Автомобиль Суеубаев. Ж. С. Суеубаев
Скачать 1.73 Mb.
|
1 2 3 4 5 6 - сурет. Отын бүркуі бар қоректендіру жүйесінің сүлбасы: 1 — ауа кедергіш жащыш; 2 — двигателъдің отын қүбыржолы; 3 - бүркігіштер; 4 - кіріс қүбыржольі; 5 — отьін қысымынреттегіш; 6 — отын шаны; 7 — отын соргы; 8 — отын сүзгі Пайдаланылған газдар двигательдің цилиндрлерінен шығыс күбыржолы, дыбыс күшейткіштер мен сөндіргіш арқылы қоршаған ортаға шығарылады. Отын бүркуі бар бензинді двигательдің қоректендіру жүйесі қүралдарының құрылысы мен жүмысын қарастырайык. Отын соргы (2.27-сурет) орталықтан сыртқа тебуші аунақшалы сорғы болып табылады, ол сорғымен бірге бір қымтаулы түрқыда қүрастырылған. Орталықтан сыртқа тебуші аунақшалы сорғы ішкі беті электрқозғалтқыштың зәкір осіне 8 қарай аздап ығысқан статордан 3; электрқозғалтқыштың зәкірімен біріктірілген цилиндрлік екшегіштен 16; екшегіште орналасқан аунақшалардан 17 түрады. Аунақшалы екшегіш сорғының табаны 2 мен қақпағы 5 арасында орналасады. Сорғы жүмыс жасаған кезде, отын жалғастық 1 пен арна 18 арқылы айналып түрған екшегішке 16 келіп түсіп, аунақшалармен жеткізіледі және шығыс арналары 6 арқылы электрқозғалтқыш қуысына, кейін клапан 11 және жалғастық 12 арқылы отынды отын сүзгісіне апаратын отын қүбыржолына беріледі. С 18 17 16 15 14 2.27-сурет. Отын соргы: 1, 12 — жалгастыцтар; 2 — табан; 3 — статор; 4, 11 - клапандар; 5 - қақпақ; 6, 18 - арналар; 7,9 - түрқылар; 8 - зәкір; 10 - жинагыш; 13 - қылшақ; 14 - жсиігастыргыш; 15 - білік; 16 - екшегіш; 17 - аунақша орғыға келіп түскен отын электрқозғалтқыш арқылы өтіп, оны салқындатады. Кері клапан 11 отын қүбыржолынан отынның ағызылуын және отын сорғысын сөндіргеннен кейін, ауа тығындарының қалыптасуын болдырмайды. Сақтандырғыш клапан 4 отын қысымы рүқсат етілген 0,45 ... 0,6 МПа-дан жоғары болған кезде, сорғымен қалыптастырылатын отын қысымын шектейді. Отын сорғысы оталдырғышты қосқан кезде қосылады. Сорғының өндірімділігі 130 л/сағ-ты қүрайды. 2.28-сурет. Двигателъ отын қубыржолы: 1 — кіріс отын қубыржолы; 2 - буркігіш; 3 — жалгастық; 4 - отын қубыржолы; 5 — қысым реттегіш Двигательдің отын қүбыржолы (2.28-сурет) отынды бүркігіштерге жеткізу үшін қажет. Ол төрт бүркігішке ортақ болып табылады. Отын құбыржолының бір үшына 4 сорғыдан отынды жеткізу үшін жалғастыққа 3 бүрап кіргізіледі, ал екінші үшында отын қысымын реттегіш 5 бекітіледі, ол жинағыш және отын шанымен байланысты болады. Двигательдің отын қүбыржолында бір үшымен бүркігіштер 2 бекітілген, олар екінші үштарымен кіріс қүбыржолында 1 бекітіледі. Бүркігіштердің үштары дөңгелек қиманың резеңке сақиналарымен тығыздалған. Отын қүбыржолы 4 екі бүрандамен кіріс қүбыржолына бекітіледі. Отьін қысымын реттегіш (2.29-сурет) жүмыс жасап түрған двигательдің отын қүбыржолы мен бүркігіштеріндегі қысымды 0,28 ... 0,33 МПа шегінде үстап түрады, бүл двигатель жүмысының барлық тәртіптерінде қажет сападағы жанғыш қоспа даярлау үшін қажет. Қысым реттегіш тұрқыдан 1 және қақпақтан 3 түрады, олардың арасында клапаны 2 бар диафрагма 4 бекітіледі. Реттегіштің ішкі қуысын диафрагма екі: вакуумдық және отындық қуысқа бөледі. Вакуумдық қуыс реттегіштің қақпағында 3 орналасады және жинағышпен байланысты болады, ал отын куысы - реттегіштің түрқысында 1 орналасып, отын шанымен байланысты болады. Ауа кедергіш жапқышты 1 (қараңыз 2.46-сур.) жапқан кезде, жинағыштағы вакуум үлғаяды, реттегіш клапаны отынның аз қысымында ашылып, артық отынды ағызу отын қүбыржолы арқылы отын шанына 6 қайта жібереді. Мүндағы двигательдің отын қүбыржолындағы 2 отынның қысымы төмендейді. Отын мөлшерін дәлмөлшерлеу бүркігіш электрмагнитінің катушка орамасына келіп түсетін электр импульсінің үзақтығына байланысты болады. Отынның бүркігішпен бүркілуі двигатель цилиндріндегі поршеннің орналасуымен үйлестіріледі. Бүркігіш түрқыдан 3, қақпақтан 6, электрмагниттің катушка орамасынан 4, электрмагнит өзегінен 8, тиек клапанының инесінен 2, тозаңдатқыш түрқысынан 9, тозаңцатқыш саптамасынан 1 және сүзгіден 5 түрады. Двигатель жүмыс жасаған кезде отын қысыммен сүзгі 5 арқылы бүркігішке келіп түседі де, серіппе 7 әсерінен жабық күйде болатын тиек клапанына қарай өтеді. қоспа даярлау дәлмөлшерленген отын көлемін бүркуге арналған. Э 2.29-сурет. Отын цысымын реттегіш: а - клапан жабық; б - клапан ашъщ; 1 - турқы; 2 - клапан; 3 - қақпац; 4 - диафрагма. Ауа