Главная страница
Навигация по странице:

  • Құрсау, күпшек және дөңгелектің жалғаушы элементі

  • Қораптың негізгі элементтері мен олардың классификациясы

  • Автомобиль Суеубаев. Ж. С. Суеубаев


    Скачать 1.73 Mb.
    НазваниеЖ. С. Суеубаев
    Дата11.09.2022
    Размер1.73 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАвтомобиль Суеубаев.docx
    ТипДокументы
    #671080
    страница13 из 16
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

    Диагоналдық және радиалдық шиналардың қаңқаларының қүрылымы әртүрлі.

    Диагоналдық шиналарда (7.8 а сурет) корд жіптері дөңгелек өсіне 50... 52° бүрышпен орналасқан және іргелес қабаттарда қиылысатын қаңқасы (2) бар. Жастықша қабатының (1) корд жіптері де дөңгелек осіне біршама бүрышпен орналасқан. Диагоналдық шиналардың қаңқасы соққыдан, кесілуіден және т.б. зақымдалуға азырақ ұшырайды.

    Радиалдық шиналар (7.8 б сурет) диагоналдықтардан қаңқадағы корд жіптерінің орналасуымен, профильдің формасымен, қабаттылығымен, жастықша қабатының, борттық бөлігімен, протектордың ерекшелігімен және қолданылатын материалдардың сапасымен ерекшеленеді.

    Шиналарда шинаның бір бортынан екіншісіне бір-біріне параллель жүретін қаңқаның (2) корд жіптерінің радиалды орналасқан. Корд қабаттарының саны корд жіптері диагональ орналасқан шиналарға қарағанда екі есе аз. Жастықша қабаты (1) метал немесе вискоза кордтан жасалған. Шина профилінің биіктігі біршама қысқартылған, Н/В=0,7...0,85. Шиналар камералы және камерасыз болады. Радиалдық шиналар корд жіптері диагональ орналасқан шиналармен салыстырғанда көбірек жүк көтергіштігімен (15...20%-ға), көбірек радиалдық эластикалығымен (30...35%-ға), тербелуге аз қарсыласуымен (10%-ға) сипатталады, азырақ қызады (20.. .30%). Шиналар жолдың шағын кедір-бұдырларын жақсы түзетеді, автомобильдің басқарылуын жақсартады, отын шығынын азайтады және тозуға көбірек төзеді. Шиналардың қызмет мерзімі 1,5-2 есе жоғары, және олардың жүрісі 75...80 мың км. Дегенмен шиналардың бағасы жоғары жөне бүйірлік эластикалығы шуыл туындатады.

    Реттелетін қысымы бар шиналар (7.7 в сурет) камералы және камерасыз болуы мүмкін. Кәдімгі шиналармен салыстырғанда олардың профильдерінің ені көбейтілген (25...40%).




    а б

    7.8 - сурет. Диагоналдық (а) жөне радиалдьщ (6) шиналар: 1-жастықша қабаты; 2-қаңқа




    Қаңқа кордының қабаттар саны көбірек (1,5-2 есе) және корд қабатының арасында жүмсақ резіңке қабат бар, грунтқа тіреу алаңы көбейтілген (қысым төмендеген кезде 2-4 есе), грунтқа үлестік қысым азырақ, онымен жақсы тіркесу және эластикалығы жоғары. Шиналардың протекторы сондай-ақ жоғары эластикалығымен ерекшеленеді және үлкен дейформацияға жол беретін кең қойылған грунттіркесуші арнайы суреті бар. Грунттіркесушілердің биіктігі

    1. 30 мм-ді құрайды. Бүл шиналардың вентилінде золотник жоқ. Мүндай шиналар, шамасын жол жағдайларына сәйкес жүргізуші таңдайтын 0,05...0,35 МПа айнымалы ауа қысымымен жүмыс істей алады. Шиналардағы ауа қысымын автомобильде орнатылған арнайы жабдықтың көмегімен реттейді, ол пайадалану жағдайларына байланысты қажетті қысымды үстап түруға ғана мүмкіндік бермейді, тесілген жөне үсаақ зақымдалу кезінде шиналарға үздіксіз ауа беріп түрады.

