Білім беру ұйымының атауы
|
|
Бөлімі:
| 11.3.А Геометриялық оптика
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
| № 5 Зертханалық жұмыс "Шынының сыну көрсеткішін анықтау"
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 11.6.2.5 - шынының сыну көрсеткішін эксперименттік жолмен анықтау және экспериментті жақсартудың жолдарын ұсыну
|
Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар істей алады: параллель пластина арқылы өткен жарықтың екі рет сынатынын біледі, түсу және сыну бұрыштарын дұрыс салады, жазық параллель пластинада жарықтың жолын дұрыс салып көрсетеді, сыну заңын біледі, есептеу қателіктерін анықтайды;
Көптеген оқушылар істей алады: эксперимент арқылы шынының сыну көрсеткішін анықтайды, жасалған экспериментке талдау жасайды, экспериментті жасау барысында кездескен қиындықтарды және қателерді айқындайды, экспериментті жақсарту жолдарын ұсынады;
Кейбір оқушылар істей алады: алынған нәтижелерді салыстыра отырып анализ жасайды.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
«Жүректен жүрекке» әдісі
3 мин.
| Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау. «Жүректен жүрекке» жаттығуын ұйымдастыра отырып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру. Әр оқушы қасында тұрған екінші оқушыға жақсы тілегін айады.
| (Ұ) «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырады.
| Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде жақсы тілектер айту арқылы көңіл –күйді көтереді.
|
|
Сабақтың ортасы
«Ойлан, жаса»
Топтық жұмыс. 22 мин.
| Білім дағдысы: Білу
Топтық жұмыс (G)
Белсенді оқыту: «Ойлан, жаса» әдісі арқылы оқушылар зертханалық Жұмыстың мақсаты: жазық параллель пластина мен үшбұрышты призмадағы сәулелердің жолын сыза білу.
| Оқушылар жұмыстың теориясымен танысады. Қолдағы бар құрал жабдықтар немесе виртуалды зертханалық арқылы зертханалық жұмысты жасайды.
| Дескриптор:
- үшбұрышты призманың қырына түскен сәулені салады, түсу нүктесі арқылы призманың қырына перпендикуляр тұрғызады, түсу бұрышын дұрыс көрсетеді.
- жазық параллель пластина ішіндегі сынған жарық сәулесінің жолын дұрыс салады, сыну бұрышын дұрыс анықтайды.
Жалпы балл-5
|
ДЭ
Оқулық 11-сынып.
Шыны пластина
Үшбұрышты шыны призма
Пенопласт немесе картон қағаз беті
Милиметрлік қағаз
4 түйреуіш
Сызғыш
Транспортир
ДМ қосымша 1
|
Мағынаны ашу.
«Білім пирамидасы» әдісі. Жекежұмыс.
12 мин.
| Білім дағдысы: Қолдану
Белсенді оқыту: «Білім пирамидасы» әдісі. 2-тапсырма (І)
Шынының сыну көрсеткішін анықтау.
Экспериментті жақсарту жолдарын ұсыныңыз
Қорытынды жасаңыз
Өз ой пікірлеріңізбен сыныппен бөлісіңіздер.
| Оқушылар зерханалық жұмыс бойынша зерделегенін берілген сұраққа жауап беру арқылы білім пирамидасының қай жерінде тұрғанын анықтайды.
| Дескриптор:
-жазық параллель пластинаның сыну көрсеткішінің жарық сәулелерінің түсу бұрышы артқан кездегі тәуелділік графигін салады.
Абсолют сыну көрсеткішінің физикалық мағынасын біледі.
Жалпы-5
| ДК экраны
11-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері
ДМ қосымша 2
|
Сабақтың соңы.
Рефлексия
3 мин
| Рефлексия
Практикалық жұмысты жасау менің өздігімнен жұмыс жасауыма қиындық туғызды / дағдыларымды шыңдады
Практикалық жұмысты орындауда кездескен қиындықтар .....
Практикалық жұмысты жасауда нені өзгертер едіңіз
Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.
