Главная страница
Навигация по странице:

  • Бақылау сүрақтары

  • Атқаратын қызметі және түрлері

  • Автомобиль Суеубаев. Ж. С. Суеубаев


    Скачать 1.73 Mb.
    НазваниеЖ. С. Суеубаев
    Дата11.09.2022
    Размер1.73 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАвтомобиль Суеубаев.docx
    ТипДокументы
    #671080
    страница11 из 16
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

    Рама құрылымы

    КамАЗ жүк автокөлігінің рамасының қүрылымын қарастырайық (5.4 - сурет).

    Автокөлік рамасы - лонжеронды, штамапаланған, шегеленген. Ол екі үзын лонжероннан (2), (4) және жеті көлденең темірден түрады, олар мықты көтергіш жүйені қүрайды.

    Лонжерондар өте мықты қүрыштан жасалады, өзгермелі профилдегі швеллерлі кесімі бар. Лонжерондардың алдыңғы ұштарында буферді бекітуге арналған кронштейндер болады. Раманың артқы көлденең қондырғылары көлбеулермен күшейтілген. Оған буксир қүралдары бекітілген.

    «Урал»жүк автокөлігінің рамасы (5.4 - сурет) - лонжерондығ штампыланған, екі ұзын лонжероннан (11), (15) және алты көлденең қондырғыдан түрады. Алдыңғы (15) және артқы (12) буферлерден, сондай-ақ алынып-салынатын артқы көлденең қондырғылары бар. Алдыңғы буферде буксир ілгектері (6) бекітілген. Буксир қүралдары арнайы көлденең қондырғыларға (14) бекітіледі.

    1. - сурет. Жүк көліктерініц рсшалары.

    Камаз (а), «Урал» (б) жөне буксирлі қүрылгы (в): 1-кронштейн; 2, 4, 11, 15-лонжерондар; 7-10, 13,

    14-көлденец цондыргылар; 5, 12-буферлер;

    16, 17-шайбалар; 18-корпус; 19-қақпақ; 6, 20-ілгіштер;

    21-бекіткіш (зашелка), 22-мыгым элемент; 23-гайка

    Буксир құралдары (5.4 - сурет) қақпағы (19) бар корпустан (18), стерженді ілгектен (20), серпінді резина элементтен және бекіту детальдарынан тұрады. Серпінді элемент ілгектің өзегіне орналасқан, ол гайкасы бар корпусқа бекітілген (23). Серпінді элемент алдын ала шайба (16), (17) арқылы деформацияланады. Буксир ілгегі

    сақтандырғыш тетігі болады, ол ілгек құлпын бекітіп, оны өз бетінше ашылып кетуден сақтайды. Бет жағы үйкелетін ілгектер маймен майланады.

    Үлкен және өте ұлкен жүктерді көтеруге арналған автокөліктерде штампаланған лонжерондар емес, прокат лонже- рондар мен көлденең қондырғылар пайдаланылады. Мұндай рамалардың лонжерондары мен көлденең қондырғылары аз- көміртекті, аз майысатын құрыштан жасалады, олардың кесімді құрышқа қарағанда механикалық қасиеттері жоғары болады. Бірақ, прокатты лонжерондары мен көлденең қондырғылары бар рамалардың салмағы ауыр болады, себебі лонжерондар мен қондырғылар рама бойымен біргелкі орналасады.

