Главная страница

Информатика пәнінен әдіс-тәсілдер. информатикадан сыныптан тыс шаралар. Информатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы білімді информатик жргізуші Саламатсыздар ма, рметті стаздар, ділазылар, оушылар! Сіздермен бірлесе отырып Білімді информатик


Скачать 0.95 Mb.
НазваниеИнформатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы білімді информатик жргізуші Саламатсыздар ма, рметті стаздар, ділазылар, оушылар! Сіздермен бірлесе отырып Білімді информатик
АнкорИнформатика пәнінен әдіс-тәсілдер
Дата09.02.2023
Размер0.95 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаинформатикадан сыныптан тыс шаралар.doc
ТипДокументы
#927587
страница6 из 16
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2-жүргізуші: Джек-пот, бинго ұтысшыларымызды, Жұбаныш сыйлығының иегерлерін ортаға шағырып марапаттайық. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың білімдерін тиянақтап, шығармашылық қабілеттерін оятуға тигізер пайдасы зор.Бұған бізде өз үлесімізді қостық деп есептейміз. Марапаттау.


БІЛГІР ТОП

(7 – 8 сыныптары үшін)
Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың алған білімдерін жинақтау

  • Оқушылардың ой-өрісі мен танымдық қасиеттерін дамыту

  • Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, шығармашылыққа баулу

  • Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру

Сайысқа 3сыныптан құралған 3 топ (3 – 4 оқушыдан құралған) қатысады. Әр топ өз командасының эмблемасымен, газетімен таныстырады.
Cайыс кезеңдері

1. Таныстыру.

2-Үй тапсырмасы (реферат қорғау)

3- Кім біледі? (сұрақтарға жауап)

4- Кім жылдам? (жауабын табу)

5- Кім күшті? (сөздер құрастыру)

6- Компьютермен жұмыс (реферат сыртын әсемдеу)

7- Тіл өнері (орыс, ағылшын сөзді табу)

8. – Практикалық жұмыс

І. кезең. Үй тапсырмасы бойынша команда мүшелерімен, газет, эмблемасымен таныстырады.

2. кезең бойынша әр топ дайындап әкелген рефераттарын команда болып қорғайды. Бір-бірін толықтыруы керек.

3. кезең бойынша «Кім біледі?» сұрақтарға жауап беру.

І топ.

  1. Компьютердің алдында қалай отыру керек?

  2. Көз талғанда не істейді?

  3. Ақпарат дeгeнiмiз не?

  4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?

  5. Бас әріпті теру үшін қай перне қолданады?

  6. Компьютердің нeriзгі қурылғыларын ата?

  7. Принтер дегеніміз не?

  8. Пернетақта не үшін керек?

ІІ топ


  1. Процессор дегеніміз не?

  2. Paint графикалық редакторын icкe қалай қосамыз?

  3. Paint графикалық редакторы не үшін қажет?

  4. Интернет дегеніміз не?

5. Себет дегеніміз не?

6. Адамның көзі мен монитордың арақашықтығы қанша болу керек?

7. Тышқан не үшін керек?

8. Компьютердің қосымша бөліктерін ата?
ІІІ топ

1. Монитор не үшін керек?

2. Адам ақпаратты қалай қабылдайды?

3. Компьютер дегеніміз не?

4.ЭЕМ неше буыннан тұрады?

5.Файл дегеніміз не?

6.1 битте қанша байт бар?

7.Сканер қандай құрылғы?

8.Windows дегеніміз не?
4. кезең. Кім жылдам?
1. Paint қызметі ……………..салу?

2. Суретке мәтін ендіру құралы?

3. Жазба әpiптepдi үлкен әріптерге өзгертетін перне?

4. Енгізу пернесі?

5. Paint терезесінің төменгі сол жағында түстер таңдайтын көрсеткіш?

6. Баспаға шығару үшін Paint - .......... командасын орындаймыз?

7. Графиктік редактор?

8. Калькулятордің неше түрі бар?

9. Word Pad қандай бағдарлама?

(әр топқа үш сұрақтан қойылады)

5 кезең. Кім күшті?

«Информатика» сөзінен бірнеше сөздер құрастыру керек. (әр командаға жеке-жеке парақ беріледі. Көп сөздер тапқан команда есептеледі)

    1. кезең. Компьютермен жұмыс

Әр топқа өздері қалаған тақырыпта рефераттардың сыртын әсемдеу беріледі. (уақытпен)

7 кезең. Тіл өнері

Әр топқа кезек-кезек сөздер береді. Әр топ жылдамдықпен сол сөздің қазақша. орысша, ағылшынша сөздерін табу жылдамдығын анықтау.