Үйге тапсырма: Шынының сыну көрсеткіші.
|
Оқушылар зертханалық жұмысты жасау барысындағы кездескен қиындықтарды жазады.
|
| ДК экраны
Жұмыс дәптерлері.
|
Білім беру ұйымының атауы
|
|
Бөлімі:
| 11.3.А Геометриялық оптика
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
| Линзалар жүйесінде кескін салу.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 11.6.2.6 - линзалар жүйесінде сәулелердің жолын салу;
|
Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар істей алады: жинағыш және шашыратқыш линзалардан өтетін жарық сәулесініӊ жүрістерін сипаттауды;
Көптеген оқушылар істей алады: линзаларда өтетін жарық сәулелерініӊ жүрісі арқылы линзаныӊ фокусын анықтауды;
Кейбір оқушылар істей алады: жұқа линзада кескін алуды және оны сипаттауды.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин.
«Досқа тілек» әдісі
3мин
| Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Психологиялық ахуал: «Досқа тілек» әдісі арқылы жақсы тілектер айту.
| (Ұ) «Досқа тілек» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырады.
| Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде жақсы тілектер айту арқылы көңіл жағымды ахуал қалыптасады
|
|
«Миға шабуыл»
әдісі.
Жеке жұмыс. 3 мин.
| Білім дағдысы: Білу (G)
1-тапсырма
Белсенді оқыту: «Миға шабуыл»
Әдісі арқылы линзалар, жинағыш және шашыратқын линзалар туралы оқушылардың алдынғы сабақтағы білімін тексеру.
| Оқушылар берілген суреттерге қарап 8 сыныпта алған білімдерін еске түсіреді.
| Дескриптор:
-линзаның түрін ажыратады.
Жалпы балл-1
| ДЭ Оқулық 11-сынып.
Презентация
|
Сабақтың ортасы
«Сызбалар сөйлейді» әдісі
10 мин.
| Білім дағдысы: Түсіну (G) Топтық жұмыс. 2-тапсырма (G)
Белсенді оқыту: «Сызбалар сөйлейді» әдісі арқылы, мұғалім линза түріне байланысты сызбалар беріледі.
| Әр топ өздеріне берілген сызбаларды сипаттап, линзадан алынған кескінді түсіндіреді.
| Дескриптор:
-линзаның түрлерін жазады
-шашыратқыш және жинағыш линзаларда алынған кескінді сипаттайды.
Жалпы-3
| ДК экраны
11-сынып оқулығы
ДМ қосымша 1
|
«Ойлан, шығар» әдісі
12 мин
| 3-тапсырма
Білім дағдысы: Қолдану (Р)
Белсенді оқыту: «Ойлан, шығар» әдісі арқылы оқушыларға шығаруға есеп беріледі.
| Оқушылар линзадан өткен сәулелердің жолына байланысты қосымшада берілген есепті шығарады.
| Дескриптор:
-Белгілі бір сәулелердің түсуін пайдалана отырып, заттың әрбір орны үшін кескін тұрғыза алады
-Жұқа линза формуласының құрамына кіретін шамалар алдына қандай таңба қойылу қажеттігін біледі
Жалпы балл -4
| ДК экраны
11-сынып оқулығы
ДМ қосымша 2
|
Жеке жұмыс.
8 мин.
| 4-тапсырма(I)
Білім дағдысы: Қолдану
Белсенді оқыту: «Кім жүйрік» әдісі арқылы топтарға бірдей есептер беріледі.
| Оқушылар берілген есепті қарсылас топтан жылдам шығарып үлгерулері тиіс
| Дескриптор:
Жұқа линзаның формуласын біледі
-линзаның оптикалық күшін біледі.
Жалпы балл -2
| ДК экраны
11-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
ДМ қосымша 3
|
Сабақтың соңы. Рефлексия
2 мин
| Бағдаршам әдісі бойынша кері байланыс:
Жасыл – Өзгелерге түсіндіру үшін, мен жақсы білемін
Сары – мен жақсы білемін, бірақ толық емес.
Қызыл –мен ештеңе түсінбедім,білмеймін.
