Главная страница

Информатика пәнінен әдіс-тәсілдер. информатикадан сыныптан тыс шаралар. Информатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы білімді информатик жргізуші Саламатсыздар ма, рметті стаздар, ділазылар, оушылар! Сіздермен бірлесе отырып Білімді информатик


Скачать 0.95 Mb.
НазваниеИнформатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы білімді информатик жргізуші Саламатсыздар ма, рметті стаздар, ділазылар, оушылар! Сіздермен бірлесе отырып Білімді информатик
АнкорИнформатика пәнінен әдіс-тәсілдер
Дата09.02.2023
Размер0.95 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаинформатикадан сыныптан тыс шаралар.doc
ТипДокументы
#927587
страница12 из 16
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

-1941 жыл – Конрад Цузе Z3 машинасын жасады. Бұл машина қазіргі заманғы компьютердің балық қасиеттеріне ие болатын.

-1942 жыл – Айова штатының университетінде Джон Атанасов және оның аспиранты Клиффорд Берри АҚШ-тағы алғашқы электрондық цифрлық компьютеді жасап бастады. Бұл машина толықтай аяқталмағанымен (Атанасов әскерге кетті), тарихшылардың айтуына қарағанда, американ ғалымы Джон Мочлидің екі жылдан кейін Эниак ЭЕМ-ін жасап шығаруына көп әсерін тигізді.

1943 жылдың басында алғашқы американдық есептеуіш машина – Марк І жасалды. Бұл машина АҚШ әскери - әуе күштерінің күрделі баллистикалық есептерін шығаруға арналған еді.

- 1943 жылдың соңында арнайы мақсаттарда қолданылатын ағылшын есептеуіш машинасы – Колосс жасалды. Машина фашистік Германияның құпия кодтарын шешумен айналысты.

-1944 жылы Конрад Цузе Z4 компьютерін жасап шығарды.

-1946 жылы алғашқы әмбебап электронды цифрлық есептеуіш машина – Эниак жасап шығарылды.

Кеңес Одағында алғашқы электрондық есептеуіш машинасы Киевте Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен 1950 жылы жасалды.

Көрініс.

Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен, заңғар таудың бөктерінде, бір шаһар болыпты. Сол шаһардың ханы бір күні өзінің барлық нөкерлерін жинап алып:

Мен байлықтарымды ұлдарыма бөліп беру керекпін. Үш ұлыма байлығым тең бөліну керек. Оны мен бағаларымен есептеуім керек. Енді сендер сол үшін маған барлығын есептейтін адамды не сондай есептегіш құрылғыларды тауып беріңдер. Сендер өз араларыңнан бір адамды таңдап сол адамды жолға жөнелтіңдер. Мен сендерге 1 ай уақыт беремін.

Барлық нөкерлер жиналып Нострадамусты жібереді. Нострадамус көп жерлерді жүріп өтуге бел байлап, өзінің уақыт машинасымен ерте заманға келеді. Осы заман адамдары барлығын таспен есептеп жатқанын көреді, бірақ тастардың қаншасын алатын білмей, ханның көп байлықтарын қалай есептейтінін көз алдына елестете алмады. Бұл ғасырдың есептегіші тиімді емес екенін көреді. Сөйтіп, шамамен 15 ғасырға келеді, онда барлық адамдар есепшотпен есептегендігін байқайды. Оның да тиімді емес екенін көріп 17 ғасырға келеді, онда бір ғалыммен танысады ол машинаның қосу мен алуды ғана орындайтынын көріп барлық байлықты есептеуге жетпейтінін көреді, сөйтіп 20 ғасырға келеді. Онда үлкен машинаны көріп, қуанып сол машинамен жұмыс істеудің тиімді екенін көріп өзімен бірге алып кетуге бел буады. Бір өкінішке орай салмағының үлкен екеніне қарай көтере алмай көңілі түсіп келе жатып, 21 ғасырға тап болады сол жерде қазіргі қолданыстағы компьютерлерді көріп, өзімен бірге алып, хан шаһарына оралады.

1 – жүргізуші. 1 – ойын, «Сөзді тап» Сіздерге сандар көрсетіледі. Сол сандарды ашатын әріптер беріледі. Сіздер сол сандарды пайдалана отырып информатика саласы бойынша сөздерді шешулеріңіз керек. Барлығымыз дайын болсақ, ойынды бастаймыз!

(Біз ақпараттандырудың болашағымыз!)

