Автомобиль Суеубаев. Ж. С. Суеубаев
Скачать 1.73 Mb.
|
Класс Үзындығы, м Индекс Аса шағын 5,0 дейін 22 Шағын 6,0...7,5 дейін 32 Орташа 8,0...9,5 дейін 42 А ,10,5..12,0дейін 52 16,5жоғары 62 Үлкен Аса үлкен (біріккен) тобустар келесідей түрде белгіленеді. Мысалы, ЛиАЗ-5256 белгісі мынаны білдіреді - Ликин автобус заводы, үлкен класты автобус, елу алтыншы базалық үлгі. Жүк автомобильдері толықтай салмағына қарай , жеті класқа бөлінген: бірінші класс (1,2 дейін), екінші (1,2-ден 2 дейін), үшінші (2-ден 8т дейін), төртінші (8-ден 14 т.дейін), бесінші (14-ден 20т.дейін), алтыншы (20-ден 40т,дейін) және жетінші (40т.жоғары). Жүк автомобильдерінде алғашқы индекс саны толықтай салмағына байланысты автомобильдің класын білдіреді, индекстің екінші саны жүк автомобиль түрін көрсетеді (3-борттық, 4-сүйретпе, 5-самосвал, 6-цистерна, 7-фургон, 9-арнайы). Үшінші және төртінші сандар - автомобиль моделінің үлгісі, бесінші сан - жетілдіру нөмірі. Мысалы, ЗИЛ-4331 деген белгі - И.А.Лихачев атындағы завод, салмағы 8....14т. дейін болатын жүк автомобилі, борттық, отыз бірінші үлгі. Тіркемелер және жартылай тіркемелер төрт мәндік сан индексімен белгіленеді, оның алдына шығарушы заводтың әріптік белгісі қойылады. Тіркемелердің (жартылай тіркемелердің) түрлі үлгілері үшін индекстегі төрт санының келесідей екі саны беріледі: жеңіл - 81 (91), борттық жүк - 83 (93), самосвалдық - 85 (95), цистерналар - 86 (96), фургондар - 87 (97) және арнайы - 89 (99). Тіркемелер мен жартылай тіркемелер индексіндегі төрт санның екі саны олардың толықтай салмағына қарай беріледі, соған қарай тіркемелер мен жартылай тіркемелер келесідей бес топқа бөлінген: Топ Толық салмағы, т. Индекс Бірінші 4,0дейін 1...24 Екнші 4 ..10 дейін 25..49 Үшінші 10..16дейін 50...69 Төртінші 16..24дейін 70...84 Бесінші.... 24 жоғары 85...99 Тіркемелер мен жартылай тіркемелерді белгілеу келесідей тәсілмен жүргізіледі. Мысалы, ауыр салмақты тіркеме ЧМЗАП-8390 мынаны білдірді - Челябі автомобиль тіркемелер жасайтын машина жасау заводы, жүк тіркемесі, толық салмағы 24 т. жоғары. Жылжымалы қүрамның техникалық сипаттамасы оның көрсеткіші болып табылады. Онда алДымен автомобильді жалпы суреттеейтін параметрлер көрсетіледі, содан кейін - қозғауыш, тарнсмиссия, салпыншақ, тежегіш механизмдері, шиналар мен қорабы көрсетіледі. Техникалық сипаттамасында автомобиль класы, орындық саны (жүргізуші орындығын қоса алғанда), дөңгелек формуласы, өзінік және толықтай салмағы, көлемі (үзындығы, ені, биіктігі), автомобиль базасы, алдыңғы және артқы дөңгелектер көрсеткіші, ең аз деген жол жарығы, айналымның ең аз деген радиусы, ең көп деген жылдамдық, автомобильдің өз орыннан жылдамдық алуы, жанар-жағар май шығынын бақылау, қозғауыш түрі, оның жүмыс көлемі, ең үлкен деген қуаттылығы (номинал), еңүлкен деген айналмалы кезеңі, жіберу қорабының, таралым қорабы мен бас жібергішінің жіберетін саны, алдыңғы және артқы салпыншақтар түрі, алдыңғы және артқы тежегіш механизмдерінің түрі, қорап түрі. Жылжымалы қүрамның қауіпсіздігі Жылжымалы қүрамның конструкциялық қауіпсіздігі өте жоғары болу керек: белсенді, пассивті және экологиялық. Белсенді қауіпсіздік - автомобильдердің жол-көлік апатын бодырмайтын қасиеті. Автомобильдің белсенді қауіпсіздігін оның жоғары болатын сүйремелі-жылдамдық және тежегіштік қасиеті орындайды, берік- тігінің мықты болуы мен басқарымдылығы, жүрісінің жеңілдігі, жүргізушінің шаршағанын тез