Информатика пәнінен әдіс-тәсілдер. информатикадан сыныптан тыс шаралар. Информатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы білімді информатик жргізуші Саламатсыздар ма, рметті стаздар, ділазылар, оушылар! Сіздермен бірлесе отырып Білімді информатик
Скачать 0.95 Mb.
|
POWER POINT программасы бойынша: POWER POINT программасын қалай іске қосамыз? Презентация дегеніміз не? Слайдтарды шаблон арқылы құру қанша этаптан тұрады? 20 балдық тапсырмалар тізбесі: MS DOS операциялық жүйесі бойынша: MD командасының атқаратын қызметі қандай? ASSIGN командасының атқаратын қызметі қандай? Файлды қорғау қасиетін қандай команда арқылы енгіземіз? MS WINDOWS операциялық жүйесі бойынша: Драйвер деген не, толық сипаттама бер? Күн- ай мерзімін және уақытты қалай орнатамыз? Тілдерді қалай орнатуға болады? WORD мәтіндік редакторы бойынша: Құжатты баспаға шығару жолдары қандай? Сурет салу мүмкіндіктері қандай? Кесте салу жолдарын айтыңыз? EXCEL электрондық кестесі бойынша EXCEL терезесі қатарларын атаңыз? EXCEL программасынан шығу жолдарын атаңыз? EXCEL программасында қандай диаграмма түрлері бар? POWER POINT программасы бойынша: Презентация слайдтарын шаблон көмегімен қалай безендіруге болады? Слайд фонын өзгертудің қандай тәсілдері бар? Презентация мәтіндерінөңдеуді қандай режимде жүзеге асыруға болады? 30 балдық тапсырмалар тізбесі: MS DOS операциялық жүйесі бойынша Архивтік файл дегеніміз не? Дискінің көшірмесін қандай команда арқылы алуға болады? Каталогтармен жұмыс істейтін командаларды атаңыз? MS WINDOWS операциялық жүйесі бойынша: Компьютерде принтерді қалай орнатамыз? Экранның фонын қалай өзгертеміз? Дыбыстық құрылғыны қалай орнатамыз? WORD мәтіндік редакторы бойынша: WORD –та формулаларды қалай жазуға болады? WORD – ты форматтау қатары арқылы қандай жұмыстарды атқаруға болады? WORD – қа басқа программалардан қандай обьектілерді енгізуге болады? EXCEL электрондық кестесі бойынша EXCEL – де графиктерді тұрғызу жолдары қандай? EXCEL программасында шрифтерді қалай өзгертеміз? EXCEL программасында ұяны қарауды қалай енгіземіз? POWER POINT программасы бойынша: Анимациялық эффектілерді қалай енгізуге болады? Слайд ауысуының қандай түрлері бар? Презентацияға музыкалық клиптер мен дыбыстар қосуға бола ма? III. - бөлімге арналған сұрақтар тізбесі: Вирустың кері әсерін жоятын прпограмма (Антивирус) Информацияның өлшем бірлігі (Бит, байт) Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны (Файл) 101 ондық жүйеде қанша сан? (5) Мәліметтер енгізу пернесі (Enter) Бос орын қалдыру пернесі (Пробел) Деректерді сақтауға арналған құрылғы (Жады) Сурет салуға арналған программа (Графикалық редактор) Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі (Delete) Әр түрлі объектілер орналасқан WINDOWS экраны (Жұмыс столы) Дыбыс жазу құрылғысы (Микрофон) Жыпылықтап тұратын тік сызықша (Курсор) Принтер түрлерін айтыңыз? (Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш) Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (монитор) Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер) Бас әріптер режимін іске қосу (Caps Lock) Программалау тілдерінің түрлері (Бейсик, Паскаль, Си) Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы (Интернет) Компьютер жанына қойылатын өсімдік (кактус) IV - бөлімге арналған терминологиялық сөздер: 1. «Интернет» сөзінің мағынасы мен қолданылу аясы туралы түсінік бер. 2. «Электрондық почта» дегеніміз не, оның ерекшелігі қандай? Сайыс соңында ұпай көп топ марапатталады. «КӨҢІЛДІ ИНФОРМАТИКА» сайысы сайыс. «Таныстыру». Командалар өз атын, ұранын және 5 минут ішінде жасаған эмблемаларын таныстырады. сайыс. «Пантомима» Берілген тақырып бойынша пантомима жасау сайыс. «Санау жүйелері» Есеп. Бір математик қағаздарының ішінде оның өмірбаяны табылған. Ол мынадай қызықты сөздермен басталады. «Мен университет курсын 44 жаста аяқтадым. Бір жыл өткен соң, мен 100 жастағы жас жігіт, 34 жастағы қызғы үйлендім. Кішкене ғана жас айырмашылығы, яғни небәрі 11 жас, ортақ рманда және ортақ қызықтармен өмір сүруімізге себеп болды. Көп жылдар өтпей ақ менде 10 баладан тұратын кішкентай отбасым болды.» Жауабы: Жүйенің негізі 5 болып келеді, яғни өмірбаянындағы барлық сандар бестік санау жүйесінде жазылған. 44-24, 100-25, 34-19, 11-6, 10-5, 4- сайыс «Капитандар жарысы» Капитандар мәтіннің шифрларын шешіп, кодтау тәсілін түсіндіру керек. Пүкін мектепке пардым. Коляманлядаля Акитамрофни Жауабы: Бүгін мектепке бардым Команда Информатика 5- сайыс. «Венгр сөзжұмбағы» Көрсетілген сөжұмбақта жасырылған сөздерді тауып жазыңыз.
