Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
2мин.
«Сөйле микрофон» әдісі
5 мин
| Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау. Мұғалім үй тапсырмасын сұрау мақсатында дайын оқушыларды «Сөйле микрофон» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар береді.
| Оқушылар спектрдің түрлері бойынша берілген үй тапсырмасын айтады.
| Дескриптор:
-спектрдің түрлерін ажыратады;
Спектрлік құралдарды біледі;
Жалпы балл-3
| ДЭ,
11 сынып оқулығы
|
Сабақтың ортасы. 5 мин
| Білім дағдысы: Түсіну (Д)
Мұғалім презентация көмегімен жаңа сабақты түсіндіреді.
Жаңа сабақта қарастырылатын сұрақтар:
-электромагниттік толқындардың шкаласы
-электромагниттік толқындардың толқын ұзындығының кемуі, жиіліктің артуы бойынша орналасуы.
| Оқушылар мұғалім түсіндірмесін тыңдайды. Тақырып бойынша сұрақтарын мұғаліммен бірге талдайды.
| Дескриптор:
Электромагниттік толқындардың шкаласын түсінеді.
| ДЭ
Презентация
Оқулық 11-сынып. ДМ қосымша 1
|
Жекежұмыс
«Қызықты кесте»-әдісі
10 мин
| Білім дағдысы: Қолдану
1-тапсырма (Р) «Қызықты кесте» әдісі бойынша оқушыларға ЭМ толқын шкаласы бойынша кесте беріледі.
| Оқушылар берілген кестеге ЭМ толқындардың толқын ұзындығын және жиілігін жазады.
| Дескриптор:
-ЭМ толқындардың түрлерін біледі
-толқындардың толқын ұзындығын және жиілігін біледі.
Жалпы балл -3
| ДК экраны
11-сынып оқулығы
ДМ қосымша 2
|
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі
Жеке жұмыс
15 мин
| Білім дағдысы: Қолдану (І)
2-тапсырма. Оқушыларға ЭМ толқын тақырыбында «Аяқталмаған сөйлем» әдісі
Бойынша сөйлемдер беріледі.
| Оқушылар ЭМ тақырыбынан ойға түйгендері бойынша сөйлемді аяқтайды.
| Дескриптор
-ЭМ толқындардың өмірде қолданысын түсінеді
Жалпы балл -4
| ДК экраны
11-сынып оқулығы.
ДМ қосымша 3
|
Сабақтың соңы.
Рефлексия
3 мин
| Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады.
Оқушыларға БББ кестесін толтыру ұсынылады.
Үйге тапсырма: 30 жаттығу 184 бет
| Оқушылар сабақта жеткен нәтижесіне орай Білгенім, Білдім,Білгім келеді кестесін толтырады.
|
|
|
Білім беру ұйымының атауы
|
|
Бөлімі:
| 11.3.С Атомдық физика
|
Педагогтің аты-жөні:
| Утембаева Э.М
|
Күні:
| 09.02.2021ж
|
Сыныбы: 11
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
| Жылулық сәулелену. Стефан –Больцман және Винн заңдары. Ультракүлгін апаты. Планк формуласы. Фотондар.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 11.8.1.4 - - Стефан-Больцман, Винн заңдарын және Планк формуласын ультракүлгін апаттын негіздеу және абсолют қара дененің жылулық сәулеленуін сипаттау үшін қолдану
|
Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар істей алады:Стефан-Больцман, Винн заңдарын абсолют қара дененің жылулық сәулеленуін сипаттау үшін қолдана алады;
Көптеген оқушылар істей алады: Стефан-Больцман, Винн заңдары мен Планк формуласын қолданып есеп шығара алады;
Кейбір оқушылар істей алады: жылулық сәуленуге күнделікті өмірден мысалдар келтіре алады;
|
Сабақ кезеңі/ Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
2мин.
| Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
|
|
|
|
Сабақтың ортасы.
«Миға шабуыл» әдісі
15 мин
| Білім дағдысы: Түсіну (Д)
«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылардың сыни тұрғыда ойлануын жетілдіру және тақырыпты ашу мақсатында сұрақтар беріледі.
-Вольфрам қылын 3000 °С дейін қыздырғанда ол ақ түсті жарық шығарады.
-Қыздырылған үтік немесе жылу батареясы жарық шығарады деп айта аламыз ба? Білім ленд сайтынан бейнежазба көрсетіледі.
