Информатика пәнінен әдіс-тәсілдер. информатикадан сыныптан тыс шаралар. Информатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы білімді информатик жргізуші Саламатсыздар ма, рметті стаздар, ділазылар, оушылар! Сіздермен бірлесе отырып Білімді информатик
Скачать 0.95 Mb.
|
«Тіл-өнер» Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа, nature) Фонограф бағдарламасы қандай мәліметтерді өңдейді? (дыбыс, звук, sound) «Ас-адамның арқауы», ал компьютердің асы...(ток, ток, currend) Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік (қате, ошибка, error/mistare) Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация, information) Жіпке ілдім мен өзін, Кіп-кішкентай күн көзін. (шам, лампочка, lamp) Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышка, mouse) Логикалық көбейтудің атауы (және, и, and) Сәлем ненің патшасы? (сөз, слово, word) Кітап ненің бұлағы?(білім, знание, knowledge) II-жүргізуші: 3-тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушыға «Ойыңда жеңілсең де, өмірде жеңілме деп» рахметімізді айта отырып, қошеметпен ортадан шығарып салайық. Жан достарым, мұны жақсы ұғайық Информатика, құрметтеуге лайық. Келесі кезең: «Жеті жұмбақ» Экранда «АҚПАРАТ» сөзіне сөзжұмбақ жасырылған, қай оқушы шешсе сол 10 ұпайға ие болады. Бұтақ орнында мың бір инесі Компьютер жаны мекені (кактус) Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі, Түсі оның сұр, құйрығы ұзын Ойланып, білгіш болсаң жауап берші (тышқан) Ақпарларды қағазға шығарады, Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер) Егер білсең айта ғойшы, Бұл қандай құрылғы Ақпаратты қағаздағы, Компьютерге енгізеді? (сканер) Экранның бетінде оның тұрағы, Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер) Төртбұрышты әйнек, Тұнып тұрған әлек (манитор) Биологияда бұл паразит Көзге зорға көрінер Информатикада өлшем бірлік, Ақпараттарды өлшер (бит) II-жүргізуші: 4-тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушыға «Ойыңда жеңілсең де, өмірде жеңілме деп» рахметімізді айта отырып, қошеметпен шығарып салайық. Тез жауап бер ойланып тұрып қалма Мәреге таяп қалды бұл жарыста Келесі кезең «Жорға» Экранда 20,30,40 сандарының астында сұрақ жасырылған сол сұраққа жауап берсеңіздер сол ұпайды аласыңдар. I-жүргізуші Информатика болашаққа бастайды Келешекке білім қуған жастарды Қадам басып 21-ші ғасырға Барлық әлем жаңалығын тастайды - дей отырып сөз кезегін әділқазыларға берейік. II-жүргізуші Тағы да үйренеміз аман болсақ! Шыңымыз биік болар, білім қусақ Өмір деген өнермен үйлеспей ме Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ! Бүгінгі көріп тамашалаған интелектуалды шоу “Үздік информатик” ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз! XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ (1) 1 жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар. Сіздермен бірлесе отырып «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» атты ойынымызды бастакуға рұксат етіңіздер. Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан. деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе біздің ойынымыздың шартын түсіндіре кетсек. Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады. 2 жүргізуші: 1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып тетікті басқан оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса келесі тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 баллдан есептеледі. Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады. 1 жүргізуші: 2 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 бал беріледі. Толық жауапқа 5 бал. 2 кезеңде балы аз 2 оқушы келесі 2 кезеңге өте алмайды. 2 жүргізуші: 3 кезең «Ғажайып жетілікте» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі. 1 жүргізуші: 4 кезең «Жорғада» балы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс. Ойын толық, айналған қатты ағысқа Табылғандай танымда, жат дауыс та. Біреу озып келеді қатарынан, Біреу қалып жатады асығыста. 2- жүргізуші: Ойын толық жатқандай асып, тасып, Біреу мығым, біреулер шалыс басып. Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып. 1-жүргізуші: «Батылдық - балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі - ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды ортаға шығарайық. Ойынға 8 оқушы қатысады. Ендігі кезек әділқазылар алқасы сайланады.. 