Автомобиль Суеубаев. Ж. С. Суеубаев
Скачать 1.73 Mb.
|
. Бақылау сұрақгары: Автомобильдегі ток түтынушыларының мақсаты қандай? Автомобильдің оталдыру жүйесі не үшін керек? Оның түрлері қандай? Оталдырудың жанаспалы жүйесінің таратушысының қүры- лымы қандай? тарау. АВТОМОБИЛЬ ШАССИІ Автомобиль трансмиссиясы Атқаратын қызметі және түрлері Жалпы сипаттама. Трансмиссия дегеніміз двигательден келген қуатты машинаның жүретін дөңгелегіне жеткізіп беретін қондырғы. Трансмиссия двигательден айнылдыру моменті мен жетекші дөңгелектерге көбейтіп жеткізу қызметін атқарады. Двигательден жетекші дөңгелектерге жалғанған айналдыру моменті Мк (4.1 - сурет) оларды жол бетіне қатысты автомобиль қозғалысына қарама-қарсы қозғалтуға тырысады. Сол себепті жолдың қарсы өсерінен жетекші дөңгелектерде қозғалыс бойымен бағытталған және автомобильдің қозғалыс күші болып табылатын тарту күші Рт туындайды. Тарту күші жетекші көпірден сым арқылы кузовқа жеткізіліп және автомобильдің қозғалысқа келтіретін итеру күшінің Рх туындауына себепші болады. Автомобильдің жетекші дөңгелегінің түріне байланысты (адыңғы, артқы және т.б) қуаты және айналдыру моменті тек алдыңғы, артқы немесе алдыңғы және артқы дөңгелектерге бірдей жалғануы мүмкін. Осыған байланысты автомобиль алдыңғы жетекті, артқы жетекті және толық жетекті болып табылады. 4.1 - сурет. Автомобильдің қозгалтқыиі күштері: Рх-итеру күші; Рт-тарту күші; Мк-айналдыру момент Алдыңғы және артқы жетекті автомобильдердің шектеулі өткіштігі бар және олар қатты төсенішті, қүрғақ топырақ жолдарда қолданылады. Бүл автомобильдерде дөңгелек формуласы болады.Жалпы дөңгелектер мен жетекші дөңгелектердің қатынасы былай жазылады 4x2. Бүл формулада автомобильде барлығы төрт дөңгелек, оның екеуі жетекші. Егер жетекші дөңгелектер екіскатты болса, онда олардың жалпы саны алтыға тең, бүл автомобильдердің формуласы да 4x2 болып жазылады. Толық жетекті, екі және үш остік, екі артқы көпірі бар автомобильдердің өткіштігі жоғары. Осыған байланысты олардың формуласы 4x4 болып жазылады. Толық жетекті, үш және төрт остік автомобильдердің өткіштігі жоғары. Олар қыртыс, шұңқыр және басқа асулардан өте береді. Олардың формуласы 6x6 және 8x8 болып белгіленеді. Дөңгелек формуласы автомобильдің өткіштігінен басқа, оның трансмиссиясының түрін көрсетеді. Автомобильдерде трансмис- сияның әртүрлі түрі қолданылады. 4.2 - сурет. Әр түрлі бепгілермен жіктелген автомобиль трансмиссиясының түрі Трансмиссияның қүрылысы автомобильдің түріне, оның атқаратын қызметіне және двигательдің өзара орналасуына және жетекші дөңгелектеріне байланысты. Берілетін айналдыру момен- тінің өзгеруі трансмиссияның әр түрінде әр түлі. Трансмиссия және оның техникалық жағдайы автомобильдің қолданылу сипаттарына әсер етеді. Сонымен трансмиссияның механизмдерінің техникалық жағдайының нашарлауы және ілініс реттеуінің бұзылуы, басты берілісте және дифференциалда автомобильдің қозғалысына қарсыластық жоғарлайды және жылдамдық сипаттары, өткіштігі, отын үнемділігі және авто- мобильдің тазалығы нашарлайды. Механикалық сатылы трансмиссия. Механикалық сатылы трансмиссияларда двигательден жетекші дөңгелектерге берілетін айналу кезеңі трансмиссияның тісті механизмдерінің беріліс санының көбейтіндісіне тең болатын, трансмиссияның беріліс санына сәйкес сатылы өзгереді. Тиісті