    Реттелетін қысымы бар шиналар минус 60°С-тан плюс 55°С дейін температурада, елдің барлық климаттық аймақтарында барлық санаттағы жолдарда жұмыс істеуге арналған. Жолдың ауыр бөлімдерінде өткен кезде (батпақты жер, қарлы дала, төгілмелі қүм) шинадағы ауа қысымын ең аз деңгейге дейін төмендетеді, ал қатты төмесі бар жолдарда барынша көп мәнге жеткізеді. Реттелетін қысымы бар шиналарды жоғары өтімділікті автомобильдерде қолданады. Олар ауыр жағдайда және ауаның төмен қысымында жұмыс істейтіндігіне байланысты олардың қызмет мерзімі кәдімгі шиналарга қарағанда 2-2,5 есе аз. Бұдан басқа, бұл шиналар дәл сол өлшемдегі кәдімгі шиналармен салыстырғанда жүк көтергіштігі азырақ.

    Шиналардың өлшемдері мен маркіленуі олардың бүйір бетіне қойылған. Шинаның негізгі өлшемі болып (7.9 - сурет) профилінің ені В және Н биіктігі, отырғызу диаметрі және сыртқы диаметрі Д табылады. Диагоналдық шиналардың өлшемдері екі санмен белгіленеді: В-б өлшемдерінің үйлесімі түрінде. Шығарылатын отандық шиналар үшін белгілеудің дюймдік жүйесі қабылданған, яғни В және ё өлшемдері дюймдермен беріледі (мысалы: 6,95... 16) және белгілеудің аралас жүйесі: В өлшемі милиметрмен беріледі, ал сі өлшемі-дюймдермен (мысалы: 175...16).

    Радиалдық шиналардың өлшемдері үш санмен және К әрпімен белгіленеді. Мысалы, 175/70К.13, мүнда 175 - шинаның профилінің В ені, 70 - Н биіктігінің профилінің еніне В қатынасы, %, К - радиалдық, 13 - отырғызу диаметрі б дюймдерде.

    Ө
    лшемдерінен басқа, шинаның маркіленуіне дайындаушы-зауыт, шинаның үлгісі, оның реттік нөмірі және басқа деректер көрсетіледі.

    Ш
    7.9 - сурет.
    Шиналардың негізгі


    иналарға, қажет болғанда, қосымша белгілемелер салынады. Мысалы, камерасыз шиналар үшін - “ТиЬеІезз” жазбасы, М+8 белгісі - протектордың қысқы суреті бар шиналар үшін; Ш әрпі - тікенектерге арналған шиналарда және бірқатар басқа белгілемелер.

    1. Құрсау, күпшек және дөңгелектің жалғаушы элементі

    Автомобильдердің дөңгелектері терең бөлінбейтін және бөлінетін сақиналармен, диск түрінде, кегейлі және кегейсіз жалғаушы элементтермен болуы мүмкін.

    Құрсаулар пневматикалық шинаны орнату үшін қызмет етеді. Олардың арнайы профилі бар. Оларды әдетте штамптайды немесе қүрыштан жасайды, және де жеңіл қорытпалардан (алюминий, магний) дискпен бірге қүяды.

    Терең қүрсау (7.10 - сурет) жеңіл автомобиль дөңгелектері үшін қолданылады. Ол бөлінбейтін етіп жасалған. Мүндай қүрсаудың орта бөлігінде В ойығы бар, ол шинаның монтажын және демонтажын жеңілтедеді. Ойықтың екі жағында, бортпен аяқталатын конустәріздес сөрелер орналасқан. Қүрсау сөрелерінің қисаю бүрышы 5° +1° қүрайды, соның салдарынан шинаны қүрсауға отырғызу жақсарады.

    Терең қүрсаулар үлкен қаттылықпен, аз салмақпен және дайындау қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Дегенмен, мүндай құрсауда, борттың бөлігінің эластикалығы жоғары, салыстырмалы шағын өлшемді шиналарды орнатуға болады. Сондықтан терең қүрсаулар тек қана жеңіл автомобильдер мен жүк көтергіштігі шағын жүк көліктерінің дөңгелектерінде қолданылады.







