Информатика пәнінен әдіс-тәсілдер. информатикадан сыныптан тыс шаралар. Информатика пні бойынша сыныптан тыс іс шаралар жинаы білімді информатик жргізуші Саламатсыздар ма, рметті стаздар, ділазылар, оушылар! Сіздермен бірлесе отырып Білімді информатик
Скачать 0.95 Mb.
|
6.Алгоритмнің арнайы бекітілген геометриялық фигуралар арқылы графиктік түрде жазылуы А) схеманы, формулаларды түсіндіру Б) болк-схема* В) алгоритм 7. Әріп ретінде қай алфавитінің бас әріптері және кіші әріптері қолданылады? А) латын* Б) ағылшын В) неміс 8. Бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бөліндінің бүтін бөлігін табу) А) MOD Б) OR В) DIV* Сынақ нәтижесі бойынша артта қалған жұп жарыстан шығады. 3- тур. Шеберлік қаласы. Бұл турда оқушыларға конвертте 2 тапсырмалардан беріледі. 1 – тапсырма – арифметикалық өрнектерді орында. 2 – тапсырма – алгоритм құрастыру. №1 ах2 – вх + с өрнегін Паскаль тілінде жаз. «Қала аралық телефонмен байланысу» алгоритмін құрастыру. №2 1. арифметикалық өрнегін Паскаль тілінде жаз. 2. «Футбол ойнау» алгоритмін құрастыру. №3 1. өрнегін Паскаль тілінде жаз. 2. «Компьютерде ойнау» алгоритмін құрастыру. 4 – тур. Шешендік қаласы. Осы турда 2 жұп қалады. Тапсырма: екі жұпқа «Алгоритм» ұғымы бойынша мәтін беріледі, олар осы берілген уақыттарында оқып әр жұптан бір оқушыдан шығып, өз шеберліктерін көрсетеді. «Алгоритм дегеніміз не?» Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763-850ж.ж) есімінің латынша Algoritmi (Алгоритми) болып жариялануынан шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көпорынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді. Оған дейін де арифметикалық амалдарды орындаудың көптеген ережелері болған. Онда, негізінен, сандардың ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген болатын Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді. Алгоритмді реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі деп ұғынған жөн. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек. 5- тур. Білімдік қаласы. 2 команданың оқушыларына 2 конверт беріледі. Мұғалімнің ұсынуы бойынша берілген есебіне бағдарлама құрастырады. (Дайын жауаптары алдын –ала әділқазыларға беріледі) Дұрыс құрастырылған команда жеңімпаз болып атанады. Әділқазы алқасына сөз беру. Сабақты қорытындылау, жеңімпаз оқушыларды мадақтау «ИНФОРМАТИКА ӘЛЕМІНЕ» саяхат Бүгін сабақта «Информатика әлеміне» саяхат жасаймыз. Онда біз: мәтіндік редакторда, калькуляторда, MS Power Point программасында жұмыс істейміз тапсырма: Мәтіндік редакторда құжатты өз қалауы бойынша безендіру және пішімдеу: тапсырма. Ондық санау жүйесіндегі санды екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйесіне түрлендіру 1) 7810=1000101102 7810=1168 7810=4E16 2) 8910=10110012 8910=1318 8910=5916 3) 4510=1011012 4510=558 45110=1C32916 4) 6110=1111012 6110=758 6110=3D16 3-тапсырма MS Power Point программасында «Менің Отаным Қазақстан» атты тақырыпта 3-слайдтан тұратын презентация жасаңдар. Слайдтарды компьютердің барлық анимациялық мүмкіндіктерін қолданыңдар. 4- тапсырма. «Информатика» деген сөздің әріптерінің орнын ауыстырып қойып, осы әріптерден сөз құрастыру. 5- тапсырма. Сөзжұмбақты шешу: 1. Латынның information сөз нені білдіреді (ақпарат) 2. Ақпарат өлшем бірлігі (байт) 3. Санау жүйесі (сегіздік) 4. Графикалық редактор (Paint) 5. Пішімдеу әрекеттерінің түрі (Қаріп) 6. Программалау тілі (Паскаль) 7. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы (компьютер) 8. Мәлімеметтер жиыны (файл) 9. Дүние жүзілік желі (интернет)