механизмдердің беріліс саны деп жетекші тісті дөңгелектің тіс санының басты тісті дөңгелектің тіс санына қатынасын атайды. Дөңгелектері 4*2 формулалы автомобилдерде двигателі алдында орналасқан және артқы басқарушы дөңгелектері (4.3 а сурет) трансмиссиядан ілінісу (2), беріліс қорабы (2), карданды беріліс (4), басты беріліс (6), дифференциал (7) және жарты білік (8) шығады. Двигательде (7) айналу кезеңі ілінісу (2) арқылы қосулы берілістің өзгеруіне сәйкес беріліс қорабына (5) беріледі. Жеңіл автомобильдер үшін трансмиссияның двигателі мен механизмдерінің өзара орналасуы алдынғы жөне артқы дөңгелектер арасындағы жүктемелердің теңдей бөлінуін және олардың арасындағы орындықтардың тербеліс аймағында тең орналасу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тірек аралығындағы ұзын карданды берілісті салыстыра қолдану қажеттілігі жетіспеушілік болып табылады. Дөңгелектері 4*2 формулалы болып келетін жеңіл авто- мобильдердің механикалық трансмиссиясында двигатель, ілінісу және жетекші көпірдегі беріліс қорабы болуы мүмкін: артқы жетекші дөңгелек жөне арт жақтағы двигатель (7) (4.3 б сурет) немесе алдыңғы жетекші дөңгелек және алдыңғы жақтағы двигатель (7) (4.3 б сурет). Бұндай трансмиссияларда беріліс қорабы мен жетекші көпір аралығындағы карданды берілісі және сонымен қатар ілінісу (2), беріліс қорабы (3), басты беріліс және дифференциал және жетекші дөңгелектердің жетектері болмайды, олар жарты білікпен емес карданды берілістермен жүзеге асырылады. Сонымен қоса, жетектер жетекші басқарылатын дөңгелектерде бүрыш жылдамдығына тең карданды топсалар (9) қолданылады. Бүл трансмиссиялар қүрылысы бойынша қарапайым, түтас, салмағы жеңіл және үнемді. 4.3 - сурет. Автомобшъдердің дөңгелектері әртүрлі формулалы болгандагьі механикалъщ трансмиссияның түбегейлі үлгісі: 1-двигатель; 2-ілінісу; 3-беріліс қорабы; 4-карданды беріліс; 5-бастауыш (ведущий) көпір; 6-басты беріліс; 7-дифференциал; 8-жарты ось; 9-карданды топса; 10-үлестірмелі цорап; 11-білік аралыц дифференциал Двигатель мен трансмиссияның (4.3 - сурет) арт жақта орналасуы жақсы шолушылықты жөне шанақтағы орындықтың автомобиль көпірлерінің арасында орналасуын, двигатель шуылы мен пайдаланылған газдардың салоннан оқшаулануын қамтамасыз етеді. Бірақ автомобилдің басқарылуы, түрақтылығы және күтпеген жерде соқтығысқанда жүргізуші мен алдында отырған жолаушының қауіпсіздігі төмендейді. Двигатель мен трансмиссияның (4.3 - сурет) алдыңғы жақта орналасуы автомобильдің басқарылуы мен түрақтылығын жақсартады, бірақ тайғанақ жолдардағы қозғалыс кезінде олардың жүктемелерін азайту салдарынан жетекші дөңгелектердің тығылуы мүмкін. Двигателі (1) алдыңғы (4.3 г сурет) жақта орналасқан дөңгелектері 4*4 формулалы автомобильдердің механикалық трансмиссиясында ілінісу (2), беріліс қораптарынан (3), карданды берілісінен (4) және артқы жетекші көпірден (5) басқа, карданды берілістерімен жалғанған осы көпір мен беріліс қорабымен (3), алдыңғы жақтағы жетекші басқарылу көпірі мен үлестірмелі қорабына (10) өзін қосымша қосады. Үлестірмелі қораптағы айналу кезеңі алдыңғы және артқы жетекші көпірлерде тоқтатылады. Үлестірмелі қорапта автомобилдің жетекші көпірлерінің арасындағы айналу кезеңін үлестіретін, білік аралық дифференциал немесе алдыңғы жетекші көпірдің жетегін қосатын қүрылығы бар. Алдыңғы