Информатика пәнінен әдіс-тәсілдер. информатикадан сыныптан тыс шаралар. Информатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы білімді информатик жргізуші Саламатсыздар ма, рметті стаздар, ділазылар, оушылар! Сіздермен бірлесе отырып Білімді информатик
Скачать 0.95 Mb.
|
ІІ-жүргізуші Мәңгі бақи есте қалар Ғажайып бір сайыс болсын Білімдірек шәкірт озар Қиынырақ сұрақ болсын деп біз енді сайысымыздың «Кім тапқыр» кезеңіне келдік. І-жүргізуші: Мұнда экранда ұпай сандарымен бекітілген ұяшықтар пайда болады, ұяшықтар ішіндегі сұраққа дұрыс жауап берген сайыскер тиісті ұпайын алады. ІІ-жүргізуші Күш пен қуат ақылың мен білекте, Ұмтылыстан шыңдалады жігерің. Сенім, үміт нұр құяды жүрекке, Мекендейсің сонда рахат түбегін! дей отырып «Ой толғаныс» кезеңіне де жеттік. І-жүргізуші: Мұнда топ басшыларына әр түрлі тақырыпта тапсырма беріледі, тақырпты ашып, әңгімелеу, дәлелдеу тапсырылады. Сайыс соңында білімімен, ұтымды жауабымен, шапшаңдығымен жауап берген сайыскер жоғары ұпайға ие болады. Ойлануға бір минут уақыт беріледі. ІІ – жүргізуші: Кездестік міне тағы да, Саласында білімнің. Сараптауға асықпай, Компьютердің қызығын- дей отырып «Сәйкесін тап» кезеңіне де келдік. І – жүргізуші:. Тақтада бірнеше термин сөздер берілген, сөздерді екі топқа бөліп, тақырыбын анықтау немесе қандай құрылғы екенін анықтау. ІІ – жүргізуші: Өмірге өзек болған нақты ғылым, Халқымның жүрегіне шашты нұрын. Келеді тәрбиелеп еркін елдің Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын. деп әділ қазылар алқасы ұпай санын есептеп, жеңімпаз топты анықтағанша ендігі кезең. Көрермендер ойыны. І-жүргізуші: Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік ІІ-жүргізуші: Жеңімпаз топқа «Мадақтама грамотасымен», қатысқан оқушыларға «Ынталандыру грамоталарын» беріп марапаттаймыз. Теректей тамырыңды жайып терең, Жете бер жақсы күнге халықпенен. Тулаған толқындардан тайсалмасын, Ақпарат мұхитында алып кемең, - дей отырып бүгінгі сайыс сабағымызды аяқтаймыз. Ойынымызға келіп , қатысып, ортақтасып бірге көңіл көтергендеріңізге мың - мың рахмет! НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН? атты Брейн - рингтің бағдарламасы Құрметті көрермен қауым! Оқушылар! Ұстаздар! Бүгінгі «Не? Қайда? Қашан?» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Бүгінгі сайысқа қатысатын, өз өнерлерін, білімдерін сынасқалы тұрған оқушыларды ортаға шақырып, ойыншыларымызды бүгінгі сайыстың шартымен таныстырамын. Сайыс 9 кезеңнен тұрады: «Өзім туралы» топтардың таныстыруы. «Болашақ компьютері» атты шығармашылық жұмыс «Жарнама» Power Point бағдарламасындағы топтың атына сай презентация құру. Сұрақ-жауап. «Бәйге» Мәліметті енгізу пернесі? (Enter) Принтердің неше түрі бар? (3) Интернетпен қосылуды жүзеге асыратын заңды тұлға? (Провайдер) Билл Гейтс алғашқы программасын неше жасында құрды? ( 13 жаста) Интернет желісі қай жылы пайда болды? (1969) Циклдік алгоритм деген не? (Жеке команда немесе команда топтары көп рет қайталанатын алгоритм) «Көбейтілуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті шағын компьютерлік программа қалай аталады? (Вирус) LAPTOP қандай компьютер? (Тізелік) «Компьютердің атасы» деп кімді атаған? (Чарлз Бэббидж) ЭЕМ-нің неше буыны бар? (5) «Жас программист» программа құру. 1. Нютонның ІІ-заңы. Алгоритм тілі Паскаль тілі Алгзаң (арг. Бүтін ...., а, нәт.бүтін F) program zan; Басы var F, a, m: integer; Енгізу т, аbegin F=m*a read (m, a); Шығару F F:=m*a; Соңы Write (‘F=’, F); End. 2. Алгоритм тілі Паскаль тілі Алг у есептеу (арг. Бүтін x,z. нәт.