    Ауыр жүк автокөліктерінде лонжеронды рамалардан басқа арқалығы бар алынбалы-салынбалы рамалар қолданылады. Арқалығы бар алынбалы рамаларддың орталық салмақ түсетін балкалары болады, олар автокөліктің өзара бір-бірімен қосылған жекелеген трансмиссиялы механизмдерінен түрады. Картерле мен потрубкалара арасына кабинаға, жүк кузовына, двигательді және де басқа агрегаттар мен механизмдерді бекітетін кронштейндер орнатылады. Арқалығы бар алынбалы рама өмбебап, себебі ол оның үзындығын өзгерте отырып, сан жағынан әр түрлі жетекші мостары бар және әр қилы базадағы бірдей агрегаттар мен механизмдері бар көлік түрлерін қүрастыруға болады. Трансмиссия механизмі картерлерін арқалығы бар алынбалы рамалардың жетекші алып жүруші (көтергіш) бөлігі ретінде қолдану автокөліктің жеке салмағын

    1. ..20 пайызға төмендетуге және ондағы металлкөлемін азайтуға мүкіндік береді.

    Алынбалы рама лонжеронды рамамен салыстырғанда қатты болады. Сондықтан ол көбінесе ауыр жолдарда және жолсыз жерлерде жүк тасымалдауға арналған автокөліктерде қолданылады. Бірақ, ондай раманың трансимиссия механизмдерінің картерлері жоғары сапалы қүрыштан жасалуы қажет, сонымен қатар олар өндірісте өте дәлдікпен жасалып, жинауы керек. Сондай-ақ автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу барысында мүндай типтегі рамалардың трансмиссия механизмдерін жөндеу қиын, ол үшін раманы жартылай немесе толық ашу, бөлшектеу керек.

    Бақылау сүрақтары:

    1. Алып жүру жүйесінің қызметі қандай?

    2. Рамалы алып жүру жүйесі қандай автокөіктерде қолданылады?

    3. Кузовты алып жүрі жүйесі қашан және қайда қолданылады?

    4. Автокөліктер рамаларының қандай түрлерін білесіздер?




    Жоғары мүмкіндікті ВАЗ жеңіл автокөлігінің алдыңғы асылғының қүрылымын қарастырайық (6.1 - сурет). Асылғы серіппелі, тәуелсіз, гидравликалық амортизатор мен арқалық беріктігі мықты стабилизатордан түрады.







    6.1 - сурет. Жогары мумкіндгкті ВАЗ жеңіл автокөлігінің
    алдыңгы асылгысы:


    1-қалқан; 2-тежегіш дискі; 3-күпшек; 4- екі детальді
    уштастыратын өзек; 5-төлке; 6-қалпақ; 7-ілмек;
    8-мойынтірек; 9-манжет; 10-айналмалы қулақ;
    11-кергі; 12, 18, 25, 39-шарнирлер; 13-тірек;


    14, 15, 28, 34-кронштейндер; 16, 31-буферлер; 17, 27-рычагтар;
    19, 26-өстер; 20-реттегіш шайбсиіар;


    21, 22, 29, 32, 37-тіректер; 23-төсегіш; 24-арқалық;
    30-серіппе; 33-тегеурін; 35-амортизатор;


    36- 38-стабилизатор өзегі

    Асылғының бағыттағыш қүрылғылары төменгі (27) және жоғарғы (17) рычагтар, серпімді қүрылғысы — тоқылынған цилиндрлік серіппе (30), сөндіргіші — (35) екі жақты әрекетті телескопиялық гидравликалық амортизаторлар, ал арқалық беріктікті ұстап түратын стабилизатор — серіппелі П тәрізді (38) стабилизатордың өзегі. Алдыңғы асылғы автомобильдің қорабына жабыстырылған арқалықта (24) қүрастырылған. Автомобильдің қорабы мен арқалықтың арасында тартылмалы серіппелер орналасқан, олар өз кезегінде автомобильдің қозғалысы барысында алдыңғы доңғалақтан арқалыққа беріліп жатқан бойлық күші мен олардың күшін қабылдайды.