    7.10 - сурет. Жеңіл автомобилъдердің дисктік (а,б)
    және кегейлі (в) дәңгелектері 1-диск; 2-қүрсау; 3-кегеіиіер;
    А, Б-тесіктер; В-ойық


    7.11 -сурет.

    Ж ук автомобилыніц
    дисктік дөңгелектері:
    а-көлденең кесінді;
    б-бөлшектеу кезіндегі
    жалпы турі;
    1-борттьщ цурсау;
    2кесінділік цурсау;
    3-қурсау; 4-диск



    3 4 12






    Бөлінетін құрсауларды жүк автомобильдерінің көпшілігінің дөңгелектері үшін қолданады. Олардың қүрылымы өте әртүрлі. 7.11 суретте жүк автомобильдерінің камералық шиналары үшін жиі қолданылатын конус тәрізді отырғызу сөресі бар бөлінетін құрсау көрсетілген. Құрсауда (3) конустәріздес сөресі бар тіліксіз, алынатын, борттық қүрсау (1) және серіппелі тілікті қүрсау (2) бар. Алынатын борттық қүрсау, қүрсауда серіппелі қүрсаудың көмегімен үсталып түрады. Бөлінетін қүрсаулар, үлкен салмағы, көлемі және қатаң борттық бөлігі бар жүк автомобильдерінің монтажын және демонтажын жеңілдетеді.

    Реттелетін ауа қысымы бар кеңпрофильді, аркалық шиналар үшін және де жүк көтергіштігі үлкен жүк автомобильдерінің кейбір шиналары үшін сөгілетін қүрсаулары бар бөлінетін қүрсауларды қолданады. Олар өзара болттармен жалғанатын екі бөлімнен түрады. Бөлінетін қүрсаулар шинаны оның ішіндегі ішкі ауа қысымына тәуелсіз сенімді бекітілуін қамтамасыз етеді.

    Күпшек дөңгелектің көпірге орнатылуын қамтамасыз етеді және дөңгелекке айналу мүмкіндігін береді. Күпшектерді әдетте қүрыштан немесе сомдалатын шойыннан жасайды. Оларды көпірде

    конус тәрізді роликтік мойынтіректердің көмегімен орнатады. Дөңгелектерден басқа күпшектерге сондай-ақ тежегіш барабандары мен жартылай өстердің фланецтерін (жүк автомобильдерінің жетекші көпірлері) бекітеді.

    Автомобильдің алдыңғы дөңгелектерінің күпшегі - фланецтік, қоспа қүрыштан дайындалған. Күпшек (3) екі конустөріздес роликтік монйынтіректерде (8) бүрылмалық жүдырықшада (10) орнатылған. Мойынтіректердің сыртқы қүрсаулары бүрылмалық жүдырықтарға престелген, ал ішкі қүрсаулар ішкі шлицтері бар және автомобильдің алдыңғы дөңгелектерінің жетектерінің сыртқы шарнирінің корпусының соңымен (7) жалғасқан күпшектің үшына орнатылған. Конустық төлке (5) үштың (7) дөңгелек күпшегіне қатысты дүрыс орнатылуын қамтамасыз етеді. Күпшектегі мойынтіректердің (8) орналасуы гайкамен бекітіледі. Оның көмегімен мойынтіректердегі 0,025...0,080 мм өстік саңылау реттеледі. Мойынтіректерді жинау кезінде майлайды. Күпшектің мойынтіректерін шаңнан, балшық пен ылғалдан қорғау үшін, және де майды үстап түру үшін бүрылмалы жүдырықта манжеталар (9) мен қорғаныс құрсаулары, ал сыртқы жағынан - штампталған көркемдік қақгіақ (6) орнатылған. Сфералық гайкалар мен шпилькалардың көмегімен күпшекке дөңгелек пен тежегіш қалқанымен жабылған тежегіш механизмінің дискі (2) бекітіледі. Жеңіл автомобильдердің артқы дөңгелектерінің күпшегі әдетте болмайды. Оны дөңгелектің айналатын отырғызылатын бөлігі болып табылатын жартылай осьтің фланеці алмастырады. Сфералық гайкалардың (31) және шпилькалардың көмегімен жартылай осьтің фланеціне дөңгелек пен тежегіш барабан (1) бекітіледі.




