Информатика пәнінен әдіс-тәсілдер. информатикадан сыныптан тыс шаралар. Информатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы білімді информатик жргізуші Саламатсыздар ма, рметті стаздар, ділазылар, оушылар! Сіздермен бірлесе отырып Білімді информатик
Скачать 0.95 Mb.
|
3-бөлім: «Жұлдыздар әңгімесі» Тақырыбы: «Қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-нің рөлі». (берілген уақыты 2-3 минут) Көрініс «Оқушы мен программист» Оқушы программалаушыдан Windows 98, Windows XP, DOS операциялық жүйелерінің айырмасын түсіндіруді сұрады. Программалаушы оған: Аэропортқа келдің дейік. Ұшуға дайындалып, әдемі ұшақ тұр, ішіне кірсең, кілем, күшті орындықтар, шамдары жарқырып тұр. Жолаушылар отырған соң, ұшақ аэропортты бір айналады да, қайта қонып жолаушылардың одан шығуын сұрайды. Бұл - Windows XP - Келесі орында тағы бір ұшақ тұр, оған жолаушылар отырған соң, ол аэропортты бір айналады да, жарылып жерге құлайды. - Бұл - Windows 98 - Ал үшінші ұшақтың түрі нашар, сырты кір, дөңгелектері де қисайған секілді. Жолаушылар жүктерін ұшаққа тиеп, өздері оны итеріп от алдырып, ішіне секіріп мінген соң, ақырын ұшып барар жеріне жеткізеді. - Бұл- DOS, деп түсіндірді. Қорытынды. Оқушыларды марапаттау. «ҮЗДІК ИНФОРМАТИК» ойыны 1-жүргізуші Тойлап маржандай боп өлендесіп, Достарым отырсынба елеңдесіп. Ата-салт, баба дәстүр жолымен, Алайық біз әуелі сәлемдесіп. 2-жүргізуші Ұстаздар аман ба екен құрбы-құрдас, Сыныптас бірге оқып болған сырлас. Жақсы ма денсаулығың хал жағдайын, От басында аман ба мал менен бас. 1-жүргізуші Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділқазылар мен оқушылар сіздермен бірлесе отырып, бүгін біз «Үздік информатик» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. 2-жүргізуші Бүгін біз әр уақытта білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырамыз-деп оқушыларды ортаға шақырады. 1-жүргізуші Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық. Әділ халқым берерсің әділ баға Өнері мен өренін салыстырып 2-жүргізуші Төрағасы, төбе билер, жюрилер Әділетпен кеңес құра біліңдер-дей отырып сайысымыздың 1-ші кезеңі «Білімділер» сайысын бастаймыз. Бұл кезеңде жарыс сұрақтары қойылып, жоғарғы бал алған оқушылар 2-кезеңге қабылданады. 1-кезең. «Білімділер» сайысы 1. Алғашқы есептеу құрылғысы /саусақтар/ 2. Пернетақта дегеніміз не? /Компьютердің еңгізу құрылғысы/ 3. Бит деп нені айтады? /Екілік санның әрбір разрядын бит деп атайды/ 4. Компьютердің атасы деп кімді айтамыз? /Ч.Бэббдж/ 5.Баспаға шығару құрылғысын не деп атайды? /принтер/ 6. Ақпараттың неше түрі бар? /мәтіндік, графикалық, символдық/ 7. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата /процессор, монитор, пернетақта, тышқан/ 8. Бір символдың орнын көрсетіп тұратын тік төртбұрышты бейне /курсор/ 9. Файл дегеніміз не? /Программалық деректер және олардың бөліктері/ 10. Информатика қандай ғылым? /информатика процестерді үйрететін ғылым/ 11. Компьютердің жанындағы өсімдік /кактус/ 12. Операциялық жүйе дегеніміз не? /Басқарушы ж/е қолданбалы программа/ 13. Дыбыс шығару құрылғысы /фонограф/ 14. ДК неше бөліктен тұрады? /7 бөліктен/ 15. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы /модем/ 1-жүргізуші: Жан достарым Мұны жақсы ұғайық Информатика Құрметтеуге лайық 2-жүргізуші Тартысайық сайыста, Күш жігермен Тартысайық қимас біз, Дос көңілмен 1-жүргізуші: Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз 30-ұпай шәкірт саған несібе-дей отырып ойынымыздың 2-ші кезеңін бастаймыз. Ойынымыздың 2-ші кезеңі «Қанша тілді білесің?» Бұл кезеңде сұрақтар жасырылып, соның жауабын қазақша, орысша, ағылшынша айтылады. Жауапты дұрыс орындаған ойыншыға-30ұпай, қазақша орысшасын айтқан оқушыға - 20ұпай, тек қана қазақшасын айтса онда-10ұпай беріледі. 2-кезең «Қанша тілді білесің?» 1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? /ақпарат, информация, information/ 2. Терезені жабу батырмасының аты. /жабу, закрыть, exit/ 3. Windows- дегеніміз не?- /Ож, операционная система, operation system/ 4. Компьютерде берілетін командаларда жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы- /тышқан, мышь,mouse/ 5. Дүниежүзілік компьютерлік желі- /интернет,internet/ 6. Үйдің негізгі бөлшегі немесе объектісі терезелер мен белгілер болып табылады ОЖ. /терезе, окно, Windows/ 7. Құжатты сақтау батырмасының аты- /Сақтау, сохранить как, Save as/ 8. Сурет салу қаламы- /қарындаш, карандаш, pencil/ 9. Қажет емес символды алып тастау пернесі- /алып тастау, удалить,delete/ 10. Жолдар мен бағандарда реттеліп берілетін ақпарат- /кесте, таблица,chart/ 1-жүргізуші: шарты бойынша ұпай саны аз оқушы ойыннан шығады. 2-жүргізуші: Ең қиынын жарыстың Жеңіп алда жарыссын 3-кезең «Тапқырлар» сайысы 1. Математикадан сұрақ. 12+48х389 есебін компьютерде қалай шығарамыз? /Іске қосу-Программалар-Стандартты-Калькулятор/ 2. Информатикадан сұрақ Компьютердің тілі деп нені атайды? /монитор/ 3. Қызықты сұрақ. 3 әке және 6бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6 алмадан тиді. /1атасы, 2әкесі, 4 немере/ 4. Тарихтан сұрақ. Ең алғаш ЭЕМ қай жылы, қай жерде жасалған? /1946жылы АҚШ-та/ 5. Информатикадан сұрақ. Принтер түрлері /Лазерлі, құйылмалы, матрицалық/ 6. Суреттер салут үшін қандай программа қолданамыз? /Графикалық редактор-Paint/ 1—жүргізуші Тез жауап бер ойланып тұрып қалма Мәреге таяп қалды бұл жарыста 2- жүргізуші Келесі кезеңіміз «Кім жылдам» 4-кезең «Кім жылдам». Тақтада тапсырма орындайды Мысалы Бірінші оқушы Б әріпінен басталатын информатикалық терминдерді жазса, екінші оқушы Д әріпінен басталатын сөздерді жазып шығады. Бит Дискжетек Байт Декодтау Бағыттауыш Датаграмма Бет-нұсқа Драйвер Оқушылар белгілі бір қашықтықтан табан астындағы қағазды жылжыта отырып жетуі керек. Қайсысы бұрын жетіп, тапсырманы дұрыс және тез орындаса сол жеңімпаз яғни «Үздік информатик» аталады. Жүргізуші Сонымен бүгін біз информатика пәнгі бойынша «Үздік информатик» ойынын өткізіп, ең жақсы ойын көрсеткен оқушыларға және де ойынды жақсы бағалап отырған әділқазылар ал\қасына да рахметімізді айтамыз. жүргізуші: Өмір деген өнермен қатар жүрген Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ-дей отырып кезекті әнге береміз. «ЭЛЕКТРОНИКА ӘЛЕМІНДЕ» атты танымдык кеш «Электроника әлемінде» атты танымдық кеште жаңа заманға сай электрондық технологиялар туралы мағұлмат береміз. Ең алдымен, «Электроника әлемінің» шығу тарихына тоқталайық.. «Электроника әлемінің» шығу тарихы. 