    Асылғының жоғарғы (17) және төменгі (27) рычагтары автомобильге көлденең орналасқан және тербелістің бойлық өсіне ие болады. Төменгі рычагтың өсі (26) қүбырлы арқалыққа бекітілген (24), ал жоғарғы рычагтың өсі (19) арқалықтың (28) кронштейніне бекітілген. Төменгі және жоғарғы рычагтардың ішкі үштары шарнирлердің резеңке металдық өстерімен жалғанған. Жоғарғы (18) және төменгі (25) резеңкеметалдық шарнирлер бірдей құрылғы болып табылады, тек өздерінің өлшемдерімен ғана ажыратылады. Резеңке металдық шарнирлерді қолдану резеңкенің шу шығармайтын жүмысын қамтамасыз етеді және де шарнирлерді майлаудың қажеттілігін жоққа шығарады. Асылғының жоғарғы және төменгі рычагтарының сыртқы үштары (10) шар тәрізді шарнирлердің (12), (39) айналмалы жұдырықшасымен жалғанады. Шар тәрізді шарнирлер ретсіз орындалған, бірін-бірі алмастыра алатын және пайдалану процесінде майлауды талап етпейтін бірдей

    қүрылғылардан түрады. Асылғының (30) серіппесі (29) төменгі тіректерідің арасында орнатылған әрі ол төменгі рычагқа бекітілген, ал жоғарғы (22) тірек асылғы арқалығымен байланысты (21) тірекке бекітілген. Серіппе мен тіректің үштарының арасында дыбысты шуды өзіне сақтағыш (23) төсенді орнатылған. (35) Амортизатор өзінің төменгі үшымен тіректің (29) кронштейніне (34) резеңке металдық шарнирдің көмегімен бекітілген. Амортизатордың жоғарғы ұшы (14) кронштейнге (13) резеңкеден жасалған жастықшалар арқылы бекітілген. Доңғалақтың жоғарға қарай өрлеуі (31) сығу



    буферін шектейді, ол асылғы серіппесінің ішінде орналасқан (32) тірекке бекітілген. Статикалық жүктеме жағдайында сығу буфері серіппенің (29) төменгі тірегіне жанасады.

    Осы жанасудың арқасында тұрақты жүмыс орнайды. Қарсыласу (33) буфердің (31) сығылуын шектейді. Доңғалақтың төменге қарай жүрісі буфер берілісін шектейді 16, ол тірек (24) пен арқалыққа (21) жалғанған кронштейнде орналасқан. Доңғалақтың төменге қарай жүрісінің әсерімен буфер берілісі (17) жоғарғы рычагтың арнайы тірек алаңына жылжиды. Көлденең стабилизатордың беріктігін тегеуірінді торсион типті қүрылғы тудырады әрі ол да автокөлікке көлденең орналасқан. (38) стабилизатордың өзегі П тәрізді және шеңберлес қиысып жатыр. Ол рессорлық серіппелі болаттан дайындалған. Стабилизатор өзегінің ортаңғы бөлігі мен оның үштары оқсауыттың резеңкелі тірегі (37) ретінде сәйкесінше автомобильдің қорабы мен асылғы рычагінің төменгі (36) кронштейн тірегіне (29) бекітіледі. Қораптағы бір бүйірлі және көлденең бүрышты тербелістер стабилизатор өзегінің соңында араласып жатады, мәселен бірі жоғары, ал екіншісі төмен деген сияқты. Осының әсерімен стерженьнің ортаңғы бөлігі айналады және де автокөліктің қорабының көлденең тербелісі мен жантаюын, аууын төмендетеді. Асылғы доңғалақтың жоғарға қарай өрлеуі (сығынды жүріс) 80мм мен доңғалақтың төменге қарай жүрісін (беріліс жүрісі) 75мм қамтамасыз етеді.