басатын және үзақ уақыт бойына іб апатсыз жұмыс жасауға мүмкіндік беретін жайлылығы мен көріністің жақсы болуын қамтамасыз етеді. Пассивті қауіпсіздік (ішкі және сыртқы) - автомобильдердің жол-көлік апатының ауырлығын азайтатын қасиеті. Авто- мобильдердің пассивті қауіпсіздігін жолаушылар салоны беріктігінің мықты болуы, жол апаты кезінде деформацияға ұшырауын болдырмайтын қауіпсіздік ремені, тез үрленетін қауіпсіздік жастығы, қауіпсіз терезелер, жұргізуші мен жолаушылардың жарақат алуын төмендететін қораптың ішкі жабдығының қауіпсіз болуы, жүргіншілердің жарақат алуын төмендететін, қораптың сыртқы пішінінің қауіпсіздігі қамтамасыз етеді. Экологиялық қауіпсіздік - пайдалану кезінде жолаушыларға, жүргізушілерге, қоршаған ортаға тигізетін зиянды автомобильдің азайтатын қасиеті. Автомобильдің экологиялық қауіпсіздігін, автомобиль шығаратын шуды азайтатын және шығатын улы газдардың улылығын азайтатын, жекелеген механизмдердің, жүйелер мен элементтердің конструкциясы қамтамасыз етеді. Автомобильдің жалпы құрылғысы Автомобиль дегеніміз оның қозғалысын қамтамасыз ететін қозғалтқышпен жабдықталған дөңгелекті рельссіз көлік қүралы. Автомобиль бөлшектерден (детальдардан), тораптардан, механизмдерден, агрегаттардан және жүйелерден тұратын күрделі машина болып табылады. Бөлшек - қүрастыру операцияларын қолданбастан орындалған, біртекті материалдан (атауы мен маркасы бойынша) жасалған бүйым. Торап, механизм немесе агрегатты қүрастыруға бастама болатын бөлшек базалық деп аталады. Торап - өзара бүрамалы, бастырмалы, пісірмелі және басқа да біріктіру түрлері арқылы біріктірілген бөлшектер қатары. Механизм - қозғалыс пен жылдамдықты өзгертіп түратын, өзара қозғалмалы қалыпта біріктірілген бөлшектер немесе тораптар. Агрегат — біртүтас болып біріктірілген бірнеше механизмдер. Жүйе - жүмыс кезінде белгілі бір қызметтер атқаратын өзара әрекеттес механизмдер, аспаптар және •, баска' да құрылғылар жиынтығы. Барлық механизмдер, агрегаттар және жүйелер автомобиль солардан түратын үш негізгі бөлікті: қозғалтқыіл, шанақ және шассиді қүрайды. Қозгалтқыш автомобиль қозғалысы үшін қажет механикалық энергияның көзі болып табылады. Шанақ жүргізушіні, жолаушыларды, жүкті орналастыруға және оларды сыртқы әсерлерден (жел, жаңбыр, шаң т.б.) қорғауга арналған. Шасси автомобильдің қозғалысы мен басқарылуын қамтамасыз ететін механизмдер, агрегаттар мен жүйелер жиынтығын қүрайды. Шасси қүрамына трансмиссия, жетектеуші жүйе, алдыңғы және артқы аспалар, дөңгелектер, көпіршелер, рөлдік басқарулар және тежеуіш жүйелері кіреді. Трансмиссия автомобиль қозғалысы кезінде қуат пен айналу күшін қозғалтқыштан жетектеуші дөңгелектерге беріп түрады. 2.3 - сурет. Жүк автомобилінің цүрылысы: а — цозгалтцыш; б — цорап; 1 — трансмиссия; 2 — тежеуіш жүйелері; 3 —рөлдік басцарулар; 4 —рама; 5 - белдіктер; 6 - дөңгелектер; 7 - аспалар Артқы жетектеуші дөңгелектері бар автомобильдерде трансмиссия жалғастырғыштан, беріліс қорапшасынан, кардандық берілістен, негізгі берілістен, дифференциал мен жартылай өстен тұрады. Негізгі беріліс, дифференциал және жартылай өс жетекші көпіршенің балкасына бекітіледі. Алдыңғы жетектеуші дөңгелектері бар автомобильде беріліс қорапшасы мен негізгі беріліс арасындағы трансмиссиядағы карданды беріліс жоқ. Барлық дөңгелектері жетекші болып келетін автомобильде трансмиссияға қосымша ретінде карданды берілістермен жетектеуші көпіршелер арқылы байланыстырылған