Главная страница
Навигация по странице:

  • V. Қабылдауды анықтау А-тобы

  • VI.Сабақты қорытындылау: INSERT Стратегиясы.

  • КОМПЬЮТЕРДІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

  • «БІЛІМПАЗДАР» атты білім сайысы

  • 1Ақпараттың ең кіші бірлігі А) байтВ) кбайт С) Мбайт Д) бит*2. ТХТ қандай файл

  • 3 Операциялык жүйеге қайсы жатады А) MS DOS, QBASICВ) WINDOWS, WORDС) MS DOS, WINDOWS*Д) QBASIC, PASCAL4. MS Office

  • 3 тур «Қатесін анықта»

  • 4-тур. «Ғажайып алаң»

  • 3-тақырып

  • 7 сынып бойынша берілген сұрақтар I-деңгей

  • 8 сынып бойынша берілген сұрақтар I-деңгей

  • Информатика пәнінен әдіс-тәсілдер. информатикадан сыныптан тыс шаралар. Информатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы білімді информатик жргізуші Саламатсыздар ма, рметті стаздар, ділазылар, оушылар! Сіздермен бірлесе отырып Білімді информатик


    Скачать 0.95 Mb.
    НазваниеИнформатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы білімді информатик жргізуші Саламатсыздар ма, рметті стаздар, ділазылар, оушылар! Сіздермен бірлесе отырып Білімді информатик
    АнкорИнформатика пәнінен әдіс-тәсілдер
    Дата09.02.2023
    Размер0.95 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаинформатикадан сыныптан тыс шаралар.doc
    ТипДокументы
    #927587
    страница9 из 16
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

    (Интегралдық схема.)

    6. Паскалъ программалау тілін қалай ашамыз

    (Іске қосу-программалар-Турбо Паскаль)

    7. Баспаға басу құрылғысы (Принтер)

    V. Қабылдауды анықтау

    А-тобы: Информатикалық диктант

    1. Құрылымдық оператор неше топқа бөлінеді?

    2. Шартты операторлар қандай қызметші сөздермен жазылады?

    3. Шарт қандай геометриялық фигураға жазылады?

    4. Сызықтық алгоритмнен тармақталу алгоритмінің айырмашылығы қандай?

    В-тобы: Kzinform мультимедиялық электрондық кітаптан «Алгоритмдеу және программалау» бөліміндегі тармақталу командасы тарауындағы 5,9 блогсызбаларға қарай отырып күнделікті өмірде кездесетін тармақталу командасына мысалдар келтіру.

    С-тобы: Қандай да бір екі сан берілген (a,b) олардың үлкенін, кішісін теңдігін анықтау программасын құр. Мысалы:

    In. compare

    Out. compare

    5,6

    8,7

    4,4

    6

    8

    4

    VI.Сабақты қорытындылау:

    INSERT Стратегиясы.

    «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасы приориттетерінің бірі ұлттық білім моделін қалыптастыру болып табылады. Қазір бүкіл әлемде ақпараттық қоғамға көшу процесі жүріп жатқанда ақпараттық қоғамның мақсаты оқушының жеке тұлғасын және индуктивті лайықты өмірге дайындау болып саналады. Сол себепті бүгінгі сабағымыз жеке тұлғаға бағытталған түрде, яғни деңгейге бөліп оқытылды.

    Үйге тапсырма:

    1. Интернет жүйесінен тармақталу командасына берілген есептер үлгілерін алу, оларды шығару

    2. Оқушыларды бағалау: Оқушылар өз-өздерін бағалайды.


    КОМПЬЮТЕРДІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
    1.Программаларды іске қосудың немесе бумаларды ашудың пернелер арқылы басқарылатын қарапайым әрі әмбебап әдістері бар.Ол жарлықтар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін жұмыс үстелінде қажетті программаның жарлығын құру керек. Жарлықта тышқаннның оң жағын шертіп, мәзірден қасиетттер пунктін талдап алыңыз. Жалпы (Общие)Қосымшасынан Быстрый Вызов өрісін тауып аласыз.Осы өрісте тышқанды шертіп, кез-келген пернені басасыз.Терезден сол арада қажетті пернелер жиынтығы көрінеді.(Мысалы:CLTR+ALT+K).Осы пернелер жиынтығын басу арқылы программаңызды жедел іске қосуыңызға болады.

    2. Программаның немесе буманың терезесі бүкіл экранға шығатындай немесе қарапайым режімде көрініп тұратындай қалыпты таңдау үшін, жұмыс үстеліндегі программаны қосуға немесе буманы ашуға арналған кез-келген жарлықта тышқанның оң жақ пернесін шертіп, Қасиеттер пунктінен ЖАЛПЫ қосымшасын таңдап, ТЕРЕЗЕ өрісінен қажетті қалыпты таңдаймыз.

    3. Егер SHIFT пернесін басып тұрып, файлда екі рет шертсеңіз, программа минималды түрде іске қосылады.

    4. Файлды корзинаға тасымалдау кезінде SHIFT пернесін басулы күйде ұстап тұрсаңыз (немесе мәзірден Удалить пунктін таңдағанда), файлыңыз корзинаға түспей , бірден жойылады.

    5. Егер сіз файлыңызды өзінің типінен бөлек программаның көмегімен ашқыңыз келсе, SHIFT пернесін ашулы күйінде ұстап тұрып, файлыңызда тышқанның оң жақ пернесін шертіңіз,. Пайда болған жанама менюден Открыть С помощью пунктін көресіз. Сол жерден файлыңызды ашуға керекті программаны таңдай аласыз.

    6. WORD мәтіндік редакторында сіз мәтіндегі шағын бөлікті ерекшелеп алғыңыз келсе, тышқанды немесе SHIFT курсорды басқару пернелерін пайдалануыңызға болады.Ал егер мәтіннің үлкен бөлігін ерекшелеп алғыңыз келсе, алдымен өзіңізге қажетті бөліктің басында тышқанды шертіңіз .

    7. Мәтіннің әр жерінен үзінділер ерекшелеп алу үшін алдымен бір үзіндіні, сонан соң CTRL пернесі басулы күйінде қалған үзінділерді

    ерекшелеу керек.

    8. Дискіні дефрагментациялауды орындау кезінде, дискімен жасалатын кез-келген операциялар жұмыс процесіне кедергі келтіреді. Дефрагментация кезінде эран контекстін өшіру үшін SION/Applets/defrag/settinds/Disable Screen saver реестрінің бөлімінде Үнсіз келісім бойынша ”yes’’ мәнін кою керек.

    9. WINDOWS XP операциялық жүйесінде жане программалармен жұмыс істеу кезіндегі қателер кездескен жағдайда ‘MIСROSOFT- қа қате жөнінде есеп беру туралы ұсыныс хабарлар шыға береді. Бұл фуңцияны өшіріп тастау үшін,msconfig.exe файлын іске қосып, SERVICESA қосымшасында ERROR REPORTING SERVISE

    Жалаушасын алып тастау керек.

    10. Сіздің бумалар құрылымыздағы бумалардың бәрі сары түсті және бәрі бірдей әрі сәнсіз көрінеді. Ол буманы іздеуге және жұмыс жасауға қолайсыз. Сіздің әр буманың өз ерекшелігіне қарай оның түрін өзгерткіңіз келді делік, ол үшін, қажетті буманы таңдап алып, тышқанның оң жағын шертесіз де, Қасиеттер пунктінің СМЕНИТЬ ЗНАЧОК өрісінен өзіңізге қажетті суретті таңдап аласыз.Енді бумаларыңыз біркелкі түсте көрінбейтін болады. Буманы бұрынғы қалпына келтіруде осы ережемен орындалады.

