Автомобиль Суеубаев. Ж. С. Суеубаев
Скачать 1.73 Mb.
|
Бақылау сүрақтары Автомобильдегі электрлік энергия қандай мақсаттар үшін қолданылады? Автомобильдің электрлік жабдықтарының негізгі бөліктері қандай? Автомобильде қандай ток көздері қолданылады? Аккумуляторлық батареяға күтім көрсету кезінде қандай сақтық шараларын қолдану керек? Ток түтынушылар Автомобильдегі ток түтынушылары болып стартер, оталдыру жүйесі, жарықтандыру жүйесі (сыртқы және ішкі), дабыл жүйесі (дыбыстық және жарықтық), бақылаудың электрлік аспаптары және қосымша аппаратура табылады. Стартер иінді білікті қозғалтқышты іске қосуға қажетті жиілікпен айналуды қамтамасыз етеді. Бензиндік қозғалтқыштардың иінді біліктерін іске қосу айналыстарының жиілігі 40...50 мин'1 қүрайды. Стартер төртполюсті, төртщеткалы, аралас қозуы бар, жетек тістегершігі (шестерня) электромагниттік түрде іске қосылатын және қашықтықтан басқарылатын тұрақты токтың электрлік қозғалтқышы болып табылады. Стартердің қүрыш корпусында (11) (3.5 - сурет) қозу орамдары бар төрт полюстер (12) бекітілген, олардың үшеуі якордың орамдарымен 13 тізбектеле жалғасқан және біреуі паралелль жалғасқан. Стартер якорының білігі май сіңірілген екі металкерамикалық төлкелерде (8) айналады. Біліктің артқы үшының төлкесі қақпаққа , ал біліктің алдыңғы үшының төлкесі - қақпаққа (4) престелген. Якор білігінің алдыңғы үшындап стартердің жетегі орналасқан, ол стартер іске қосылған кезде біліктің шлицтерінің бойымен жылжитын еркін жүріс муфтасынан (2) және жетектің тістегершігінен (1) түрады. Стартердің қақпағы алюминий қорытпадан құйылып жасалған. Алдыңғы қақпақта (4) пластмасса иінтірек (рычаг) (3) және сақина (14) арқылы стартердің жетегімен байланысқан тартым релесі (5) бекітілген. Реле сермеушінің тәжімен тіркесуге тістегершікті енгізуді және стартер орамының электрлік тізбегінің қозғалтқышты іске қосқан кезде аккумуляторлық батареяны қосуды қамтамасыз етеді. Артқы қақпақта (9) төрт мыс-графиттік щеткалары (7) бар щетка үстағыштар орнатылған. Щеткалар якордың бүйірлік коллекторына (6) серіппелермен жабысқан. Бүйірлік коллектор мыс жанаспа пластиналар құйылған пластмасса диск түрінде жасалған. Мүндай коллектор стартердің үзындығын азайтады, оның салмағын азайтады және щеткалы жанаспалардың түрақты және үзақ жүмыс істеуіне көмектеседі. Стартердің қақпағы және корпусы өзара екі болттармен (10) бекітілген. Еркін жүріс муфтасы (2) сыртқы (16) жөне ішкі (15) қүрсаулардан түрады. Ішкі қүрсау стартер жетегінің тістегершігімен біріктірілген. Сыртқы қүрсау спиралдық шлицтер арқылы якордың білігімен жалғастырылған күпшекпен (ступица) біріктірілген. Спиралдық шлицтер муфтаның білік бойымен қозғалған кезде айналуын қамтамасыз етеді, бүл іліктіргішке стартер тістегершігінің тістері мен сермеушінің тәжін енгізуді жеңілдетеді. Сыртқы қүрсауда айнымалы ені бар үш ойық бар, оларда роликтер (18) мен серіппелері бар қысушы плунжерлер (17) орналасқан. Роликтер сыртқы және ішкі қүрсауларды сыналап, ойықтардың жіңішкелерген бөлігіне түрақты түрде сығылады. Қозғалтқышты іске қосқан кезде қүрсаулардың сыналануы күшейеді, ал іске қосқаннан кейін қүрсаулар сыналасудан босайды, өйткені роликтер, қысушы плунжерлердің серіппелерінің кедергісінен өтіп муфтаның сыртқы қүрсауларының ойықтарының кеңейтілген бөлігіне итеріп шығарады. Стартер қозғалтқыштың сол жағына орнатылған және 'тіркесу картеріне аддыңғы қақпақ фланеці 4 арқылы гайкалары бар үш шпилькалармен бекітіледі. Оталдыру жүйесі қозғалтқыштың жүмыс тәртібі мен режиміне сәйкес цилиндрлерде жүмысшы қоспаның (пайдаланылған газдың қалдықтарымен араластырылған жанушы қоспа) түтандыру үшін қызмет етеді. Бензиндік қозғалтқышы бар автомобильдерде олардың мақсатына және класына қарай әртүрлі оталдыру жүйелері қолданылады: жанаспалы, жанаспалы-транзисторлық және жанасусыз. — болт; 11 — корпус; 12 — полюс; 13 - якорь; 14- сацина; 15,16 - щрсаулар; 17 - плунжер; 18 —ролик. Оталдырудың жанаспалы жүйесіне оталдыру катушкасы, төмен кернеулі токты үзушіден түратын оталдыруды таратушы, және жоғарғы кернеудегі токты таратушы, оталдыру шырақтары, жоғарғы кернеу өткізгіштері және