Главная страница
Навигация по странице:

  • А Л Ғ Ы С Ө 3

  • КІРІСПЕ

  • БӨЛІМ тарау. АВТОМОБИЛЬ Автомобиль қүрылысы дамуының қысқаша тарихы

  • Жылжымалы қүрамының қүрылысы Жалпы мәліметтер

  • Жылжымалы жүк составы

  • Автомобиль Суеубаев. Ж. С. Суеубаев


    Скачать 1.73 Mb.
    НазваниеЖ. С. Суеубаев
    Дата11.09.2022
    Размер1.73 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАвтомобиль Суеубаев.docx
    ТипДокументы
    #671080
    страница1 из 16
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

    Ж.С. СУЕУБАЕВ

    АВТОМОБИЛЬ

    ҚҮРЫЛЫСЫ

    О
    ҚУ ҚҮРАЛЫ


    Ж. Суеубаев

    АВТОМОБИЛЬ

    Қ¥РЫЛЫСЫ

    Оқу құралы

    А
    лматы-2012


    УДК 629.113 (075) ББҚ 39.33-04Я73 С 85

    Пікір жазғандар:

    Акчурин А .Г. М.Тынышпаев атындағы ҚазККА профессоры, техника ғылымдарының докторы

    Қоныспай Қ-Қазақ үлттык политехникалық университетінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты

    Мауленов Н.О. Қазақстан «Алатау» университеті «Көлік және козғалысты үйымдастыру» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент

    С85 СУЕУБАЕВ ЖАЛҒАС, М.Тынышбаев атындағы Қазақ Көлік және Коммуникациялар академиясынын оқытушысы.

    Автомобиль күрылысы. (Оқу қүралы)- Алматы, ЖСШ «Эверо», 2012 ж.

    264 бет

    І8ВЫ 978-601-207-342-3

    Үсынылып отырған оқу қүралында автомобилдердің жалпы қүрылысын, қызметін, әрекеттік қағидаларын және қазіргі автомобилдердің механизмдері мен жүйелерінің түрлі конструкциясының қызметі мен негізгі жүмыс істеу қағидаларымен толықтанысу, меңгеру болып табылады.

    Автомобиль қүрылысы - «Көлік, көлік техникасы және технологиясы», «Жол қозғалысын үйымдастыру және көлікті пайдалану» саласында дайындалатын мамандарға арналған оқулық.

    Көлік (автомобиль) қүралдары пәнінің бағдарламасына сай жазылған.

    Оқу қүралы жоғары оқу орнының студенттері мен колледж және автокөлік саласындағы қызметкерлерге арналған.

    УДК 629.113 (075) ББҚ 39.33-04Я73

    С 3203030000
    00(05)-09

    ІЖЫ 978-601-207-342-3

    ©Суеубаев Ж.С., 2012 © ТОО «Эверо», 2012

    А Л Ғ Ы С Ө 3

    Үсынылып отырған оқу құралында автомобилдердің жалпы құрылысын, қызметін, әрекеттік қағидаларын және қазіргі авто- мобилдердің механизмдері мен жүйелерінің түрлі конструк- циясының қызметі мен негізгі жұмыс істеу қағидаларымен толық танысу, меңгеру болып табылады.

    Автомобиль құрылысы - «Көлік, көлік техникасы және технологиясы», «Жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану» саласында дайындалатын мамандарға арналған оқулық.

    Көлік (автомобиль) құралдары пәнінің бағдарламасына сай жазылған. Жүйелер мен механизмдердің жұмыс істеу принциптері мен құрылысына байланысты материалдарды баяндау қазіргі заманғы автомобиль конструкцияларының нақты мысалдарымен жүйеленіп белгіленген, ол өз кезегінде оқушыларға автомобиль құрылысы туралы жақсы білім алып, «Автомобильді техникалық жарату», «Жылжымалы құрамды пайдаланудың теориялық қасиеті» пәндерін және басқа да автомобиль саласындағы пәндерді жақсы игеруге мүмкіндік береді.

    з




    КІРІСПЕ

    Автомобиль көлігінің республика үшін ерекше маңыздылығын Қазақстанның кең байтақ аумағы және халық тығыздығының сиректігі алдын ала анықталады. Бұл жекелеген өңірлер үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің бірден бір қүралы болып табылады.