    Алдыңғы желілі ВАЗ автокөліктердің алдыңғы асылғылары (6.2 - сурет) — тәуелсіз, телескоптық, амортизаторлық тіректер мен көлденең тегеуірінді стабилизаторлы. Амортизаторлық (телескоптық) тіректер (8) соңғы үштарымен (12) айналмалы жүдырықшаға (11) штампты кронштейннің жөне де екі болтының әсерімен жалғанған. Жоғарғы болт (10) эксцентрлік шайбасы (9) бар, ол барлық процестің реттегіші болып табылады. Оның көмегімен алдыңғы доңғалақтың қүлдырауы реттеледі, айналыс кезінде болттың өзгеруімен бірге бүрылыс жүрырықшасының да жағдайы амортизаторлық тіректің қатысымен өзгереді. Бағанның жоғарғы үшы (8) резеңкелік тірек арқылы (1) қораппен байналысады. Тіректің негізіне шар тәрізді мойынтірек (30) қүрастырылған әрі ол тазалық жағынан пласмасты қалпақтың әсерімен (31) кірлеуден қорғайды. Жоғары жиілікті тербелістер мен доңғалақтың араласуының жағдайында резеңкелі тіректің жоғары эластикалық қасиеті тербелістің болуын қамтамасыз етеді, ал шар тәрізді мойынтірек доңғалақ бүрылысының жағдайында тағанның айналуын қамтамасыз етеді. Төменде орналасқан көлденең рычаг (21) шар тәрізді шарнирдің (20) айналмалы жүдырықшасымен

    1. байланысқан, қораптың кронштейнімен (26) резеңкеметалдық шарнир байланысқан. Асылғының төменгі рычагінің тартылысы (27) резеңкеметалдық шарнир арқылы бір шетімен рычагпен (21) байланысты, ал екінші шетімен автокөліктің қорапшасымен жабысқан кронштейнмен. Шайбалар (22) басқарушы доңғалақтардың бүрылыс өсінің бойлық еңісін реттеу үшін қажет. Стабилизатордың өзегі (24) көлденең тегеуірінділігімен резеңкелік тіректердің (25) көмегімен автокөліктің қорабына бектіледі, ал асылғының төменгі рычагтарына тіректер арқылы (23) резеңкеметалдық шарнирлермен бекітіледі. Стабилизатор өзегінің соңғы жақтары бір уақытта асылғының төменгі рычагтарының қосымша кергі функцияларын орындайды, олар кергі ретінде (27) алдыңғы доңғалақтан қорапшаға берілетін бойлық күштері мен сәттерін қабылдайды. (8) телескоптық бағана бір уақытта гидравликалық амортизатордың рөлін ойнайды. Онда өрілген цилиндрлік серіппе (5) тірек (2) табақшаларының (6) арасына орнатылған әрі доңғалақтың жоғарға қарай жүрісін шектейтін сығу буфері (3). Доңғалақтың жоғарыға қарай жүрісі кезінде буфер бағананың жоғары бөлігінде табылатын арнайы тірекке қарай (4) жылжиды. Сығу буфері қорғанышты қаптамамен байланысқан (29) ол амортизаторлық бағананың штогын ластану мен механикалық бүзылулардан сақтайды. Бағанамен автокөліктің рөлдік желісінің айналмалы рычагі (7) байланысты. Амортизаторлық бағананың ішіндегі болып табылатын берілістің гидравликалық буфері доңғалақ жүрісінің төменге қарай бағытын шектейді.

    ВАЗ жеңіл автокөлігінің артқы асылғысы (6.3 - сурет) бағынышты, серіппелі әрі гидравликалық амортизаторлы. Автокөліктің артқы доңғалақтары бір-бірімен артқы белдіктің бөренесімен байланысты.