оталдыруды өшіргіш кіреді. Оталдырудың жанаспалы жүйесінің сүлбасы (3.6 - сурет) екі электрлік тізбектерден түрады: төменгі кернеу тізбегі (алғашқы) және жоғарғы кернеу тізбектері (екінші). Алғашқы тізбекке оталдыруды өшіргіш (13), қосымша кедергі (12), оталдыру катушкасының алғашқы орамы (10), төменгі кернеу тізбегін үзуші (8) және конденсатор (7) кіреді. Е 7 8 9 10 кінші тізбекке оталдыру катушкасының екінші орамы (9), жоғарғы кернеудегі токтың таратушысы (3) және оталдыру шырақтары кіреді. Оталдырудың өшіргіші қосылып түрған кезде және төменгі кернеу тогының үзушісінің (5) және (6) жанаспалары түйықталған кезде алғашқы тізбек бойымен ток аккумуляторлық батареядан немесе генератордан өтеді. Оталдыру катушкасының алғашқы орамының бойымен өтіп, ток күшті магниттік өріс туындатады. Үзушілердің жанаспаларын (8) ажыратқан кезде (жұдырыкшалар (4) жанаспасы (6) бар иінтірекшенің үстіне шығады) төменгі кернеу тізбегіндегі ток тоқтатылады, және туындаған магниттік өріс жоғалады. 3.6 - сурет. Оталдырудың жанаспалы жуйесінің сулбасы: 1, 5, 6-жанаспалар; 2-ротор; 3-таратушы; 4-жудырықша; 7-конденсатор; 8-узуші; 9, 10-орамдар; 11-оталдыру катушкалары; 12-кедергі; 13-өшіргіш; 14-шырақ; Г-генератор. Бұл кезде магниттік өріс оталдыру катушкасының екінші орамымен қиылысады және онда жоғарғы кернеулі ток индукцияланады. Жоғарғы кернеудегі ток жүдырықшамен (4) бірге айналатын оталдыруды таратушының роторына (2) жеткізіледі. Үзушінің жанаспаларын ажырату кезінде жоғарғы кернеудегі ток юо оталдыру шырақтарымен (14) жалғасқан оталдыруды таратушының жанаспаларының (1) біреуіне келіп түседі. Оталдыру шырағының электродтарының арасындағы үшқындық разряд жүмысшы қоспаның сығылуы аяқталып жатқан, яғни қозғалтқыштың жүмыс тәртібіне сәйкес цилиндрде жүреді. Оталдырудың жанаспалы жүйесі автомобильдердің қозғалтқыштарындағы цилиндрлердің санын, сығу дәрежесін және иінді біліктің барынша көп айналу жиіліктерін көбейткен кезде олардың сенімді жүмыс істеуін қамтамасыз етпейді. Мүндай қозғалтқыштардың сенімді жүмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оталдыру жүйесінің алғашқы тізбегіндегі (төменгі кернеу тізбегі) ток күшін көбейту керек, бүл үзуші жанаспаларының жануы салдарынан жүмыс істеу мерзімінің төмендеуіне байланысты мүмкін емес. Оталдырудың жанаспалы-транзисторлық жуйесі жанаспалы жүйемен салыстырғанда қозғалтқыштың сенімдірек жүмыс істеуін қамтамасыз етеді, оның жүмыс істеу мерзімін және қабылдау қабілеттігін жоғарылатады, іске қосуды жеңілдетеді, отын шығындарын, оталдыру шырақтарының және үзушінің жанаспаларының тозуын азайтады. Ол жоғарғы кернеудегі токты 25% артыққа, және де үшқындық разрядтың энергиясы мен ұзақтығын (2 есеге дерлік) көбейтеді, бүл қозғалтқыш цилиндрлеріндегі тіпті азайған жүмысшы қоспаның толық жанып кетуіне кемектеседі. Оталдырудың жанаспалы-транзисторлық жүйесіне оталдыру катушкасы, төменгі кернеудегі токты үзушіден түратын оталдыруды таратушы, жоғарғы кернеудегі токты таратушы, оталдыру шырағы, транзисторлық коммутатор, жоғарғы кернеу өткізгіштері және оталдыру өшіргіші кіреді. Жанаспалы-транзисторлық оталдыру жүйесінің (3.7 - сурет) негізгі ерекшелігі болып, оталдыру катушкасы мен үзушінің жанаспаларының (4) арасындағы алғашқы тізбекке қосылған транзисторлық коммутатор (5) жанаспалардың жүктемесін түсіретіндігі табылады. Осыған байланысты ұшқынөшіруші конденсатордың қажеттілігі болмай қалады. Жүйе келесі түрде жүмыс істейді. Оталдыру өшіргіші (8) іске қосылып тұрғанда, үзуші жанаспаларының (4) түйықталуынан кейін коммутатордың транзисторы (5) ашылады, және оталдыру катушкасының алғашқы орамдарының бойымен ток ағып өтетін болады. Үзушінің жанаспаларын ажыратқан сәтте коммутатордың транзисторы жабылып қалады. Алғашқы тізбектің тогы күрт азяды, жөне оталдыру катушкаларының екінші орамында (6) жоғарғы кернеулі ток пайда болады. Ол жоғары кернеулі токты қозғалтқыштың жүмысының тәртібіне сөйкес оталдыру шырақтарына үлестіретін оталдыру үлеетірушісінің (3) роторына (2) жеткізіледі. 