Монитор монитор monitor

Тышқан мышь mouse

Жүйелі блок системный блок system blok

Қатқыл диск Винчестр winchester

Баспа печать printer

Ақпарат информация information

Пернетақта клавиатура keyboard
8. кезең. Практикалық жұмыс
(үш топқа үш компьютерді тоқтан ажыратып, шнурларын клмпьютерлерден алып компьютерді қосу.)

Қай команда жылдам қосып бергені жеңіске жетеді.

Қорытынды. Марапаттау.
«ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ»

ОЙЫНЫ
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыруда, білімдерін қалыптастыруда, тәлім-тәрбиесін қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін шаралардың маңызы зор. Сондай сабақтан тыс өткізілген жұмыстардың бірі 7 сыныпқа арналған «Жұлдызды сәт» ойыны. Әрбір оқушы компьютер алдында отырып, бақылау программасы ұсынған тест сұрақтарына жауап береді. Бұл программа Qbasic тілінде құрастылырған. Барлығы 15 сұрақ, әр сұрақтың 3 жауабы бар. Оқушылар дұрыс жауап нөмірін енгізеді. Тапсырма орындалып біткен осң, программа оқушының алған ұпай санын мәлімдеп, соған сәйкес баға қояды.

1. Тест сұрақтары:

1. Ертедегі гректер мен римдіктердің есепшотқа ұқсас есептеу құралы:

1) арифмометр

2) абак*

3) вольтметр

2. Ақпарат өлшеудің ең кіші бірлігі:

1) Гб

2) Кб

3) бит*

3. Жадының қай түрінен тек мәлімет оқылады:

1) тұрақты жады*

2) жедел жады

3) қатты диск

4. Иілгіш магниттік диск қалай аталады:

1) дискет*

2) винчестер

3) компакт-диск

5. Екілік санау жүйесінің цифры:

1) 2

2) 1*

3) 10

6. 13410 ондық санының екілік жүйеде жазылуы:

1) 10101010

2) 11000001

3) 10000110*

7. 11101112 екілік санының ондық жүйеде жазылуы:

1) 99

2) 119*

3) 118

8. 2358 сегіздік санының ондық жүйеде жазылуы:

1) 157*

2) 153

3) 152

9. 42810 ондық санының сегіздік жүйеде жазылуы:

1) 654

2) 456

3) 854

10.Компьютердегі мәліметтерді телефон арналарымен тасымалдауды жүзеге асыратын құрылғы:

1) желі

2) телефон

3) модем*

11. Дербес компьютердегі ақпарат шығару құрылғысы:

1) монитор*

2) пернетақта

3) принтер

12.Бірнеше тіл білетін адам:

1) программалаушы

2) полиглот*

3) ғалым

13.Файлды алғашқы рет сақтау үшін қолданылатын команда:

1) Файл-Сақтау

2) Файл-... деп сақтау командасы*

3) Правка-Көшіру

14.Терезедегі тақырып жолының:оң жақ шетіндегі батырмасының қызметі:

1) анықтама беру

2) компьютер жұмысын аяқтау

3) терезені жабу*

15.Компьютерді өшірудің дұрыс көрсетілген реттілігі:

1) мониторды өшіріп барып, жүйелік блокты өшіру;

2) барлық ашық терезелерді батырмасы арқылы жауып, жүйелік блокты өшіру;

3) Жұмысты аяқтау командасын орындап, Компьютерді өшіру опциясын таңдап, ОК батырмасын шерту; *

1 конкурстан соң, нәтижесі төмен 4 оқушы ойыннан шығады.
ІІ. Суретшілер жарысы

Әрбір оқушы берілген суретті 10 мин ішінде Paint графикалық редакторында салып шығуы тиіс. Суреттің күрделілігі, оны безендіруі, редактор құралдарын толық пайдалануы есепке алына отырып, ұпай қойылады.
ІІІ. Мәтінді дұрыстау жарысы

Әрбір оқушыға сөйлемдер мен сөздер реттілігі өзгертілген мәтін беріледі. Алмастыру буферін немесе басқа мүмкіндіктерді пайдаланып, мәтінді дұрыстап, оны өлең авторының жазған түпнұсқасындай түрге келтіру керек (екі оқушы ойыннан шығады).
ІҮ. «Артық термин»
Оқушылар берілген тапсырмадағы артық терминді табу:

  1. Екі, бес, нөл, қосынды, бір, тоғыз

  2. Драйвер, принтер, монитор, графиксалғыш, пернетақта

  3. Көбейту, өшіру, азайту, қосу, бөлу

  4. Дискет, CD-ROM, таймер, винчестер, магниттік таспа (лента)

  5. Сканер, регистр, пернетақта, джойстик, тышқан қолтетігі

  6. Торкөз, қызыл, жасыл, көк

  7. Босорын, компьютер, Esc, Enter, Backspace

  8. «Файл», «Формат», «Бояу», «Сервис», «?»