кедергіш жапқышты ашқан кезде, жинағыштағы вакуум азаяды, реттегіш клапаны енді отынның үжен қысымында ашылады. Нәтижесінде двига- тельдің отын қүбыржолындағы отынның қысымы жоғарылайды. Буркігіш (2.30 - сурет) электрмагнитті клапан болып табылады. Бүркігіш двигатель жү-мысының барлық тәртіпте- рінде қажет сападағы жанғыш үшін қажет лектр импульсі электрмагниттің катушка орамасына 4 келіп түскен кезде, магниттік өріс пайда болады, ол өзекті 8 және онымен қоса тиек клапанының инесін 2 өзіне тартады. Бүл кезде тозаңдатқыштың түрқысындағы 9 тесік ашылып, отын тозаңдатылған күйінде қысыммен бүркіледі. Электр импульсінің электрмагнит катушкасының орамасына берілуі тоқтатылғаннан кейін, магниттік өріс жойылады, және серіппе 7 әсерімен электрмагнит өзегі 8 мен тиек клапанының инесі 2 бастапқы қалпына оралады. Тозаңдатқыштың түрқысындағы 9 тесік жабылып, бүркігіштен отын- бүркілуі тоқтайды. Қоректендіру жүйесін қарау барысында қауіпсіздік техникасы міндетті түрде сақталады. Мәселен, этилдендірілген бензинді пайдалану барысында онымен өте сақ болу қажет, себебі бұл бензин өте улы. сурет. Бүркігіш: 1 — саптама; 2 — ине; 3,9 - түрцылар; 4 — катушка орамасы; 5 - сүзгі; 6 - қақпақ; 7 — серіппе; 8 - өзек 7 ^ Отын шанын толтыру, қорек- тендіру жүйесін қарау және тазалау барысында бензинді теріге 9 тигізбеу. Егер этилдендірілген бензин теріге тиген болса, оны таза керосинмен сүртіп, қолды сабынмен жылы суда жуу және қүрғақтап сүрту қажет. Этилдендірілген бензинді бөлшектер мен қолды жууға пайдалануға болмайды, сондай-ақ бензинді қүю барысында шланг арқылы ауызбен тартуға және отын қүбыржолдарын ауызбен үрлеуге болмайды. Арнайы желдетумен жабдықталмаған жабық бөлмеде двигательдің жүмыс жасауын болдырмау қажет. Бүл бөлмедегі адамдардың пайдаланылған газдармен улануын тудыруы мүмкін. Қоректендіру жүйесін қарау жүмыстарының барлығында өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде сақтау қажет. Дизельдердің қоректену жүйесі Дизельдер - қоспа қалыптастыруы іштен болатын двигательдер. Дизель цилиндрлеріне ауа мен отын бөлек беріледі, және оларда пайдаланылған газдармен араласа келіп, жүмыс қоспасын қалыптастырады. Мүндағы қоспа қалыптастыру үдерісі өте аз уақыт ішінде жүзеге асады (шамамен 0,001 с). Дизельдерге арналған отын. Дизельдік отынның келесі негізгі маркалары бар: Ж - жазғы отын, двигательдің коршаған ауаның температурасы 0°С болған кезде жұмыс жасауына арналған; Қ - қысқы отын, двигательдің қоршаған ауаның температурасы 0-дан -30°С болған кезде жұмыс жасауына арналған; А - арктикалық, двигательдің қоршаған ауаның температурасы - 30°С болған кезде жұмыс жасауына арналған. Дизельдік отынның қату температурасы қолданылу ауданындағы қоршаған ауаның температурасынан 10 ... 15 °С болуы тиіс. Отынның қату температурасы төмен болған сайын, дизель жұмысы да сенімдірек болады. Дизельдік отынның жану температурасы 300 ... 350 °С-ді құрайды. Дизельдік отынның сапасы цетандық санмен бағаланады, ол шартты түрде 100 бірлікке тең деп саналады. Цетан - тез жанғыш отын. Дизельдік отындар үшін цетан саны 40 ... 45 бірлік аралығында болуы тиіс. Дизельдік отынның цетан саны жоғары болған сайын, двигательдің жүмысы да үнемдірек әрі жүмсағырақ болады. Цетан санын арттыру үшін дизельдік отынға арнайы қосым - изопропиленнитратты қосады. Дизельді қоректендіру жүйесі келесі үш жүйеден түрады: отынмен қоректендіру, ауамен қоректендіру және пайдаланылған газдарды шығыс. Дизельді отынмен қоректендіру жүйесінің қүрылымы мен жүмысы. Отынмен қоректендіру жүйесі отынды тазалау және оның двигатель цилиндрлеріне мөлшерленген бөліктермен таратылуы үшін қажет. Бұл жүйеге отын шаны, қатқыл және жүмсақ тазалау сүзгілері, отынтартқыш сорғы, жоғары қысымды отын сорғысы, бүркігіштер және отын қүбыржолдары. Отынтартқыш сорғы 7 (2.31-сурет) отынды шаннан 2 қатқыл 4 және жүмсақ 8 тазалау сүзгілері арқылы жоғары қысым сорғысына 5 бағыттайды. Двигатель цилиндрлерінің жүмыс тәртібіне сәйкес жоғарғы қысым сорғысы отынды бүркігіштерге 11 жеткізеді, олар отынды тозаңдатып, двигатель цилиндрлеріне 12 бүркиді. Жогары қьісымды отын соргысьі бүркігіштер арқылы двигатель цилиндрлеріне жоғары қысыммен (20 ... 