1- жүргізуші: Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шындарға биік қоңғайсың демекпіз. Ал жас қырандар 1- тур. «Бәйге» турын бастаймыз. Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз, Шәкірттерге әділ шешім беріңіз Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар, Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз. 1 кезең БӘЙГЕ Аты бар байттар тізбегі? (файл) Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер) Калькулятордың неше түрі бар? (2) Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс) Дүниежүзілік желі? (интернет) Windows дегеніміз не? (операциялық жүйе) зиянкес программа? (вирус) Келесі жолға өту пернесі? (enter) компакт-диск оқу құрылғысы? (CD-ROM) Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер) Объектілер қоймасы? (қапшық) Латынның «information» сөзі нені білдіреді? (баяндау, түсіндіру) Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек? (70 см) Жақтаулармен шектелген экрандағы тіктөртбұрышты аймақ (терезе) Бір килобайт қанша байтқа тең? (1024 байт) Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне (BackSpace) 2-жүргізуші: Көрермен жиналған бұл тамашаға, Құр қарап жай отыру жараса ма? Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес, Соқ қолыңды білімді жас талантқа. 1- жүргізуші: «Ана тілің- арың бұл, Ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл Өз тілді құрметте»- деп Қ.Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық. 2 кезең Полиглот 1. Латынның тісіндру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін сөзі. (Ақпарат-Информация-Informatio) 2. Компьютерге мәтін, текст енгізуге арналған құрылғы. (Пернетақта-клавиатура-Keyboard) 3. Компьютер пенетақтасында қанша пернетақта бар? (Жүз бір-сто один-One hundred one) 4. Мысыққа ойын керек, бірдеңеге өлім керек. (тышқан-мышка-mouse) 5. Бұл ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютер бұл әрекеттерді өңдеу керек екенін көрсетеді. (енгізу-ввод-enter) 6. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. (өшіру-удалить-delete) 7. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажырату үшін қолданылады. (Бос орын-пробел-Proble) 8. Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ. (терезе-окно-window) 9. Терезелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтаулар қалай аталады? (Шекара-Граница-Border) 10. Өшірілген файлдар қайда сақталады? (себет-корзина-basket) 11. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор. (кітапша-блакнот-notebook) 12. Терезенің жұмыс аймағында маустың нұсқағышы I латын әрпінің түрін, ал жұмыс бетінің сыртында кәдімгі стандартты жебе түрінде болады. (меңзер-курсор) 13. Бұл жолдармен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. (кесте-таблица) 14. Бағдарламалар, мәліметтер немесе олардың бөліктері. (қапшық-папка-file) 2- жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар, Ғажайып бір кеш болсын. Білімдірек шәкірт озар, Қиынырақ сұрақ болсын 3 кезең ғажаЙып жетілік
ҒАЛЫМДАР 10 -Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж) 20 -19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль) 30 -XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик. (Джон Неппер) ТАРИХ 10 –Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (Серобян) 20 –Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (XIX) 30 –Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды? (1846 жылы) ИНФОРМАТИКА 10 –Адам ақпаратпен не істейді? (1. сақтайды, 2. жеткізеді, 3. өңдейді). 20 –Информатикаға анықтама бер. (Ақпараттық процестерді зертейтін ғылым информатика деп аталады). 30 –ЭЕМ неше буынға бөлінеді? (Бес буынға) ӘР ТҮРЛІ 10 –Компьютер деген не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы) 20 –Компьютердің негізгі құрылғылары. (монитор, жүйелік блок, маус, модем). 30 –Сигнал дегеніміз не? (Оның көмегімен адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс). 4 кезең ЖОРҒА 1оқушыға сұрақтар: Компьютердің миы. (Процессор). Компьютердің ішкі жады. (Жедел жад) Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор) Принтердің неше түрі бар? (3 түрі) Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер) Іске қосу- батырмасын ата. (Пуск) Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. (Paint) Баспа құралы. (Принтер) Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (Интернет) Әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды және принтерлерді бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы. (компьютерлік желі) 2 оқушыға сұрақтар: 1. Бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. (Логика). 2. Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. (Пікір) 3. Есептеуіш машиналар неше түрге бөлінеді? (4 түрге) 4. Дербес компьютер неше топқа бөлінеді? (3 топқа) 5. Процессор қандай қызмет атқарады? (Қозғалтқыш) 6. Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе) 7. Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шағын арнайы компьютерлік бағдарлама. (Компьютерлік вирус) 8. Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа. (Антивирустық программа) 9. Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы. (Пернетақта) 10. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы. (Модем). Сонымен бүгін біз информатика пәні бойынша «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысын өткізіп, ең жақсы ойын көрсеткен оқушыларға және де ойынды жақсы бағалап отырған әділқазылар алқасына да рахметімізді айтамыз. БІЛІМДІГЕ ДҮНИЕ ЖАРЫҚ Cыныптан тыс сабақтың тақырыбы: Білімдіге – дүние жарық... Сайыс 8 сынып оқушыларының арасында өтеді. Бұл сабақты «Компьютердің арифметикалық негіздері» тақырыбымен байланысты десек те болады. Себебі, оқушының тарау бойынша алған білімін ойын элементтері арқылы тексереміз. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Оқушының логикалық ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін дамыту. Ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру. Сабақтың түрі: сайыс сабақ Сабақтың әдісі: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды телеойыны желісінде жүргізіледі. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта(ойын презентациясын көрсетуге арналады). Плакаттар (қазақ әліпбиі және ағаш суреті) ДК, калькулятор Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен математика Cабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру(3 мин). Сайысқа екі топ қатысады. 2. Оқушыларға ойын шарты түсіндіріледі(3 мин).Сайыс шарты мен өтуі: Сайыс 4 кезеңнен тұрады. 1. Кім жылдам? Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Бағалану – 5 ұпай. І топтың сұрақтары: 1 бит .... (1/8 байт) 10111 2 =? 10 (23) Алгол, Бейсик, Паскаль … (программалау тілдері) Бит, байт, килобайт, … (мегабайт, гигабайт) Есепшот, логарифмдік сызғыш, калькулятор,… (компьютер) Жүйелік қорап, пернетақта , тінтуір …(монитор) Компьютер сөзі латын тілінен аударғанда ... мағынаны білдіреді? (есептеу) Microsoft фирмасының негізін салушы екі студент (Пол Ален және Билл Гейтс) Компьютерді өшірген уақытта ондағы барлық ақпарат жойылады. (оперативті жады) Алғашқы программалаушы (Ада Августа Лавлейс) ІІ топ сұрақтары: Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне жасаған әрекетті болдырмайды. (Ctrl+Z) Монитор, жүйелік блок, пернетақта қандай құрылғылар? (негізгі) Логарифм сызғышын ойлап тапқан (Д.Робертсон) Сандардын аталу, жазылу жүйесі (санау жүйесі) Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас. (интерфейс) Компьютердің “миы” (процессор) Ақпараттың қайнар көзі (қоршаған орта) Римдік санау жүйесіндегі С әрпі қай санды білдіреді? (100) 2*2 қай уақытта 100-ге болады? (екілік санау жүйесінде) Ауқымды желіге қосылу үшін ... қажет (модем) 2. Ұшқыр оймен .... Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топ ойынды бастайды. Әр топқа 2 сұрақтан кезекпен беріледі. Бағалануы – 10 ұпай Шыққан сөз қандай қызмет атқарады?
Курсор(меңзер) – Пароль - 2.Берілген «Фывапролджэюбьтимсчяйцукенгшщзхъ» тізбегінен компьютер терминіне байланысты сөздерді құрастыр. Бір әріп бірнеше рет қайталануына болады.Файл, диск, форма, код, компьютер, колонка, мышь, курсор, т.с. 3. Кодтау. Бұл кезең топтың жанашыларымен өтеді. Олардың дұрыс жауап беріп жинаған ұпайы өздері жанкүйер болып отырған топқа қосылады. Тақтаға қазақ алфавиті ілінеді, берілген сөздегі әріптердің алфавиттегі орын реті табылған соң, сол сандар қосылып, қосындыны екілік санау жүйесіне аудару керек. 1. Файл; (Файл = 29 + 1 + 13+16 = ?10 = ?2) 2. Диск; (Диск =7+12+24+14 = ?10 = ?2) 3. Байт; (Байт =3 + 1 + 13 + 25 = ?10 = ?2) 4. Меню. (Меню = 17 +8 + 18+41 = ?10 = ?2 Бағалану сіздің алған жапырағыңыздың нөміріне байланысты. 4. Шырқау. Төрт бөлікке бөлінген терезеден тақырыпқа сәйкес келетін 4 санның бірін таңдайды. Бұл кезеңде қосымша көмек алуына болады. Бағалану таңдап алған санына байланысты болады. |