Главная страница

Информатика пәнінен әдіс-тәсілдер. информатикадан сыныптан тыс шаралар. Информатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы білімді информатик жргізуші Саламатсыздар ма, рметті стаздар, ділазылар, оушылар! Сіздермен бірлесе отырып Білімді информатик


Скачать 0.95 Mb.
НазваниеИнформатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы білімді информатик жргізуші Саламатсыздар ма, рметті стаздар, ділазылар, оушылар! Сіздермен бірлесе отырып Білімді информатик
АнкорИнформатика пәнінен әдіс-тәсілдер
Дата09.02.2023
Размер0.95 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаинформатикадан сыныптан тыс шаралар.doc
ТипДокументы
#927587
страница16 из 16
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

3. Қорытындылау.

Жүргізуші.

«Өмір деген көк мұхиттың толқыны

Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып

Бір-бірімен жатқан тулап арбасып

О, толқындар, арпалысып алға шық

Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын

Құштарлықтың толғағы мен көктемі»- деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс.

Жүргізуші.

Жас достарым !

Мұны дұрыс ұғайық

Компьютер ол құрметтеуге лайық

Ғылымдардың жаңасы

Дегенмен бала - данасы

Информатика жайында

Сайысымызды бастайық !
Жүргізуші.

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Әр сыныптың оқушыларының қатысуымен өткізілетін

"Біз информатика әлеміндеміз" сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші.

Сайыскерлердің біліміне баға беретін қазылар алқасы сайланады.

Жүргізуші. Көңілді екі топтың үштіктері , білгіштер

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді , көп оқыған топ болса

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Алдымен ойынға шығатын оқушыларды ортаға шақырайық

1. Эмблемасы, команда атауы .

Оқушылар өздерін таныстырады.

2. Таныстыру

Жүргізуші. 1 кезеңде Бізден сұрақ, сізден жауап
Қарап тұрмай жүйріктерге еріңіз

Сайыскерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар

Жүйрік болар бәйгелерді көріңіз.
Жауап нақты, тез болу керек. Қай сайыскер топ белгіні бірінші көтереді, сол бірінші жауап береді. Бағалануы – 10 балл.
Жүргізуші. С ұ р а қ т а р ы :
1.Дыбыс толқындарын техникалық қабылдағыш қалай деп аталады ?

/микрофон/.

2.Ең бірініші есептейтін программаларды құрған кім және қай ғасырда? /1645 жылы математикалық машинаны Паскаль ойлап тапты)

3.Телефон желісі арқылы басқа компьютерлерге мәлімет алмасуға қажетті құрылғы ? / Модем /

4. Текстік және графикалық информацияны компьютерге енгізу құрылғысы /сканер/

5. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі

/ DELETTE /

6. Ұйымдар мен жеке тұлғаларға Internet қызметін ұсынатын компания / Провайдер /

7. Ең бірінші ЭЕМ қай жылы , кімнің басшылығымен жасалды ?

/ 1947 -48 ж.ж С. А. Лебедов /

8. Бэббидж машинасына алғашқы программа жазған кім?

/ Ада Лавлейс /

9.Терезені жабу пернелері / Alt+F4 /

10.Паскаль тілінің авторы / Никлаус Вирт /

11.Жолдар мен бағандардың қиылысуы / кесте /

12.Аргумент деген не? /бастапқы берілген мән/

13. Тақырыптарға байланысты слайдтар жиыны / презентация /

14. Microsoft фирмасының авторы / Билл Гейтс /

15. Integer сөзі нені білдіреді / бүтін шама /

16. Жоғарғы индексті алу: / Ctrl + Shift+ = /

17.«Компьютердің атасы » кімді атаған ? / Ч. Бэббидж /

18.Қағазды бөлікке бөлу / Формат - колонки /

19. Сыртқы жады / винчестер, дискет, компакт диск /

20.Тармаќталу командасыныњ ќызметші сµздері / егер онда єйтпесе бітті /

Жүргізуші.

2 – кезеңде 1 - топ Интернеттің пайдасы

2 - топ Интернеттің зиянды жақтары

Екі топтың оқушылары өздері таңдап, сол бойынша көрсетіп, түсіндіреді. Бағалануы – 30 балл.