бүтін y) program y esepteu; Басы var x, z, y: real; Енгізу x,z read (x,z); y=(2*x-3*z)/(x-5) y=(2*x-3*z)/(x-5); шығару y write (‘y=’,y); соңы end. 3. АВС үшбұрышы берілген. Герон формуласымен ауданды табу. S=? Алгоритм тілі Паскаль тілі Алг у есептеу (арг. Бүтін А,В,С,Р, нәт.бүтін S) program audan; Басы var A,B,C,P: real; Енгізу A,B,C read (A,B,C); P:=A+B+C/2 P:=(A+B+C)/2; S:=SQR(P*(P-A)*(P-B)*(P-C)); шығару S write (‘S=’,S); соңы end. Топ басшылар сайысы «Сынақ» «Қатені тап» Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын Жауабы: 8 қате жіберілген 1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет 2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі 3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылыды 4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады 5. Сәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады 6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек 7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады 8. Плоттердің екінші аты – график сызғыш құрылғы. 2. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық .bmp форматында сақтаймын. Жауабы: 3 қате жіберілген 1. Word графикалық редактор емес 2. Word-та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес 3. Графикалық bmp. форматы векторлық форматқа жатпайды. «Құпия жәшік» Бұл құралдың жасы 2000-5000 жылдар шамасы. Бұл құралды гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан» деп, жапондықтар «серобян» деп атаған. Жәшіктің ішінде қандай құрал бар? Жауабы: Есепшот «Бұл кім?» сайысы Оқушыларға және қатысып отырған көрермендерге ғалымдардың суреттері ұсынылады. Суретте кім бейнеленгенін айтып беру керек. Бұл кісі 1902 жылдың 2 қарашада Нижний Новгородта мұғалімдер жанұясында дүниеге келген. 1928 жылы инженер-электрик мамандығын алып Бауман атындағы университетте сабақ берген. 1939 жылы докторлық диссертация қорғаған. 1947 жылы электротехника институтының директоры болып тағайындалды. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары осы академиктің басшылығымен жасалады, оны МЭСМ деп атаған. (Сергей Алексеевич Лебедев) 2. Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан басталады. 1833 бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын «Аналитикалық машина» жобасын жасады. сондықтан да оны қазіргі компьютердің атасы деп те атайды. (Чарлз Бэббидж) 3. ХІХ ғасырдың соңында американдық ғалым есепші – перфорациялық машина құрастырды. Өз машинасының көмегімен бұл ғалым көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді үш жылда орындап шықты. Бұл кісі есепші перфорациялық машиналарды фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналады. (Герман Холлерит) 4. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым – әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Байронның қызы. (Ада Лавлейс) 5. 1642 жылы бұл француз математигі он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектермен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. (Блез Паскаль) 6. Қазіргі таңда бұл адам атақты „Microsoft„ компаниясының президенті. 13 жасында алғаш программасын құрған. (Билл Гейтс) 10. „Бұл не?„ сайысы Компьютер ақылшысы? (процессор) Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы (модем) 3. Сыртқы жады (диск) 4. Графикалық редактор бұл құрылғысыз жұмыс істемейді (тышқан тетігі) 7. Көп пернелі құрылғы (пернақта) 6. Компьютердің теледидары (монитор) Қорытынды. Марапаттау. ОЗЫҚ ОЙЛЫ ОҚУШЫ атты интеллектуалды турнирдің бағдарламасы 1. І-кезең «Білімділер» сайысы 2. ІІ кезең «Ойлан да, тап» сайысы 3. ІІІ кезең. «Ғажайып алаң» 4. ІV кезең «Қанша тілді білесің?» 