    Қазіргі кезде автомобиль өнеркәсібі алдында келесідей міндеттер түр: автомобиль қозғалтқышының конструкцияларын жетілдіру арқасында жанар-жағармайдың үнемділігін арттыру; жүк автомобильдері, автопоездар, дизелді автобустар өндірісін жедел түрде дамыту; жүк сыйымдылығы жоғары болатын тиімді карьералық самосвалдарды шығаруды игеру, өтімділігі жоғары автомобильдер өндірісін арттырып, соның аясында ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және күрылыс үшін автопоездар өндірісін арттыру.

    Қазіргі заманғы автомобильдердің механизмдері мен түйін- деріндегі конструкциялық шешімдердің көптігі «Автомобиль қүрылысы» оқулығында көрініс тапқан, оның мазмүны аталған курстьщ бекітілген бағдарламасына сәйкес келеді. Оқулық кіріспеден және үш бөлімнен түрады. Бірінші бөлімде автомобиль туралы жалпы мәліметтер және двигатель қарастырылады (карбюраторлық және дизелдік), екінші бөлімде - автомобильдің электр жабдығы, автомобиль шассиі, алып жүруші жүйесі, асылғы қүрылымы, дөңгелектер, қорап (шанақ) қарастырылады, ал үшінші бөлімде - рульдік басқару, тежеуіш жүйесі қарастырылған. Тиісті тарауларда қүрылғының нақтылы сипаттамасы беріліп, қозғауыш жүйесі мен негізгі механизмдердің, электр жабдықтардың аппараттары мен қүралдардың жүмысы, автомобиль шассиінің агрегаттары мен механизмдерінің жүмысы нақтылы беріледі. Даму бағыты, автомобильдердің түрі мен жалпы қүрылысы, жеңіл автомобильдердің қорап түрлері мен жүк автомобильдерінің платформалары бір мезетте қарастырылады.

    Автомобильдер негізгі энергетикалық құралдар болып табылады, олардың көмегімен механикаландырылған жүмыстарды атқару және әр түрлі жүктерді тасымалдау жүзеге асырылады. Автомобиль жақын арақашықтықта жүктерді, адамдарды тасымалдауда теңдесі жоқ технологиялық қүрал есебінде саналады. Автомобиль талантты адамдардың бірнеше үрпақтар бойы сарыла ғылыми ізденуі нәтижесінде шығарылуда.

    1. БӨЛІМ

    1. тарау. АВТОМОБИЛЬ

    1. Автомобиль қүрылысы дамуының қысқаша тарихы

    Автомобиль көлігі халық шаруашылығының барлық саласын қамтып, елдің көлік жүйесінің жетекші орындарының бірін алып отыр. Автомобиль көлігінің үлесіне көліктің кез келген түрімен жеткізілетін жүктердің 80%, және жолашулар тасымалының 70% келеді.

    Автомобиль жасаудың негізі екі жүз жыл бүрын, «өздігінен жүретін» арбалар жасай бастаған кезде қаланған («автомобиль» атауы гректің аШоз - «өзі» және латындық тоЬіІіз - «жүрдек» сөздерінен алынған). Алғаш рет олар Ресейде пайда болды. 1752 ж. орыстың механигі, шаруа Л.Шамшуренков өз уақытына тамаша болып есептелетін, екі адамның көмегімен қозғалысқа түсетін «өздігінен жүретін арба» ойлап тапты. Кейінірек орыс өнертапқышы И.П. Кулибин педалмен қозғалысқа келетін «өздігінен сырғитын арба» ойлап тапқан.

    Бу машиналарының ' пайда болуымен өздігінен жүретін арбаларды жасау дами түсті. 1869-1870 жж. Францияда Ф.Кюньо, ал бірнеше жылдардан кейін Англияда алғашқы бу машиналары жасалып шықты.

    Көлік қүралы ретінде автомобильдердің кең тарауы тез жүретін ішкі жану қозғауышының пайда болуымен басталған. 1885ж. Г.Даймлер (Германия) бензинмен қозғалысқа түсетін қозғауышы бар мотоцикл ойлап тапты, ал 1886ж. К.Бенц - үш дөңгелекті арба ойлап тапқан. Сол кездерде өнеркәсіп жақсы дамыған елдерде (Франция, Үлыбритания, АҚШ ішкі жану қозғауышы бар автомобилдер шығарыла бастайды.