    6.2 - сурет. Алдыңгы желілі ВАЗ жеңіл автокөлігінің
    алдыңгы асылгысы:


    1, 2, 4, 6, 25-тіректер; 3-буфер; 5-серіппе; 7, 21-рычагтар;

    8, 23-баганалар; 9-шайба; 10-реттегіш болт;

    1. 26, 28-кронштейндер; 12-айналмалы жудырықша; 13-тежеуіштік диск; 14-шыгыршық; 15-купшек;

    16, 31-қалпақтар; 17-ілмек; 18-штифт; 19, 30-мойынтіректер;
    20-шарнир; 22-реттегіш шайбалар;
    24-стабилизатор; 27-кергі; 29-қаптама





    6.3 — сурет. ВАЗ жеңіл автокөлігінің артқы асылгьісы: 1-шарнир; 2-артқы белдік; 3, 17, 20-штангалар, 4, 11-төсемелер;

    5, 10, 12-табақшалар; 6, 16-буферлер;

    7, 14-саусақтар; 8-кронштейн; 9-серіппе; 13- тарту күші;

    15-арқалық; 18- реттеуіш; 19-торсион;

    21- амортизатор




    Артқы асылғының бағыттағыш құрылғысы бойлық төменгі (3) және жоғарғы (17) әрі көлденең (20) штангтер, тегеуірінді қүралдар өрілген цилиндрлік серіппелер (9), сөнгіш қүралдар ретінде екі жақты әрекетті (21) телескоптық гидравликалық амортизаторлар болып табылады. Артқы белдік (2) автокөліктің қорапшасымен төрт бойлық

    1. және де бір көлденең (17) штангтің көмегімен байланысқан. (3) және (20) штангтер болатты, қүбырлы болып келеді, ал (17) түтас, дөңгелекті қиылмалы. Жоғарғы бойлық штангтердің (17) алдыңғы үштарынан басқа барлық штангтардың үштары артқы белдіктің бағанасымен автокөлік қорабындағы кронштейнге бекітілген. (17) штангің алдыңғы үштары (8) кронштейннің (7) саусақтарындағы консольді түсына бекітілген. Барлық штангтерді бекіту үшін резеңкеметалдық шарнирлер (1) қолдану қабылданған, ол артқы асылғының шусыз жүмысы қамтамасыз етеді және де пайдалану

    кезінде майлауды талап етпейді. Асылғының серіппелері (9) артқы белдіктің бағанасына дәнекерленген төменгі тіректі табақшалардың

    1. арасына орнатылған және автокөліктің қорапшасымен байланысты жоғарғы тіректі табақшалардың (10), (12) арасына орнатылған. Серіппенің ұшындағы және де тірек табақшаларының арасында дыбыс-шуды оқшаулайтын төсемелер (4) және (11) орнатылған. Амортизаторлар жоғарғы үштарымен (21) автокөлік қорапшасының (15) арқалығындағы (14) саусақтарға бекітіледі, ал төменгі ұштарымен артқы белдіктің бағанасына бекітіледі. Амортизаторларды бекіту үшін резеңкеметалдық шарнирлер қолданылады. Доңғалақтың жоғарыға қарай жүрісін асылғы серіппесінің ішінде орнатылған тірекке- бекітілген сығу буфері (6) шектейді. Қорап кронштейнінде бекітілген қосымша буфер (16) доңғалақтың алға қарай жүрісі кезінде артқы белдік картерінің алдыңғы бөлігінің жүрісін шектейді. Қораптың кардандық білігі мен белдік картерінің жанасуын болдырмайды. Доңғалақтың төменге қарай жүрісін амортизатор шектейді, өйткені артқы белдіктің төменге қарай қозғалысының әсерінен туғандағы араласудың кемуімен байланыстырады. Доңғалақтың жоғарға қарай өрлеп шығуы (сығылу жүрісі) артқы асылғының қамтамасыз етуімен болатын 100 мм, ал доңғалақтың төменге қарай жүрісі (беріліс жүріс) 125 мм.

    ГАЗ жүк автокөліктерінің алдыңғы асылғысы (6.4 а сурет) рессорлы, амортизатормен, бағынышты. Беттік рессор (7) белдік бағанасына екі басқышпен бекітілген (8), ал рамға резеңкелі тіректер арқылы.