Жасырылған сөздер: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем, интернет, байт, антивирус 6- сайыс. «Кім көп біледі?» 1. пернесі қандай пернелер тобына жатады? (регистр ауыстыру пернесі) 2. «Адам қайраткерлігінің бұл саласы компьютер көмегімен ақпаратты өңдеу үрдісімен байланысты» деген анықтама қандай ұғымға жатады? (Информатика) 3. Көбейту кестесінде ақпарат қандай түрде берілген (сандық) 4. Сіз кітап оқығанда қандай процесс жүреді? (Беру) 5. Қандай құрылғы компьютердің миы деп аталады? (процессор) 6. Компьютердің қандай құрылғысы ақпарат сақтау үшін қолданылады? (жад) 7. Мәтіндік ақпаратты өңдеуге арналған бағдарлама мәтіндік (редактор) 8. 1 бит неше байт? (1 бит 1/8 байт) 9. Микросхемаларды біріктіретін, металл өрімдері бар пластина қалай аталады? (тақша) 10. Сыртқы құрылғыларды басқаратын арнайы бағдарлама? (драйвер) 7- сайыс. Тест 1.Компьютер - бұл А) сандық ақпаратты автоматтық өңдеуге арналған құрылғы В) ақпаратты сақтауға арналған құрылғы С) ақпаратты іздестіруге, жинауға, сақтауға, түрлендіруге және пайдалануға арналған құрылғы Д) ақпараттық қор көздерін басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалық жасақтамалар жиынтығы 2. мультимедиялық компьютер деп аталады А) интернет желісінде жұмыс істеуге қабілетті В) мультфильмді көрсетуге қабілетті С) құжаттарды басып шығаруға және мәтін алуға қабілетті Д) сандармен, мәтіндермен, графиктермен, дыбыс және бейнемен жұмыс істеуге қабілетті. 3. Комьютердің жұмыс істеуі үшін, ең аз қажетті құрылғылар жинағына....... жатады: А) басып шығарғыш, жүйелік қорап, пернетақта В) жүйелік қорап, пернетақта, монитор С) процессор, тінтуір, монитор Д) пернетақта, монитор, тінтуір 4. Жүйелік қорап – бұл А) компьютердің негізгі қызметтік элементтері тұратын қорап В) мәтіндік және сызбалық ақпаратты сақтауға арналған құрылғы С) аналық тақшасы мен дыбыстық, желілік карталары бар қорап Д) мәтіналуды, сақтау мен басып шығаруды қамтамасыз ететін құрылғы 5. Монитор (дисплей) үшін арналған А) компьютерде жұмыс істеу кезінде жиі пайдаланылатын ақпаратты ұдай сақтау В) шеткері құрылғыларды кең арнаға қосу С) берілген бағдарлама бойынша компьютердің жұмысын басқару Д) мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеу 6. Сызбалық ақпаратты шығару құрылғыларына жатады А) мәтіналғы В) басып шығарғыш С) пернетақта Д) модем 7.Ақпаратты енгізу құрылғыларына жатады А) дисплей, пернетақта, тышқан В) басып шығарғыш, дисплей, модем С) мәтіналғы, пернетақта, тышқан Д) басып шығарғыш, мәтіналғы, тышқан 8. Мәтіналғы – бұл А) қатты тасымалдаушыға, әдетте қағазға, басып шығару құрылғысы В) мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеуге арналған құрылғы С) мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін әзірлейтін құрылғы Д) үздіксіз қоректендіруді қамтамасыз етуге арналған құрылғы 9. Ақпаратты экранға шығаруға арналған құрылғы – бұл А) мәтіналғы В) басып шығарғыш С) монитор Д) пернетақта 10. Кернеудің бірден төмендеуі және электр қуатының ажыратылуы кезінде компьютерді қорғауды қамтамасыз етеді А) аналық тақша В) қоректендіру қорабы С) ұдайы қоректендіру көзі (UPS) Д) тұрғылықты диск Қорытынды. Марапаттау. ИНФОРМАТИКА: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ (танымдық кеш) Бұл кештің маңызы оқушыларға компьютердің даму тарихы, түрлері және пайдасы туралы мағлұмат бере отырып, мамандыққа даярлауды ұштау мақсатына бағытталған. 