3.7 - сурет. Жанаспалы-транзисторльщ оталдыру жуйесінің сулбасы: 1-шырақ; 2-ротор; 3-таратушы; 4-жанаспалар; 5-коммутатор; 6, 7-орамдар; 8-өшіргіш; Г-генератор Оталдырудың жанасусьіз жуйесі қозғалтқыштың сенімді жүмыс істеуін қамтамасыз етеді, өйткені оталдыру шырақтарында орнықты үшқынтүзілуін алуға және қозғалтқыштың әртүрлі жүмыс режимдерінде жүмысшы қоспаның түрақтырақ жануына мүмкіндік береді. Бүл оталдыру жүйесінің негізгі ерекшелігі механикалық тозуға үшырамайтын жанасусыз көрсеткішті қолдануда болып табылады. Сондықтан • оталдыру сәті автокөліктің жүрісі көбейген сайын жанасусыз жүйеде өзгермейді, және жүйе пайдалану барысында қызмет көрсетуді талап етпейді. Оталдырудың жанасусыз жүйесіне оталдыру катушкасы, жанасусыз микроэлектрондық көрсеткіштен және жоғарғы кернеулі токты таратушыдан тұратын оталдырудың көрсеткіші-таратушысы, оталдыру шырағы, электрондық коммутаторы, жоғарғы кернеу өткізгіштері және оталдырудың өшіргіштері кіреді. Оталдырудың өшіргіші (10) іске қосылып тұрған кезде (3.8 - сурет) төмен кернеулі ток электрондық коммутаторға (8) және оталдырудың көрсеткіш-таратушысында (4) орналасқан жанасусыз микроэлектрондық көрсеткішке (9) келіп түседі. Қозғалтқыштың үлестіруші білігі көрсетуші-таратушының білігін айналдырады, және жанасусыз көрсеткіш (9) импульстерді коммутаторға (8) береді, ол оларды оталдыру катушкасының (6) алғашқы орамындағы (7) ток импульстеріне өзгертеді. 10 3.8 - сурет. Жанасусыз оталдыру жүйесінің сүлбасы: 1-шырац; 2-жанаспа; 3-ротор; 4-көрсеткіш-таратушы; 5, 7-орамдар; 6-оталдыру катушкасы; 8-коммутатор; 9-көрсеткіш; 10-өшіргіш; Г-генератор Оталдыру катушкасының алғашқы орамының бойымен өтетін ток, магниттік өрісті туындатады. Токты үзу сәтінде магниттік өріс күрт қысқарады, және оталдыру катушкасының екінші орамында (5) жоғарғы кернеулі ток индукцияланады. Жоғарғы кернеулі ток оталдыру таратушысының айналатын роторына (3) келіп түседі, және одан оталдыру шырақтарымен (1) жалғастырылған таратушының жанаспаларының (2) біріне келіп түседі. Оталдыру шырағының электродтары арасындағы үшқындық заряд цилиндрдегі жүмысшы қоспаларды қозғалтқыштың жүмыс тәртібіне сәйкес түтандырады. Оталдыру жүйесінің аспаптарының құрастырмалары нақтырақ қарастыруды талап етеді. юз Оталдыру катушкасы төменгі 12В кернеулі токты оталдырудың жанаспалы жүйесінде 16...20кВ дейін, және оталдырудың жанаспалы- транзисторлық және жанасусыз жүйелерінде 20...25кВ дейін жететін жоғарғы кернеу тогына өзгертеді. Оталдырудың жанаспалы жүйесінде 3.9 суретте көрсетілген оталдыру катушкасы қолданылады. Электротехникалық қүрыштың жүқа табақтарынан түратын оталдыру катушкасының өзегінде (7), диаметрі 0,07 мм оқшауланған мыс өткізгіштің айналымдарының көп саны (21 000) бар екінші орам о 3 4 5 7 ралған. Алғашқы орамда (5) диаметрі 0,57 мм оқшауланған мыс өткізгіштің 308 айналымы бар. 3.9 - сурет. Оталдыру катушкасы: 1-кедергі; 2-қақпақ; 3-корпус; 4-май; 5, 6-орамдар; 7-өзек. Алюминий қорытпадан қүйылған корпустың (3) ішкі қуысы оталдыру катушкасының орамдарын салқындатуды және окшаулауды жақсартатын трансформаторлық маймен (4) толтырылған. Катушканың пластмасса қақпақтарында (2) алғашқы және екінші орамдардың шығулары бар. Катушка корпусының сыртында алғашқы ораммен тізбектеле қосылған және қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігіне байланысты орамдағы токты автоматты түрде реттейтін қосымша кедергі (1) орналасқан. Оталдыру катушкасы қозғалтқыш бөлігінің капот астындағы кеңістігінде орналасқан. Ол автомобильдің кузовына болттармен бекітілген. Үқсас қүрылғы оталдырудың басқа жүйелерінде қолданылатын оталдыру катушкаларында бар. Ерекшеліктері орамдық деректерде (алғашқы орамның төменірек кедергісі, екінші орамдағы айналымдардың көп саны және т.