    XIX ғ. Соңында бірқатар елдерде автомобиль өндірісі пайда болады. патшалық Ресейде өздерінің автомобиль жасау өнірісін үйымдастыруға бірқатар қадамдар жасалған. 1908ж. автомобиль өндірісі Рига қ. Орыс-Балтық вагон жасау заводында үйымдастырылған. Алты жылдың ішінде шет елдік қосалқы қүралдардан жинақталған автомобильдер шығарылатын еді. Барлығы завод 451 жеңіл автомобиль және шағын мөлшерде жүк автомобильдерін шығарды. 1913ж. Ресейдің автомобиль паркінде 9000 автомобиль болды, оның көбі - шет елде шыққандар.

    Үлы Қазан социалистік революциясынан кейін отандық автомобиль өнеркәсібін жаңадан бастауға тура келді. Кеңестік автомобиль жасаудың басы 1924 ж. АМО заводында бастау алған (қазіргі И.А.Лихачев атындағы Мәскеу заводы -ЗИЛ өндірістік бірлестігі), алғаш рет жүк тасушы АМО -Ф-15 автомобильдер жасалған. Я-3 жүк тасушы автомобильдер Ярославль автомобиль шығаратын заводында 1925ж. шығарылған.

    1931-1941 жж. автомобильдер көп мөлшерде және кеңінен шығарыла бастады. АМО заводы толықтай жаңартылып, 1931 ж. жүк тасушы автомобильдер көптеп шығарыла бастады. Ал 1932ж. Горький автомобиль заводы (ГАЗ) іске қосылды.

    1940 ж. Мәскеулік шағын көлемді автомобильдер заводы шағын көлемді автомобильдер шығара бастады (қазіргі АЗЛК - Ленин комсомолы атындағы автомобиль заводы).

    Кейінірек Урал автомобиль заводы қүрылды (Миасс қ.), ол Урал -ЗИС-5В жүк тасушы автомобильдер шығара бастады. Соғыстан кейінгі алғашқы бесжылдықтарда Кутаиси (КАЗ), Кременчуг (КрАЗ), Ульянов (УАЗ) және Минск (МАЗ) автомобиль заводтары, Павлов (ПАЗ) және Львов (ЛАЗ) автобус шығаратын заводтар, самосвал-автомобильдерін шығаратын Мытищинский машина жасау заводы (ММЗ), және бірқатар автомобиль заводтары мен тіркемелі жылжымалы қүрамдар шығаратын заводтардың негізі қаланды.

    Алпысыншы жылдардың аяғынан бастап, автомобиль жасау жылдам қарқынмен дами бастады. 1971ж. СССР 5 жылдығы атындағы Волга автомобиль заводы (ВАЗ) іске қосылды, ол жеңіл автомобильдер шығарды. 1976ж. Набережные Челны қаласында (қазіргі Брежнев қ.) Камск өндірістік бірлестігі (КамАЗ) жүк сыйымдылығы үлкен автомобильдер өндірісін жолға қойды.

    Он бірінші бесжылдық жылдарында автомобиль өнеркәсібі заводтары жаңашаланған автомобиль техникаларын, соның ішінде ауыл шаруашылығына, қүрылысқа қажетті, сауда, мүнайгаз және орман өнеркәсібіне қажетті техникаларды игеріп алды.

    Жүк тасымалдайтын автомобильдердің ерекшелігі олардың өнімділігінің артуында және арнайы тасымалды пайдаланғанда нәтижелілігінің артуында, тіркеу техникасын қолдануды кеңейту, жанар-жағар май мен материалды ресурстарды үнемдеу, автомобильдердің игерімділік сапасы мен конструкциясының техникалық деңгейінің артуында болып отыр.

    Жүк тасымалдайтын автомобильдердің жаңа конструкцияларын енгізу мен жасау салаларында жүргізетін жүмыстар арасында, автомобиль көлігін дизельге өткізудің маңызы зор. Ол жанар-жағар майды үнемдеуге мүмікндік беріп, жанып шыққан газдың улылығын азайтады. Елдің автомобиль паркіндегі автомобильдерді дизельге көшіруді ұлғайту КамАЗ дизелдер шығару мен өндірісті жетілдіру базасында және Ярославль мотор заводы (ЯМЗ) дизелдерінің, Кутаиси автомобиль заводында (КАЗ) дизель өндірісін игерумен тығыз байланысты. Сонымен қатар, дизелдердің тәжірибелік үлгілері жасалып, ЗИЛ мен ГАЗ жүк тасымал автомобильдерінің кең шығарылатын үлгілерін дизелге ауыстыру үшін өндірістік қуаттылықты арттыруға дайындық жүргізілуде.