2 - топ. Информатиканың дамуына байланысты бүгінгі таңдағы электронды есептеуіш машиналарының ондағы жетілдірілген программалар жайлы аздаған мағлұматтарды айта кетсек. Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математтикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолданамыз.

Бүгінгі таңның басын Windows 95, 98 операциялық жүйемен бастасақ, бұл саланың қарқынды түрде дамуына байланысты қазіргі таңда Windows XP, Windows XP Professional, Windows Vista, Windows Zver операциялық жүйелер көп қолданылуда. Олардың ерекшелігі интернетке қосылуды, офистегі және үйдегі желілерде компьютерді қолдануды ыңғайлы деңгейге жеткізетін кемелдендірілген және ықшамды желі жүйесімен қамтамасыздандырылған. ХР-дің Windows 2000 – нан үстем болған қасиеттерінен бірі, сымсыз жергілікті желілерді сезгіштігі және мұндай желілерде жұмыс істеу қабілеті.

Дисплей (монитор) - деректерді көрсетіп ұсынатын құрылғы. Ол ақпарат шығарудың ең танымал құрылғысы болып табылады. Қазіргі таңда 9-дан 42 дюймге дейінгі экранды монитор шығарылады. Стандартты мөлшерлері 14, 15, 17,19,20,21. Бүгінгі таңда 15 және 17, 19,21 дюймдер мөлшеріндегі мониторлар ең әмбебап монитор болып табылады.

Дербес компьютерлердің орталық процессорлар нарығында қазіргі уақытта басты орынды Intel фирмасының х86 түрдегі моделі иеленуде. 1993 жылы Pentium процессоры пайда болды. Ол х86 архитектурасының процессорларының көптеген қасиеттерін игерумен тығыз байланысты. Процессор логикалық және арифметикалық операцияларды орындайды, операциялардың орындалу тәртібін анықтайды, дерек көздері мен нәтижелері қабылдаушыларды көрсетіп береді. Процессор жұмысы программалардың басқаруымен жүзеге асады.

Сондай-ақ қазіргі уақытта бірнеше программалау тілдері қолданыста жүр. Атап өтсек Паскаль, Бейсик, Дельфи, Фортран, Си++, т.б. Компьютерлік графикада қолданылатын бағдарламалар Corel Draw, Adobe Photoshop, Makronedia Flesh т.б. Әлем байланысының басты құралы интернет желісі туралы айтпай кету мүмкін емес. Интернетте қоғамның талабына сай әр түрлі саладағы ақпараттарды мынадай сайттарға кіру арқылы аламыз: yandex, google, kaz.kz, students, comphum, informatika, mail.ru және т.б. Электрондық пошталар арқылы дүние жүзі елдерімен хабарлама алмаса аламыз.

Бүгінгі күнде ADSL технологиясы қолданылуда. ADSL - бұл кәдімгі телефон нөмірінде жоғары жылдамдықпен Интернетке қатынауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа технология. Бұл жағдайда телефон желісі бос күйінде қала береді.

Мәлеметтерді жіберудің жоғары жылдамдығы

ADSL кеңжолақты технологиялар класына жатады. Ол абоненттің бағытына мәліметтер жіберудің жылдамдығын – кіру арнасы бойынша 8 Мбит/с-ке дейін және шығу арнасы бойынша 768 Кбит/с-дейін қамтамасыз етеді. Жоғары жылдамдық web - сайттарымен қолайлы және жұмыс істеуге, тез арада үлкен файлдар мен құжаттарды өткізіп алуға, мультимедиамен жұмыс істеуге, инетактивті тіркемелерді толық пайдалануға мүмкіндік береді.

Megaline - ADSL технологиясы бойынша ұйымдастырылатын жоғары жылдамдықпен Интернетке қатынау. Ол Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы бірегей ұсыныс! Бұл жоғары сапасымен және қол жететін бағасымен ерекшеленетін жоғары жылдамдықпен Интернетке қатынау қызметі.

Бүгінгі информатика бүкіл ғылымдар жүйесін дамытатын, алға өргізетін күрделі де қызықты дара ғылым. Экономиканы, мәдениетті, саясатты, адам өмірінің бүкіл саласын ілгері жүргізіп, жарқын болашаққа әкелетін, көп құпиясымен сырларын әлі толық ашпаған, өзінің осы жасырындылығымен талай дарынды жүректерді, ұшқыр ақылдыларды бау\рап алар тартымды әлем. Егер сіз жасырын құпиялардың сырын ашуға құштар, қиындықтарды жеңе білетін, ізденуден жалықпайтын, биік шыңдардан көрінемін деген сенімде болсаңыз информатика әлеміәне лайықты өкілсіз.

