Главная страница
Навигация по странице:

  • 4.І.З.І. Атқаратын қызметі және берілістер қорабының негізгі түрлері

  • Автомобиль Суеубаев. Ж. С. Суеубаев


    Скачать 1.73 Mb.
    НазваниеЖ. С. Суеубаев
    Дата11.09.2022
    Размер1.73 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАвтомобиль Суеубаев.docx
    ТипДокументы
    #671080
    страница9 из 16
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
    Ілініс

    Ілініс двигательді трансмиссиядан қысқа уақытқа ажыратуға және автомобиль орнынан қозғалған кезде және қозғалыс кезінде берілістерді ауыстырып қосқаннан кейін оларды бірқалыпты жалғастыруға арналған.

    Ілініс келесі талаптарға жауап берулері тиіс: өшудің тазалығын (двигательдің трансмиссиядан толығымен ажыратылуы) қамтамасыз ету және үлкен динамикалық жүктемелер мен автомобильдің “үмтылысын” туындатпай бірқалыпты қосылу; жетекші және жүргізілетін бөлшектердің түрып қалуы есебінен трансмиссияға барынша көп динамикалық жүктемелерді шектеу; түрып қалу кезінде бөлінетін жылуды жақсы бүруды қамтамасыз ету; пайдалануы барысында сенімді болу.

    Іліністерді жүмыс істеу принципі бойынша үйкелістік, гидравликалық және электромагниттік деп жіктейді. Үйкелістік іліністе айналдырушы сәтті жетекші бөліктен жүргізілетін бөлікке беру үйкеліс күштерінің есебінен жүргізіледі, гидравликалықта (гидромуфталар) - сүйықтық ағыны есебінен, электромагниттікте - магнит ерісінің көмегімен жүргізіледі.

    Үйкелістік ілініс жетекші және жүргізілетін бөлшектерден (1.63 - сурет), өшіру механизмінен және жетектен түрады. Жетекші бөлшекке сермер (3), іліністің қаптамасы (1) және басушы диск (2) жатады; жүргізілетін бөлшекке - берілістер қорабының жетекші білігіндегі шлицтеріне орнатылған үйкелістік жапсырмалары (5) бар жүргізілетін диск (4) жатады. Жүргізілетін дискті сермерге және басушы дискке тығыз жапсыру үшін және олардың арасында қажетті үйкеліс сәтін жасау үшін басушы серіппелер 6 қолданылады. Өшіру механизмі қаптамаға және басушы дискте шарнирлі түрде бекітілген иінтіректерден (7), сығушы мойынтірегі бар өшіру муфтасынан (8), өшіру айырынан (9), тартымнан (12), педальдан (10) және тартушы серіппеден (11) түрады.

    Егер педаль (10) басылмаған болса, онда ілініс қосылған, бүл кезде жүрпзілетін диск сермер мен басушы дисктің арасында қысылған. Айналдырушы сәт двигательдің иінді білігінен іліністің жетекші және жүргізілетін бөлшектерінің түрып қалуынсыз берілістер қорабының жетекші білігіне беріледі, өйткені жанасатын беттердің арасындағы үйкеліс сәті ілініс беретін айналдырушы сәттен асып түседі. Іліністі өшіру үшін басушы дискті, сермер мен жүргізілетін дисктің арасында, және де жүргізілетін және басушы дисктің арасында саңылаулар түзілетіндей етіп бүру керек. Педальды

    1. басып, тартым (12) және айыр (9) арқылы өшіру муфтасын (8) жылжытадьт, ол иінтіректердің (7) көмегімен серіппелердің күшінен өтіп басушы дискті (2) бүрады.

    Таза өшу кезінде дисктің әрбір жағындағы саңылаулар 0,7...1,0 мм құрайды, ал басушы дисктің жылжуы 1,4...2,0 мм қүрайды. Өшіру механизмінің және жетектің берілу санын ескеріп, басушы дисктің көрсетілген жылжуы, жүмысшы жүріс деп аталатын педальдің 70...130 мм жүрісіне сәйкес келеді. Педальдің толық жүрісі көбірек (100... 180 мм) және жүмысшыдан басқа, басты түрде иінтіректердің (7) үштарының және өшіру муфтасының (8) мойынтіректерінің

    арасындағы (а) саңылауымен анықталатын еркін жүрістен түрады. Саңылаудың болуы іліністі толығымен өшіру үшін қажет.