1993 ж Американың инвестиялық «WEST ASIA-FINANCIAL» кампаниясының қатысуы негізінде кұралған «Электроника әлемі» компаниясы бүгінгі таңда Қазақстандық саудада жетекші деп танылып отыр. «Электроника әлемі» жан-жақты, мобильді фирма. Басқа кәсіптік компаниялардын ешқайсысы өзінің құрамында «Электроника әлемі» сияқты басым бағыттарға ие болған емес. Өзінің жан – жақтылығы мен мобильдігінің арқасында «Электроника әлемі» фирмасы электроника саудасындағы кез келген өзгерістерді шұғыл қабылдап, сауданы жоғары деңгейде жүргізіп отырады «Электроника әлеміндегі» жаңа технологиялардың түрлері мен олардың шығу тарихы 1993 жылы Американың инвестиялық WEST ASIA-FINANCIAL компаниясының қатысуы негізінде құрылған «Электроника әлемі» компаниясы бүгінгі таңда Қаазақстандық саудада жетекші деп танылып отыр. «Электроника элемі» жан-жақты, мобильді фирма. Басқа кәсіптік компаниялардың ешқайсысы өзінің құрамында «Электроника әлемі» сияқты басым бағыттарға ие болған емес. Өзінің жан-жактылығы мен мобильдігінің арқасында «Электронимка әлемі» фирмасы электроника саудасындағы кез келген өзгерістерді шұғыл қабылдап, сауданы жоғары деңгейде жүргізіп отырады. Мультимедианың шығу тарихы Мультимедиа-бұл компьютерде дыбысты, ақпаратты тұрақты және қозғалыстағы бейнені біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Мультимедиа өзі көптеген мәлімет тасымалдаушылар жиынын білдіреді. Мультимедиалық зат құрамына музыкалық және ауызекі жетелеу, бейнеклиптер, анимация, графикалық және слайдтар, мәтіндер базасы кіретін интерактивті компьютерлік жиынтық кіреді. Өзіндік бағыттағы «компьютерлік жүйе» ретінде Америкада 1990жылдың басында пайда болды. Сол кезде алғашқы программалық жабдықтамалар компакт дискілер арқылы шыға бастады. 1990жылы СД-де барлығы 10 мультимедиалық бағдарламалар шығарылды, ал бүгін олардың саны одан мыңдаған есе артық болып отыр. Мультимедиалық компьютердің құрамы: 386-дан жоғары процессорлы жүйелік блок, 512 және одан жоғары килобайт болатын бейне карталы Super VGA монитор, қатты диск, дыбыстық карта, CD-ROM дискжетегі, акустикалық жүйе кіреді. Есептеуіш техниканың шығу тарихы 1617 жылы ағылшын ғалымы Д. Робертсон логарифм сызғышын жасады. Бұл идеяны1660 жылы И. Ньютон ұсынған, 1644 жылы француз математигі Блез Паскаль 19 жасында бірінші рет қосу машинасын құрастырды. Сондықтан оны Паскаль машинасы деп атады. 1674 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, арифмометр құрастырды. Орыс өнертапқыштары П. Чебышев пен В. Однер қазіргі қолда жүрген калькулятордың негізін салды. 1834 жылы ағылшын оқымыстысы Чарлз Бэббидж «Аналитикалық машинаның» жобасын жасады. XIX ғасыр соңында американдық Герман Холлерит есепші-перфорациялық машинаны құрастырды. 