50 МПа) белгілі уақыттарда қажет отын бөліктерін жеткізу үшін пайдаланылады. Сорғы құрылымы бойынша бірдей бөлімдерден тұрады, олардың саны двигательдің цилиндрлер санына тең. Сорғының әрбір бөлімі отын құбыржолы 13 (2.52-сур.) арқылы бүркігішпен 16 қосылады. с ■11 12 урет. Дизельді отынмен қоректендіру жүйесінің сүлбасьі: 1 — отын қабылдагыш; 2 - шан; 3, 9, 10- отьін щбыржолдары; 4, 8 - сүзгілер; 5,7 - соргылар; 6 - түтқа; 11 - бүркігіш; 12 - цнлиндр Отынтартқыш сорғы 7 отынды ------ ----- —у—т жоғары қысым сорғысына қозғалтқыш / ұ жұмысына қажет мөлшерден артық жеткізеді. Артылған отын отын құбыржолы 3 арқылы отын шанына кері қайтарылады. Отын құбыржолы 10 бойымен шанға бүркігіштерден бөлініп шыққан отын апарылады. Сорғы бөлімдерінің тығынжылы 6 мен гильзасы 5 жоғары дәлдікпен және беті таза етіліп жасалған. Олардың арасындағы саңылау екі микроннан аспайды. Тығынжылда тік ойық 9, қия кесілген жиек 11 жөне балдақ жону 7 орналасады. Тығынжылға бекітілген тістегеріш 2 тісті төрткілдешпен 3 іліседі, оның орын ауыстыруымен гильзадағы тығынжыл бұрылады. Серіппе 4 тығынжылды иінді біліктен айналымға келтірілетін сорғының жұдырықшалы білік эксцентрігіне басылады. Гильзада кіріс 8 және шығыс 10 тесіктері болады, ал оның жоғарғы бөлігінде сықағыш клапан 12 орналастырылады. Серіппе 14 бүркігіштің инесін 15 шүмекке 18 басып, отынмен толтырылған қуысты 17 жабады. Тығынжырдың төменгі орналасуында тесіктер 8 және 10 ашық болады және олар арқылы тығынжыр үстінде отын айналып тұрады. Сықағыш клапан 12 бұл жағдайда жабық болады және бүркігіш қуысында 17 отынның артылған қысымы ұсталып тұрады. Бағдартқыш айналған кезде тығынжырдың жоғарыға қарай қозғалуы барысында шығыс тесігі 10, кейін кіріс тесігі 8 жабылады. Отын қысымымен клапан 12 ашылып, бүркігіш қуысында 17 жоғары қысым қалыптасады. Бүл жағдайда бүркігіш инесі 15 серіппенің 14 кедергісінен өтіп, жоғары көтеріледі де, отын ашылған шүмек 18 арқылы двигатель цилиндіне бүркіледі. Отынды бүрку жиек 11 шығыс тесігін 10 ашқан кезде аяқталады. Бүл кезде отын қысымы азайып, ине 15 төменге түседі де, шүмекті 18 жабады. Осымен бір уақытта клапан 12 жабылады да, бүркігіш қуысындағы отын артылған қысым астында қалады. с урет. Дизель цилиндріне отын берілу сүлбасы: 1 - эксцентрік; 2 - тістегеріш; 3 - төрткілдеш; 4, 14 - серіппелер; — гильза; 6 — тыгынжыл; 7 — жону; 8, 10- тесіктер; 9 - ойъщ; 11 - жиек; 12 - клапан; 13 — отын қүбыржолы; 15 - ине; 16 - бүркігіш; 17-қуыс; 18-шүмек Гильзадағы 5 тығынжырдың 6 бүрылысымен отын берілуінің аяғы мен тығынжырдың бір барысында бүр-кілетін көлемін өзгертеді. Отын- ның берілуі тік ойық 9 шығыс тесігімен 10 қатарласқан кезде аяқ- талып, қозғалтқыш тоқтайды. Жоғары қысымды отын сорғы- сымен отын бүркудің алдын алу жалғастырғышымен, двигательдің иінді білігінің айналу жиілігін көптәртіпті реттегішпен және отынды қолмен тарту сорғысы бар отынтартқыш сорғымен қосылады. Отын бүркудің алдын алу жалгастыргышьі иінді біліктің айналу жиілігіне байланысты отын бүркудің алдын алу бүрышын автоматты түрде өзгерту үшін қажет. Жалғастырғыш дизельдің түрлі тәртіптерде жүмыс жасау барысындағы үнемділігін арттырып, оның іске қосылуын жақсартады. Жалғастырғыш жоғары қысымды отын сорғысының жұдырықшалы білігінің алдыңғы жақ ұшына орнатылады және сорғы оның көмегімен іске қосылады. Жалғастырғыштың жүргізуші және жүргізілетін бөлімдерінің өзара орналасуына тұрқыда 1 орналасқан жүк 2 (2.33-сурет) әсер етеді. Жұктер осьтерде орналасып, қондыруларға 5 тірелетін серіппелермен 4 қысылады. Двигатель жұмыс жасаған кезде және иінді біліктің айналу жиілігінің үлғаюы барысында, орталықтан сыртқа тебуші күштердің әсерінен серіппелердің кедергісінен өтіп, жоғары қысымды отын сорғысының жұдырықшалы білігін оның айналу барысы бойымен бұрып тарайды. Осының нәтижесінде отын бүркудің алдын алу а бұрышы үлғаяды да, отын цилиндрлерге бұрын келіп түседі. Двигательдің иінді білігінің айналу жиілігі азайған кезде, жүктер серіппелер әсерінен қосылып, сорғының жұдырықшалы білігін оның айналу барысы қарсы жаққа бұрады, бұл отын бүркудің алдын алу бұрышын кемітеді. с урет. Отын буркудің алдын алу жалгастыргышы: 1 - турқы; 2 — жук; 3 — білік; 4 - серіппе; 5 - қондыру Көптәртіпті реттегіш иінді білік айналуының тұрақты жиілігін двигательдің түрлі жүктемесі бары- сында, отын жеткізу басқышының орналасуына сәйкес, автоматты түрде сақтау үшін қолданылады. Реттегіш иінді біліктің бос жүрісіндегі айналуының ең аз жиілігін белгілеп, айналудың ең жоғары жиілігін шектейді. Реттегіш