    7.12сурет. Дискісіз дөңгелектің қүрылымы (а) және бекітілуі (б): 1-секторлар; 2-күпшек; 3-қысқыш; 4-шпилъка; 5-гайка




    Жеңіл автомобильдің алдыңғы дөңгелеігінің күпшегі (15) жабық түрдегі екі қатарлы шарикті мойынтіректер (19) бүрылмалық жүдырықта (12) орнатылған. Мойынтірек бүрылмалық жүдырықта толтырушы сақиналармен (14) бекітіледі. Күпшек ішкі шлицтердің көмегімен алдыңғы дөңгелектер жетегінің сыртқы шарнирінің корпусының үшымен (17) жалғасқан және онда көркемдік пластмасса қақпақпен (16) жабылатын гайкамен бекітіледі.

    Күпшекке тежеуші диск (13) бағыттаушы штифттермен бекітіледі. Штифттер күпшекке қатысты дөңгелекті орталықтайды, ол оған сфералық болттармен бекітіледі. Осы болттармен күпшекке тежегіш диск қосымша бекітіледі.

    Дөңгелектің жалғаушы элементі көбінесе диск түрінде жасалады. Мүндай дөңгелектер дисктік деп аталады. Мүндай дөңгелектер дисктік деп аталады.

    Табақтық қүрыштан штампталған диск (1) (7.10 - сурет) қаттылықты көбейту үшін майыстырылған және тесіктері немесе ойықтары бар етіп жасалады. Дисктегі тесіктер мен ойықтар дөңгелектің салмағын жеңілдетеді, монтаж-демонтаж жүмыстарын жеңілдетеді, және де тежегіштік механизмдер мен шиналардың салқындалуын жақсартады. Дисктерді дөңгелектің сақиналарына пісіріп жапсырады. Дөңгелекті күпшекке бекіту үшін дискте сфералық фаскалары бар (А) тесіктері бар. Бекітуді сфералық гайкалары немесе болттары бар шпилькалармен жүргізеді.

    Дискісіз дөңгелектерде күпшекпен бірге дайындалған жалғастырушы бөлік бар. Олар көлденең жөне үзына бойғы жазықтықтарда ажыратылатын етіп жасалады.

    1. суретте көлденең жазықтықтағы ажыратпасы бар дискісіз дөңгелек көрсетілген. Дөңгелек үш сектордан (1) түрады, ол секторлар секторлардың бүйірінде жасалған арнайы ойықтардың (қисықтардың) көмегімен бір сақинаға біріктірілген.

    Қүрастыру кезінде дөңгелектің секторларын жатқан шинаға белгілі ретпен орнатады, ал одан кейін шинамен бірге күпшекке (2) арнайы қысқыштармен (3), шпилькалармен (4) және гайкалармен (5) бекітеді. Дискісіз дөңгелектер жүк автомобильдерінде және автобустарда кеңінен қолданылады.

    1. Автомобиль дөңгелектерінің мақсаты қандай?

    2. Автомобиль дөңгелегінің негізгі бөліктерін атаңыз?

    3. Камералы және камерасыз шиналардың қүрылымы қандай?

    4. Диагоналдық және радиалдық шиналар не болып табылады?

    5. Әртүрлі профильдегі шиналарға сипаттама беріңіз?

    6. Шиналардың негізгі мөлшерлері мен белгілемелері қандай?

    1. тарау. ҚОРАП (ШАНАҚ)

    1. (МАЗ-5335, Атқаратын қызметі және түрлері

    Қорап жүргізушіні, жолаушыны, жүктерді және арнайы қондырғыларды орналастыру үшін қажет. Автомобиль қораптары неге арналғанына қарай және конструкциясына қарай ерекшеленеді. Қораптың неге арналғанына қарай негізгі үш топқа бөлінеді: адамдарды тасымалдау үшін (жеңіл автомобильдер, автобустар, жүк- жолаушы тасымалдайтын автмобильдер), жүк тасымалдайтын (платформалар, цистерналар, фургондар, самосвалдар және т.б.) жәна арнайы бағытталған (санитарлық, өрт сөндіретін және т.б.). Конструкциясы бойынша қораптар каркассыз, каркасты және жартылай каркасты болып келеді, артылатын жүк салмағы бойынша алып жүретін, жартылай алып жүретін және тиелмелі болып бөлінеді.