тарату қорапшасы енеді. Жетектеуші жүйе автомобильдің барлық бөліктерін, жүйелерін және мехнаизмдерін орнатуға және бекітуге арналған. Жүк автомобильдерінде, жүк автомобильдері шассиі негізінде жасалған автобустарда, үлкен және жоғары класты жеңіл автомобильдерде, сондай-ақ өтімділігі жоғары бірқатар жеңіл автомобильдерде жетектеуші жүйе рама болып табылады, мүндай автомобильдер рамалық деп аталады. Ерекше шағын, шағын және орта класты жеңіл автомобильдерде, сондай-ақ автобустарда рама жоқ. Бүл автомомильдерде жетектеуші жүйенің қызметін шанақ атқарады, оны жетектеуші деп атайды. Ал мүндай автомобильдердің өздері рамасыз деп аталады. Аспалар дөңгелектердің жетектеуші жүйемен серіппелі бай- ланысын және автомобильдің қозғалыс кезіндегі жатық жүрісін қамтамасыз етеді, яғни жүргізушіні, жолаушыларды, жүкті жолдың тегіс еместігінен болатын, дөңгелектер қабылдап алатын соққылар мен итермелер түріндегі әсерден қорғайды. Жеңіл машиналардың көпшілігі алдыңғы тәуелсіз дөңгелектер аспасы жөне артқы тәуелдісі болады. Жүк автомобильдері мен автобустарда алдыңғы жөне артқы дөңгелектер аспалары тәуелді. Дөңгелектер автомобильді жолмен байланыстырады, оның қозғалысы мен бүрылуын қамтамасыз етеді. Дөңгелектер, егер оларға қозғалтқыш қуат пен айналу күшін беретін болса, онда жетектеуші болып саналады. Басқарушы деп автомобильдің бүрылуын қамтамасыз ететін және оларға қуат пен айналу күші берілмейтін дөңгелектер аталады. Дөңгелектер бір мезгілде жетектеуші және басқарушы болып табылса қүрамалы деп аталады. Автомобильдердің көпшілігінде жетекші дөңгелектер артқылары, басқарушылары - алдыңғылары. Көпіршелер автомобильдің жетектеуші жүйесін үстап түрады. Автомобильдерде жетекші, басқарушы және құрамалы көпіршелер қолданылады, оларға сәйкесінше жетекші, басқарушы және қүрамалы дөңгелектер орнатылады. Автомобильде артқы көпіршелер - жетекші, ал алдыңғы көпіршілер басқарушы және құрамалы болып табылады. Рөлдік басқарулар қозғалыс бағытының өзгерісін жөне автомобильдің бүрылуын қамтамасыз етеді. Автомобильдерде рөлдік басқарулар күшейткішпен және күшейткішсіз: гидравликалық және сирек жағдайларда пневматикалық - қолданылады. Рөлдік басқарудың күшейткіштері жүргізушінің жүмысын жеңілдетеді және қозғалыс қауіпсіздігін арттырады, яғни автомобильдің қозғалысы жол-көлік оқиғалары мен апаттардың анағүрлым аз ықтималдығымен жүзеге асырылады. 2.4 - сурет. Жеңіл автомобипъінің қүрылысы: 1 - қозгалтқыш; 2 - рөлдік басқарулар; 3 - қорап; 4, 9 - аспсиіар; 5 — белдік; 6,7 — трансмиссия; 8 — дөңгелек Автомобильдер рөлдік басқару белгілі бір елде қабылданған көлік қозғалысы бағытына байланысты оң жақты немесе сол жақты болуы мүмкін. Сонымен қатар автомобильдің шанағы немесе кабинасының сол немес оң жағында орнатылған рөлдік дөңгелек қарсы қозғалып келе жатқан көлікпен қатарласқан кезде анық, жақсы көруді қамтамасыз етеді, бұл да қозғалыс қауіпсіздігін арттырады. Тежеуіш жуйелері автомобиль қозғалысы жылдамдығын азайтады, қозғалыс кезіндегі және аялдамалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып оны тоқтады және бір орында ұстап тұрады. Автомобильдер бірнеше тежеуіш жүйелерімен жабдықталады, олардың жиынтығы автомобильдің тежеуіштік басқарылуы деп аталады. Жұмыс тежеуіш жүйесі қызметтік және шұғыл (апаттық) тежелу ұшін қолданылады, автомобильдің барлық дөңгелектеріне әсер етеді және тежеуіш педалін жүргізушінің аяғымен басуы арқылы іске қосылады. Аялдамалық