жоғары қысымды отын сорғысының жүдырықшалы білігінен іске қосылады. Отын жеткізу басқышы 6 (2.34-сурет) жоғары қысымды отын сорғысының төрткілдешін басқару иінтірегімен 2 керілген серіппе 3 арқылы қосылады, серіппе иінтірекке Рпр күшімен өсер етеді. Двигатель жүмыс жасап түрған кезде, иінтірекке 2 өкшелік 7 арқылы жоғары қысымды отын сорғысының жүдырықшалы білігімен қосылған білікке 9 топсамен бекітілген айналмалы жүктерден 0гр күші беріледі. сурет. Иінді білік айналуы жиілігінің көптәртіптіреттегіш: 1 — төрткілдеш; 2 - иінтірек; 3 — серіппе; 4, 5 - таяныштар; — басқыш; 7 - өкшелік; 8 — жүк; 9 — білік Егер двигатель басқыштың 6 нақты орналасуына сәйкес иінді біліктің айналу жиілігімен жүмыс жасайтын болса, жүктердің С>гр күші серіппенің 3 Рпр күшімен теңеледі. Иінді біліктің айналу жиілігі үлғайған кезде, реттегіш жүктері таралады. Олар серіппенің кедергісінен өтіп, төрткілдешті 1 ығыстырады. Бүл кезде отын берілуі азайып, айналу жиілігі ұлғаймайтын болады. Иінді біліктің айналу жиілігі азайған кезде, жүктер қосылатын болады, төрткілдеш 1 серіппенің Рпр күшімен кері бағытта ауысып, отын берілуі үлғаяды, ал иінді біліктің айналу жиілігі басқыш 6 орна- ласуымен берілген мәнге дейін өседі. Қозғалтқыштың иінді білігінің бос жүрісті жүмыс барысындағы ең аз жиілігі мен ең көп жиілігі сәйкесінше реттелетін таяныштар-мен 5 ждне 4 шектеледі. Отынтартқыш соргы қажетті отын қысымын қалыптастыру және оның жоғары қысымды сорғысына қажетті көлемде жеткізілуі үшін қолданылады. Сорғы - піспек типтес және жоғары қысымды сорғының жүдырықшалы білігінен іске қосылады. Сорғы түрқысында соташыққа 7 серіппемен 5 басып қысылған піспек 1 (2.35-сурет) орналасады. Соташық аунақша арқылы білікті иін эксцентрігіне 8 сүйенеді. Сорғы тұрқысында кіріс 4 және сықау 9 клапандары бар. сурет. О тынтартқыш соргылар жумысының сулбасы: А, Б — қуыстар; 1,2 — піспектер; 3, 5, 6, 10 - серіппелер; 4, 9-клапандар; 7-соташық; 8 - эксцентрік Серіппе 5 әсерінен піспек эксцентрікке ауысқан кезде, отын Б қуысынан жұмсақ тазалау сүзгісі мен жоғары қысымды сорғысына шығарылады. Осымен бір уақытта ұлғайып отыратын А қуысы отынмен толтырылады, ол отын шанынан қатқыл тазалау сүзгісі мен кіріс клапаны 4 арқылы келіп түседі. Піспек қарама-қарсы бағытта қозғалған кезде, эксцентріктің 8 әсерінен отын А қуысынан сықау клапаны 9 арқылы Б куысына келіп түседі. Двигатель жүмыс жасамай түрған кезде, отын жоғары қысымды сорғыға қол сорғы піспегімен 2 түтқа арқылы толтырылады. Буркігіштер двигатель цилиндрлеріндегі отынды белгілі қысыммен бүрку және тозаңдату үшін қолданылады. Бүркігіштер цилиндрлер бастиегінде орнатылып бекітіледі. Бүркігіштің тұрқасы 4 (2.36-сурет) мен тозаңдатқышы 1 сомынмен 2 біріктіріледі. Тозаңдатқыш ішінде оның шүмекті тесіктерін жабатын ине 9 болады. Инеге қарнақ 3 арқылы тегеурінді серіппе 8 әсер етеді, оның тартылуы тығырықтармен 7 реттеледі. Отын бүркігішке торлы сүзгі 6 арқылы беріліп, ине 9 қуысына келіп түседі. Отын қысымымен ине серіппе 8 күшінен өтіп, жоғарыға ауысады, тозаңдатқыштың шүмекті тесіктерін ашады да, отын солар арқылы қозғалтқыш цилиндріне бүркіледі. Бүл жағдайда ине мен тозаңдатқыш арасынан аққан отын бүркігіштен арналар бойынша оның түрқысына жеткізіледі. Дизельді ауамен қоректендіру жүйесінің қүрылымы мен жұмысы. Ауамен қоректендіру жүйесі қоршаған ауаны жинау, оны шаңнан тазалау және двигатель цилиндрлері бойынша бөлу үшін қолданылады. 1 — тозаңдатқыш; 2 - сомын; 3 - қарнақ; 4 — түрқы; 5 - қымтагыш бсиідақ; 6 - сүзгі; 7 - тыгырықтар; 8 - серіппе; 9 - ине Ауамен қоректендіру жүйесі ауа сүзгісі мен кіріс қүбыржолынан түрады. Ол турбиналық үрлеумен және турби- налық үрлеусіз болуы мүмкін. Ауа қалпақ 5 (2.37-сурет) торы мен ауа жинағыш қүбыры 4 арқылы ауа сүзгісіне 1 келіп түседі. Сүзгідегі ауа инерциялық тор 3 арқылы өтіп, қозғалыс бағытын күрт өзгертеді. Алдымен ауа сөндіргіштің шығыс қүбырында орнатылған эжектор 6 арқылы инерция мен вакуум әсерінен қоршаған ортаға шығарылып тасталатын шаңның ірі бөлшектерінен босатылады. Шаңның неғүрлым үсақ бөлшектері картондық сүзгілеу элементінде 2 кідіреді. Тазартылған ауа кіріс қүбыржолы арқылы двигатель цилиндрлеріне 7 жеткізіледі. 