    Жеңіл автомобильдер конструкциясы дамуының негізгі бағытына салмағы азайтылған, тіркемесі алдындағы, жүмыс істеу көлемі 1,8 л. болатын қозғауыштары бар, жаңа үлгідегі автомобильдерді сериялы түрде жасап-шығаруды жатқызуға болады. Жаңадан шыққан жеңіл автомобильдердің конструкцияларының техникалық жақсаруы, ерекше пішіні мен пайдалану мүмкіндігінің жоғары болуы, жақсы нөтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Алдыңғы тіркемесі бар ВАЗ, АЗЛК, ЗАЗ (Запорожье автомобиль заводы) шыққан автомобильдер салмағының азаюы жанар-жағар майды 10-15% төмендетуге мүмкіндік береді.

    Жанып шыққан газдың улылығын төмендетуге байланысты автомобиль қозғауыштарын жетілдіруге қатысты заводтарда көп жүмыс атқарылуда. Улы газдар адамның денсаулығқі мен қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде, себебі, оның қүрамында улы заттар бар: көмірқышқыл газы, көмісутегілер, азот қышқылы, күйе және т.б., этилденген бензиндерді пайдаланса - қорғасын қалдығы пайда болады.

    Жанып шыққан газдың улылығын жүтатын, автомобильдерге орнатылатын арнайы қүралдар арқылы жанып шыққан газдың улылығын жоюға болады; қозғауыш процесінің жүмысын жетілдіру арқылы, оның жүмысының тиімді тәртібін таңдап алу арқылы, және қоректендіру жүйесі мен оталдыру параметрлерін жетілдіріп, шығатын улы заттардың мөлшерін азайтуға болады.

    Атмосфераға улы заттардың шығуын азайтумен қатар, тағы бір күрделі мәселе, автомобиль қозғалысы кезінде пайда болатын шулармен күрес болып отыр. Шу жүйкені тоздырып, жүрек-қан тамырлары сырқаттарының артуына әкеп соғуда. Қаладағьг ең көп мөлшерде шуды көлік қүралдары шығарып отыр. Автомобильден пайда болған шу ең аладымен қозғауышта жанып шыққан улы газдардың ауаға тарауымен және шиңаның жолмен әрекеттесуінен пайда болуда. Сондықтан автомобильдер шығаратын шу деңгейін азайтуға байланысты жүмыстардың негізгі бағыты жанып шыққан газдар шығаратын шуды бәсеңдеткішті және шиналардың конструкцияларын жетілдіру болып отыр.

    Соңғы жылдарда жүргізушілердің жүмыс жағдайын жақсартуға, автомобильдердің қауіпсіздігін арттыруға, оларды тексеруден өткізіп, техникалық ахуалын арттыруға көп көңіл бөлінуде, сондай-ақ қорабы мен кабинаның ішкі жабдығын жетілдіру ( шу- және көлік дірілін жұтатын материалдар, тиімді оталдырғыштар мен кондиционерлер, автомобильдер қораптары мен кабиналарының соғылуға беріктік қасиетін арттыру). Автомобиль басқару ж.үйесінде, оталдыру қүралдарында, жарық дабылында және тексеруден өткізуде микропроцессор техникасы негізіндегі электрондық қүрылғылар кең қолданыста.

    Автомобиль жасаудың негізгі міндеттерінің бірі термоберік прокатты, берік шойынды, жіңішке, иілмелі болат, конструкциялық пласмассалар, алюминий негізіндегі жеңіл балқымалардан жасалған прокатты пайдалану арқылы автомобильдің өз салмағын азайтуға қол жеткізу болып отыр.

    Автомобиль жұмысы көп жағдайда жол қабатының типі мен жағдайына, жол айналымдары мен қозғалыстың қарқындылығымен сипатталады. Осы факторлардан салпыншақ түйіндерінің қызмет ету мерзімі мен түсетін салмақ күші, тежегіштер мен шиналардың жағдайы байланысты болмақ, сол себепті автомобильдердің жаңа конструкцияларының беріктілігін арттыру үшін оларға рессорлық салпыншақтардың орнына серіппелі немесе пневматикалық салпыншақтар қолданылады, барабандық тежегіштердің орнына дискілі, қосарланған шиналардың орнына бір қабатты кеңпрофилді шиналар қолданылады.