    11.Интернет- браузердің рөлін кез- келген програманың терезесі атқара алады.Файлдарға жол сілтенетін адрес жолына кез – келген сайттың адресін көрсетіп, жұмысқы қоссаңыз, қалаған сайтыңызды оқи аласыз.

    12.windows қателер жөнінде тіреку журналдарына жазып қояды. Егер компьютерде бірнеше адам жұмыс іститін болса қатенің қай уақытта болғанын біліп отыру үшін қателерді тіркеу опциясын қосып қою керек қажет болмаса ажыратып тастау керек.

    13. ХР жүйесінде жүйені қалпына келтіруге болатынын білесіңдер. Қалпына келтіру нүктелерін қалауымызша реттеуге болады. Ол үшін HKLM/SOFTWARE/ MICROSOFT/ WINDOWS NT/ Current Version/ System Restore DWORD командаларын RP Lifelterval параметрі 1-ден 365ке дейінгі мәндерді қоюға мүмкіндік береді.

    14. Windows XP операциялық жүйесінің жүйені қалпына келтіру функциясы өте қолайлы екендігі рас. Бірақ әрбір құрылған қалпына келтіру нүктелері қатты дискіде орын алады. Әр апта сайын оларды жойып отырмасаңыз, 1,5 гбайт көлеміндегі жадының жоғалғанын байқайсыз. Сондықтан, бұл функцияны өшіріп тастауға да болады. Қатты дискідегі, жүйені қалпына келтіру функциясына арналған орынның көлемін азайтуға да болады. Ол үшін мына командаларды орындау керек немесе дискіде қалпына келтіру функциясына қажет деген орын көлемін қалауыңызша көрсетуіңізге болады.

    15. Windows XP.2000, Ме және 98 жүйелерінде компьютерді өшіруді, тек қораптағы энергияны сөндіру батырмасын басу арқылы ғана орындауға болады. Ол үшін мына командаларды орындаса жеткілікті. Осы жерден батырманы басқанда компьютермен жұмысты аяқтау командасы орындалатын жарлықты іске қосасыз.

    16. WORD мәтіндік редакторына мәтінді ерекшелеп алып, сурет салу тақтасындағы «жазба» құралын таңдайтын болсақ, ерекшеленген мәтін жазбаның ішіне түседі. Басқа да автофигуралардың ішіне тышқанның оң жағын басып, қажетті мәтінді таңдау арқылы ерекшеленген мәтінді енгізуге болады. Автофигуралардан мәтінді қайта шығарып алу үшін, автофигураны ерекшелеп CTRL пернесімен тышқанның оң жақ батырмасын қатар басу жеткілікті.

    17. Егер сіздің жұмысыңызға тапсырмалар тақтасы кедергі келтіретін болса, оны кедергі келтірмейтіндей орналастыруға немесе жасырып қоюға болады. Ол үшін тапсырмалар тақтасын экранның жоғары немесе бүйір жақтарына тышқанның көмегімен сүйреп апарып қоюға болады. Жасырып қою үшін тапсырмалар тақтасында тышқанның оң жақ батырмасын басып, Қасиеттер пунктінен «есептеулер тақтасын автоматты түрде жасырып қою» өрісіне жалауша қоясыз. Тышқанның көрсеткішін тапсырмалар тақтасы жасырылуы тұрған жиекке апарсаңыз, тақта қайтадан пайда болады.

    18. WORD немесе EXCEL де сурет кезінде, төмендегі амалдар сурет алуды жеңілдетеді. SHIFT пернесін басулы күйде ұстап тұрып, тышқанмен қажетті фигураны жоғары төмен сүйресеңіз, фигураңыз,сол фигураның өзі тұрған сызық бойымен жоғары төмен жылжиды. Ал SHIFT пернесін жібермей ұстап тұрып, CTRL пернесін қосымша басып фигураны тышқанмен сүйресеңіз фигураңыздың көшірмесі фигура орналасқан сызық бойымен вертикаль және горизонталь бағытта жайғасады.

