашық деп жариялаймын. ІІ. Тақырыппен жұмыс 1. Жүргізуші ашық пікір-таластың ойын-шарттарымен таныстырады: Пікірталас шарттары: 1.Әр топ өздерін таныстырады. 2.Пікірталасу (3 мин) 3.Екі топ өзара сұрақ алмасады. 4.Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары 5.Көрермендердің дауысы 6. Қорытынды.Сарапшыларды тыңдаймыз Топ жетекшілеріне сөз беріледі 3. Сөз кезегі ойыншыларға беріледі 1. «Намыс» тобының мүшесі: Армысыздар құрметті көрермен,менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі интернеттің пайдасы: 1.Алысты жақындату 2.Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру. 3.Сана-сезімді жоғарылату. 4.Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру. 5.Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру. 6.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу. 7.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу. 8.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету. (материалдарды және моральді жағынан болсын) Яғни мүгедек адамдарға немесе отбасы ахуалы нашар адамдарға, жетімдер үйіне, денсаулығы нашар науқастарға қаржылай қол ұшын беру. Адамдарды ажалдан құтқарып, зор көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалу арқылы, мейірімділік таныту, ізеттілікке итермелеу және т.б. жасалады.Және де дүкендерді араламай-ақ үйде отырып интернет магазин арқылы қалаған затымызды сатып ала аламыз. Қазіргі өтіп жатқан арқылы жүзге асырылып отыр. Қазіргі таңда интернет пайдаланушылардың саны 1,9 миллионға жетті. Бұл көрсеткіш халықтың 12,3 %-ын құрайды. Қаламыз интернетті пайдаланушылар саны 20%-ға жетіп отыр. Алдағы уақытта интернет пайдаланушылар саны бұдан да үлкен көрсеткішке жетпек. Қорытындылай айтқанда интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз.Керісінше біртіндеп құлдырай береміз.Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. Назарларыңызға рахмет. 2. «Мұрагер» тобының мүшесі: Сәлем бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр.Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады. Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді.Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады. Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады.Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы.Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап,уақытын тиімсіз өткізудің зардабы. Тыңдағандарыңызға рахмет. 3. «Намыс» тобының мүшесі: Сәлем бердім карсыластарыма, интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьютерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп.Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, буклет болсын, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін.Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор .4. «Мұрагер» тобының мүшесі : Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің.Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару.Қорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер.Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады.Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді.Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ.Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу, ұятты көріністер қарайды.Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді.Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Назарларыңызға рахмет. 5. «Намыс» тобының мүшесі: Интернет - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері.Толғандырған сауалдарыңның жауабын табасың Кісі есімдері мен лауазымдарын нақтылайсың. Мысалы, www.government.kz Үкімет сайты, ҚР Парламент мәжіліс депутаттары.Өткен ескі жаңалықтар мұрағатынан мәліметтерді нақтылау. Өзге елдегі мамандармен байланыс жасап, сұрақтар қоюға болады.Түсінбеген сөзді демде аударуға болады. Мысалы: www.sozdik.kz.Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді. Аська, Мейлруагент, мессенджер т.б. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты онлайн-ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші. Тыңдағандарыңызға рахмет! 6. «Мұрагер» тобының мүшесі: Сәлем бердік көрерменге! Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интенрнеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Онлайн ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар.Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін. Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет. 4. Сұрақ-жауап 1. Екі топ өзара сұрақ алмасады 2. Көрермендердің топ мүшелеріне сұрағы ІІІ. Қорытынды 1. Көрермендердің дауыс беруі 2. Сарапшылардың қорытындылауы ИНФО – БИНГО ойыны (Ойынға билет алу үшін, сыныптардың деңгейіне сәйкес есептерді күні бұрын іліп қойдық) 1-бастауыш: Тынышталып, тыңдаңыздар! Назар салып, қараңыздар. Информатикадан басталмақшы, «Инфо-Бинго» ойыны. Көргендер де армандар, Көрмегендер де армандар Босқа қарап жүргенше, Қызыктан тыс қалмандар. 2-бастауыш: Информатика жалауын көтеріп, Әлемге жар саламыз, Қарсылық егер болмаса, Ойынымызды бастаймыз. 1-бастауыш: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Инфо-Бинго» ойынының шымылдығын ашу кезегін әнге берейік. 