Жүргізуші. 3 – кезеңде Жұмбақтар Бағалануы – 10 балл.
1. Бағдарлама құрайды

Орындалған кезінде

Әлденені сұрайды / INPUT операторы /

2. Әдетте үнсіз тұрамын

Белгі берсең ұғамын

Жазуы бар қағаздың

Құралы боп шығамын / принтер /



  1. Компьютердің айнасы

Бағдарыңды таңдашы

Сурет, сөзін көрсетіп

Тиер саған пайдасы / монитор /


  1. Қанша тетік тізілген

Саусағыңды сезінген

Барлық сенің ойыңды

Компьютерге енгізген / пернетақта /


  1. Бар нәрсеге жетік

Миы күшті тетік

Ол арқылы сөйлесіп

Кетесің шетелге де өтіп / компьютер /
6 Барлық сурет , мәтінді

Компьютерге енгізген

Керек емес жерін де

Компьтерден өшірген / сканер /
Жүргізуші. 4 – кезеңде Интернетпен жұмыс

Екі топтан екі оқушы шығып, интернеттен мәлімет алып көрсетеді. Бағалануы – 30 балл.

Келді кезең интернетпен жұмысқа

Әлемдегі жаңалықтар , табыста.

Интернеттің тілін егер білсеңіз

Қиын болмас озуыңыз жарыста.

Жүргізуші. 5 кезеңде Бейнетаспамен жұмыс

Екі топтан екі оқушы шығып, бейнетаспаға түсіріп, оны компьтерде көрсетеді. Бағалануы – 30 балл.

Егер болсаң мамандықтың иесі

Не істер едің бұл өмірге жүйелі

Асыл тастан , өнер жастан шығар деп

Бабам айтқан, баба сөзі киелі
Жүргізуші. 6 кезеңде Алтын қақпа

Ең қиыны жарыстыњ қақпа еді

Мықтылары сандық ашып , жеңсін енді

Тез жауап бер ойланып тұрып ќалмай

Осы ойыннан көреміз ерен ерді !

Әр сұрақ жауабы Бағалануы - 30 балл
Жүргізуші. сұрақтары: І - топқа
1. Ойыншы шығару сұрағы: Антивирус программаларын ата

/ детектор, вакцина, ревизор, фильтр, доктор /

2. Тас қақпаның сұрағы:

Hewlett- Packard фирмасы Desklet сериясындағы алғашқы сия бүріккіш принтерді қай жылы шығарды ? / 1988 ж /
3. Күміс қақпаның сұрағы:

Applte фирмасы алғашқы монохромды қолмен істейтін сканерді қай жылы шығарды ? / 1991 жылы /

4. Алтын қақпаның сұрағы:
Мультимедиа – бұл компьютерде дыбысты , ақпаратты , тұрақты және қозғалыстағы бейнені біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Мультимедиа өзі көптеген мәлімет тасымалдаушылар жиынын білдіреді. Мултимедиялық зат құрамына музыкалық және ауызекі жетелеу, бейнеклиптер, анимация, графикалық және слайдтар, мәтіндер базасы кіретін интерактивті компьютерлік жиынтық кіреді.Мультимедиялық компьютердің құрамы: 386 –дан жоғары процессорлы жүйелік блок, 512-ден жоғары килобайт болатын монитор, қатты диск, дыбыстық карта, акустикалық жүйе кіреді.

Сұрақ : Мультимедиа қай жылы , қай елде пайда болды ?

/ Америкада 1990 ж /

5. Алтын сандықтың сұрағы:


  1. 1694 жылы атақты неміс математигі Блез Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды.

Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбір табу амалдарын да орындайтын болды.

Кейін бірнеше рет жетілдірілді. Осы машинаның пайда болуымен есепші мамандығы пайда болды. 1969 жылы бұл машинаны шығару ең жоғарғы деңгейге 300 мың машинаға жетті. ХХ ғасырдың 70 жылдары бұл машинаны элементтік базасы интегралдық схемаға негізделген калькулятор ығыстырды.