    «БІЛІМПАЗДАР»

    атты білім сайысы
    Окушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырудың бірнеше жолдары бар. Сабақ барысында оқушыларды біліммен ғана қаруландырудың олардың ойлау қабілеттерін дамытуға көңіл бөлген жөн.

    Дөңгелек үстел, тренингтер, ойын сабақтары, білім сайыстары оқытудын белсенді әдістері болып табылады

    1-тур «Бәйге» Берілген түрлі анықтамалардың шешімін шапшаң жауап берген оқушылар 10 ұпайға ие болады

    1. Алғашқы есептеу құрылғысы (саусақ)

    2. Адам мен компьютер арасындағы қарым қатынас (интерфейс)

    3. Монитор мен көздің арақашықтығы қандай болу керек (60,70)

    4. Принтер түрлері (лазерлік, кұрылмалы, матрицалық )

    5. Компьютерлік негізгі құрылғыларын ата ? (жүйелік блок монитор пернетақта)

    6. Есептер панельдегі Іске қосу батырмасын басқанда не шығады ? (бас меню)

    7. Компьютер кұралдары нешеге бөлінеді (2)

    8. Ең бірінші программа құрған оқымысты (Ада Лавлес)

    2-тур «Тапқырлар» берілген тест тапсырмардың дұрыс жауабын жауап парағына жазыңдар жауап парағын болғаннан кейін әділқазыларға береді Әр дұрыс жауап 10 балл

    1Ақпараттың ең кіші бірлігі

    А) байт

    В) кбайт

    С) Мбайт

    Д) бит*

    2. ТХТ қандай файл?

    А) калькулятор

    В) блокнот*

    С) paint

    Д) ойын

    3 Операциялык жүйеге қайсы жатады?

    А) MS DOS, QBASIC

    В) WINDOWS, WORD

    С) MS DOS, WINDOWS*

    Д) QBASIC, PASCAL

    4. MS Office пакетіне жатпайтынын көрсет

    А) MS Word

    В) MS Excel

    С) MS Pascal*

    Д) MS Access

    5. MS Excel-де формуланың қайсысы дұрыс жазылған

    А) а1+а2+а3=

    В) а1+а2+а3

    С) =а1+а2+а3*

    Д) =1а+2а+3а

    3 тур «Қатесін анықта» электронды поштамен келген хатқа вирус кіріп ақпаратты бүлдіріпті. Сіздердің мақсаттарыңыз бүлінген ақпаратты қалпына келтіру

    1 хат сканер мен пернетақтаны іске қосып компьютерді қосу керек Монитормен мәтін жазып суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын.

    2 хат Компьютерге мәтін жазу үшін paint текстік редакторды пайдалануды болады мәтін жазу үшін сызғыш өшіргіш құралдарын пайдаланамын Ал сурет салғым келсе Word pad стандартты программасымен сала аламын. Мұнда Word Art панелі арқылы әр түрлі суреттерді аламыз

    3 хат. Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда коптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар: Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш. Сақталған құжаттарды SHIFT пернесін басып, жоюға болады. Функционалдық пернелерге әріптер блогы жатады.

    4-хат: Мен электронды кестемен жұмыс істегенді ұнатамын. Онда әр түрлі кестелер мен слайдтар жасауға болады. Дыбыс жазып, видео роликтерді көруге болады. Және де бұл программа арқылы интернет жүйесіне шыға аламыз.

    4-тур. «Ғажайып алаң» Бұл турда әр сайыскер жеке-жеке әр түрлі тақырыптан таңдап өзі жауап береді.