    Іліністің ең қиын жүмыс режимі автомобильдің орнынан қозғалған кезінде туындайды. Іліністі өшіріп және қорапта таңдалған берілісті орнатып, педальды бірқалыпты жібере бастайды. Саңылаулар таңдалған кезде жанасатын беттердің арасында үйкеліс күштері туындайды, бірақ сермердің (басушы дисктің) және қозғалмайтын жүргізілетін дисктің айналу жылдамдығының айырмашылықтары сондай үлкен, бүл беттердің сырғуына алып келеді. Жылуды қарқынды бөлетін және тозуды болдыратын түрып қалу процесі басталады. Ілініс беретін айналдырушы сәт біртіндеп көбейеді; жүргізілетін диск, трансмиссия біліктері, жетекші дөңгелектер айнала бастайды, автомобиль орнынан қозғалады. Сермер мен жүргізілетін дисктің айналу жылдамдықтары теңелген кезде, іліністің түрып қалу процесі тоқтайды.

    А
    45 6 7 в з 10 I)



    4.9 - сурет. Үйкелістік іліністіц сулбасы

    втомобильдерде үйкелістік іліністер кеңінен таралған, олар жүргізілетін дисктердің санына байланысты бір- немесе екідискті деп бөлінеді, ал басушы күштің жасалу әдісі бойынша - серіппелі, сыртқа тепкіш және т.б.; жетектің түріне байланысты механикалық немесе гидравликалық жетектері бар тіркесулер деп бөледі.

    Гидравликалық ілініс (гидромуфта) сорғылық дөңгелектен (4) (4.9 - сурет), турбиналық дөңгелектен (2), қақпақтан (3) түрады. Гидромуфтаның ішкі қуысы маймен толтырылған. Сорғылық және турбиналық дөңгелектердің ішінде жалпақ радиалдық қалақшалар орналасқан. Айналдырушы сәт сорғылық дөңгелекке (4) жетекші біліктің (1) көмегімен жеткізіледі. Қалақшалардың арасындағы май, айналған кезде сорғылық дөңгелектердің шет жақтарына тасталынады, содан кейін турбиналық дөңгелектің қалақшаларына келіп түседі. Бүл кезде сүйықтық жинаған энергия сорғылық дөңгелектің қалақшаларынан турбиналық дөңгелектрдің қалақ- шаларына беріледі. Гидромуфтадағы май екі қозғалысқа қатысады: ауыспалы, бүл кезде ол сорғылық және турбиналық дөңгелектермен бірге айналады, және салыстырмалы, 4.9 суретте тілдермен көрсетілген. Айналдырушы сәттің жетекшіден (1) жүргізілетін білікке (5) және одан ары қарай трансмиссия агрегаттарына берілуі осылайша іске асады.

    Гидромуфтаны өшіру үшін одан майды сорып алу керек, қосу үшін - арнайы сорғылар мен клапандардың көмегімен маймен толтыру керек.




    4.10 - сурет. Гидравликалық іліністің сулбасы




    Г


    4.11 - сурет. ЗИЛ-ІЗО автомобшьінің ілінісі а-узына бойгы кесінді; б-жургізілетін диск


    идромуфта автомобильдің орнынан бірқалыпты қозғалуын қамтамасыз етеді. Автомобиль тоқтап түрғанда, сорғылық дөңгелек қозғалтқыштан айналады, ал турбиналық дөңгелек қозғалыссыз. Отын беру педаліне басқан кезде сорғылық дөңгелектің айналу жиілігі көбейеді, турбиналық дөңгелекті айналдыратын май ағынының энергиясы көбейеді. Гидромуфта беретін айналдырушы сәттің біркелкі көбеюі автомобильдің бірқалыпты орнынан қозғалуын қамтамасыз етеді.