7 -сурет. Дизельді ауамен қоректендіру жүйесінің сүлбасы: 1 - ауа сүзгі; 2 - сүзгілеу элементі; 3 - тор; 4 - қүбыр; 5 — қалпақ; 6 — эжектор; — двигатель 2.38-сурет. Ауа сузгі: 1 - қақпақ; 2 - сузгілеу элементі; — турқы; 4 — кронштейн; 5-7 - келтеқубыр 7 Ауа сузгісі (2.38-сурет) тұрқыдан 3, қақпақтан 1 және екі перфорацияланған болат қаптамалар мен олардың арасындағы кеңірдектенген картоннан тұратын ауыспалы сүзгіш элементтен тұрады. Келтеқұбыр 7 сүзгі түрқысынан шаң соруға арналған. Ауа сүзгіге келтеқүбыр 5 арқылы келіп түсіп, онда тазаланады да, Келтеқұбыр 6 арқылы шығады. Қосымша үрлеу ауаның двигатель цилиндрлеріне сығымдағышпен қалып- тастырылатын қысым асты кіріс ырғағы барысында жеткізіп түруды білдіреді. Қосымша үрлеу кезінде двигатель цилиндрлеріне келіп түсетін ауа мөлшері, жанатын отын мөлшері үлғаяды да, двигатель қуаты 20 ... 40%-ға артады. Дизельдерде әдетте турбиналық сығымдағышпен газды- турбиналық қосымша үрлеу (2.39-сурет) қолданылады. Двигатель жүмыс жасап түрған кезде, ауа цилиндрлерге 1 орталықтан сыртқа тебетін сығымдағышпен 6 қысым асты топталады, оның жүмыс доңғалағы турбинамен 5 іске қосылады. 2 .39-сурет. Дизелъді ауамен турбиналық қосымша урлеу сулбасы: 1 — цилиндр; 2 — қаңылтақ; 3 — серіппе; 4 — клапан; 5 — турбина; 6 - сыгымдагыш Сығымдағыштың жұмыс доңғалағымен бір иінде орнатылған турбинаның жүмыс доңғалағы пайдаланылған газдар сөндіргішке жеткенше дейін айналымға келтіріледі. Қосымша үрлеу барысында ауа қысымын шектеуге қайта қосу клапаны 4 арналған. Қажетті қысымға жеткен кезде (әдетте 0,2 МПа), ауа қаңылтақты 2 қысады, клапан ашылып, пайдаланылған газдардың бір бөлігін турбинаның 5 жанынан қайта өткізеді. У-тәрізді дизельдерде турбиналық қосымша үрлеу үшін біреуден екіге дейін турбиналық сығымдағыштарды орнатады. Екі турбиналық сығымдағыш болған кезде, олардың әрқайсысы двигатель цилиндрлерінің өз қатарына қызмет көрсетеді. Дизельдің пайдаланылған газдарды шығыс жүйесі. Шығыс жүйесі двигатель цилиндрлерінен газдарды шығыс және шығыс шуылын азайту үшін қолданылады. Сонымен бір уақытта шығыс жүйесі ауа сүзгісінен шаң сорылуын қамтамасыз етеді. 1 - қымтагыш балдақ; 2, 3, 8 - қубырлар; 4 - моторлы тежегіш; 5 - пневмоцилиндр; 6 - жең; 7 - сөндіргіш; 9 - келтеқүбыр; 10 - эжектор • Двигательдің шығыс қүбыржолдарынан шыққан пайдаланылған газдар сөндіргіштің қабылдау қүбырларына 2 және 3 (2.40-сурет), кейін иілгіш метал жең 6 арқылы сөндіргішке 7 келіп түседі. Газдар сөндіргіштен шығыс қүбыры 8 мен эжектор 10 арқылы қоршаған ортаға шығарылып тасталады. Келтеқұбыр 9 арқылы шаңды ауа сүзгісінен эжекторға сору жүзеге асырылады. Пайдаланылған газдарды шығыс жүйесінде көмекші (моторлық) тежеу-баяулатқыш орнатылады. Газ двигательдерінің қоректендіру жүйесі Сипаттамасы. Газдық деп газтәрізді отынмен - қысылған және сүйықтандырылған газбен жүмыс жасайтын карбюраторлық двигательдерді атайды. Газ двигательдерінің сондай-ақ бензинмен де жүмыс жасай алуы олардың ерекшелігі болып табылады. Газ двигательдерінің қоректендіру жүйесінің арнайы газ қүрылғысы болады. Сонымен қатар, газ двигательдерінің қажет болған жағдайда бензинмен жүмыс жасауын қамтамасыз ететін қосымша резервтік жүйесі болады. Карбюраторлық двигательдермен салыстырғанда, газ дви- гательдері анағүрлым үнемді, уыттылығы аздау, түтанусыз жүмыс жасайды, отын жануы анағұрлым толығырақ және бөлшектерінің тозуы аздау, олардың қызмет ету мерзімі 1,5 ... 2 есе үзағырақ. Дегенмен олардың қуаттылығы 10 ... 20%-ға кем, себебі газ ауамен араласа келе, бензинге қарағанда көбірек көлем алады. Олардың қоректендіру жүйесі күрделірек, ал қолданылу барысында қызмет көрсету кезінде неғүрлым күрделі қауіпсіздік техникасы қажет етіледі. Газ двигательдеріне арналған отын. Газ двигательдеріне арналған отын болып қысылған және сүйықтандырылған газдар табылады. Қысылган газдар - қоршаған ауаның әдеттегі температурасы мен жоғары қысымы барысында (20 МПа-ға дейін) газтәрізді күйін сақтайтын газдар. Қысылған газдар табиғи болып табылады. Газ двигательдері үшін отын ретінде әдетте метан табиғи газы пайдаланылады. Суйықтандырылган газдар - ауаның қалыпты температурасы мен жоғары емес қысымы барысында (1,6 МПа-ға дейін) газтәрізді күйден сүйық күйге айналатын газдар. Бүл мүнай газдар. Газ двигательдері үшін келесі маркалы сүйықтандырылған газдар қолданылады: ПБҚТҚ - пропан мен бутанның қысқы техникалық қоспасы; ПБЖТҚ - пропан мен бутанның жазғы техникалық қоспасы; ТБ - техникалық бутан. Газ тәрізді отынның уыт-тылығы азырақ, анағүрлым жоғары октан санына ие (100 бірл.), күйік-қалыптастырғыштығы азырақ және двигатель картеріндегі майды сүй-ылтпайды. 