1944 жылы американ математигі Горвард Айкен Гарвард университетінде бағдарламамен басқарылатын Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын құрастырды. Ол 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван уиверситетінде жасалды, оны ENIAC деп атады. Оны құрастырушылар Джон Моучли мен Преспар Эккрет. Бұрынғы Кеңестер Одағында алғаш рет 1947-1948 жж. академик С. А. Лебедевтің басшылығымен МЭСМ машинасы жасалды. 1980 жылдан бастап АҚШ-тың IBM фирмасы дербес компьютерлер шығара бастады. Интернеттің шығу тарихы Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Елідегі компьютерлерде мәтін сурет, аудио, бейнематериалдар, т.с.с өте үлкен ақпарат көлемі сақталады. Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлеріне – Бүкіләлемдік өрмек, электрондық пошта, желілік чат және дискуссиялық топтар жатады. Желіге қойылатын ең негізгі талап- байланыс арналары елеулі өзгерістерге ұшырағанмен, кез келген жағдайда ақпарат бір орыннан екінші орынға сенімді түрде жеткізу қажеттілігі болып саналады. Жаңа технологиялар өте жемісті нәтиже беріп, бұл бастама 1969 жылы АҚШ-тың бірсыпыра әскери, ғылыми және білім орталықтарын біріктірген ARPANET желісінің ұйымдастырылуына себепшіболды. Көп ұзамай INTERNET желісі желлілерді біріктіру термині пайда болды . Интернеттің дамуы мен таралуы оның құрамының негізгі үш бөлігі болып табылатын төмендегі үш бағытта жүргізіліп келеді: - технологиялық компонент; - программалық компонент; - ақпараттық компонент; Осы құрылымға сәйкес аппаратық, программалық және ақпаратық қорларда біртіндеп дамып келеді, олар құрастырылуына байланысты әр түрлі меншікте бола береді. Жаңа технологиялық құрал DVD – дің шығу тарихы DVD – бұл СD сияқты оптикалық диск. ХХ ғасырдың аяғында ақпаратты 17 гигабайттық тасымалдау мен цифрлы бейнелеуге көшуді алмастыратын жаңа құралды шығару басталды. Бірнеше жылға созылған талқылаудан кейін 1995 жылдың 15 қыркүйегінде жаңа дискіні жасау туралы келісім жасалды. 1995 жылы 8 желтоқсанында CD – Rom мен онымен байланысты құралдарды шығарушы ірі компаниялар DVD форумын құрып, ақырғы келісімге қол қойды. Олар жаңа DVD, яғни Digital Video Disk ұғымын бекітті. 1996 жылы DVD плейерлер Токиода сатылды. 2000 жылы алғашқы DVD аудио дискілер шығарылып, өндіріле бастады. 2001 жылы алғашқы DVD бейнемагнитофондар шығарылды. ХХI ғасырға дейін CD компакт дискісінің сыйымдылығы 650 МВ-қа теңесті. Соңғы уақытта мұндай сыйымдылықтағы дискілер жайлап қатардан шыға бастады, Ал қазіргі уақытта – CD –ді шығарушылар сыйымдылығы 100 Мега байт болатын дискілерді өндіре бастады. Ұялы телефондар тарихы Әлемде тұңғыш рет ұялы телефонды Моторола компаниясы ойлап тауып, шығарды. Алғашқы телефондар салмағы 790 гр болған. Оларды ойлап табу үшін 15 жыл 100 миллион доллар ақша кеткен екен. Ұялы телефондардың алғашқы легі 1984 жылы шыққан. Оның құны 4 мың доллар көлемінде болыпты. «2030 ЖЫЛҒА САПАР» ойыны Оқушылардың пәнге деген қызуғышылықтарын арттыру үшін сабақты ойын тұрғысында жүргізу арқылы программалуда пайдаланатын тармақталу командасы және олардың түрлерімен пысықтау жұмысын жүргіздім. Сабақтың мақсаты: Паскаль тіліндегі басқару операторларына амалдар қолдану дағдыларын қалыптастыру. Шартты көшуде қолданылатын амалдарды қайталау. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту. Сабақтың түрі: ойын сабақ Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру жұмысы 2030 жылға сапар ойыны. Болашаққа қол жеткізу мақсатында 2030 жылға сапар ойынын ойнаймыз. Артында әр сабақ бөлімдерінің тапсырмалары жазылған бейнелер слайдта бейнеленген. Яғни, бұл 2030 жылға жету үшін осылардан өту керек дегінді білдіреді. Ең соңғы сабағымыздың кезенінде экранға бәйтеректің символының бейнесі шығады. Ол бейнені ашқанда 2030 жылға хош келіпсіз деген жазу болады. Жүйелі блокты жинау А – тобының сұрақтары; Дыбыстық тақша Алгоритмдеу және программалау дегніміз не? Бейнеадептер ЭЕМ – да есеп шығарудың кезеңдерін ата? Желілік тақшалар Программалау тіліндегі оператор дегніміз не? Аналық тақша Паскаль тіліндегі команда дегніміз не? В– тобының сұрақтары; CD және DVD дискілердің жетектері Поскаль программалау терезесі функционалдық мақсаттарына сәйкес неше бөліктен тұрады және оларды ата. Порттар Паскаль тілінде программа қандай бөліктерден тұрады? Енгізу –шығарудың базалық жүйесі Паскаль программалау тілінде айнымалылардаң типтерін ата. Орталық процессор Қай операторлар дұрыс жазылмаған? Program qq Var a b integer X, y: real: Begin A;=5 10:=x Y:= 7, 8 B:=2, 5 X:=2*(a+y) A:=b+x End С-тобының сұрақтары: Арифметикалық өрнектердің Паскаль тіліндегі дұрыс жазылған нұсқасын анықта: (4, 285- 3,75 )* (5,8-3,2 )+7,5 I. (4,285-3,75)*(5,8-3,2)+7,5 II. (4,285-3.75) (5.8-3.2)=7.5 III (4.285-3.75)*(5.8-3.2)+7.5 Паскаль тіліндегі енгізу-шығару операторларын ата. Паскаль тіліндегі шартты оператордың жалпы түрін түсіндіріңдер. Берілген блок схема бойынша жұмыс. II.Үйге берілген тапсырмалар бойынша жұмыс. такырып. Паскаль тіліні баскару операторлары. 2.№ 9 есеп (Алгоритмін құру, блок схемасын сызу, программа құру) ІІІ. 1. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс А - тобы: Алгоритмдік тілде жазылған алгоритм бойынша формула құрыңдар: Алг есептеу Арг х Нәт у y= 5*x*x*4 Соңы В-тобы: ІІ-тапсырма: Графикалық тілде жазылған алгоритм бойынша формула құр. С-тобы: Қателерді анықтап, кестені толтырыңдар: Program Esep Var a,b,c: Integer begin read (a,b,c) b:=c+1 S:=a+b+c; write(‘S=,S) end. III.Сайыс «Әр қолда-өз ісің» А-тобы: 76 бет. 1-мысалдың хаттамасын алу, түсіну. В-тобы: Жазықтықта мынадай координаттармен А(х1,х2), В(х2,у2), С(х3,у3) үш нүкте жатыр. Осы нүктелер бір түзудің бойында жата ма, соны анықтау программасын құр? Математикалық моделі: Х1-х2\ у2-у1=x3-x1\y3-y1 C-тобы: А(х;у) нүктесі центрі координата басында болатын барлық бірлік шеңбердің ішінде жату, жатпауын анықтау программасын құр. Математикалық моделі: Х2-х1/ у2-у1=х3-х1 /у3-у1 (Х2-х1 )*(у3-у1)=`(х3-х1)*(у2-у1) С-тобы; А(х:у) нүктесі центрі координата басында болатын барлык бірлік шеңбердің жату, жатпауын анықтау программасын құр. IҮ.Кім жүйрік полигот ойыны (барлық топ оқушылары) 1.Windows –тың қазақша аудармасы қалай аталады? (Терезе) 2.Зиянкесті программа калай аталады. (Вирус) 3. Мәтіндік мәліметі компъютар жадына қолмен термей енгізу құрылғысы (Сканер) 4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. (Бит.) 5. Компъютердің микросхемасы жасалатын материал. |