Білім беру ұйымының атауы
|
|
Бөлімі:
| 11.3.А Геометриялық оптика
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
| Жарықтың сыну заңы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 11.7.2.3-жарықтың сыну заңын Гюйгенс принципі арқылы түсіндіру
|
Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар істей алады: Гюйгенс принципін біледі;
Көптеген оқушылар істей алады: Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың сынуын түсіндіреді.
Кейбір оқушылар істей алады: жарықтың сынуына күнделікті өмірден мысал келтіріп, түсіндіреді;
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин. «Білгеніңмен бөліс» әдісі
5 мин
| Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
«Білгеніңмен бөліс» әдісі
алдыңғы білімдерін жаңғырту мақсатында сұрақтар қою арқылы 8 сыныпты қарастырылған заңдарды еске түсіру:
|
Оқушылар бұрынғы білімдерін жаңғыртып еске түсіреді .
| Дескриптор: жарықтың шағылу заңын біледі.
Жазықтың таралу заңын сипаттай алады .
Жалпы балл -2
|
Оқулық 11 – сынып
ДМ қосымша 1
|
Ой қозғау 5 мин
| Білім дағдысы: Білу (D)
Мұғалім презентация көмегімен жарықтың сыну заңын түсіндіреді.
Жарықтың сынуы. Жарық сәулелері бір ортадан екінші ортаға сәулелердің бағытының өзгеру құбылысы жарықтың сынуы деп аталады. Бұл құбылыс жарықтың таралу жылдамдығы әртүрлі ортада түрліше болатынының салдары болып табылады.
| Оқушылар берілген суреттегі құбылысты бақылай отырып, ойға түйгенімен бөліседі. Сабақтың тақырыбын ашады.
| Дескриптор:
Жарықтың сыну заңын тұжырымдай алады.
| ДЭ
Презентация
Оқулық 11-сынып.
|
Сабақтың ортасы.
Жеке жұмыс «Ойды жинақтау»-әдісі
10 мин
| Білім дағдысы: Түсіну
1-тапсырма
«Ойды жинақтау»-әдісі арқылы кесте толтырады
| Оқушылар сыну заңдылықтарын қолданып берілген кестені толтырады.
| Дескриптор:
-Сызбада түскен, шағылған және сынған сәулелерді белгілейді
-Сыну заңының формуласын пайдаланып сыну бұрышының мәнін анықтайды.
Жалпы балл -4
| ДК экраны
11-сынып оқулығы
ДМ Қосымша 2
|
«Кім жылдам»әдісі Жеке жұмыс
10 мин
| Білім дағдысы: Қолдану
2-тапсырма
«Кім жылдам» әдісі бойынша оқушыларға есептер беріледі(f)
| Оқушылар берілген дискриптор бойынша есепті шығарады. Қаншалықты жылдам шығарса, соншалықты сабақты түсінгендігін көрсетеді.
| Дескриптор:
-Есептің мәтінін оқып есеп шартын құрастыра алды.
-Түсу бұрышы мен сыну бұрышының мәнін анықтайды
-Сыну заңының формуласын түрлендіріп есептер шығара алды.
Жалпы балл -4
| ДК экраны
11-сынып оқулығы
ДМ Қосымша 3
|
Сабақтың соңы. «Ойлан,ізден, тап»әдісі
Жеке жұмыс
5 мин Рефлексия
3 мин
| 3-тапсырма
Білім дағдысы: Түсіну
«Ойлан,ізден, тап»әдісі арқылы кестенің екі бағанын толтырыңыз, үшінші бағанды үйден толтырып, келесі сабаққа әкелесіз. (W) «Таңдау» кері байланыс. Бүгінгі сабақта қандай жаңа, қызықты нәрселер білдіңдер?
-Мен сабақ қызықты / қызықсыз болды деп ойлаймын. - Мен сабақта көп нәрсені үйрендім / үйренгенім аз болды. -Мен басқаларды мұқият / зейінсіз тыңдадым.
| Оқушылар берілген кестені толтырады . оқушылардың таңдауы бойынша кері байланыс орнатылады.
| Дескриптор: шағылу және сыну құбылысына мысал келтіре алады.