Үйге тапсырма: Тақырып бойынша тест жұмысы.
| Оқушылар оқушылар сабақты түсіну деңгейлеріне байланысты бағдаршам түстерін таңдайды
|
| ДК экраны
Бағдаршам түстері бар стикерлер
ДМ қосымша 4
|
Білім беру ұйымының атауы
|
|
Бөлімі:
| 11.3.А Геометриялық оптика
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
| Практикалық жұмыс №10 «Жинағыш және шашыратқыш линзадағы негізгі сәулелердің жолы»
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 11.6.2.6 - линзалар жүйесінде сәулелердің жолын салу;
|
Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар істей алады: жинағыш және шашыратқыш линзалардан өтетін жарық сәулесініӊ жүрістерін сипаттауды;
Көптеген оқушылар істей алады: линзаларда өтетін жарық сәулелерініӊ жүрісі арқылы линзаныӊ фокусын анықтауды;
Кейбір оқушылар істей алады: жұқа линзада кескін алуды және оны сипаттауды.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин
«Өткенге шолу» әдісі
5 мин.
| Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Үй жұмысын тексеру мақсатында «Өткенге шолу» әдісі арқылы теориялық білімдерін тексеру үшін бірнеше сұрақ беріледі.
| Оқушылар мұғалім берген линзаға байланысты сұрақтарға жауап береді.
| -линза түрін ажыратады.
Линзада кескін салу алгоритімін біледі.
Жалпы балл-2
| ДЭ
Презентация
ДМ қосымша 1
|
«Ойлан тап»
әдісі.
Жеке жұмыс. 9 мин.
| Білім дағдысы: Білу (Р) 1-тапсырма Белсенді оқыту: «Ойлан тап» әдісі арқылы жұқа линзаның формуласын қорытып шығару.
| Оқушылар берілген суреттерге қарап жұқа линзаның формуласын қорытып шығарады
| Дескриптор:
-линзада сәулелердің жолын дұрыс салады
-геометрия заңдары арқылы формуланы қорытып шығарады.
Жалпы балл-4
| ДЭ Оқулық 11-сынып.
Презентация
ДМ қосымша 2
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
Жеке жұмыс
9 мин.
| Білім дағдысы: Түсіну (Р)
2-тапсырма
Жеке жұмыс.
Оқушыларға Білім ленд сайтынан Симулятормен жұмыс беріледі.
Келесі тапсырма беру: қалаған есептерді таңдап дәптерге шығару.
Кері байланыс. Жұптар жауаптарын онлайн тексереді, қиындық тутырған сұрақтарды мұғаліммен талдайды.
| Әр оқушы таңдаған есепті шығарып , бір –біріне түсіндіріп береді.
| Дескриптор:
-Белгілі бір сәулелердің түсуін пайдалана отырып, заттың әрбір орны үшін кескін тұрғыза алады
-Сызба талдауынан алынатын қосымша теңдеулерді біледі.
-Ізделінді шамаға қатысты теңдеуді бірігіп шешеді.
Жалпы-2
| ДК экраны
11-сынып оқулығы
https://bilimland.com/kk/courses/physics-kk/optika/lesson/
linzalar
|
Жеке жұмыс
12 мин
| 3-тапсырма
Білім дағдысы: Қолдану
Оқушыларға ҰБТ-да кездесетін есептерден 10 сұрақтан тұратын тест жұмысы беріледі.
| Оқушылар линза тақырыбына байланысты берілген 10 тестті шешеді
| Дескриптор: -линза түрін ажыратады.
-линзадан өткен сәуленің жолы туралы дұрыс тұжырым жасай алады.
Жалпы балл -2
| ДК экраны
11-сынып оқулығы
ДМ қосымша 3
|
Сабақтың соңы. Рефлексия
4 мин
| «Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.
Үйге тапсырма: Линзада кескін салу тақырыбын оқу
| Оқушылар өздерінің сабақ барысында үйренген , қиын болған нәрселерді мұғаліммен бірге талқылайды.
|
|
|