тежеуіш жүйесі автомобильді бір орында қозғалтпай ұстап тұрады, тек артқы дөңгелектерге және трансмиссия білігіне әсер етеді. Жүргізушінің қолымен иінтіректі басқаруы арқылы іске қосылады. Қосалқы (резервтік) тежеуіш жүйесі автомобильді жұмыс тежеуіш жүйесі істен шыққан кезде тоқтата алады. Автомобильде жеке қосалқы тежеуіш жүйесі болмаған кезде оның қызметін жұмыс тежеуіш жүйесінің бүтін бөлігі (бастапқы және екіншілікті қоршау) немесе аялдамалық тежеуіш жүйесі атқарады. Көмекші тежеуіш жүйесі (баяулатқыш-тежегіш) трансмиссия білігіне әсер етеді және басқа тежеуіш жүйлерден тәуелсіз түрде орындалады. Жүмыс, аялдамалық жөне қосалқы тежеуіш жүйелермен барлық автомобильдер жабдықталады, ал көмекші тежеуіш жүйемен толық салмағы 12 т-дан артық үлкен жүккөтерімділікті жүк машиналары және толық салмағы 5 т-дан артық автобустар жабдықталады. Автопоездар қүрамында жүмыс істейтін тіркемелер қозғалыс жылдамдығын азайтатын, оларды тоқтататын және бір орында үстап түратын, сондай-ақ тіркемені олар автомобиль-тартқыштан бөлінген кезде автоматты түрде тоқтататын тіркемелік тежеуіш жүйемен жабдықталады. Жылжымалы қүрамның қызметі қандай? Жылжымалы қүрамның жалпы қызметінің ерекшеліктерін ата, мамандалған және арнайы? Автопойыз туралы түсінік, оның түрлнрі және негізгі бөлімднрі қандай? Жылжымалы құрамның өтпелілігі бойынша түрлнрін ата? Жеңіл, жүк автомобильдері және автобустар қандай параметрлер бойынша класстарға бөлінеді? Жылжымалы қүрам қандай қауіпсіздікке ие? Автомобильдердің негізгі бөліктері? тарау. ДВИГАТЕЛЬ (ҚОЗҒАЛТҚЫШ) Двигатель типтері мен атқаратын қызметі Автомобиль двигателі оның цилиндерінде жанатын отынның жылу энергиясын механикалық энергияға айналдыратын меха- низмдер мен жүйелердің бірлігін қүрайды. Қазіргі заманғы автомобильдерде ең көп тарағаны іштен жанатын поршеньді двигательдердегі отынның жану кезіндегі әлденеше үлғайуы газдың олардың дилиндірлерінің ішіндегі поршеньдердің қозғалысына әсер етеді. Автомобильдерде қолданылатын двигательдер өртүрлі бел- гілерге байланысты типтерге бөлінеді. (2.1 - сурет). Бензинді двигательдер мұнайдан алынатын ауыр сүйық отында - бензинде жүмыс істейді. Дизельді двигательдер ауыр сүйық отынды дизельде жүмыс істейді. Ол да мұнайдан алынады. Көрсетілген двигательдердың ішіндегі қуаттысы болып бензинді, ал ең тиімдісі мен экологиялық таза болып жоғары пайдалы әсер коэффициенті бар дизельді двигательдер саналады. Сонымен, бірдей шарттар негізінде дизельдерде отынның шығыны бензинді двигательдерге қарағанда 25т30% аз. Сыртқы аралас қоспасы двигательдерде отын қоспасы цилин- дрлерден бөлек, арнайы қүрылғыларда - карбюраторда (кар- бюраторлық двигательдер) немесе енгізу қүбырында (тікелей бензинді бүрку двигательдері) және цилиндрлерге дайын түрінде келеді. Ішкі аралас қоспалы двигательдерде (дизельдер, бензинді бүрку двигательдері) жанар май қоспасы цилиндрлерде оларға отынды бүрку негізінде дайындалады. Үрлеуі жоқ двигательдерде цилиндрлердің толтырылуы цилиндрлерде поршеньнің жоғарғы шеткі төменгі жағдайдан қозғалысынан пайда болатын вакуум негізінде жүргізіледі. Үрлеуі бар двигательдерде жанар май компрессор мен пайда болатын қысым нөтижесінде цилиндрлерге келеді. Жанармайдың жану шырақтарында пайда болатын электірлік үшқыннан мәжбүрлі жануы бензинді двигательдерде жүргізіледі, ал қысудан болатын жану (өзінен-өзі түтану) - дизельдерде жүргізіледі. 