  9. 0,5; 1; 1234; 867598; 0; 111

  10. Арифмометр, есепшот, калькулятор, принтер, компьютер

  11. Вирус, синус, косинус, тангенс

  12. Сантиметр, килобайт, бит, мегабайт

  13. Нүкте, Shift, үтір, қоснүкте

  14. Монитор, тышқан қолтетігі, пернетақта, жүйелік блок

  15. Альфа, омега, гамма, әліпби, пи (екі оқушы ойыннан шығады)


Ү. «Сөздік домино»
Ойында екі оқушы ғана қалды

Тапсырма: Келтірілген сөздерді мынадай тәртіппен тертеп орналастыру керек: келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы тиіс. Одан кейін келтірілген анықтамалар алдыңғы сөздердің реттелетін орналасу тәртібін анықтайды. Әрбір анықтамаға сәйкес терминді анықтау керек.

  1. Евклид-файл-телеграф-килобайт-робот-дюйм-процессор-монитор-тире-разряд-диск.

  2. Компьютерді «басқарушы»-жазылған сандағы цифрлар реттілігі-компьютерде қолданылатын ұзындық бірлігі-компьютердің мәлімет шығару құрылғысы-программамен басқарылып, адам әрекеттерін қайталайтын машина-тыныс белгісі-ертедегі грек математигі, екі санның ең кіші ортақ бөлгішін табу алгоритмінің авторы-компьютердегі мәліметтерді сақтау құрылғысы-ақпарат өлшеу бірлігі-байланыс түрі-компьютердегі ақпараттарды белгілі бір атпен сайтайтын мәліметтер жиыны.


Жарыс нәтижесін шығару.

Оқушылардың сабақтағы белсенділігін атап өту.
ХХІ – ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ

ойыны
Оқушылардың компьютерді пайдалана отырып, шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, компьютерлік іскерлігін дамыту мақсатында «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» ойынын ұйымдастырудың маңызы зор.

Ойынға 4-оқушы қатысады.

  1. жүргізуші:

Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар. Сіздермен бірлесе отырып «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

  1. жүргізуші:

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.
1-жүргізуші:

«Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі-ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды ортаға шығарайық.
2-жүргізуші:

Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал жас қырандар 1-тур. «Бәйге» турын бастаймыз.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар.

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

  1. Квадраттың жазылуы? (sqr)

  2. Тұрақты қалай жазылады? (const)

  3. Аталған байттар тізбегі? (файл)

  4. Windows жұмыс атқара алатын барлық мүмкіндік? (объект)

  5. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)

  6. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)

  7. Таңдау операторының жазылуы? (case)

  8. Бір жолға қанша оператор жазуға болады? (256)

  9. Бүтіндей бөлу (div)

  10. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (пернетақта)

  11. Компьютердің ақыл-ойы (процессор)

  12. Мәтін дегеніміз не? (жолдар тізбегі)

  1. жүргізуші:

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талантқа.

2-жүргізуші:

«Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте» - деп Қ.Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.

  1. тур. Полиглот.

1-жүргізуші:

1. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді (дыбыс, звук, sound)

2. Жіпке ілдім мен өзім

Кіп-кішкентай күн көзін (шам, лампочка, lamp)

3. Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа, nature)

4. Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы... (тоқ, ток, currnt)

5. Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы (тышқан, мышь, mouse)

6. Өнер алды қызыл ... (тіл, язык, language)
1-жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын

3-тур «Ғажайып алаң»

20 (сол) – Алдыңғы қадамға оралу ()

20 (ортадағы) – Сандардың аталу жазылу әдісі (санау жүйесі)

20 (оң) – Ғ6 пернесінің қызметі (файл атын өзгерту)

30 (сол) – Логарифм сызғышын кім ойлап тапты? (Робертсон)

30 (ортадағы) – Тышқан құрылғысын кім айтты? (Дуглос Энджельбарт)

30 (оң) – «О» саны римдік санау жүйесінде нешені білдіреді? (500)

40 (сол) – «Бит» сөзінде неше бит бар? (24)

40 (ортадағы) – гректер есептеу құралын не деп атады? (абак)

40 (оң) – Калькуляторды ең алғаш кімдер жасады? (Чебышев, Однер)

Ұпайы аз оқушы ойыннан шығарылады.

1-жүргізуші:

Айналайын алға ұмтылған дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар,

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

2-жүргізуші:

Мен сенемін, алға шыққан тапқырларға

Келесі аялдама аталады «Тапқырлық»

Ақтау мен даттауды саған бердік соны ұқ.