    Алып жүретін қораптың рама болмайды, автомобиль қозғалысында пайда болатын барлық салмақ қорапқа түседі. Жартылай алып жүретін қорап рамаға мықтап бекітіледі де, рамаға түсетін салмақтың жартысы соған түседі. Тиелмелі қорапқа тек қана жүктің түсер салмағы ғана түседі, себебі ол басқа элементтердің көмегімен рамаға бекітілген (резина төсеніштер, жастықтар және т.б.). Автомобильдің жүрісі кезінде рамаға түсетін барлық күштің салмағын серіппелі элементтері болған кезде, қорап жеңілдетеді (жүкте түсер салмақтан басқа). Бүқаралық өндірістегі көптеген жеңіл автомобильдердің қорабы болады. Бүл олардың салмақ түсуін жеңілдетіп, жалпы биіктігін және конструкциясының металл сыйымдылығын азайтуға мүмкіндік береді.

    1. Қораптың негізгі элементтері мен олардың классификациясы

    Жеңіл автомобиль қораптары. Көптеген жеңіл автомобильдердің металдан құйып, қалындығы 0,8-1,2 мм. болатын жүқа болаттан жасалған, каркасы жоқ алып жүретін қорабы болады. Бүндай қораптың корпусы (8.1 - сурет) дәнекерленген конструкция болып келеді де алдыңғы және артқы бөлшектері бар (2) негізден (еденнен), артқы қанаты бар сол жақ және оң жақ (3) қапталдардан, алдыңғы (1) және (4) артқы қақпақтан тұрады. Қораптың есіктері штампіленген екі панел түрінде жасалады: фланцілермен, біріктіргіштермен және біріктірмелер арқылы бір-бірімен бекітілген сыртқы және ішкі болып келеді. Қораптың негізгі алып жүретін элементтері: қаптал тірегі, еден мен түрлі көлбеулер сияқты қораптық қима болып келеді. Қораптың қажетті қатаңдығына безендіру панелдерін тиісінше біріктіру арқылы қол жеткізеді, оған түрлі подкостар мен жүқа болат профилдерінен жасалған күшейткішгер салынады. Панелдерді дәнекерлеумен және винттармен немесе бекітпелермен бекітеді.

    Каркастық алып жүретін қораптардың арнайы каркасы болады, оған дәнекерлеудің кеңістік фермасын қүрайтын, безендіретін панелдермен күшейтілген, негізінің және жүқа профиль деталдері бекітіледі.




    8.1 - сурет. Жеңіл машинаның қорабы




    Жартылай каркасты қораптарда тек жартылай каркас болады - бір бірімен тікелей немесе безендіретін панелдер арқылы байланысқан, жекелеген тіректер, доғалар, брусоктар, күшейткіштер болып келеді. Жеңіл автомобильдер қорабының каркасты және жартылай каркасты конструкциялары өте сирек қолданылады. Каркас типтегі алып жүретін қораптар негізінен автобустарда қолданылады. Бүл олардың алып жүретін жүйесінің қатаңдығын арттырып, конструкцияның металл сыйымдылығын азайтады.

    Қазіргі заманғы жеңіл автомобильдердің қораптары түрлерінің көптігімен ерекшеленеді. Қорабы, оның сыйымдылығы, есіктерінің, орындықтардың саны мен қалай орналасқаны, автомобильдің түрі мен неге арналғанына байланысты болады. Қазіргі кезде алаңының көбі шыныланған, сүйір пішінді қораптар кең таралған, бүл қазіргі заманғы аэродинамикалық талаптарға сай болумен қатар, автомобиль көлемі үлкен болғанда, жылдамдығымен және сыйымдылығының сәйкес келуімен де ерекшеленеді. Осы қасиеттерімен қатар, қорап сапасы эстетика түрғысынан да бағаланады, оған жолаушылар салонының үтымды жобалануы, түсі мен безендірілуі, оның микроклиматы мен жайлылығы кіреді.

