Автомобиль Суеубаев. Ж. С. Суеубаев
Скачать 1.73 Mb.
|
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар Суыту жүйесі қандай қызмет атқарады? Суыту жүйесінің қандай түрлері болады және олардың кем- шіліктерін айтып беріңіз? Ауамен суыту жүйесі қалай жұмыс істейді? Сүйықпен суытатын жүйенің жұмыс істеу принципін түсін- діріңіз! Сүйықпен суытатын жұйенің қандай түрлерін білесіз? Двигательдің қалыпты температурасы қалай тұрақты ұсталып тұрады? Желдеткіштің жұмысы қалай реттелуі мүмкін? Сұйыкпен суытатын жүйенің артықшылықтарын атаңыз! Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесі Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесі жану қоспасын дайындау қызметін атқарады. Ал жану коспасы деп жанар май мен ауаның араласқан қоспасын айтады. Ондай қоспаның қүрамы, двигательдің жүмыс істеу жағдайына байланысты әртүрлі болуға тиіс. Қоректендіру жүйесі осындай талаптарға сай келетін жану коспасын дайындайды. Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесін шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Олардың бірінші бөлігі жанармаймен, екіншісі ауамен, ал үшіншісі жанған газды сыртка шығаратын бөліктер. Осылайша қүрылған қоректендіру жүйесінің принципиалдық жүмыс схемасы 2.19 суретте көрсетілген. Енді сол схема бойынша қүрылысы мен жүмысын талдаймыз. Двигательде жанатын жанармай қоры арнаулы ыдысқа (1) қүйылады. Карбюраторлы двигательдерде жанармай үшін көбінесе мұнайдан алатын ең жеңіл және тез буланатын қоспаларынан жасалған бензин қолданылады. Сол ыдыстағы бензин майда сүзгі (3) арқылы бензин насосымен (4) сорылып алынады. Бензин насосы двигательден қозғалыс алады. Ол үшін арнаулы білікте экцентрлік (5) орнатылған. Ол айналған кезде насостың түтқасын әрі-бері қозғайды да насос жүмыс істейді. Насоспен сорылған бензин енді карбюраторға беріледі. Карбюраторда бензин қүйылатын арнаулы қалқымасы (7) бар қуыс жасалған. Қалқыма (7) осы қуыстағы (8) бензин деңгейіне байланысты жоғары-төмен қозғалып түрады. Оның осы қозғалысы үстінде орналасқан инелі клапанға (6) эсер етеді. Егер қуыстағы жанармай деңгейі артып кетсе, онда калқыма (7) көтеріледі де инелі клапан (6) арқылы бензин келетін тесікті жабады. Ал жанар май деңгейі төмендесе, онда керісінше клапанды ашады. Осылайша карбюратордағы бензин қүйылатын қуыстағы жанармай деңгейі бірқалыпты үсталып түрады. Бензин құйылатын қуысын (8) төменгі жағында жанармай жиклері (10) және жоғарғы жағында ауа жиклері (9) орналасқан. Сол ауа жиклерінің көмегімен, қуыс ішінде түрақты атмосфералық қысым болады. Жанармай жиклері (10) шашыратқыштың (14) алғашқы үшында бекітілген, ал шашыратқыштың екінші үшы ауа жүретін жолда орналасқан жэне ол үшының биіктігі қуыстағы (8) бензин деңгейімен бірдей болады. Яғни двигатель жүмыс істемесе, одан бензин төгілмей түрады. Осы шашыратқыш орналасқан ауа жолында поршень сору процессі кезінде пайда болатын вакуум болады. Сондықтанда оған сырттан, ауа тазартқыш (12) арқылы ауа сорылады. Сорылған ауа карбюратордың (11) диффузоры (13) арқылы өтеді. Диффузор дегенгіміз көлденең қимасы бірте-бірте тарылатын тесік. Ауа ағыны сондай тесіктен өткен кезде ағын жылдамдығын арттырады да сол жерде бос кеңістік, яғни вакуум күшейеді. Карбюратордың осы жерінде шашыраткыштың (14) үшы орналасқан. Сонда шашырат- қыштың екі басында екі түрлі қысым пайда болады. Төменгі жиклермен (10) жалғасқан үллында сырттағы ауа қысымы болады, ал жоғарғы үліында вакуумның эсерінен қысым ауа қысымынан аз болады. Олай болса, шашыратқыштың жоғарғы үлііынан бензин ағып шығады да ауа ағынымен араласып үсақ түйіршіктерге бөлінеді. Одан эрі сору каналының жоғарғы температурасының эсерінен эрі буланады. Сөйтіп цилиндр ішіне кірғенше ауамен біркелкі араласқан жану қоспасын түзеді. 