    Резеңкелі тіректер рамдағы кронштейндерге (1) және (4) бекітілген. Бүл кронштейндердің қақпақтары бар (6), олар рессорларды жөндейді әрі бөлшектейді, сонымен қатар резеңкелі тіректерді де алмастыра алады. Рессор беті орталық болтпен тартылған. 90° бүрыш жасап тұрған екі негізгі бет тегеуірінді кеспелтек жамылғы жасап түр. Негізгі беттердің жазылған шеттеріне арнайы табақшалар (5) және (10) жапсырылған, резеңкелі ‘тіректермен жанасқандағы бет ауданының үлғаюына әсер ететін. Рессордың алдыңғы шеті қозғалыссыз. Ол жоғарғы (2) және төменгі (11) резеңкелі тіректердің арасындағы кронштейнге (1) бекітілген, әрі кеспелтек резеңкелі тірекке (12) қарай жылжиды. Рессордың артқы шеті қозғалмалы тек екі резеңкелі тіректің көмегімен кронштейнге бекітілген. Рессорлардың майысуы кезінде ол осы тіректердің иілуінің нәтижесіне алып келеді. Рессорлардың жоғарыға қарай майысуын резеңкелі буфер шектейді (9), ол басқыштардың (8) аралығында орналасқан. Амортизатор (3) кабина тербелістері мен автокөліктердің алдыңғы доңғалақтарының өшуін қамтамасыз етеді.

    ГАЗ жүк автокөлігінің артқы асылғысы (6.4 б сурет) бағынышты, рессорлы, амортизаторсыз. Ол екі бойлық жартылай эллиптикалық рессорда қосымша рессорлармен (рессор асты) орындалады. Рессор (16) мен рессор асты (15) артқы біліктің бағанасына басқаштарымен (14) жапсырманың (13) және (17) көмегімен жабысады. Рессордың ұштары кронштейнге резеңкелі тіректермен дәл автокөліктің алдыңғы асылғысындағы сияқты бекітілген. Рессор асты да дәл рессор сияқты қүрылғы болып табылады, бірақ оның жапырақшаларының саны аздау болып келеді, Рессор астының үшы рамамен байланысты емес. Автокөліктегі жүктеме ұлғайған сайын рессор асты да рамадағы кронштейнде бекітілген резеңкелі тірекке ұшымен тіреліп рессормен бірге жұмыс жасай бастайды. Қорап тербелісі мен автокөліктің доңғалағының өшуі артқы асылғыда рессор мен рессор астының

    жапырақшаларының арасындағы үйкелістің негізінен туындап жатыр.

    КамАЗ жүк автокөлігінің алдыңғы асылғысы (6.5 а сурет) бағынышты, рессорлы, амортизаторларымен. Ол екі бойлық жартылай эллиптикалық рессорлардың екі гидравликалық телескоптық амортизаторлардың негізінде жүзеге асады. Әрбір рессор (4) орта бөлігімен алдыңғы доңғалақтың бағанасына басқыштармен (11) және жапсырмалардың (7) көмегімен жапсырылған. Рессор мен белдік бағанасының арасында кронштейнмен бірге жапсырма жапсырма (6) орнатылған, ол амортизатордың (8) төменгі үшын бекіту үшін қызмет етеді.

    Рессор жапырақшаларының өзара үйлесімділікте болып келуі жапырақшалардың орта негізді бөліктерінің орындалуымен арнайы коникалық тереңдетумен қамтамасыз етіледі, ал жинақталған рессорлар белдік бағанасына қатысты штифпен (5). Рессордың алдыңғы шеті алып-салмалы төлкелі (14) құлақшынға (15) ие, ол рессордың негізгі бетіне болт (1) және жапсырманың (3) көмегімен бекітілген. Соңы рамдағы кронштейнге (12) шарнирлі болып тегіс саусаққа (13) бекітіледі, ол екі тұтас болтының (2) әсерімен тіркеледі. Рессордың артқы бөлігі тайғақ болып келеді.