6- тапсырма Спринт сұрақтары: 1. MS Word терезесінің қатарларын ретімен орналастыр А) жұмыс аймағы Б) меню қатары В) қалып-күй қатары Г) тақырып жолы 2. Бас менюдегі командаларды ретімен жаз А) баптау Б) құжаттар В) программалар Г) іздеу 3. MS Word редакторының меню қатарын ретімен жаз А )түзету Б) түр В) формат Г) файл 4. Ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен жаз А) МегеБайт Б) Бит В) ГигиБайт Г) Байт 5. Бума құру үшін команданың ретін ата? А) бума (папка) Б) құру (создать) В) ат енгізу 7 – тапсырма. Ребус шешу. Сабақта оқушылар “Microsoft Word”, “Power Point”, «Калькулятор» программасы бойынша алған білімдерін компьютерде орындауға мүмкіндік алды, әрі мұндай сабақтардың оқушылардың ой-өрісін жан-жақты жетілдіруіне, шығармашылық қабілетін арттыруына, белсенділігін дамытуға ықпалы зор. Белсенділік танытып, тапсырмаларды ұқыпты орындаған оқушылар марапатталды. ИНФОРМАТИКА БІЛГІРЛЕРІ Оқушылар бүгінгі сабақта 5 түрлі тпасырма орындау арқылы Mikrosoft Word мәтіндік редакторында жұмыс істеуді қайталап бекітеміз. 5 түрлі тапсырма жарыстың 5 турын құрайды. 5 турдан озып шыққан оқушыларға сабақ соңында орын беріледі: 1- орын. «Үздік оқушы» атанады. 2- орын. «Лидер оқушы» атанады. 3- орын. « Жас информатик» атанады. 1- тур. Теориялық сұрақтар Алдарыңыздағы карточкаларды біртіндеп алып, карточкадағы сұрақтарға жауап беріңіздер. №1 – карточка. Мәтін, мәтіндік құжат, мәтіндік редактор дегеніміз не? №2 – карточка. Гипермәтін дегеніміз не? Мәтіндік құжат түрлерін ата. №3 – карточка. Word қандай программа? Терезесінің элементтерін ата. №4 – карточка. Фигуралық мәтінді қалай құжатқа кірістіреміз? №5 – карточка. Пішімдеу дегеніміз не? №6 – карточка. Мәтін белгілеудің тәсілдерін ата. №7 – карточка. Символдарды пішімдегенде қандай пернелер комбинациясын қолданады? №8 – карточка. Мәтіннің орын ауыстыру мен көшірмелеу командаларын ата. №9 – карточка. Емелесін тексеру, жоларалық интервал қою, тасымал жасау командаларын атаңыз. №10 – карточка. Word – та мәтіндік және графиктік ақпараты бар кестелерді қалай құрамыз? Оқушылармен әртүрлі тапсырмалар орындау.Компютерде жұмыс істер алдында қуіпсіздік ережелерін еске түсіру, қайталау. 2- тур. Полиглот. Берілген сөздерді қазақ, орыс, ағылшын тіліне аудару. Windows - окна - терезелер Word - слово - сөз To Level - выровнять - туралау Interval - интервал - аралық Copy - копировать - көшірмелеу To cut out - вырезать - қиып алу 3-тур. Кім жылдам «Горные вершины» өлеңін Абай Құнанбаев қазақ тіліне аударған. Осы өлеңді 5 минут ішінде теріп пішімдеп үлгеру. Қараңғы түнде тау қалғып, Ұйқыға кетер балбырап. Даланы жым-жырт дел-сал қып, Түн басады салбырап. Шаң шығармас жол дағы, Сыбдырламас жапырақ, Тың шығарсың сен дағы Сабыр қылсаң азырақ. 4-тур Өзіңді тексер Әр оқушы сабақ басында өзі таңдаған тақырыбына байланысты нөмірленген компьютерге орналасқан болатын. Сол таңдаған тақырыптағы файлды ашып, төмендегі пішімдеу түрін орындау керек. 1. Мәтіннің өлшемін-14, түсін-көк, түрін-жартылай қарайтылған курсивті қылып пішімдеңіз. 2. Тақырыбын белгілеп алып, асты бір сызықпен сызылған, әрі қарайтылған, орта бойынша тураланған етіңіз. 3. Бүкіл мәтінді белгілеп, ені бойынша туралаңыз. Жоларалық интервалын 1,5 см жасаңыз. 4. Кіші әріптерге арналған тасымал түрін қойыңыз. 5. Мәтіннің шекараларын (сол жақ, оң жақ, жоғарғы, төменгі өрістерін) 2 см етіңіз. 6. Файлға өз атыңызды қойып сақтаңыз. 5 – тур. Қызықты жарнама (үйден дайындауға берілген тапсырма). Ең әдемі ұйымдастырылған, сауатты жазылған, қызықты, мазмұнды, Word мәтіндік редакторында жақсы пішімделген жарнамалар ішінен ең жақсы 3 жарнама таңдалады. Оқушылардың орындаған жарнамаларын PowerPoint арқылы презентация жасап көрсету. Тестпен жұмыс. 1. Қарапайым мәтінді қалай түсінесіз? А) Бұл басқа мәтіндермен, графикалық, бейне немесе дыбыстық ақпаратпен мағыналық байланыста болатын мәтін; Ә) Кітап, мақала, техникалық құжаттар, хат, бұйрық, есеп және т.б. мәтіндер; Б) Символ, қатар, бағана, ұяшық болып табылады; В) Компьютерлік алфавит символдарының кез-келген тізбегі. 