Жалпы балл 1
| ДК экраны
11-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
ДМ қосымша 4
|
Білім беру ұйымының атауы
|
|
Бөлімі:
| 11.3.А Геометриялық оптика
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
| Толық ішкі шағылу
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 11.7.2.4 -жарықтың толық ішкі шағылуын түсіндіру.
|
Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар істей алады: Жарықтың толық ішкі шағылуын біледі;
Көптеген оқушылар істей алады: Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың сынуын түсіндіреді.
Кейбір оқушылар істей алады: оптоталшықтардың қолданылуына күнделікті өмірден мысал келтіріп, түсіндіреді;
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин.
«Жақсартуға арналған уақыт»-әдісі
5 мин
| Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
«Жақсартуға арналған уақыт»-әдісі бойынша
үй тапсырмасына физикалық диктант арқылы тексеру жүргіземін.
| Оқушылар бұрынғы білімдерін жаңғыртып еске түсіреді .
| Дескриптор:
-Жарықтың түзу сызық бойымен таралуын білді.
-Түскен сәуле мен сынған сәулені ажырата алады.
-Тұрақты шамаларды ортаның сыну көрсеткішін мен жарық жылдамдығының мәнін біледі.
Жалпы балл -2
| Оқулық 11 – сынып
ДМ Қосымша 1
|
«Миға шабуыл» әдісі 5 мин
| Білім дағдысы: Білу (D)
Мұғалім «Миға шабуыл» әдісі көмегімен оқушыларға тақырып мағынасын ашатын сурақ қояды.
Сыну бұрышы 900 болуы мүмкін бе? Яғни екі орта шекарасының перпендикуляры бойымен тарала алады ма?
| Оқушылар берілген сұраққа жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
| Дескриптор:
Жарықтың сыну заңын тұжырымдай алады.
| ДЭ
Презентация
Оқулық 11-сынып.
ДМ қосымша 2
|
Сабақтың ортасы. «Тәжірибе алаңы»-әдісі
10 мин
| Білім дағдысы: Түсіну
1-тапсырма
Оқушыларға «Тәжірибе алаңы» әдісі арқылы толық шағылу құбылысын бақылаймыз. Суы бар стаканға судың бетіне қарай судан, яғни бүйір қабырғасынан жарық шоғын жіберіп, стаканның астыңғы жағынан судың бетін бақылаймыз. Жарық шоғының түсу бұрышын ақырындап өзгете отырып, мәнінде су беті жалтырап көрінеді.
| Оқушылар бірлесіп тәжірибе жасайды. Ойға түйгенін дәптерге жазады.
| Дескриптор:
-тәжірибе сызбасынан сынған сәулелерді белгілейді
-Заңдылықты тұжырымдайды
Жалпы балл -4
| ДК экраны
11-сынып оқулығы Жарық шоғы(лазер), стақан су
|
«Дебат»әдісі Жеке жұмыс
10 мин
| Білім дағдысы: Қолдану (W)
2-тапсырма
Толық ішкі шағылу құбылысының талшықтық оптикада пайдаланады. «Дебат» әдісі арқылы оптоталшықты технологияның артықшылығы және кемшілігі тақырыбында қалтателефон және өткен 2 тоқсандағы білімді еске түсіру арқылы дебат ұйымдастырамын.
| Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіру арқылы оптоталшықтың қолданылу аймағын сипаттайды.
| Дескриптор:
- Толық ішкі шағылу құбылысының талшықтық оптикада пайдаланатынын біледі. Жалпы балл -3
| ДК экраны
11-сынып оқулығы. Қалта телефон
ДМ қосымша 3
|
Сабақтың соңы. «Білгеніңмен бөліс»әдісі
Жеке жұмыс
5 мин
Рефлексия
3 мин
| 3-тапсырма
Білім дағдысы: Түсіну
«білгеніңмен бөліс» әдісі Толық шағылу құбылысы қолданылатын оптоталшықтан басқа да приборлар мен құрылғыларды атап көрсетеді: «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс. Бүгінгі сабақта қандай жаңа, қызықты нәрселер білдіңдер? Сабақ кезіндегі белсенділігіне қарай бағдаршам түстерін таңдаймыз.
| Оқушылар алдыңғы тапсырмада айтылмаған аспаптарды айту арқылы білімдерін толықтырады. оқушылардың таңдауы бойынша кері байланыс орнатылады.
| Дескриптор: -толық ішкі шағылу құбылысын түсінеді.
Жалпы балл -1
| ДК экраны
11-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|