б.). Бүдан басқа, қүрастырмада оталдыру катушкасын коммутатор істен шыққан кезде жарылыстан қорғау қарастырылған. Оталдыруды таратушы төменгі кернеудегі ток тізбегінің түйықталуын және ажырауын және қозғалтқыштың цилиндрлерінде жоғарғы кернеулі токтың таралуын қамтамасыз етеді. Оталдырудың жанаспалы жүйесінде оталдырудан озудың сыртқа тепкіш және вакуумдық реттеушілері бар оталдыру таратушыларын қолданады (3.10 - сурет). Ол алюминий қорытпасынан қүйылған бір ортақ корпуста 2 орнатылған үзушіден және таратушыдан түрады. Таратушының корпусында сондай-ақ үзушінің (18) жүдырықшасының жетегінің (1), таратушының роторының (10) және қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігіне байланысты оталдырудан озу бүрышын автоматты түрде өзгертетін сыртқа тепкіш реттеушінің білігі орнатылған. Білік айналған кезде жүдырықша (18) үзушінің жанаспаларын (20) ажыратады. Білікпен бірге ротор (10) және сыртқа тепкіш реттеуші айналады. Орталықтан басталатын реттеушінің жүкшелері (17) - металлкерамикалық, үзушінің жұдырықшасымен (18) байланысқан тірек пластинасындағы (9) осьтерде орнатылған. Оталдыру таратушысының білігінің айналу жиілігі көбейген сайын сыртқа тепкіш күштердің әсерімен жүкшелер бөлініп кетеді, пластинаға (16) тіреледі, серіппелердің (15) кедергісінен өтеді және оталдыруды озу бүрышын өзгертіп, үзушінің жүдырықшасын білікке қатысты айналдырады. Оталдыруды таратушының қақпағы (12) төрт бүйірлік электродтардан (11) және орталық электродтан (13) түрады. Бүйірлік электродтар оталдыру шырақтарымен байланысқан, ал орталық электрод - оталдыру катушкасымен оталдыру жүйесі туындататын радиобөгеуілдерді азайту үшін кедергі бойымен таратылған жоғарғы кернеу өткізгіштерімен байланысқан. Жоғарғы кернеудегі ток орталық электрод арқылы радиобөгеуілдерді басуға арналған кедергіден, орталық және сыртқы жанаспалардан түратын айналатын (10) ротордың электродына (14) келіп түседі. Ротордың электродынан ток қозғалтқыштың жүмыс істеу тәртібіне сәйкес бүйірлік электродтарға (11) жеткізіледі. 3.10 - сурет. Оталдырушының таратушысы: 1-білік; 2-корпус; 3-конденсатор; 4-вакуумдық реттеуші; 5-диафрагма; 6, 12-қақпақтар; 7, 15-серіппелер; 8-тартьім; 9, 16, 19-пластиналар; 10-ротор; 11, 13, 14- электродтар; 17-жукше; 18-жудырықша; 20-жанаспалар Оталдыруды таратушының корпусында конденсатор (3) және вакуумдық реттеуші (4) орнатылған. Конденсатор үзушінің жана- паларын күйіп кетуден қорғайды және оталдыру катушкасының екінші орамындағы жоғарғы кернеудегі токты көбейтеді. Ол үзушінің жанаспаларына параллель қосылған. Вакуумдық реттеуші қозғалтқышқа түсетін жүктемеге немесе карбюратордын дроссельдік жапқыштардың астындағы сиретуге байланысты автоматты түрде оталдыруды озу бүрышын өзгертеді. Диафрагма (5) және қақпақ (6) арасында орналасқан және дроссельдік жапқыштардың корпусымен жалғасқан қуыста қозғалтқышқа жүктеме көбейген кезде, сиретілу көбейеді. Диафрагма, серіппенің (7) кедергісінен өтіп, майысады және тартым (8) арқылы жанаспалары (20) бар жылжымалы пластинаны (19) оталдыруды озу бүрышын өзгерте отырып, үзушінің 3.11 — сурет. Оталдырудың көрсеткіш-таратушысы: 1, 3-электродтар, 2-қақпақ; 4-буранда; 5-ротор; 6-экран; 7-устаушы; 8, 10, 12-пластиналар; 9-туйықтаушы; 11-жукше; 13-корпус; 14-манжета; 15-білік; 16-муфта; 17-төлке; 18-вакуумдық реттеуші; 19-диафрагма; 20-тартым; 21 -көрсеткіш; 22-мойьштірек; 23-тірек жұдырықшасына (18) қатысты айналдырады. Оталдырушыны таратушы қозғалтқыштың сол жақтағы алдыңғы бөлігіне орнатылады, және оның білігі май сорғысының жетегінің білігінен тістегершіктің көмегімен айналдырылады, ал май сорғысы өз кезегінде қозғалтқыштың иінді білігінен тізбекті беріліс арқылы айналдырылады. Үқсас құрылғы жанаспалы-транзисторлық жүйенің оталдыруды таратушысында бар. Оталдырудың жанасусыз жүйесінде оталдырудың көрсеткішін- таратушысын қолданады, ол төменгі кернеудегі басқарушы импульстерді электрондық коммутаторға береді және жоғарғы кернеу импульстерін оталдыру шырақтарына таратады. Көрсеткіш-таратушы - төрт ұшқынды, оталдырудан озу бұрышын вакуумдық және сыртқа тепкіш реттеушілері бар, бірге орнатылған жанасусыз микроэлектрондық көрсеткіші бар (3.11 - сурет). Алюминий қорытпасынан құйылған көрсеткіш-таратушының корпусында (13), түйықтаушы (9) жетегінің, таратушы ротордың (5) және оталдыруды озу бұрышын сыртқа тепкіш реттеушінің білігі (15) орнатылған. Білік май сіңірілген металкерамикалық төлкеде және шар төсенішінде айналады. Төлке (17) көрсеткіш-таратушының корпусына престелген және манжетамен (14) тығыздалған, а шар тірек (23) корпуста (13) бекітілген үстаушыда (7) орнатылған. Үстаушыда сондай-ақ жылжымалы пластинаның (8) мойынтірегі (22) орнатылған, жылжымалы пластинаға жанасусыз микроэлектрондық көрсеткіш (21) бекітілген, ол тұрақты магниттен, жартылай өткізгіштің пластинасынан және интегралдық сұлбадан түрады. Көрсеткіш қуыстық құрастырмаға ие. Қуыстың бір жағында сезімтал элемент орналасқан, ал екінші жағынан - тұрақты магнит орналасқан. Көрсеткіштің қуысында (21) тұйықтаушы (9) - төрт тесігі бар құрыш цилиндрлік экран орналасқан. Тұйықтаушы оталдыруды озу бұрышын сыртқа тепкіш реттеушісінің жүргізілетін пластинасының '(10) төлкесімен қатаң жалғасқан және онымен бірге айналады. Айналу кезінде тұйықтаушы көрсеткіштің сезімтал элементіне әсер ететін магниттік ағынды уақыт өткен сайын жауып түрады, және көрсеткіш импульстерді электрондық коммутаторға береді, ол оларды оталдыру катушкасының алғашқы орамындағы ток импульстеріне өзгертеді. Көрсеткіш-таратушының пластмасса қақпағында (2) орталық электрод (1) және төрт бүйірлік электродтар (3) бар. Орталық электрод оталдыру катушкасымен байланысқан, ал бүйірлік электродтар - оталдыру шырақтарымен байланысқан. Қақпақ көрсеткіш-таратушының корпусына үш бүрандалармен (4) бекітілген. Корпус пен қақпақтың арасында қорғаныс экраны (6) орнатылған. Оталдыруды озу бүрышының сыртқа тепкіш реттеушісінің жетекші пластинасы (12) білікке (15) бекітілген және жүргізілетін пластинамен (10) серіппелермен байланысқан. Осьтердегі жетекші пластинада жүкшелер (11) орнатылған. Түйықтаушымен (9) байланысқан жүргізілетін пластина онымен бірге (15) аздаған шектерде айнала алады. Сыртқа тепкіш реттеушінің жүмысы кезінде жүргізілетін пластина түйықтаушыны көрсеткішке қатысты айналдырады және қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігіне байланысты оталдыруды озу бүрышын автоматты түрде өзгертеді. Көрсеткіш-таратушының корпусында оталдыруды озу бүрышының вакуумдық реттеушісі (18) бекітілген. Оның диафрагмасы (19) тартым (20) арқылы көрсеткіш (21) орнатылған жылжымалы пластинамен (8) шарнирлі түрде байланысқан. Вакуумдық реттеуші жүмыс істеген кезде көрсеткіш жылжымалы пластинамер бірге тұйықтаушыға (9) қатысты айнлады. Бүл кезде қозғалтқышқа түсетіін жүктемеге немесе карбюратордың дроссельдік жапқыштарының астындағы сиретуге байланысты оталдыруды озу бүрышы автоматты түрде өзгереді. Оталдырудың көрсеткіш-таратушысы қозғалтқыштың артқы бөлігінде горизонтальды түрде орнатылады. Оның білігі шығыңқы бөлігі таратушы біліктің соңындағы ойыққа кіретін муфта 16 арқылы таратушы біліктен айналады. Оталдырудың жанаспалы-транзисторлыц жүйесінің ком- мутаторы үзушінің жанаспаларын ажырату кезінде төменгі кернеудегі ток тізбегін өшіруге арналған. Транзисторлық ком- мутатордың (3.12 - сурет) жақсырақ салқындатылуы үшін қабырғалармен жабдықталған, алюминий қорытпасынан қүйылған корпусы (1) бар. Транзистор (4) арнайы қүдықта (5) орналасқан, ал қалған элементтер - коммутатор корпусының ішінде орналасқан. Электролиттік конденсатор (6) және импульстік трансформатор (3) бөлек орналасқан. Қалған элементтер компаундтық массамен қүйылған және жылубүрушымен (8) жабдықталған ортақ блокқа (2) біріктірілген. Төмен жағынан коммутатор метал түппен (7) жабылған, ол корпусқа тойтармамен бекітілген. 3.12 — сурет. Трсшзисторлъщ коммутатор: 1-корпус; 2-блок; 3-трансформатор; 4-транзистор; 5-қудьщ; 6-конденсатор; 7-тубі; 8-жылубуруиіы Оталдырудың жанасусыз жуйесіндегі коммутатор жанасусыз микроэлектронды көрсеткіштің басқарушы импульстерін оталдыру катушкасының алғашқы орамындағы ток импульстеріне өзгертеді. Жүйелерде электрондық коммутаторды қолданады. Жанасусыз көрсеткіштен оң импульс өткен кезде кернеу барынша көп мәнге жеткен кезде, коммутатордың шығушы транзисторы ашылады, және оталдыру катушкасының алғашқы орамының бойымен ток өтеді. Көрсеткіштің шығуындағы кернеу ең аз деңгейге дейін азаған кезде, оталдыру катушкасының алғашқы орамындағы тізбекті ажыратып, коммутатордың шығушы транзисторы жабылады, және оның екінші орамында жоғарғы кернеулі импульс индукцияланады. Оталдыру шырагы (3.13 - сурет) қозғалтқыш цилиндрінде электрлік үшқынды алуды қамтамасыз етеді.