Главная страница

Информатика пәнінен әдіс-тәсілдер. информатикадан сыныптан тыс шаралар. Информатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы білімді информатик жргізуші Саламатсыздар ма, рметті стаздар, ділазылар, оушылар! Сіздермен бірлесе отырып Білімді информатик


Скачать 0.95 Mb.
НазваниеИнформатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы білімді информатик жргізуші Саламатсыздар ма, рметті стаздар, ділазылар, оушылар! Сіздермен бірлесе отырып Білімді информатик
АнкорИнформатика пәнінен әдіс-тәсілдер
Дата09.02.2023
Размер0.95 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаинформатикадан сыныптан тыс шаралар.doc
ТипДокументы
#927587
страница15 из 16
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

IV-кезең. Кім күшті

Әр топтың нөмерленген шарлардың санына сәйкес сұраққа жауап беру керек.

І-топтың сұрақтары

№1. 2 байтта қанша бит бар?

№2. Адам ақпаратты қалай сақтайды?

№3. Ақпараттың түрлерін ата.

№4. 1мегебайтта қанша килобайт бар?

№5. Информатика нені зерттейді?

№6. Информатика ғылымы қай ғасырда пайда болды?

II - топтың сұрақтары

№1. Принтердің түрлерін ата.

№2. Пернетақта не үшін қажет?

№3. Монитор дегеніміз не?

№4. Enter пернесі не үшін қажет?

№5.CapsLock пернесі не үшін қажет?

№6.Принтер не үшін керек?

V-кезең. Өз өнерін көрсету.

Топ басшыларына ситуациялық сұрақтар қойылады.

VI-кезең. Жанкүйерлерге сұрақ.

Сайыс қорытындысы. Белсенділік танытқан оқушылар мен жеңімпаз топ арнайы сыйлықтармен марапатталады.

«ҒАЖАЙЫП ЖЕТІЛІК»

танымдық білім сайысы.
Мақсаты:

  • 7, 8, 9 кластарда өтілген материалдарды қайталау, жалпылау;

  • оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру;

  • оқушылардың негізгі, басты ойын қисынды жеткізе білуін, есте сақтауын дамыту, танымын кеңейту;

  • топта жұмыс істей білуге, қарсыласын сыйлай білуге, тапқырлыққа, ыждаһаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: тапсырмалар жазылған карточкалар, дербес компьютер.

Өту барысы:

  1. Командалардың өздерін таныстыруы (9а класы «СЕЛЕРОН», 9б класы «ПЕНТИУМ» командалары)

  2. Үй тапсырмаларын тексеру (алдын-ала әр класқа газет және информатикалық музыкалық қойылым әзірлеу тапсырылады)

  3. «Суретшілер жарысы» (әр кластан бір-бір оқушы ортақ тақырыпқа графиктік редакторде сурет сала бастайды. Тақырыбы: «Туған жер-алтын бесігім»)

  4. «ЭЕМ тарихынан...»

(Екі командаға саусақтар, есепшот, арифмометр, компьютер суреттері салынған карточкалар таратылып, есептеу тарихына байланысты олардың қолданылуын реттеп қою тапсырылады. Дұрыс реттелген командаларда карточкалардың екінші жағынан 1946 және 1951 жылдар көрінуі керек.

Сол жылдардың ЭЕМ тарихындағы маңызын атау керек.

Жауап: 1946 жыл – АҚШ-тың Пенсильван университетінде (конструкторлар Дж.Моучли, Дж.Эккерт) алғашқы ENIAC есептеуіш машинасы жасалды. 1951 жылы – КСРО-да (конструктор С.А.Лебедев) МЭСМ жасалды.


  1. «Санау жүйесін қайталайық!»