Ұпайы аз оқушы ойыннан шығарылады.

4-тур «Қиял әлемі»

Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек.

А) Егер де робот болсам ...

Б) Егер де хаккер болсам ...

Ойыншыларға дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. Бір оқушы өз өнерін ортаға салады.

1-жүргізуші:

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

2-жүргізуші:

Жорға, жорға, жорғала

Шапшаңдыққа таң қал ма.

Ойын деген арпалыс,

Жеңілемін деп ойлама

5-тур «Жорға»

1-жүргізуші:

1. Нақты сан (Read)

2. Else (әйтпесе)

3. Соңы (End)

4. Символдық тип (Char)

5. Қайталау операторы (For)

6. Орындау операторы (Do)

7. Жад нешеге бөлінеді? (2)

8. Тышқанның атқаратын қызметі (жұмысты жеңілдету)

9. Калькулятордың неше түр бар? (2)

10. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан (латын)

11. Бума түрлерін ата (жұмыстық, жүйелік)

12. Компьютердің қандай құрылғысы адам денсаулығына зиянды (монитор)

13. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)

14. Көшіру пернелер комбинациясы (Ctrl+C)

15. Пернетақта қандай құрылғы (енгізу)
1-жүргізуші:

Ұпайы аз оқушы ойыннан шығарылады.

2-жүргізуші:

Ойынның шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Жеңімпазды анықтап, марапаттау.

1-жүргізуші:

Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды шоу «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» ойын мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға үшін алғысымыз шексіз.
ИНФОРМАТИКАЛЫҚ ЭРУДИТ ойыны.
Тынышталып, тыңдаңдар!

Асығыстық қылмаңдар!

Ал, отырған жараңдар

Назар салып қараңыздар,

Бастамақшы компьютерден

«Инфо-эрудит» ойыны.

Көргендер де арманда

Көрмегендер де арманда

Босқа қарап жүргенше

Қызықтан тыс қалмаңдар!

Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі біздің сайысымызға қош келіпсіздер! Біз сайысымызды бастамас бұрын сарапшы екі оқушыны ортаға шақырамыз. Ал ендеше барлықтарыңа сәттілік тілей отырып,

Сайысымызды бастайық.

  1. Таныстыру. Екі топ өздерін таныстырады. 10 балл.

  2. «Келсең, кел!» топбасшыларының сайысы. Мұнда тек қана топ басшылары сайысады және бұл сайыстың әрбір дұрыс жауабы 20 балмен бағаланады.

І топ сұрағы

  1. Информатика сөзінің ақпараттық көлемі (1 байт)

  2. Қандай перне сандықты қосады? (NumLock)

  3. Санау жүйесіндегі сандар кескінделуіне байланысты бөлінеді? (позициялық және позициялық емес)

  4. Тышқанның оң жақ батырмасын қалай атайды? (көмекші)

  5. Объектілер қоймасына не жатады? (қапшық)

  6. Қапшық терезесіндегі объектілерді кіші белгішелер түрінде орналастыру үшін: (түр батырмасынан «Мелкие значик»)

  7. Объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағының атауы: (жұмыс аймағы)

  8. Олар неғұрлым жиі қолданылатын командаларға тез қатынау үшін пайдаланылады: (құрал-саймандар тақтасы)

  9. Терезені аралық қалыпқа келтіретін батырма: (қалпына келтіретін батырма)

  10. Терезелер төрт жағынан қоршап тұрған жақтаулар қалай аталады? (шекаралар)


ІІ топ сұрағы.

  1. Тышқан нұсқағышын объектіде, оның сол жақ батырмасын жылдам екі рет басуды қалай айтады? (тышқанды екі рет шерту)

  2. Экранның төменгі жағында жіңішке сұр жолақ қалай аталады? (есептер тақтасы)

  3. Есептер тақтасының сол жағында қандай батырма бар? («Іске қосу» батырмасы)

  4. Терезелер түрін неше топқа бөледі? (4 топқа)

  5. Қосымша ақпараттарды енгізуге арналған арнайы терезе: (диалог)

  6. Windows жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін программа қалай аталады? (қолданба)

  7. Windows жұмысы бойынша анықтама ақпараттарын шығару қызметі: (анықтама)

  8. Есептер тақтасында батырмасын қалдырып, терезені жұмыс орнынан алып тастайтын батырма: (жималау батырмасы)

  9. Қапшық терезесіндегі объектілерді үлкен белгішелер түрінде орналастыру үшін: (түр батырмасынан «Крупные значки»)

  10. Тышқанныі сол жақ батырмасын қалай атайды? (негізгі)



  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


написать администратору сайта