Тележарнама

Сыныптағы компьютер- адамдарды өзіне басындырған әлжуас

Жүйелік блок – бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми

Монитор- өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз

Пернетақта- саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, иә-ін қайталайтын береген.

Тышқан-пернеден жасқанатын, адам көмегіме басқарылатын, қорқақ компьютердің кенже баласы

Джойстик-тышқанның ең жақын туысы

Принтер-стипендия алғанда ақшаңның тең жартысын бақилықа жіберетін апан

Сканер-принтерден асып түсетін мешкей.

Осымен бүгінгі тележарнамамыз аяқталды. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

1 – жүргізуші. 2-ойын «Дөңгелек барабан» Бұл ойында мультимедиадан сіздерге дөңгелек барабан көрсметілген. Барабанның әр бөлігін пайдалана отырып информатика саласына байланысты сөз құрап шығыңыздар. (алгоритм)

2 – жүргізуші: Информатика болашаққа бастайды

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып 21-ші ғасырға

Барлық әлем жаңалығын тастайды.

1 – жүргізуші: Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды

Информатика озады бар ғасырды.

Ой түйіндеп, жетелейді адамды

Әлі ашылар құпиялар сан қырлы – дей отыра келесі кезекті информатиканың болашағы жайында айтатын оқушыларға сөз кезегін ұсынамыз.

3 – топ. ХХІ ғасырдың есептеу машиналары «адамсыз» жұмыс атқара алатын өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отыр. Осы сияқты «болашақтың» фабрикаларында қолмен істелінетін жұмыстардың бәрін роботтар орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті жоспарлау, роботтар жұмысын басқару және ЭЕМ көмегімен жаңа бұйым жасау істерін жобалау ғана болып қалады.

Бүгіннің өзінде-ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-дерді пайдалану адамдарға ақпаратты жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып, жобалау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік берді. ЭЕМИ-дер мектептерге келе бастады, олар физика мен математика, химия мен биология сияқты және басқа да пәндерді оқып үйрену ісіне үлкен көмек береді.

ЭЕМ – мен қарым-қатынас жасау және оларды өз жұмысында пайдалана білу бұдан бұрынғы аталарымыздың қаламсаппен сауат ашқаны сияқты, алдағы 10 – 15 жылда біздер үшін ең керекті зат болып, компьютерлік сауаттылықтың негізін қалайды.

Эволюция жалғасуда, компьютерлер құраушылары қызу жұмыста. Осы жылдың басында UM.PC - ның жаңа түрлері жасалды. Тіпті бір аккумулытордың жұмыс істеу уақыты 3 – 4 сағатқа созылады. Ал, енді болашақ компьютерлерге назар аударайық.

Компьютерлік ойыншық, пернетақтамен тышқаны жоқ болады. Қолданушымен «көңіл – күй комуникациясымен» дауыс толқыны және тікелей әсер етумен арқылы жұмыс атқарады. Домалақ сенсорлық экран түсіріліп, сымсыз пультқа айналады.PC.PET компьютерлік бағдаламасы көбінесе үй жануарларымен ойын ойнағанға ұқсайды.

Қолды ауыртып, пернетақтаны баспай әңгімелесу ретінде компьютер өздігінен мәтінді немесе басқа да жұмыстарды дыбыс толқындары арқылы жазады.

«Еркінбол» ноутбугы – саяхатшыларға арналған концентуалды компьютердің түрі. Адамдар бір жерден екінші жерге орын ауыстырғанда жаңа компьютедің мүмкіндіктерін пайдалана алады. Яғни олар – музыканы тыңдау, ойын ойнау, киноларды көру. Бұның бәрі өзімен бірге үйдің бөлігін алғандай боласың. Бұл ноутбуктың жаңа түрі қозғалмалы динамиктермен және енгізілген проекторлармен ерекшеленген.

Жанет – бұл үлкен қаланың тұрғындарына арналған дербес навигатор. Бұл компьютедің иесі ешқашан аялдамада автобус күтіп тұрмайды. Кішкентай электронды газет, сіздің орналасқан жеріңізді анықтап, сізге бірнеше маршруттардың жүру уақытын ұсынады. Сонымен болашақта қоғамдық транспорт өзінің орналасқан жерін ақпараттық жүйе арқылы сізге және кішігірім дербес навигаторынан ақпарат беріліп отырады.