    1-тақырып: Дербес компьютер

    10-Компьютердегі мәліметтерді сақтайтын негізгі құрылғы қалай аталады? (қатты диск)

    20- Компьютердің қандай құрылғысында информация өңделеді? (процессор)

    30- Мультимедия дегеніміз не? (дыбыстық, музыкалық, графикалық, және бейне ақпараттың бірігуі)

    2-тақырып: Windows ОЖ

    10- ОЖ дегеніміз не? (басқарушы және қолданбалы программа)

    20-Экранның фонын өзгерту

    30-ОЖ сыртқы құрылғыларымен байланысын қамтамасыз ететін программалар

    3-тақырып MS Office

    10- Құжатты сақтау

    20- Құжатты баспаға шығару

    30- MS Office пакетіне кіретін программаларды ата

    4- тақырып Жалпы

    10- Электронды поштамен жұмыс істейтін программа

    20-1Г байт информация мынаған тең (1024Мбайт)

    30- Билл Гейтс алғашқы программасын неше жаста құрды (13)

    V- тур. «Кім жүйрік»

    1. Компьютер жанындағы өсімдік (кактус)

    2. Баспаға шығару құрылғысы (принтер)

    3. Жалпы желіге қосылу үшін не керек (модем)

    4. Калькулятордың неше түрі бар (2)

    5. Вирусқа қарсы программа (антивирус)

    6. Дыбыс шығару құрылғысы (колонка)

    7. Бос орын қалтыру пернесі (провел)

    8. Үш программалау тілдерін ата

    9. Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон)

    10. Вирус деген не? (компьютердегі ақпараттарды бүлдіруге арналған программа)

    11. Ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы (пернетақта)

    12. Winzip, winrar қандай программа (архиватор)

    Сонымен бүгін біз информатика пәнгі бойынша «Білімпаздар» сайысын өткізіп, ең жақсы ойын көрсеткен оқушыларға және де ойынды жақсы бағалап отырған әділқазылар алқасына да рахметімізді айтамыз.
    МИЛЛИОН КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?
    Жаңа заман талабына орай қоғамдық өмірге еніп отырған әртүрлі жаңалықтарды сабақ бағдарламасына дұрыс қолдана білу оқушы санасын жете қалыптастырып, білімдерін шыңдап, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелейді. Ойын барысында сұраққа жауап беру қыйындық тудырған жағдайда мынандай 3 жеңілдіктің біреуін бір рет ғана пайдалану керектігін ескертемін.

    1. Жауаптардың ішінде дұрыс емес жауабы алынылып тасталынады, қалған екі жауаптың бірін таңдайды.

    2. Көрермендер жауаптарының үлес салмағын бойынша ойынға қатысушы дұрыс жауабын таңдайды.

    3. Досынан көмек сұрайды.

    Оқушыларға сұрақ беру арқылы негізгі ойынға қатысатын оқушыны анықтаймыз. Оқушыны деңгейлік тапсырмалар бойынша құрылған сұрақтарға жауап беріп, өзіне ұпай жинайды. Дұрыс жауап берілмей қалған жағдайда ойыннан шығарады. Келесі ойыншыда осындай әдіспен ойынға қосылады.

    Кеш барысында пайдаланған сұрақтар.
    7 сынып бойынша берілген сұрақтар

    I-деңгей

    1.Компьютермен жұмыс жасау үшін қажетті құрылғылар жиынтығы

    • Принтер, жүйелік блок,пернетақта

    • Монитор, жүйелік блок,пернетақта

    • Монитор, тышқан,процессор

    2.Сандық пернетақтаға қандай перне жатады?

    • Enter

    • Num Lock

    • Insert

    3.Үлкен әріптермен теру үшін қандай пернені іске қосамыз?

    • Num Lock

    • Caps Lock

    • Shift

    4.Инфарматика ғылымы...

    • Техникалық тасмалдаушыға ақпараттарды орналастыру

    • ЭЕМ-нің көмегімен ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу, тасымалдау заңдылықтарын мен тәсілдері

    • Телекоммуникациялық технологиялар.