    Жеңіл автомобильдер қор^бы жабық болып жөне ашылатын болып жасалады.

    Жабық қораптар берік болып келеді, үзақ уақыт пайдалануға жарамды болып, пассивті қауіпсіздігі болады, қораптың бүл түрі кең тараған. Олар металл қақпақтармен қатаң жабылып, түсірілетін терезелері бар қатты есіктері болады.

    Ашылатын қораптар металл қақпақтардың орнына жи- нақталатын, су өткізбейтін жүмсақ тенттен жасалады. Төменде қазіргі кезде кең таралған жеңіл автомобильдердің қорап түрлері келтіріледі.

    Седан (8.2 а сурет) - екі қатар орындығы бар, төрт есікті, жабық қорап. Бүндай типтегі қорапты салон деп атайды (ВАЗ-2101, «Москвич -2140, ГАЗ -24, «Волга» және т.б. автомобильдер).

    Лимузин (8.2 б сурет) - екі-үш қатар орындығы бар, төрт-алты есігі бар қорап, алдыңғы орындықтың арқалығында жолаушы салонын жүргізушіден бөліп түратын шымылдық-қабырғасы бар (ЗИЛ-114, ЗИЛ-4104 автомобильдері). Артқы орындықтарының үстіне жинақталатын жүмсақ тенті бар лимузиндер ландо-лимузин аталады (8.2 в сурет).

    Купе (8.2 г сурет) - екі-төрт адамға арналған, жабық екі есігі бар қорап (ЗАЗ-968М «Запорожец» және ЗАЗ-1102 «Запорожец» автомобильдері). Бүндай қораптарда орындықтардың артқы қатары кей жағдайда тек қана біалаларға арналып жасалады, олардың көлемі 2x2 болып келетін, купе аталады.

    Фаэтон (8.2 д сурет) - жүмсақ, жинақталатын төбесі бар, ортаңғы тірегі болмайтын, ашық қорап, алынып-салынатын қапталдық екі-үш қатар орындықтары болады. Кейде бұндай қораптарды «торпедо» деп атайды (УАЗ-469 автомобилі).




    8.2 — сурет. Жеңіл машинаның кораптарының турлері




    Универсал (8.2 е сурет) - артқы қапталдағы панелде қосымша есігі бар жабық қорап. Артқы орындықтарын жинақтағанда қорап жолаушылар салонынан жүк тасымалдайтын арнайы қорап-фургонға айналып кетеді («Москвич -2136», ГАЗ-24-02 «Волга»).

    Пикап (8.2 ж сурет) - жүк-жолаушылар тасымалдайтын ашық платформалы қорап, төрт-алты адамға арналған, алынатын қапталдағы орындықтары және екі орындық жабық кабинасы болады (автомобиль ИЖ-27151).

    Жүк автомобильдерінің қораптары. Жүк автомобильдерінің қораптары кабинадан және жүк қорабынан - платформадан түрады. Сонымен қатар қорапқа автомобильдің кабинадан тысқары орналасқан бөліктерін жауап түратын тірекшесі болады (капот, қанаттары, подножкалар және т.б.).

    Кабина жайлылықты қамтамасыз ету керек, көрініс айқын болып, жүргізушінің приборлар мен басқару органдарға қолы еркін жетіп, көлікке кіру, түсу, отырғызу жайлы болуы керек. Кабиналар ек-үш орындық болып жасалады, ал қала аралық тасымалға арналған автомобильдерді, орындықтың арқалығында орналасқан жатын орындармен жабдықтайды. Көптеген автомобильдерде кабинадағы орынды бөлектеп жөне реттелетін етіп жасайды. Жүргізушінің орындығы тігінен және көлденеңінен реттеледі. Сонымен қатар, жастық пен арқалық та реттеліп отырады.