Төмендегі екілік санау жүйесінде берілген көбейтудің тура екендігін ондық санау жүйесінде дәлелдеп бер:

1011012*1012 = 111000012 Жауап: 45*5=225

10112*1012 = 1101112 Жауап: 11*5=55

  1. «Теңіздегі шабуыл»




Сұрақтар

Жауаптар

А2

Ақпаратты ұзақ сақтауға арналған құрылғы

Дискета

А5

Ақпарат енгізуге арналған негізгі құрылғы

Пернетақта

Б5

Бас әріппен жазу батырмасы

Caps Lock

Г5

Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал

Компьютер

Д5

ЭЕМ-нің ең аз минимальды конфигурациясы

Жүйелік блок, пернетақта, монитор

Д4

Ақпаратты қағазға шығаратын басты құрылғы

Принтер

Д2

Бүтін тип

Integer

Г2

ДК қайта жүктеу пернелер комбинациясы

Ctrl+alt+del

В2

Дискета қандай жадыға жатады?

Сыртқы жады

В3

Программаның негізгі бөлігі қалай аталады?

Операторлық бөлік


1 2 3 4 5

А

Б

В

Г

Д




*







*













*




*

*










*







*




*




*

*


Екі топқа 5х5 өлшемді торкөздер таратылады. Жүргізушідегі торкөздерде жоғарыдағы сұрақтармен 1 бірлік, 1 екілік, 1 үштік, 1 төрттік торкөзді кемелер жасырылады. Екі команда кезекпен адрестерін айту арқылы кемелерді іздейді. Қай команда кемеге дәл түссе сұраққа жауап береді. Кемеге дәл түсе алмаса немесе сұраққа жауап бере алмаса, онда кезек келесі топқа өтеді. Сұраққа жауап берсе ары қарай сол топ ойынды жалғайды. Екі топта сұраққа жауап бере алмаса, онда ол сұраққа ойын соңында бірақ оралады.
«Қисынды ойлай білейік!»
Екі командаға логикалық есеп беріледі.

  1. Сүт құйылған үлкен ыдыстан 8 литрлік және 5 литрлік ыдыстармен 7 литр сүт өлшеп беру керек.

  2. Сүт құйылған үлкен ыдыстан 9 литрлік және 4 литрлік ыдыстармен 7 литр сүт өлшеп беру керек.

  1. «Кім жылдам?»



R

E

A

D

R

O

F

I

F

B

N

E

H

T

E

L

E

E

S

L

E

T

A

G

R

W

E

C

I

E

I

E

H

N

H

R

R

N

P

I

D

A

W

T

A

E

L

E

R


Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және көп операторлар атауларын табар екен? Жауап: бұлжерде 12 операторжасырылған(BEGIN, ELSE, END, FOR, IF, READ, REPEAT, THEN, WHILE, WRITE, CHAR, REAL)

Жарыс соңында әділқазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылайды.
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ШОУ «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?
Қайырлы күн құрметті оқушылар! «Не? Қайда? Қашан? атты интеллектуалды шоуға қош келдіңіздер! Ең алдымен сайыстың шартымен танысайық. Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Әр сайыс кезеңдері балмен есептелініп, уақыт беріледі.

Таныстыру кезеңі. 1. Сайысты бастайтын топты анықтау үшін ортаға 3 топ басшысын шақырамыз. Әр топқа өздерін таныстыруға 1 минут уақыт беріледі.

«Қиын сұрақтар» кезеңі. Бұл кезеңде топтар экрандағы ұяшықтардың біреуін таңдайды. Сол таңдалған ұяшықтың санымен ұпай анықталады.

20 ұяшық. Анасы 50 жаста, ал қызы 28 жаста. Бұдан неше жыл бұрын қызы анасынан екі есе жас еді? (6 жыл)

35 ұяшық. «Көбейтілуге» және басқа бағдарламаларға «жұғуға» қабілетті шағын компьютерлік бағдарлама қалай аталады? (вирус)

45 ұяшық. Сыйлық берілген топқа балл берілмейді.

25 ұяшық. 1694 жылы Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып құрастырылған машинаның атауы (Арифмометр)

40 ұяшық. Бейне сұрақ. (Бұл ұяшықтағы сұраққа дұрыс жауап берілмесе, онда ұпай саны сұрақтың авторына беріледі)

Қазақ халқы үйге жабылатын киіздің түсі ақ болғанын ұнатады. Кейде сәндірек болсын деп ақ қозының жүнін өңдейді. Кейбір жерлерде үйдің сыртынан «ақ сәлдебоз» қаптайды. Ал сәнді киіз үйлердің киізін ақ жүннен басып, үстінен әкпен, бормен, күйген сүйектің ағымен ағартып бояған.