    1. сурет. ГАЗ жүк автокөлігінің алдыңгы (а) жөне артцы

    (б) асылгылары:

    1, 4- кронштейндер; 2, 11, 12- тіректер; 3-амортнзаторлар;

    1. 10-табацшалар; 6-цацпац; 7, 16-рессорлар;

    8, 14- басцаштар; 9-буфер; 13, 17-бастырмалар; 15-рессор асты

    Ол рамның (17) кронштейнде еркін орнатылған жөне кебірсекке (19) негізделеді. Реесордың артқы ұшына жапсырма бекітілген, негізгі бетті қалдықтардан қорғайды. Кронштейндерді қалдықтардан қорғау үшін (17) кебірсектердің (18) саусақтарында астар (16) орнатылған.











    1. сурет. КамАЗ жүк автокөлігінің алдыңгы (а) және артқы

    (6) асылгылары:

    1, 2-болтылар; 3, 7, 20-жапсырма; 4, 22-рессорлар; 5-штифт;
    6-ішпек; 8-амортизатор;


    9, 12, 17, 29, 30-кронштейндер; 10-буфер; 11, 21- жеңіл саты; 13, 18-
    саусақтар; 14-төлке; 15-бүрме; 16-астар; 19-сухаръ; 23-тірек; 24,
    32-белдіктер; 25-күпшек; 26-осъ; 27-шарнир; 28, 31-штангтар


    Алдыңғы доңғалақтың жоғарыға қарай өрлеуін сығу (10) резеңкелі буферлері шектейді, ол раманың лонжеронында орнатылған. Амортизаторлар (8) төменгі ұштарымен жапсырма (6) кронштейніне жалғанған, ал жоғарғысы раманың (9) кронштейніне. Амортизаторларды бекіту үшін резеңкеметалдық шарнирлер қолданылады.

    КамАЗ жүк автокөлігінің артқы асылғысы тепе-тендікті, бағынышты. Оның негізгі бөліктері ретінде екі бойлық жартылайэллиптикалық рессорлар мен алты бойлық реактивті штангтар кіреді. Әрбір рессор (22) орта есеппен күпшекке (25) жапсырмамен (20) және де екі басқышпен (21) бекітілген. Рессордың үштары жетекші белдіктің артқы (24) және ортаңғы (32) бағаналарына бекітілген тіректерге (23) еркін орнатылған. Күпшек (25) төлкенің ішіндегі өсінде (26) орнатылған, ол лонжерлік рамада бекітілген асылғы кронштейнімен (30) байланысты кронштейнде (29) орналасқан. Күпшектер өсіне гайкамен және сыртынан қақпақпен, ал ішкі жағынан манжет пен тығыздатылған шығыршықпен бекітіледі. Қақпақта майды қүюға арналған тығын орнатылған.

    Ортаңғы (32) және артқы (24) жетекші белдіктердің әрқайсысы үш реактивті раманың штангісімен байланысқан: екі төменгі (28) және жоғарғы (31). Реактивті штангтердің үштары кронштейндегі рама мен өзі қозғалатын шарнирлердің (27) белдіктерінде бекітіледі. Бүл шарнирлер шар тәрізді саусақтардан түрады, ішкі және сыртқы астарларымен бірге серіппені тығыздататын. Шарнирлер қақпақтармен жабылған, манжетермен тығыздатылып, майлағыш арқылы майланады.

    Ортаңғы және артқы белдіктердің жоғарыға қарай жүрісі резеңкелік буферлермен шектеледі, олар лонжерлі рамада орнатылған. Асылғыдағы тербелістің өшуі рессор жапырақ- шаларының арасындағы үйкелісу есебенен жүзеге асады.

    1. Атқаратын қызметі және түрлері

    Дөңгелектер автомобильді рессорлау үшін, оның қозғалысын қамтамасыз ету үшін және қозғалыс бағытын өзгерту үшін қызмет етеді.