2.41-сурет. Қысылган газбен жүмыс жасайтын двигательдің цоректендіру жүйесінің сүлбасы: 1 - баллон; 2 — үштармац; 3, 13 - газ цүбыржолдары; - айцастырма; 5, 6, 18 - вентилъдер; 7 - отын шаньі; 9 - манометрлер; 10-газ сүзгі; 11- газ бәсеңдеткіш; 12 - дөлмөлшерлеу цүрылгысы; 14 - карбюратор-араластыргыш; 15 - отын цүбыржолы; 16 - отын соргы; 17 - жылытцыш; 19 - түтік; 20 — двигателъ Газ двигательдерінің қоректендіру жүйелерінің құрылымы және олардың жүмысы. Қысылған газбен жүмыс жасайтын двигательдің қоректендіру жүйесіне (2.41-сур.) қысылған газға арналған баллондар 1, толтыру 5, шығын 6 және желі 18 вентильдері, газ жылытқыш 17, жоғары 8 және төмен 9 қысымды манометрлер, сүзгі 10 мен дәлмөлшерлеу құрылғысы 12 бар бәсеңдеткіш, жоғары 3 және төмен 13 қысымды газқүбырлары, карбюратор-араластырғыш 14 және жүк түсіру қүрылғысын двигательдің кіріс қүбыржолымен біріктіретін түтік 19. Двигатель жүмысы барысында вентильдер 6 және 18 ашық болады. Қысылған газ баллондардан пайдаланылған газдармен жылытылатын жылытқышқа 17 келіп түседі, жылытылғаннан кейін, сүзгі 10 арқылы екісатылы газ бәсеңдеткішіне 11 өтеді. Бәсеңдеткіште газ қысымы 0,9 ... 1,15 МПа-ға дейін төмендейді. Бәсеңдеткіштен дәлмөлшерлегіш қүрылғы арқылы 12 газ карбюратор-араластырғышқа 14 өтеді, сол жерде жанғыш қоспа (газ-ауалы) қалыптасады. Қоспа вакуум өсерімен двигатель цилиндрлеріне келіп түседі. Қоспаның жану және пайдаланылған газдардың шығарылу үдерісі карбюраторлық двигательдердегідей болады. Бәсевдеткіш 11 газ қысымын азайтқаннан басқа двигатель жұмысының тәртібіне байланысты оның көлемін өзгертеді. Ол двигатель сөндірілген кезде газдың берілуін тез тоқтатады. Негізгісінен басқа қоректендірудің резервтік жүйесі де болады, ол двигательдің қажет жағдайларда бензинмен де жұмыс жасауын қамтамасыз етеді (жүйе бұзылулары, баллондардағы бүкіл газдың шығындалуы және т.б.). Бұл жағдайда двигательдің бензинмен ұзақ жұмыс жасауы ұсынылмайды, себебі қоректендірудің резервтік жүйесінде ауа сүзгісі болмайды, бұл двигатель тозушылығының жоғары болуына әкелуі мүмкін. Қоректендірудің резервтік жүйесіне отын шаны 7, отын сүзгісі, отын сорғысы 16 және отын құбыржолдары 15 жатады. 2 .42-сурет. Сүйықтандырылган газбен жүмыс жасайтын қозгалтқыштың қоректендіру жүйесінің сүлбасы: 1 - отын сүзгі; 2 - отын соргы; 3 - карбюратор; - араластыргыш; — буландыргыш; 6 - газ сүзгі; 7 - дәлмөлшерлеу қүрылгьісы; 8 - газ бәсеңдеткіш; 9, 10- манометрлер; 13 - вентилъдер; 12 - баллон; 14 - двигателъ; 15 - отын шаны Сұйықтандырылған газбен жұмыс жасайтын двигательдің қоректендіру жүйесінің сұлбасы 2.42 суретінде көрсетілген. Сұйықтандырылған газ қысыммен баллоннан 12 шығын 13 және желі 11 вентильдері арқылы буландырғышқа 5 келіп түседі. Буландырғышта газ двигательдің салқындату жүйесінің ыстық сүйықтығымен жылытылып, газтөрізді күйге өтеді. Кейін газ сүзгіде 6 тазаланады да, екісатылы бәсеңдеткішке 8 келіп түседі, онда газ қысымы атмосфералық қысымға дейін төмендейді. Бәсендеткіштен газ дәлмөлшерлегіш қүрылғы арқылы 7 араластырғышқа 4 өтеді, ол жанғыш қоспаны двигатель жүмысының тәртібіне сәйкес даярлайды. Газ баллоны 1,68 МПа кысымымен ашылатын сақтандырғыш клапаннан, толықтыру вентилінен және сұйықтандырылған газ деңгейінің датчигінен тұрады. Баллон сұйықтандырылган газбен тек көлемнің 90%-на гана толады. Бұл газдың қызуы барысында кеңею мүмкіндігі үшін қажет. Негізгі қоректендіру жүйесінен басқа, сұйықтандырылган газбен жұмыс жасайтын двигательдің бензинмен қысқа уақыт жұмыс жасауга арналған қоректендірудің резервтік жүйесі болады. Резервтік жүйеге отын шаны 15, отын сүзгісі 1, отын сорғысы 2 жөне карбюратор 3 кіреді. Бақылау сұрақтары: Двигательдің қоректендіру жүйесінің мақсаты неде? Бензин, дизель және газ двигательдері үшін отын орнында не болады? Бензин жөне дизельдік отынның сапасын бағалайтын көрсеткіштерді атаңыз. Двигательдің жұмыс жасау тәртібі қандай және оларға жанғыш қоспа қажет пе? Бензин двигателінің қоректендіру жүйесінің қүрылысы мен жүмысы туралы айтып беріңіз. Дизельдің қоректендіру жүйесі қалай жүмыс жасайды? Двигательді қосымша үрлеу деген не және ол не үшін жасалады? Газ двигателінің қоректендіру жүйесі қалай қүрылған және қалай жүмыс жасайды? Двигательдің қоректендіру жүйесіне күтім жасау барысында қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет? тарау. ЭЛЕКТРЛІК ЖАБДЫҚТАР Атқаратын қызметі және сипаттамасы / Автомобильдің электрлік жабдығы автомобильдің қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін электрлік аспаптар мен аппара- туралардың жиынтығы болып табылады. Автомобильде электр энергиясы қозғалтқышты іске қосу, жұмысшы қоспаның тұтануы, жарықтандыру, дабыл, бақылау аспаптарын, қосымша аппаратураны қоректендіру және т.