Сұрақ: Басылған кесектерден тұратын киіз үйдің жамылғылары қалай аталады?

Жауап: туырлық, үзік, түндік.

30 ұяшық. Insert пернесінің атқаратын қызметі (Екі режимде қызмет атқарады. Енгізу және алмастыру)

Сұраққа дұрыс жауап берілсе ғана топқа ұпай беріледі.

«Қара жәшік» кезеңі. Сайыскерлер сіздерге сұрақ оқылады. Дұрыс табылған жауапқа 50 ұпай беріледі. Ойлануға 1 минут уақыт.

Сұрақ. Ресей ғалымдары Чебышев пен Однер ойлап тапқан құрылғы. (калькулятор)

Сұрақ. Бұл құралдың жасы 200 – 5000 жылдар шамасы. Бұл құралды гректер мен батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан» деп, ал жапондықтар «серобян» деп атаған.

Сұрақ: Алғашқы салмағы 790 гр болған. Оларды ойлап табу үшін 15 жыл, 100 миллион доллар ақша кеткен. Алғашқы легі 1984 жылы шыққан. Оның құны 4 мың доллар болыпты. Үлкен атақты компания ойлап тауып шығарды.

Бейне сұрақтар кезеңі. Қазақстанның жеті кереметі. Экраннан қойылатын сұраққа жауап бересіздер, дұрыс жауабы ұяшықта көрсетілген ұпаймен бағаланады. Дұрыс жауап берілмесе ұпай қойған авторға беріледі.

ТЫҢДАҢЫЗДАР ЭКРАНҒА ҚАРАҢЫЗДАР!

1. «Астана – Бәйтерек» құрылысының түпкі нұсқасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың эскиз нобайы негізінде дүниеге келді.

Сұрақ: Бәйтеректің биіктігі неше метр және қай жылдың соңғы екі цифрына сәйкес келеді?

Жауап: 97 метр. Елдің ордасы Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы цифрына, яғни 1997 жылға сәйкес келеді.

2. Көптеген аңыздарда күйші мен оның домбырасы негізгі кейіпкердің ішінде. (ХІІІ ғ.) Жошы ханның ұлы аңшылықта жүргенде жаралы құланнан қаза болады. Жамандықты сезген әкесі ұлы жайлы жаман хабар әкелген адамның көмейіне қорғасын құямын деп жар салады. Сол кезде Кетбұға күйші келіп, күй ойнайды.

Сұрақ: Сол күй қалай аталады?

Жауап: Ақсақ құлан.

3. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Қазандық – кесенесінің ортасында орналасқан, төрт бұрышты бөлме. Бұл бөлмеде үлкен діни мерекелер намаз оқылған.

Сұрақ: Залдың аты жеті түрлі қымбат металл қоспасынан құйылған тайқазанға байланысты аталған, ол қандай металлдардан тұрады?

Жауап: Алтын, күміс, мыс, мырыш, қалайы, қорғасын, темір.

4. Сұрақ: Киіз үйдің сүйегін жасайтын арнайы шеберлерді «кім» деп атаған?

Жауап: Үйші.

5. Сұрақ: Антропологтардың анықтауынша, Есік обасына жерленген «Алтын адам» жасы нешеде болған?

Жауап: 17 – 18 жаста

5 – кезең «Блицта» топ басшыларының білімділігі анықталады. Берілетін тапсырма сұрақтарға 1 минутта жауап беру.

6 – кезең. «Бұл кім...?» номинациясы деп аталады. Бұл кезеңде ұпай берілмейді. Ұяшықтағы берілген сұрақтарға жауап берген топқа сол ғалымның атымен номинация беріледі.