    Жоғарыда атап өткендермен қатар автомобиль тасымалдары жүйесі де жетілдіріле түсуде, оларды екі топқа бөлуге болады: жолаушылар тасымалы және жүк тасымалы. Жолаушылар тасымалының бір түріне автобустық тасымал жатады. Бұларды жақсарту үшін жолаушылар салонындағы жайлылығы жоғары болып келетін және техникалық-игеру көрсеткіштері арттырылған автобустардың жаңа түрлері шығарылуда. Жүк тасымалын жақсылап үйымдастыру үшін жүлс тасымалы автомобильдері паркінің қүрылымы жетілдірілуде: жүк сыйымдылығы 8 т. артатын

    автомобильдер үлесі артуда, жүк сыйымдылығы 2-5 т. кем болатын автомобильдер шығарылымы азайтылуда, жүк сыйымдылығы 2 т, дейін болатын автомобильдер шығару біраз артуда. Арнайы автомобильдер мен автопоездар саны біраз артқан. Жылжымалы арнайы қүрам автомобиль техникасын пайдаланудың нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді, өйткені, автомобиль көлігімен жүк тасымалының көп мөлшері жалпы пайдалану жолдарының желісінде жүзеге асырылады. Оларға тау-кен қазбаларын зерттеу, газ қүбырлары желісінің құрылысы, гидротехникалық қүрылыстар жатады.

    КОКП 1990ж. КСРО Азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру үшін автомобиль өнеркәсібі заводтары ауыл шаруашылығана арналған арнайыландырылған жаңа көлік қүралдары игерілді, олар ауыл шаруашылығы машиналарымен бірге бірегей технологиялық кешенде жүмыс істеуге бағытталған. Олардың ішінде ауыл шаруашылық самосвалдық автопоездары: жүк сыйымдылығы 14 т. болатын КамАЗ -55102 және «Урал - 5557» және жүк сыйымдылығы 11 т. болатын ЗИЛ-ММЗ-4504 жөне КАЗ-4540. Бүл автопоездардың автомобиль -сүйретпелерінің жүру өтімділігі жоғары, ілмегіндегі тарту күші артып, ең аз жылдамдығы 3 км-сағ. дейін төмендетілген.

    Бүқаралық жүк-жолаушылар тасымалы ұйымында инженерлік қүрылыстың кешені болып келетін, көлік қүралдарының қозғалысына арналған, автомобиль жолдарының маңызы зор (жер қабаты, жол қабаты, тоннелдер, көпірлер және т.б.). Автомобиль жолдары қозғалыстың қарқындылығы мен оның ауыл шаруашылығындағы маңызына қарай бес санатқа бөлінеді. Көлденең және үзына бойына салынған жол профилдерін автомобильдің маневрлік сапасын ескеріп таңдайды, ал жоғарғы бекітілген қабат болып келетін, жол қабатын - нақты шектелген білік салмағы бар автомобиль қозғалысын ескеріп таңдайды. Жолдардың санатына қарай келесі қабаттар қолданылады: жетілдірілген күрделі - I және II санатты жолдар үшін, жекелеген жағдайларда III санатты жолдар үшін; Жетілдірілген жеңілдетілген - III жөне IV санатты жолдар үшін; ауыспалы - IV және V санатты жолдар үшін; төменгі - V санатты жолдар үшін.

    Жүк-жолаушы тасымалын қамтамасыз етуге және автомобиль паркінің қозғалмалы қүрамын дүрыс қалпында үстап түруға кететін шығындарды азайтуға көп жағдайда техникалық қызмет көрсетуді дер мезгілінде жүргізіп отырудың тигізер пайдасы мол, ол КСРО жоспарлы-алдын алу жүйесі бойынша жүзеге асырылған. Бүл жүйенің ерекшелігі, автомобильдер мен автобустардың бәрі жоспарлы кесте бойынша міндетті түрде техникалық қызмет көрсетуден өтеді. Атқарылатын жүмыстың көлемі мен күрделілігіне, маусымдылығы бойынша техникалық қызмет көрсету келесі түрге бөлінеді: күнделікті техникалық қызмет көрсету (КТҚК); алғашқы техникалық қызмет көрсету (ТҚК -1); екінші техникалық қызмет көрсету (ТҚК - 2); мерзімдік техникалық қызмет көрсету (МТҚК).