    Мысал ретінде ЗИЛ-ІЗО автомобилінің бірдискті үйкелістік іліністі (4.11 - сурет) қарастырайық. Іліністің қаптамасы (3) қозғалтқыштың сермеріне (1) болттармен бекітіледі. Қаптама мен басушы дисктің (2) арасында арнайы шығыңқы жерлерге орнатылған және дисктен жылуоқшаулаушы шайбалармен оқшауланған он алты басушы серіппелер (5) шеңбер бойымен орналасқан. Айналдырушы сәт қаптамадан басушы дискке іліністі қосқан және өшірген кезде дисктің жылжуына мүмкіндік беретін серіппелі пластиналардың (4) төрт жүбымен беріледі. Өшірудің төрт иінтіректері (9) айырлармен

    1. және басушы дисктегі шығыңқы жерлермен инелі

    м
    і г з ч .5 в



    ойынтіректердің көмегімен жалғанған. Айналмайтын муфтадан айналатын иінтіректерге күшті беру үшін шарикті тіреулік мойынтірек (7) қолданылған. Муфтаның жылжуы ілініс картеріндегі (10) төлкеге орнатылған айырмен (8) жүргізіледі.

    1. - сурет. МАЗ-5335 автомобилъінің ілінісі: 1-сермердің картері; 2-сермер; 3-сыгушы серіппе; 4-соташъщ; 5-кесінді сақина; 6-тіреулік тақтайша;7-тартушы иінтірек;

    8-тартушы иінтіректің айыры; 9-реттеуші гайка; 10-тіреулік пластина; 11-мойынтірегі бар іліністі өшіру муфтасы; 12-майлау материалын беру ииіангы; 13-іліністі өшіру айыры; 14-тартушы иінтіректердің тіреулік сақинасы; 15-іліністі өшірудің айырының білікшесі; 16-иінтірек; 17-іліністің қаптамасы; 18-басушы серіппе;

    19-жылуоқшаулаушы шайба; 20-басушы диск; 21-артқьі
    жургізілетін диск; 22-ортаңгы жетекші диск;


    23-алдыңгы жүргізілетін диск







    1. - сурет. ЗИЛ-ІЗО автомобшъінің ілінісін өшіру







    1. - сурет. Іліністің гидравликалыц жетегінің сулбасы

    Жүргізілетін диск тойтарылған үйкелістік жапсырмалары бар жүқа қүрыш дисктен (6), берілістер қорабының жетекші білігінің (17) шлицтерінде орнатылған күпшектен (13), және дисктерді қосатын бүрау тербелістерін серіппелі-үйкелістік өшірушіден, серіппеден (15) және қатырмадан (16) түрады. Күпшектің фланецтеріне тойтарылған дисктер (12), дискте (6) орналасқан қатырмаларға (16) жапсырылған. Дисктің (6) және күпшектің (13) салыстырмалы жылжуын (6), (12) дисктердің біріктірілген терезелерінде және фланецтерде орнатыл- ған алдын ала сығылған сегіз серіппелер (15) қамтамасыз етеді.

    Өшірушінің қойылымы келесімен түсіндіріледі. Қозғалтқыш- трансмиссия-автомобиль тербеліс жүйесінде бүраушы тербелістердің меншік жиіліктері бар. Бүл жиіліктер двигательдің айналдырушы сөтінің белгілі толқитьш гармоникаларымен сай келген жағдайда тербелістер амплитудасы және сөйкесінше бөлшектердегі кернеу шекті мәндерге жететін резонанс қүбылысы туындайды. Өшірушіні орнату кезінде резонанстық тербелістер туындаған жағдайларда диск (6) жәнге күпшек (13) бір біріне қатысты тербеледі, бірақ тербеліс амплитудасы шектелген, өйткені дисктердің (12) қатырмаларға (16) үйкелісі кезінде бүрайтын тербелістердің энергиясы сейіледі.

    1. суретте МАЗ-5335 автомобилінің екідискті үйкелістік ілінісі көрсетілген.

    Іліністің механикалық жетегі әдетте жүргізуші кабинасын двигательге жақын орналастырған кезде қолданылады. Іліністі өшірген кезде және педальді (1) басқан кезде (4.13 - сурет) үстіне иінтірек (6) орнатылган білік бүрылады, бұл тартымның (5) жылжуына жөне асылғыны өшіру айырының иінтірегінің (3) бүрылуына алып келеді. Тартымға (5) кигізілген серіппе иінтіректі (3) гайкаға қысады. Ілініс қосылған кезде серіппе (2) педальді бастапқы жағдайға қайтарады.

    Пайдалану кезінде жүргізілетін дисктің үйкелістік жап- сырмалары (4.12 - сурет) тозған сайын (а) саңылауы азаяды. Бүл педальдің еркін жүрісінің азаюына алып келеді. Еркін жүрісті реттеу таргымның (5) ұзындығын гайканың (4) көмегімен өзгертумен жасалады, бүл иінтірек үштарының және муфтаның тіреулік мойынтірегінің арасындағы қашықтықтың өзгеруіне алып келеді.