1 – жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Информатика: кеше, бүгін, ертең» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз! 2 – жүргізуші: Біз бәріміз бала кезімізден бастап ақпарат алмасу процесіне қатысамыз. Сөйте отыра біз білетін ақпараттарды сіздермен бөліскіміз келеді. 1 – топ. Мынау ұшқыр заманда Жаңалық енді ғаламға Компьютер тілін меңгеру Қажеті туды адамға Компьютер (ағылшынша: computer – «есептегіш») Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болған болатын. Бұл сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. 1946 жылы бұл сөздікте цифрлық компьютер, аналогтық есептеуіш машинасы және электронды компьютер түсініктерінің мағынасы ажыратылып көрсетіледі. -б.э.д. 3000 жыл – Ежелгі Вавилонда алғашқы есептегіштер – абак пайда болды. - б.э.д. 500 жыл – Қытайда абактың «жаңа» нұсқасы пайда болды. -1492 жыл – леонардо да Винчи өзінің бір күнделігінде он тісті сақиналары бар 13 разрядты есептегіш құрылғының сызбасын көрсеткен. -1642 жыл – Блез Паскаль «Паскалин» - алғашқы нақты жүзеге асырылған және кең танылған цифрлық есептеуіш құрылғыны ұсынды. Құрылғы бұндай есептегіштердің оннан астамын жасады, соңғы үлгілері сегіз разрядты сандармен де жұмыс жасай алатын еді. -1673 жыл – көрнекті неміс философы және математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц механикалық калькулятор жасады, ол екілік санау жүйесінің көмегімен көбейту, бөлу қосу және азайтуды орындай алатын еді. -Осы кездер шамасында Исаак Ньютон математикалық анализ негіздерін қалады. -1786 жыл – неміс әскери инженері Иоганн Мюллер «айырмалық машина» идеясын ұсынды – бұл машина айырмалық әдіспен есептелетін логарифмдерді табуляциялай алатын еді. Лейбництің тісті доңғалақтары негізінде жасалған бұл машина біршама кішкентай (биіктігі 13 см, диаметрі 30 см) болғанымен, 14 – разрядты сандармен негізгі төрт арифметикалық амалды орындай алатын еді. -1822 жыл – ағылшын математигі Чарльз Бэббидж айырмалық машинаны (математикалық кестелерді автоматты түрде құруға арналған арифмометр) ойлап тапты, бірақ іс жүзінде жасап көрсете алмады. -1876 жыл – орыс математигі П.Л.Чебышев ондықтарды үзіліссіз тасымалдайтын қосқыш аппарат құрды. Бұл ғалым 1881 жылы осы машинаға көбейту және бөлуге арнап қосымша бөліктер жасады. - 1884 – 1887 ж.ж.- Герман Холлерит электрлік табулдыциялық жүйе (Холлерит табулыторын) жасап шығарды, бұл жүйе 1890 және 1900 жылдары АҚШ – тағы, 1897 жылы Ресейдегі халық санағында қолданылды. -1912 жыл – орыс ғалымы А.Н.Крылов жобасы бойынша қарапайым дифференциалдық теңдеулерді интеграциялауға арналған машина жасалды. -1927 жыл – Массачусетс технологиялық университетінде аналогтық компьютер жасап шығарылды. -1938 жыл – неміс инженері Конрад Цузе өзінің алғашқы есептеуіш машинасын жасап, оған Z1 деген ат берді (Оның соавторы ретінде Гельмут Шрейердің есімі де аталады) Бұл толықтай механикалық, бағдаламаланатын цифрлық машина еді. Бұл үлгі іс жүзінде қолданылмады. Оның қалпына келтірілген нұсқасы Бенрлиндегі неміс техникалық мұражайында сақталған. Осы жылы Цузе Z2 машинасын жасауға кірісіп кетті. |