б. үшін қолданылады. Автомобильдің электрлік жабдығының құрамына ток көзі және ток тұтынушылары кіреді. Ток көздері мен тұтынушыларын жалғастыру үшін бірөткізгіштік жүйе қолданылады. Екінші өткізгіш болып автомобильдің “салмағы” табылады (оның металл бөліктері), онымен электрлік аспаптардың теріс полюстері жалғанады. Электрлік аспаптар кернеуі 12 немесе 24В (дизелі бар автомобильдер) тұрақты токпен қоректенеді. 3.1 — сурет. Электрлік жабдыгының принципиалдъщ сулбасы 1 - аккумуляторлъщ батарея; 2 - стартер; 3 - оталдыру жуйесінің аспаптары; 4 - жаръщтандыру аспаптары; - дабыл жуйесінің аспаптары; 6 - бақылаудьің электрлік аспаптары; 7 - қосымша аппаратура; 8 - генератор; 9 - кернеудіреттеуші Жеңіл автомобильдің жалпы электрлік жүйесінің және аспаптардың қосылуының автомобильде шындығында орналасу реті ескерілмеген жеңілдетілдген принципиалдық сүлбасы 3.1 суретте келтірілген. Ток көздері Ток көздері автомобильдің барлық түтынушыларын элекр энергиясымен қамтамасыз етеді. Автомобильдегі ток көзі болып генератор және аккумуляторлық батарея табылады. Оларды реттеу аспаптары да ток көздеріне жатқызылған. Генератор қозгалтқыштан алынатын механикалық энергияны электрлік энергияға айналдырады. Генератор электрлік токтың барлық түтынушыларын қоректендіреді және қозғалтқыш жүмыс істеп түрған кезде аккумуляторлық батареяны зарядтайды. Автомобильдерде электромагниттік қозатын үшфазалы синхрондық электрлік машина болып табылатын айнымалы ток генераторлары қолданылады. Айнымалы ток генераторының негізгі бөлігі болып қозғалмайтын орамы бар, айнымалы ток индукцияланатын статор (8) (3.2 - сурет) және қозғалмалы магниттік өріс туындататын ротор (7) табылады. Генератордың роторы екі шарикті мойынтіректе (5) (подшипникте) орнатылған. Ол қозғалтқыштың иінді білігінен сыналық ременнің көмегімен генератор шкиві (4) арқылы айналдырылады. Бұл ремень сондай-ақ желдеткіш жетегінің және салқындатушы сүйықтықтың сорғысының шкивін айналдырады. Генератор жүмыс істеген кезде ротордың қозу орамы бойымен ток өтеді, ол щеткалар (3) арқылы жеткізіледі және ротор айналған кезде статордың орамында айнымалы токты индукциялайтын магниттік өріс жасайды. Айнымалы ток түзеуші блоктың (2) көмегімен түрақты токқа өзгереді. Генератор генератор шкивінің желдеткішімен (4) салқындатылады. Генератор қозғалтқыш цилиндрлерінің блогында 'орнатылған. Ол блоктың қүйылған шойын кронштейніне және керілген тақтайшаларға бекітілген. Генератордың (1) және (6) қақпақшаларының қүлақшаларында бекіту үшін резіңке буферлік төлкелер (9) қолданылады, олар серпімді байланысты қамтамасыз етеді және құлақшалардың сынуын болдырмайды. 3.2 - сурет. Генератор: 1,6 — қақпақтар: 2 — түзеуші блок; 3 - щетка; 4 - шкив; 5 — мойынтірек; 7 -ротор; 8 — статор; 9 — төлке Кернеуді реттеуші қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі айнымалы болған кезде генератор жасап шыгаратын токтың тұрақты кернеуін ұстап тұрады. Кернеуді реттеуші (3.3 - сурет) вибрациялық типтегі екісатылы электромагниттік реттеуші болып табылады. Генератордың кернеуі 13... 14В дейін жоғарылаган кезде реттеушінің якоры (6) орамның (8) магниттік өрісінің және серіппенің (7) әсерімен жылжитын (4) және жогаргы жылжымайтын жанаспаларды түйықтап, дірілдей бастайды. Бұл кезде генератордың қозу орамының тізбегіне одан қосымша кедергі (1) бірде қосылады, бірде өшіріледі. Генератордың кернеуін реттеудің бірінші сатысы осылайша іске асырылады. Генератордың кернеуі 14В артық жоғарылаған кезде жылжымалы (4) және төменгі жылжымайтын (3) жанаспалар түйықтала бастайды. Бүл жанаспалар тұйықталған кезде генератордың қозу орамы “салмаққа” түйықталады. Генератор кернеуін реттеудің екінші сатысы осылайша іске асады. Нәтижесінде генератор шығаратын кернеу берілген шектерде реттеледі. Реттеушінің жүмыс істеген кезінде (4) және (5) жанаспалардың арасында үшқынды азайту үшін дроссель (2) жүмыс істейді. Кернеуді реттеуші төбесінен полиуретан төсеніші бар қүрыш қақпақпен жабылады және қозғалтқыш бөлігінің капот астындағы кеңістігінде орнатылады. Токтың түрақты кернеуін генераторға бірге орнатылған шағынгабаритті микроэлектронды кернеуді реттеуші ұстап түра алады. Ол бөлінбейтін және реттелмейтін қүрылғы болып табылады. Генератордың кернеуі 13,5...14,5В артық жоғарылаған кезде кернеуді реттеуші ротордың қозу орамына токтың келуін тоқтатады. Осының нәтижесінде генератордың кернеуі төмендейді. Кернеуді реттеуші тағы да ротордың қозу орамына токты жібереді, және процесс қайталанады. 3.3 - сурет. Кернеуді реттеуші: 1 - кедергі; 2 - дросселъ; 3-5 - жанаспалар; 6 — якоръ; 7 — серіппе; 8 — орам Осылайша, генератордың қозу орамының бойымен өтетін токты үздіксіз және автоматты түрде реттей отырып, реттеуші генератордың кернеуін жүктеме тогына және қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігіне қарамастан 13,5... 14,5В шегінде үстап тұрады. Аккумуляторлық батарея химиялық энергияны электрлік энергияға өзгертеді. Автомобильде аккумуляторлық батарея электр тогының түтынушыларын қозғалтқыштың иінді білігі жүмыс істемей түрғанда немесе аз айналу жиілігімен жүмыс істеп тұрғанда қоректендіреді. Жеңіл автомобильдерде ішкі кедергісі көп емес және бірнеше секунд ішінде стартердің қозғалтқышты іске қосуы үшін қажетті бірнеше жүз ампер токты беруге қабілетті қорғасын-қышқылдық аккумуляторлық батареяларды қолданады. Аккумуляторлық батарея сыйымдылықпен, яғни батарея толық зарядталған жағдайдан бастап бар мүмкіндігінше сейілген жағдайға дейін бере алатын электрлік энергияның мөлшерімен сипатталады. Аккумуляторлық батареяның сыйымдылығы ампер-сағаттармен өлшенеді және оның қүрастырылымына, пластиналардың санына, олардың қалындығына, пластиналарды бөлушілердің материалына және басқа факторларға тәуелді. Пайдалану кезінде аккумуляторлық батареяның сыйымдылығы разрядтық токтың күшіне, электролиттің температурасына, разрядтау режиміне (үздіксіз немесе үзіліспен), зарядталу дәрежесіне және батареяның тозуына байланысты болады. Мысалы, разрядтық ток көбейген кезде және электролиттің температурасы төмендеген кезде аккумуляторлық батареяның сыйымдылығы азаяды. Батареяның корпусы (1) (3.4 - сурет) қышқылға төзімді пласт- массадан (полипропиленнен) жасалған және қалқаншалармен алты секцияларға бөлінген. Әрбір секцияда оң (9), теріс (10) пласти- налардан және олардың арасындағы сепараторлардан (8) (бөлушілерден) түратын жеке элемент орнатылған. Элементтердің кернеуі 2В және өзара көпіршелермен (4) тізбектеле жалғасқан. Батареяның корпусы барлық элементтер үшін ортақ пластмасса қақпақпен (2) жабылған. Қақпақ корпустың сыртқы қабырғаларына қарай шеттерінің бойымен балқытылып пісіріп жапсырылған. - сурет. Аккумуляторлық батарея: 1 - корпус; 2 — қақпақ; 3, 5 — шыгулар; 4 - көпірше; - тыгын; 7 - индикатор; 8 - сепаратор; 10 - пластиналар Қақпақтың корпус қалқаншаларымен жалғасуы герметикпен жинау кезінде тығыздалады, бұл электролиттің бір секциядан екіншісіне құйылып кетуін болдырмайды. Әрбір секция үшін қақпақта электролитті құюға және деңгейін индикатормен (7) бақылауға арналған тығыны (6) бар бұрандалы тесіктер бар. Тығындар батареяның ішкі қуысының атмосферамен байланысуы үшін тесіктермен жабдықталған. Батареяның екі шығуы бар: оң (3) және теріс (5). Аккумуляторлық батарея қозғалтқыш бөлігінің капот астындагы кеңістігінде орнатылған. Аккумуляторлық батареялар белгіленеді. Батареялардың белгіленуінде тізбектеліп жалғасқан элементтердің саны көрсетіледі, бұл батареяның кернеуін анықтайды, батареяның мақсаты, 20 сағаттық разрядтау режимінде ампер-сағаттағы батареяның сыйымдылығы, батарея корпусының материалы және сепа- раторлардың материалы көрсетіледі. Мысалы, аккумуляторлық батареяның 6СТ-55П белгілемесі келесіні білдіреді: стартерлік батарея, кернеуі 12 В, сыйымдылығы 55 А-сағат, корпусы және қақпағы пропиленнен (қышқылға төзімді пластмасса) жасалған. Аккумуляторлық батареяға техникалық қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік техникасының ережесін сақтау қажет: химиялық таза күкірт қышқылы бар электролитпен абайлап жүмыс істеу; батареяны тексеру кезінде электролиттің үстінде газдың түтанып кету мүмкіндігіне байланысты ашық отты әкелуге болмайды және т.б. |