    Іліністің гидравликалық жетегінде күшті педальдан (1) (4.14 - сурет) іліністі өшіру айырына (8) беру сүйықтықтың көмегімен жүргізіледі. Педаль (1) басты цилиндрдегі (3) поршенді жылжытады және сүйықтықты жүмысшы цилиндрге (5) қүбыр (4) арқылы қысып шығаратын соташыққа (2) әсер етеді. Жұмысшы цилиндрдің поршені айырдың (8) көмегімен өшіру муфтасын (9) жылжытатын соташықты ысырады. Ілініс қосылған кезде серігіпе (7) жүйені бастапқы жағдайға қайтарады.

    Гидравликалық жетектің механикалықпен салыстырғанда пайдалы әсер коэффициенті көбірек.

    Іліністі басқаруды жеңілдету үшін жетекте механикалық, пневматикалық немесе вакуумдық күшейткіштер орнатылады.

    4.І.З.І. Атқаратын қызметі және берілістер қорабының негізгі түрлері

    Берілістер қорабы жетекші дөңгелектерде тартым күшін, автомобиль жылдамдығын және қозғалыс бағытын өзгертуге, және де қозғалтқыштың иінді білігін жетекші дөңгелектерден үзақ уақыт ажыратуга арналган. Тартым күші мен жылдамдықты өзгерту берілістер қорабының берілуші санын көбейту немесе азайту жолымен қамтамасыз етіледі, ол оның жетекші және жүргізілетін біліктерінің айналу жиіліктерінің қатынасы болып табылады. Берілуші санның өзгеру сипаты берілістер қорабын сатылы, сатысыз және қүралған деп бөлуге мүмкіндік береді.

    Сатылы берілістер қорабына келесі талаптар қойылады: жогарғы ПӘК, автомобильдің тартымдық, жылдамдықтық және отын-үнемділік қасиеттерін оңтайлы іске асыру, басқарудың жеңілдігі, жүмыстың шуылсыздығы, жоғары сенімділік. Авто- мобильдерде төрт- және бессатылы берілістер қорабы кеңінен таралган. Жүккөтергіштігі үлкен жүк автомобильдерінде берілістер саны 8..10 және одан көп. Бүған қосымша берілістер қорабын орнатудың есебінен қол жеткізіледі. Берілістер саны көбейген кезде автомобильдің тартымдық және жылдамдықтық қасиеттері жақсарады, отын шығыны азаяды, бірақ бүл кезде берілістер қорабының және басқару механизмінің қүрылымы күрделенеді.

    Сатылы механикалық берілістер қорабының сүлбасы 4.15 суретте келтірілген. Үшбілікті қораптың картерінде 1 мойын- тіректерде үш біліктер орнатылған: жетекші I, жүргізілетін II және аралық III. Жетекші біліктің сол жақ тіреуінің мойынтіректері сермердің (4.15 - сурет) ішінде орналасқан, жетекші жөне

    жүргізілетін біліктер өсте орналасқан. Аралық және жүргізілетін біліктерде тісті дөңгелектер орналасқан, жетекші білік тісті дөңгелекпен біртүтас ретінде дайындалған.

    Берілістер қорабында цилиндрлік тікетісті және қисықтісті тісті дөңгелектер оранатады; тіркесудегі тісті дөңгелектердің екеуінің кішірегін тістегершік деп, үлкенірегін - дөңгелек деп атайды. Жүргізілетін біліктің тісті дөңгелектері (4), (5), еркін орнатылған, ал

    дөңгелек (6) - шлицтерге орнатылған және біліктің бойымен жылжи алады. Тісті дөңгелектер мен аралық біліктің тістегершіктері оған бекітілген. Тісті дқңгелектердің (2), (13), (12), (4) және (11), (5) жүптары қисықтісті болып табылады және тұрақты тіркесуде болады; тісті дөңгелектердің (6) және (7) түзу тістері бар. 4.15 суретте осьте

    1. о
      г з ч і е



      рналасқан артқы жүрістің түзутісті тістегершіктерінің (9), (10) блогы шартты түрде көрсетілген. Берілістер ауыстырып қосу жүргізілетін біліктің шлицтерінде орнатылған тісті муфтаның (синхронизатордың) (3), дөңгелек-каретканың (6), және де артқы жүрістің тістегершіктер блогын жылжытудың көмегімен іске асырылады. Қорапты басқару, тісті дөңгелектердің тек бір ғана комбинациясы іске қосылған бола алатындай етіп жасалған. Осы мақсатта екі берілістердің бір уақытта іске қосылуын болдырмау үшін бүғаттаушы қүрылғыларды (қүлыптарды) және берілістердің өзі іске қосылуын (өшуін) жою үшін бекіткіштерді орнатады.