1 – жүргізуші: 3-ойын. «Сиқырлы сандар». Сандар мен әріптер берілген, солардан информатикаға байланысты сөз құрап шығыңыздар. (микропроцессор)
Болашақ компьютерлер

Армысыздар құрметті көрермендер! Сіздердің алдарыңызға болашақ компьютерлерге арналған шағын көрсетілім қоямыз! Назар аударыңыздар!

Автор: Басқа планетадан бір бейтаныс кеме ұшып келеді. Бұл Komnnew планетасына белгілі болмаған еді. Қонақтарды күтпеген планетаның өкілдері қарсы алуға шығады. Сол кезде кемеден екі робот шығады.

Үлкен электронды машинаның роботы: Біз Бейбидж планетаның өкілдеріміз!

Микро электронды машинаның роботы (МЭМР) Тұра тұр құрбым менің мына сым темірімді жөндеп, жалғап жіберші!

Үлкен электронды машинаның роботы (ҮЭМР): ММММ не айтайын деп едім. Біздің сіздерге қоятын талаптарымыз бар! Бұл сіздердің техникалық мүмкіндіктерге байланысты!

МЭМР: Тұра тұр, тұра тұр неге балығын бірден айтып жатырсың? Олар бізге не деп айтады? Соны көрмейміз бе?

ҮЭМР: Неге? Бізге керегі олардың біздің талаптарымызды орындағаны ғана керек емес пе?

МЭМР: АААА дұрыс айтасың мына менің антеннамды жөндеп жіберші!

ҮЭМР: Осы сен – ақ жөндеуден толық өтпейсің бе? Мына мен сияқты.

Планшет роботы: Хм, құрметті Бейбидж өкілдері мына біздің Komnnew планетасына не іспен келдіңіздер?

ҮЭМР: Біздің сіздерге қоятын талаптарымыздың бірі: сіздердің даму деңгейлеріңізді уақытша тоқтату.

Екінші талабымыз: Жаңа антивирустық программалармен алмасу.

Үшінші талабымыз: сіздермен интернет желісі арқылы қарым – қатынас жасауға бізге мүмкіндік беріңіздер!

МЭМР: Ал мына біздің жұқа сым теміріміз бұған шыдай алмас! Караңдар мына біздің түріміз ешкімді тіпті сендерді ді қызықтырмайды.

ҮЭМР: Егер біздің мына талабымызды орындамасаңдар біз сіздерге арналған жаңа вирустың түрін жұқтырып кетеміз! Бұл бүкіл сіздердің ғұмырларыңызды құртып, жойып жібереді!!!!ХА ХА ХА мұны бізден күтпеген едіңіздер!

МЭМР: Иә, аға бұлар бізге көңіл ғой деймін.

Автор: Осы кезде кемеге олардан бұрын Komnnew планетаның жаңадан шыққан бір өкілі өздерінің бір жаңа вирусын қойып кетеді!

Ноутбук роботы: Иә, дұрыс айтасыңдар, бізде де ақырғы кезде білікті мамандарымыз демалысқа шығып еді. Енді не істерімізді білмейміз! Планшет, бұларды тыңдасам бізге қауіп төніп тұр ғой! ХИ ХИ ХИ

Планшет роботы: Тек вирустарыңды бізге қоймаңдар, лақтырмаңдар! Онсыз да бізге қиын болып жүр.

ҮЭМР: Жарайды осы сөздеріңде берік тұрсаңдар біз жолымызды жалғастырамыз! Келістік қой!

Планшет роботы: Әрине! Жолдарың болсын!

Автор: Бейбидж өкілдері өз кемесіне мініп, жолға шығып, өз планетасына аттанады! Осы кемеден түсіп, өздерінің істеген жұмыстарына риза болған үлкен және микро электронды машиналар кемеде вирусты байқап шошып кетеді!

ҮЭМР: Бізде ВиРУУУУУУУУС қой! Мынаны ал!

МЭМР: Мен бе?

ҮЭМР: Иә сен.

МЭМР: Жоқ сіз өзіңіз алыңыз!

Автор: Осы кезде Бейбидж планетасы толығымен жойылып кетеді. Ал Komnnew планетасының өкілдері жаңа компьютерлер түрлерін көрсетіп мәз күйінде мультимедиа тақтасынан болашақ идеяларын көріп, отырады!

