Информатика пәнінен әдіс-тәсілдер. информатикадан сыныптан тыс шаралар. Информатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы білімді информатик жргізуші Саламатсыздар ма, рметті стаздар, ділазылар, оушылар! Сіздермен бірлесе отырып Білімді информатик
Скачать 0.95 Mb.
|
1. Ақпарат. 1. Компьютердегі ақпарат қай жүйедегі сандар туралы жазылады? 2. Ақпарат алмасу үшін стандартты код ретінде қандай код түрі қолданылады? 3. Хабардың ақпараттық көлемі неге тең? 4. Ағылшын тілінен алынған “binary digit” сөзі қай терминнің қысқаша атауы. 2. Қай ғалым? 1. Бұл ғалым 1948 жылы “Теория массовых коммуникации” атты кітабында кез келген ақпараттың екілік түрде жазылуы мен информатикаға бит терминін енгізген. 2. Ол алғаш рет арифметикалық амалдарды орындау ережелерін жазған Орта Азияның ұлы математигі. Оның есімі информатикадағы іргелі ұғыммен байланысты. Компьютердің жұмысы мен құрылысының схемасын 1946 жылы өз мақаласында ұсынған бұл ғалымның идеясы негізінде ЭЕМ пайда болды. Дүние жүзі бойынша бірнші бағдарламашы деп саналатын Ада Августа Лавлейс қай жылы, кімнің машинасына бағдарлама жазған? 3. Компьютердің құрылғылары туралы Өте ерте заманда есептеу құралы ретінде қолданылған бұл құралдың өзертілген түрі әлі қолданылуда. 2. Қағаздағы кескінді түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін бұл құрылғы кескінді машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. 3. Бұл неміс философы, математигі қазір әр оқушының қолында жүрген оқу құралының бірі болып саналатын төрт арифметикалық амалды орындайтын алғашқы есептеу маши-насын 1694 жылы орыс патшасы І Петрге тарту еткен. Ол есептеу машинасы қалай аталды. 4. Жұмбақтар. Мәліметті сұраған. Экранға шығарған. Ақпаратты сақтап таратқан, Жұртты өзіне қаратқан. Батырманы басасың Қажетіңді ашасың. Компьютермен енеді, Қағазға басып береді. Бағалау, марапаттау; Нәтижесі: 1 ) Оқушылардың жарысқа қатысуға деген қызығушылығы артты. 2) Оқушының тек информациялық білімі емес математикалық білімі де шыңдалады. Бағалау, марапаттау; Нәтижесі: 1 ) Оқушылардың жарысқа қатысуға деген қызығушылығы артты. 2) Оқушының тек информациялық білімі емес математикалық білімі де шыңдалады. БІЛІМ БИРЖАСЫ зияткерлік ойыны Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту. Ойын барысы: Ойынға 6 адамнан тұратын 2 топ қатысады. Ойын 4 турдан тұрады. І-тур Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды. ІІ-тур. Эрудиттер сайысы. Топтар шапшаң түрде берілген сұрақтардың жауабын айтуы тиіс. ІІІ-тур. Таңдау-табыс. Әрбір топ информатика пәні бойынша әртүрлі тапсырмалар орындайды. ІҮ-тур. Сыйлықтар аукционы. Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды. Қажетті құралдар: күміс қобдиша, әртүрлі купюрадағы «теңгелер». Техникалық құрал: компьютер, проектор, микрофон, жылжымалы экран, әуен орталығы. Бағдарламалық жабдық: MS PowerPoint-та жасалған слайдтар. Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар. (Эксперт төрағасы мен мүшелерімен таныстыру). Алдарыңызға өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициялық ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады). «Болашақ» дарындылар тобы: Ұраны: Болашақтың ұрпағымыз білімді, Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді. «Эврика»- тапқырлар тобы Ұраны: Тапқырлық таныту мақсатымыз, Біліммен шықсын тек жақсы атымыз. «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы- білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық. Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгін аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 5000 теңгеден бар. Бұл-бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту- өз қолдарыңызда. Аукциондарда информатика пәндерінен алған білімдерінді көрсетесіздер. Информатика пәнінен сұрақтардың бастапқы бағасы- 200 теңге. Топ капитаны бағаны 200 теңгеден жоғарылата алады. Баға көрсеткіштері: 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса- баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ капитанынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды. Сонымен, «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік- сол білімді іске асыра білу дағдысы», деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық. Аукционға №1 лот- ЕТ даму тарихы бойынша сұрақ қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға- 200 теңге. Қай топ жоғары баға береді? (әр топ өздері ұсынған бағаларын айтады) ең жоғары бағаға сұрақ оқылады. Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына 200 теңге қосады. Сұрағы: Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (Серобян). №2 лот. Информатикаға анықтама бер. (Ақпараттық процестерді зертейтін ғылым информатика деп аталады). №3 лот. Ұлы тұлғалар галериясы. 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бағдарламашыны табыңыз? (Ада Лавлейс) №4 лот. Компьютер деген не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы) №5 лот. Күміс қобдиша. (сауда жүргізіледі.) Қобдишада не жасырынған? Жануарға ұқсас атым бар, Бағдар көрсетер затым бар. Кілемше үстінде тұрамын. Ең қажетті құралмын. Білсеңдер, қане айтыңдар! Жауабы: тышқан (компьютердің енгізу құрылғысы) №6 лот. Сұрағы. Санау жүйесіне байланысты есеп. Мен 1111 жастамын. Мектеп табалдырығын 111 жасымда аттадым. Мен... 10001 мектептің 1001 сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 11001 оқушы. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу. Дұрыс жауабы: Мен 15 жастамын. Мектеп табалдырығын 7 жасымда аттадым. Мен..71 мектептің 9 сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 25 оқушы. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу. Осымен І-тур аяқталды. І- турдың қорытындысын эксперт мүшелерінен сұрайық. Жоғары капитал жинаған топ_____________ Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа берілген уақыт-3 минут. Әрбір дұрыс жауап құны- 200 теңге. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Ендеше, «Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой, ақылды ой, алғыр сөз- адамның ең жоғарғы қасиеті», -деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз. Дайынбыз ба? Уақыт. ІІ тур. Эрудиттер сайысы. №1 топқа арналған сұрақтар. Компьютердің миы. (Процессор). Компьютердің ішкі жады. (Жедел жад) Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор) Принтердің неше түрі бар? (3 түрі) Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер) Іске қосу- батырмасын ата. (Пуск) Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. (Paint) Баспа құралы. (Принтер) Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (Интернет) Әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды және принтерлерді бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы. (компьютерлік желі) №2 топқа арналған сұрақтар. 1. Бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. (Логика). 2. Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. (Пікір) 3. Есептеуіш машиналар неше түрге бөлінеді? (4 түрге) 4. Дербес компьютер неше топқа бөлінеді? (3 топқа) 5. Процессор қандай қызмет атқарады? (Қозғалтқыш) 6. Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе) 7. Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шағын арнайы компьютерлік бағдарлама. (Компьютерлік вирус) 8. Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа. (Антивирустық программа) 9. Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы. (Пернетақта) 10. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы. (Модем). ІІ-турдың қорытындысын эксперт мүшелерінен сұрайық. Жоғары капитал жинаған топ_____________ Енді, «Білекке сенген заманда- ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», -деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік. Әр дұрыс жауап 200 теңгемен есептеледі. ІІІ-тур «Таңдау-табыс»