2-бастауыш: Компьютер- сенің көмекшің Қаламың әрі қағазың! Керек емес демессің, Аздаған болса хабардың. Үйрену керек бәрінде Ақпараттық заманың! – дей отырып ойын шартымен таныстырайық. «Инфо-Бинго» билетінен 20 дана сатылды. Ойынға қатысушыларымыздың саны да 20. Билетте әр амалда бестен саны бар 3 амал және серия номері, билет номері, бақылау номері бар. Әр амалдағы саны бір сұрақ сәйкес келеді. Егер оқушы 3 амалдағы 15 сұраққа жауап берсе «Джек-пот» ұтысына, 10 сұраққа жауап берсе «Инфо-Бинго» ұтысына 9 сұраққа жауап берсе жұбаныш сыйлығына ие болады. Және де билет номерінің сонғы екі, үш цифры бойынша ынталандыру ойыны тағы бар. 1-жүргізуші: 1-ойын: билет номерінің соңғы екі цифры бойынша ойналады. Қоржыннан екі шар алынады, кімнің билетінің номерінің соңғы үш цифры сәйкес келсе, сыйлық беріледі. 2-жүргізуші: 2-ойын: билет номерінің соңғы үш цифры бойынша ойналады. Қоржынының шар ретімен алынады, кімнің билетінің номерінің соңғы үш цифры сәйкес келсе, сыйлық береді. 1-жүргізуші: 3-ойын: енді «Инфо-Бинго» ойынын бастаймыз. 15 шарды кезек-кезек аламыз, қандай цефр алынса соған сайкес сұрақ өқылады.Жауап берген оқушы өзіндегі осы цифрры қоршап отырады. 1.Paint қандай редактор? 2. Принтердің неше буынын бар? 3.ЭЕМ –нің неше буыны бар? 4. Жыпылықтап тұратын тік сызықша. 5. Акпаратты шығару құрылысы. 6. Морзе әліппесінде қандай таңбалар бар? 7. «Компьютердің атысы» деп кәмді атаған? 8. « Компьютер миы» деп нені атайды? 9. Комьютер жанындағы өсімдік. 10. Беббиджддің машинасыны алған программа жазған кім? 11.”Информатика”нені зерттейді? 12.Алгоритм тілінің қызмеші сөздерін ата? 13.Windous қандай жүйе? 14Word Қандай редактор? 15.Excel қандай редактор? 2-жүргізуші:Көрермендерімізді ұмытпайық. Көрермендер ойынына кезек берейік. Көрермендерге жетон таратылады. Жеке қоржыннан шар аламыз. Сол саннан аяқталатын жетондары бар көрермендерді ортаға шақырамыз. Оларға жұмбақ жасырып, кім шешсе сол оқушы қаладыда кубик лақтырыды. Сәйкес сыйлығын алады. Жұмбақтар: 1.Бір сарайда тұрады екен, Бес атаның балалары. Қыдырмашы біреуі Бір күн барда,бір күн жоқ. Соны есепке алсақ, Ұзын саны жүз жеті. (Пернелік) 2. Пернетақта ауылында тұратын, Пернелік деген атаның Бар екен 12 ағайынды Немерелері алғашқы. Есімдері де өздерінің бір қызық, Тек қана «F» (эф) әріпінен басталады. (функционалдық пернелер) 3. Экранның бетінде оның тұрағы, Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер) 4. Төртбұрышты әйнек Тұнып тұрған әлем (монитор) 5. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі Түсі оның сұр құйрығы ұзын Ойланып білгіш болсаң жауап берші Қалай деп аталады оның аты (тышқан) 6. Ұзынтұра Жалқаубек Тұрмай ылғи жатады Қозғала қалса артынан Ешбір белгі қалмайды (бос орын) 7. Бұтақ бойында мың бір инесі Компьютер жаны мекені (кактус) 8. Ақпарларды қағазға шығарады Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер) 9. Биологияда бұл паразит Көзге зорға көрінер Информатикада өлшем бірлік Ақпараттарды өлшер (бит) 10.Егер білсең айта ғойшы Бұл қандай құрылғы Ақпаратты қағаздағы Компьютерге енгізеді? (сканер) 1-жүргізуші: Қоржында 25 шар бар. Сәйкесінше сұрақтар оқылады. Жауап бергенде белгіленіп отырады. 16. Құжатты алғашқы рет сақтау үшін қандай әрекет жасаймыз? 17. Кестеде ұяшықтардың мөлшерін белгілеп көрсететін сызық 18. Кестеде жолдың немесе бағанның мөлшерін өзгерту үшін жасалатын әрекет 19. Көшірмені қалай аламыз 20. Түбір функциясы қалай жазылады? 21. Абсолюттік шама функциясы қалай жазылады? 22.Ең ұзын перне. 23.Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы. 24.Рычакты манипулятор. 25.Аты бар мәлімет. 26.Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі. 27.Қарапайым есептеулер жүргізетін программа. 28.Компьютерлік қойын кітапша программасы. 29.Позициялық санау жүйесіне мысал келтір. 30.Логикалық терістеу. 31.Тік төртбұрышқа қандай мәлімет жазамыз? 32.Параллелограмм фигурасына қандай мәлімет жазамыз? 33.Ромб фигурасына қандай мәлімет жазамыз? 34.Жұмыр фигурасына қандай мәлімет жазамыз? 35.Алты бұрыш фигурасына қандай мәлімет жазамыз? 36.Эллипс, параллелограмм, тікбұрыш, ромб фигуралар жиынтығы қалай аталады? 37.Ең кіші өлшем бірлік? 38.8 бетке тең өлшем бірлік? 39.Программалау тілдерін ата? 40.Paint қызметі не істейді? 2-жүргізуші:Көрермендермен ойын. 1-жүргізуші:Ойынымызды жалғастырамыз. 41.Сегіз разрядты екілік сан. 42.Пиксель дегеніміз не? 43.Ақпарат енгізу манипуляторы. 44.Антивирустық қандай бағдарламалар бар?. 45.Сыртқы жадқа нелер жатады? 46.Винчестер дегеніміз қандай диск? 47.Дискідегі деректерді оқу немесе жазу,а арналған құрылғы? 48.Компьютердің жеке құрылғыларын байланыстыратын негізгі кең арна? 49.Иілгіш диск? 50.Ақпаратты сақтайтын құрылғы? 51.Тышқанның негізгі батырмасы? 52.Экранның төртбұрышты сегменті қалай аталады? 53.Терезені жабу батырмасының таңбасы? 54.Терезені жаймалау батырмасының таңбасы? 55.Терезені жималау батырмасырың таңбасы? 56.Екілік сандарды неше цифр бар? 57.Көбеюге қабілетті және басқа программаларды зақымдайтын программа? 58.Тышқанның оң жақ батырмасы қалай аталады? 59.Принтер түрлерін ата? 60.Miсrosoft фирмасының негізін салушы кім? 2-жүргізуші: Көрермендермен ойын. 1-жүргізуші: Инфо-Бинго ойнымыздың қорытындысын айту үшін сөз қазылар алқасына беріледі. |