2. Пішімдеу дегеніміз не? А) Әр түрлі амалдар бойынша мәтіндік құжаттардың көркемделуін айтады; Ә) Әр түрлі құралдармен орындалатын әрекеттер; Б) Ақпаратты қандай да бір алфавит арқылы кескіндеу; В) Мәтіндік құжатты ашып, өзгерту енгізу. 3. Қандай командалар тізбегі арқылы қатар аралық интервалды орнатуға болады? А) Кірістіру – Сурет – Картинкалар; Ә) Кірістіру – Сурет – Объект Wordart; Б) Формат – Абзац – Жол аралық; В) Сервис – Тіл – Тасымал қою. 4. Символдарды қалай пішімдейміз? А) Формат – Абзац Ә) Формат – Кәріп Б) Формат – Граница и заливка; В) Формат – Табуляция. 5. Құжаттың үлкен бір бөлігін белгілеуді атаңыз. А) Түзету – Барлығын белгілеу командасы; Ә) Ctrl пернесін басып тұрып сөйлемнің кез-келген жерінде шерту; Б) Құжат бөлігіндегі кез-келген сөзінде 2 рет шерту; В) Белгіленетін бөліктің басында бір рет шертіп, Shift пернесін басып тұрып, белгіленетін бөліктің соңында тышқанды бір рет шерту. 6. Туралаудың қандай түрі тақпақ жазу үшін қолданылған дұрыс? А) Сол жақ бойынша туралау; Ә) Орта бойынша туралау; Б) Ені бойынша туралау; В) Оң жақ және сол жақ бойынша туралау. 7. Ақпаратты көшірмелеу командасы қайсы? А) Түзету – Көшіру және Түзету – Кірістіру Ә) Түзету – Қию және Түзету – Кірістіру; Б) Кірістіру – Көшіру және Түзету – Кірістіру. В) Кірістіру – Қию және Түзету – Кірістіру. 8. Кестеге 2 баған қосу. А) Таблица – Бағанды белгілеу; Ә) Таблица – Жол қосу; Б) Таблица – Кесте қосу; В) Таблица – Баған қосу 9. Ұяшықтарды біріктіру дегеніміз. А) Таблица – Ұяшықтарды белгілеу; Ә) Түзету – Ұяшықтардың біріккенін алып тастау; Б) Таблица – Ұяшықтарды бөлу; В) Таблица – Ұяшық қосу 10. Мәтінді сақтау командасы қайсы? А) Файл – Ашу командасы Ә) Файл – Сақтау командасы Б) Файл – Басып шығару командасы; В) Файл – Құру командасы. Сұрақтарға жауап беру. 1. Enter, Tab, Delete, Shift, Capslock, Alt+Shift пернелерінің қызметтерін атаңыз. 2. Microsoft Word мәтіндік редакторы терезесінің элементтерін атаңыз. Сабақты қорытындылау. Мұғалім ауызша тапсырма беру арқылы балаларға практикалық тапсырманы орындатып, сабақты бекіту. Бес тур бойынша оқушылардың жұмысын нәтижелеу. Жіберілген қателерді талқылап, оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру. «КІМ БІЛІМДІ, КІМ ЖЫЛДАМ, КІМ КҮШТІ? сайысы Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, ой-өрісі танымдылық қасиеттерін дамыту, адамгершілікке, әдептілікке, шығармашылыққа балу өз ойларын еркін жеткізуге дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақты сайыс түрінде жиі өткізген өте маңызды. I-кезең. Өзін-өзі таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып,газет,эмблемаларын қорғап,ұранын айту. II-кезең “Кім білімді?” 1минутта алдын ала дайындалған сұрақтарға жауап беру I -топтың сұрақтары. 1.Компьютердің алдында қалай отыруға болмайды? 2.Көз талғанда не істейді? 3.Ақпарат дегеніміз не? 4.Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? 5.1Кб неше байт болады? 6.Компьютердің негізгі құрылғыларын ата. 7.Принтер дегеніміз не? 8.Пернетақта не үшін керек? 9.Процессор дегеніміз не? 10. Paint графикалық редакторын іске қалай қосамыз? II-топтың сұрақтары. 1.Paint графикалық редакторын не үші қажет? 2.Ақпараттың ең үлкен өлшем бірлігі? 3.Себет дегеніміз не? 4.Адамның көзі мен монитордың арақашықтығы қанша болу керек? 5.Тышқан не үшін керек? 6.Компьютердің қосымша бөліктерін ата? 7.Монитор не үшін керек? 8.Адам ақпаратты қалай қабылдайды? 9.Компьютер дегеніміз не? 10.Ақпараттық процессор дегеніміз не? III-кезең. Кім жылдам? Жылдамдықтарын байқау мақсатында екі топқа бірдей сөзжұмбақ беріледі. Эстафета ойынына ұқсас. Сөзжұмбақ сұрақтары: 1.Компьютердің негізгі құрылғысы(процессор) 2.Төзімділігі жеткілікті және өлшемі тұрақты, арнайы қорапқа салынған диск (дискет) 3.Ақпарат енгізу құрылғысы (пернетақта) 4.Құжат ашу, жабу құрылғысы(тышқан) 5.Баспа құрылғысы(принтер) 6.Дисплей(монитор) |