    Автомобильдің дөңгелегі (7.1 - сурет) пневматикалық шинадан (1), сақинадан (обод) (2), жалғаушы элементтен (3) және күпшектен (ступица) (4) тұрады. Сақина мен жалғаушы элемент метал дөңгелекті құрайды.

    Пневматикалық шина жолдың тегіс еместілігін түзетеді және аспамен бірге, жолдың кедір-бұдырларының түрткілері мен соққыларын жұмсартады және жүтады, автомобиль жүрісінің жатықтығын, және де автомобиль дөңгелектерінің жол бетімен сенімді тіркесуін қамтамасыз етеді.

    Метал дөңгелек пневматикалық шинаны орнатуға және оны күпшекпен жалғастыруға арналған. Күпшек көпірдегі мойынтіректерге дөңгелекті орнатуды қамтамасыз етеді және дөңгелекке айналу мүмкіндігін жасайды.







    7.1 — сурет. Автомобилъ дөңгелегі:

    1 - шина; 2 - саңина; 3 - жалгаушы; 4 - купшек

    Күпшек болмаған жағдайда дөңгелектің айналатын отырығы- зылатын бөлігі болып мойынтіректерде көпірдің арқалығында орналасқан жартылай осьтің фланеці табылады.




    7.2 - сурет. Әртүрлі белгілері бойынша жіктелген дөңгелек түрлері




    Автомобильдерде дөңгелектердің әртүрлі түрлері қолда- нылады (7.2 - сурет). Жүргізуші дөңгелектер трансмиссия арқылы қозғалтқыштан келетін айналушы сәтті тарту күшіне, ал өз айналымын - автомобильдің үдемелі қозғалысына түрлендіреді.

    Басқарылатын және үстап түрушы дөңгелектер рамадан немее кузовтан итеруші күшті қабылдайтын жүргізілетін дөңгелектер болып табылады. Олар автомобильдің үдемелі қозғалысын түрлендіреді.

    Құрастырылған дөңгелектер жүргізуші де, басқарылатын да болып табылады және олардың функцияларын біруақытта орындайды.

    • Қүрыштан жасалған дисктік дөңгелектер күпшек пен сақинаның (обод) жалғастырушы элементі ретінде сақинаға пісіріп жапсырылған қүрыштан жасалған штампталған дискісі бар. Жеңіл қорытпалардан (алюминий, магний) жасалған қүйылған дөңгелектерде диск дөңгелектің сақинасымен бірге қүйылады.

    Дискісіз дөңгелектерде күпшекпен бірге дайындалған жалғастырушы бөлшек бар, көлденең және үзына бойғы жазық- тықтарда алынатын етіп жасалады.

    Кегейлі (спицевые) дөңгелектерде сақина мен күпшектің жалғастырушы элементі ретінде сымдық кегейлері бар.

    Дисктік дөңгелектер автомобильдерде кеңінен таралған.

    Дискісіз дөңгелектер жүк көтергіштігі үлкен жүк автомо- бильдерінде қолданылады. Дисктік дөңгелектермен салыстырғанда дискісіз дөңгелектер қүрылымы бойынша қарапайым, салмағы азырақ (10... 15%-ға), бағасы төмендеу, үзаққа шыдамды, монтаж және демонтаж кезінде ыңғайлырақ, тежегіш механизмдер мен шиналардың жақсы салқындауын қамтамасыз етеді. Бүдан басқа, олар күпшекте ендері әртүрлі сақиналарды орнатуға мүмкіндік жасайды, бүл бір ғана автомобильде әртүрлі шиналарды қолдануға мүмкіндік береді.

    Кегейлі дөңгелектердің қолданылуы шектеулі және басты түрде тежегіш механизмдердің жақсырақ салқындалуы мақсатында спорттық автомобильдерде қолданылады.
    1. 1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


    написать администратору сайта