2.19 - сурет. Карбюраторлы двигательдің қоректендіру жүйесі Жану қоспасын цилиндр ішіне, двигательдің кажетіне бай- ланысты мөлшерлеп жіберіп отырады. Ол үшін мөлшерлегіш қа- лақша (16) қойылған. Сол қалақшаны автомобиль жүргізуші ашып- жауып двигательдің жүмысын басқарып отырады. Цилиндр ішінде жанған газ шығару процессі кезінде сыртқа шығарылады. Ол үшін арнаулы түтік (23) пен сөндіргіш (24) қойылған. Мүндағы сөндіргіш (24) әрі толық жанбаған жанар майдың толык жанып бітуіне, әрі сөнбеген жалынды сөндіруге және газ шыққанда пайда болатын артық дыбысты сөндіруге арналған. Осы айтылған карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесіндегі күрделі қондырғылар катарына бензин насосы мен карбюраторды жаткызуға болады, ал басқаларының қүрылысы қарапайым. Сондықтанда оларға түсінік берілмейді. 2.20 - сурет. Бензин насосының қурылысы Бензин насосының қүрылысы 2.20 суретте көрсетілген Газ-53 автомобилінің мысалында қараймыз. Қорап (2) үстіне қосалкы қорап (7) орналасады жэне ол қақпақпен (6) жабылады. Негізгі қорап (2) пен қосалқы қорап аралығында мембрана (3) бекітіледі. Ол ортасында оське (10) берік бекітіліп, осьтің екінші үшы рычагка (13) киіліп түрады. Мембрананы жоғары қарай серіппе (9) итереді, ал рычаг (13) арнаулы жетекке бекітілген жүдырықша тәрізді эксцентрикпен қозғалыска келгенде, мембрананы төмен итереді. Сөйтіп двигатель жүмыс істеген кезде мембрана тербелмелі қозғалыс жасайды. Мембрананың үстінде, қосалқы қорапта екі клапан орнатылған. Мембрана төмен түскен кезде сору клапаны (4) ашылып, одан оның үстіндегі кеңістікке сүзгіш (5) арқылы бензин ыдысынан бензин сорылады. Осыдан кейін, мембрана серіппенің күшімен жоғары қарай қозғалған кезде, сору клапаны (4) жабылып қалады да, оның есесіне шығару клапаны (8) ашылады. Енді мембрана үстіндегі сорылып алынған бензин, осы клапан арқылы карбюраторға қарай белгілі бір қысыммен беріледі. Ол қысымның мөлшері серіппенің күшімен шектеледі. Егер карбюратордағы, жоғарыда айтылған инелі клапан жабық болса, онда серіппе мембрананы итере алмай, тоқтап түрады. Осылайша карбюраторға қажеттен тыс бензин берілмейді. Осылардан басқа, бензин насосында қолмен бензин айдайтын қондырғы қарастырылған. (13) үстіне жартылай дөңгелек тәрізді ось (11) орнатылған, ал оның айнала қозғалуы түтқа (1) арқылы іске асады. Егер жүргізуші сол түтқаны әрі-бері қозғаса, онда рычаг (13) тербелмелі қозғалыс жасап, мембрананы қозғайды да, карбюраторға қолмен бензин толтырады. Мүны жүргізуші өте сирек қолданады. Ауа мен жанармайды араластыру процессін "карбюрациялық" процесс деп атайды, ал осындай жүмысты іске асыратын қүралды карбюратор деп атайды. Карбюраторлы двигательдегі қоректендіру жүйесіндегі негізгі қүрал осы карбюратор болып табылады. Жоғарыда, қоректендіру жүйесінің принципиалдық схемасын қарағанда тек қарапайым карбюратордың жүмысы көрсетілген. Ал двигательдерге орнатылатын карбюраторлардың