Сұрақ : Бұл машина қалай аталды ? / Арифмометр /

ІІ - топқа

1. Ойыншы шығару сұрағы:

Жұмыс столын безендіру әрекеті қалай орындалады

/ Настройка – Панель управления – Рабочий стол /

2. Тас қақпаның сұрағы:

Дүние жүзі бойынша бірінші бағдарламалаушы деп саналатын Ада Лавлейс қай жылы кімнің машинасына алғашқы бағдарлама жазған ? / 1846 ж Бэббидж машинасына /

3. Күміс қақпаның сұрағы:

Веб беттердің мәліметтерін компьютер бейне бетіне

шығару бағдарламасы / Браузер /

  1. Алтын қақпаның сұрағы:

Әлемде тұңғыш рет ұялы телефонды « Моторола » компаниясы ойлап тауып шығарды. Алғашқы телефондар салмағы 790 грамм болған. Оларды ойлап табу үшін 15 жыл 100 миллион доллар ақша кеткен. Ал ұялы телефонның құны 4 мың доллар көлемінде болған.

Сұрақ : Ең алғашқы ұялы телефон қай жылы шықты ? / 1984 жылы /

5. Алтын сандықтың сұрағы:

DVD – бұл СD сияқты оптикалық диск. ХХ ғасырдың аяғында ақпаратты 17 гигабайттық тасымалдау мен цифрлы бейнелеуге көшуді алмастыратын жаңа құралдарды шығару басталды. Бірнеше жылға созылған талқылаудан кейін 1995ж

бекітіліп, 1996 жылы DVD плейерлер Токиода шығарылды. 2000 жылы алғашқы DVD аудидо дискілер шығарылды. ХХІ ғасырға дейін компакт дискінің сыйымдылығы 650 МВ –қа тең болса, ал қазіргі уақытта 100 МВ – қа жетті.
Сұрақ : DVD бейнемагнитофондар, қай жылы шықты ? / 2001жылы /
Қорытындылау

Соңында берген жауабы мен жинаған ұпай сандары бойынша

жеңімпаз топ анықталып , марапатталады.

КОМПЬЮТЕР АЙНАЛАСЫНДАҒЫ ӘЗІЛ – ҚАЛЖЫҢДАР.
Билл Гейтс бала кезінде мектепте нашар оқыпты Барлық балалар басқа оқушылар сияқты программалауды үйреніп жатса, Билл Гейтс сабақ бойы терезеге қарап отырады екен. Ғ Ол терезелерді өте жақсы көреді екен.

......Терезелер ......терезелер .....Windows ......windows деп отырады екен.

Билл Гейтс мынадай сөзді айтыпты-мыс: Егер сіз жақсы программа жасай алмасаңыз, ең болмаса оның сыртқы көрінісін әсем етіп көрсетіп қойыңыз.

Билл өз атына қосымша титул (лақап ат) қосып алыпты.

Енді оның аты-Де билл Гейтс деп айтылады дейді....

Windows Лотереясының нәтижелері шығыпты:

  1. Бас жүлдені MicroSoft фирмасы ұтыпты

  2. Миллиондаған шәйнектер сыйға беріліпті

Нағыз программалаушы жұмысының ерекшелігі неде?

  • Нағыз программалаушы программасына ешқашан да комментарийлар қоймайды. Қинала жазылған нәрсені, қинала ұққан дұрыс.

Математика сабағында:

  • Берік, егер жүзден бірді алса, не қалады? Ол (ойланыңқырап)

  • Екі нөл қалады, апай!

Химия сабағында:

- Балалар реакцияға түсе алатын екі ертінді араластырыңыздар да, қандай түсті сұйық шыққанын айтыңдар

Сәуле!-Жасыл-Бес! Отыр

Арман!-Көкшіл-Төрт! Отыр

Берік!-Қоңыр-Екі! Жатыңдар!

Информатика сабағында:

Мұғалім:

-Егер экрандағы әріптер бірте-бірте кішірейіп бара жатса, ол неліктен олай болғаны

Берік

  • Онда мониторды біреулер көтеріп ұрлап алып бара жатқаны

Информатика мұғалімі:

  • Берік, жүгірмек деп отырғаным сен емес, сенің компьютерінің тышқаны ғой.