Жаңа ноутбук түрі: Біреуге ор қазба, өзің түсесің деген адамдардың сөзі бар емес пе?! Бұл шындық! Ал біз мына арманға да жеттік!

Автор: Осымен көрініс аяқталды.

1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі информатика кешімізді осымен тамамдаймыз. Ынта қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

ЗЕРДЕЛІК ОЙЫН
Ойын барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Жүргізуші. Қайырлы күн, менің қымбатты ақылға бай азаматтарым!

Мен сіздерді біздің зерделік ойынханада қарсы алып, сәлем жолдап отырмын. Біздің ойынхана- бұл әлі атағы шыға қоймаған адал, мықты жандардың кез келген жолмен емес, өз ақылын пайдалануы арқылы ақша табатын орны. Бірақ біздің ақшаларымыз да ерекше! Олар «бір ақыл» көлеміндегі қағаз ақшалардан, яғни банкноттардан тұрады. Естеріңе сала кетейік, «Бір бас жақсы, ал екеуі одан да жақсы» деген сөзді естіген шығарсыңдар. Ал ойынға қатысушы балалар, бүгін сендердің әрқайсыларың 5 «ақыл» көлемінде ақша табуларың керек. Ойын барысында сендер өз «ақылдық қабілетіңді» біртіндеп жинап, көбейте аласыңдар немесе бар таланттарыңнан жұрдай болып айрылып, банкрот та болып қалуларың мүмкін. Ойында сендерге информатика пәнінің мынадай тақырыптарынан сұрақтар беріледі: компьютер құрылғылары, есептеу техникасының даму тарихы, санау жүйелері (компьютердің арифметикалық негіздері) , компьютердің логикалық негіздері, Windows операциялық жүйесі, Paint графикалық редакторы. Мен осы тақырыптардан сұрақ беремін, ал сендер, жауап бергілерің келсе, тақырып айтылған соң, қолдарыңды көтеріп, бір сұрақтың дұрыс жауабына «бір ақыл» көлемінде ақша таба аласыңдар. Ал егер қателесіп кетсеңдер, онда да ақша табылады, бірақ ол біздің ойынхананың қорына түседі. Сонымен, оын шарты қарапайым: мен сұрақ беріп, оның жауабының үш түрлі нұсқасын айтамын. Сендер соның дұрысын тауып, қолдарыңдағы 1,2 немесе 3 цифрлары жазылған тақтайшаларыңның бірін көтересіңдер.

2. Ойынның басталуы

1. Компьютер құрылғылары тақырыбынан сұрақ. Ал кім қолын көтереді? Ақша табуға кіріселік!

«Монитордың шешу қабілеті» дегенді қалай түсінуге болады?

А) мониторды іске қосуға болады

Б) монитордағы тік және көлденең бағытта орналасқан пикселдер саны

В) монитор жаңа программаны шығаруға рұқсат береді

2. Келесі сұрақ сендердің есептеу техникасының даму тарихын қаншалықты білетіндеріңді сынайды. Ал, ақша табуға дайындалып, қол көтерейік!

Қытайлықтардың «суанпан», жапондардың «серебян» деп атаған есептеу аспабын гректер мен Батыс Еуропа қалай деп атайтын еді?

А) абак

Б) арифмометр

В) есепшот

3. Келесі сұрақ компьютердің арифметикалық негіздері немесе санау жүйелеі тақырыбынан беріледі. Ал кім ақша табар екен? Кіріселік!

Ондық жүйедегі 5 саны екілік жүйеде қалай жазылады?

А) 101

Б) 111

В) 100

4. Компьютер құрылғылары тақырыбынан сұрақ. Дайындалыңыздар, кім жауап береді!

Компьютердің жұмыс істеуіне керекті оның ең шағын (кіші) көлемдегі құрылғылары мыналар

А) принтер, жүйелік блок, пернетақта

Б) процессор, тышқан тетігі, монитор

В) жүйелік блок, монитор, пернетақта

5. Сендер дизъюнкция, конъюкция, инверсия дегенді білесіңдер ме? Кім мұны білсе, қолын көтерсін!

Егер А=1, В=0 болса, онда А V В мәні мынаған тең болады

А) анықталмаған, өйткені мәліметтер саны жеткіліксіз

Б) 1

В) 0

6. Ал, мықтылардың мықтысы бола алатын сендердің қайсыларың өлең жолдарын жақсы көрер екенсіңдер? Ал дайындалайық!
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


написать администратору сайта