    1. - сурет. Төртсатылы берілістер цорабының сулбасы

    Сүлбада (4.15 - сурет) бейтарап жағдай көрсетілген: алғашқы I, аралық III біліктер және тісті дөңгелектер айналады; жүргізілетін білік II қозғалыссыз.

    Дөңгелек-кареткалар (6) жүргізілетін біліктің шлицтерінің бойымен оң жаққа тістегершікпен (7) қосылғанға дейін жьілжуынан бірніші берілісті іске қосу жүргізіледі. Бүл кезде айналдырушы сәт түрақты тіркесудің тісті дөңгелектерімен (2), (13) жетекшіден аралық білікке беріледі, одан кейін (6), (7) тісті дөңгелектермен - жүргізілетін білікке беріледі. Тістердің санын (т.) арқылы белгілеп,

    бірінші беріліс қосылып тұрған кездегі берілуші санға арналған амалды жазамыз: =£п.£і

    Екінші берілісті :г -? дөңгелек-каретканы сол жаққа дөңгелектің (6) ішкі тістерінің дөңгелекпен (5) біртұтас ретінде жасалған тісті қатармен қосылғанға дейін жылжуымен іске қосады. Айналдырушы сәттің аралықтан жүргізілетін білкке берілуін тісті дөңгелектер (11), (5) жүргізеді; екінші и =Еі±.£±_ берілістің

    берілуші саны :г -п

    Үшінші берілісті іске қосудың алдында, дөңгелекті (6) тіркесуден шығару керек. Одан кейін тісті муфтаны (3) оң жаққа тістегершіктің (4) тісті қатарымен біріккенге дейін жылжытып, үшінші берілісті қосады. Тістегершік (4) білікте еркін айналатындықтан, айналдырушы сәтті беруді жүргізілетін біліктің шлицтерінде орнатылған тісті муфта жүргізеді.

    Төртінші берілісті іске қосу тісті муфтаны (3) сол жаққа жылжытумен жүргізіледі, бүл кезде айналдырушы сәттің жетекшіден жүргізілетін білікке берілуі тікелей жүргізіледі. Мүндлай беріліс тура деп аталады, өйткені иіү=1.

    Артқы жүрістің берілуі тістегершік блогының сол жаққа жылжуымен іске қосылады, бүл кезде тістегершік (9) дөңгелекпен (7) тіркеседі, ал тістегершік (10) - дөңгелекпен (6) тіркеседі. Артқы жүрістің берілуші саны _ =і3 -9 -6

    **м

    -2 -7 -10

    Айналдырушы сәттің берілуінде тісті дөңгелектердің үш жүбы қатысатындықтан, жетекші және жүргізілетін біліктер қарама-қарсы жаққа айналатын болады.

    Берілістердің әрбір ауысып қосылуы тіркесу өшіріліп түрғанда жүргізіледі. Тісті муфталардың соққысыз іске қосылуы үшін, үйкеліс бетінің көмегімен қосылатын бөлшектердің айналу жылдамдығын теңестіретін синхронизаторларды қолданады. Синхронизатор арнайы бүғаттаушы қүрылғылардың есебінен айналу жиіліктері толық теңелмейінше муфтаны іске қосуға мүмкіндік бермейді.

    Сатылы берілістер қорабын біліктердің саны бойынша (екі-, үш- және көпбілікті), саты саны бойынша, берілістерді ауыстырып қосу әдісі бойынша (тісті дөңгелектер, тісті муфталар, синзхронизаторлар) жөне басқа белгілері бойынша жіктейді.

    1

    э

    1

    т

    ;

    Р

    э

    0

    ч.

    1 1

    р

    1

    і: 1
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16


    написать администратору сайта