күрылысы өте күрДелі болады. Себебі ол жанармай мен ауаны араластырып қана тұрмайды, осыған қосымша двигательдің жүмыс жағдайына қарай сол араластырып жасалынған жану қоспасының сапасын да әртүрлі етіп өзгертіп отырады. Жану қоспасын сапасына қарай бірнеше түрге бөледі. Оның негізгі белгісі ауа мен жанармайдың өзара қатынасы болып табылады. Жалпы 1 кг жанармай толық жануы үшін 15 кг ауа қажет болады. Егер жану қоспасы осы мөлшерде жасалса, онда оны қалыпты жану қоспасы деп атайды. Ал қажетті ауаның мөлшері аз болса, онда байытылған, керісінше болса кедейлетілген қоспа деп атайды. Осы қажетті ауа мен нағыз шығын болған ауаның қатынасын а деп белгілесек, онда қалыпты жану қоспасының бүл коэффиценті а= 1,0. Егер а<1,0 ден болса, онда байытылған, ал а>1,0 ден болса, онда кедейлетілген қоспа деп атайды. Ондай байытылған немесе кедейлетілген қоспалар бірнеше түрге бөленеді. Егер а=0,8:0,9 мөлшерінде болса, онда ондай қоспаны аздап байытылған қоспа, ал а<0,8 ден аз болса өте байытылған қоспа дейді. Сол сияқты а=1,01 шамасына дейін аздап кедейлетілген, ал а>1,1 болса өте ... кедейлетілген қоспа болады. Двигательдер өте байытылған немесе өте кедейлетілген жану қоспасымен жүмыс істемейді десе де болады. Себебі мүндай жану қоспаларының түтану қабілеті нашарлағандықтан, оларды электр үшқынымен түтандыру өте қиынға түседі. Ал двигательдер көбінесе аздап кедейлетілген (а= 1,1), аздап байытылған (а=0,8) және калыпты (а=1,0) қоспалармен жүмыс істейді. Двигатель үлкен қуат шығару кезінде аздап байытылған қоспамен жүмыс істейді. Бүл кезде жану қоспасының жану жылдамдығы үлкен болғандықтан тез жанады да үлкен қысым тудыра алады. Сондықтанда мүндай қоспаны кейде қуаттық қоспа деп атайды. Ал аздап кедейлетілген (а= 1,1) қоспа қолданғанда жанар май толық жанады. Сондықтанда двигатель жанармай шығыны түрғысынан тиімді жүмыс атқарады. Олай болса мүндай қоспаны тиімді қоспа деп атайды. Сонымен, двигательдің жүмыс істеу кезінде карбюратор осы аталғандай қоспа жасап бере алатын қабілеті болуға тиіс. Сол үшін оның қүрылысына бірнеше қосалқы қондырғылар жасалады. Олар двигательдің мынандай жүмыс жағдайына байланысты төмендегідей қоспамен қамтамасыз етуге тиіс: оталдыру кезінде жанар майдың булануы төмен болғандықтан өте байытылған (а=0,6-0,8) жану қоспасы; бос айналыспен немесе аз қуатпен жүмыс істеген кезде аздап кедейлетілген жану қоспасы (а=1,1); толық куат шығармаған кезде қалыпты (а=09:1,1) жану қоспасы; толық қуатпен істеген кезде аздап байытылған (а=0,8:0,9) жану қоспасы. Осыларға қосымша, двигатель бір жүмыс жағдайынан екінші жүмыс жағдайына тез ауыса қалған кезде де байытылған жану қоспасы жасалуға тиіс. Осындай двигательдің жұмыс жасау жағдайынна байланысты қажетті жану қоспасының сапасын өзгертіп түру үшін карбюратор мынандай қондырғылармен жабдықталады: іске қосатын қондырғы; бос айналыс жүйесі; басты мөлшерлегіш қондырғы, экономайзер; эконостат (кейбір ғана карбюраторда); тездеткіш насос. Енді төменде осылардың жүмыс принципін қарастырамыз. 