5. V кезең «Кім жылдам» (Қатысатын оқушы 6, әр кезеңнен 1 оқушыдан шығарылып отырады) 1 – жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар мен ата-аналар, әділ-қазылар мен оқушылар! Құрметті компьютер сүйер жеткіншектер, сіздерді бүгінгі өткізгелі отырған «Озық ойлы оқушы» атты интеллектуалды турнирімізді ашық деп жариялаймыз. Бұл кештің сіздерге информатикадан алған білімдеріңізді жетілдіруге, пәнаралық байланысты нығайтуға пайдасы зор екендігін айта кеткіміз келеді. ІІ жүргізуші: Бүгінгі өткізгелі отырған «Озық ойлы оқушы» атты интеллектуалды турнирімізге 2 команда қатысады. І жүргізуші: Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық. Әділ халқым берерсің әділ баға Өнері мен өренін салыстырып. ІІ – жүргізуші: Төрағасы, төбе билер, жюрилер Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отырып сайысымыздың 1-ші кезеңі «Білімділер» сайысын бастаймыз.Бұл кезеңде жарыс сұрақтары қойылып, жоғары бал алған оқушылар ІІ-кезеңге қабылданады. І-кезең «Білімділер» сайысы 1. Алғашқы есептеу құрылғысы (саусақтар) 2. Пернетақта дегеніміз не? (компьютердің енгізу құрылғысы) 3. Компьютердің атасы кім? (Ч.Бэббидж) 4. Баспаға шығару құрылғысын не деп атайды? (принтер) 5. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата (процессор, монитор, пернетақта) 6. Бір символдың орнын көрсетіп тұратын тік төртбұрышты бейне (курсор) 7. Компьютер жанындағы өсімдік (кактус) 8. Графикалық ақпаратты оқуға арналған құрылғы (сканер) 9. Компьютер сымдары (кабель) 10. Ақпарат жинақтауыш (қатты дис, иілгіш диск, компакт диск) 11. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит) 12. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы (модем) 13. Зиянкес программа (вирус) 14. Сазгер қорап (колонка) 15. Үлкен темір жәшік (жүйелік блок) 16. Аз батырмалы құрылғы (тышқан) 17. Файлдар жиыны қайда топтасады (папкада) 18. Қазіргі ғалымдар немен есептейді? (компьютер) 19. Алғашқы адамдар немен есептеді ? (саусақпен) 20. XVII ғасыр адамы немен есептеді? (есепшотпен) ІІ жүргізуші: Компьютер – болашаққа бастайды Келешекке білім қуған жастарды Қадам басып, ХХІ ғасырға, Барлық әлем жаңалығын тастайды, - дей келе ендігі кезек іріктеу кезеңінен өзінің білімділігімен, алғырлығымен, тапқырлығымен танылған оқушылардың алған балдарына қарай бір оқушы ойыннан шығарылады. (Әрі қарай 5 оқушы ойынды жалғастырады.) І жүргізуші: ІІ сайысымыздың кезегі бойынша жұмбақтап берілген сөздерді табайық. ІІ кезең «Ойлан да, тап» сайысы Тетігін бассаң алаңсыз Жазады қалам, қағазсыз. (компьютер) Пернетақта ауылында тұратын Пернелік деген атаның Бар екен 12 ағайынды Немерелері алғашқы Есімдері де өздерінің бір қызық Тек қана «F» әріптерінен басталады. (функционалды пернелер) Экранның бетінде оның тұрағы Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер) Кемірушілерге ұқсайды сырт бейнесі Түсі оның сұр, құйрығы ұзын Ойланып, білгіш болсаң жауап берші, Қалай деп аталады аты оның ..... (тышқан) Ұзынтұра Жалқаубек, Тұрмай ылғи жатады. Қозғала қалса артынан, Ешбір белгі қалмайды. (бос орын) Бұтақ орнында мың бір инесі Компьютер жаны мекені (КАКТУС) Ақпарларды қағазға шығарады, Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер) Биологияда бұл паразит, Көзге зорға көрінер, Информатикада өлшем бірлік Ақпараттарды өлшер (бит) Ақпаратты сақтап таратқан, Жұртты өзіне қаратқан (жүйелік блок) Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш) ІІ – жүргізуші: Сайысымыздың ІІ туры бойынша балы жоғары оқушылар сайысымыздың келесі турына өтеді де балы төмен оқушымызға рахмет айтамыз (Әрі қарай 4 оқушы ойынды жалғастырады.) І жүргізуші: ІІІ кезең. «Ғажайып алаң» Бұл сайыста әр оқушы өзінің қалаған сұрақты таңдай алады. Мұндағы берілген сұрақтар тек пернетақтаға байланысты берілген.