    Техникалық қызмет көрсету алдын алу шарасы болып табылады, оның мақсаты - автомобиль көлігінің қалыпты жүмыс істеуіне кедергі келтіретін, қосалқы бөлшектерінің тозуы мен жүмыс кезінде түрып қалуын болдырмау.


    1. Жылжымалы қүрамының қүрылысы

    1. Жалпы мәліметтер

    Автомобиль көлігінің жылжымалы қүрамы деп автомобильдерді, автомобиль поездарын, прицептерді, және жартылай прицептерді атайды.

    Жылжымалы қүрам көліктік және көліктік емес жүмыстарды орындауға арналған: жүктерді тасымалдау, жолаушыларды және түрлі операцияларды өндіруге арналған арнайы жабдықтарды тасымалдау.

    Автомобиль көлігінің жылжымалы қүрамы көп түрлі. Оны арналған түрі мен өтімлігіне қарай санаттауға болады (1.1. сурет).

    Жалпы мақсаттағы жылжымалы қүрам түрлі көліктік тасымалдарды орындауға арналған, арнайыландырылған - тек қана белгілі бір көліктік тасымалды орындауға, ал арнайы - көліктік емес түрлі жүмыстарды атқаруға арналған.




    1.1 — сурет. Арналган турімен өтімділігіне қарай автомобилъ көлігінің жылжьімалы қурамы турін санаттау




    Жолаушылар жылжымалы қүрамы (1.2 - сурет) адамдарды тасымалдауға арналған. Оған жеңіл автомобильдер мен автобустар жатады.

    Жеңіл автомобильдер жолаушыларды жекелей тасымалдауға арналған (2-ден 8 адамға дейін).

    Жалпы мақсаттағы жеңіл автомобильдердің қораптары ашық немесе жабық болып келеді. Арнайыландырылған жеңіл авто- мобильдер белгілі бір санаттағы жолаушыларды тасымалдауға арналған. Арнайыландырылған автомобильдерге жедел жәрдем, такси және т.б. жатады.

    1.2 - сурет. Жолаушылар жылжымалы қурамы:
    а - жеңіл автомобшь; б, в - автобустар


    Арнайы автомобильдер көліктік емес жұмыстарды атқару үшін қажет. Олар жеңіл автомобильдер шассиі негізінде шығарылып, арнайы қүралдармен, аппаратпен және т.б. жабдықталады. Арнайы автомобильдерге зертханалық, зерттеулік, милиция автомобильдері жатады.

    Автобустар жолаушыларды бүқаралық тасымалдау үшін қажет. Жалпы мақсаттағы автобустар қалалық, қала-аралық, қала сыртына Шығатын болып бөлінеді. Арнайыландырылған автобустарға сани- тарлық, туристік және мектеп автобустары жатады.

    Автобустардың вагон және капот типтес қорабы болып, жүк автомобильдері агрегаттары базасында орындалады. Жеңіл авто- мобильдер негізінде шығарылатын шағын автобустар кең таралған.

    Арнайы автобустар жалпы мақсаттағы автоабустар шассиі негізінде орындалып, арнайы қорабы болуы мүмкін, және арнайы қүралдармен, приборлармен, аппараттармен жабдықталды. Бүл автобустарға жылжымалы техникалық станциялар, кинозертханалар, санитарлық-ветеринарлық автобустар және т.б. жатады.

    Жылжымалы жүк составы әр түрлі жүктерді тасымалдауға арналған. Оған жүк тасымалдайтын автомобильдер, сүйретпе- автомобильдер, автопоездар, тіркемелер және жартылай тіркемелер жатады.

    Жүк тасымалдайтын автомобильдер жалпы мақсаттағы, арнайыландырылған жөне арнайы болып бөлінеді.

    Жалпы мақсаттағы жүк автомобильдері сүйық жүктен өзге (ыдыссыз) жүктің барлық түрін тасымалдауға арналған. Олардың жиекті платформа тәрізді жүк қоятын қорабы болады.