Оталдырудың жанаспалы жүйесінде бөлінбейтін шырақтар қолданылады. ио Құрыш корпуста (5) ішіне жанаспалы стержень (1) және орталық электрод (9) орналасқан керамикалық (хилуминнен жасалған) оқшаулаушы (2) болып табылатын өзек жаншып салынған. Жанаспалы стержень оқшаулаушыға оқшаулаушы арқылы газдың өтіп кетуін болдырмайтын ток өткізгіш әйнекгерметикпен (4) құйылған. Стерженнің жоғарғы ұшындағы оймаға жоғарғы кернеу өткізгішінің саптамасын жалғастыру үшін жанаспалы төлке бұралып салынады. Шырақтың корпусының жоғарғы жағында кілтке арналған алты бұрыш (3) бар, ал төменгі жағында - шырақ цилиндр блогының басына бекітілетін сыртқы ойма бар. Корпусқа бүйірлік электрод (10) жалғасқан. Жұмсақ темірден жасалған тығыздаушы сақина (7) шырақ корпусының оймасы арқылы қозғалтқыш цилиндрінен газдың ағып кетуін болдырмайды. Корпус пен оқшаулаушының арасындағы қуысты герметикаландыратын мыс шайба (6), жылу конусының (юбканың) температурасын 500...600°С шегінде ұстай тұрып, оқшаулаушыдан корпусқа жылуды бұрып әкетеді, бұл қоз- ғалтқыштың қалыпты жұмысы үшін қажет. - сурет. Оталдыру шырагы: 1-стержень; 2-оқшаулаушы; 3-алтыбурыш; 4-өйнекгерметик; 5- корпус; 6-шайба; 7-сақина; 8-ойма; 10-электродтар Оталдыру шырақтары белгіленеді, мысалы А17ДВ. Белгілеу- дегі әріптер мен саңдар білдіреді: А - оймасы М14х1,25; 17 - қыздырғыш саны; Д - ойманың ұзындығы 19 мм-ге тең; В - оқшаулаушының төменгі жағы корпустан шығыңқы. Қозғалтқышты оталдырудың жанаспалы-транзисторлық және жанасусыз жүйелерінде бөлінбейтін шырақтарды қолданады. Олар оқшаулаушының формасымен, бүйірлік электродтың көбейтілген қалыңдығымен және корпустың корррозияға қарсы жабындысының болуымен ерекшеленеді. Мүның барлығы жоғары кернеу кезінде олардың жүмыс істеу сенімділігін жоғарылатады және үзаққа шыдамдылығын көбейтеді. Оталдыру шырақтары мен катушкасы оталдыруды тара- тушымен жоғарғы кернеу өткізгіштерімен жалғастырылған. Бүл өткізгіштердің жүмыс кезінде оталдыру жүйесі туындататын радиобөгеуілдерді азайту үшін бойымен таратылған кедергілері бар. Бүдан басқа, оталдыру жүйесінің жоғарғы кернеулі өткіз- гіштері оталдыру шырақтарының саптамаларында бөгеуілдерді басушы кедергілерге ие. Жарықтандыру жүйесі автомобильдің нашар көру жағдайында (түнде, түманда және т.б.) жүмыс істеуін қамтамасыз етеді. Оның қүрамына сыртқы және ішкі жарықтандыру кіреді. Жарықтандыру жүйесіне фаралар, алдыңғы және артқы фонарлар, нөмір белгісін жарықтандыру фонарлары, салонды жарықтандыру плафондары, аспаптар комбинациясын және қозғалтқы бөлімін жарықтандыру шамшырақтары, қорғаушылар және өшіргіштер кіреді. Фаралар нашар көру жағдайында автомобильдің алдындағы жолдарды жарықтандырады. Автомобильдерде жарықтандырудың екіфаралық жүйесі қолданылады. 3.14 суретте көрсетілген фара - дөңгелек. Фараның корпусында (5) оптикалық элементтің (1) серіппелері (8) бар үстаушы (6) орнатылған. Сәуле шағылдырушыдан , шашыратушыдан (2), шамшырақтан (9) және экраннан (10) түратын фараның оптикалық элементі үстаушыға бүрандалардың (11) 'көмегімен шеңбермен (3) бекітіледі. Фараның шамшырағы - екіжіпті, қуаттылығы алыс жарық үшін 45 Вт және жақын жарық үшін 40 Вт. Шамшырақтың алдын орнатылған экран (10), тікелей жарықты шамшырақтың жіптерінен бөгейді және жақын жарықтың шоғырының жоғарғы анық шекарасын жасайды. Бүл автомобильдің алдындағы жолдың жақсы жарықтануын қамтамасыз етеді және қарама-қарсы келе жатқан көлік құралдарының жүргізушілерінің көрмей қалу мүмкіндігін азайтады. (4) және (12) бүрандалар үстаушының (6) орналасуын өзгертуге мүмкіндік береді, онымен бірге оптикалық элементтің (1) орналасуын фара жарығын реттеу кезінде вертикаль және горизонталь жазықтықтарда өзгертуге мүмаіндік береді. Бұрандалар олардың өздігінен бүралып кетуіне кедергі жасайтын пластмасса гайкаларға бүралады. Гайкалар фараның корпусына бекітілген. Б лок-фара (3.15 а сурет) - тікбүрышты, ол фараны, бүрылыстың бүйірлік сілтемесін және габариттік фонарды біріктіреді. Блок- фараньщ пластмасса корпусы бар, оған алдыңғы жағынан әйнек сиретуші 1 жапсырылған. а б - сурет. Фара: 1-оптикалыц элемент; 2-сиретуші; 3-шеңбер; 4, 11, 12-бурандалар; 