Оқушы мешітке келіп молдаға былай дейді:

  • Сабақтан екі алмас үшін алла тағалаға қалай жалбарыну керек?

Молда:

- Ал сен сабаққа дайындалып көрсең қайтеді...

Сұрақ:

  • Студентке үйленуге бола ма?

Жауап:

-Жоқ! Егер жарына көп көңіл бөле бастаса, сабағы нашарлайды. Ал сабағына қатты қараса, сүйіктісі басқаларға қарауы мүмкін. Егерде сабаққа да жарына да қатты көңіл бөлетін болса, екі кеменің басын ұстаған суға кетеді...

Профессорға емтихан тапсыруға көрікті қыз келіп, былай дейді:

  • Профессор! Емтихан тапсыру үшін мен бәріне де дайынмын

  • Бәріне де ме?

  • Иә, бәріне де!

  • Онда бар да дайындалып кел

Білім - нұрлы жарық, ал білімсіздік - жарық түспей, сабаққа жүгіру.

Программист пианистің жана роялын көруге келіпті . Роялды ұзақ айналып жүріп:

Пернелер тақтасы колайсыз. Не бәрі 84 перне оның жартысы функционалды бірде-біреуі жазылмаған, бірақ ... Shift – ті аяқпен басатыны жақсы екен депті.

Мұғалім оқушыға:

Сенің компьютер сатып алғаныңда жұмысым жоқ. Сен маған шығарма орнына неге ю әрпін қоятыныңды түсіндірші?

Әдебиет сабағы. Мұғалім:

  • Қазіргі кезде ол тіл қолданыста жоқ, бірақ басқа тілдердің негізін құрайды. Осыған кім мысал келтіре алады

Оқушы: НТМЛ

Компьютермен жұмыс жасағанда, ең бастысы оған асыққаныңызды білдіртпеу керек...

Жұмыстан уақытынан бұрын шектеулі және жауапсыз адамдар ғана кетеді. Ал, интернетте қаншама қызықты нәрселер бар!

Бақсы мен программистің жұмыстары бір-біріне өте ұқсас. Екеуі түсініксіз сөздер айтып, түсініксіз қимылдар жасайды. Және екеуіде істеген жұмыстарын түсіндіре алмайды.

Өлгеннен кейін Бил Гейтстің жаны корзинаға түседі.

Мен компьютерден қорықпаймын . Олардын жетіспеушілігінен қорқамын.

-Үш программист бірігіп, қандай бизнес жасай алады?

-Біреуі вирустар жазады , екіншісі антивирустар.

- Ал үшіншісі ?

-Осының бәрі жұмыс жасайтын, операциялық жүйе жасайды!!!
Бір жігіт психиатрға келіп :

-Доктор, менің дискілерім бөлмеде ұшып жүреді ,СД-ге компакт-дискілер өздері кіреді және Windows – ты автоматты түрде өзі жазып шығады.

-Сіздің үйге Полтер Гейтс кірген,-депті доктор.

Компьютер құрылғыларын сататын дүкенге қартаңдау келген бір әйел келіп былай депті:

-Мен сіздерден тышқандарға арналған кілемше сатып алып едім. Тышқандар оның үстінен ары-бері жүгіріп өтіп жүр, бірақ өлмейді! Мүмкін кілемшені сулап қою керек шығар. Солай ма?!

Телефоннан дауыс:

-Сіздерде тышқан барма?

-Жоқ..

-Қашан болады?

-Білмеймін.

Бұл компьютер дүкені ме?