    Арнайыландырылған жүк автомобильдері нақты бір түрдегі жүктерді тасымалдау үшін арналған. Олардың осындай тасымал үшін арнайы қорабы болып, арнайы кондырғылармен және тиеу-түсіруге арналған қүралдармен жабдықталады. Арнайыландырылған автомобильдерге самосвал-автомобильдер, цистерналар, фургондар, рефрижераторлар, өздігінен тиегіш көліктер жатады.

    Арнайы жүк автомобильдері әр түрлі көліктік емес жүмыстар мен операциялар жасауға арналған. Олар арнайы қүралдармен, механизмдермен, қүрылғылармен жабдықталып, жүк автомобильдері шассиі негізінде жасалып, арнайы қорабы болмайды. Арнайы автомобильдерге коммуналдық көліктер жатады (қоқыс жинайтын, қар жинайтын, суаратын жөне т.б.), өрт сөндіретін, жөндеу шеберханалары, автокрандар, автобағаналар, автокомпрессорлар, автобетонилегіштер.

    Автопоездар жылжымалы составтың өнімділігін арттырып, тасымалдың өзіндік қүнын төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен, біркелкі жағдайда жүмыс атқарғанда автопоезбен тасымалдау қүны бір автомобильге қарағанда 25...30% төмен болады, ал жүмыс өнімділігі 1,5% артық болады.

    Автопоездар сүйремелі-автомобильдерден, тіркемелерден, жартылай тіркемелерден түрады. Автопоездар тіркемелі, ершікті жөне роспуски болып бөлінеді.

    Тіркемелі автопоезд жүк автомобилінен және бірнеше тіркемеден түрады. Ершікті автопоезд алдыңғы жағы сүйремеге жапсырылған, сүйремелі автомобильден түрады.

    Олардың дөңгелек формуласы - егер автомобильде екі мост болып, екеуі де жетекші болса 4x4, егер автомобильдің үш мосты болса, олардың ортаңғысы мен артқысы жетекші болса - 6x4 болады.

    Өтімділігі жоғары автомобильдер ой-шүңқырлардан еркін өте алады. Бүл автомобильдердің жетекші мостары бар, олар үшеу болады немесе одан көбірек болады. Өтімділігі жоғары автомобильдердің дөңгелек формуласы 6x6 және 8x8.

    1. Белгі қою және техникалық сипаттамасы

    Автомобильдер түрі мен арналғанына қарай кластарға бөлінеді де, соған сөйкес белгі қойылады.

    Автомобильдің әрбір үлгісінде базалық па, әлде жетілдірілген бе, соған байланысты өзінің белгісі болады. Базалық деп автомобиль негізінде жетілдірілуі шығарылатын автомобильді атайды. Бүл көп мөлшерде шыгарылатын автомобильдің негізгі үлгісі.

    Автомобильдің базалық үлгісіне төрт мәндік сандық индекс беріледі, онда алғашқы екі сан класын білдіреді де, келесі екі сан - автомобильдің үлгісін көрсетеді. Бүнда сандық индекс алдында өндіруші-заводтың әріптік белгісі қойылады.

    Жетілдірілген деп базалық автомобильден бірқатар көрсеткіштермен ерекшеленетін (конструкциялық және игерімділік), нақты талаптарға және игеру шартына сәйкес келетін автомобильді айтады. Мысалы, жетілдірілген безендірумен өзгешеленуі мүмкін.

    Жетілдірілген автомобильдердің бес мәндік сандық индексі болады, онда бесінші сан базалық жетілдірілудің нөмірін көрсетеді.

    Жеңіл автомобильдер қозғауыш цилиндрлерінің жүмыс көлеміне қарай (литраж) бес класқа бөлінген:


    Класс

    Литраж, л

    Индекс

    Аса шағын

    1,2 дейін

    11

    Шағын

    1,2 ден 1,8 дейін

    21

    Орташа

    1,8ден 3,5 дейін

    31

    Үлкен

    3,5 жоғары

    41

    Ең үлкен

    шектелмейді

    41







    Жеңіл автомобильдерге белгі салу келесідей тәсілмен орындалады. Мысалы, ВАЗ-2105 және ВАЗ-21053 деген белгілер мынаны білдіреді: ВАЗ - Волга автомобиль заводы, 21 саны - шағын класты автомобиль, 05 саны - бесінші үлгі (базалық), 3 саны - үшінші жетілдіру.

    Автобустар үзындығына қарай бес класқа бөлінген:
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


    написать администратору сайта