    Орналасуы бойынша кабина рамасы екі типке бөлінеді: қозғауыштың артына орналасқан капотты кабиналар (ЗИЛ-ІЗО, ГАЗ- 53А және т.б. автомобильдер) және алдыңғы жағына, қозғауыш үстіне оналасқан (капотсыз) кабиналар КамАЗ-5320 және т.б. автомобильдер). Оларды әдетте артқа қарай ашылатын етіп жасайды. Алдыңғы кабина жолды жақсы көруге мүмкіндік беріп, қозғауыш пен кабина астында орналасқан басқа да агрегаттарға қол жетерлікті жақсартып, жүк платформасын үзартуға мүмкіндік береді.

    Бүқаралық өнідірістегі жүк автомобильдерінің кабиналары (ЗИЛ- 130, ГАЗ-53А, МАЗ-500А, КамАЗ-3520 және т.б. автомобильдер), металдан қүйып жасалған, екі есігі болады; бүл кабиналардың жабық корпусы (8.3 - сурет) алдын ала жинақталған ірі түйіндерді: каркас типті (5) негіздер, артқы (1), үстіңгі (3), қапталды (4) панелдер мен (2) қақпақты дәнекерлеу арқылы жасалған. Айтылған түйіндердің қажетті қатаңдығы келесі тәсілмен жасалады: өз-өзді және

    кабинаның штампіленген еденін дәнекерлеу арқылы біріктірілген, негізін қораптық жабық профилдерден жасайды; панелдердің түрлі пішіндегі штамповкалары мен қабырғалары болады, оларды панелдің түйіскен элементтерін дәнекерлеу арқылы жасайды; қақпағын күмбез тәрізді етіп жасайды.

    Кабина есіктерін сыртқы және ішкі панелдерден жинақтап, кабинаға екі ілгекпен іліп қоады. Жинақталған кабинаны рамаға бекітіп, үш немесе төрт жерде, майысқақ қосындылар арқылы бекітеді, кабинаның артқы тірегінде серіппелі-рессорлық салпыншақ пен амортизатор болады, ол автомобиль қозғалысы кезінде пайда болатын рама қисайып кетуінен шыққан, кабина деталдеріне салмақ түсуден сақтап қалады.

    МАЗ және КамАЗ автомобильдерінің алдыңғы кабиналары шарнирлі тіректердің көмегімен алдыға қарай ашылады. Кабинаның алдыға қарай ашылуына қажетті күш 150 Н артық болмайды. Және кабинаның қисаю бүрышы автомобильдің түрлі үлгілері үшін 42-ден 70° қүрауы мүмкін, ол қозғауыштың және кабина астында орналасқан басқа да түйіндердің жүмыс атқаруын қамтамасыз етеді.

    Жүк автомобильдерінің қораптары әмбебап және арнайылан- дырылған болып келеді.

    Ә


    * 5

    8.3 - сурет. Жук машинасының қорабы

    мбебап қораптың металл немесе түрлі жүктерді тасымал- дауға пайдаланатын, жүк платформасы болады.

    Ағаш платформа (ЗИЛ-ІЗО, ГАЗ-53А автомобильдері) төсенішке дейін жететін негізден - платформа еденінен, алдыңғы жылжымалы жақтаудан және ашылатын үш жақтаудан түрады. Платформаның негізі бірнеше көлденең және екі ағаш брустардан түрады, соңғысы баспалдақ арқылы рамаға бекітеледі. Ашылатын жақтаулар ілмектер арқылы платформа негізімен бекітіліп, бүрышты запорлардың ілгіштерімен жабық күйінде үстап отырады, олардың конструкциясы жақтаулардың өздігінен ашылып кетуіне жол бермейді.

    КамАЗ-5320 автомобилінде металл жақтаулы платформа орнатылған, ол тент каркасын орнатуға арналған үяшықтары бар алты жақтаудан және негізден түрады. Платформаның негізі екі қапталдық панелден, байламалардан және көлденең балкалармен байланған, үзына бойына орналасқан күшейткіштерден түратын, металл каркас түрінде жасалған. Каркастың барлық элементтері жүқа болаттан, қалыңдығы 2,5-3 мм етіп жасалған. Платформа жақтаулары металл каркастан және қалыңдығы 1-1,5 мм болатын, жұқа болаттан жасалатын профилденген панелден түрады.
    1. 1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


    написать администратору сайта