5-корпус; б-устаушы; 7-сәуле шагылдыргыш; 8-серіппе; 9-шамшырац; 10-экран Корпус арт жағынан тығыздаушысы (7) бар алынбалы пластмасса қаптамамен (6) жабылған. Мүның барлығы блок-фараның ішіне шаң мен ылғалдың кіруін болдырмайды. Корпуста фара шамшырағы (5) және габариттік жарық шамшырағы (8) бар рефлектор орнатылған. Блок-фараның сырт жағынан оның сиретушісінің астында (1) пластмасса қызғылт-сары сиретуші және бүрылманың бүйірлік сілтеушісінің шамшырағы (3) орналасқан. С и иретуші (1) жоғары мөлдірліктегі гүссіз әйнектен жасалған. Оның сыртқы беті тегіс, ал ішкі беті жарықты горизонталь бағытта тарататын призмалардың күрделі жүйесінен түрады. - сурет. Блок-фара (а) жөне фараньің гидрокорректоры (б): 1-сиретуші; 2-корпус; 3, 5, 8-шамшырацтар; 4-уя; 6-қаптама; 7-тыгыздаушы; 9-рефлектор; 12-цилиндрлер; 11-тутікше; 13-тутқа Фараның рефлекторы - құрыштан жасалған, тікбұрышты. Оған арт жағында фараның шамшырағы (5) қойылған. Шамшырақ - галогендік, йод булары мен инертті газдармен толтырылған. Оның жарық беруі және ұзаққа шыдамдылығы әдеттегі шамшыраққа қарағанда (2) есеге артық. Бүдан басқа, шамшырақтың жарық беруі пайдалану барысында азаймайды, өйткені ондағы жіптердің вольфрамы ішкі қабырғаларда түнбайды және шамшырақ қарайып кетпейді. Шамшырақтың (5) екі жібі бар: алыс жарыққа арналған қуатталығы 60 Вт және жақын жарыққа арналған қуаттылығы 55 Вт. Алыс жарық жібі рефлектордың фокусында орналасқан, ал жақын жарықтың жібі - оның алдында орналасқан және жарықтың жоғарыға таралуын шектейтін арнайы метал экранмен төмен жағынан жартылай жабылған. Қуаттылығы 4 Вт шамшырақ (8) автомобильдің габаритін көрсетуге арналған, ал қуаттылығы 21 Вт шамшырақ - автомобильдің маневрі туралы сигнал беруге арналған. Блок-фараның корпусында фараның гидрокорректорының саптамасын жалғастыруға арналған арнайы үя (4) бар. Гидрокорректор (3.15 б сурет) автомобильге түсетін жүктемеге байланысты фара жарығының қисаю бүрышын өзгертуге мүмкіндік береді. Ол бас цилиндрден (12), жүмысшы цилиндрлерден (10) және төмен температураларда қатпайтын арнайы сүйықтық толтырылған жалғастырушы түтікшелерден (11) түрады. Гидрокорректор аспаптар панелінде орналасқан түтқамен (13) басқарылады. Сүйықтық қысымының әсерінен фараның жарық шоғырлары фараның рефлекторының (9) орын ауысу нәтижесінде қажетті орынға орнатылады. Автомобильдегі фараның жарығын блок-фараның корпусының артқы жағында орналасқан екі арнайы бүрандалардың айналуымен реттейді. Бүрандалар рефлекторды горизонталь және вертикаль жазықтықтарда бүрады. Артқы фонарлар атомобильдің габариттерін белгілеу үшін, бүрылу, тежеу және артқа жүрген кезде жолды жарықтандыру және дабыл үшін қызмет етеді. Жеңіл автомобильдерде әдетте тікбүрышты артқы фонарлар орнатылады. Артқы фонарь (3.16 - сурет) - төрт секциялы. Мырыш қорытпасынан қүйылған корпуста (1) төрт біржіпті шамшырақтар бар. Үш шамшырақтың қуаттылығы 21 Вт, ал шамшырақтың қуаттылығы - 5 Вт. Алғашқы үшеуі стоп- сигналдың, бүрылудың сілтемесінің және артқы жүріс жарығының шамшырақтары, ал соңғысы - габариттік жарықтың шамшырағы болып табылады. Фонардың корпусы сиретушімен (5) жабылған. Сиретуші - пластмасса, монолиттік, көпсекциялы, үш түсті. Ол корпуста резіңке төсемеге (4) орнатылған. Сиретушінің сыртқы бөлігі (7) қызғылт-сары түсті автомобильдің маневрі кезінде дабыл беруге арналған. Орталық секция (6) - түссіз, артқа қарай жүрген кезде қозғалыс туралы дабыл береді. Сиретушінің қалған секциялары қызыл түсті және тежеу кезінде дабыл беру үшін және автомобильдің габаритін белгілеуге арналған. Дабыл жүйесі автомобильдің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жүйенің қүрамына жарықтық және дыбыстық дабыл кіреді. Жаръщтъщ дабылга алдыңғы, артқы, бүйірлік бүрылыс сілтемелері және олардың ауыстырып қосушылары, және де тежеу (стоп-сигнал), артқы жүріс дабылдары және олардың өшіргіштері жатады. Бүрылыстың алдыңғы сілтемелері алдыңғы фонарларда немесе автомобильдің блок-фараларында орналасқан. Бүрылудың артқы сілтемелері, тежеу жөне артқы жүріс сигналдары автомобильдің артқы фонарында орналасқан. Бүрылыстың бүйірлік сілтемелері автомобиль кузовының алдыңғы қанатында орналасқан. Бүрылудың бүйірлік сілтемелері пластмасса корпустан, қызғылт-сары түсті пластмасса сиретушіден және қуаттылығы 4 Вт шамшырақтан түрады. Шамшырақ сілтеменің корпусының ішінде орналасқан, ал сиретуші корпусқа жапсырылған. 