жетекші көпір басты беріліспен, айналу кезеңінің алдыңғы жақтағы жетекші басқару дөңгелектеріне негізделіп, қамтамасыз ететін бүрыш жылдамдықтары тең топсалы карданды беріліс түрінде келетін дөңгелек жетектері мен дифференциалына ие. Дөңгелектері 6*4 формулалы (4.3 д сурет) автомобильдерде ортаңғы және артқы жетекші көпірлердің айналу кезеңі жалпы бір белдікте тоқтатылады. Бүндай жағдайда ортаңғы көпірдің басты берілісі өтпелі жетекші белдікке ие. Дөңгелектері 6*6 формулалы (4.3 д сурет) автомобильдерде ортаңғы және артқы жетекші көпірлердің айналу кезеңі бөлек екі белдікте тоқтатылады. Бүл автомобильдердің үлестірмелі қораптарында жетекші көпірлер арасындағы айналу кезеңін үлестіретін, білік аралық дифференциал (11) немесе алдыңғы көпірдің жетектерін қосуға арналған арнайы құрылғылар бар. Дөңгелектері 8*8 формулалы автомобильдерде жетекші көпірлері орналастырылады, сонымен қоса, жетекші көпірлердің - біріншісі екіншісімен және үшіншісі төртіншісімен жақындасады. Сонымен қатар, алғашқы екі көпір басқарылмалы болып табылады. Екі двигательді (4.3 ж сурет) орнатқанда мүндай автомобильдердің трансмиссиялары екі ілінісуге (2), екі беріліс қорабына (5) және білік аралық дифференциалмен (11) үлестірмелі екі қорапқа ие болады. Сонымен қатар, автомобиль бір жұмыс жасайтын двигательмен қозғалуына болады. Трансмиссияның басқа түрлерімен салыстырғанда, механикалық трансмиссияның құрылысы бойынша қарапайым, салмағы жеңіл, үнемді, жұмыс барысында сенімді және 0,8 ... 0,95 тең, үлкен ПӘК ие. Автомобильдердің жүріп өтуін нашарлатып және ауырлық- шапшаңдық қасиеттері төмендететін, берілістерді ауыстырған кездегі қуаттылық легінің ажыратылуы, олардың кемшіліктері болып табылады. Бүдан басқа, берілістерді дүрыс таңдау және берілістерді өзгерту кезеңі жүргізушінің біліктілігіне байланысты, ал қала шеңберінде берілістерді жиі өзгерту жүргізушіні қатты шаршатады. Механикалық трансмиссия двигатель-дің қуаттылығын толық пайдалануды және автомобильді басқаруды қамтамасыз етпейді. Гидрокөлемді трансмиссия. Трансмиссияның бүл түрі автомобильдің сатылы емес берілісін білдіреді. Гидрокөлемді трансмиссияда двигательдің іштен жануы гидросорапты, қүбыр жүргізумен жалғанған гидромоторды, автомобильдің жетекші дөңгелектерімен байланыстырылған белдіктерді іске қосады. - 4.5 - сурет. Гидро көлемді берілістің арнайы үлгісі: 1-двигатель; 2, 5-қос иін; 3, 7-бүлгақ; 4, 8-піспек; 6-дөңгелек; 9-қүбыр сурет. Гидро көлемді және электрлі трансмиссияның арнайы үлгісі: 1-двигателъ; 2-гидро сорап; 3-гидро мотор; 5-генератор; 4- электрлі двигатель Жетекші дөңгелектердің гидромоторда жасалынған гидро- сорап, двигательдің жұмыс жасап тұрған кезіндегі сұйықтығының гидродинамикалық қысымын механикалық жұмысқа өзгертеді. Гидромотормен бірге жетекші дөңгелектер, оларда орнатылғандар гидромотор-дөңгелектермен деп аталады. Гидроагрегаттардың құрылысына тәуелді жүйедегі жұмыс қысымы 10...50 МПа-ны құрайды. суретінде құрылғының қарапайым үлгісі және сұйықтықтың гидростатикалық қысымы қолданылатын гидрокөлемді берілістін жұмысы көрсетілген. Қос иін (2) және бұлғақ (5) арқылы двигателдің иінді білікті айналдырған кезде гидросораптың піспегі (4) ауыстырылады. Құбыр (9) арқылы гидросораптағы сұйықтык гидродвигательдің цилиндріне құйылады, бүлғақ (7) және қос иін (5) арқылы піспегі (8) ауыстырылып және жетекші дөңгелектерін (6) қозғалысқа келтіреді. Автомобильдерде қолданылатын гидрокөлемді берілістер берілістерге қарағанда қиынырақ, ол 4.5 суретте келтірілген. Осылай, олар соқа түріндегі моторлы гидросорап, дөңгелекті гидродвигатель, жоғары және төменгі қысымды магистральдар, редукциялы қақпақ, салқындатқыш, жүйелерді (қойма, фильтр, салқындатқыш, сорап, редукциялы және қорғау қақпақтары) қамтиды. Автомобильдің орнынан бір қалыпты қозғалуын қамтамасыз ететін, автомобильді басқаруды жеңілдетіп және оңайлататын және жүргізушінің шаршағандығын төмендететін, және қозғалыс қауіпсіздігін арттыратын, оның берілетін саны мен айналу кезінде берілетін сатылы емес автоматты өзгеруі гидрокөлемді трансмиссияның артықшылығы болып табылады. Ол айналу кезінін бір қалыпты өзгеруі мен қуаттылық легінің үздіксіздігінің нәтижесіне байланысты автомобильдің жүріп өтуін арттырады. Механикалық гидрокөлемді трансмиссиямен салыстырғанда көлем мен салмақ, кішірек ПӘК, құны тым жоғары және берік. Оны даярлануын күрделі және сенімді тығыздалануын талап етеді. Электрлі трансмиссия. Бұл сатылы емес беріліс, мұнда айналу кезеңі жүргізушінің қатысуынсыз, бір қалыпты өзгеріп, жол кедергілеріне және двигательдің иінді білігінің айналу жиілігіне тәуелді болады. Э 2 лектрлі трансмиссияда (4.4 - сурет) двигательдің іштен жану генераторын іске қосады. Автомобильдің жетекші дөңгелектерінің электрдвигателіне генераторда ток жеткізіледі. Электрлі двигательдің ішінде орналасқан жетекші дөңгелектер электрлі мотор-дөңгелек деп аталады. Дөңгелекті редуктор (2) арқылы айналу кезеңінде электрлі двигательден дөңгелекке беріледі. Жетекші дөңгелектерде жүрдек электрлі двигательдерді пайдаланғанда төмендетілген тісті берілістер қолданылады. 4.6- сурет. Электрлі мотор-дөңгелек: 1-электрлі двигателъ; 2-редуктор Оның беріліс санының сатылы емес автоматты түрде өзгеруі электрлі трансмиссияның артықшылығы болып табылады. Бүл автомобильдің орнынан бір қалыпты қозғалуын қамтамасыз етіп, автомобильді басқаруды жеңілдетіп және оңайлатады, және жүргізушінің шаршағандығын төмендетеді. Осының нәтижесінде қозғалыс қауіпсіздігі артады. Бүдан басқа, айналу кезінің бір қалыпты өзгеруі мен қуаттылық легінің үздіксіздігінің нәтижесіне байланысты автомобильдің жүріп өтуі артады. Динамикалық жүктеменің азайуынан және двигатель мен жетекші дөңгелектердің аралығындағы қатты байланыстың жоқтығынан двигательдің төзімділігі артады. Бірақ электрлі трансмиссияда ПӘК 0,75-тен аспайды, ол автомобильдің күш-жылдамдық қасиеттерін нашарлатады. Бүдан басқа, механикалық трансмиссиямен салыстырғанда жанар майға шығатын шығын 10...20% қүрайды. Электрлі трансмиссияның салмағы үлкен және қүны жоғары болып келеді. Гидромеханикалық трансмиссия. Бүл қүрамдастырылған трансмиссия, ол механикалық және гидравликалық трансмиссия механизмдерінен түрады. Гидромеханикалық трансмиссияның берілетін саны мен айналу кезеңі сатылы және бір қалыпты өзгереді. Гидромеханикалық трансмиссияға (4.7 - сурет) гидромеханикалық беріліс қорабы (2), оған қосымша, гидротрансформатор мен механикалық беріліс қорабы, карданды беріліс (3), басты беріліс (4), дифференциал (5) және жарты білік 4 .7 - сурет. Гидро механикалыц трансмиссияның арнайы улгі: 1-двигателъ; 2-гидро механикалық беріліс қорабы; 3-карданды беріліс; 