1. Бұл кісі 1902 жылдың 2 қарашасында Нижний Новгородта мұғалімдер жанұясында дүниеге келген. 1928 жылы инженер – электрик мамандығын алып Бауман атындағы университетте сабақ берген. 1939 жылы докторлық диссертация қорғаған. 1947 жылы электротехника институтының директоры болып тағайындалады. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947 – 1948 жылдар осы академиктің басшылығымен жасалады

. Бұл қай ғалым? (Сергей Алексеевич Лебедев)

2. Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан басталады. 1833 жылы бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын «Аналитикалық машина» жобасын жасады. Сондықтан да оны қазіргі компьютердің «атасы» деп атайды.

Ол кім? (Чарлз Бэббидж)

3. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машиналысна бағдарлама жазған бұл ғалым - әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйелге атақты Байронның қызы.

Бұл кім? (Ада Лавлейс)

4.. Атақты «Microsoft» компаниясының негізін қалаған адам? Бұл (Бил Гейтс)

Сайыс соңында жеңген топ аталған ғылым номинациясы бойынша марапатталады.
САЙЫС САБАҚ
Сабақты бастамас бұрын оқушыларды екі топқа бөліп, оларға ойын – жарыс түрінде тапсырмалар беремін. Тапсырманы орындаған оқушыларға деңгейіне қарай жетондар беріледі. Мысалы, 1 – ші топ оқушыларына мынадай сұрақтар беріледі.

1. Адам өмірінде ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға байланысты болатын әрекеттерге мысалдар келтіріңдер.

2. Адам ақпаратты қандай түрде қабылдайды?

3. Байланыс тілі деп нені айтады?

4. Қандай программалау тілдер білесіз?

5. Кодтау және кері кодтау деген не?

6. Аналогтік және дискретті сигналдардың айырмашылығы.

Ал 2 – ші топ оқушыларына алдын – ала компьютерде жазылып қойған тесті орындайды.

Көкпар ойыны. Қай топтың оқушылары есепті тез шығарып, жетон көп алса, сол топ оқушылары нақты алады. Есеп деңгейіне қарай беріледі.

1 – ші топ. 320 беттік кітаптың бір бетінде 42 жол, әр жолда 75 символ бар. Сыйымдылғы, 1,44 Мбайт дискеткен оны орналастыруға бола ма?

Шешуі: Бір беттің ақпараттық көлемі

42*753150 символ3150 байт.

Кітаптың ақпараттық көлемі

3150*32010080000байт10080000*1024984,375 Кбайт

984,375:10240,961Мбайт, 0,9611,44

Жауабы: кітапты бір дискетке сыйғызуға болады.

2 – ші топ. Мәтінді оқу жылдамдығын анықта. Егер минутына 1200 символ оқытылатын болса, сондағы сөйлеу жылдамдығын анықта.

Шешуі: Минутына 1200 символ.

Секундына 1200:6020 символ

20 байт, 20*8160 бит, 20:10240,0195 Кбайт

Жауабы: Секундына 20 байт, 160 бит, 0,0195

Арқан тарту ойыны.

Ойын шарты: Әрбір топтың оқушылары кезек тәртібімен топтамаға жазылған текстік тапсырмаларды орындайды. Өнер – білімге байланысты мақал-мәтелдердің ақпараттық көлемін анықтайды.

Қайсы топтың оқуылары көп жауап беріп жетондар алса, сол топ арқан тартудан жеңіске жетеді.

Сабақты қорытындылау. Қай топтың оқушылары жетонды көп жинайды көп көп жинайды, сол топ оқушылар жеңіске жетеді.

Үйге тапсырма. Сөз жұмбақ құрастыру, кез келген сөйлемнің ақапараттық көлемін анықтау.
БІЗ ИНФОРМАТИКА ӘЛЕМІНДЕМІЗ
Мақсаты:

а) Оқушылардың білімі мен жан-жақты ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын сынау

б) Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру

Оқушыларға қойылатын талап : Компьютердің құрылысын түсіндіре білуі , бейнетаспамен, интернетпен жұмыс істей алуы тиіс.

Көрнекілігі: Компьютер , интерактивті тақта, бейнетаспа, картриж
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


написать администратору сайта