20 (сол жақта) – Үлкен әріппен жазуға болатын перне (Caps Lock) 20 (ортада) – Функционалдық пернелер саны нешеу (12) 20 (оң жақта) – Курсорды сөздің немесе сөйлемнің басына әкелетін перне (Home ) 30 (сол жақта) – Келесі қатарға көшіруге мүмкіндік жасайтын перне – (Enter ) 30 (ортада) – Бағдарламаны тоқтатады немесе бастапқы қалыпқа келтіретін перне (ESC) 30 (оң жақта) – мәліметті солға қарай өшіретін перне (Backspace) 10 (сол жақта) – мәліметті оңға өшіретін перне (delete) 10 (ортада) – Бұл пернені баспасақ санды тере алмаймыз? (NumLock) 10 (оң жақта) – Алғашқы және артқы мәліметтерді көре алатын перне (PageUp, PageDown) ІІ жүргізуші: Сайысымыздың ІІІ туры бойынша балы жоғары оқушылар сайысымыздың келесі турына өтеді де балы төмен оқушымызға рахмет айтамыз (Әрі қарай 3 оқушы ойынды жалғастырады.) І жүргізуші: Ана тілім - арың бұл, Ұятың боп, тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте – деп Қадыр Мырзалиев айтқандай, сайыскерлеріміздің тіл білімін тамашалайық. ІV кезең «Қанша тілді білесің?» Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? (ақпарат, информация, information) Терезені жабу батырмасының аты. (жабу, закрыть, exim) 3. Windows дегеніміз не? (Операциялық жүйе, операционная система, operation system) 4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы (тышқан, мышь, mouse ) 5. Дүниежүзілік компьютерлік желі – (интернет, internet) 6. Құжатты сақтау батырмасының аты – (сақтау, сохранить, Save as) Сурет салу қаламы – (қарындаш, карандаш, pencil) Қажет емес символды алып тастау пернесі – (алып тастау, удалить, delete) Жолдар мен бағандарда реттеліп берілетін ақпарат (кесте, таблица, chart) Пернетақтада жиылған, сөз құраймыз өзінен (әліппе, алфавит, alphabet) ІІ жүргізуші: Сайысымыздың ІV туры бойынша балы жоғары оқушылар сайысымыздың келесі турына өтеді де балы төмен оқушымызға рахмет айтамыз (Әрі қарай 2 оқушы ойынды жалғастырады.) І жүргізуші: Сайысымыздың соңғы туры «Кім жылдам» сайысымызбен жалғастырамыз. V кезең «Кім жылдам?» Бұл сайысымыздың шарты бойынша соңғы қалған екі сайыскерімізге екі сөз беріледі. информатика ақпараттандыру Осы сөзге байланысты кім жылдамдатып неше сөз құрастырып берген оқушы «Озық ойлы оқушы» атанады. |