4-басты беріліс; 5-дифференциал; 6-жарты білік Гидротрансформаторды ілінісудің орнына орнатады, онда двигательден айналу кезеңінің трансмиссияға берілуі сүйықтықтың гидродинаикалық қысымының есебінен жеткізіледі. Гидро- трансформатор бір қалыпты автоматты түрде айналу кезеңі берілістері фрикционды механизмдер көмегімен қосылатын, механикалық беріліс қорабына беріледі. Гидротрансформаторды қолдану автомобильдің орнынан бір қалыпты қозғалуын қамтамасыз етіп, автомабильдің жүріп өтуін жақсартады, трансмиссиядағы динамикалық жүктемені азайту салдарынан болатын трансмиссия механизмдері мен двигательдің төзімділігі екі есеге артады. Жүктеменің кенеттен артқан кездегі двигательдің тоқтау мүмкіндіктерін төмендетеді. Гидромеханикалық трансмиссияның кемшілігі автомобильдің жанармай үнемділігі мен тарту күшінің жылдамдық қасиеттерін нашарлататын төменгі КМД, өте күрделі қүрылыс және үлкен салмақ, сонымен қатар, автомобиль қүнының 10% құрайтын, өндірістегі жоғары қүны болып табылады. 4.8 — сурет. Электр механикалъщ трансмиссияның арнайы үлгісі: 1-электрлі двигатель; 2-карданды беріліс; 3-жетекші көпір; 4-двигатель; 5-генератор Электрлі механикалық трансмиссия. Бүл қүрамдас- тырылған трансмиссия, ол механикалық және электрлі трансмис- сияның элементтерінен түрады. 4.8 суретте үлкен сыйымдылық автобустың электрлі механикалық трансмиссиясының үлгісі көрсетілген. Іштен жану двигателі (4) автобустың артқы жағында орналасқан және генератарды (6) іске қосады. Генератардан шығатын тоқ электрлі двигателге (7) жеткізіледі. Электрлі двигателдегі айналу кезеңі карданды беріліс арқылы жетекші көпірге (5), одан ары басты беріліске, диференциалға және жарты біліктен- автобустың жетекші дөңгелектерге жеткізіледі. Трансмиссияда ілінісу мен берілісі қорабы болиайды, сол сияқты жол кептелістері үлғайған сайын электрлі двигательдегі айналу жиілігі азаяды және автобустың жетекші дөңгелектеріне әсер 'ететін айналу кезеңі автоматты түрде артады. Әртүрлі жол талаптарындағы двигательдің жүмыс тәртібі тепкіде жүзеге асатын, жанармайдың түсуіне ғана тәуелді. Ілінісу тепкісі мен беріліс қорабын қосу тетігі жоқ болса, ол қаланың жеке аялдамасына тоқтайтын автобус жүргізушісінің жүмысын жеңілдетеді. Бұдан басқа, электрлі трансмиссия қозғалыс қауіп- сіздігі мен жүріп өтуін арттырады. Электлі механикалық трансмиссияны механикалық трансмиссиямен салыстырғандағы табылған кемшілігі, ол тарту күшінің жылдамдық қасиетері мен жанар май үнемділігінің төмендегені, 0,85 аспайтын аз ПӘК болып табылады. Беріліс сонымен қатар, үлкен габаритті өлшеммен салмаққа ие. Автопойыздардың трансмиссиясы. Автомобиль-тягачтан және тіркеме немесе жартылай тіркемелерден түратын автопойыздардың тағайындалуына тәуелді әр түрлі трансмиссияларға ие болуы мүмкін. Осылай, қатты төсемді жолдардағы жұмысқа арналған автопойыздарда, трансмиссияға тек автомобиль-тягач ие болуы мүмкін. Жолы бүзылған жерлерде жүмыс жасауға жоспарланған автопойыздарда, тіркеме мен жартылай тіркеменің өтуін арттыру әдетте жетекші көпірлермен жабдықталады. Қуаттылық айналу кезеңі осы көпірлерге механикалық, гидравликалық немесе электрлі берілістер арқылы автомобиль- тягачтан жеткізіледі. Трансмиссияда автопойыздардың жетектері үшін қосымша қондырғылар, яғни беріліс қорабына жалғанған іріктелген қуаттылық қорабына ие. |