2.1 — сурет. Әртүрлі белгілер бойынша классификацияланган автомобилъ, двигателъдерінің негізгі типтері Төрт тактілі двигательдерде жүмыс процесі (цикл) двига- тельдердің жүмысы барысында тізбектей қайталанатын төрт тактіде орындалады (енгізу, сығу, жүмыс барысы, шығару). Тізбектей двигательдерде тігінен қатар орналасқан немесе тігіне 20...40 бұрыш жасай орналасқан цилиндрлер бар. У-түріндегі двигательдер 60, 75 және 90° бүрышта орналасқан екі қатарлы цилиндрлердің тізбегінен түрады. Цилиндір тізбектері арасында 180° орналасқан У-түріндегі қозғалтқыш оппозитті деп аталады. Екі, үш, төрт, бес цилиндрлі двигательдер әдетте тізбектей орналасады, ал 6, 8 және көп цилиндрлі двигательдер Ү-түрінде орнатылады. Сүйықтықпен суыту механизмі бар двигательдерде суыту заты ретінде суу температурасы -40° және одан да төмен болатын антифриздерді (төменгі температурада қататын сүйықтар) қолда- нылады. Ауамен суыту механизмі бар двигательдерде суыту заты ретінде ауа қолданылады. Двигательдердің көбісі сүйықпен суытылады, себебі ол ең тиімдісі болып табылады. Двигательдердің неғізгі анықтамалары мен параметрлері Двигательдің оның жүмысымен байланысты негізгі параметр- лерін қарастырайық (2.2 сурет) Жогаргы өлі нукте (ЖӨН)-поршенің ең жоғарғы шекті жағдайы. Бүл нүктеде поршень иінді білік осіне неғүрлым қашықта орналасқан. Төменгі өлі нукте (ТӨН)-поршеньнің ең төменгі шекті жағдайы. Поршень иінді білік осіне неғүрлым жақын орналасқан. Өлі нүктелерде поршень қозғалыс бағытын өзгертеді және оның жылдамдығы 0-ге тең болады. Поршенъ журісі (з)-двигательдің жүмыс циклінің бір тактісі барысындағы поршеньмен жүрілетін өлі нүктелер арасындағы арақашықтық. Поршеннің әрбір жүрісіне иінді біліктің 180° айналымы сәйкес келеді (жарты айналым). 7акт-поршеньнің бір шеткі жағдайдан басқасына қозғалуынан болатын двигательдің жүмыс циклінің бір бөлігі. Поршеньнің жоғарғы өл нүктесінен төменгі өлі нүктесіне дейін орын ауыстырғанда босаған кеңістікті цилиндрдің жүмыстық көлемі деп аталады. Жану камерасыныц көлемі (Ус)- жоғарғы өлі нүктеде орналасқан поршеньнің үстіндегі кеңістік көлемі. Цшиндрдің толық көлемі (Уа)- төменгі өлі нүктеде орналасқан поршеньнің үстіндегі кеңістік көлемі: Уа=ҮҺ+Ус Двигателъдің жүмыс көлемі (литраж)- двигательдің барлық цилиндрлерінің жүмыс көлемдерінің қосындысы. Литрмен өлшенеді (см3 түрінде берілуі мүмкін). 2.2 - сурет. Двигательдің негізгі параметрлері Цилиндрдің толық көлемінің жану камерасының көлемінен қанша есе артық екенің көрсететін санды сыгылу дәрежесі деп аталады, яғни Е=УаЛ/с=(ҮҺ+Үс)Л/с Сығылу дәрежесі поршеньнің төменгі өлі нүктеден жоғарғы өлі нүктеге дейінгі жүрісінде двигатель цилиндрінде қоспаның қанша есе сығылуын көрсетеді. Сығылу дәрежесінің жоғарылауы кезінде двигатель қуаты өседі және оның үнемділігі жақсарады. Бірақ та сығу дәрежесінің жоғарылауы қолданылатын отынның сапасымен шектеледі жөне двигатель бөлшектеріне ауырлықты көбейтеді. Қазіргі заманғы жеңіл автомобильдердің бензинді двига- тельдерінде сығылу дәрежесі 8-10 құрайды, ал дизельдер үшін 15-22 құрайды. Мұндай сығылу дәрежесінде бензинді двигательдерде қоспанаң өздігінен тұтануы болмайды, ал дизельдерде, керісінше, қоспаның өздігінен тұтануы болады. Поршень жүрісі 8 және цилиндр диаметрі Д двигательдің өлшемдерін анықтайды. Егер 8/Д <1 теңсіздігі орындалса, онда двигатель қысқа жүрісті болып табылады. Жеңіл автомобильдердің двигательдерінің көбісі қысқа жүрісті болып келеді.
|