    5.1,2,4,8 сандарының тізбегі берілген, келесі санды көрсет

    • 18

    • 16

    • 32

    II-деңгей

    1. Телефон желісі көмегімен басқа телефонға байланысқа шығатын құрылғы

      • Модем

      • Сканер

      • Адаптер

    2. Дербес компьютерлер АҚШ-та қай жылдан бастап дамыды?

    • 1979

    • 1980

    • 1983

    3. Windоws жүйесінде компьютерді өшіру үшін....

    • Экрандағы өшіру батырмасын басып, өшіру керек.

    • Жұмыс істеп тұрған барлық программаларды мәліметтерді дискіге сақтап, олардың терезелерін жауып, жүйелік блоктағы қосқышты басу керек.

    • Бас меню арқылы Іске қосу-Жұмысты аяқтау –Компьютерді өшіру –Ия қатарын таңдап өшіру керек...

    4. Бас менюдің атқаратын қызметі ...

    • Программалар жұмысын бақылайтын меню.

    • Кез келген объектіге баратын жолды көрсететін сатылы командалар.

    • Кез келген қолданбалы програманы немесе құжатты көрсету.

    5.Жұмыс устелінде мынадай объектілер орналасқан...

    • Wort, Excel, Access, Windows белгілері

    • батырмалар, меню командалары, саймандар тақтасы, жұмыс алаңы, қалып күй қатары

    • Менің компьютерім, сілтеуіш, қоржын, желі ортасы белгілері, тапсырмалар тақтасы, іске қосу батырмасы, жарлықтар, бумалар.


    ІІІ –деңгей

    1. Бас менеюді алу үшін...

      • Іске қосу батырмасын шерту.

      • Іске қосу пернесін басу керек.

      • Ctrl+Esc батырмасын басу керек.

    2.Сілтеуіш программасын іске қосу үшін...

    • Жұмыс үстелінде Сілтеуіш белгісіндегі тышқан батырмасын шерту.

    • Бас менюді Іске қосу- Программалар- Сілтеуіш қатарларын таңдау.

    • Менің компьютерім белгішесіндегі жанама менюдің сілтеуіш қатарын таңдау.

    3. Жанама меню қай кезде ашылады?

    • Меню қатарындағы команданың кез-келген тышқанды шерту кезінде ашылатын меню;

    • Кез-келген белгіні ерекшелеп, тышқанның оқ жақ батырмасын шерткенде ашатын меню;

    • Іске қосу батырмасында тышқанды шерткенде ашылатын меню;

    1. Саймандар тақтасы қандай қызмет атқарады?

      • Меню қатарындағы командалардың орындалуына әсер етеді;

      • Жанама менюдегі командалардың атқаратын әрекеттерін толықтырады;

      • Терезедегі барлық орындалатын іс-әрекеттерді басқарады;

    2. Дербес компьютерге альфавитті, цифрлық деректерді және басқарушы жерлерді енгізуге арналған құрылғы?

      • Пернетақта

      • Түзету пернесі

      • Жүйелік меню батырмасы

    8 сынып бойынша берілген сұрақтар

    I-деңгей

    1.Сегіздік санау жүйесінде өрнектелетін ең үлкен сан:

    1. 256;

    2. 512:

    3. 2047

    4. 4096:

    2. Ондық санау жүйесінде өрнектелетін ең үлкен сан:

    1. 4596:

    2. 2121:

    3. 8969

    4. 9002

    3. Екілік санау жүйесі кездесе ме?

    1. 10022

    2. 110001

    3. 2201011

    4. 11012011

    4. Екілік санау жүйесі мына сандармен өрнектеледі:

    1. 0,2

    2. 2,3

    3. 1,2

    4. 0,1

    5. Сегіздік санау жүйесі қандай сандармен өрнектеледі?

    1. 0,1,2,3,4,5,6,8

    2. 0,1,2,3,4,5,6,7

    3. 1,2,3,4,5,6,7,8

    4. 2,3,1,4,5,6,7,8
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16


    написать администратору сайта