-Жоқ , пәтер...
Көз бұлшық еттеріне және денеге арналған жаттығулар
1 кешендік жаттығулар
1-жаттығу. Орындықта отыру. Көзді жұмып, беттің бұлшық еттерін босату орындықтың арқасына шалқайып өзіңді бос еркін ұстап қолдарыңды алдыңа салу-10-15 секунд.
2-жаттығу. Көзі жұму. Мұрыннан самайға дейін қас сүйектерін және көздің төменгі жағын саусақпен дөңгелете қозғалыстар жасай отырып уқалай-20-30 сек. Көзді жұмып, өзіңді бос ұстап отыру-10-15 сек.
3-жаттығу. Қолды бүгіп көкірек алдында ұстау. Саусақтарды айқастырып қолдарды бір-бірімен біріктіру. Білекті қозғап, қолдарды ажыратпай, саусақтардың сырт жағын көкірекке тигізу. Білекті қозғап, саусақтардың ішкі жағын көкірекке тигізу. 4-6 рет қайталау. Қолды төмен түсіріп буындарды босатып саусақтарды еркін түрде айналдыру
4-жаттығу. Қолдарды шынтақпен бүгіп алақандарды ашып жоғары қарату. Саусақ буындарын кезекпен сұқ саусақтан бастап сыртылдату. Осыны кері бағытта да орындау 2-3 рет қайталау Қолды төмен түсіріп буындарды еркін түрде сілкіп айналдыру.
5-жаттығу. Басты бос ұстап төмен қарай түсіру және тік ұстап аздап артқа жіберу 4-6 рет қайталау. Асықпай жай орындау
6-жаттығу. Алдыңа алыс жаққа қарау -2-3 сек Көзді мұрын ұшына 3-5 сек бұру 6-8 рет қайталау

2- кешендік жаттығулар
1-жаттығу. Басты бір жаққа сонан соң екінші жаққа жайлап бұру керек 3-4 рет қайталау


2-жаттығу. Бастың артқы жағы мен мойынды –сипалау, саусақтармен дөңгеленген қозғалыстар жасау саусақты батырып уқалау. Барлығын да саусақтардың ішкі төмен қарай орындау қажет
3-жаттығу. 3-5 секундқа көзді қатты жұму сонан соң 3-5 секундқа ашу 6-8 рет қайталау
4-жаттығу. Қолды бүйірге қою. Шынтақтарды барынша алға жылжыту. Шынтақтарды артқа тартып еңкею 2-3 рет қайталау
5-жаттығу. Қолды бүйірге Оң қолды басқа қойып бұлшық еттерді қатайтып денені оңға қарай бұру Бұлшық еттерді босаңсытып бастапқы қалыпқа оралу осы қимылды екінші жаққа қарай орындау 2-3 рет қайталау
6-жаттығу. Қолды көзден 40-50 см қашықтыққа жоғары-төмен түсіріп қолдан көз алмау Қолды алмастыра отырып осыны 10-12 рет қайталау
МАЗМҰНЫ
1. Білімді информатик

2. Компьютерді озат меңгерген сынып

3.Үздік информатик (І)

4. ХХІ ғасыр көшбасшысы (І)

5. Білімдіге дүние жарық

6. Білім биржасы

7. Білімді достар

8. Не? Қайда? Қашан?

9. Озық ойлы оқушы

10. Керемет жетеу

11. Интернеттің пайдасы мен зияны

12. Инфо-бинг ойыны

13. Білгір топ

14. Жұлдызды сәт

15. ХХІ ғасыр көшбасшысы (ІІ)

16. Информатикалық эрудит

17. Сынып көшбасшысы

18. Атамжұрт

19. Қызықты информатика

20. Үздік информатик (ІІ)

21. Электроника әлемінде

22. 2030 жылға сапар

23. Пайдалы кеңестер

24. Білімпаздар

25. Миллион кімге бұйырады?

26. Жарыс сабақ

27. Алтын сандықты іздеу

28. ХХІ ғасыр көшбасшысы (ІІІ)

29. Көңілді, тапқыр балалар

30. Көңілді информатика

31. Информатика: кеше, бүгін, ертең

31. Зерделі ойын.

32. Не? Қайда? Қашан? (ІІ)

33. Көңілді информатика

34. Информатика әлеміне шабуыл

35. Информатика әлеміне саяхат

36. Информатика білгірлері

37. Кім білімді? Кім жылдам?Кім күшті?

38. Ғажайып жетілік

39. Не? Қайда? Қашан? (ІІІ)

40. Сайыс сабақ

41. Біз информатика әлеміндеміз

42. Әзіл – қалжыңдар

43. Жаттығулар

Скачано с www.znanio.ru



1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


написать администратору сайта