2.21 - сурет. Басты мөлшерлегіш қондыргы Басты мөлшерлегіш қондырғы (2.21 - сурет) двигательдің толық емес қуатын жүмыс істеген кезінде толық іске қосылады. Яғни бүл кезде аздап кедейлетілген жану қоспасы пайдаланылады. Сондай қоспа жасау үшін, жоғарыда қараған жай қарапайым карбюратордың қүрылысына қосымша қондырғы енгізілген. Ол негізгі жанармай жиклерінің шыға берісіне қүдық (5) қойылған. Оның іші бензинге толып түрады. Қүдықтың үстінде ауамен қатыстыратын жиклер (6) бар. Сол жиклерден, жүмыс кезінде ауа сорылып кіреді де, бензинмен араласып эмульсия жасайды. Сол араласу жақсы болуы үшін қүдык ішіне жан-жағында бірнеше тесіктері бар түтікше (7) қойылады. Осы қондырғының көлемімен бензин әрі ауамен алдын-ала араласып, шашкыш үшынан шығатын жанармай шығыны азаяды. Осыған қосымша, қүдықтағы сырттағы ауа кысымы, басты жиклердің шыға берісінде аздап тежеу туғызады. Ол да жанармай шығынын азайтқандықтан жану қосіТасы аздап кедейленеді. Экономайзер (2.22 - сурет) двигатель ең үлкен қуатпен жүмыс істегенде аздап байытылған қоспа жасау қызметін атқарады. Ол үшін негізгі жиклердің (5) қасына қосалқы жиклер (6) орнатылады. Ал ол жиклерге бензин тек клапан (7) ашылғанда ғана карбюратордан бензин келеді. Сол клапанның ашылуын әртүрлі карбюраторларда әрбөлек механизм аткарады. Схемада сол клапан механикалык тәсілмен ашылатын түрі көрсетілген. Кейде оның орнына пневматикалык жолмен ашылатын түрі де қолданылады. Механикалық тәсілмен ашылатын клапан үстінде итергіш (4) қойылады. Ал ол итергіш жылжымалы тірек (2) арқылы карбюратордың мөлшерлегіш қақпағымен (1) жалғасқан. Егер мөлшерлегіш қақпа 70-80% мөлшерінде ашылғышға дейін итергіш клапанға жетпей түрады да қосалқы жиклер (6) арқылы бензин шашқышқа берілмейді. Ал двигатель өте үлкен куатпен жүмыс істеу кезінде жүргізуші мөлшерлегіш қақпақта (1) толық ашады. Сонда ғана итергіш (4) клапанға (7) жетіп оны ашады. Сондықтан қосалқы жиклер (6) арқылы бензин шашыратқышқа беріледі. Сөйтіп шашыратқышқа бензин әрі негізгі, әрі қосалқы жиклерлер арқылы берілгендіктен, карбюратор жасаған жану қоспасы аздап байытылады. 2.22 - сурет. Экономайзер цондыргысы Двигательдің бос ең аз айналыс жылдамдығын қамтамасыз н бос жүріс жүйесі 2.23 суретте көрсетілген. Осы кезде карбюратордың мөлшерлегіш қақпағы (1) жабық түрады. Бірақ оның жабылуы толық болмайды. Жан-жағынан аздап саңылау болатындай етіп онын жағдайын реттегіш болтпен (10) реттейді. Сол кақпақтың жабылатын жерінде екі тесік жасалған (2, 4). Жоғарғы тесік (4) кақпақ қырының үстінде болады да төменгі тесік астында болады және төменгі тесіктің мөлшерін өзгертіп түратын винт (3) койылған. Осы екі тесікке бензин жиклер (8) мен түтікше канал (5) арқылы келеді. Ол түтікшенің үстіне ауамен катынастыратын ауа жиклері (6) қойылған. Двигатель бос айналыс жасаған кезде, мөлшерлегіш қакпақ жабылады да, оның қалған саңылаулары арқылы ауа сорылады. Сол сорылудың салдарынан тесіктердің (2, 4) алдында вакуум пайда болады да бензин кақпақшаның арткы төменгі жағына шығып, ауамен араласып двигательге жетеді. Сол жасалған жану қоспасының сапасын төменгі тесікте (2) орналасқан ине тәрізді реттегіш винтпен р еттеп отырады. - сурет. Бос жүріс жүйесінің қондыргысы О 7 8 9 сыларға қосымша карбюратор тездеткіш насоспен (2.20 - сурет) жабдықталады. - сурет. Тездеткіш насос қондыргысы Оның міндеті двигательдің жүмыс істеу жағдайы тез өзгере қалған жағдайда жану қоспасының да сапасын тез өзгерту болып табылады. Көбінесе кедейленген жану қоспасымен істеп түрған двигательдің жүгі тез ауырлап кеткен кезде жану қоспасын да тез байыту қажет. Ол үшін қосымша жанармай беріледі. Карбюратордың