ҒАЛЫМДАР 10 -Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж) 20 -19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль) 30 -XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик. (Джон Неппер) ТАРИХ 10 –Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (Серобян) 20 –Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (XIX) 30 –Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды? (1846 жылы) ИНФОРМАТИКА 10 –Адам ақпаратпен не істейді? (1. сақтайды, 2. жеткізеді, 3. өңдейді). 20 –Информатикаға анықтама бер. (Ақпараттық процестерді зертейтін ғылым информатика деп аталады). 30 –ЭЕМ неше буынға бөлінеді? (Бес буынға) ӘР ТҮРЛІ 10 –Компьютер деген не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы) 20 –Компьютердің негізгі құрылғылары. (монитор, жүйелік блок, маус, модем). 30 –Сигнал дегеніміз не? (Оның көмегімен адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс). Эксперттерден ІІІ-турдың қорытындысын сұрау. Енді біз ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз. Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр лотта жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса- сыйлық сіздікі. Бастапқы баға -500 теңге. Кім жоғары баға ұсынады. Лоттардағы жұмбақтарды оқу. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030 жылы барысқа апаратын- бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, ендігі кезек эксперттерде. (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі). Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзімен «Білім биржасы» ойынын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар! Информатика пәніне арналған интеллектуалды ойын БІЛІМДІ ДОСТАР "Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім" М.Әуезов Ойын мақсаты: Оқушыларды ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету; Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау; Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу. Мұғалім: Армысыңдар, бүгінгі «Білімді достар» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келіпсіздер! Информатика бұл ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін сабақ. Бүгін интеллектуалды ойын ойнау арқылы біз информатика сабағын өте қызық екендігін түсінейік. І-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ қазылар мен келген қонақтар. Біздің информатика сабағында «Білімді достар» ойынын тамашалаңыздар! ІІ-жүргізуші:Ойын кезеңнен тұрады: Жоспары: Таныстыру (5 ұпай) Топ көшбасшыларын анықтау/мини-тест (дұрыс жауапқа - l ұпай) Ойлан тап (әр сөзге – 1ұпай) Кім тапқыр Ой толғаныс (топ басшылар сайысы), 5 ұпай Сәйкесін тап (5 ұпай) Қорытынды І-жүргізуші: Құтқарып ауыр бейнеттен Техниканы үйреткен Роботтай – адамды Тіл бітіріп сөйлеткен Компьютер емей немене Білмегенді білдірген Өлшеп киім кигізген Барлық істі атқарып Пайдасын елге тигізген Компьютер емей немене Бәріңіз маған қараңыз! Ойынымызды бастайық Алуан түрлі ойларды Ортамызға тастайық. Информатика пәнінен Көрсетіп біздер батырлық Ой толғалық жүйелі Таңдайымызға татырлық ІІ-жүргізуші:«Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бар тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды шақырайық. Бұл ойынға 2 топ катысады. І-жүргізуші: Қазақ деген халықтың баласымыз, Алда талай алынар бар асуымыз. Арман жолы қиын жол, бақыт жолы, Мүмкін емес бұл жолда адасуымыз дей отырып әр топ өздерін таныстыруларымен ойынның І-ші кезеңінің есігін ашсын. 1. Таныстыру I - топ – «ИНТЕРНЕТ» II - топ – «МОНИТОР» Бұл кезеңде әр топ өздерін таныстыра отырып, өздерінің эмблемаларын және дайындаған файлдарын әділ қазы алқасына ұсынады. 2. Топ көшбасшыларын анықтау ІІ-жүргізуші:Білімнің ұшқырлығын танып сен, Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен. Уақыт деген зымырап, зулап жатыр, Шапшаңдық бұл сайыста керек екен. дегендей 2-ші кезең тестке берейік. Мұнда әр топқа 7 сұрақтан әр сұраққа ойлануға 30 секунд беріледі. Әр топ бірінің тестін бірі тексереді, жоғары ұпай алған 3 оқушы ойынды жалғастырады. Тест сұрақтары: Аз батырмалы құрылғы (тышқан) Гректер есептеу құралын не деп атады. (абак) Компьютер жиыны (желі) Калькуляторды ең алғаш кімдер жасады? (Чебышев, Однер) Экран нүктелерін аралағыш (курсор) Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (Internet) Компьютердің негізгі электронды құрылғысы (процессор) І-жүргізуші: Енді сайсымыздың «Ойлан тап» кезеңіне өтеміз. Бұл кезеңде берілген сөзден бірнеше мағыналы сөздер құрастыру керек. Әділ қазылар алқасы бір сөзге 1 ұпайдан есептеулеріңізді сұраймыз. |