5 - сурет. Артқы фонаръ: 1-корпус; 2, 3-шамшырақтар; 4-төсеме; 5-сиретуші; 6-орталық секция; 7-сиретушінің сыртқы бөлігі Дыбыстық дабылга қажет кезінде жаяу жүргіншілерді және көлік қүралдарының жүргізушілерін автомобильдің бар екендігі туралы хабардар ететін дыбыстық сигналдар жатады. Авто- мобильдерде тоналдық немесе шуылдық типтегі электрлік вибрациялық дыбыстық сигналдар қолданылады. Олар кузов корпусының алдыңғы бөлігіндегі алдыңғы панельдегі крон- штейндерге бекітілетін қозғалтқыштың бөлігінде орналасқан. Жеңіл автомобильдерде әдетте екі дыбыстық сигналдарды қолданады: біреуі жоғарғы тонда, екіншісі төменгі тонда. Сигналдар гармониялық аккордқа икемделген және біруақытта әрекет жасайды. Сигналдың орамынан (8) өтетін ток (3.17 - сурет) өзекті (7) магниттейді, ол якорды (9) тартады және корпус (6) пен сақинаның арасына бекітілген серпімді құрыш мембрананың (1) майысуын туындатады. Бүл кезде якорь серпімді пластинаға (5) әсер етеді және жанаспаларды (2) ажыратады. Орамдағы (8) ток үзіледі, және өзек (7) кері магниттеледі. Мембрана (1) бастапқы жағдайға қайта оралады және жанаспалар ажыратылады. Сигналдың жұмысы жанаспа вибрацияларының 400...500 Гц жиілігімен қайталанады - сурет. Дыбыстыц сигнал: 1-мембрана; 2-жанаспалар; 3-диффузор; 4-сацина; 5-пластина; 6-корпус; 7-өзек; 8-орам; 9-якоръ Мембрана туындатқан ауаның тербелістері дыбысты туындатады, ал диффузор (3) (резонатор) оның әуенді дыбысталуын қамтамасыз етеді. Дыбыстың сөйкес тоны мен тембрі мембрананың қалыңдығы мен диаметріне, және де резонатордың диаметріне байланысты. Жоғарғы тондық сигналда мембрана төменгі тондағы сигналға қарағанда жіңішкерек. Екі дыбыстық сигналда да рупор жоқ және шуылдық түрдегі дыбыстық сигналдар болып табылады. Жеңіл автомобильдерде резонатор ролін атқаратын рупоры бар бір дыбыстық сигнал орнатады. Бүл сигнал тоналдық түрдегі сигнал. Сигналдың белгілі тонын мембрананың қалыңдығы және рупордың конфигурациясы қамтамасыз етеді. Дыбыстық сигналдың корпусында реттеуші бүранда бар, ол сигналдың дыбысталу күшін және жиілігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бақылау-өлшеу аспаптары автомобильдің жекелеген жүйелері мен механизмдерінің жағдайы мен әрекеттерін бақылауға арналған. Бақылау-өлшеу аспаптарының құрамына отын багындағы отын деңгейінің көрсеткіштері, салқындату жүйесіндегі салқындатушы сүйықтықтың температурасының, және қозғалтқыштың майлаушы жүйесіндегі майдың қысымының көрсеткіштері кіреді. Бұдан басқа, бірқатар бақылау шамшырақтары бар: отын резерві, май қысымы, аккумуляторлық батарея заряды, карбюратордың ауа жапқышы, сыртқы жарықтандыру, бүрылыс сілтемелері, фараның алыс жарығы, тарату қорабының дифференциалын бүғаттау, тежеу сүйықтығының деңгейі, түрақтағы тежегіш, артқы әйнектің жылытылуы, артқы түманға қарсы жарық, апаттық дабылдау. Бақылау-өлшеу аспаптарына сондай-ақ вольтметр, спидометр, электрондық тахометр және эконометр жатады. Қозғалтқыш жүмыс істемей түрған кезде вольтметр аккумуляторлық батареяның кернеуін көрсетеді, ал қозғалтқыш жүмыс істеп түрған кезде - генератордың кернеуін көрсетеді. Спидометр автомобильдің қозғалыс жылдамдығын және өтілген жолды (тәуліктік және пайдалануды бастаған кезден бастап жалпы) көрсетеді. Ол арнайы жетектен иілгіш білікпен әрекетке қосылады. Тахометр қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігін бақылайды. Эконометр (вакуумметр) қозғалтқыштың кіргізуші қүбырындағы сейілуді өлшейді және отын шығын барынша аз болатын автомобиль қозғалысының үнемді жүмыс режимін таңдауға мүмкіндік береді. Оның механикалық жетегі бар. Бақылау-өлшеу аспаптары және бақылау шамшырақтары жеңіл автомобильдерде кейде аспаптар қалқанында орналасады. Жеңіл автомобильдерде әдетте барлық бақылау-өлшеу аспаптары бақылау шамшырақтарымен бірге бір түйінге - аспаптар панеліндегі орнатылған аспаптардың комбинациясына біріктірілген. |