тездету насосы - мына төмендегідей қүралған. Карбюратордың бензин келетін қуысымен (10) кері клапан (2) арқылы жалғасқан қүдық (3) орнатылған. Сол қүдықтың ішінде поршень (4) бар. Сол серіппе (8) арқылы итергішке (9) тіреліп түрады, ал итергіш шток (1) арқылы мөлшерлегіш қақпақпен жалғасқан. Күдықтың (3) асты түрақтандырғыш клапан (5) арқылы диффузорға шығатын жиклермен (7) жалғасады. Тездеткіш насос мына ретпен жүмыс атқарады. Двигательдің жүмыс жағдайы тез өзгерген кезде жүргізуші мөлшерлегіш қақпақты тез ашады. Сол кезде шток (1) арқылы итергіш (9) серіппелі (8) қысады. Серіппенің күшімен поршень астында түрған бензинді қысады. Серіппенің күшімен поршень астында түрған бензинді қысады. Бүл кезде қысым көбейгендіктен кері клапан (2) жабылып қалады да, қысылған бензин шашқыш жиклер (7) аркылы карбюратордың диффузорына беріледі. Осылайша жану қоспасы байытылады. Ал мөлшерлегіш қақпақты жүргізуші жайлап ашатын болса, онда серіппе де поршеньді біртіндеп итереді. Ол кезде бензин кері клапанды (2) жаба алмайды да шашқыш жиклерге (7) бензин берілмейді. Қазіргі двигательдердің карбюраторларында, осы айтылған қондырғылардан басқа қүрылғылар да болады. Олардың қүрылысы мен жүмыстары қарапайым болғандықтан, бүл оқулық көлемінде олар қаралмайды. Сол сияқты, ауа мен жанармай тазартқыш сүзгілер, жанармай ыдысы, түтіктер, сөндіргіштер сиякты қондырғыларды арнаулы әдебиеттерден оқып танысу онша қиындық тудырмайды. Бақылау сүрақтары мен тапсырмалар Карбюраторлы двигателъдердің коректендіру жүйесі қандай қызмет атқарады? Қоректендіру жүйесінің принципиалдық жүмыс схемасын түсіндіріңіз! Қарапайым қоректендіру жүйесі қалай қүрылған? Бензин насосының жүмысын түсіндірініз! Жану қоспасының қандай түрлері болады? Карбюратор қандай қызмет атқарады және қарапайым карбюратордың қүрылысын түсіндіріңіз! Экономайзер қалай жүмыс атқарады? Тездеткіш насос қандай қызмет істейді және қалай қүрылган? Бос жүріс жүйесінің жүмысын түсіндіріңіз! Қоректендіру жүйесі қандай негізгі бөліктерден түрады? Ауамен қамтамасыз ететін қондырғыларды түсіндіріңіз! Жанған газды шығаратын қандай қүрылғылар бар? Отын бүркуі бар бензинді двигательдің қоректендіру жүйесі Отын бүркуі бар бензинді двигательдің қоректендіру жүйесіне отын шаны, отын сорғы, отын сүзгі, ауа сүзгі, бүркігіштер, отын қысымын реттегіш, қозғалтқыштың отын қүбыржолы, кіріс және шығыс қүбыржолдары, отын қүбыржолдары, сөндіргіштің қабылдау қүбырлары, дыбыс күшейткіштер және сөндіргіш кіреді. 2.26-суретте отын бүркуі бар бензинді двигательдің қоректендіру жүйесінің отын мен ауаның цилиндрлерге берілуін және двигатель жүмысының барлық тәртіптеріне қажет жанғыш қоспаның даярлануымен қамтамасыз ететін бір бөлігінің сүлбасы берілген. Отын шаннан 6 отын сүзгісі 8 мен отын қүбыржолы арқылы сорғымен 7 двигательдің отын құбыржолына 2 беріледі, ол кіріс қүбыржолында 4 орналасады және оған бүркігіштер 3 бекітіледі. Кіріс қүбыржолына ауа сүзгісінен таза ауа келіп тұрады, оның мөлшері ауа кедергіш жапқышпен 1 реттеледі. Реттегіш 5 двигатель жүмыс жасап түрғанда, двигательдің отын қүбыржолындағы 2 және бүркігіштердегі 3 отынның қысымын 0,28 ... 0,33 МПа шегінде үстап түрады. Кіріс ырғағы кезінде кіріс қүбыржолында 4 үлкен жылдамдықпен қозғалатын ауа ағымына бүркігіштерден 3 уақ тозаңдатылған отын қысымымен бүркіледі. |