Бейнежазбадан соң мұғалім презентация арқылы сабақты түсіндіреді.
| Оқушылар берілген сұраққа өз ойларын айтады. Оқушылардың ойларын толықтыру мақсатында бейнежазбаны көреді. Тақырып бойынша сұрақтарын мұғаліммен бірге талдайды.
| Дескриптор:
-Жылулық сәулеленуді түсінеді.
| ДЭ
Презентация
Оқулық 11-сынып.
https://bilimland.com/kk/courses/physics-kk/kvanttyq-fizika/zharyq-kvanty/lesson/zhylulyq-saulelenu-stefan-bolczman-zangy ДМ қосымша 1
|
Жеке жұмыс
«Қызықты ақпарат»-әдісі
7 мин
| Білім дағдысы: Қолдану
1-тапсырма (W) «Қызықты ақпарат» әдісі бойынша оқушыларға «жылулық сәулеленудің қолданылуы» тақырыбында ақпарат жинау тапсырылады.
| Оқушылар жылулық сәулелену бойынша қалтателефондарын пайдаланып ақпарат жинап, сыныпта барлық оқушылармен бөліседі.
| Дескриптор:
-жылулық сәулеленудің қолданылу аймағын біледі;
Жалпы балл -4
| ДК экраны
11-сынып оқулығы
ДМ қосымша 2
Қалта телефон
|
Жеке жұмыс
13 мин
| Білім дағдысы: Қолдану (І)
2-тапсырма. Оқушыларға Абсолют қара дене. Стефан – Больцман заңы. Виннің ығысу заңы тақырыбында есептер беріледі.
| Оқушылар Стефан – Больцман заңы тақырыбынан ойға түйгендері бойынша формуланы пайдаланып есеп шығарады.
| Дескриптор
-Қажетті физикалық формулаларды қолданады;
-Математика-қ түрлендірулер мен есептеулер жүргізеді
-Есептің жауабын дұрыс анықтайды.
Жалпы балл -6
| ДК экраны
11-сынып оқулығы.
ДМ қосымша 3
|
Сабақтың соңы.
Рефлексия
3 мин
| Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс. Бүгінгі сабақта қандай жаңа, қызықты нәрселер білдіңдер? Сабақ кезіндегі белсенділігіне қарай бағдаршам түстерін таңдаймыз. Үйге тапсырма: 31 жаттығу 189 бет
| Оқушылар сабақта жеткен нәтижесіне орай бағдаршам түстерін таңдайды.
|
|
|
Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин
«Өткенге шолу» әдісі
5 мин.
| Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Үй жұмысын тексеру мақсатында «Өткенге шолу» әдісі арқылы теориялық білімдерін тексеру үшін бірнеше сұрақ беріледі.
| Оқушылар мұғалім берген жылулық сәулеленуге байланысты сұрақтарға жауап береді.
| -жылулық сәулелену қолданысын сипаттай алады.
Жалпы балл-2
| ДЭ
Презентация
|
Сабақтың ортасы 10 мин.
| Білім дағдысы: Түсіну (Д)
Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру мақсатында Білім Ленд сайтынан бейнежазба көрсетіледі. Соңынан мұғалім презентация көмегімен жаңа сабақты түсіндіреді.
| Оқушылар жаңа сабақты тыңдайды. Тақырыпқа қатысты сұрақтарды мұғаліммен бірге талқылайды.
| Дескриптор:
-фотоэффект құбылысын түсінеді.
| ДЭ
Оқулық 11-сынып.
Презентация
https://bilimland.com/kk/courses/physics-kk/kvanttyq-fizika/zharyq-kvanty/lesson/fotoehffekt-foton-foton-ehnergiyasy
ДМ қосымша 1
|
«Ойлан, бөліс» әдісі
Топтық жұмыс
9 мин.
| Білім дағдысы: Түсіну (G)
1-тапсырма.
Белсенді оқыту: «Ойлан, бөліс» әдісі арқылы оқушыларға ізденіс жұмысы беріледі.
1 Люксометр, Экспонометр
2 Фотореле. Ішкі фотоэффект негізінде жұмыс жасайтын автоматтар. Фотокедергілер 3 Фотоэффект негізінде жұмыс жасайтын қондырғыларды қолдану аясы
| Әр оқушы фотоэффектінің қолдану аясына байланысты қалта телефондарын пайдаланып ізденіс жұмысын жасайды.
| Дескриптор:
-фотоэффектінің қолданылу аймағын біледі;
Жалпы-4
| ДК экраны
11-сынып оқулығы
Қалта телефон
|
Жеке жұмыс
10 мин
| Білім дағдысы: Қолдану (f)
Оқушылардың қабілеттеріне байланысты деіңгейлік тапсырма беріледі.
| Оқушылар фотоэффект құбылысына байланысты берілген деңгейлік тапсырманы орындайды
| Дескриптор:
- Фотоэффект құбылысын түсіндіре алады
Эйнштейн формуласын түсініп, қолдана алады.
-Шығу жұмысының физикалық мағынасын түсіндіреді.
Жалпы балл -4
| ДК экраны
11-сынып оқулығы
ДМ қосымша 2
|
Сабақтың соңы. Рефлексия
4 мин
| «Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.
Үйге тапсырма: 32 жаттығу 195 бет
| Оқушылар өздерінің сабақ барысында үйренген , қиын болған нәрселерді мұғаліммен бірге талқылайды.
|
|
|